АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Репринтті басылым

Прочитайте:
  1. Репринтті басылым

Алматы 2012

«ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР» ПӘНІ БОЙЫНША КӘСІПТІК СТАНДАРТТАР

№ р/с Стандарттардың атауы Беті
I. Асептика және антисептика
  «С-4 (первомур) қоспасымен қолды сүрту техникасы» стандарты  
  «Ота бөлімі медбикесінің жәрдемшінің көмегімен стерильденген халатты кию техникасы» стандарты  
  «Оташының киіну техникасы» стандарты  
  «Филончиков – Гроссих бойынша ота жасайтын жерді сүрту техникасы» стандарты  
II Қан кету
  «Артериялық қан кету жағдайында резіңке бұрау қою техникасы» стандарты  
  «Қысып тұратын таңғышты қою техникасы» стандарты  
  «Ширату – бұрауын қою техникасы» стандарты  
III Қанның тобы, трансфузия тақырыбы
  «Стандартты сарысумен қанның тобын анықтау техникасы» стандарты  
  «Поликлондарды қолдану арқылы қанның тобын анықтау техникасы» стандарты  
  «Экспресс тәсілі арқылы резус-факторды анықтау техникасы» стандарты  
  «АВО бойынша жеке сәйкестілікке сынама қою техникасы» стандарты  
  «Резусі бойынша жеке сәйкестілікке сынама қою техникасы» стандарты  
  «Анти-Д цоликлондары арқылы резус-факторды анықтау техникасы» стандарты  
  «Полиглюкинге резус-сәйкестілікке сынама қою техникасы» стандарты  
  «Биологиялық сынама қою техникасы» стандарты  
IV. Десмургия
  «Бинтті таңғыш қою техникасы» стандарты  
  ««Чепец» таңғышын қою техникасы» стандарты  
  ««Жүген» таңғышын қою техникасы» стандарты  
  «Екі көзге таңғыш қою техникасы» стандарты  
  «Барлық саусаққа спиральді «Қолғап» таңғышын қою техникасы» стандарты  
  ««Дезо» таңғышын қою техникасы» стандарты  
  «Иыққа «Бидай тәріздес» таңғыш қою техникасы» стандарты  
  «Сирақ-өкше буынына таңғыш қою техникасы» стандарты  
  «Саусаққа айналмалы «Қолғап» таңғышын қою техникасы» стандарты  
  «Аяқтың жоғарғы жағына орамалды таңғыш қою техникасы» стандарты  
  «Кеудеге спиральді таңғыш қою техникасы» стандарты  
  «Көкірек безіне бинтті таңғыш қою техникасы» стандарты  
  ««Гиппократ шапкасы» таңғышын қою техникасы» стандарты  
  «Желкеге крест тәрізді таңғышын қою техникасы» стандарты  
V. Жансыздандыру
  «А.В. Вишневский бойынша шоғырланғанқ қабатты анестезияны өткізу техникасы» стандарты  
VI. Травматология
  «Гипсті таңғыш қою ережелері» стандарты  
  «Гипсті бинт дайындау техникасы» стандарты  
  «Білек сүйектері сынған жағдайда гипсті лонгет қою техникасы» стандарты  
  «Иық сүйектері сынған жағдайда гипсті лонгет қою техникасы» стандарты  
  «Тізе сүйектері сынған жағдайда гипсті лонгет қою техникасы» стандарты  
  «Жамбас сүйектері сынған жағдайда гипсті лонгет қою техникасы» стандарты  
  «Гипсті таңғышты шешу техникасы» стандарты  
  «Көлік таңғыш қалағын қою ережелері» стандарты  
  «Иық сынған жағдайжа Крамер таңғыш қалағын қою техникасы» стандарты  
  «Білекке Крамер таңғыш қалағын қою техникасы» стандарты  
  «Тізеге Крамер таңғыш қалағын қою техникасы» стандарты  
  «Дитрихс таңғыш қалағын қою техникасы» стандарты  
  «Медициналық пневматикалық таңғыш қалағын (МПТ) қою» стандарты  
  «Алғашқы медициналық жәрдем көрсету барысында жарақатты сүрту техникасы»  
  «Таңу техникасы» стандарты  
  «Отадан кейінгі таза жарақатты таңу техникасы» стандарты  
  «Іріңді жараны таңу техникасы» стандарты  
  «Сіреспенің алдын-алудың өзіне тән шараларын өткізу» стандарты  
  «Теріні тігу техникасы» стандарты  
  «Түйінді тігістерді сөгіту техникасы» стандарты  
  «АВС жүйесі бойынша өкпе-жүрек жансақтауын жүргізу техникасы» стандарты  
  «Тыныс алу жолдарына бөгде заттар түскен жағдайда көрсетілетін шұғыл көмек» стандарты  
  «Кеуде жасушалары зақымданған жағдайда (пневмоторакс) көрсетілетін шұғыл көмек» стандарты  
  «Ми-бас сүйегі зақымданған жағдайда көрсетілетін шұғыл көмек» стандарты  
  «Ұзақ қысылу синдромы жағдайында көрсетілетін шұғыл көмек» стандарты  
  «Омыртқа зақымданған жағдайда көрсетілетін шұғыл көмек» стандарты  
  ««Асқынған қарын» синдромы жағдайында көрсетілетін шұғыл көмек» стандарты  
  «Жамбас сүйегі зақымданған жағдайда көрсетілетін шұғыл көмек» стандарты  
  «Электрозақым алған жағдайда көрсетілетін шұғыл көмек» стандарты  
  «Қарын жарақаттанғанда көрсетілетін шұғыл көмек» стандарты  
  «Қарынның жабық зақымдануында көрсетілетін шұғыл көмек» стандарты  
  «Бір құлаққа таңғыш салу барысында медбике іс-әрекеттерінің алгоритмі» стандарты  
       

