АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Максимальды балл – 20. Стандартты актерға (науқас) сценарий тексті және оның рөлін суреттеу

Прочитайте:
  1. Максимальды балл - 20
  2. Максимальды балл - 20
  3. Максимальды балл - 20
  4. Максимальды балл - 20
  5. Максимальды балл – 20
  6. Максимальды балл – 20
  7. Максимальды балл – 20
  8. Максимальды балл – 20
  9. Максимальды балл – 20

 

Стандартты актерға (науқас) сценарий тексті және оның рөлін суреттеу.

Науқас 62 жаста.

Шағымдары: әлсіздік, тез шаршағыштық, арықтау, оң қабырға асты сыздаған ауру сезімі, кеде басып ауыруы.

 

Сұрақ негізі Актерге сұрақ құрастыру Жауап
Негізгі шағымдардың пайда болу ұзақтығы Жоғарыда айтылған шағымдар қашан пайда болды? Әлсіздік, шаршағыштық, оң қабырға асты ауру сезімі пайда болғанына бір жылдай болған, бірақ дәрігерлерге қаралмаған. Зейнетке шыққаннан бері арақ пен пивоны көп ішетін болған, қабырға асты ауру сезімі жоғарлады. Әйелінің айтуы бойынша қатты азып кеткен, өтініші бойынша зерттелуге бағытталған.
Жанұя анамнезі Туыстарыңызда бауыр ауруы, өт жолы ауруы, өт қабы ауруы бар ма? Әкесі бауыр циррозынан қайтыс болған.
Парентеральді анамнез бойынша Сізде гемотрансфузия, операциялар, инвазивт манипуляциялар болды ма? жоқ
Зерттелу тұралы Бұрын вирусты гепатит маркеріне және ВИЧ зерттелдіңіз бе? Бала кезінде вирусты гепатит А болған.
Дәрілік препараттар қабылдау тұралы? Соңғы кезде немесе қазір препараттар үнемі қолданасыз ба? жоқ
Бауыр ауруына әкелетін зиянды әдеттерді анықтау Алкоголь көп қолдандыңыз ба? Мейрам кезінде арақ ішкен жарты бөтелкеден
Созылмалы аурулар жөнінде Сізде бауыр, бүйрек, өкпе, ішек, буындар созылмалы аурулары бар ма? Созылмалы пиелонефрит

Анамнезінде: Әлсіздік, шаршағыштық, оң қабырға асты ауру сезімі пайда болғанына бір жылдай болған, бірақ дәрігерлерге қаралмаған. Зейнетке шыққаннан бері арақ пен пивоны көп ішетін болған, қабырға асты ауру сезімі жоғарлады. Әйелінің айтуы бойынша қатты азып кеткен, өтініші бойынша зерттелуге бағытталған.

Вирусты гепатит А бала кезінде ауырған. Туберкулёз, сифилис, ВИЧ-инфекция, жыныстық жолы аурулары болмаған. Тұқымқуалаушылық жоқ. Трансфузия болған жоқ. Аллергия жоқ.

Объективті: науқас кахексиялы, тері түсі боз- сарғыш, тургор төмендеген. Қолы дірілдейді. Тері түсі және көзге көрінетін шырыш қабаты сарғыш. Жүрек, өкпе жағынан патология жоқ.

Іші жұмсақ, оң қабырға астында ауру сезімді. Бауыры ұлғаймаған. Көк бауыры ұлғаймаған. Үлкен дәреті каша тәрізді, қанмен, күніне 2-3. Ұрғылау симптомы теріс. Зәр шығаруы бос, ауру сезімсіз.

