АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Анатомия

Прочитайте:
  1. I. Топографическая анатомия.
  2. II. Клиническая анатомия.
  3. KT- u MPT-анатомия височно-нижнечелюстного сустава
  4. XI. ПАТОЛОГИЧЕСКАЯ АНАТОМИЯ
  5. Анализатор поверхностной чувствительности. Анатомия. Методы исследования. Семиотика и топическая диагностика его поражения.
  6. Анатомия
  7. Анатомия
  8. АНАТОМИЯ
  9. Анатомия
  10. АНАТОМИЯ

пәнінен тест сұрақтары

360 тест

 

~Мойын омыртқаларының саны:

| 7

|5

|4

|8

|12

~ Кеуде омыртқаларының саны:

| 12

| 5

| 7

| 8

| 11

~ Бел омыртқаларының саны:

| 5

| 4

| 7

| 8

| 12

~ Сегізкөз омыртқаларының саны:

| 5

| 4

| 7

| 8

|12

~ Көлденең өсінділерінде тесігі бар омыртқалар:

| мойын омыртқалары

| кеуде омыртқалары

| бел омыртқалары

| сегізкөз омыртқалары

| құйымшақ омыртқалары

~ Қабырғалық шұңқырлары бар омыртқалар:

| кеуде омыртқалары

| мойын омыртқалары

| бел омыртқалары

| сегізкөз омыртқалары

| құйымшақ омыртқалары

~ Қаңқаның тозу (кәрілік) белгілері:

| сүйек тінінің сиректенуі

| сүйек табақшалары санының көбеюі

| сүйек затының (заттегінің) тығыздануы

| дәнекер тінінің өте көбеюі

| өсінділердің пайда болуы

~ Жауырынның буындық ойысы... орналасқан.

| латералдық бұрышында

| жоғары бұрышында

| төменгі бұрышында

| акромионда

| құстұмсықтәрізді өсіндіде

~ Жауырын қылқаны... орналасқан.

| дорсалды бетінде

| жоғарғы бұрышында

| төменгі бұрышында

| латералді бұрышында

| қабырғалық бетінде

~ Акромион және құстұмсықтәрізді өсінділері бар сүйек:

| жауырын

| төс

| тоқпан жілік

| шынтақ жілік

| кәрі жілік

~ Екі мойны бар сүйек:

| тоқпан жілік

| ортан жілік

| шынтақ жілік

| асықты жілік

| кәрі жілік

~ Шынтақтық, кәрі жіліктік және тәждік шұңқырлар... жілікте орналасқан.

| тоқпан

| ортан

| шынтақ

| кәрі

| асықты

~ Қол ұшы (басы) сүйегінің бөлігі:

| білек

| тілерсек

| толарсақ

| аяқ ұшы саусақ бақайшықтары

| апофиз

~ Аяқ ұшы (басы) сүйегінің бөлігі:

| тілерсек

| білек

| толарсақ

| қол ұшы саусақ бақайшықтары

| метафиз

~ Мықын, шонданай және шат сүйектерінің жамбаста бітісетін жері...

| ұршық ойысының аймағы

| қасағалық бітісу

| құлақтық бет

| бұдырмақ

| қасаға қыры

~ Бассүйектің милық бөлігі (мисауыттың) сүйегі:

| шүйделік сүйек

| көзжастық сүйек

| мұрындық сүйек

| жоғарғы жақсүйек

| төменгі жақсүйек

~ Бассүйектің бет бөлігіне... сүйегі жатады.

| жоғарғы жақ

| шүйделік

| маңдайлық

| сынатәрізді

| самайлық

~ Ішкі ұйқы артериясы өтетін самайлық сүйектің өзегі:

| ұйқы өзегі

| бұлшықеттүкті өзегі

| бет өзегі

| ұлу өзегі

| дабыл өзекшесі

~ Беттік нерв өтетін самайлық сүйектің өзегі:

| бет өзегі

| бұлшықеттүтікті өзегі

| ұйқы өзегі

| ұлу өзегі

| дабыл өзекшесі

~ Төменгі жақсүйек... сүйекпен буын құрайды.

| самайлық

| бет әлпет

| жоғарғы жақ

| шүйделік

| шекелік

~ Тесіктелген табақшасы бар сүйек:

| торлы сүйек

| маңдайлық сүйек

| көзжас сүйегі

| сынатәрізді сүйек

| мұрын сүйегі

~ Гаймор қойнауы... сүйекте орналасқан.

| жоғарғы жақ

| маңдайлық

| сынатәрізді

| кеңсірік

| самайлық

~ Бассүйектің ең үлкен тесігі... сүйекте орналасқан.

| шүйделік

| маңдайлық

| төбелік

| самайлық

| бет әлпеттік

~ Бассүйектің милық бөлігінің тақ сүйегіне жатады.

| маңдайлық

| жоғарғы жақ сүйек

| төменгі жақ сүйек

| самайлық

| төбелік

~ Сүйектер арасында дәнекер тін орналасқан қосылыс:

| синдесмоз

| синхондроз

| синостоз

| диартроз

| гемиартроз

~ Сүйектер арасында шеміршек тін орналасқан қосылыс:

| синхондроз

| синостоз

| синдесмоз

| диартроз

| гемиартроз

~ Сүйектер арасында сүйектік тін орналасқан қосылыс:

| синостоз

| синхондроз

| синдесмоз

| диартроз

| гемиартроз

~ Төменгі жақсүйекті көтеретін бұлшықет:

| медиалдық қанаттәрізді, шайнау, самайлық

| латериалдық қанаттәрізді, самайлық ұрттық

| самайлық, иекасты, ауыздың дөңгелек

| күлкі, ұрттық, қалқантіласты

| үлкен бетәлпеттік, кіші бетәлпеттік, иекасты

~ Самайлық шұңқырдан басталып, төменгі жақ сүйектің тәждік өсіндісіне... бұлшықеті бекиді.

| самайлық

| ерінді көтеретін

| медиалдық қанаттәрізді

| латералдық қанаттәрізді

| ұрттық

~ Көздің айналасында шеңберлі орналасып көзді жұматын бұлшықет...

