АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Стандарт «Жамбаспен келгендегі босану биомеханизмі»

Прочитайте:
  1. IV. Міжнародні стандарти
  2. В соответствии с государственным стандартом послевузовской профессиональной подготовки специалистов с высшим медицинским образованием по специальности
  3. Визначення групи крові за допомогою стандартних гемаглютинуючих сироваток.
  4. Визначення групи крові за допомогою стандартних сироваток.
  5. Державний стандарт
  6. Диагностический стандарт обследования больного пневмонией
  7. Европейский стандарт обработки рук, EN-1500
  8. ИНТЕНСИВНАЯ ТЕРАПИЯ ОСТРОЙ ПОЧЕСНОЙ НЕДОСТАТОЧНОСТИ (СТАНДАРТ ДЕЙСТВИЙ)
  9. ИНТЕНСИВНАЯ ТЕРАПИЯ ПРИ АСПИРАЦИОННОМ СИНДРОМЕ ( СТАНДАРТ ДЕЙСТВИЙ)
  10. Методический стандарт сестринской манипуляции «Разведение антибиотиков и введение необходимой дозы ребенку»

Жамбасымен келген ұрықтың босану каналымен жүруі жатыр мойнының толық ашылуы аяқталған соң басталады.

1. Құйрығы көлденең өлшемімен жамбастың бір қиғаш өлшеміне орнығады (linea intertrochanterica). Құйрығы қиғаш өлшемімен жамбасқа түседі, осы кезде алдыңғы құйрығы артқы құйрығынан төмен түсіп жетекші нүкте рөлін атқарады, онда босану ісігі орналасады.

2. Құйрығы жамбасқа түсе отырып іште бұрылыс жасайды, жамбас түбінде ол тік өлшеміне орнығады. Алдыңғы құйрығы шатқа, артқы құйрығы сегізкөзге қарап орнығады.

3. Сосын құйрығы тесіп, жарып шығады. Бірінші алдыңғы құйрығы жарып шығады, ол шатқа тіреліп, бекіту нүктесін құрайды. Бекіту нүктесінің бойында тұлғасы қатты бүйіріне иіліп, артқы құйрығы туылады, содан кейін артқы құйрығы толық туылады. Жамбасы туылғаннан кейін тұлғасы түзеліп, бала кіндігіне дейін, сосын жауырынының төменгі бұрышына дейін туылады, бұл кезде ол сәл арқасымен алдына қарай бұрылады.

4. Иығы көлденең өлшемімен жамбастың кіреберісінің қиғаш өлшеміне түседі. Жамбастан шығарда тік өлшеміне ауысады. Алдыңғы иығы шатқа тіреледі, бірінші артқы иығы, содан соң алдыңғы иығы туылады.

5. Бас бүгілген күйі жамбастың қиғаш өлшеміне түседі, шүйдесімен алға қарап іште бұрылыс жасайды. Шүйде ойығы шатқа тіреліп, бекіту нүктесі орнайды.

Жыныс ернеуінің бірінші иегі, сосын беті, маңдайы, төбесі және желкесі туылады. Басы кіші қиғаш өлшемімен туылады, дереу жарып шығуы арқасында өзінің дөңгелек пішінін сақтап қалады.

Аяқпен келгенде жыныс ернеуімен бір немесе екі аяғы көрінеді. Алдыңғы жүретін алдыңғы аяғы шатқа қарайды. Аяғы тізесіне дейін туылғанда құйрығы жамбасқа түседі. Одан кейінгі босану механизмі жоғарыдағыдай болады.

 

 

3.1.21.Стандарт «Таза бөксесімен жатқандағы Цовьянов тәсілі»

Мақсаты: ұрықтың мүшелелерінің қалыпты жағдайын сақтау.

Көрсетілімі: таза бөксемен жатқандағы босануды жүргізу.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Тәсілді бөксесі жарып шыққаннан кейін қолданады. Қолдарыңыздың бас бармақтарымен сандарын ұстап, тұлғасына қысып шалқаюына бой бергізбеңіз. Басқа саусақтарыңызды ұрықтың сегізкөзіне қойыңыз.