 

 

Репринтті басылым: «Даналық» колледжі, Мұрзағұлов Ж.З.

 

I. Асептика және антисептика

 

1. «С-4 (первомур) қоспасымен қолды сүрту техникасы» стандарты

 

Мақсаты: ота алдында қолды зарарсыздандыру. Ерітінді қолды, сонымен қатар ота жасалатын жерді сүрту үшін қолданылады.

Қорлары: 2,4 % первомур ерітіндісі, сабын, стерилді сүлгі, фишкалар салынған леген.

Ескерту: С-4 қоспасы 33 % сутегі тотығынан (171 мл), 85% құмырсқа қышқылынан (81 мл) және тазартылған судан (10л дейін) тұрады; 2,4% первомур ерітіндісін дайындау үшін 1,5 сағатқа мұздатқышқа қойыңыз, сонан соң оған 10л тазартылған су құйыңыз.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Қолыңызды саусақ ұшынан шынтаққа дейін сабынмен ағынды су астында 1 минут жуыңыз.

2. Қолыңызды стерилді сүлгімен сүртіңіз.

3. Қолыңызды 2,4% первомур ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

4. Келесі тәртіппен қолыңызды 1 мин бойы сүртіңіз: 30с шынтаққа дейін, қалған 30с саусақтарыңызды салыңыз.

5. Ерітіндіден бір фишканы алып тастаңыз.

Көлемі 5л бір ыдысқа, ерітіндісін ауыстырмай, 10 адам қолын жуа алады.

6. Қолыңызды стерилді сүлгімен құрғатыңыз.

Ескерту:

- қолды тазарту алдында белгілі тәртіп бойынша мұқият жуып алу қажет;

- тырнақты қысқа етіп алу қажет (тырнақтың астында 90 % дейін микробтар болады), қол жырылмаған, зақымдалмаған, қабынбаған болуы тиіс;

- жүзіктеріңізді шешіп тастаңыз;

- қолды краны шынтақпен ашылатын ерекше қол жуғыштарда жуу қажет;

- қолды жуғанда су саусақтардан шынтаққа қарай ағып тұруы керек, керісінше емес;

- алдымен алақанды, сонан кейін әрбір саусақтың сыртын, саусақтардың арасын және алдымен сол қолдың тырнақшаларын, сонан кейін оң қолдың тырнақшаларын жуу қажет;

- әрі қарай сол қол алақаны мен сыртын, сонан соң оң қолдың алақаны мен сыртын жуу керек;

- әрі қарай сол қол білегінің ішкі және сыртқы жағы, кейін оң қол білегінің іші мен сырты жуылады;

- қолды осы тәртіппен стерилді сүлгімен сүртіңіз.

 

 

I. Асептика және антисептика

2. «Ота бөлімі медбикесінің, жәрдемшінің көмегімен стерилденген халатты кию техникасы» стандарты

 

Мақсаты: ота барысында антисептикалық жағдайды қамтамасыз ету.

Қорлары: стерилді киімі және оталық төсек-орны бар бикс, қолды дезинфекциялауға арналған ерітінді.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Стерилді төсек-орны бар биксті тіреуішке қойыңыз, оны бекітіңіз.

