Теріні тігу техникасы» стандарты
Мақсаты: жараның шеттерін біріктіру.
Көрсетімі: жара.
Қорлары: 1,5% спиртті йод ерітіндісі (балар үшін бриллиантты көк ерітіндісі); стерилді таңғыш материалы; клеол; №3 және №4 жібек; инеұстағыш, теріден жасалған кескіш инелер, хирургиялық пинцеттер, корнцанг, қайшы, стерилді лоток; КБУ ыдысы.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Гигиеналық деңгейде қолға деконтоминация жасаңыз.
2. Резіңке қолғапты киіңіз.
3. Жара шетіндегі теріні шет жағынан ортасына қарай, антисептиктердің біріне батырылған шарикпен сүртіңіз.
4. Вишневский бойынша жергілікті анестезия жасаңыз (стандартты қараңыз).
5. Ине ұстағышқа №3 және №4 жібек жібі бар теріден жасалған кескіш инені орнатыңыз:
- инеұстағышты оң қолыңызға алыңыз;
- иненің ұшы өзіңізге және жоғарыға қарайтындай етіп, құлағына жақындау жерден тігінен инеұстағышпен ұстаңыз;
- жібек жіпті қолыңызға алыңыз, бір ұшын ине ұстағыштың сабына бекітіңіз;
- келесі ұшын иненің құлағына салыңыз;
6. Жараның шетін, теріні және тері асты өзегін пинцетпен ұстаңыз.
7. Жара шетінен 3-4 мм ары инемен тесіңіз.
8. Жараның қарама-қарсы жағынан тесіңіз.
9. Инесі бар инеұстағышты алып тастаңыз, жібек жіп ұлпада қалуы тиіс.
9. Жібек жіптің ұштарын жараның шеттері бір біріне тиетіндей етіп тартыңыз және 3 рет түйіп байлаңыз.
10. Келесі жіптерді 1,5 см аралықта салыңыз (есте сақтаңыз, түйінді қатты тартуға болмайды!).
11. Жараның шеттерін пинцетпен тегістеңіз, түйіннен 1 – 1,5 см арыда жібек жіптің қалғанын кесіп тастаңыз.
12. Тігісті антисептикпен сүртіңіз және асептикалық таңғыш қойыңыз.
13. Пайдаланылған құралдарды, қолғаптарды және таңғыш материалдарын әртүрлі КБУ ыдысына салыңыз.
VI. Травматология
50. «Түйінді тігістерді шешу техникасы» стандарты
Мақсаты: түйінді тігістерді шешу.
Көрсетімі: жараның жазылу кезеңі.
Қорлары: йодонат, 70% спирт, (балалар үшін бриллиант көгінің ерітіндісі); стерилді таңғыш материалы, стерилді майлықтар; хирургиялық пинцеттер, анатомиялық пинцеттер, корнцанг, қайшы, стерилді лоток; КБУ ыдысы.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Гигиеналық деңгейде қолға деконтоминация жасаңыз.
2. Резіңке қолғапты киіңіз.
3. Науқасты жатқызыңыз, болатын іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
4. Таңғышты шешіңіз, жараны қарап шығыңыз.
5. Пинцетпен немесе қысқышпен таңғышты жарадан шешіп алыңыз.
6. Тері мен жіптерді 70% спиртпен, йодонатпен, немесе бриллиант көгімен сүртіңіз.
7. Захватите и подтяните анатомическим пинцетом шов за узел так, чтобы обнажился участок нити, имеющий белый цвет,
8. Осы жерден жіпті скальпельмен немесе қайшымен кесіңіз, оны пинцетпен алып тастаңыз.
9. Барлық жіптерді осылайша шешіп алыңыз.
10. Ота жасаудан қалған орынды йодонатпен сүртіңіз, оған асептикалық салфетка қойып, бекітіп қойыңыз.
12. Пайдаланылған құралдарды, қолғаптарды және таңғыш материалдарын әртүрлі КБУ ыдысына салыңыз.
Ескерту:
- жара бітелгеннен кейін 7-ші күні жіптер алынады;
- жіпті алу ережесі бұзылған жағдайда терең жараның асқынуы мүмкін.