2. Қолдарыңыздың саусақтарын тұлғасы мен бөксесінің туылғандығына қарай жоғарыға сырғытып, жылжытыңыз, бірақ ұрыққа жарақат тудырмау қажет.

3. Тұлғасы алдыңғы жауырынның төменгі бұрышына дейін туылғанда тәсіл өз мақсатына жетеді.

 

3.1.22. Стандарт «Аяғымен жатқандағы Цовьянов тәсілі»

Мақсаты: аяғымен жатуды жамбасымен жатудың толық түріне ауыстыру, сонымен қатар баланың иығы мен басы туылуына босану жолдарын кеңейту.

Көрсетілімі: аяқпен келгендегі босануды жүргізу;

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Ұрықтың аяқтары қынапқа түсе салысымен алақанға салынған стерильді жаялықпен жыныс ернеулерін жабыңыз.

2. Әр толғақ келген сайын аяғының жыныс ернеуінен шығуына қарсылық көрсетіңіз. Осы қарсылық жатыр мойыны толық ашылғанша көрсетіледі. Осы уақытқа дейін жамбасы жамбастың түбіне түсіп, бала тізерлеп отырады да аяқпен жату, жамбасымен жатудың толық түріне өтеді, осының арқасында босану жолдары жақсы ашылады.

3. Қарсылық көрсету, ұрықтың аяқтары акушерканың алақанынан шыға бастаған сәтте аяқталады.

 

3.1.23. Стандарт «Жамбаспен жатқандағы классикалық қолмен жәрдем беру әдістемесі»

Әдістеменің мақсаты: қолын және басын босату.

Қажеттілігі: Жамбаспен жатқандағы қолының қайырылып қалуы.

Іс әрекет алгоритмі:

1. Нәрестенің аяғынан ұстап оң (бірінші позицияда) немесе сол (екінші позицияда) шабына бұрып және екінші қолдың екі саусағымен сегізкөздің кіріңкі жерінен артқы қолын шығарыңыз. Ол үшін екі саусақ пен шынтақ буынын басып, саусақпен кеудесіне жылжытып нәресте «бетін жуғандай» қимылмен босатып алыңыз.

2. Сосын екі қолымен кеудесінен ұстап, оны 1800 бұрыңыз, алдыңғы қолды артқа ауыстырып алыңыз. Сосын бірінші қолды шығарғандай босатыңыз.

3. Басы Морисо- Левре- Ляшапель әдісімен шығарылады. Саусақтарыңызды қынапқа енгізіңіз (бірінші позицияда- сол, екінші позицияда-оң)

4. Баланы білекке «атқа отырғызғандай» отырғызыңыз.

5. Баланың аузына енгізген сұқ саусақпен баланың басын төмен қарай бүгіп ұстаңыз.

6. Сырттағы қолдың сұқ және ортаңғы саусағымен баланың иығынан ұстаңыз.

7. Сырттағы қолмен төменге және өзіңізге шат пен шүйде ойығының арасында бекіту нүктесі орнағанша тартыңыз, сосын алға тартыңыз. Алдымен ауызы сосын беті, маңдайы, төбе төмпешіктері және желкесі туылады.

Ескерту. Баланы жарақаттап алмау үшін әдістемедегі барлық іс-әрекеттерді өте ұқыпты жасау керек, өйткені дөрекі іс-әрекет баланың мойын омыртқасын зақымдап жұлынның зақымдануына әкеліп соғуы мүмкін.

 

 

3.1.24. Стандарт «Класикалық сыртқы-ішкі ұрықтың аяғына бұру операциясы»

Мақсаты: ұрықтың қалыпсыз жағдайдан ұзынынан жатуға ауыстыру.

Қажеттілігі: қазіргі уақытта ұрық дұрыс жатпаған жағдайда жедел көмек көрсету үшін, суы ерте кеткен және көп ұрықта немесе екінші ұрық бірінші ұрық туылғаннан кейін көлденең орналасып алған жағдайда қолданылады.

