Уыттану синдромы не себептен пайда болады?
7. Бүйрек шамасыздығының негізгі емдік қағидасы не болып табылады?
8. Бүйрек ауруларында тағайындайтын емдәм тәртібіне түсініктеме беріңіз.
9. Симптомға қарсы емге түсініктеме беріңіз.
10. Сырқаттың болжамы қалай болады деп ойлайсыз?
Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларында
мейірбикенің жұмыс ерекшеліктері
Мейірбике бүйрек және несеп шығару жолдарының ауруларындағы негізгі шағымдары мен белгілерін білу керек, бүйрек ауруларындағы зәр шығуының бұзылысы туралы түсінігі болу керек, бүйрек ауруларының негізгі емдеу жолдары мен алдын алуын білуі тиіс. Мейірбике науқасты мұқият тыңдап, аурудың барлығына назар аудырып немесе бел маңайыныңы
Бүйрек шаншу ұстамасының негізгі белгілері
және мейірбикенің іс-әрекеттері
Бейнелеме
Науқастың шағымдары
| 1. Бел маңайындағы ауырсыну сезімі және ауырсынудың басқа мүшелерге әсер беруі
2. Дизуриялық әртүрлі бұзылыстардың болуы
3. Зәр түсінің өзгеруі
4. Құсу, лоқсу
5. Қалшылдау
|
Қарағанда
| 1. Терінің бозаруы, суық тердің білінуі
2. Өзіне ыңғайлы жағдайды жасай алмау
3. Бел маңайын сипалауында ауырсынудың қарқынды білінуі
4. Пастернак белгісінің оң нәтижесін беруі
|
Мейірбикенің әрекеттері
| 1. Дәрігіерді шақыру
2. Науқасқа тыныштық жағдайын туғызу
3. Бел маңайына жылы ем шараларын қолдану, жылы ваннаны қабылдатқызу
4. Жиырылуды басу үшін спазмолитик және жансыздандыру дәрілерін әзірлеп қою
| ауырғанына, зәрдің түсінің өзгеруіне, зәр шығуының бұзылуына (полиурия, олигурия және т.б.) назар аудару керек. Бүйрек ауруымен ауыратын науқастарда бастың ауыруы, тұншығу ұстамасы, ісіктер, жағымсыз өзгерістер, дене қызуының көтерілуі жиі байқалады. Науқастан тоңу, улану болған жоқ па екенін және науқастың жұмыс жағдайы мен өмір сүру жағдайы туралы сұрап білу өте маңызды. Нәсілдік аурулары мен жағымсыз қылықтары барлығына көңіл аудуару қажет. Мейірбике егде адамдарда бүйрек ауруларының ағымының ерекшелігін білу керек. Науқасты қарағанда терінің түсіне, серпімділігіне, ылғалдығына, ісігі барлығына, қасынулар барлығына назар аудару қажет. Бел маңайының ауырғанын білу үшін бел маңайын ұрғылау керек, ол Пастернак белгісі мен анықтайды. Мейірбике құрал – жабдықты және зертханалық зерттеу әдістері жайлы түсінігі болу керек. Мейірбикенің міндетіне науқастарды бүйрек және несеп шығару жолдарын әртүрлі зерттеулерге дұрыс дайындау алынатын нәтижелердің сапаларына әсерін тигізеді. Рентгенологиялық зерттеулерді аш қарынға өткізеді. Науқастың ішегінде жиналған газдар болмау керек, ол үшін мейіркеш науқастың іш кетіретін тағамдар ішпеуін қадағалау керек. зерттеу жүргізудің алдында науқасқа түстен кейін 30 г кастор майын беру керек. кешке және зерттеу жүргізуден 2 сағат бұрын науқасқа тазарту клизмасын жасайды. Зерттедің алдында науқас кіші дәретке отыру керек. Мейірбике жалпы анализге және Зимницкий, Нечипоренко т.