АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Максимальді балл - 20
Стандартталған әртістің (науқастың) сценарий тексті және оның рөлі:
Шағымдары: жүрек тұсындағы ауыру сезімі, ауа жетпеу сезімі, ентігу, аяқтарындағы ісінулер, жүрек қағу ұстамалары, дене қызуының 37,2 – 37,7° С дейін жоғарлауы, әлсіздік, селқостық, тершеңдік. Студентка, жатақханада тұрады.
Сұрақ мәнісі
| Әртіске арналған сұрақты құру
| Жауабы
| Ауыру сезімінің сипаты
| Жүрек тұсындағы ауыру сезімінің сипаты қандай – ине сұққандай, қысып, басып ауыратын ауыру сезімі?
| Ауыру сезімінің сипаты сыздап, ине сұққандай ауырады
| Ауыру сезімінің пайда болуы
| Ауыру сезімі тұрақты мазалайды ма, әлде кезеңді түрде мазалайды ма? Жүрек аймағындағы ауыру сезімі неден кейін пайда болады?
| Жүрек тұсындағы ауыру сезімі физикалық жүктемеге байланысты емес
Апамнан алған кардикет маган көмектеспейді
| Жүрек тұсындағы ауыру сезімінің ұзақтығы
| Жүрек аймағындағы ауыру сезімі қанша уақытқа созылады? Өздігінен басылады ма, әлде қандайда бір дәрілерді қабылдағаннан кейін басылады ма?
| Ауыру сезімі тұрақты, парацетамолды қабылдағаннан кейін аздап басылады
| Жүрек соғу ұстамасы
| Жүрек соғу ұстамалары қаншалықты жиі мазалайды және немен басылады?
| Жиі, толық тыныштық жағдайда кенет пайда болып және солай кенет басылады
| Ентігу
| Ентігу қашан пайда болды?
| Шамалы ғана жүктемеден кейін – қатты ентігу пайда болады
| Гемодинамиканың бұзылыстары
| Аяқтарыңызда ісінулер болды ма?
| Кешке аяқтарым ісіңкірейді, тобықтарым ісініп тұрғандай
|
Анамнезінде: 2 апта бұрын жедел респираторлы вирусты инфекцияны өткерген. Әлсіздік сақталып, жүрек тұсында ауыру сезімі, ауа жетпеу сезімі, шамалы жүктемеден кейінгі (2-3-ші қабатқа көтерілгенде) ентігу, кейде жүрек соғу ұстамасы пайда болды. Кешелі бері дене қызуының субфебрильді санға дейін көтерілуін байқаған. Өз бетінше дене қызуы көтерілгенде парацетамол, жүректегі ауыру сезімі болғанда 20 тамшы валериана тұнбасын және кардикет қабылдаған. Жүрек соғу ұстамасы жиіленгендіктен дәрігерге қаралды.
Объективті: науқас бозарған, әлсіреген. Жүрек аймағы өзгермеген. Тобығы ісіңкереген. Өкпесінде – везикулярлы тыныс. Төменгі бөліктерінде – крепитация.
Жүректің сол шекарасы – ортаңғы бұғана сызығы бойымен. Жүрек ұшында систолалық шу естіледі, бұл шу қолтық астына берілмейді. ЖСЖ – 120. АҚ 95/70 мм б.б.
