АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Холецистограммалар.
Емі. №5 емдәм тәртібі маңызды роль атқарады. Майлы, жіті, қуырылған тағамдар ішуге болмайды. Тамақ ішу мезгілі жиі, аз мөлшерде болуы тиіс. Ауырсынуды басу мақсатымен М-холинолитиктер қолданады: 0,1% 1 мл атропин ер-ін, 0,2% 1 мл платифиллин ер-ін, анальгетиктерді. Қабыну дәрісін басу үшін өттің антибиотиктерге сезімталдығын анықтап алып жұқпа қоздырғыштарға қарсы дәрі – дәрмектерді тағайындайды: ампициллин, ампиокс, олеандомицин, эритромицин, фуразолидон, тетрациклин. Соңғы кездерде 10 күн бойы тәулігіне 2 рет ципрофлоксацин тағайындалынады. Өт жолдарындағы тұрып қалған сөлді босату үшін өт айдайтын дәрілерді қолданады: 25% магний сульфат ерітіндісі, аллахол, лиобил, циквалон, никодин, холензин, холосас, холагон, әртүрлі қайнатпалар - құмшай шөбі, жаңа ақжелкен. Өт өзектерін босату үшін спазмолитик дәрілерін тағайындайды: платифилин, папаверин, но – шпа, феникоберан. Қою өтті сұйылту үшін минералды сулар беру қажет (тамақ алдында 100 мл Ессентүк, Боржом т.б.). Жылы физиоем шараларын қолданған жөн.
Алдын алуы. Біріншілік алдын алу салауатты өмір салтын сақтау, дұрыс тамақтану, ас қорыту мүшелерінің ауруларын уақытында емдеу. Екіншілік алдын алуда науқастар дипансерлік нұсқау бойынша жалпы тәжірибелік дәрігермен және гастороэнтеролог пен қаралып отырады. Зертханалық тексерістерде жалпы қан анализін, билирубинді, холестеринді, ақуыз құрамын тексереді. Ұлтабар сөлін зерттейді. Жұқпа ошақтарына уақытында сауықтыру шараларын жүргізу, рационды тамақтану маңызды роль атқарады.
Бақылау сұрақтары
1. Өт қалтасының қабынуына әкеліп соқтырытын себептерді атап шығыңыз.
2. Сырқатқа тән белгілеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
3. Дерт анықтамасын жүргізгенде қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістерін қолданады?
4. Сырқаттың емдеуін өткізгендегі негізгі қағидаларын атаңыз.
5. Сізге таныс спазмолитик дәрілерін атап шығыңыз.
Өт - тас ауруы
Өт тас ауруы дегеніміз – ол өт қалтасында, өт өзектерінде тастың пайда болуымен сипатталатын ауру. Бұл ауру кең таралған, көбінесе әйелдер ауырады.
Этиологиясы. Негізгі себептері зат алмасу дәрісінің бұзылуы болып табылады, әсіресе майлы, бояутек алмасулар; өттің құрамындағы өт қышқылдарының мөлшері азайып, холестерин мөлшерінің көбеюі. Әсер ететін мәнбірлерге семіздік, дұрыс тамақтанбау, өт қалтасының жиі қабынуы, өт жолдарының қозғалыс қызметінің бұзылуы, жүктілік, көбінесе Боткин ауруымен ауырып шыққаннан кейінгі себептер жатады. Өт тастарының түрлері билирубиндік, бояутек, холестериндік, аралас болып кездеседі. Тастардың сыртқы түрлері әртүрлі: дөңгелек, сопақша, көпбұрышты, сырты бұжыр немесе тегіс, жылтыр. Тастар сан жағынан жеке, оншақты, тіпті одан да асып ұшырасуы мүмкін. Олар өт жолында, кейде өт қалтасында және екеуінде бірдей кездесуі мүмкін.
К линикалық бейнесі. Сырқаттың белгілері тастардың орналасу орнына, оның көлемі мен санына, құрамына байланысты және ілеспелі жұқпа, өт жолдарының қызметіне байланысты болып сипатталады. Егер тастар өт қалтасының түбінде жатса (“үнсіз аймақ”) сырқат белгісіз түрде өтеді. Күйзелістен кейін, майлы тамақ ішкеннен кейін, сілкілдеуге ұрынса, тас орнынан жылжып ауырсынуды тудырады. Ауру күрт басаталды. Оң жақ қабырға асты шаншып, тіліп, сұғып, қатты шыдатпай ауырады. Содан соң ауырсыну іштің бәріне таралады. Ауырған оң қолға, оң иыққа, оң бұғанаға, жауырын астына таралады. Ұстама кезінде науқас лоқсып, құсады, іші кебеді. Құсу жеңілдік әкелмейді. Рефлекторлы түрде үлкен және кіші дәреті кідіріп қалады. Ұстама бірнеше минуттан бірнеше сағатқа, бірнеше күнге созылуы мүмкін. Ұстаманың жиілігі әр науқаста әртүрлі түрде өтеді. Кейбіреуінде өмір бойында бір екі рет болуы мүмкін, ал кейбіреуіне жылына, айына бірнеше рет болуы мүмкін. Ұстама кезінде егер тас өт өзегін бекітіп тастаса өт 12 - елі ішектің ішіне түспей қанға таралып, теріні тітіркендіріп, қышыма белгісін тудырады (механикалық сарғаю). Нәжістің түсі түссіз, ал зәрдің түсі қоңыр түсті болады. Өт тұрып қалған жағдайда қабыну дәрісі дамып, дене қызуы көтеріліп, уыттану белгілері байқалады. Ұстама арасында науқастардың жағдайы оңалады, бірақ бауыр аймағында ауырсыну сезімі білінеді, осымен бірге ауыз қуысында ащы дәмнің болуы, лоқсу, іштің кебуі байқалады. Тексеріп беткей сипалау өткізгенде оң жақ қабырға асты ауырсынады, іш бұлшық етінің жирылғандығын және өт қалтасының көлемінің ұлғайғандығын сезуге болады. Ортнер, Френикус белгілері бұл ауруда оң нәтижелі болып табылады.
Асқынулары. Тас өт қалтасының өзегінде тұрып қалған жағдайда өт қалтасының шеменіне әкелуі мүмкін немесе өт қалтасының шіруіне (эмпиемасына) әкеліп соғуы мүмкін.
Дерт анықтамасы. Жалпы қан анализінде ЭТЖ артады, лейкоцитоз білінеді. Ұлтабар сөлін тексергенде құрамында холестерин кристалдарын табуға мүмкіндік береді. Холецистография әдісімен, ультра дыбыспен зерттегенде, рентген сәулесі арқылы тексергенде бауыр, өт өзектерін, өт қалтасының пішінін, олардағы тастың орналасқан жерін көруге болады.
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 798 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 |
|