б. бойынша сынамаларға зәрді жинай білу керек. Мейірбике бүйрек және несеп шығару жолдарының ауруларындағы зерттеулерінің нәтижелерін түсіне білу керек. Мейірбике бүйрек және несеп шығару жолдарының ауруы бар науқастар жиі кездесетін мәселелерінің шығу тегін білу керек. Науқастар күнделікті өмірінде тәуелсіздігін жоғалтуына байланысты күйзелісте болады. осындай жағдайларда мейіркештік араласулар сыпайы түрде болуы керек, науқасты қолпаштап, ол өзі орындай алатын, өз - өзін күту әдістеріне үйрету керек. Несеп шығару жолдарында жұқпалы аурудың дамуының алдын алуға бағытталған іс - әрекеттерді дұрыс орындау керек. Мейірбике дер кезіңде және дұрыс науқасты тазалап, өңдей білу керек, пациентті дұрыс жуынуға үйрету және дағдылату; науқасқа сұйықтықтың мөлшерін жеткілікті түрде ішу керектігі жайлы ескертіп отыру; зәр түтік сүңгісін дұрыс күту; дер кезіңде дренаж қапшықтарын босату. Зәр шығару кезіңде науқасты жалғыз қалдыру арқылы, психологиялық мәселелерді шешуге болады. Егер науқас өзінің мәселелерін мейірбикеге ашық айта алатын болса, мейірбике күтімі нәтижелі болатын еді. Науқасты күте жүріп, мейірбике оның жүрек – тамыр жүйесінің жұмысын бақылап, құсуда, лоқсуда алғашқы көмек көрсете білу, гигиеналық күтім жасай білу, науқастың күн тәртібіндегі ережелерді уақытылы орындап және оны сақтауын қадағалау, емдәм терапиясын сақтату, дер кезіңде дәрігердің тағайындағандарын орындап отыру. Науқас терлегенде дер кезіңде іш – киімін ауыстырып, терісін күту. Улы заттар тері арқылы бөлінгендіктен терісі қышынып, қасынған жерлер жарақатанады, сол себептен теріні үнемі күту ойықтың алдан алуы болып табылады. Мейірбике науқасты емдәм терапиясы ерекшелігімен таныстырып, алдын алу шараларын, мысалы, суық тиюден сақтану керек екендігін түсіндіреді. Осымен қатар мейірбике бүйрек шаншуында пациентке дәрігерге дейін көмек көрсете алу керек.
Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейірбикелік үрдіс
І кезең. Пациенттің мәселерін табу.
Пациенттің нақты мәселері:
Ø бел маңайының, іштің ауырсынуы
Ø зәр шығаруының бұзылуы
Ø дене қызуының көтерілуі
Ø әлсіздену, ісіктің білінуі
Ø артериялдық қан қысымынының көтерілуінің әсерінен бастың ауыруы, лоқсу, құсу
Пациентте болуы мүмкін мәселелер:
Ø ұстаманың қайталануынан қорқу
Ø жиі зәр шыққаның себебіне, ұйқының бұзылуы
Ø цистоскоп арқылы тексерудің алдында қорқыныш сезімінің білінуі
Ø өзінің сырқат туралы мәліметтің жетпіспеушілігі (ісікте, зәрде қанның білінуінде)
Ø науқас зәрін ұстай алмаған жағдайда, өзін қоршаған ортада ыңғайсыз сезінуі.
ІІ кезең Мейірбике диагнозын қою.
Зәр шығару қызметінің бұзылуына байланысты барлық нақты және болуы мүмкін мәселелер мейірбикеніњ диагнозы болып табылады.
ІІІ кезең Күтім шараларын жоспарлау.
Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
Ø бел маңайының ауырсынуы басылады
Ø дене қызуы көтерілгенде, лоқсуда құсуда көмек көрсетіледі
Ø зәрдің толық және жеткілікті түрде шығуына әртүрлі қолдан келетін жағдайларды жасау
Ø гигиеналық шараларын сақтауды қорғау
Ұзақ уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
Ø науқас белінің ауырғаны кезіңде өз бетімен ыңғайлы жағдайды туғыза алады
Ø артериялдық қан қысымы қалыпына келеді
Ø ауруханадан шығарар кезіңде ісіктер болмайды
Ø пациент өзінің ауруына қатысты емдәм мен сұйықтық мөлшерін қолдану тәртібінен хабардар болады
ІV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
Мейірбикенің араласулары:
Ø тәуелді – дәрігіердің нұсқауын орындау, науқасты рентгенологиялық, ультра дыбыспен зерттеуге және зертханалық тексеріске дайындай білу, цистоскоп арқылы тексеріске қатысу
Ø тәуелсіз – бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларында науқастың жалпы жағдайын қадағалап, оны бағалай білу. Бүйрек шаншуында, уремиялық комада дәрігерге дейін көмек көрсету, күтім шараларын жүргізу.
