Гипсті бинтті дайындау техникасы» стандарты
Мақсаты: гипс таңғышын немесе лонгет қою.
Қорлары: ені 10-20 см, ұзындығы 3-3,5 м аспайтын дайын бинттер; сапалы гипс; металл жәшік.
Көрсетімі: лонгетті таңғыш қою үшін, ортопедияда редрессация жасау үшін.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Гипске арналған үстелдің (үсті металл), немесе клеенкамен жабылған шетіне гипсті төгіңіз.
2. Бинттің бас жағы Сіздің оң жағыңызда болатындай етіп, 50-60 см дейін шешіңіз.
3. Гипстің сапасын тексергеннен кейін, шешілген бинтке салыңыз және қолыңызбен бинттің бетіндегі гипсті тегістеп шығыңыз.
4. Гипстелген бинтті өте бос етіп ораңыз, гипстің төгілмеуін қадағалаңыз.
5. Бинтті солға қарай ысырып, бас жағын қайтадан шешіп, сол ретпен бәрін қайталаңыз.
Ескерту: дайындалған бинтті сол уақытта қолданыңыз немесе құрғақ қараңғы жерде металл жәшіктерде сақтаңыз.
Лонгет жасау үшін гипстеу барысында бинтті әртүрлі ұзындықта орайды, сонан соң өте бос етіп екі басты бинт түрінде бүктейді. Лонгеттерді 50, 75, 100 см ұзындықта, әртүрлі қабатты етіп – 8-ден 15-ке дейін, кейде гипсті таңғыштың мықтылығына байланысты онан да көп қабатта дайындайды.
VI. Травматология
33. «Қол сүйектері сынған жағдайда гипсті лонгетті қою техникасы» стандарты
Мақсаты: аяқ-қол сынған жағдайда көрсетілетін емдік иммобилизация. Көрсетімі: сынықтар, шығулар, буындардың созылуы.
Қорлары: бинттер, қайшы, гипс, вазелин немесе балалар жақпа майы, қолғаптар, жылы суы бар ыдыстар.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз.
2. Жасалатын іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
3. Стерилденген қолғапты киіңіз.
4. Пациентке ауру басатын дәрі салыңыз - 2мл. 50% анальгин.
5. Жарақаттың орнын қарап шығыңыз. Сынғанына немесе шыққанына көз жеткізіңіз.
6. Аяқ-қолды орта физиологиялық жағдайға келтіріңіз.
7. Қол шынтағын бүгіп, кеудеге тақап қойыңыз.
8. Сол жақ қолдың саусақтарынан бастап иықтың ортасына дейін бинтпен лонгеттің ұзындығын өлшеңіз.
9. Өлшенген ұзындықтағы бинтті гипске арналған үстелдің үстіне қойып, гипс салып, жағып шығыңыз.
10. Оның үстіне тағы да сол ұзындықта бинт қойып, екінші ұшын конус тәріздес етіп кеңейтіп, гипс жағып шығыңыз.
11. Осылайша, біркелкі өлшенген ұзындықтағы бинттің 8-9 қабатына гипс жағып шығыңыз, оның ені қолдың 1/3 бөлігіне сәйкес болуы тиіс.
12. Зақымданған қол терісін жақпа маймен сүртіңіз, сүйектерді мақтамен жабыңыз немесе айналмалы мақта-дәке төсенішін қойыңыз.
13. Дайындалған лонгетті «кітап тәріздес» етіп бүктеңіз және ыдыстағы жылы суға салыңыз. Ауасы шыққанша күте тұрыңыз, сонан кейін сығып алыңыз.
14. Лонгетті гипске арналған үстелдің үстіне қойып, тегістеп алыңыз.
15. Лонгетті зақымданған қолға қойып, тайғанақ таңғышпен бинттеп қойыңыз.
16. Гипс суығаннан кейін тайғанақ таңғышты алып тастаңыз.
17. Лонгеттің қысып тұруының салдарынан қан айналымының бұзылуын болдырмау үшін, гипстік лонгеттің шеттерін босатып қойыңыз (домбығу кезеңінде).
18. Гипсті лонгетті шетінен ортасына қарай айналмалы таңғышпен бинттеңіз, лонгетті бинтпен мойынға іліп қойыңыз.
Ескерту:
- гипстеу алдында сапасын тексеріп алыңыз;
- қан айналымының бұзылуын (ауырсыну, көгеру, домбығу) бақылап тұру үшін, саусақтардың ұшын бинтпен жаппаңыз;
- қан айналымы бұзылуының белгілері байқалған жағдайда, пациентке тез дәрігерге қаралу керек екенін ескертіңіз және түсіндіріңіз;
- науқас тұратын жері бойынша үнемі оташының бақылауында болуы тиіс.
VI. Травматология
34. «Иық сүйегі сынған жағдайда гипстік лонгетті қою техникасы» стандарты
Мақсаты: қол-аяқ зақымданған жағдайда көрсетілетін емдік иммобилизация.
Көрсетімі: сынықтар, шығу, сіңірлердің созылуы.
Қорлары: бинттер, қайшы, гипс, вазелин немесе балалар жақпа майы, қолғаптар, жылы су құйылған ыдыс.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тыныштандырыңыз.