Шарты: Жатыр мойынының толық ашылуы, ұрықтың жатырда еркін қозғалуы (қағанақ суы бүтін, немесе сәл қазір ғана жарған) ұрық өлшемінің анасының жамбас өлшеміне сәйкестігі; тірі ұрық.

Қажетті құрал-жабдықтар: босану бөлмесі жабдықталған, залалсыздандыратын ерітінді, мақта шариктері, корнцанг, стерильді қолғаптар, қуық катетері, фантом, наркоз беретін аппарат, дәрі-дәрмектер, стерильді шприцтер.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қуықтағы зәрді катетермен шығарыңыз.

2. Операцияға келісімін алыңыз.

3. Босанушы әйелдің сыртқы жыныс ағзаларын антисептикалық ерітіндімен сүртіңіз (1% иодонат ерітіндісі немесе 2 % йод ерітіндісі).

4. Қолыңызды хирургиялық әдіспен жуып, стерильді қолғап киіңіз.

5. Босанушы әйелге жалпы жансыздандыру жүргізіңіз.

6. Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс ернеулерін ашыңыз.

7. Ішкі қолды «конус» түрінде жиыстырып жамбастың тік өлшеміне сәйкес қынапқа енгізіңіз. Егер қағанақ суы бүтін болса, оны жара сала қолды қынапқа енгізіңіз.

8. Ішкі қол ішкі мойын өзегіне кірген сәтте, сыртқы қолдың алақанын жатырдың түбіне жайғастырып ұстап тұрыңыз. Бірінші позициясында сол қолды жатырдың оң жартылығына, екінші позициясында оң қолды жатырдың сол жартылығына еңгізіңіз.

9. Алдыңғы түрінде артқы аяғын, алдыңғы түрінде үстіңгі аяғын ұстаңыз (бұрғаннан кейін алдыңғы түрді сақтау үшін). «Қысқа жолмен» аяғын табу – қолы жылжып бірден ұрықтың жамбасына орналастырылады. «Ұзын жолмен» аяғын табу – қолы ұрықтың тұлғасынан жылжып бөксесіне, санына және балтырына жылжиды.

10. Аяғын балтырынан ұстаңыз: 4 саусақты балтырдың алдынан орап, бас бармақты балтырдың артқы жағына және тірсек ұяшығынан ұстаңыз. Іштегі қолмен аяғын жыныс ернеулеріне дейін тартыңыз.

11. Сыртқы қолыңызды ұрықтың басына қойыңыз. Ұрықты шығарған кезде басын арқасына қарай бұрыңыз.

12. Жыныс ернеуінен аяғы мен тізесі көрінгенде бұрылыс аяқталды деп саналады. Бұрылыстан кейін ұрықты жамбасынан тартып шығару жүргізіледі.

 

3.1.26. Стандарт «Экспресс- әдісімен зәрдегі нәруызды анықтау»

Мақсаты: Кеш гестоздарды ерте диагностикалау.

Керекті құрал – жабдықтар: кеме (судно), стерилді құты, таған түтіктерімен, шиша, 30% сульфосалицил ерітіндісі немесе 3-5 % сірке суы, пипетка, спиртті жанарғы.

Іс – әрекет алгоритмі:

1. Жүкті әйелге бұл зерттеудің қажеттілігін түсіндіріңіз

2. Жүкті әйелге зәрін стерильді құтыға жинауын өтініңіз.

3. Түтікке зәрдің 4-5 мл құйыңыз.

4. Сынаманы сульфосалицил қышқылымен жасаңыз.

30% сульфосалицил қышқылының 6-10 тамшысын зәрі бар түтікте араластырыңыз. Зәрде нәруыз болғанда зәрдің түсі лайланады немесе тұнба пайда болады.

5. Сынаманы сірке қышқылымен жүргізіңіз:

Түтікке 6-10 тамшы зәрді құйып оны спиртті жанарғымен қайнатыңыз, нәруызы болған зәрдің түсі өзгереді. Түсі өзгерген зәрге 3-5% сірке суы қышқылының бірнеше тамшысын тамызыңыз. Егер тұнба қыртысы жоғалып кетсе –онда сынама теріс болғаны.