Жалпы қан анализі
Көрсеткіштер
| Нәтижесі
| Эритроциттер
| 4,2 млн
| Гемоглобин
| 141 г/л
| Түсті көрсеткіш
| 0,9
| Лейкоциттер
| 10,8 тыс
| Нейтрофилдер: таяшаядерлі
|
| Сегментоядерлі
|
| Эозинофилдер
|
| Лимфоциттер
|
| Моноциттер
|
| ЭТЖ
| 27 мм/час
|
Биохимиялық қан анализі
Көрсеткіштер
| Нәтижесі
| Мочевина
| 4,3 ммоль/л
| Креатинин
| 76 ммоль/л
| АЛТ
| 49 МЕ
| АСТ
| 56 МЕ
| Холестерин
| 3,7 ммоль/л
| Глюкоза
| 3,5 ммоль/л
| Билирубин
| 17 мкмоль/л
|
|
| АСЛ-О
| Теріс
| СРБ
| +++
|
Эхокардиографиялық зерттеу
КАРТАСЫ
Аты-жөні___Иванов Н____________________________________________________________
Жасы 24 ______________________________________________________________
Митральді қақпақша____ митральді қақпақша тесігінің аумағы-3,6 см2 ____________
Қолқа (қуысының негізі) 3,0 _см______________________________________________
Үшжармаыл қақпақша_______________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Өкпе артериясы ______қысымы= 18 мм.сб.б. _____________________________
Сол жүрекше. Диастолаға өлшемі_ 2,1 __ см_____________________________________
Оң қарынша. Диастолаға қуыстың өлшемі 1.9 см __________________________
Сол қарынша. СДӨ 4,6 _____________________________________________
ССӨ 3,1 _______________________________________________________________
Соғу көлемі 66_ ____________________________________________________
Систолалық көлем 45 ______________________________________________________
Айдау фракциясы 53% ______________________________________________________
Диастолаға артқы қабырғасының өлшемі 1,0-1,1 _______________________________________
Қарыншааралық перде 0,8-0,9 _________________________________________
Қорытындысы: Қарыншааралық перденің гипокинезі. Сол қарынша миокардының жиырылу қызметінің шамалы төмендеуі.
«Ревматикалық емес миокардит» клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталоны
| Жауаптар эталоны
| Шағымдарды жинау
| Кезеңді және жүйелі түрде жүргізілді
Барлық шағымдар негізгі және қосымша сұрақтармен нақтыланды.
| Өткерген ЖРВИ байланысы анықталды ма
| ЖРВИ байланысы анықталды, стрептококкты инфекцияның мүмкін болуын жоққа шығарды
| Физикальді зерттеу - қарау
| Қан айналым жетіспеушілігінің симптомдары анықталды
| Тыныс алу ағзаларын дұрыс тексеру
| Жүйелік сақталып, дұрыс орындалды
| ЖҚТ жүйесін дұрыс тексеру
| Жүйелік сақталып, дұрыс орындалды
ЖСЖ және АҚ өлшеді
| Алдын-ала қойылған диагноз
| Ревматикалық емес миокардит. ҚАЖ 1, ырғақ бұзылысы?
| Зерттеу жоспарын тағайындау
| ЖҚА, ЖЗА, б\х: мочевина, креатинин, АЛТ, АСТ, глюкоза
СРБ, АСЛ-О, ЭКГ, ЭхоКГ
| ЭКГ интерпретациялау
| Қорытындысы: Синусты тахикардия ЖСЖ 120 рет мин. ЖЭО SI-SII-SIII типті. ГШОА толық емес бөгемесі. Диффузды миокардтың өзгерістері.