| көздің дөңгелек бұлшықеті

| самайлық

| шайнау

| медиалдық қанаттәрізді

| латериалдық қанаттәрізді ұрт

~ Мимикалық бұлшықеттердің ерекшелігі:

| теріге бекиді

| сүйектерден басталып, сүйектерге бекиді

| сөйлеуге қатысады

| бүгуге қатысады

| жазуға қатысады

~ Мойынның беткей бұлшықетін көрсетіңіз:

| төс-бұғана-емізіктәрізді бұлшықет

| сатылық алдыңғы бұлшықет

| төс-тіласты бұлшықеті

| төс-қалқанша бұлшықеті

| қалқанша-тіласты бұлшықеті

~ Тіласты сүйегінің үстінде орналасқан мойын бұлшықетін көрсетіңіз:

| жақсүйек-тіласты бұлшықеті

| мойынның теріастылық бұлшықеті

| төс-бұғана-емізіктәрізді бұлшықеті

| төс-тіласты бұлшықеті

| қалқанша-тіласты бұлшықеті

~ Тіласты сүйегінің астында орналасқан мойын бұлшықетін көрсетіңіз:

| жауырын-тіласты бұлышеқеті

| сатылық алдыңғы бұлшықеті

| мойынның ұзын бұлшықеті

| қос қарыншалы бұлшықеті

| иек-тіласты бұлшықеті

~ Орталық нерв жүйесі...түзілген.

| ми мен жұлыннан

| жұлын мен сезім ағзаларынан

| жұлын мен мидың сабаулық бөлігінен

| ми мен түйіндерден

| тек қана мидан

~... мидың сыртқы пішіні жұлынға ұқсайды.

| Сопақша

| Соңғы

| Ортаңғы

| Аралық

| Артқы

~ Торлы түзіліс... орналасқан.

| жұлын мен мидың сабауында

| сүйек майында

| ми қыртысында

| ми қабықтарында

| көру қиылысында

~ Ортаңғы мидың жоғарғы төбешіктері... орталығы болып табылады.

| көру қыртысасты

| дәм сезудің қыртысасты

| есту қыртысасты

| тепе-тендік сақтау қыртысасты

| иіс сезу қыртысасты

~ Ортаңғы мидың қуысы... саналады.

| ми суқұбыры

| IV қарынша

| ІІІ қарынша

| орталық өзек

| бүйір қарынша

~Таламус – бұл:

| сезімталдықтың барлық түрлерінің қыртысастылық орталығы

| естудің қыртысастылық орталығы

| тепе-тендік сақтаудың қыртысастылық орталығы

| дәм сезудің қыртысастылық орталығы

| иіс сезудің қыртысастылық орталығы

~ Аралық мидың қуысы... саналады.

| ІІІ қарынша

| ми суқұбыры

| бүйір қарынша

| орталық өзек

| IV қарынша

~... талшықтар сүйелді дененің негізін түзеді.

| Комиссуралық

| Ассоциативтік

| Меншікті

| Төмендеген проекциялық

| Жоғарлаған проекциялық

~ Соңғы ми қыртысының қабатына... қабат жатады.

| пирамидалық

| шумақтық

| таяқшалар мен тостағаншалар қабаты

| эпителийлік

| тістік

~ Шүйделік үлесті мишықтан... жүлге бөледі.

| көлденең жүлге

| латериалдық жүлге

| қиғаш саңылау

| белдеулік

| көру

~ Адамда... өте жақсы дамыған.

| маңдайлық үлес

| шекелік үлес

| шүйделік үлес

| ми аралшығы

| иіс сезу миы

~ Иіс сезу миының орталық бөлігі... қатпарда орналасқан.

| белдеулік

| самайлық жоғарғы

| орталық алдындағы

| орталық артынғы

| самайлық ортаңғы

~ Ми қыртысы қабаттарының саны:

| 6

| 5

| 2

| 4

| 1

~ Қимыл анализаторының қыртыстық шеті... қатпарда орналасқан.

| орталық алды

| орталық арты

| самайлық жоғарғы

| самайлық ортаңғы

| күмбездік

~ Көру анализаторының қыртыстық шеті... қатпарда орналасқан.

| топшылық жүлгенің айналасында

| латералдық жүлгенің айналасында

| шеке-шүйделік жүлгенің айналасында

| самайлық ортаңғы қатпарда

| тілдік қатпарда

~ Есту анализаторының қыртыстық шеті... қатпарда орналасқан.

| самайлық жоғарғы

| орталық алдыңғы

| орталық артындағы

| жоғарғы маңдайлық

| белдеулік

~ Бүйір қарыншалар... мидың қуысы болып саналады.

| соңғы

| ортаңғы

| аралық

| артқы

| сопақша

~ Жұлын нервтерінің тармақтары:

| дорсалды, вентральдық, қабықтық, дәнекерлеуші

| жоғарғы, төменгі, медиалдық және латералдық

| жоғарғы, төменгі, вентралдық және дорсалдық

| дорсалдық, латералдық, қабықтық және симпатикалық

| дорсалдық, медиалдық, қабықтық және симпатикалық

~ Көкеттік нерв... өрімінің тармағы болып саналады.

| мойын

| иық

| бел

| сегізкөз

| құйымшақ

~ Иық өрімінен... нерві шығады.

| кәрі жілік

| көкеттік

| жапқыш

| қабырғааралық

| теріастылық

~ Жұлыннан кететін мойын сегменттерінің саны:

| 8 жұп

| 5 жұп

| 9 жұп

| 7 жұп

|12 жұп

~ Бел өрімінің тармақтары... бұлшықеттерін нервтендіреді.

| санның алдыңғы

| санның артқы

| қабырғааралық

| арқаның

| кеуденің

~ Сегізкөз өрімінің тармақтары... бұлшықеттерін нервтендіреді.

| санның артқы

| санның алдыңғы

| санның медиалдық

| іштің

| арқаның

~ Бөксенің бұлшықеттерін... өрімінің нервтері нервтендіреді.

| сегізкөз

| мойын

| бел

| құйымшақ

| иық

~... нерві жүрек соғуының ырғағын (ритмін) реттейді.