2. Жасалатын іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
3. Стерилді қолғапты киіңіз.
4. Ауру басатын дәрі салыңыз, 2 мл 50% анальгин.
5. Жарақатты қарап шығыңыз, сүйектің сынғанына немесе шыққанына көз жеткізіңіз.
6. Қол-аяқты ортафизиологиялық жағдайға келтіріңіз.
7. Қолдың шынтағын бүгіп, жоғарғы жағын денеге тақап қойыңыз.
8. Бинтпен сау саусақтың ұшынан бастап жауырынға дейін лонгеттің ұзындығын өлшеңіз.
9. Гипске арналған үстелдің үстіне өлшенген ұзындықтағы бинтті қойыңыз, үстіне гипс жағыңыз.
10. Бинтті бүктеңіз, екінші қабатын да сол ұзындықта алып, ұшын конус тәріздес етіп кеңейтіп, үстіне гипс жағыңыз.
11. Осылайша, сол тәртіппен 8-9 гипстелген қабатты дайындап алыңыз, оның ені қолдың 1/3 бөлігіне сәйкес болуы тиіс.
12. Зақымдалған қолдың терісін жақпа маймен сүртіңіз, сүйектерді мақтамен жабыңыз немесе айналмалы мақта-дәке төсенішімен бекітіңіз.
13. Дайындалған лонгетті «кітапша» тәріздес етіп бүктеңіз, оны жылы суы бар ыдысқа салыңыз. Ауасы шыққанша біраз уақыт күтіңіз, оны сығып алыңыз.
14. Гипске арналған үстел үстінде лонгетті тегістеп алыңыз.
15. Лонгетті зақымданған қолға салыңыз, тайғанақ таңғышпен бинттеңіз.
16.Гипс суығаннан кейін тайғанақ таңғышты алып тастаңыз.
17. Лонгеттің қысып тұруының салдарынан қан айналымының бұзылуын болдырмау үшін, гипстік лонгеттің шеттерін босатып қойыңыз (домбығу кезеңінде).
18. Гипсті лонгетті шетінен ортасына қарай бинттеңіз, иық буынын бидай тәріздес таңғышпен бинттеңіз.
19. Лонгетті бинтпен мойынға асып қойыңыз.
Ескерту:
- гипстеу алдында сапасын тексеріп алыңыз;
- қан айналымының бұзылуын (ауырсыну, көгеру, домбығу) бақылап тұру үшін, саусақтардың ұшын бинтпен жаппаңыз;
- қан айналымы бұзылуының белгілері байқалған жағдайда, пациентке тез дәрігерге қаралу керек екенін ескертіңіз және түсіндіріңіз;
- науқас тұратын жері бойынша үнемі оташының бақылауында болуы тиіс.
VI. Травматология
35. «Сирақ сүйегі сынған жағдайда гипсті лонгетті қою техникасы» стандарты
Мақсаты: қол-аяқ зақымданған жағдайда көрсетілетін емдік иммобилизация.
Көрсетімі: сынықтар, шығу, сіңірлердің созылуы.
Қорлары: бинттер, қайшы, гипс, вазелин немесе балалар жақпа майы, қолғаптар, жылы су құйылған ыдыс.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тыныштандырыңыз.
2. Жасалатын іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
3. Стерилді қолғапты киіңіз.
4. Ауру басатын дәрі салыңыз, 2 мл 50% анальгин.
5. Жарақатты қарап шығыңыз.
6. Сүйектің сынғанына немесе шыққанына көз жеткізіңіз.
7. Аяқты физиологиялық жағдайға келтіріңіз, аяқ созылыңқы және тізе буыны сәл бүгілген болуы тиіс.
8. Бинтпен сау саусақтың ұшынан бастап жамбасқа дейін лонгеттің ұзындығын өлшеңіз.
9. Гипске арналған үстелдің үстіне өлшенген ұзындықтағы бинтті қойыңыз, үстіне гипс жағыңыз.
10. Бинтті бүктеңіз, екінші қабатын да сол ұзындықта алып, ұшын конус тәріздес етіп кеңейтіп, үстіне гипс жағыңыз.
11. Осылайша, сол тәртіппен 10-12 гипстелген қабатты дайындап алыңыз, оның ені аяқтың 1/3 бөлігіне сәйкес болуы тиіс.
12. Зақымдалған теріні жақпа маймен сүртіңіз, сүйектерді мақтамен жабыңыз немесе айналмалы мақта-дәке төсенішімен бекітіңіз.
13. Дайындалған лонгетті «кітапша» тәріздес етіп бүктеңіз, оны жылы суы бар ыдысқа салыңыз. Ауасы шыққанша біраз уақыт күтіңіз, оны сығып алыңыз.
14. Гипске арналған үстел үстінде лонгетті тегістеп алыңыз.
15. Лонгетті зақымданған жерге салыңыз, тайғанақ таңғышпен бинттеңіз.
16. Тексеріңіз, гипс суығаннан кейін тайғанақ таңғышты алып тастаңыз.
