VI. Травматология
57. «Омыртқа зақымданған жағдайда көрсетілетін жәрдем» стандарты
Мақсаты: асқынуды болдырмау жәнекөлік иммобилизациясын жасау.
Көрсетімі: омыртқаның зақымдануы.
Қорлары: қалқан, немесе қатты зембілдер, немесе иммобилизациялайтын вакуум, білікше, 2% промедол, полипоокин, кордиаминерітіндісі, Еланский таңғыш қалағы, мақта-дәкелі Шанц жағасы, тонометр, фонендоскоп, ені 20-25 см бинт.
Ескерту: Омыртқа сынғанда жұлын зақымдануы да, зақымданбауы да мүмкін, жиі жағдайларда науқас зақымдық есеңгіреу алады.
Іс-әрекеттер алгоритмі: Омыртқа сынған жағдайда пневматикалық таңғыш қалақпен иммобилизациялау:
1. Пациентті қарап шығыңыз.
2. Омыртқаның сынғанына көз жеткізіңіз.
3. Пациентті тыныштандырыңыз.
4. Жасалатын іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
5. Пациентті абайлап зембілге жатқызыңыз. Ол үшін төрт адам науқасты бірден көтеріп алып жатқызады.
6. Зембілдің қабын баулаңыз.
7. Арнайы пышақ тартқышпен зембілдегі ауаны шығарыңыз (зембіл қажетті қатты қалыпқа енеді және тиісті иммобилизацияны қамтамасыз етеді).
8. Пациентті 2 адам зембілдің арнайы ұстағыштарынан ұстап шығаруы тиіс. Ескерту: пациенттің кеуде және бел омыртқасы сынған жағдайда иммобилизация жасағанда вакуум зембілдер қолданылады.
Омыртқаның мойын бөлігі сынған жағдайда:
1. Пациентті қалқанға немесе қатты зембілдерге шалқасынан мойнына білікше қойып жатқызыңыз.
2. Пациенттің мойнына Еланский таңғыш қалағын немесе Шанц мақта-дәке жағасын қойыңыз.
3. Пациентке тері астынан ауру басатын 2 мл 2% мл промедол ерітіндісін салыңыз.
4. Тамырдан 500 мл полиглюкин, 2 мл кордиамин салыңыз.
5. Пациенттің АҚ, тамыр соғуын, тыныс алуын қадағалаңыз.
6. Пациентті травматология бөліміне жіберіңіз.
Омыртқаның кеуде тұсының сынуы:
1. Науқасты щитке немесе қатты зембілге көлденеңінен арқа жағынан сынған жеріне білікше қойып жатқызыңыз.
2. Тері астынан ауру басатын 2 мл 2% промедол ерітіндісін салыңыз.
3. Тамырдан 500 мл полиглюкин, 2 мл кордиамин салыңыз.
4. Науқастың АҚ, тамыр соғуын, тыныс алуын қадағалаңыз.
5. Науқасты травматологияға жіберіңіз.
Бел омыртқасы сынған жағдайда:
1. Пациентті абайлап зембілге немесе щитке салыңыз, омыртқа майыспау қажет.
2. Пациентті төрт адам көтеріп салу қажет (пациенттің қолын басына қойыңыз, кеудесінің жартысынан, жамбасынан, аяғынан ұстау керек).
3. Пациенттің денесін енді бинтпен кеуде тұсынан, жамбасынан, тізе буындарынан таңып қойыңыз.
VI. Травматология
58. «Жамбас сүйегі зақымданған жағдайда көрсетілетін көмек» стандарты
Мақсаты: көлік иммобилизациясы, есеңгіреудің алдын алу.
Көрсетімі: жамбас сүйегінің сынуы, жамбас органдарының зақымдануы.
Қорлары: қатты зембілдер, биіктігі 25- 30 см білікше, сүлгі немесе простыняның бір бөлігі, 2 мл 2% промедол ерітіндісі.
Ескерту: Жамбас сүйегі сынған жағдайда кіші жамбас органдарының зақымдануы және зақымдық есеңгіреу жиі кездеседі.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Пациентті қарап шығыңыз. Пациентті тыныштандырыңыз.
2. Жамбас сүйегінің сынғанына көз жеткізіңіз.
3. Жасалынатын іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
4. Қолыңызды спиртпен сүртіңіз, резіңке қолғапты киіңіз.
5. Пациентке тері астынан ауру басатын 2 мл 2% промедол ерітіндісін салыңыз.
6. Пациентті төрт адам көтеріп салу қажет, омыртқа майыспауы тиіс.
7. Пациентті абайлап зембілге немесе щитке жатқызыңыз.
8. Пациенттің аяғын тізесінен бүгіп, екі жаққа жіберіңіз.
9. Бүгілген тізеге білікше қойыңыз («құрбақа күйі»).
10. Білікше қойылған тізені ұзын матамен немесе сүлгімен таңып қойыңыз (тасымалдағанда тізенің білікшеден таюын болдырмау қажет).
11. Тамырдан 500 мл полиглюкин, 2 мл кордиамин салыңыз.
12. Пациенттің АҚ, тамыр соғуын, тыныс алуын қадағалаңыз.
13. Пациентті травматологияға жіберіңіз.