2. Бикстің таңбасын, сыртқы түрі бойынша стерилділігін тексеріңіз (стерилденген күнін қараңыз).

3. Педалдің көмегімен биксты ашыңыз, стерилділік индикаторын алыңыз, оның жағдайын бағалаңыз (индикатор еруі тиіс).

4. Сол қолыңызбен халатты жағасынан ұстап бикстен шығарыңыз және оны басқа заттарға тигізбей жазып алып, оң қолыңызға кигізіңіз.

5. Сонан кейін оң қолыңызбен жағасынан ұстап, сол қолыңызға кигізіңіз.

6. Кеудеңізден әрі қарай қолдарыңызды созып, жеңдеріңізді байлаңыз, ұштарын қайырып қойыңыз.

7. Халатыңыздың артқы бауларын байлаңыз (санитар әйел).

8. Қалтасынан белдігін алыңыз, оның ұшын санитар әйелге ұстату үшін өзіңізден 30-40 см қашықтықта ұстаңыз.

9. Бауының ұшынан ұстап, халаттың қалтасынан стерилді масканы алып шығыңыз. Масканы бетіңізге жақындатып, бауының ұшын санитар әйелге ұстатыңыз. Масканың бауын санитар әйел байлауы тиіс.

Ескерту: Стерилді халатты қолыңызды хирургиялық жолмен тазалағаннан кейін киіңіз!

 

I. Асептика және антисептика

3. «Хирургті киіндіру техникасы» стандарты

 

Мақсаты: ота жасау барысында асептикалық жағдайлардың болуын қамтамасыз ету.

Қорлары: стерилді киімдер және оталық төсек-орындары бар бикс, қолды дезинфекциялауға арналған ерітінді.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Стерилді төсек-орны бар биксті тіреуішке қойыңыз, оны бекітіңіз.

2. Бикстің таңбасын, сыртқы түрі бойынша стерилділігін тексеріңіз (стерилденген күнін қараңыз).

3. Педалдің көмегімен биксты ашыңыз, стерилділік индикаторын алыңыз, оның жағдайын бағалаңыз (индикатор еруі тиіс).

4. Халатты жағасынан ұстап, ішкі жағын оташыға қаратып ашып ұстаңыз, оташы оны қолын созып кие алатындай болуы тиіс.

5. Халатты оташының иығына кигізіңіз.

6. Халаттың артқы бауларын байлаңыз (санитар әйел).

7. Оташының жеңіндегі бауларын байлаңыз.

8. Қалтаңыздан белдігін алыңыз, оның ұшын санитар әйелге ұстату үшін өзіңізден 30-40 см қашықтықта ұстаңыз (оташы).

9. Бауының ұшынан ұстап, халаттың қалтасынан стерилді масканы алып шығыңыз.

10. Масканы бетіңізге жақындатып, бауының ұшын санитар әйелге ұстатыңыз.

11. Масканың бауын санитар әйел байлауы тиіс.

 

Ескерту: Стерилді халатты қолыңызды хирургиялық жолмен тазалағаннан кейін киіңіз!

 

I. Асептика және антисептика

4. «Филончиков – Гроссих бойынша ота жасайтын жерді сүрту техникасы» стандарты

 

Мақсаты: ота жасайтын жерді зарарсыздандыру.

Қорлары: қауіпсіз бритва, 1% йодонат ерітіндісі, стерилді мақта тампондары, пинцет, 70% спирт.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. 1% йодонат ерітіндісіне батырылған майлықты алыңыз.

2. Ота жасайтын жерге кесілетін жерден бастап шегіне дейін 1% йодонат ерітіндісін 2 рет жағыңыз.

3. 70% спиртке батырылған майлықты алыңыз.

4. Ота жасайтын жерге кесілетін жерден бастап шетіне дейін 70% спиртті 2 рет жағыңыз.

5. Ота жасалатын орынға стерилді төсек-орнын салыңыз және 1 % йодонат ерітіндісі мен 70% спирт жағыңыз.

6. Ота жасайтын жердің терісін тігер алдында және онан кейін 1% йодонат ерітіндісімен сүртіңіз.

Ескерту:

- науқасқа ота жасар алдында жалпы гигиеналық ванна қабылдатыңыз:

- төсек-орны мен іш киімдерін ауыстырыңыз;

- ота жасалатын күні таңертең науқастың ота жасайтын жерін құрғақ тәсілмен сүртіңіз;

- ота жасауға 30 мин қалғанда науқасты шешіндіріңіз;

- шашына орамалды таңғыш, ал аяғына бахилла кигізіңіз;

- науқасты каталкаға жатқызыңыз;

- ота жасайтын жерге жеткізіңіз.

