АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

V. Ауруды басу

30. «А.В. Вишневский бойынша шоғырланған көпқабатты анестезияны жүргізу техникасы» стандарты

 

Мақсаты: жергілікті бір жердің ауруын басу.

Көрсетімі: жараны алғашқы хирургиялық сүрту барысында, жараны тіккенде, іріңін шығарғанда, пункция жасағанда қолданылады.

Қорлары: анестетиктер - новокаин 0,25%-дан 500 мл дейін, новокаин 0,5%-дан 250 мл дейін, 5мл, 10 мл, 20 мл шприц; инъекциялық инелер; стерилді таңғыш материалдары; стерилді лоток; екі пинцет; 1% йодонат ерітіндісі; 70 % этил спиртінің ерітіндісі; резіңке қолғаптар; КБУ ыдысы.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Резіңке қолғапты киіңіз.

2. Стерилді дәке салфеткасымен оралған пинцетпен теріні алдымен йодонатпен – 2 рет, сонан кейін ортасынан шетіне қарай спиртпен сүртіңіз.

3. Шприцке новокаин ерітіндісін алыңыз.

4. Тері астынан инъенкциялық ине салыңыз.

5. «Лимонды қабық» пайда болғанша новокаинды баяу жіберіңіз.

6. Новокаинды инемен талшық қабаттарына біртіндеп (тері астына, қан тамыры арқылы) жіберу қажет.

7. Инені алғаннан кейін 3-5 минуттан кейін іс-әрекеттерді жасаңыз.

8. Қолданылған қолғаптарды, инелерді, шприцтерді, таңғыш материалдарын КБУ-ға салыңыз.

Ескерту: жергілікті бір жердің анестезиясынан кейін пациенттерге күтім жасау:

1. Пациентті іс-әрекеттердің жасалуына ыңғайлы етіп жатқызыңыз.

2. Егер пациент құсқысы келіп тұрса, жастықсыз жатқызыңыз.

3. Жанама жағдайлар байқалмаса, пациенттің бас жағына жастық қойыңыз.

4. Пациентті 2 сағат қадағалаңыз: АҚ өлшеңіз, қан тамырының соғуын тексеріңіз, таңғышын тексеріңіз.

 

 

VI. Травматология

31. «Гипс таңғыштарын қою ережелері» стандарты

 

Мақсаты: зақымданған жағдайларда (сынық, шығулар) көрсетілетін емдік иммобилизация.

Көрсетімі: қол-аяқтың механикалық зақымдануы.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Жұмыс істеу барысында маска, қолғап, қалпақ, алжапқыш сияқты қорғаныс киімдерін кию қажет.

2. Гипсті бинт, үсті металл немесе мрамордан жасалған жеке үстелдің үстінде дайындалады.

3. Гипсті таңғышты дайындау алдында гипстің сапасын тексеріп алыңыз.

4. Гипс тез қатаюы үшін, жылы суға салыңыз.

5. Гипсті судан көпіршіктері басылғанда ғана алыңыз.

6. Пациентті бинттелетін жері қолжетімді болатындай етіп, ыңғайлы жерге отырғызыңыз.

7. Қол-аяқты ыңғайлы етіп қою қажет (абайлап!)

8. Гипсті лонгеттің ұзындығын сау қол-аяққа салып өлшеп алыңыз.

9. Терінің таңғыш салынатын жеріне балалар жақпа майын жағыңыз.

10. Сүйек тұрған жерге мақта қойыңыз немесе сол жердің бәрін мақта-дәке таңғышымен бекітіңіз.

11. Таңғышты сәндегенде өте сақ болу керек.

12. Қан айналымын бақылап отыру үшін саусақтарды ашық қалдырыңыз.

13. Таңғышты бинтті таңғыштың түріне байланысты таңғышпен бекітіңіз.

14. Гипс толық қатайғанша аяқ-қолды қозғауға болмайды.

15. Таңғышты қойғаннан кейін, пациентті 2 сағат бақылау қажет, ал стационар жағдайында – 2 күн.

Ескерту: гипстің сапасын анықтау:

1. Бірдей мөлшерде гипс пен бөлме температурасындағы суды араластырады. Ботқа тәріздес масса 6-7 минутта суып, қатаюы тиіс; алынған гипс пластинкасы сынуы тиіс, үгітілмеуі керек.

2. Гипсті алақанға салып қатты қысыңыз: егер оның сапасы жақсы болса, алақанды ашқаннан кейін шашырауы тиіс; егер гипстің сапасы нашар болса, онда алақанда ашқанда ол түйіршіктеніп, саусақтың іздері қалады.

3. Гипсті сумен араластырғанда шіріген жұмыртқаның иісі шықпауы тиіс.

Егер гипстің сапасы нашар болса, онда оны келесі амал-тәсілдер арқылы жақсартуға болады:

1. Гипстің қатаюы нашар болса, ол ылғалданса, 120 С температурада қыздыруға болады.

2. Түйіршіктер пайда болған жағдайда, гипсті елегіштен немесе дәкеден өткізіңіз.

Сонан кейін сапасын тексеріңіз. Гипс өз қасиеттерін жоғалтпауы үшін, құрғақ жерде аузы жабық металл коробкілерде немесе жәшіктерде сақталуы тиіс.

VI. Травматология


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 3023 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)