 

3.1.27. Стандарт «Эклапсиядағы акушерканың (фельдшердің)іс-әрекеті»

Мақсаты: Жедел көмек көрсету.

Қажетті құрал-жабдықтар: ауызкергіш; тілұстағыш; ауа жібергіш; бетперде мен Амбу қапшығы, электросорғыш, оттегі, тонометр, фонендоскоп, секундомер, термометр, көк тамырға салатын катетерлер № 16-18, 25% магний сульфатының ерітіндісі, физиологиялық ерітінді, зәрдің резінке катеторы, корнцангтер, мақта және дәкелік шариктер, дәкелік тығындар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Бос персоналдың мобилизациясын жасаңыз (шақыру) акушер – гинекологты; анестезиологты; лаборантты;

2.Әйелдің жағдайын бағалаңыз: артериялық қан қысымын; тамыр соғысын; дене қызуын; тері жабындығын; дем алуының жиілігін;

3.Науқасты сол қырымен жатқызып, зақымдалудан сақтаңыз, бірақ қатты қыспаңыз.

4.Оттегімен қамтамасыз етіңіз.

5.Ауызкергіштің көмегімен жақты ашып, тілұстағышпен тілді ұстаңыз. Талма аяқталғаннан соң, керек болса ауыз қуысы мен жұтқыншақты тазалаңыз.

6. Перифериялық көктамырға (№,18, 16 катетер) катетеризация жасаңыз.Магнезиалдық терапияны бастаңыз. 25 % - 20 мл магний сульфатын 10-15минут аралығында жәй жіберіңіз (бастапқы дозасы) 25% - 80,0 мл магний сульфатын 320,0 физиологиялық ерітіндіге қосып к\т тамшылату, минутына 11 тамшыдан тамшылату (ұстап тұратын дозасы)

7.Тұрақты катетермен қуыққа катетеризация жасаңыз.

8.Ұстап тұратын дозаны жалғастыра отырып, реанимация бөліміне ауыстырыңыз.

9.Перинатальдық орталықтағы бас акушер-гинекологқа ақпаратты жеткізіңіз (тәулік бойы)

 

 

3.1.28. Стандарт «Жатыр мойынының жетілгендігін бағалау»

Мақсаты: босану жолдарының босануға дайындығын бағалау.

Қажетті құрал-жабдықтар: гинекологиялық кресло, жеке жаялық, залалсыздандырылған қолғаптар, мақта шаригі, 1 % иоданат ерітіндісі немесе 2 % йод ерітіндісі.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Жүкті әйелге тексерудің қажеттілігін түсіндіріңіз.

2. Жүкті әйелдің жеке жаялығын төсеп гинекологиялық креслоға жатқызыңыз.

3. Сыртқы жыныс мүшелерін бір дезинфекциялық ерітіндімен залалсыздандырыңыз (1 % иоданат немесе 2 % йод ерітіндісі).

4. Стерильді қолғапты киіңіз.

5. Сол қолдың 1 және 2 саусағымен үлкен жыныс еріндерін ашыңыз, ал оң қолдың 2 және 3 саусағын қынапқа еңгізіңіз.

6. Жатыр мойнына пальпация жасай отырып, оның тығыздығын, ұзындығын, жамбастың осіне сәйкес келе жатыр мойнының пісіп жетілгендігі.

7. Жатыр мойнының жетілуіне баға беріңіз. Жатыр мойны 2 см қысқарса, жұмсарса, цервикальды канал 1 саусаққа ашылса және жатыр мойны осі жамбастың осіне сәйкес келсе, жатыр мойнының пісіп жетілгендігі.

8. 1 рет қолданыста болған биялайды шешіп инфекцияның алдын-алу ережесіне сәйкес қоқысқа тастаңыз.

9. Қолыңызды сабынды сумен жуыңыз.