 

II Қан кету

5. Стандарт «Артериалық қан кету жағдайында резіңке бұрауын қою техникасы» стандарты

 

Мақсаты: артериалық қан кетуді тоқтату.

Көрсетімі: артериалық қан кету.

Қорлары: Эсмарх резіңке бұрауы, стерилді қолғаптар, үлкен салфетка немесе сүлгі, таңғыш материалы, қағаз, қалам.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Пациентті қарап шығыңыз, тыныштандырыңыз, жатқызыңыз.

2. Пациенттің жағдайы мен жарасын бағалаңыз.

3. Пациентке іс-әрекеттердің мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

4. Қолыңызды спиртпен сүртіңіз.

5. Стерилді қолғапты киіңіз.

6. Артерияны сүйекке саусақтарыңызбен қатты басыңыз.

7. Қанның кері ағысын қамтамасыз ету үшін науқастың аяқтарын жоғарылау етіп қойыңыз.

8. Аяқтарының бұрау қойылған жерінің жоғарғы жағын, қан ағатын жерден жоғарғы жағын майлықпен немесе сүлгімен орап қойыңыз.

9. Бұрауды астына астар салып, қатты тартып байлаңыз және қан тоқтайтындай етіп аяқты астармен қатты байлап қойыңыз.

10. Келесі астарларды алдыңғы астарлардың 1/2 немесе 1/3 бөлігін жабатындай етіп, бірақ астарлар бірімен бірі шиеленіспейтіндей және теріні қысып тастамайтындай етіп салу қажет.

11. Бұраулардың бос ұштарын ілгектерге іліп қойыңыз.

12. Бұраудың дұрыс салынғанын тексеріңіз (бұрау қойылған жердің төменгі жағында қан соғуының тоқтауы, жарақаттанған жерде қанның тоқтауы, аяқ ұштарының бозаруы).

13. Бұрау қойылған уақытты қағазға жазып, бұраудың астына қойып қойыңыз.

14. Жүре алмайтын адамды жатқан күйінде тасымалдаңыз.

Ескерту:

- Бұрау 1,5- 2 сағатқа қойылады, әрбір 30 минут сайын оны әлсіретіп отырыңыз;

- Бұрауды әлсірету кезінде артерияны саусақтармен басып отыру қажет;

- Балаларға бұрау 1 сағаттан артық уақытқа қойылмауы тиіс;

- Бұрауды таңғыштың немесе киімнің астына тығып қоюға болмайды;

- Күн суықта бұрау 1 сағатқа ғана қойылады, аяқты киіммен немесе төсенішпен жылытып, қызыл жіп байлап қою керек;

- Резіңке бұраудың орнына қайыс белбеуді пайдалануға болады.

II Қан кету

6. «Қысып тұратын таңғышты байлау техникасы» стандарты

 

Мақсаты: венадан және қылтамырдан қан кетуді тоқтату, бас терісінің гемостазы.

Қорлары: стерилді майлықтар; стерилді қолғаптар; 1% йодонат; мақта-дәкелік тампон; бинт; антисептик ерітіндісі; 2 пинцет; спирт; ауру басатын дәрі-дәрмектер; КБУ ыдысы.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Қолыңызды спиртпен сүртіңіз.

2. Резіңке қолғапты киіңіз.

3. Пациентті қарап шығыңыз, тыныштандырыңыз, жатқызыңыз.

4. Пациенттің жағдайы мен жарасын бағалаңыз.

5. Пациентке іс-әрекеттердің мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

6. Жарақатқа еркін қолжеткізе алатындай етіп, пациентті ыңғайлы жатқызыңыз.

7. Жараның шетін 1% йодонатпен сүртіңіз.

8. Майлықпен құрғатыңыз.

9. Жараның бетін стерилді майлықпен жабыңыз.

10. Майлықтың үстіне мақта-дәкелік тампон қойыңыз.

11. Тампонды бинтті таңғышпен байлаңыз (жараның тереңдігіне байланысты).

12. Пациентті стационарға жеткізіңіз, жеткізу барысында АҚ, ЧДД, қанның соғуын, есінен танбауын, таңғыштың жағдайын қадағалаңыз.

13. Қолғапты шешіп, КБУ ыдысына салыңыз.