| Кезбе

| Үшкіл

| Әкететін

| Қосымша

| Шығыршық

~ Вегетативтік нерв жүйесіне... талшықтар жатады.

| түйінге дейінгі

| жоғарғы ганглионарлық

| төменгі түйіндік

| түйінжанындағы

| түйінастындағы

~... нерві симпатикалық сабаудың мойындық бөлігінен кетеді.

| Ішкі ұйқылық

| Ішкіағзалық үлкен

| Беттік

| Жұтқыншақ

| Үлкен тастақ

~ Көз алмасының құрамына... кіреді.

| ядро мен қабықтар

| ядро мен қыртыс

| ядро мен көру нерві

| қыртыс пен сулы ылғал

| қыртыс және милық заттектер

~ Көз алмасының қабығы:

| ақ қабық (склера)

| миелиндік

| синовиалдық

| эпителийлік

| адвентициалдық

~ Көз алмасының тамырлық қабығының құрамына... жатады.

| меншікті тамырлы қабық, нұрлы қабық және кірпікті дене

| меншікті тамырлы қабық, мөлдір қабық, ақ қабық

| меншікті тамырлы қабық, торлы қабық, кірпікті дене

| нұрлы, торлы және меншікті тамырлы қабықтар

| фиброздық, ақ және мөлдір қабықтар

~ Көз алмасының... қабығы құрамында биполярлық нейрондар орналасқан.

| торлы

| нұрлы

| ақ

| мөлдір

| меншікті тамырлы

~Есту ағзасының бөлігі:

| ортаңғы құлақ

| есту сүйекшелер

| есту нерві

| кіреберіс нерві

| дабылдық саты

~ Көз алмасының... камералары бар.

| алдыңғы және артқы

| алдыңғы және латералдық

| алдыңғы және медиалдық

| медиалдық және латералдық

| алдыңғы және ортаңғы

~Кірпіктік бұлшықеттің қызметі:

| көзбұршақтың көлемін өзгертеді

| көз алмасын бұрады

| көз қарашығын көлемін өзгертеді

| қабақтарды жабады

| қасты түйеді

~Жүрек қарыншаларының миокард қабатының саны:

| үш

| екі

| төрт

| бір

| бес

~Жүрек... орналасқан.

| алдыңғы көкірекаралықта

| алдыңғы көкірекаралық ортаңғы

| артқы көкірекаралықта

| жоғарғы көкірекаралықта

| бүйір көкірекаралықта

~Жүректің оң жақ жүрекше- қарынша тесігінде... орналасқан.

| үшжармалы қақпақ

| қолқалы қақпақ

| митралдық қақпақ

| жартыайлы қақпақ

| өкпе сабауының қақпағы

~Қолқа доғасынан... артериясы шығады.

| сол жақ жалпы ұйқы

| оң жақ жалпы ұйқы

| қолтық

| омыртқа

| иық

~Қолқа доғасынан шығатын ірі тамырлар:

| иық-бас сабауы, сол жалпы ұйқы және сол бұғанаасты артериялары

| иық-бас сабауы, сол жалпы ұйқы және оң бұғанаасты артериялары

| иық-бас сабауы, оң жалпы ұйқы және сол бұғанаасты артериялары

| иық-бас сабауы, оң жалпы ұйқы және оң бұғанаасты артериялары

| иық-бас сабауы, омыртқа және қолтық артериялары

~Іш қуысының тақ ағзаларынан... венасы қан жинайды.

| қақпа

| ішкі мықын

| көкеттік төменгі

| төменгі қуыс

| жоғарғы қуыс

~ Қақпа венасы... кіреді.

| бауырға

| көкбауырға

| асқазанға

| ұйқы безіне

| бүйрекке

~... венасы бас пен мойын ағзаларынан қан жинайды.

| Ішкі мойындырық

| Бұғанаасты

| Қолтық

| Төменгі қуысты

| Қақпа

~Миды қанмен қамтамасыз ететін артериялық шеңбер... орналасқан.

| мидың негізінде

| мидың латералдық бетінде

| мидың медиалдық бетінде

| мидың жоғарғы бетінде

| мидың сыртында

~Микроциркуляторлық ағын дегеніміз:

| тіндердегі жергілікті қан айналымның тамырлық торы

| көз алмасының түбіндегі лимфокапиллярлар торы

| бүйрек денешігіндегі гемокапиллярлар

| иреленген шәует өзекшелерінің торы

| бүйректің тік өзекшелерінің торы

~Іш қолқасының жұп тармағына... артериясы жатады.

| бүйрек

| кәрі жілік

| бауыр

| жоғарғы шажырқайлық

| төменгі шажырқайлық

~Төменгі қуысты вена... қосылуынан түзіледі.

| жалпы мықын веналарының

| қақпа веналарының

| сан веналарының

| ішкі және сыртқы мойындырық веналарының

| шажырқайлық және көкбауыр веналарының

~ Организмдегі ірі лимфа тамыры:

| кеуде түтігі және оқу жақтағы лимфа түтігі

| кеуде түтігі және сол жақтағы лимфа түтігі

| кеуде және іш түтігі

| іш және жамбас түтігі

| кеуде және мықын түтігі

~Қанды өңдіретін орталық ағза:

| қызыл жілік майы (қызыл сүйек кемігі)

| лимфа түйіні

| бауыр

| бадамша

| көкбауыр

~Айырша без... орналасқан.

| алдыңғы көкірекаралықта

| артқы

| жоғарғы

| ортаңғы

| төменгі

~Лимфа түйіні –...

| қыртыстық және милық заттектен түзілген құрылым

| лимфоциттердің пішінсіз жиынтығы

| жекеленген лимфа түйіншелерінен түзілген құрылым

| лимфа тәждерінен тұратын құрылым

| ретикулярлық талшықтардың үш бағыттағы торынан түзілген құрылым

~Жұтқыншақ аймағында лимфалық-эпителийлік сақинаны... бадамша бездер түзеді.