10. Медициналық құжатқа жазыңыз.

 

3.1.29. Стандарт "Толғақтың ұзақтығы"

Мақсаты: Босану әрекетінің қарқынын бағалау.

Қажетті құрал-жабдықтар: босану тарихы,секундомер.

Іс-әрекет алгоритімі:

1)Жүктi әйелге бүл зерттеудiң маңызын түсіндiрiңiз.

2)Жүктi әйелге қарама-қарсы үстелге отырыңыз.

3)Жылы колыңызды жүктi әйелдiң iшiне қойыңыз.

4)Секундомер тілімен толғақтың ұзақтығын анықтаңыз жатырдың жирылуы уақыт аралығын) жатыр бұлшық етiнiң қаншалықты жирылу күшін және босанушының реакциясын бағалаңыз, толғақтың бiткен уақытын белгiлеңiз.

5)Толғақтың тоқтау аралығын анықтаңыз.

6)Мінездеме үшін 3-4 толғақтың уақыт аралығына, күшiне, ауырсынуына баға беріңіз.

 

3.1.30. Стандарт "Партограмма"

Қазақстан Республикасының 07.04.10 ж. Денсаулық Сақтау Министiрлiгiнiң бұйрығының қосымша бөлігі Клиникалық протоколға қосымша " 2" Физиологиялық босану бөлігі.

Қалыпты физиологиялык босану кезін бақылайтын жалғыз кұжат болып табылады.

Партограмма Әйел "босану"деген диагнозбен түскенде стационарда жүргізіледі.

Толтыру заңдылығы: Науқас туралы мәлімет: аты-жөнi, жүктiлік саны және босануы, туу тарихы, туу блогына түскен уақыты мен күнi, судың кеткен уақыты.

Баланың жүрек соғысының жиілігі:әр жарты сағат сайын жазылады(әр 15мин сайын тыңдалады)-нүктемен белгiлейді

Қағанақ суы:Әр кынаптық тексерулерден кейін амниондағы сұйықтықтың түсі анықталады.

I-қағанақ суы бүтін;

С- қағанақ суының түсі ашық және таза;

М-суы меканиме (кез келген түсте болады);

В-суда қаның жоқ болуы;

А- судың жоқ болуы/бөлінуі.

Бастың конфигурациясы:

0-Конфигурация жок;

+- Жiптері оңай ашылады;

++-Тігістер бiр бiрiнiң үстiнде, бірақ басқан кезде ашылады;

+++-Тiгiс бiр бiрiнiң үстiнде, бiрақ ашылмайды;

Жатыр мойнының ашылуы: Әр қынаптық тексеруден кейiн бағаланады және Х деп белгiленедi;

Сақ болу сызығы: жатыр мойыны 3см ашылғаннан басталып 1 сағаттан 1см қадаммен толық ашылғанша созылады.

Әрекет сызығы:сақ болу сызығымен қатар жүреді,4 сағат оңға түсіп жүреді.

Бастың түсуі:басқа алдымен абдоминальді зерттеу сосын вагинальді зерттеу жүргізу арқылы бастың өтуін бағалау:

5/5 бст 5 саусақ шаттан жоғары кіші жамбас астауына кіре берісте;

4/5 4 саусак шаттан жоғары, кіші жамбас астауына тіреледі;

3/5 бстың үлкен бөлігі 3 саусақ шаттан жоғары қолға ұсталады;

2/5 шаттан 2 саусақ жоғары бастың кіші бөлігі шаттан жоғары қолға ұсталады;

1/5 бас кіші жамбас астауында.

Уақыты: Сызықтың сол жағынан белгіленеді. Уақытты ыңғайлы етіп жазу үшін толық 30 минут сайын жазу керек.мысалы 13:00 13:30.

Жатырдың жирылуы: Жатыр мойнының ашылуы мен қатар және бала басының жылжуы мен жатырдың жирылуы босану әрекетінің көрсеткіші болып табылады.Толғақтың реттілігі уақыт бойынша есептеледі. Әр жасуша бір жирылуды білдіреді. Әр түрлі штрихтердің түсі толғақтың белсенділігін көрсетеді.Партограммада 3 түрлі штрихтау қолдану керек.