Ескерту:

- қысып тұратын таңғыш венадан және қылтамырдан қан кеткен жағдайда қойылады;

- ауруханаға жеткізгенше алғашқы медициналық көмек барысында қойылады.

 

II Қан кету

7. «Ширату бұрауын қою техникасы» стандарты

 

Мақсаты: артериалды қан кетуді уақытша тоқтату.

Көрсетімі: артериядан қан кету.

Қорлары: салфетка; таяқша; қағаз; резіңке қолғаптар; таңғыш материалдары; бинт; КБУ ыдысы.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Пациентті қарап шығыңыз, тыныштандырыңыз, жатқызыңыз.

2. Пациенттің жағдайы мен жарасын бағалаңыз.

2. Резіңке қолғапты киіңіз.

3. Пациентке іс-әрекеттердің мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

4. Аяқтарын жоғарылатып қойыңыз.

5. Қолыңызды спиртпен сүртіңіз.

6. Стерилді қолғапты киіңіз.

7. Майлықты жараның жоғары жағына, ширату тұсына қойыңыз.

8. Майлықтың ұштарын байлаңыз.

9. Қан тоқтағанша және перифериялық тамырлардың соғуы тоқтағанша таяқшаны қойып, айналдырыңыз.

10. Таяқшаның бос ұшын, таңғышпен байлап қойыңыз.

11. Жараның үстін сүртіңіз және асептикалық таңғышпен байлаңыз.

12. Таңғыштың қойылған күні, уақыты жазылған қағазды айналмалы таңғыштың астына қойыңыз.

13. Пациентті зембілде жатқан күйі стационарға жеткізіңіз.

14. Қолғабыңызды шешіп, КБУ ыдысына салыңыз.

 

 

Қанның III тобы, гемотрансфузия

8. «Стандартты сарысумен қанның тобын анықтау техникасы» стандарты

 

Мақсаты: қанның қай топқа жататынын анықтау.

Көрсетімі: қан құюдың қажеттілігі: ота жасау барысында; ота жасаудан алдыңғы кезеңде; қан ауруларында.

Қорлары: таңбаланған ұялары бар планшет; изотоникалық ерітіндісі бар флакон; пипеткалар; шыны таяқшалар; бір рет қолдануға арналған скарификатор; стерилді шариктер; 70% спирт; 2 сериялы стандартты гемагглютинді сарысу; құм сағаттар; қолғаптар; КБУ ыдысы.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Стандартты геммаглютинді сарысулардың сапасын тексеріңіз: сыртқы түрі бойынша (ашық, мөлдір), ампуланың бүтіндігін, қанның тобы көрсетілген заттаңбасын, титрін, жарамдық мерзімін.

2. Пациентке рәсімдеу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Науқасты жалпы жағдайын бақылау мүмкіндігі болатындай етіп отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңыздың деконтоминациясын жасаңыз.

5. Стерилді қолғапты киіңіз.

6. 2 серия (I, II, III топтар) бойынша, стандартты сарысуларды жеке пипеткалармен 1 тамшыдан арнайы планшеттің ұяларына тамызыңыз.

7. Пациенттің аты жоқ саусағының ұшын спирттелген мақта тампонымен сүртіңіз.

8. Скарификатормен ине салыңыз, алғашқы тамшыны стерилді мақта тампонымен сүртіп тастаңыз.

9. Әртүрлі шыны таяқшаларды пайдалана отырып, шыны таяқшаға қанның бір тамшысын алыңыз.

10. Планшеттің әрбір ұясына 1:10 мөлшерде қан мен сарысуды салыңыз.

11. Қолыңызда баяу шайқай отырып, қан мен сарысуды араластырыңыз.

12. Реакцияны 5 минут бақылаңыз.

13. Агглютинацияға ұшыраған сарысу мен эритроциттер тамшысына 1 тамшыдан физиологиялық ерітінді тамызып отырыңыз.

14. Нәтижесін бағалаңыз: егер қан ұйыса (агглютинация), онда реакция жағымды, егер қан ұйымаса, онда теріс болғаны.

15. Егер 6 ұяның бәрінде агглютинация реакциясы пайда болса, онда стандартты сарысуы бар AB(TV) тобына қосымша зерттеу жүргізіңіз.

16. Қолғабыңызды шешіп КБУ-ға салыңыз.

0(1) А (II) В (III) АВ (IV) Қанның тобы
+ 00)
+ +   А<П)
+ + + В(Ш)
+ + + AB(IV)

«+» агглютинация реакциясы, «» агглютинация реакциясы жоқ.

