IV. Десмургия. 22. «Иық буынына «Бидай тәріздес таңғышты» қою техникасы» стандарты
22. «Иық буынына «Бидай тәріздес таңғышты» қою техникасы» стандарты
Мақсаты: зақымданған қолды иммобилизациялау.
Көрсетімі: таңғыш материалдарын, гипстік лонгетті, таңғыш қалағын бекіту.
Қорлары: ені кең бинт, қайшы.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Иықтың жоғары жағының үштен бір бөлігін 1-2 рет айналдыра таңып бекітіңіз (1 айналым).
2. Бинтті арқаның жоғарғы жағына қарай жіберіңіз.
3. Кеудені айналдыра орап, қолтықтың астынан қарама-қарсы жағына жіберіңіз (2 айналым).
4. Бинтті кеуденің алдыңғы жағынан зақымданған иыққа қарай жіберіңіз (3 айналым).
5. Иықты айналдыра таңып, 1/3 немесе 2/3 жолдарды жаба отырып бинтті арқаның жоғары жағына қарай жіберіңіз.
6. 1 және 2 айналымдарды иық буыны толық жабылғанша қайталаңыз.
7. Бинтті иық буынының төменгі жағынан байлаңыз.
IV. Десмургия
23. «Сирақ-өкше буынына таңғыш қою техникасы» стандарты
Мақсаты: сирақ-өкше буынын иммобилизациялау.
Көрсетімі: буындардың созылуы және сирақ-өкше буынының шығуы.
Қорлары: бинт, қайшы.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Лодыжканы жоғары жағынан айналдыра таңып қойыңыз.
2. Бинтті табанның ішкі жағынан өткізіңіз.
3. Табанды айналдыра ораңыз.
4. Бинтті табанның ішкі жағынан қисайта жіберіңіз.
5. Сирақ-өкше буынын айналдыра ораңыз.
6. Сирақ-өкше буын толық жабылғанша бинттеуді қайталаңыз.
7. Бинтпен тобықты орап, байлаңыз.
Ескерту: Табанды бинттеу үшін саусақтарды қоса бинттеуге арналған таңғыш қолданылады.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 3262 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
|