17. Лонгеттің қысып тұруының салдарынан қан айналымының бұзылуын болдырмау үшін, гипстік лонгеттің шеттерін босатып қойыңыз (домбығу кезеңінде).
18. Гипсті лонгетті шетінен ортасына қарай айналмалы таңғышпен бинттеңіз.
Ескерту:
- гипстеу алдында сапасын тексеріп алыңыз;
- қан айналымының бұзылуын (ауырсыну, көгеру, домбығу) бақылап тұру үшін, саусақтардың ұшын бинтпен жаппаңыз;
- қан айналымы бұзылуының белгілері байқалған жағдайда, пациентке тез дәрігерге қаралу керек екенін ескертіңіз және түсіндіріңіз;
- науқас тұратын жері бойынша үнемі оташының бақылауында болуы тиіс.
VI. Травматология
36. «Жамбас сүйегі сынған жағдайда гипсті лонгетті қою техникасы» стандарты
Мақсаты: қол-аяқ зақымданған жағдайда көрсетілетін емдік иммобилизация.
Көрсетімі: сынықтар, шығу, сіңірлердің созылуы.
Қорлары: бинттер, қайшы, гипс, вазелин немесе балалар жақпа майы, қолғаптар, жылы су құйылған ыдыс.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тыныштандырыңыз.
2. Жасалатын іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
3. Стерилді қолғапты киіңіз.
4. Ауру басатын дәрі салыңыз, 2 мл 50% анальгин.
5. Жарақатты қарап шығыңыз, сүйектің сынғанына немесе шыққанына көз жеткізіңіз.
6. Аяқты физиологиялық жағдайға келтіріңіз, аяқ созылыңқы және тізе буыны сәл бүгілген болуы тиіс.
7. Сау саусақтың ұшынан бастап белге дейін бинтпен лонгеттің ұзындығын өлшеңіз, гипске арналған үстелдің үстіне өлшенген ұзындықтағы бинтті қойыңыз, үстіне гипс жағыңыз.
8. Бинтті бүктеңіз, екінші қабатын да сол ұзындықта алып, ұшын конус тәріздес етіп кеңейтіп, үстіне гипс жағыңыз.
9. Осылайша, сол тәртіппен 10-12 гипстелген қабатты дайындап алыңыз, оның ені аяқтың 1/3 бөлігіне сәйкес болуы тиіс.
10. Зақымдалған теріні жақпа маймен сүртіңіз, сүйектерді мақтамен жабыңыз немесе айналмалы мақта-дәке төсенішімен бекітіңіз.
11. Дайындалған лонгетті «кітапша» тәріздес етіп бүктеңіз, оны жылы суы бар ыдысқа салыңыз. Ауасы шыққанша біраз уақыт күтіңіз, сонан соң сығып алыңыз.
12. Гипске арналған үстел үстінде лонгетті тегістеп алыңыз.
13. Лонгетті зақымданған жерге салыңыз, тайғанақ таңғышпен бинттеңіз.
14. Гипсті тексеріңіз, суығаннан кейін тайғанақ таңғышты алып тастаңыз.
15. Лонгеттің қысып тұруының салдарынан қан айналымының бұзылуын болдырмау үшін, гипстік лонгеттің шеттерін босатып қойыңыз.
16. Гипсті лонгетті шетінен ортасына қарай айналмалы таңғышпен бинттеңіз, жамбас буынын бидай тәріздес таңғышпен бинттеңіз.
Ескерту:
- қаңқа тартқыш алынғаннан кейін жамбасқа гипс қойылады;
- гипстеу алдында сапасын тексеріп алыңыз;
- қан айналымының бұзылуын (ауырсыну, көгеру, домбығу) бақылап тұру үшін, саусақтардың ұшын бинтпен жаппаңыз;
- қан айналымы бұзылуының белгілері байқалған жағдайда, пациентке тез дәрігерге қаралу керек екенін ескертіңіз және түсіндіріңіз;
- науқас тұратын жері бойынша үнемі оташының бақылауында болуы тиіс.
VI. Травматология
37. «Гипсті таңғышты шешу техникасы» стандарты
Мақсаты: гипсті таңғышты шешу.
Көрсетімі: иммобилизация мерзімінің өтіп кетуі.
Қорлары гипсті шешуге арналған Штилле қайшысы; Вольф қысқыштары; Кнорр кеңейтушілері; гипсті таңғышты шешуге арналған қайшы; тігін қайшысы; гипске арналған пышақтар; гипске арналған аралар.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тыныштандырыңыз.
2. Жасалатын іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
3. Гипсті таңғыш қойылған жерді - аяқты арнайы тіреуішке қойыңыз, қолды үстелдің үстіне қойыңыз
4. Гипске арналған қайшылардың, аралардың көмегімен гипсті таңғышты шешіңіз. Штилле қайшысын қолданғанда:
- гипстің астына шпатель салып, сонан кейін қайшымен гипсті мұқият кесе бастайды;
- бір қолыңызбен пациеттің қолының жоғарғы жағын көтеріңіз, сонда кесілген гипс босайды;
- екінші қолыңызбен кесілген жерді итеріңіз;
- екі қолыңызбен кесілген гипсті таңғышты шешіп алыңыз.