Лабораторлық – инструментальдық мәліметтер:

Жалпы қан анализі: Эритроциттер – 3,2х1012 /л Гемоглобин – 110 г/л Түстік көрсеткіш – 0,79 Лейкоциттер – 9,7 х109 /л Эозинофилдер – 2% Таяқшаядерлі нейтрофилдер – 1% Сегментоядерлі нейтрофилдер – 70% Лимфоциттер – 21% Моноциттер – 6% Тромбоциттер- 150×109/л СОЭ – 47 мм/час Эритроциттердің токсикалық зернистостьі ++ Қан биохимиялық анализі
Компоненттер қорытынды Норма Өлшем бірлік
холестерин 7,4 3,0—6,0 ммоль/л.
АЛТ 115,0 0,0 – 41,0 U/L
АСТ 232,0 0,0 – 41,0 U/L
Билирубин 26,10 0,0 – 21,0 U/L
глюкоза 3,5 4,5-5,6 ммоль/л
ЩФ 115,0 35,0 – 105,0 U/L
Белок   66-83 г/л
СРБ оң теріс  
Электролиттер: Калий - 3,7ммоль/л Ионизирленген кальций- 110 ммоль/л. Натрий – 138ммоль/л. Кальций – 2,98 ммоль/л Альфа-фетопротеин –46 мкг/л (норма-< 30 мкг/л)
Коагулограмма: МНО - 1,3 (норма- 0,85 – 1,25)  

Іш қуысы УДЗ:

 

Бауыр ұлғайған, оң бөлігінде (бұғана орта сызығымен) — 15,х14,2 см, S4 сегментіндегиперваскулярлы түзінді анықталады 6,0 см дүзу емес айқын емес контурлы, өт қабына жатыр, S6 сегментте —айқын емес ошақты түзінді 1,3 см, метастазға ұқсайды; өт қабы ісік конгломератына кіреді. Оң бүйрегінде киста бар 3,2 см, сол бүйрек—өзгеріссіз. Бос сұйықтық аз мөлшерде.

 

Іш қуысы КТсы:

 

Бауыры ұлғаймаған, S4 контуры проекцияда тегіс емес, айқын емес, көптеген түйіндівизуализациясымен және S8 бөлігінде, жалпы көлемі73х45 мм, аздаған біркелкі емес жиналатын контрасты зат, контрастылаудың барлық фазасында гиподенсивті; өт жолының шекарасы мен қабырға визуилизациясы анықталмайды, өт өзектері кеңеймеген. Оң бүйректің жоғарғы бөлігінде киста анықталады көлемі 28 мм. Іш қуысында бос сұйықтық. Басқа паренхиматозды ағзаларда өзгеріс, лимфа түйіндерінің ұлғаюы жоқ.

Бауыр биопсиясы:

 

Бауыр клеткасының дисплазиясы анықталады.

 