Қанның III тобы, гемотрансфузия

9. «Цоликлондарды пайдалана отырып қанның тобын анықтау техникасы» стандарты

 

Мақсаты: қанның қай топқа жататынын анықтау.

Көрсетімі: қан құюдың қажеттілігі: ота жасау барысында; ота жасаудан алдыңғы кезеңде.

Қорлары: анти- А и анти- В, анти-АВ цоликлондары бар ампулалар; зерттелетін қан, пипеткалар; шыны таяқшалар, скарификатор, спирт, стерилді мақта шариктері, стерилді қолғаптар, сағат; КБУ ыдысы.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Сыртқы түрі бойынша анти-А, анти Б, анти АВ цоликлондарының сапасын тексеріңіз: (ашық мөлдір), ампуланың бүтіндігі, қан тобы көрсетілген заттаңбаның болуын, титрін, жарамдық мерзімін.

2. Пациентке рәсімдеу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Науқасты жалпы жағдайын бақылау мүмкіндігі болатындай етіп отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңыздың декотоминациясын жасаңыз.

5. Стерилді қолғапты киіңіз.

6. Планшетке жеке пипеткалармен анти-А, анти-В және анти-АВ цоликлондарын үлкен бір тамшыдан (0,1 мл) салыңыз.

7. Скарификатормен ине салыңыз, алғашқы тамшыны стерилді мақта тампонымен сүртіп тастаңыз.

8. Әртүрлі шыны таяқшаларды пайдалана отырып, шыны таяқшаға қанның бір тамшысын алыңыз.

9. Цоликлон тамшыларының жанына жеке шыны таяқшалармен зерттелетін қанды кішкене бір тамшыдан салыңыз.

10. Планшетті 3 минут шайқай отырып, рекция барысын қадағалаңыз.

11. Қолғабыңызды шешіп КБУ-ға салыңыз.

Цоликлон реакциясының нәтижесі Зерттелетін қанның тобы
Анти-А Анти-В Анти-АВ
0(1)
+ + А(И)
+ + В(Ш>
+ + + AB(IV)

Ескерту: жалған агглютинацияны болдырмау үшін ауа температурасы15- 25° С болуы тиіс.

 

 

III қан тобы, гемотрансфузия

10. «Экспресс тәсілімен резус-факторды анықтау техникасы» стандарты

 

Мақсаты: резус – факторды анықтау.

Көрсетімі: қан құюдың қажеттілігі: ота жасау барысында; ота жасаудан алдыңғы кезеңде.

Қорлары: шаппалар, түтікшелер, физиологиялық ерітінді, әмбебап антирезус-реагент, скарификатор, стерилді дәке шариктері, спирт, стерилді пинцет, стерилді қолғаптар, құм сағаттар; КБУ ыдысы.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Әмбебап резус-реагент сапасын сыртқы түрі бойынша тексеріңіз: (ашық мөлдір), ампуланың бүтіндігін, қан тобы көрсетілген заттаңбаның болуын, титрін, жарамдық мерзімін.

2. Пациентке рәсімдеу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Науқасты жалпы жағдайын бақылау мүмкіндігі болатындай етіп отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңыздың деконтоминациясын, декоотоминациясын, декон гомипапиясын жасаңыз.

5. Стерилді қолғапты киіңіз.

6. Конусты пробиркаға шаппамен 2 тамшы сарысу салыңыз.

7. Скарификатормен ине салыңыз, алғашқы тамшыны стерилді мақта тампонымен сүртіп тастаңыз.

8. Пипеткамен 1 тамшы қан тамызыңыз.

9. 5 минуттай шыны түтікшені шайқаңыз немесе алақаныңызда шайқап араластырыңыз.

10. шыны түтікшенің қабырғасына қарап, нәтижесін бағалаңыз.

11. Егер агглютинация болса, онда пациентте резус-жағымды фактор болғаны.

12. Егер агглютинация болмаса, онда қан резус – теріс болғаны.

13. Псевдоагглютинацияны болдырмау үшін, пробиркаға 2 тамшы физиологиялық ерітінді қосу керек.

14. Қолғабыңызды шешіп, КБУ-ға салыңыз.

Ескерту: жалған агглютинацияны болдырмау үшін ауа температурасы15- 25° С болуы тиіс.

 

 

III қан тобы, гемотрансфузия

11. «АВО бойынша жеке сәйкестілікке сынама қою техникасы»

 

Мақсаты: донор қанының реципиент қанына сәйкестілігін анықтау.