Ø Бір – біріне тәуелділік қатынастары – дәрі – дәрмектермен ем жүргізуіді іске асырып, қолдану. Оның ағзаға тигізетін әсерін бағалай білу. Физио ем шараларын жүргізу. Педагогикалық аспектіде жұмыс жүргізу. Науқастың жазылуына психологиялық күйде бағыттау.
V кезең. Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау.
Дерт анықтамасын анықтау және емдеу үшін алға қойылған мақсаттармен көрсетілген күтім шараларының салыстырмалы түрдегі маңыздылық айырмашылықтары. Егер жоспарланған күтім ерекшелігі жағымды көрсеткіш нәтижесін бермесе (пациенттің мәселелері жойылмаса), онда күтім жоспары қайтадан қарастырылып, жаңадан басқа түрде өңделген жоспар құрылады.
Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы
мейірбикелік кірісулерінің үлгілері
Пациенттің мәселесі
| Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру
| Жоспарды жүзеге асыру.
Мейірбике араласулары
| Тәуелсіз
| Тәуелді
| Қан қысымының көтерілуінен бас ауруы
| 1.Дәрігерді шақыру.
2.Науқасқа ыңғайлы жағдай беру.
3.Науқасты физикалық, психикалық тыныштандыру.
4.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.
5. Науқастың жағдайын қадағалау.
6.Дәрігер келгенше көмек көрсету.
| 1.Науқасқа жағдайды түсіндіру.
2.Фаулер жағдайын жасау
2.Бөлмеде тыныштық орнату, бөгде шуларды жою
3.Рефлекторлық түрде қан қысымын төмендету мақсатымен маңдайына суық, ал желкесіне жылы қою.
Осы мақсатпен балтырына қыша қою.
4.Өз бетімен дәрі қабылдамауын қадағалау.
5. Науқастың жағдайын бақылау: қан қысымын, тамыр соғысын өлшеу, демін санау.
6.Бүйрек ауруларында қолданылатын ем дәм тәртібіне үйрету.
| 1.Дәрігердің нұсқауын орындау.
2.Дәрігердің нұсқауымен науқасқа медикаментоз-ды ем қолдану.
3.Әр түрлі зертханалық және аспаптық тексерістерге қатысу.
| Пациенттің мәселесі
| Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру
| Жоспарды жүзеге асыру.
Мейірбике араласулары
| Тәуелсіз
| Тәуелді
| Бел аймағының ауырсыну
| 1.Дәрігерді шақыру.
2.Науқасты тыныштандыру.
3.Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау.
4. Педагогикалық аспектіде жұмыс жасау.
5. Рефлекторлық ем көрсету.
6.Науқастың жағдайын қадағалау.
7. Дәрігер келгенше керекті құрал-жабдық, дәрілерді дайындау.
| 1.Төсек режимін, өзін жылы түрде ұстау.
2.Жылы ванна қабылдау немесе беліне жылытқыш қою.
3.Науқас жағдайын бақылап отыру: қан қысымын өлшеу, демін санау, дене қызуын өлшеу
4.Педагогикалық аспектіде диета туралы түсінік беру.
| Дәрігердің нұсқауымен науқасқа медикаментоз-ды ем қолдану: спазмолитиктер, жансыздандыратын дәрі-дәрмектер т.б.
Зертханалық және аспаптық тексерістерге қатысу.
| Пациенттің мәселесі
| Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру
| Жоспарды жүзеге асыру.
Мейірбике араласулары
| Тәуелсіз
| Тәуелді
| Зәрдің шықпай тұрып қалуы
| 1.Дәрігерді шақыру.
2.Науқасты тыныштандыру.
3.Рефлекторлық түрде ем көрсету.
4.Науқастың жағдайын қадағалау.
5. Дәрігер келгенше керекті құрал-жабдық, дәрілерді дайындау.
| 1. Науқасқа жағдайын түсіндіріп, тыңыштату.
2.Керекті жағдай туғызып, рефлекторлық түрде зәрді шығару мақсатымен краннан суды шорылдатын ағызу, жыныс мүшелеріне жылы су ағызу.
4.Науқастың функ-ционалды жағдайын бақылау: тамыр соғысын, қан қысымын өлшеу, демін санау.
| 1.Дәрігердің нұсқауын орындап, науқастың зәрін шығару мақсатымен резенке түтік қою.
3.Медикаментоз-ды ем қолдану.
3.Зертханалық және аспаптық тексерістерге қатысу
| Бүйрек және несеп шығару жолдары
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 1501 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 |
|