«Гепатоцелюлярлы карцинома, сатыI:T1N0M0» клиникалық жағдайының жауап эталоны

Бағалау қадамы критериі Жауап эталоны
  Анеменез және шағымдар жинау Шағымдарын анықтау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? Ауру сипаты, қашан пайда болды, ұзақтығын, шаршағыштық, әлсіздік, асцит пен ісіну қашан пайда болды және ұзақтығы. Анемнез morbi, vitaе
  Анеменез және шағымдар жинау Мүмкін болатын асқынулар анықталды ма? Қан тамырына, лимфотүйіндерге және басқа органдарға метазы тұралы анықтау.
  Физикальді зерттеу жүргізуінің дұрыстылығы – жалпы қарау Науқас кахексиялы, тері түсі боз- сарғыш, тургор төмендеген. Қолы дірілдейді. Тері түсі және көзге көрінетін шырыш қабаты сарғыш. Жүрек, өкпе жағынан патология жоқ. Іші жұмсақ, оң қабырға астында ауру сезімді. Бауыры ұлғаймаған. Көк бауыры ұлғаймаған. Үлкен дәреті каша тәрізді, қанмен, күніне 2-3. Ұрғылау симптомы теріс. Зәр шығаруы бос, ауру сезімсіз.
  Физикальді зерттеу жүргізуінің дұрыстылығы – тыныс алу жүйесі Перкуссия және аускультация
  Физикальді зерттеу жүргізуінің дұрыстылығы – қан тамыр жүйесі Пальпация, аускультация
  Физикальді зерттеу жүргізуінің дұрыстылығы – асқорыту жүйесі, бауыр перкуссиясы, пальпациясы, асцитті анықтау Перкуссия, пальпация
  Алдын ала қойылған диагноздың дұрыстылығы «Гепатоцелюлярлы карцинома? Бауыр циррозы?»
  Зерттеу жоспарын тағайындау ОАК, қан биохимиялық анализі, электролиттер, коагулограмма, альфа-фетопротеин, іш қуысы УДЗ, қажет жағдайда іш қуысы КТ сы, бауыр биопсиясы.
  Дифференциальді диагностика жоспары Алкогольді циррозбен, вирусты этиологиялы бауыр циррозымен, гемахроматоз дан кейінгі бауыр циррозымен, Вильсона-Коновалова ауруымен,өт жолы обструкциясымен, жүректің іркілмелі жетіспеушілігімен, токсикалық этиологиялы бауыр циррозымен, дәрілік этиологиялы циррозбен, альфа1–трипсина жеткіліксіздігіндегі бауыр циррозымен, флебопортальді циррозбен, біріншілік бактериалды циррозбен дифференциялау.
  ЖҚА, биохимиялық анализдер интерпретациясы Гиперхромды анемия, тромбоцитопения, СОЭ жоғарлауы Эритроциттердің токсическалық зернистостьі Паранеопластикалық феномен (холестерин жоғары көрсеткіші, кальций, гипогликемия) Цитолиз синдромы, холестаз синдромы, мезенхимальді-қабыну синдромы, бауыр-жасушалы жетіспеушілік синдромы
  Электролиттер деңгейін, МНО баға, альфа-фетопротеин интерпретация Электролиттер қалыпты, тек кальций жоғарлаған (паранеопластикалық феномен) МНО жоғарлауы гипокоагуляцияны білдіреді, бауыр циррозында геморрагиялық синдром клиникасын береді
  Іш қуысы ағзалары УДЗ не интерпретация УЗ- баурдағы түзіліс белгісі? Өт қабы рагі бауырға өтуімен, бауыр тініне метастаз? Оң бүйрек кистасы. Асцит. Іш қуысы КТ сы нұсқауланды.
  Іш қуысы КТ сы Бауыр ісігі, шекарасыз өт қабымен, оң бүйрек кистасы. Асцит.
  Бауыр биопсиясы интерпретация Бауыр клеткасы дисплазиясы гепатоцеллюлярлы карциноманы білдіреді
  Қорытынды диагноз құрастыру дұрыстылығы Гепатоцелюлярлы карцинома, сатыI:T1N0M0.
  Емдәм және өмір салтын өзгертү тұралы нұсқаулар Алкогольден мүлдем бас тарту.
  Емдеу протоколына сай емін тағайындау Хирургиялық ем және химиотерапия комбинациясы. Радиожиілікті абляция. Емдеу әдісін таңдау хирургпен келісулі керек - онкологпен. Симптоматикалық ем (ауру сезімі кезінде ауруды басу)
  Емдеу әсерін бақылау Альфа-фетопротеина, іш қуысы УДЗ бақылау
  Асциттің асқынуын алдын алу Созылмалы инфекция ошағы санациясы Оперативті емдеу, химиотерапия
  Науқаспен оптимальді қарым қатынас орнату, науқас үрейін басу

 

Симуляция қанықтығы:

1. Тапсырмамен парақ, науқасқа сценарий, қадам критерилері

2. Лабораторлы анализдер

3. Тонометр, фонендоскоп

4. Іш қуысы УДЗ қорытындысы

5. Іш қуысы КТ сы корытындысы

6. Бауыр биопсиясы қорытындысы

 

Обстановка: оқу бөлмесі– қабылдау бөлмесі

1. Кушетка-1

2. Инструменттерге арналған стөл-1

3. Препараттармен медициналық шкаф (баралгин, трамадол, промедол)

 

Әзірлеушінің аты жөні: Камалова Б.Б.

 

Рецензент аты жөні:

АМДБЖИ кардиология кафедрасының менгерушісі, м.ғ.д., профессор Атарбаева В.Ш.

№2 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасының, м.ғ.д., профессор Косанова А.К.

КОП отырысы хаттамасының номері және бекіту күні: № 4 от 30.01.2014 г.

 

 

 


Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 479 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)