VI. Травматология
51. «АВС жүйесі бойынша өкпе-жүрек жан сақтауын жасау техникасы» стандарты
Мақсаты: тыныс алу мен жүрек жұмысын қайта қалыпқа келтіру.
Көрсетімі: клиникалық өлім.
Қорлары: дәке майлықтар.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Тыныс алу белгісінің жоқтығына көз жеткізіңіз.
2. Естен танғанына көз жеткізіңіз (дауыстап шақырыңыз немесе науқасты баяу қозғаңыз).
3. Ұйқы артериясына қолыңызды қойып, тамыр соғуының жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Ескерту: соңғы екі іс-әрекет бірдей өткізілуі тиіс.
А- тыныс жолдарын қалыпқа келтіру. Сафардың үш тәсілін қолданыңыз:
1. Науқасты қатты жерге арқасынан жатқызыңыз.
2. Науқастың басын шалқайтыңыз.
3. Бір қолыңызбен науқастың мойнын артқы жағынан ұстаңыз, екінші қолыңызбен жоғарыдан төменге қарай маңдайынан басыңыз.
4. Омыртқаның мойын жағы зақымданған жағдайда, асқынып кетпеуі үшін, 3 пункт жасалмайды.
5. Жақтың төменгі жағын екі қолмен алға қарай тартыңыз немесе бір қолмен иектен тартыңыз.
6. Науқастың басын жанына қаратып, ауызын ашып қараңыз. Ұйып қалған қанды, шырышты, құсықты майлықпен сүртіңіз.
В- тыныс алуды қайта қалыпқа келтіру.
Егер тыныс алу жолдарын қайта қалыпқа келтіргеннен кейін, науқас тыныс алмаса, онда ӨЖД (өкпеге жасанды дем беру) жасалады:
1. Науқастың аузына аузыңызбен терең дем беріңіз; науқастың мұрнын жауып, аузынан дем шығарыңыз. Науқастың қолын мойнына және маңдайына қойыңыз.
С-жүрекке массаж жасау арқылы қан айналымын тоқтатпау.
1. Науқасты қатты жерге жатқызып, тізе тұсын уқалаңыз.
Салмақ кеуденің төменгі жағына, асқазан сүйегінен екі елі жоғары жерге түсуі тиіс.
2. Қолдарыңызды созып алақан жағымен науқастың кеудесінің төменгі жағына бір біріне айқастырып қойыңыз (саусақтар көтеріңкі болуы тиіс), кеудені 4-5 см дейін ішке кіретіндей етіп, үстінен қатты басып қалыңыз.
3. Қолдарыңызды бос ұстаңыз, бірақ науқастың кеудесінен алмаңыз.
Ескерту: жан сақтауны екі адам жасағанда, кеудені итеру мен дем берудің арасы 1:5, ал бір адам жасаса 2:30 болуы тиіс (ДДҰ стандарты бойынша).
Кеудені сығу жиілігі – 1 мин 80-100 рет, сығу ұзақтығы массаж циклының жартысына сәйкес келуі керек.
VI. Травматология
52. «Тыныс алу жолдарына бөгде нәрселер түскен жағдайда көрсетілетін көмек» стандарты
Мақсаты: бөгде нәрсені алып тастау.
Көрсетімі: тыныс алу жолдарында бөгде нәрсенің болуы.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.
2. Науқасты арт жағынан ұстап тұрып кеудені сығу тәсілін қолданыңыз (Геймлих әдісі):
- науқастың артқы жағына тұрып, белінен құшақтап, алға қарай сәл еңкейтіңіз;
- бір қолыңыздың жұдырығын науқастың кіндігінен сәл жоғарылау қойыңыз (эпигастрий аймағына);
- жұдырығыңызды екінші қолыңыздың алақанымен ұстап тұрып, науқастың ішінен жылдам және қатты басыңыз, қолыңыздың қимылы қырыққатпарға қарай бағытталуы тиіс (науқастың денесін көтеріп алуға бағытталғандай);
- осындай іс-әрекетті бес рет істеу керек;
- егер тыныс жолдары босамаса, онда «бес плюс бес» циклын қайталау қажет.