| 2 таңдайлық, 2 түтіктік, 1 тілдік және 1 жұтқыншақтық

| 2 таңдайлық, 2 түтіктік, 1 тілдік және 2 жұтқыншақтық

| 1 таңдайлық, 2 түтіктік, 1 тілдік және 2 жұтқыншақтық

| 1 таңдайлық, 1 түтіктік, 2 тілдік және 2 жұтқыншақтық

| 2 таңдайлық, 1 түтіктік, 1 тілдік және 2 жұтқыншақтық

~... шоғырланған лимфа түйіншелері орналасқан.

| Мықын ішекте

| Асқазанда

| Сигматәрізді ішекте

| Кеңірдекте

| Тік ішекте

~Қалқанша жанындағы бездердің қызметі:

| эндокриндік

| ас қорыту

| қан айналдыру

| иммундық

| гемопоэздық

~Эндокриндік бездердің басқа бездерден айырмашылығы:

| шығаратын түтіктері жоқ

| қақпалары бар

| шығаратын түтіктері бар

| ақ және қызыл ұлпаларға бөлінеді

| майлық қапшығы болмайды

~ Аралас секрециялық безге... жатады.

| ұйқы безі

| гипофиз

| қалқанша безі

| бүйрекүсті безі

| сілекей безі

~Эндокриндік қызметтерді реттейтін жоғарғы орталық:

| гипоталамуc

| мишық

| метаталамус

| эпиталамус

| таламус

~... атабезде өңдірілетін гормон.

| Тестостерон

| Эстроген

| Прогестерон

| Адреналин

| Тироксин

~Бүйрекүсті безінің қыртыстық заттегінде... аймақ бар.

| шумақтық

| дөңгелек

| радиарлық

| аралас

| ала (зона)

~Ас қорыту жүйесінің іш қуыс ағзаларының қабырғасын түзетін қабықтардың толық құрамы …

| шырышты, шырышасты негізі, бұлшықетті және сірлі қабықтар

| дәнекер тіндік қабық

| шырышасты негізі және сірлі қабық

| шырышасты негізі, бұлшықетті және сірлі қабықтар

| шырышты және сірлі қабықтар

~Шықшыт безі өзінің секретін... бөледі

| ауыз қуысының кіреберісіне

| асқазан қуысына

| сыртқы ортаға

| өңеш қуысына

| жұтқыншақ қуысына

~Өңештің бөліктері:

| мойындық, кеуделік және іштік

| бұғаналық, кеуделік және іштік

| шүйделік, мойындық және кеуделік

| мойындық, кеуделік және көкеттік

| жұтқыншақтық, мойындық және кеуделік

~Ауыз қуысы... бөлінеді.

| кіреберіс және меншікті ауыз қуысына
| кіреберіс және үңгірге
| өзек және батыңқыға
| кіреберіс және саңылауға
| меншікті ауыз қуысы және қойнауға

~Еріндердің негізін... бұлшықеті құрайды.

| ауыздың дөңгелек
| иек
| ұрт
| пирамидалық
| қанаттәрізді

~Тіс ұлпасы –...

| тамырлар мен нервтер бар тіс қуысы

| тістің көрініп тұрған бөлігінің қабығы
| түбірді жауып тұрған заттек
| тіс мойнының айналасындағы дәнекер тін
| түбірдің мойынға өтетін жері

~Үлкен азу тістердің кіші азу тістерден айырмашылығы...

| шайнау төмпешіктері мен түбірлерінің санында
| биіктігінде
| ұзындығында
| мойнының барлығында
| мойнының жоқтығында

~Тіл жүгеншігі... орналасқан.

| тілдің астында
| тілдің артында
| тілдің жиектерінде
| тілдің түібірінде
| ауыздың кіреберісінде

~Тілдің жоғарғы бетіндегі құрылымдар:

| бүртіктер
| шұңқыршалар
| альвеолалар
| бүрлер
| ацинус

~ Тілдің түбірінде... орналасқан.

| шұңқырша

| саңылау
| бадамша

| доғашық
| перде

~Асқазанның шырышты қабығының қатпарларын... қабық түзеді.

| шырышасты
| бұлшықетті
| сірлі
| адвентициалдық
| ақ қабықтық

~Асқазан... жабылған.

| ішастармен
| шандырмен
| капсуламен
| кутикуламен
| плеврамен

~ Асқазанның бұлшықеттік қабығының қабаттары:

| бойлық, циркулярлық және қиғаш

| циркулярлық және қиғаш
| циркулярлық және көлденең
| бойлық және көлденең
| бойлық, циркулярлық және тік

~Құрттәрізді өсінді... ішекте орналасқан..

| соқыр

| он екі елі
| аш
| мықын
| сигматәрізді

~Бауыр сегменттерінің саны:

| сегіз
| он
| алты

| екі
| үш

~ Ұйқы безінің толық құрамдық бөліктері:

| басы, денесі және құйрығы
| ұшы, түбі және денесі
| денесі, түбі және өсіндісі
| басы, түбі және денесі
| негізі және ұшы

~ Өтқуықтың... болып табылады.

| өт жиналатын орын

| өт өңдіру
| эндокриндік
| қан өңдіру

| иммундық
~Мұрын қуысының бөліктері:

| тыныс алу және иіс сезу

| тыныс алу және көру
| тыныс алу және түйісуді сезу
| иіс сезу және есту
| иіс сезу және дәм сезу

~Мұрындық жол –...

| мұрын қалқанының астындағы кеңістік

| мұрын қуысының кіреберісі
| мұрын-көзжасөзегінің тесігі
| жоғарғы жақсүйектің маңдайлы өсіндісінің жанындағы жүлге

| сынатәрізді сүйектің үлкен және кіші қанаттардың арасындағы саңылау

~ Шүйде сүйек... тұрады.

| базилярлы бөлік

| дене
| мойын
| өсінділер
| доға

~ Көмей... болып табылады:

| тыныс алу жолы мен дауыс аппараты
| тыныс алу және тірек-қимыл аппараты
| ас қорыту және дауыс аппараты
| несеп шығаратын жүйе мен дауыс аппараты

| тынысалу және ас қорыту аппараты

~Кеңірдек –...

| көмей мен басты бронхтардың аралығында орналасқан түтікті ағза
| ауыз қуысы мен өңештің аралығында орналасқан түтікті ағза
| бүйректің жоғарғы шетінде орналасқан ағза
| бүйрек пен несеп қуықтың аралығында орналасқан түтікті ағза
| өкпелердің аралығында орналасқан үлесті ағза

