АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Орналасуына байланысты: еюнит, илеит, тотальді энтерит.
3.Ағымына байланысты энтериттің 3 дәрежесі байқалады:
І дәрежесі – сырқаттың клиникалық белгілері айқындалмаған. Науқас 5 кг дейін арықтайды. ІІ дәрежесі – сырқаттың белгілері айқын білінеді. Ішектің ас қорыту қызметі бұзылады, науқас 10 кг дейін арықтайды. ІІІ дәрежесі – ішектің ас қорыту, сіңіру қызметі бұзылып, ауыр зат алмасу өзгерістер дамиды. Энтериттің ағымында ремиссия және өршу кезеңдері ажыратылады.
Клиникалық бейнесі. Созылмалы энтеритте кіндік аймағы түйіліп ауырсынады. Ішті қолмен сипағанда ауа құрылы, сұйық шылдыры естіледі. Бұны В.П.Образцов симптомы деп атайды. Созылмалы энтериттің негізгі басты белгісі – іш өту (ішектік диспепсия). Тәулігіне 15-20 рет үлкен дәрет білінеді. Нәжіс сасық иісті, қорытылмаған ас бөліктері байқалады, газ көпіршіктері міндетті түрде болады. Нәжістің түсі ашық сары, саз балшық тәрізді. Науқас тамақ іше салып дереу дәретке жүгіреді. Дәреттен соң әлсіздік дамиды, суық тер шығады, қолы дірілдейді. Сіңірілу процесстің бұзылысының белгісі- трофикалық бұзылыстар. Сырқаттың ауыр ағымында науқас салмақ жоғалтады, кейде кахексия дамиды, әлсірейді. Гиповитаминоздың белгілері анықталынады: терісі құрғайды, шашы түседі, тырнақтары сыңғыш келеді, жүйке жүйелері зақымданады. Іш мүшелері дистрофиялық өзгерістерге ұшырайды. Қанда – гипопротеинемия, гипохолестеринемия, анемия байқалады. Нәжіс микроскопиясында қорытылмаған ас бөлшектері, майлардың тамылары (стеаторея), бұлшық ет тарамдары (креаторея), торшалардан босаған крахмал (амилорея) байқалады. Аспаптық тексерісте – рентгенологиялық – баридің ішектен өту уақыты 30 минутқа дейін қысқарады (қалыпты түрде бұл уақыт – 2,5-3 сағат).
Дерт анықтамасы. Аурудың диагнозын клиникалық белгілеріне сүйеніп, нәжіс тексерістерінің нәтижесін шығарып, аспаптық зерттеулердің нәтижелерін талдап анықтайды.Копрологиялық синдромға жатады: сұйық, сілтілі нәжіс, полифекалия, креаторея мен стеаторея, амилорея.
Емі. Біріншіден, емдәм тәртібі тағайындалынады. 4а, 4б устел қолданылады.Тәулік ас құрамы: ақуыз мөлшері – 130-150г, майлар – 100-110г, көмірсутегілері – 400-450г. Дисбактериозды асқындырып алмау үшін антибиотиктерді абайлап қолданады. Олардың орнына колибактерин, бифидумбактерин, бификол, хилак форте т.б. тағайындайды. Іш өтуді тоқтату үшін шөп дәрілерін, тұтқырлы висмут препаратын қолданады. Сырқаттың ауыр ағымында анаболдық стероид гормондарын қолданады, ретаболил 0,05г аптасына 1 рет бұлшық етке енгізеді.
Алдын алуы. Созылмалы энтериттің алдын алуы біріншіден ішек жұқпа ауруларын уақытында емдеу болып табылады. Сонымен бірге тамақтану тәртібін сақтау маңызды роль атқарады (толық тамақтану, тағамды толық шайнау т.б.) Созылмалы энтеритпен сырқаттанатын науқастар диспансерлік тізімге алынады.Жалпы тәжірибедегі дәрігермен жылына 1 рет қаралып тұрады. Нәтижелі зертханалық тексерістерге клиникалық қан анализдері (ақуыздың жалпы түрі, ақуыз фракциялары, электролиттер, билирубин мөлшері), нәжісті жалпы анализге (копроскопияға) және жасырынды қанға тексеру жатады. Жылына 1 рет ректороманоскопия жасайды. Негізгі емдік-салауатты шараларына темекіден және ішімдіктен бас тарту. Құрамында сүті бар тағамдарды қолданбау, сонымен бірге ақуыз, дәрумендер, микроэлементтері бар тағамдарды кең қолдану.
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 746 | Нарушение авторских прав
|