3. Науқасты зембілге отырғызып ЕСМ-ге жеткізу қажет.
4. Тыныс алу барысын қадағалаңыз.
Ескерту: Науқасты аяғынан ұстап басын төмен қаратыңыз немесе кеудесі көмек көрсетушінің жамбасында жататындай етіп, басын өз жамбасынан (креслоның арқасынан) төмен қаратыңыз, науқасты қатты жөтелдіріп, рефлекторлы дем шығару үшін арқасынан қолыңызбен басып тұрыңыз (балаларға жасалады).
Науқас есін жоғалтқан жағдайда:
1. Науқасты полға шалқасынан жатқызыңыз.
2. Тыныс алу жолдарын сүртіңіз. Егер тамағында бөгде зат көрініп тұрса, оны саусақпен алуға болады. Бірақ бөгде затты әрі қарай итеріп жіермеу үшін, өте сақ болу қажет (осы жағдай, әсіресе сәбилерге көмек көрсеткенде жиі кездеседі!).
3. Егер бөгде затты ала алмасаңыз, ал науқас есінен танып жатса, онда өкпе-жүрек жан сақтауын жасау қажет. Кеудеге қатты басқанда бөгде зат сыртқа шығуы мүмкін. Сондықтан науқастың аузын мерзімді түрде тексеріп отыру қажет.
VI. Травматология
53. «Кеуде жасушасының ойық жарасында (пневмоторакс) көрсетілетін шұғыл жәрдем» стандарты
Мақсаты: алғашқы медициналық көмек.
Көрсетімі: кеуде жасушасының ойық жарасы.
Қорлары: стерилді қолғаптар, антисептикалық ерітінді, 50% анальгин ерітіндісі, 2% промедол, антисептик ерітіндісі, ИІШ, жапсырма, мұзды қабық, тонометр және фонендоскоп; КБУ ыдысы.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.
2. Пациентті тыныштандырыңыз, жасалатын іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
3. Ауруды өзіңізге қаратып отырғызыңыз.
4. Қолыңызды спиртпен сүртіңіз, резіңке қолғапты киіңіз.
5. Жараны қарап шығыңыз.
6. Науқасқа тері астынан ауру басатын 50% анальгин ерітіндісін 2 мл, немесе 2% промедол 1 мл салыңыз.
7. Жараны антисептик ерітіндісімен сүртіңіз (жараны сүрту стандартын қараңыз).
8. Жараға окклюзионды таңғыш қойыңыз:
- жараға стерилді майлықпен тампонада жасалғаннан кейін;
- жара шетіндегі теріні майлы ерітіндімен сүртіңіз;
- жеке таңғыш пакетінен ЖТП резіңкелі матаны стерилді жағынан салыңыз;
- жапсырманы жапсырыңыз.
9. Жарақатқа мұзды қабық қойыңыз.
10. Қолғапты шешіп, КБУ ыдысына салыңыз.
11. Науқасты зембілге отырғызып, хирургия бөліміне жіберіңіз.
12. Науқастың АҚ, қанның соғуын, тыныс алуын қадағалаңыз.
Ескерту: науқас тыныс алған сайын ауа жара арқылы өкпе қабығына өткенде және дем шығарғанда зақымданған жара тесігінен ауаның өте алмауы салдарынан клапанды пневмоторакс пайда болады. Науқас тыныс алған сайын өкпеқапта ауа мөлшері арта түседі.
VI. Травматология
54. Стандарт «Бас сүйегі, ми зақымданғанда көрсетілетін шұғыл жәрдем»
Мақсаты: басы жарақаттанған науқасқа көмек көрсету.
Көрсетімі: жабық бас-ми жарақаттары (мидың шайқалуы, бас жарақаты және мидың мыжылуы); бас сүйегінің сынуы.
Қорлары: 50% анальгин 2 мл, 1% димедрол 1 мл, 40% глюкоза ерітіндісі 20 мл немесе 25% магний сульфатының ерітіндісі 10 мл тері асты, мұзды қабық, тонометр, фонендоскоп, жұмсақ білікше.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.