~Кеңірдек айырығы –...

| кеңірдектің екі негізгі бронхтарға бөлінген жері

| көршілес шеміршектік жартылай сақиналардың аралығындағы дәнекер тіндік табақша
| кеңірдектің сыртқы қабығы
| кеңірдек қабырғасының қақпағы
| кеңірдектің қолқамен қиылысқан жері

~Мұрын қуысында... мұрын жолы орналасқан.

| үш
| екі
| төрт

| бес
| бір

~Төменгі мұрын жолына... ашылады.

| мұрын-көзжас өзегі

| маңдай қойнауы
| гаймор қойнауы
| торлы сүйектің (кеңсіріктің) алдыңғы ұяшықтары
| евстахий түтігі
~Көмейдің тақ шеміршегі:

| қалқаншатәрізді
| мүйізтәрізді
| сынатәрізді
| ожаутәрізді
| дән тәрізді

~Бүйректің екі полюсі дегеніміз:

| жоғарғы және төменгі шеттері

| вентралдық және каудалдық шеттері
| жоғаpғы және медиалдық шеттері
| медиалдық және артқы шеттері
| төменгі және вентралдық шеттері

~Бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі:

| нефрон

| ацинус
| бүйрек бүртігі
| бүйрек денешігі
| кіші тостаған

~Несеп ағардың ұзындығы:

| 25-30 см
| 5-7 см
| 10-15 см
| 10-20 см
| 8-10 см

~Несеп қуық... орналасқан.

| қасаға симфизінің артында

| қасаға симфизінің алдында
| сегізкөздің алдында
| сегізкөз-мықын буынының артында
| ұршық буынының жанында

~ Несеп қуық... қабырғасынан түзілген.

| шырышты, шырышасты негізі, бұлшықетті, дәнекер тінді (адвентициялық) қабықтардан
| шырышты қабықтан, шырышасты негізінен

| шырышасты негізінен, бұлшықетті қабықтан
| бұлшықетті, дәнкер тінді қабықтардан
| эпителийлі, сірлі, бұлшықетті қабықтардан

~Әйелдердің несеп шығаратын өзегі... ашылады.

| қынап тесігінен жоғары және алдында

| қынап тесігінің артында
| деліткінің алдында
| қынаптың бүйір жағында
| деліткінің оң жағында

~Несеп қуықтың шырышасты негізі... болмайды.

| несеп қуық үшбұрышында
| алдыңғы қабырғасында
| ұшында
| артқы қабырғасында
| бүйір қабырғасында

~Несепағардың бөліктері:

| іштік, жамбас астаулық

| кеуделік және іштік
| іштік және сегізкөздік
| жамбас астаулық және құйымшақтық

| кеуделік және құйымшақтық

~.. овуляция нәтижесінде анабезде пайда болатын құрылым.

| Сары дене
| Қоңыр дене
| Ақшыл дене

| Сүйелді дене
| Емізіктәрізді дене

~Сары дене бөлетін гормон... болып табылады.

| прогестерон

| тестостерон
| минералокортикоидтар
| глюкокортикоидтар
| адреналин және норадреналин

~Жатырдың бөліктері:

| түбі, денесі және мойыны
| түбі, денесі және құйрығы
| денесі, мойны және басы
| басы, денесі және түбі
| басы, денесі және құйрығы

~Жатырдың қабықтары:

| эндометрий, миометрий және периметрий

| эндометрий, параметрий және сірлі
| эндометрий, миометрий және сірлі
| эндометрий, эндоневрий және эндомизий
| эндометрий, периметрий және эпимизий

~Еркектің сыртқы жыныс ағзасы:

| ұма

| қуықасты безі
| шәует шығаратын түтік
| бульбоуретралдық бездер
| шәует қуықшалары

~Әйелдің сыртқы жыныс ағзасы:

| деліткі

| анабез
| жатыр
| жатыр түтігі
| қынап

~Еркектің жыныс жасушалары... дамып жетіледі.

| иреленген шәует өзекшелерінде

| атабез қосалқысында
| қуықасты безінде
| шәует қуықшасында
| буылтық-несеп шығаратын өзек бульбоуретралдық безінде

~ Анабездің шеттері....

| түтікті және жатырлық

| жатырлық және қуықтық
| жатырлық және бүйректік
| түтікті және жамбасты

| түтікті және іштік

~Терінің қызметі... болып табылады.

| терморегуляция

| ас қорыту

| газ алмасу
| ылғалдау
| жылытқыш

~Терінің түсін қамтамасыз ететін заттек:

| меланин

| кератогеалин
| кератин
| шелмай
| мочевина

~ Омыртқаның … өсіндісі бар.

| қылқанды

| құстұмсықтәрізді

| тәждік

| иық (акромион)

| бізтәрізді

~ Мойын омыртқаларына тән анатомиялық құрылым:

| көлденең өсінділеріндегі тесікте

| қабырғалық шұңқырларда

| тәждік өсіндіде

| емізіктәрізді өсіндіде

| бізтәрізді өсіндіде

~ Омыртқа бағанасының … мүйіс орналасқан.

| V-бел омыртқасының сегізкөзбен қосылған жерінде

| IV және V-бел омыртқаларының қосылған жерінде

| І-сегізкөз омыртқасында

| V-бел омыртқа денесінің тұсында

| ІІІ және IV бел омыртқаларының арасында

~ Сегізкөздің … құлақтәрізді буындық бет орналасқан.

| латералды бетінде

| дорсалды бетінде

| жамбастық бетінде

| сегізкөз негізінде

| сегізкөз ұшында

~ Жауырынның тоқпан жілікпен байланысатын буындық ойығы … орналасқан.

| жауырынның латералды бұрышында

| акромионда

| жауырынның жоғарғы бұрышында

| құстұмсықтәрізді өсіндісінде

| жауырын қылқанында

~ Сегізкөздің тақ қыры … құралған.