VI. Травматология
59. «Электрозақым алған жағдайда көрсетілетін көмек» стандарты
Мақсаты: табиғи және техникалық электр тогымен зақымданған жағдайда көмек көрсету.
Көрсетімі: пациентке электр тогы мен найзағайдың тиюі.
Қорлары: резіңке қолғаптар, ағаш таяқша.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Электр тогының әсерін келесі тәсілдермен тоқтату қажет:
- ток өткізгішті токсыздандыру (айырғышты сөндіріңіз);
- резіңке қолғаппен ток өткізгішті алып тастаңыз;
- құрғақ ағаш таяқшамен зардап шегушіден сымды алып тастаңыз, киімінің шетінен ұстап шетке шығарыңыз;
2. Зардап шегушінің жағдайын бағалаңыз.
3. Клиникалық өлім белгілері болса А-В-С ережесі бойынша Сафар бойынша жан сақтаулық іс-шараларды өткізіңіз (стандартты қараңыз).
4. Күйген жерге (белгі) құрғақ асептикалық таңғыш қойыңыз.
5. Зардап шегушіні жан сақтау бөліміне жеткізіңіз.
VI. Травматология
60. «Қарынның ойық жарасында көрсетілетін шұғыл жәрдем» стандарты
Мақсаты: асқынуды болдырмау және пациентті стационардың хирургия бөліміне жеткізу.
Көрсетімі: қарынның жарақаттануы.
Қорлары: стерилді резіңке қолғаптар, таңғыш материалы, 70% этанол, бинт, 2% 1 мл промедол ерітіндісі, 500 мл полиглюкин.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Пациентті қарап шығыңыз. Пациентті тыныштандырыңыз.
2. Зардап шегушіні жатқызыңыз.
3. Жасалатын іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
4. Қолыңызды спиртпен сүртіңіз, резіңке қолғапты киіңіз.
5. Тері астынан ауру басатын 2 мл 2% промедол ерітіндісін салыңыз.
6. Жараның шеттерін 70% этанолмен сүртіңіз.
7. Жараға петли кишечника немесе сальника түскен жағдайда «тоқаш» тәріздес стерилді білікше қойыңыз.
8. Фуралиллинге батырылған стерилді майлық қойыңыз.
9. Жылжып кеткен органдарды таңу үшін бинтті таңғышты қолданыңыз.
10. Тамырдан 500мл полиглюкин және 1мл-2% промедол ерітіндісін салыңыз.
11. Пациентті арқасынан жатқызып, тізесі бүгілген күйінде хирургия бөліміне жіберіңіз.
Ескерту: егер жараға ішкі органдар түсіп кеткен болса, оларды түзетуге болмайды!
Зардап шегушіге сусын ішуге тиым салынады.
VI. Травматология
61. «Қарынның жабық зақымдануында көрсетілетін көмек» стандарты
Мақсаты: асқынуды болдырмау және пациентті стационардың хирургия бөліміне жеткізу.
Көрсетімі: қарынның зақымдануы.
Қорлары: майлық, мұзды қабық, полиглюкин.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Пациентті қарап шығыңыз. Пациентті тыныштандырыңыз.
2. Жасалатын іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
3. Зардап шегушіні шалқасынан жатқызып, тізесінің астына білікше қойыңыз.
4. Қарнына салфетка қойып, мұзды қабық қойыңыз.
5. Іштен қан кету немесе зақымдық есеңгіреу белгілері болса, тамырдан 500 мл полиглюкин және гемостатикалық препараттар салыңыз.
6. Қан қысымы мен тамыр соғуын қадағалаңыз.
7. Пациентті стационардың хирургия бөліміне жіберіңіз.
Ескерту: пациентке анальгетиктер салуға болмайды, өйткені ол ауру сипаттамасын өзгертуі мүмкін және зақымданған органдарға диагностика жасауды қиындатуы мүмкін.
VI. Травматология
62. «Бір құлаққа таңғыш қойған жағдайда медбике іс-әрекеттерінің алгоритмі» стандарты
Көрсетімі: ота жасаудан кейінгі кезең, ортаңғы құлақ ауруы.
Қорлары: ені 10-12 см бинт.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Пациентті өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тыныштандырыңыз, жасалатын іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
2. Ені 10-12 см бинтті алыңыз.
3. Сол көзді солдан оңға қарай, оң көзді – оңынан солға қарай бинттеу қажет.
4. Бинттің ұшын сол қолыңызға, бас жағын оң қолыңызға алыңыз.
5. Сол көзді солдан оңға қарай, оң көзді – оңынан солға қарай бинттеу қажет.
6. Басты айналдыра таңып шығыңыз.
7. Бинтті маңдайдан құлақтың жоғары жағына қарай түсіріңіз.
8. Бинтті маңдай мен желке арқылы таңып шығыңыз.
9. Бинттің ұшын екіге кесіп маңдайға түйіп қою қажет.
Ескерту: Құлақ жарасының тұсында бинттеудің әрбір айналымы желпуіш тәріздес төменге қарай жылжып, құлақты жаба отырып, мойынға дейін жетуі тиіс. Құлаққа жасалған әрбір айналымнан кейін басты айналдыра таңу қажет.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 2279 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
|