Ескерту: Гипсті таңғышты кескен кезде,науқастың денесін кесіп алмау үшін, келесі сақтық шараларын қатаң ұстану қажет:
1. Таңғышты ұзынынан кескеннен кейін, кесілген жерді барынша екі жаққа қарай ажырату қажет.
2. Қолды немесе аяқты орта жағынан ұстап отырып, таңғышты баяу шешіп алыңыз.
3. Гипсті таңғышты шешіп алғаннан кейін, теріні жылы сумен сабындап, жұмсақ ескі нәрсемен жуып алыңыз.
4. Теріні жеке сүлгімен қатты ысқыламай сүртіп алыңыз.
5. Теріге вазелин майын жағыңыз.
Ескерту: Тобық-табан және шынтақ буындарындағы шешіліу қиын гипсті таңғыштарды гипертониялық ерітіндімен жібітіп алыңыз.
VI. Травматология
38. «Көлік таңғыш қалағын қою ережелері» стандарты
Мақсаты: ЕСМ жеткізу кезінде зақымданған жерді иммобилизациялау.
Көрсетімі: қол-аяқтың зақымдануы.
Іс-әрекеттер:
1. Таңғыш қалақ міндетті түрде екі, кейде үш буынның қосылған жерлерін қамту керек.
2. Иммобилизациялау барысында зақымданған жерді физиологиялық жағдайға келтіріңіз.
3. Көлік таңғыш қалағын қою барысында киім мен аяқ киімді шешудің қажеті жоқ.
4. Ашық жараларға стерилді таңғыш салыңыз.
5. Қатты таңғыш қалағын жалаңаш денеге салуға болмайды, оның астына жұмсақ төсеніш (дәке, сүлгі т.с.с.) салынуы тиіс.
6. Науқасты зембілге салғанда немесе түсіргенде, көмекші зақымданған жерді ұстап тұруы тиіс.
7. Таңғыш қалақ сау аяққа немесе қолға өлшеніп алынады. Ескерту: Шыққан жерді өзіңіздің салуыңызға болмайды, ашық сынықтарды жөндеп қоюға болмайды. Дұрыс орындалмаған иммобилизация жүйке-тамыр жүйесінің зақымдануына алып келуі және зақымды ауырлатуы мүмкін. Қан тоқтатушы бұрауды материалмен жабуға болмайды. Күн суық уақытта таңғыш қалақ қойылған жерді жылыту қажет. Коматозды жағдай есеңгіреуге қарсы іс-шараларды өткізуге кедергі болмайды.
VI. Травматология
39. «Иық сынған жағдайда Крамер таңғыш қалағын қою техникасы» стандарты
Мақсаты: иық сынған жағдайда көлік иммобилизация.
Көрсетімі: сынық, иықтың шығуы.
Қорлары: Крамердің сатылы таңғыш қалағы, бинт, мақта, ауру басушы заттар, шприц, қайшы, 2мл 50% анальгин, 2 мл 1% димедрол, стерилді қолғаптар.
Ескерту: Есіңізде болсын! Таңғыш қалақты қою үш кезеңде өтеді.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тыныштандырыңыз.
2. Жасалынатын іс-әрекеттерді түсіндіріңіз.
3. Қолыңызды спиртпен сүртіңіз, стерилді қолғапты киіңіз.
4. 2мл 50% анальгин, 2 мл 1% димедрол ауру басатын дәрілік заттарын дайындаңыз.
5. Жарақатты қараңыз.
6. Сынықтың немесе шығудың бар екеніне көз жеткізіңіз.
7. Жарақаттанған қолды орташа физиологиялық жағдайға келтіріңіз.
8. Қолды шынтақ буынынан бүгіп, жоғарғы жағын денеге тақап қойыңыз.
9. Ұзындығы 120 см, ені 11 см Крамердің сатылы таңғыш қалағын таңдап алыңыз.
10. Таңғыш қалақты сау қолға қойып, саусақтың ұшынан шынтақ буынына дейін өлшеп алыңыз.
11. Таңғыш қалақты алыңыз, болжалды шынтақ буынынан бүгіңіз.
12. Таңғыш қалақты сау қолға қойып, шынтақ буынынан иық буынына дейін өлшеп алыңыз.
13. Таңғыш қалақты алыңыз, болжалды буыннан бүгіңіз.
14. Таңғыш қалақты аяқ жағы сау жауырын арқылы өтетіндей етіп қойыңыз.
15. Таңғыш қалақты сау қолға қойып өлшеп алыңыз.
16. Таңғыш қалақты зақымданған қолға қойыңыз.
17. Оны бинттеу ережесін сақтай отырып, сау жауырынға дейін бинттеп шығыңыз.
18. Қолдың мықты болуы үшін, орамал тәріздес таңғышты қойыңыз. Ескерту:
- таңғыш қалақ сау қолға, киімнің үстіне, аралық буындармен қоса қойылады;
- иыққа және жамбас сүйегіне таңғыш қалақ қойылғанда 3 аралық буын, білекке және сираққа қойылғанда 2 аралық буын қамтылады;
- таңғыш қалақтың ішкі жағына мақта қойылып, бинтпен таңып қойылады.