| ЖҚА және БхҚА интерпретациялау
| Лейкоцитоз, таяқшаядерлі ығысу, ЭТЖ жоғарлауы
б\х – қалыпты; жеделфазалық өзгерістер
| ЭхоКГ интерпретациялау
| Миокардит белгілері
| Жедел ревматикалық қызбаны жоққа шығару
| Стрептококкты инфекциямен байланысы жоқ, АСЛ-О – теріс
| Қорытынды диагнозды негіздеу
| Ревматикалық емес миокардит. ҚАЖ1, ГШОА толық емес бөгемесі
| Емдеу тәсілін анықтау
| СЕҚҚЗ немесе ГК
Кардиометаболиктер
Кдәрілерін (глюкоза-инсулин-калиелік қоспа – 200,0 т/і там)
| Қабынуға қарсы терапияны тағайындау
| Диклофенак 75 мгх2 рет/тәу немесе мовалис 15 мг/тәу
| Бета-бөгемелерді тағайындау
| β – бөгемелер – бисопролол 5 мг/тәу – ЖСЖ бақылау
| АПФ ингибиторларын тағайындау
| АПФи – лизиноприл 10 мг/тәу
| Диуретиктерді тағайындау
| Диуретиктер – гипотиазид 25 мг/тәу және төмендеуі, жүрек шекараларының қалыпқа келуі. ды. ауыру сезімі болғанда 20 тамшы валериана тұнбасын және кардикет қабылдағаК-сақтаушы - верошпирон 25 мг/тәу (ЖСЖ IIA және одан жоғары болса)
| Ем нәтижесінің критерилерін атап шықты
| Қызбаны басу, кіші қан айналымдағы іркілісі және тобықтың ісіңкіреуінің қайтуы. ЖСЖ төмендеуі, жүрек шекараларының қалыпқа келуі
| Келешек емдеу тәсілін анықтау
| Стационарлық емге жіберу (жатақханада тұрады)
| Стационардан шыққан соң тактика
| Певзнер бойынша диета №10
Бөліп тамақтану, тұзды шектеу. Гипокалориялы диета
Физикалық белсенділік
АҚҚ, ЖЖЖ бақылау
Созылмалы ошақтарды тазалау, суыққа төзімділік жоғарлату
ЭКГ бақылауы
Жалпы қан анализі
ЭХОКГ
Барлық миокардитті басынан өткізгендеодің барлығына ұзақ уаөыт кардиопротективті ем қолдану, сартандар немсе АПФ, бета-блокаторлар
Санаторлы-курортты ем
Тұмауға қарсы егу
| Науқаспен оптимальді қатынасты орнатып, қобалжуды басу
|
Симуляцияның жабдықталуы:
1. Тапсырма жазылған парақ, волонтерге арналған сценарий, қадамдарды бағалау критерилері.
2. Анализдер нәтижелері жазылған парақ: ЖҚА, ҚБА, ЭКГ, ЭхоКГ
3. Тонометр, фонендоскоп.
Жағдай: Оқу бөлмесі– дәрігер кабинеті
1. Кушетка – 1
2. аспаптарға арналған үстел - 1
3. препараттар салынған медициналық шкаф (нитроглицерин, бисопролол табл.).
4. үстел-1, орындық-2
Толтырған: АМСК кафедрасының доц Карибаева Д.О. (2015)
Рецензенттер атты жөні (2015):
1. Бедельбаева Г.Г., зав.каф.терапии ИПО КазНМУ
2. Еспенбетова М.Ж., зав. каф. интернатуры по общей врачебной практике ГМУ г.Семей, д.м
ББК отырысындағы хаттамасының нөмірі мен бекітілген күні - №5 29.01.2015ж.
Қолданылған әдебиет:
1. Общая врачебная практика: национальное руководство. Т1 / под ред.акад. РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М.Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013. – 976 с
2. Протокол диагностики и лечения МЗ РК «Миокардит неуточненный (I51.4)». Утвержден протоколом заседания Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК № 13 от 28.06.2013 года https://diseases.medelement.com/
3. Классификация заболеваний внутренних органов с примерами формулировок клинических диагнозов. 2—е изд. – Руководство для практических врачей и студентов медицинских вузов – Алматы, 2012. – 158 с.
4. Общая врачебная практика: диагностическое значение лабораторных исследований: учебн.пособие. \ Вялов С.С. – 5-е изд. – М.: МЕД-пресс-информ, 2013. – 176 с.
5. Общая врачебная практика: неотложная медицинская помощь: учебн.пособие. \ Вялов С.С. – 5-е изд. – М.: МЕД-пресс-информ, 2013. – 112 с.
6. Амбулаторная медицина. Б.Мовшович. 2010
Дата добавления: 2015-07-23 | Просмотры: 694 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
|