| қылқанды өсінділердің бітісуінен

| буындық өсінділерінің бітісуінен

| көлденең өсінділерінің бітісуінен

| денелерінің бітісуінен

| сегізкөздік мүйізшелерден

~ Тоқпан жіліктің дисталды шетінде … орналасқан.

| басы

| шынтақ өсіндісі

| кіші төмпешік

| төмпешікаралық жүлге

| дельтатәрізді бұдырмақ

~ Кәріжіліктің дисталды шетінде … бар.

| бізтәрізді өсіндісі

| басы

| мойны

| емізіктәрізді өсіндісі

| бұдырмағы

~ Ұршық ойығын құруға қатысатын … болды.

| мықын сүйек

| ортан жілік

| асықты жілік (үлкен жіліншік)

| сегізкөз

| асықты жілік шыбығы (кіші жіліншік)

~ Ортан жіліктің дисталды шетінде … орналасқан.

| тақымдық беті

| ұршықаралық қыр

| үлкен ұршық

| басы

| мойны

~ Асықты жіліктің дисталды шетінде … орналасқан.

| медиалды толарсақ

| асықты жіліктің бұдырмағы

| латералды толарсақ

| камбалатәрізді бұлшықет сызығы

| айдаршықаралық томпақ

~ Тілерсек сүйегіне … жатады.

| өкше сүйегі

| үлкен трапециятәрізді сүйек

| кіші трапециятәрізді сүйек

| басты сүйек

| ілмектәрізді сүйек

~ … сүйегі мисауытын құруға қатысады.

| Шүйде

| Жоғарғы жақ

| Мұрын

| Желбезек

| Таңдай

~ Жұтқыншақтық төмпешік … сүйегінде орналасқан.

| шүйде

| маңдай

| шеке

| сынатәрізді

| самай

~ Мисауытында үлкен және кіші қанаттар … сүйегінде орналасқан.

| сынатәрізді

| шеке

| шүйде

| маңдай

| самай

~ Мисауыттағы … сүйекте гипофизарлық шұңқыр орналасқан.

| сынатәрізді

| маңдай

| торлы сүйек

| шүйде

| самай

~ Самай сүйектің пирамида бөлігі арқылы … нерві өзегі өтеді.

| бет

| көру

| әкетүші

| кезбе

| үшкіл

~ Жоғарғы жақсүйек қойнауына … ашылады.

| ортаңғы мұрын жолы

| жоғарғы мұрын жолы

| сына-таңдай шұңқыры

| төменгі мұрын жолы

| мұрын-көзжас өзегі

~ Мойындырық тесігін … сүйегі шектейді.

| шүйде

| сынатәрізді

| маңдай

| шеке

| торлы

~ Маңдай қойнауына … ашылады.

| ортаңғы мұрын жолы

| жоғарғы мұрын жолы

| алдыңғы бассүйек шұңқыры

| жоғарғы көзұя саңылауы

| төменгі мұрын жолы

~ Қанат-таңдай шұңқырын … мұрын қуысымен байланыстырады.

| сына-таңдай тесігі

| сопақ тесік

| қанаттәрізді өзек

| қанаттәрізді-жоғарғы жақсүйектік саңылау

| дөңгелек тесік

~ Көзұяның медиалды қабырғасын құруға … сүйегі қатысады.

| көзжас

| бет

| самай

| тіласты

| төменгі жақ

~ Жоғарғы мұрын жолына … ашылады.

| сынатәрізді қойнаудың тесігі

| маңдай қойнауының тесігі

| торлы сүйектің алдыңғы ұяшықтары

| жоғарғы жақсүйек қойнауы

| мұрын-көзжас өзегі

~ Мұрын қуысының латералды қабырғасын құруға … сүйегі қатысады.

| жоғарғы жақ

| көзжас

| бет

| самай

| шүйде

~ Омыртқа доғасын... байлам байланыстырады.

| сары

| алдыңғы бойлық

| артқы бойлық

| желке

| қылқанаралық

~ Омыртқа бағанасының ең қозғалмалы...

| мойын бөлімі

| жоғарғы кеуде бөлімі

| төменгі кеуде бөлімі

| бел бөлімі

| сегізкөз бөлімі

~ Шынтақ буынына жататын анатомиялық құрылым:

| кәрі жіліктің сақинатәрізді байламы

| буындық ерін

| менискілер

| буындық диск

| сүйекаралық жарғақ

~ Сирақ-асық буынын құруға... сүйегі қатысады.

| асықты жілік

| өкше

| қайықтәрізді

| шаршытәрізді

| медиалды сынатәрізді

~ Иық буынының байламы:

| құстұмсық-тоқпан жілік байламы

| құстұмсық-акромиалды байлам

| құстұмсық-бұғана байламы

| жауырынның төменгі көлденең байламы

| жауырынның жоғарғы көлденең байламы

~ Шынтақ буынындағы қозғалыстар:

| білекті бүгу және жазу

| тоқпан жілікті әкелу және әкету

| тоқпан жілікті айналдыру

| қолды шеңбер бойымен айналдыру

| білекті әкету және әкелу

~ Кәрі жілік-білезік буынындағы қозғалыстар:

| әкелу және әкету

| кәрі жілікті айналдыру

| шынтақ жілікті айналдыру

| супинация

| пронация

~ Сегізкөз-мықын буынының байламы:

| сегізкөз-мықын байламы

| сегізкөз-төмпе байламы

| сегізкөз-қылқан байламы

| ортан жілік басының байламы

| ұршық ойығының көлденең байламы

~ Тізе буынының қозғалыстары:

| бүгу және жазу

| әкету

| шеңбер бойымен қозғалу

| әкелу

| супинациа

~ Кеуде торын кеңейтуге... бұлшықеті қатысады.

| алдыңғы тісті

| үлкен ромбтәрізді

| жауырынды көтеретін

| трапециятәрізді

| арқаның аса жалпақ

~Қабырғаны түсіретін бұлшықет:

| ішкі қабырғааралық бұлшықет

| сыртқы қабырғааралық бұлшықет

| трапециятәрізді бұлшықет

| арқаның аса жалпақ бұлшықеті

| алдыңғы тісті бұлшықет

~ Іштің тік бұлшықеті қынабының артқы қабырғасын түзуге... қатысады.