VI. Травматология
40. «Білекке Крамер таңғыш қалағын қою техникасы» стандарты
Мақсаты: көлік иммобилизациясы.
Көрсетімі: білек сүйектерінің сынуы.
Қорлары: Крамер сатылы таңғыш қалағы; 2 бинт; мақта; орамал; шприц, қайшы, 2мл 50% анальгин, 2 мл 1% димедрол, стерилді қолғаптар; КБУ ыдысы.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тыныштандырыңыз.
2. Жасалынатын іс-әрекеттерді түсіндіріңіз.
3. Қолыңызды спиртпен сүртіңіз, стерилді қолғапты киіңіз.
4. 2 мл 50% анальгин, 2 мл 1% димедрол ауру басатын дәрілік заттарын дайындаңыз.
5. Жарақатты қараңыз.
6. Сынықтың немесе шығудың бар екеніне көз жеткізіңіз.
7. Жарақаттанған қолды орташа физиологиялық жағдайға келтіріңіз.
8. Қолды шынтақ буынынан бүгіп, жоғарғы жағын денеге тақап қойыңыз.
9. Ұзындығы 80 см, ені 8 см Крамердің сатылы таңғыш қалағын алыңыз.
10. Таңғыш қалақты сау қолға қойып, саусақтың ұшынан шынтақ буынына дейін өлшеп алыңыз.
11. Таңғыш қалақты болжалды буыннан бүгіп алыңыз (90°).
12. Таңғыш қалақты сау қолдың білегі мен саусақтарына қойыңыз (таңғыш қалақтың дайындығын тексеріп алыңыз).
13. Таңғыш қалақты саусақтың ұшынан иықтың үштен бір бөлігіне дейін сырт жағынан қойыңыз.
14. Таңғыш қалақты саусақтың ұшынан иық буынына дейін айналдыра бинттеп шығыңыз.
15. Қолдың таңғыш қалағы мықты болуы үшін, орамал тәріздес таңғышпен бекітіңіз.
16. Қолғабыңызды шешіп, КБУ ыдысына салыңыз.
Ескерту:
- таңғыш қалақты салу барысында келесі 2 буынды қамту қажет: сынықтан жоғары тұрған буынды және сынықтан төмен тұрған буынды;
- саусақ сынған жағдайда дөңгелек білікшеге немесе қолда бар дөңгелек затқа қолды пронация жағдайына келтіріп қойыңыз, саусаққа мақтадан немесе дәкеден, немесе бинттен жасалған білікше қойыңыз;
- қолды білікшеге бинттеп қойыңыз, орамалмен асып қойыңыз;
- таңғыш қалақтың екі жағына да мақта салып, бинттеп қойыңыз.
VI. Травматология
41. «Сираққа Крамер таңғыш қалағын қою техникасы» стандарты
Мақсаты: 3 таңғыш қалақшаның көмегіменкөлік иммобилизациясын өткізу. Көрсетімі: сирақтың сынуы,тізе буынының шығуы.
Қорлары: 3 Крамердің сатылы таңғыш қалағы; мақта; 2 бинт; шприц, қайшы, 2 мл 50% анальгин, 2 мл 1 % димедрол, стерилді қолғаптар; КБУ ыдысы.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тыныштандырыңыз.
2. Жасалынатын іс-әрекеттерді түсіндіріңіз.
3. Қолыңызды спиртпен сүртіңіз, стерилді қолғапты киіңіз.
4. 2 мл 50% анальгин, 2 мл 1% димедрол ауру басатын дәрілік заттарын дайындаңыз.
5. Жарақатты қараңыз.
6. Сынықтың немесе шығудың бар екеніне көз жеткізіңіз.
7. Жарақаттанған қолды орташа физиологиялық жағдайға келтіріңіз.
8. Крамердің сатылы таңғыш қалағын таңдап алыңыз: біріншісі – ұзындығы 120 см, ені 11см, екіншісі – ұзындығы 80 см, ені 8 см екі таңғыш.
9. Таңғыш қалақтың ұш жағын (120х11) науқастың сау аяғының табанына салып, саусақтарының ұшынан өкшесіне дейін өлшеп шығыңыз.
10. Өкше тұсынан бүгіңіз (90°).
11. Дайын болған таңғыш қалаққа аяқты салыңыз:
- таңғыш қалақтың біріншісі табан арқылы, сирақтың артқы жағынан жамбастың үштен бір бөлігіне дейін өтуі тиіс (табан саусақтары сираққа қарай тартылып тұруы тиіс);
- екінші таңғыш қалақ сирақтың сырт жағынан табанның шетінен жамбастың үштен бір бөлігіне дейін өтуі тиіс;
- үшінші таңғыш қалақ сирақтың ішкі жағымен табанның ішкі шетінен жамбастың үштен бір бөлігіне дейін өтуі тиіс.
12. Бинтті айналдыра отырып таңғыш қалақты бекітіңіз.
13. Қолғапты шешіңіз, КБУ ыдысына салыңыз.