Көрсетімі: қан құюдың қажеттілігі: ота жасау барысында; ота жасаудан алдыңғы кезеңде.

Қорлары: донор қаны, реципиент қанының сарысуы, шыны таяқшалар, пипеткалар, Петри ыдысы, шприц, ине, стерилді дәке шариктері, спирт, стерилді пинцет, стерилді қолғаптар, құм сағаттар, КБУ ыдыстары.

1. Пациентке рәсімдеу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

2. Науқасты жалпы жағдайын бақылау мүмкіндігі болатындай етіп отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

3. Гигиеналық деңгейде қолыңыздың деконтоминациясын жасаңыз.

4. Стерилді қолғапты киіңіз.

5. Пациент венасынан пробиркаға 5 мл қан алыңыз.

6. Сарысу алу үшін қаны бар шыны түтікшені центрифугадан өткізіңіз.

7. Петри ыдысына пипеткамен 1 тамшыдан пациент сарысуы мен донор қанын тамызыңыз.

8. Шыны таяқшамен сарысуды және қанды араластырыңыз.

9. Реакцияны 5 минут бақылаңыз.

10. Егер агглютинация реакциясы болса, онда қан құюға болмайды. 11. Псевдоагглюцинациясын болдырмау үшін, 1 тамшы физиологиялық ерітінді тамызыңыз.

12. Егер агглютинация болмаса, онда сынама теріс болғаны және қан сәйкес келеді, оны құюға болады.

13. Қолғабыңызды шешіп, КБУ ыдысына салыңыз.

 

 

III қан тобы, гемотрансфузия

12. «Резус - принадлежность бойынша жеке сәйкестілікке сынама қою техникасы»

 

Мақсаты: донор қанының реципиент қанына сәйкестілігін анықтау.

Көрсетімі: қан құюдың қажеттілігі: ота жасау барысында; ота жасаудан алдыңғы кезеңде.

Қорлары: донор қаны, реципиент қанының сарысуы, шыны таяқшалар, булы монша, пипеткалар, Петри ыдысы, шприц, ине, стерилді дәке шариктері, спирт, стерилді пинцет, стерилді қолғаптар, құм сағаттар, КБУ ыдыстары.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Пациентке рәсімдеу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

2. Науқасты жалпы жағдайын бақылау мүмкіндігі болатындай етіп отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

3. Гигиеналық деңгейде қолыңыздың деконтоминациясын жасаңыз.

4. Стерилді қолғапты киіңіз.

5. Пациент венасынан пробиркаға 5 мл қан алыңыз.

6. Сарысу алу үшін қаны бар шыны түтікшені центрифугадан өткізіңіз.

7. Петри ыдысына пипеткамен 1 тамшыдан пациент сарысуы мен донор қанын тамызыңыз.

8. Шыны таяқшамен сарысуды және қанды араластырыңыз.

9. Петри ыдысын 5 минутқа булы моншаға (температурасы 42-45 градус) қойыңыз.

10. Егер агглютинация реакциясы пайда болса, онда қан сәйкес келмейді.

11. Псевдоагглюцинациясын болдырмау үшін, 1 тамшы физиологиялық ерітінді тамызыңыз.

12. Егер агглютинация болмаса, онда сынама теріс болғаны және ол қанды құюға болады.

13. Қолғабыңызды шешіп, КБУ ыдысына салыңыз.

 

 

III қан тобы, гемотрансфузия

13. «Анти –Д цоликлонды резус-факторды анықтау техникасы» стандарты

 

Мақсаты: резус- факторды анықтау.

Көрсетімі: қан құюдың қажеттілігі: ота жасау барысында; ота жасаудан алдыңғы кезеңде.

Қорлары: анти-Д цоликлоны, планшет, шыны таяқшалар, стерилді қолғаптар, сағат, зерттелетін қан, КБУ ыдысы.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Анти-Д циклонының сапасын сыртқы түрі бойынша: (ашық мөлдір), ампуланың бүтіндігін, жарамдық мерзімін тексеріңіз.

2. Пациентке рәсімдеу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Науқасты жалпы жағдайын бақылау мүмкіндігі болатындай етіп отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңыздың деконтоминациясын жасаңыз.

5. Стерилді қолғапты киіңіз.

6. Планшетке анти-Д (0,1 мл) салыңыз.

7. Зерттелетін қанның (0,2 мл) кашпосын алыңыз, шыны таяқшаның көмегімен оны реагентпен араластырыңыз (1:5 мөлшерде).