| көлденең шандыр

| іштің көлденең бұлшықетінің апоневрозы

| іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

| іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

| шап байламы

~ Шап өзегінің төменгі қабырғасын құруға... қатысады.

| шап байламы

| іштің ішкі қиғаш бұлшықеті

| іштің тік бұлшықеті

| көлденең шандыр

| пирамидатәрізді бұлшықет

~ Мимикалық бұлшықеттердің топографиялық және құрылымдық ерекшеліктері:

| тері асты шандырымен қапталмаған

| терең орналасады

| бассүйек тесіктерінің айналасына шоғырланған

| сүйектерге бекиді

| І-ші висцералды доға негізінде дамиды

~ І-қабырға мен бұғана арасында... бұлшықеті орналасқан.

| сыртқы қабырғааралық

| үлкен кеуде

| кіші кеуде

| бұғанаасты

| алдыңғы тісті

~ Көкеттің сіңірлі орталығында … орналасқан.

| төменгі қуыс вена тесігі

| өңеш тесігі

| қолқалық тесігі

| төс-қабырға саңылауы

| бел-қабырға саңылауы

~ Меншікті шайнау бұлшықеті … басталады.

| жоғарғы жақсүйектің бетсүйектік өсіндісінен

| сынатәрізді сүйектің қанаттәрізді өсіндісінен

| самай сүйектің бізтәрізді өсіндісінен

| жоғарғы жақсүйектің алвеолалық доғасынан

| самай сүйектің емізіктәрізді өсіндісі

~ Көкеттің бұлшықетті бөлігінен … тесігі өтеді.

| қолқа

| төс-қабырға

| бел-қабырға

| төменгі қуыс вена

| жоғарғы қуыс вена

~ Иықтың үш басты бұлшықетінің қызметі:

| білекті жазады

| иықты пронациялайды

| иықты супинациялайды

| иықты әкетеді

| иықты әкеледі

~ Үлкен шонданай тесігі арқылы … бұлшықеті өтеді.

| алмұрттәрізді

| мықын-бел

| ішкі жапқыш

| сыртқы жапқыш

| қырлы

~ Ерлердің шап өзегінен … өтеді.

| шәует шылбыры

| несепағар

| несеп шығаратын өзек

| шәует қуықшасы

| жатыр түтігі

~ Сан өзегінің терең сақинасын … шектейді.

| торлы шандырдың орақтәрізді жиегі

| шәует шылбыры

| мықын-қыр доғасы

| шап байламы

| қырлы бұлшықет

~ Тақым шұңқырын латеральды … бұлшықеті шектейді.

| санның екі басты

| жіңішке

| үлкен әкелуші

| ұзын әкелуші

| тігінші

~ Әйелдердің шап өзегінен … өтеді.

| жатырдың жұмыр байламы

| шәует шылбыры

| анабездің меншікті байламы

| шәует қуықшалары

| жатыр түтіктері

~ Шап өзегінің алдыңғы қабырғасын … құрайды.

| іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

| іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

| көлденең бұлшықет апоневрозы

| көлденең шандыр

| шап байламы

~ Ауыз кіреберісінің қабырғасын … құрайды.

| еріндер

| таңдай бадамшасы

| жұмсақ таңдай

| ауыз көкеті

| жақасты сілекей безі

~ Ауыз кіреберісін меншікті ауыз қуысынан … бөліп тұрады.

| тістер

| аңқа

| еріндер

| таңдай-тіл доғалары

| ұрттар

~ Аңқаны … шектеп тұрады.

| жұмсақ таңдай

| түтік буылтығы

| көмей қақпашығы

| тіласты қатпары

| ауыз көкеті

~ Тістің бөліктерін көрсетіңіз

| тіс сауыты

| нервтер

| қан тамырлар

| лимфа тамырлары

| қызылиек

~ Адамның тұрақты тістері … шыға бастайды.

| 6-7 жаста

| 6-7 айда.

| 2-3 жаста

| 9-10 жаста

| 7-8 жаста

~ Шықшыт безінің түтігі … ашылады.

| ауыз кіреберісіне

| тіласты бүртігіне

| тіласты қатпарының шырышты қабығына

| жұмсақ таңдайға

| меншікті ауыз қуысына

~Төменгі жақсүйек асты безі … ашылады.

| тіласты бүртігіне

| төменгі ерін жүгеншігіне

| ауыз кіреберісіне

| бадамшаүсті шұңқырына

| меншікті ауыз қуысына

~ Ауыз қуысы жұтқыншақпен … арқылы байланысады.

| аңқа

| хоаналар

| евстахий түтігінің жұтқыншақтық тесігі

| көмей кіреберісі

| алмұрттәрізді тесік

~ Тілде науашықтәрізді бүртіктер … орналасқан.

| шекаралық жүлге мен соқыр тесіктің алдында

| тілдің жиегінде

| тілдің ұшында

| тіл арқашығының бетінде

| тіл денесі мен түбірінің арасында

~ Тіл бадамшасы … орналасқан.

| тіл түбірінде

| тіл жиегінде

| тілдің денесі

| тілдің төменгі бетінде

| тілдің ұшында

~ Өңештің бөлігі:

| кеуделік бөлік

| бастық бөлік

| ауыздық бөлік

| ішастар артындағы бөлік

| айырықтық бөлік

 

~ Ішектің … бөлігінде пейер түйіншелері орналасқан

| мықын ішек

| асқазан

| 12-елі ішек

| аш ішек

| соқыр ішек

~ Аш ішек ішастармен … жабылған.

| интраперитонеалды

| экстраперитонеалды

| мезоперитонеалды

| ретроперитонеалды

| экстра-, мезо- және интраперитонеалды

~ Ішек түтігінің … бөлігінде алғашқы рет май ыдырай бастайды

| аш ішек

| өңеш

| асқазан

| 12-екі ішек

| сигматәрізді ішек

~ Эмбрионалды кезеңде қан өндіру қызметін … атқарады.