Ескерту: - таңғыш қалақты қою барысында 2 буынды таңып қою қажет: сынықтың жоғары жағындағы буынды және сынықтың төменгі жағындағы буындарды (тізе буыны және табан буыны);
- сирақтың жоғарғы жағы сынған жағдайда және тізі буыны жарақаттанғанда, таңғыш қалақтың ұшы жамбасқа дейін жетуі тиіс;
- үш таңғыш қалақ болмаған жағдайда аяқтың екі шетіне екі таңғыш қалақ (оның біреуі өқше тұсында бүгілуі тиіс) немесе аяқтың артқы жағына бір таңғыш қалақ қойылады;
- табан сүйегі сынған жағдайда таңғыш қалақ саусақтардың ұшынан сирақтың ортасына дейін қойылады;
- таңғыш қалақтың екі жағына мақта қойыңыз және мақтаны таңғыш қалаққа бинттеп қойыңыз.
VI. Травматология
42. «Дитерихс таңғыш қалағын қою техникасы» стандарты
Мақсаты: жамбас сүйегі сынғанда көлік иммобилизациясын өткізу.
Көрсетімі: жамбастың сынуы.
Қорлары: жұмсақ төсеніштер, бинттер, мақта; Дитерихс таңғыш қалағы, Крамер таңғыш қалағы, шприц, қайшы, 2 мл 50% анальгин, 2 мл 1% димедрол, стерилді қолғаптар; КБУ ыдысы.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тыныштандырыңыз.
2. Жасалынатын іс-әрекеттерді түсіндіріңіз.
3. Қолыңызды спиртпен сүртіңіз, стерилді қолғапты киіңіз.
4. 2 мл 50% анальгин, 2 мл 1% димедрол ауру басатын дәрілік заттарын дайындаңыз.
5. Жарақатты қараңыз.
6. Сынықтың немесе шығудың бар екеніне көз жеткізіңіз.
7. Жарақаттанған қолды орташа физиологиялық жағдайға келтіріңіз.
8. Ұзындығы 120 см, ені 11 см Крамер таңғыш қалағын алыңыз.
9. Таңғыш қалақтың ұшын (120x11) пациенттің сау аяғына қойыңыз, саусақтан өкшеге қарай.
10. Таңғыш қалақты өкшенің тұсында бүгіңіз (90°).
11. Таңғыш қалақты аяқтың артқы жағынан белге дейін қойыңыз.
12. Таңғыш қалақтың табан жағын өқшеге 8-тәріздес таңғышпен бинттеңіз (аяқ киімді шешпеңіз!).
13. Таңғыш қалақтың сыртқы жағын тізенің астынан бастап өкшеден 8-10 см шығып тұратындай етіп бекітіңіз.
14. Оны таңғыш қалақтың өкше жағындағы металл құлақшасына салып қойыңыз.
15. Таңғыш қалақтың ішкі жағын аяқтың ішкі жағымен от промежности өкшеге дейін – 8-10 см қойыңыз.
16. Оны табан жақтағы ішкі металл құлақшасынан өткізіңіз.
17. Таңғыш қалақ батпау үшін және некрозды болдырмау мақсатында сүйек тұстарына (тобық, тізе, үлкен ұршыққа және жамбас сүйегінің жалпақ басына) мақтадан жасалған төсеніш салыңыз.
18. Таңғыш қалақ сирақ, жамбас, қарын, кеуде тұстарына айналмалы бинтпен бекітілуі тиіс.
19. Оны бұрауыштың көмегімен тартыңыз, таңғыш қалақтың сырт жағына салып қойыңыз.
20. Қолғапты шешіп, КБУ-ға салыңыз.
VI. Травматология
43. «Медициналық пневматикалық таңғыш қалақты (МПТ) қою техникасы» стандарты
Мақсаты: қол-аяқ сынғанда көлік иммобилизациясын өткізу.
Көрсетімі: қол-аяқтың сынуы.
Қорлары: таңғыш қалақ пакеті.
Ескерту: Таңғыш қалақ мөлдір пластмасса пленкадан жасалған және келесі элементтерден тұрады: ауа өткізбейтін екі қабатты пленка, молния-сырмақ, камераға ауа жіберуге арналған түтікшесі бар клапанды құрылым; МПТ 3 көлемді пакеттерде шығарылады:
1- Саусақтар мен білекке арналған;
2- Табан мен сираққа арналған;
3- Тізеге және жамбасқа арналған.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тыныштандырыңыз.
2. Жасалынатын іс-әрекеттерді түсіндіріңіз.
3. Қолыңызды спиртпен сүртіңіз, стерилді қолғапты киіңіз.
4. Науқасқа 2 мл 50% анальгин, 2 мл 1% димедрол ауру басатын дәрілік заттарын салыңыз.
5. Жарақатты қарап шығыңыз, сынықтың немесе шығудың бар екеніне көз жеткізіңіз.
6. Жарақаттанған қолды орташа физиологиялық жағдайға келтіріңіз.
7. Таңғыш қалақты пакеттен алыңыз.
8. Молния-сырмақты шешіңіз.
9. Таңғыш қалақты жазыңыз, аса сақтықпен зақымданған жерге қойыңыз.
10. Молния-сырмақты жабыңыз.