нүктелі әлсіз толғақ,ұзақтығы 20 секунд.

қиғаш штрихтау қалыпты толғақ, ұзақтығы 20-40 секунд.

толық штрихтау қатты толғақ, ұзақтығы 40 секундтан астам.

Окситокцин: нұсқауы бойынша мөлшері концентрациясы жазылады.1 минутта салынатын дозасы әр 30 минут сайын (тамшымен немесе Б).

Дәрінің тағайындалуы:түрлі қосалқы тағайындалған дәрілер жазылады.

Пульс:әр 30 минут сайын нүктемен белгіленеді.

Артериялық қысым:әр 1 сағат сайын орташа жасушаның сызық дәрежеде белгіленіп отырады.

Дене температурасы:4 сағат сайын өзгеріп отырады. Протейн белок, ацетон және несеп мөлшері:әрбір несеп жолы бақыланып отырады.

 

3.1.31.Стандарт «Вастен белгісін анықтау»

Зерттеу мақсаты: жатырдағы нәрестенің басының клиникалық сәйкес келмеуін анықтау.

Іс-әрекет алгоритмі.

1. Босанушы әйелге зерттеудің мақсатын түсіндіріңіз.

2. Оны төсекке аяғын тік создырып жатқызыңыз.

3. Босанушы әйелдің жанына тұрып, шатына алақаныңызды ашып қойып, содан кейін баланың басына қарай сырғытпа қимылмен қолды қимылдатыңыз.

 

Егерде қолдың саусақтары жоғарыға жылжығанда симфиздін жоғары тұрған нәрсеге тірелсе, онда ол баланың басы болып есептеледі. Ол симфизге тіреліп тұрады бірақ түсе алмайды, яғни оның өлшемі жамбастын өлшемімен сәйкес келмейді. Бұндай жағдай Вастеннің белгісі оң деп есептеледі.

Егерде саусақтың қабырғасы жоғарыға жылжытқанда симфиздің жоғарғы бөлігінен нәрестенің басына сырғып еркін қойылса онда бұл Вастеннің теріс белгісі болып табылады. Бұл баланың басының өлшемімен және ананың жамбас кіре беріс өлшемінің сәйкес келуін куәландырады.

Егерде қолдың саусақтарын кедергісіз шатының үстінен нәрестенің басымен бір жазықтықты қалдырып, симфиздің жоғары жағына ілгерілесе, сонымен қатар симфиздің беті және нәрестенің басы жатырдың шыға берісіне толық бекітілсе, бір жазықтықта орналасса-бұл Вастен тепе-тең болып табылады. Ол жатыр мен бастың сәл сәйкессіздігін куәландырады, ол нәрестенің басының жақсы конфигурациясы мен жақсы босану қызметі болса жеңеді. Тарылған жамбастан баланың басы еркін шығуына негіз бар.

 

3.1.32. Стандарт «Цангеймейстр белгісін анықтау»

Зерттеу мақсаты: клиникалық тар жамбастың диагностикасы.

Қажетті құрал-жабдықтар: жамбас өлшегіш.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Босанушы әйелді тұрғызып, жамбас өлшегішпен жамбастың сыртқы конъюгатасын анықтаңыз, анықтаған санды есте сақтаңыз.

2. Жамбас өлшегіштің артқы жағындағы түймесін жылжытпастан симфиздің жоғарғы қырынан бала басының ең жоғарғы нүктесіне қарай жылжытыңыз.

3. Алынған сандарды салыстырыңыз. Егер алынған сан сыртқы конъюгатаның өшемінен кіші болса - жақсы болжам, егер артық болса – нашар болжам, егер белгі тең болса – болжам анық емес, ол бастың конфигурациясымен босану әрекетінің белсенділігіне байланысты болады.

 

 


Дата добавления: 2015-09-03 | Просмотры: 6794 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.031 сек.)