| бауыр

| өтқуық

| бүйрек

| ұйқы безі

| асқазан

~ Купфер жасушалары... фагоцитарлық қызмет атқарады

| бауырда

| өтқуықта

| бүйректе

| ұйқы безінде

| асқазанда

~ Тоқ ішектің бастапқы бөлігін атаңыз

| соқыр ішек

| көлденең жиек ішек

| жоғарылаған жиек ішек

| сигматәрізді ішек

| тік ішек

~ Соқыр ішек ішастармен... жабылған.

| интраперитонеалды

| мезоперитонеалды

| ретроперитонеалды

| экстраперитонеалды

| интра-, мезо- және экстраперитонеалды

~ Ұйқы безінің басын қоршай орналасқан ағза:

| он екі елі ішек

| асқазан

| көкбауыр

| бауыр

| бүйрек

~ Ұйқы безінің құйрығы бөлігінде... орналасқан.

| көкбауыр

| асқазан

| он екі елі ішек

| бауыр

| бүйрек

~ Ұйқы безінің алдыңғы бетіне жанасып жатқан ағза:

| асқазан

| он екі елі ішек

| көкбауыр

| бауыр

| бүйрек

~ Мұрын қуысының тыныстық аймағының бездерін көрсетіңіз

| шырышты бездер

| терлік бездер

| сірлік (сероздық) бездер

| май бездері

| шырышасты бездері

~ Төменгі мұрын жолына... ашылады.

| мұрын-көзжас өзегі

| торлы сүйектің ортаңғы ұяшықтары

| жоғарғы жақсүйек қойнауы

| торлы сүйектің артқы ұяшықтары

| сынатәрізді қойнау

~ Мұрын қуысының веналық өрімінің қызметі:

| ауаны жылыту

| қорғаныш

| фагоцитоз

| ауаны ылғалдандыру

| тазарту

~ Көмейдің жүзікке ұқсас тақ шеміршегі:

| жүзік тәрізді

| қалқанша тәрізді

| мүйіз тәрізді

| сынатәрізді

| көмей қақпашығы

~ Көмей кіреберісін шектейтін тақ шеміршек:

| көмей қақпашығы

| қалқанша тәрізді

| қалқанша маңы

| мүйіз тәрізді

| сынатәрізді

~ Көмей артқы жағынан... жанасады.

| жұтқыншақтың көмейлік бөлігімен

| тіласты бұлшықетімен

| қалқанша безімен

| жұтқыншақпен

| мойын шандырының омыртқа алды табақшасымен

~ Көмейдің екі табақшадан тұратын шеміршегі:

| қалқанша

| жүзіктәрізді

| көмей қақпашығы

| мүйізтәрізді

| сына тәрізді

~ Адам алмасы бұрышын құрайтын көмейдің шеміршегі:

| қалқанша

| жүзіктәрізді шеміршек

| мүйізтәрізді

| сынатәрізді

| көмей қақпашығы

~ Дауыс түзуге... бұлшықеттері қатысады.

| көмей

| ауыз қуысы қабырғасының

| тіл

| жұтқыншақ

| таңдай және көмей

~ Ересек адамда кеңірдек айырығы... деңгейінде орналасқан.

| V-кеуде омыртқасы

| төс бұрышы

| төстің мойындырық тілігі

| қолқа доғасының жоғарғы жиегі

| VII-кеуде омыртқасы

~ Өкпе қақпасына... кіреді.

| басты бронхтар

| сол ұйқы артериясы

| оң ұйқы артериясы

| жалпы ұйқы артериясы

| ішкі мойындырық венасы

~ Оң өкпедегі сегменттер саны:

| 10

| 5

| 6

| 7

| 8

~ Бронх тармақтарының (ағашының)... бөлігінде шеміршек болмайды.

| соңғы бронхшалар

| басты бронхтар

| үлестік бронхтар

| үлесшелік бронхтар

| сегменттік бронхтар

~ Өкпенің құрылымдық-функционалдық бірлігі:

| ацинус

| соңғы бронхшалар

| тыныстық бронхшалар

| көпіршіктік (альвеолярлық) жолдар

| сегменттік бронхтар

~ Өкпенің құрылымдық элементтерінде ауа мен қан арасында газ алмасу... жүреді.

| көпіршіктерде (альвеолдар)

| сегменттік бронхтарда

| үлесше бронхшаларында

| үлестік бронхтарда

| соңғы бронхшаларда

~ Оң өкпедегі үлестер саны:

| 3

| 1

| 2

| 4

| 5

~ Артқы көкірекаралықта... орналасқан.

| өңеш

| жүрек

| айырша без

| жоғарылаған қолқа

| жоғарғы қуыс вена

~ Айырша без... бөлігінде орналасқан.

| көкірекаралықтың алдыңғы

| көкірекаралықтың артқы

| көкірекаралықтың жоғарғы

| көкірекаралықтың ортаңғы

| көкірекаралықтың алдыңғы-артқы

~... несеп өндіретін ағза болып саналады.

| Бүйрек

| Бауыр

| Көкбауыр

| Жатыр

| Несепқуық

~ Бүйректің милы заты... құралған.

| пирамидалардан

| бағаналардан

| кіші тостағаншалардан

| үлкен тостағаншалардан

| түбектен

~ Бүйрек ішастармен... жабылған.

| экстраперитонеалды

| интраперитонеалды

| мезоперитонеалды

| ретроперитонеалды

| интра-, мезо- және экстраперитонеалды

~ Тамырлы шумақ.... орналасқан.

| Шумлянский-Боумен қапшығында (капсуласында)

| ілмекте

| проксималды иреленген өзекшеде

| дисталды иреленген өзекшеде

| ендірме бөлігінде

~ Атабездің... сперматозоидтар түзеді.

| иреленген шәует өзекшелері

| шығаратын өзекшелер

| тік шәует өзекшелері

| атабез торының өзекшелері

| атабез қосалқысының өзекшелері

~ Атабездің... ішастардың туындысы болып табылады

| қынаптық қабығы

| ішкі шәует шандыры

| сыртқы шәует шандыры

| көтеретін бұлшықеттің шандыры

| атабезді көтеретін бұлшықет

~ Бүйрек түбегін... несепқуықпен байланыстырады.

| несепағар

| шәует шылбыры


Дата добавления: 2015-08-06 | Просмотры: 3314 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.289 сек.)