11. Ауа өткізуші құрылым қақпағының түтікшесін сағат тіліне қарама-қарсы бағытқа бұрап ашыңыз.
12. Таңғыш қалақты қатайғанша сорғышпен (немесе педальді сорғышпен) үрлеңіз.
13. Қақпақ түтікшесін сағат тілінің бағытымен бұрап жабыңыз.
Ескерту:
- камерада 40-45 мм.рт.ст.қысымы болған жағдайда, таңғыш қалақ көлік иммобилизациясына қажетті қаттылыққа ие болады;
- таңғыш қалақ зақымданған жердің қан айналымына кері әсер тигізбейді;
- таңғыш қалақ жылдам қойылуымен, рентген сәулесін жақсы өткізетін қасиеттерімен ерекшеленеді.
VI. Травматология
44. «Алғашқы медициналық жәрдем көрсету барысында жараны сүрту техникасы» стандарты
Мақсаты: жараның микробтануын кеміту.
Көрсетімі: жара.
Қорлары: 2 пинцет, стерилді материалы бар бикс, стерилді таңғыш материалы, антисептиктер ерітіндісі, стерилді қолғаптар, 2 мл 50% анальгин, 2 мл 1% димедрол, 1% йодонат, немесе 70 % спирт; КБУ ыдысы.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тыныштандырыңыз.
2. Жасалынатын іс-әрекеттерді түсіндіріңіз.
3. Қолыңызды спиртпен сүртіңіз, стерилді қолғапты киіңіз.
4. Жараны қарап шығыңыз.
5. Науқасқа 2мл 50% анальгин, 2 мл 1% димедрол ауру басатын дәрілік заттарын салыңыз.
6. Стерилді шарикпен немесе майлықпен пинцет арқылы жара шетіндегі теріні 1% йодонат ерітіндісімен немесе 70 % спиртпен 2 рет тазалап шығыңыз.
7. Пинцетпен жараға стерилді майлық қойыңыз.
8. Белгілі әдістердің бірімен таңғыш материалын бекітіңіз.
9. Қолғапты шешіп, КБУ ыдысына салыңыз.
10. Стационарға жатқызыңыз.
Ескерту:
- жарадағы қан кетуді тоқтату – стандартты қараңыз;
- емханада немесе стационардың хирургия бөлімінің қабылдауында сіреспенің және газды іріңді жараның алдын алу іс-шаралары жүргізіледі;
- жан-жануарлар тістегеннен пайда болған жараларға шұғыл түрде құтыруға қарсы іс-шаралар жасалуы тиіс және есепке тұру қажет.
VI. Травматология
45. «Таңу техникасы» стандарты
Мақсаты: таңғышты ауыстыру, жараның микробтануын кеміту, жараны микроб түсуден қорғау.
Көрсетімі: жара.
Қорлары:
1.1,3% сутегі тотығы ерітіндісі (немесе фурациллина ерітіндісі, немесе 0,5% перманганат калии ерітіндісі);
2. 0,5% нашатыр спиртінің ерітіндісі, 1% йодонат ерітіндісі (немесе йодопирон, 1% бриллиант көгінің ерітіндісі), 70 % спирт, 10% натрий хлоридінің ерітіндісі;
3. Пинцет, стерилді мақта шариктері, стерилді білтелер, майлықтар, жапсырма, бинт; КБУ ыдысы.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Гигиеналық деңгейде қолға деконтоминация жасаңыз.
2. Резіңке қолғапты киіңіз.
3. Жараның бір шетінен екінші шетіне қарай пинцетпен ескі таңғышты алып тастаңыз.
4. 3% сутегі тотығын (немесе фурациллин ерітіндісін, немесе 0,5% перманганат калий ерітіндісін) пайдалана отырып, жабысып қалған таңғышты алып тастаңыз.
5. Жараны және оның шетіндегі теріні қарап шығыңыз.
6. Жараның шетіндегі теріні шетінен ортасына қарай, алдымен құрғақ шарикпен, сонан соң 0,5% нашатыр спиртіне батырылған шарикпен сүртіңіз.
7. Жара шетіндегі теріні келесі антисептиктердің бірімен сүртіңіз - 1% йодонатпен (йодопиронмен, 1% бриллиант көгінің ерітіндісімен), сонан кейін спиртпен.
Ескерту: Құралдың жараға тиетін ұшына қол тигізбеңіз.
8. Жараны 3% сутегі тотығынің ерітіндісімен жуыңыз, егер жарада ірің болса, қысқышқа салынған шарикті қолданыңыз.
9. Жараны құрғатыңыз, жараға 10% натрий хлориді ерітіндісіне батырылған білте немесе тампон қойыңыз.
10. Стерилді майлықты, қажет болған жағдайда мақтаны қолдана отырып, жараға жаңа таңғышты қойыңыз.
11. Клеол, жапсырма, түтікше тәріздес сеткалы бинтті немесе бинтті қолдана отырып таңғышты бекітіңіз.
12. Қолғабыңызды шешіп, КБУ ыдысына салыңыз.
VI. Травматология
46. «Ота жасаудан кейінгі таза жараны таңу техникасы» стандарты
Мақсаты: жара ревизиясы және асептикалық таңғыш қою.