8. Планшетті қолыңызда баяу шайқап отырып нәтижесін 3 минут бақылаңыз.

9. Нәтижесін бағалаңыз.

10. Зерттелген қанда агглютинацияның болуы, резус-оңды реакциясын білдіреді.

11. Агглютинацияның болмауы резус - теріс қан дегенді білдіреді.

12. Қолғабыңызды шешіп, КБУ ыдысына салыңыз.

 

III қан тобы, гемотрансфузия

14. Стандарт «Поликлюконмен резус сәйкестілікке сынама қою техникасы»

Мақсаты: резус-принадлежность бойынша донор қанының реципиент қанымен сәйкестілігін тексеру.

Көрсетімі: гемотрансфузия.

Дайындау қажет: донор қаны, 33% поликлюкон ерітіндісі, реципиент қанының сарысуы, шыны таяқшалар, пипеткалар, Петри ыдысы, шприц, ине, стерилді дәке шариктері, спирт, стерилді пинцет, стерилді қолғаптар, құм сағаттар, булы монша, КБУ ыдысы.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Шыны түтікшенің түбіне 2 тамшы науқас сарысуын, 1 тамшы донор қанын және 1 тамшы 33% полиглюкин тамызыңыз.

2. Шыны түтікшені шайқаңыз.

3. Шыны түтікшені көлденеңіне дейін қисайтып, 5 минут баяу айналдырып араластырыңыз.

4. Пробиркаға 3-4 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін қосыңыз.

5. Шыны түтікшені 2-3 рет айналдыра отырып араластырыңыз (шайқамаңыз!).

6. Жарыққа қарап, нәтижесін бағалаңыз.

7. Түсі ашық сұйықтықта агглютинация реакциясы байқалса, онда ол қанды құюға болмайды!

8. Егер агглютинация болмаса, онда реакция теріс болғаны, ондай қанды құюға болады.

9. Қолғабыңызды шешіп, КБУ ыдысына салыңыз.

Ескерту: жалған агглютинацияны болдырмау үшін ауа температурасы15- 25° С болуы тиіс.

 

III қан тобы, гемотрансфузия

15. «Биологиялық сынаманы қою техникасы» стандарты

Мақсаты: донор мен реципиент қандарының сәйкестілігін анықтау. Көрсетімі: қан құю.

Қорлары: донор қаны, қан құюға арналған система, стерилді дәке шариктер, спирт, стерилді пинцет, стерилді қолғаптар; КБУ ыдысы.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Пациентке рәсімдеу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

2. Науқасты жалпы жағдайын бақылау мүмкіндігі болатындай етіп отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

3. Гигиеналық деңгейде қолыңыздың деконтоминациясын жасаңыз.

5. Системаны толтырыңыз (стандартқа қараңыз!).

6. 10-15 мл қан құйыңыз.

7. Системаны 3 минутқа жабыңыз.

8. Пациенттің жағдайын бағалаңыз.

9. 10-15 мл қан құйыңыз.

10. Системаны 3 минутқа жабыңыз және пациенттің жағдайын бағалаңыз.

12. 10-15 мл қан құйыңыз.

13. Пациенттің жағдайын бағалаңыз.

14. Қалған қанды минутына 8-10 тамшыдан баяу құйыңыз.

15. Қолғабыңызды шешіп, КБУ ыдысына салыңыз.

Ескерту:

- қан құйып болғаннан кейін қалған 10-15 мл қанды тоңазытқышта сақтаңыз;

- флакон заттаңбасын сырқатнамаға жапсырып қойыңыз;

- алғашқы несеп мөлшерін жалпы несеп талдауына алыңыз;

- қан құю барысында науқастың алдында болыңыз; науқастың дене қызуын 3 рет тексеріңіз;

- науқастың іші, кеудесі, белі, басы ауырса, құсса, ентіксе, жүрегі қатты соқса, терісінде бөртпе пайда болса – қан құюға болмайды!

Биологиялық сынаманы өткізу барысындағы асқыну жағдайларына алғашқы көмек көрсету:

- Системаны басып қою арқылы тез қан құюды тоқтату;

- Флакон мен системаны шешіп алыңыз, инені венада қалдырыңыз!

- Дәрігерге хабарлаңыз;

- Инені тұзды ерітіндісі бар басқа системаға қосыңыз;

-Жағдайы түзелгеннен кейін де, науқасты 2 сағат бойы бақылаңыз.

 


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 7255 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.068 сек.)