2. Пациентті тыныштандырыңыз, жасалатын іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
3. Науқасты зембілге басын жоғарылау етіп жатқызыңыз, жұмсақ «тоқаш» тәріздес етіп иммобилизациялаңыз.
4. Қолыңызды спиртпен сүртіңіз, резіңке қолғапты киіңіз.
5. Жараны қарап шығыңыз.
6. Жараны антисептик ерітіндісімен сүртіңіз (жараны сүрту стандартын қараңыз).
7. Тері астынан ауру басатын 50% анальгин ерітіндісін 2 мл, немесе 1% димедрол ерітіндісін I мл салыңыз.
8. Тамырдан 40% глюкоза ерітіндісін 20 мл немесе 25% магний сульфатының ерітіндісі 10 мл салыңыз (АҚ төмен болған жағдайда магний сульфатын салуға болмайды!).
9. Науқастың басына мұзды қабық қойыңыз.
10. Науқас есінен танған жағдайда тілінің салбырап кетпеуінің алдын алу қажет.
11. Ауру құсқан жағдайда, басын жанына қаратыңыз, аузын сүртіңіз, тілін майлықпен ұстап өзіңізге тартыңыз.
12. Науқастың АҚ мен қанның соғуын қадағалаңыз.
13. Хирургия бөліміне жіберіңіз.
VI. Травматология
55. ««Асқынған қарын» синдромында көрсетілетін шұғыл жәрдем» стандарты
Мақсаты: брюшная полость органдары жарақаттанғанда жәнеқабынған жағдайда асқынуды болдырмау.
Көрсетімі: «Асқынған қарын» түсінігіне соқыр ішек, холецистит, панкреатит, перитонит, ішектің бітелуі, тесілген асқазан және ішек жарасы, мезентериалды тамырлар тромбозы, қарын зақымдануы кіреді.
Қорлары: мұзды қабық, тонометр, фонендоскоп, стерилді қолғаптар.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.
2. Пациентті тыныштандырыңыз, жасалатын іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
3. Науқасты зембілге көлденеңінен жатқызып, тізесінің астына білікше қойыңыз.
4. Науқастың қарнына мұзды қабық қойыңыз.
5. Науқасты хирургия бөліміне жіберіңіз.
Ескерту: жылытқыштарды, клизманы, іш өткізетін дәрілерді қолдануға, асқазанды жууға, ауру басатын дәрілерді салуға болмайды. Ішуге болмайды!
VI. Травматология
56. «Ұзақ сығылу синдромында көрсетілетін шұғыл жәрдем» стандарты
Мақсаты: науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсету.
Көрсетімі: ұзақ сығылу синдромы(краш-синдром).
Қорлары: резіңке бұрау, 50% анальгин, 1% димедрол, эластикалық бинт, мұз салынған пакеттер, көлік таңғыш қалақтары, реополиглюкин, 2% промедол, 0,5% реланиум.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.
2. Пациентті тыныштандырыңыз, жасалатын іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
3. Қолыңызды спиртпен сүртіңіз, резіңке қолғапты киіңіз.
4. Жараны қарап шығыңыз.
5. Жараны антисептик ерітіндісімен сүртіңіз (жараны сүрту стандартын қараңыз).
6. Тері астынан 2 мл 5% анальгин, 1 мл 1% димедрол салыңыз.
7. Бұрауды сығылған жерге барынша жақын қойыңыз, алдымен аяқ-қолды сығып тұрған заттардан арылтыңыз.
8. Сығылған жерді саусақтан немесе табаннан бастап эластик бинтпен қатты таңып қойыңыз, бұрауды алыңыз.
9. Зақымданған жерге мұз салынған немесе салқын су құйылған пакеттерді қойыңыз.
10. Зақымданған жерді қозғамау үшін таңғыш қалақ қойыңыз.
11. Тамырдан тамшылатып 400 мл реополиглюкин салыңыз.
12. Науқасты хирургия бөліміне жіберіңіз.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 4145 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
|