Көрсетімі: ота жасаудан кейінгі жара.
Қорлары: стерилді лоток; стерилді резіңке қолғаптар; стерилді таңғыш материалдары; пинцеттер; 1% йодонат ерітіндісі; КБУ ыдысы.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Гигиеналық деңгейде қолға деконтоминация жасаңыз.
2. Резіңке қолғапты киіңіз.
3. Жарадағы лас майлықты пинцетпен алып тастаңыз.
4. Тігістің айналасына пальпация жасаңыз.
5. Йодонат ерітіндісі құйылған майлықпен жараны пинцеттің көмегімен тазалап шығыңыз.
6. Стерилді пинцетпен жараға құрғақ майлық қойыңыз.
7. Клеолмен, жапсырмамен, труба тәріздес сеткалы бинтпен немесе бинтпен таңғышты бекітіңіз.
8. Пайдаланылған құралдарды, қолғаптарды және таңғыш материалдарын әртүрлі КБУ ыдысына салыңыз.
VI. Травматология
47. «Іріңді жараны таңу техникасы» стандарты
Мақсаты: жара антисептикасын сақтау.
Көрсетімі: іріңді жара.
Қорлары: стерилді лоток; резіңке қолғаптар; таңғыш материалдары; пинцеттер; зонд; антисептик ерітіндісі; жара кеңейткіштері; 3% сутегі тотығы; 1% йодонат ерітіндісі; КБУ ыдысы.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Гигиеналық деңгейде қолға деконтоминация жасаңыз.
2. Резіңке қолғапты киіңіз.
3. Жарадағы лас майлықты пинцетпен алып тастаңыз.
4. Пинцетпен жарадағы жалпақ резіңке дренажды алып тастаңыз.
5. Жараның шетін 3% сутегі тотығы құйылған майлықпен пинцет арқылы тазалап шығыңыз.
6. Жараның шеттерін майлықпен пинцет арқылы құрғатып шығыңыз.
7. Жараның шеттерін 1% йодонат ерітіндісі құйылған майлықпен пинцет арқылы тазалап шығыңыз.
8. Жаракеңейткіш немесе зонд арқылы жараны қарап шығыңыз.
9. Шприц пен өтпейтін ине арқылы жараны 3% сутегі тотығымен жуып шығыңыз.
10. Жараны майлықпен пинцет арқылы құрғатыңыз.
11. Пайдаланылған құралдарды лас құралдарға арналған лотокқа тастаңыз.
12. Жара шетіндегі теріні 1% йодонат ерітіндісі құйылған майлықпен пинцеттің көмегімен сүртіңіз.
13. Пинцет және зонд арқылы жараға жалпақ резіңке дренаж салыңыз.
14. Жараға антисептикалық ерітінді құйылған майлықты қойыңыз.
15. Клеолмен, жапсырмамен, труба тәріздес сеткалы бинтпен немесе бинтпен таңғышты бекітіңіз.
16. Пайдаланылған құралдарды, қолғаптарды және таңғыш материалдарын әртүрлі КБУ ыдысына салыңыз.
VI. Травматология
48. «Сіреспенің өзіне тән алдын-алу іс-шараларын өткізу» стандарты
Мақсаты: сіреспенің өзіне тән жедел алдын-алу іс-шараларын өткізу.
Көрсетімі: жаралар, 2-3 дәрежелі күйіктер, үсік шалу және басқалар.
Қорлары: стерилді қолғаптар, спирт, стерилді таңғыш материалы, шприц, столбнякка қарсы анатоксин, столбнякка қарсы адам иммуноглобулині (СҚАИ); СҚАИ болмаған жағдайда – пептикалық қайнату арқылы алынған концентрленген, сіреспеге қарсы тазаланған сұйық сарысу (СҚС); КБУ ыдысы.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Гигиеналық деңгейде қолға деконтоминация жасаңыз.
2. Резіңке қолғапты киіңіз.
3. Теріні 70% спиртпен сүртіңіз.
4. Білектің бүгілетін жеріне ішкі жағынан тері астынан 1:100 мөлшерде 0,1мд сіреспеге қарсы сарысу салыңыз.
5. Нәтижесін 20 мин кейін бағалаңыз: егер папула 0,9 мм дейін болса, нәтижесі теріс, онда п/к 0,1 мл СҚС салынады, 20 мин кейін қалған мөлшері салынады (барлығы 3000 МЕ).
6. Бір сағат бойы пациентті бақылаңыз.
7. Пайдаланылған құралдарды, қолғаптарды және таңғыш материалдарын әртүрлі КБУ ыдысына салыңыз.
Ескерту:
- сіреспеге қарсы іс-шаралар әсерлілікке қарсы сынама жасалғаннан кейін жүргізіледі;
- емдік мақсатында науқастарға СҚС ауру басталысымен 100 000- 200 000 МЕ мөлшерде салынады;
- сарысу тамырдан немесе омыртқа жұлынынан салынады;
- аурудың күштілігіне байланысты сарысу рефлекторлы сіңірдің тартылуы тоқтамағанша салынады.
VI. Травматология
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 8754 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
|