АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Стандарт «Амниотомия»

Прочитайте:
  1. IV. Міжнародні стандарти
  2. В соответствии с государственным стандартом послевузовской профессиональной подготовки специалистов с высшим медицинским образованием по специальности
  3. Визначення групи крові за допомогою стандартних гемаглютинуючих сироваток.
  4. Визначення групи крові за допомогою стандартних сироваток.
  5. Державний стандарт
  6. Диагностический стандарт обследования больного пневмонией
  7. Европейский стандарт обработки рук, EN-1500
  8. ИНТЕНСИВНАЯ ТЕРАПИЯ ОСТРОЙ ПОЧЕСНОЙ НЕДОСТАТОЧНОСТИ (СТАНДАРТ ДЕЙСТВИЙ)
  9. ИНТЕНСИВНАЯ ТЕРАПИЯ ПРИ АСПИРАЦИОННОМ СИНДРОМЕ ( СТАНДАРТ ДЕЙСТВИЙ)
  10. Методический стандарт сестринской манипуляции «Разведение антибиотиков и введение необходимой дозы ребенку»

Көрсетілімі: толғақты шақыру, толғақты күшейту, қағанақ суы тегіс болуы, судың көпітігі, бала жодасының жартылай орналасуы, артериалды гипертензия.

Қажетті құрал-жабдықтар: оң тәрізді қысқыштың бір жартысы, бір рет қолданыста болатын қолғаптар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қынаптық тексеру жасаңыз, жатыр мойнының қаншалықты ашылғандығын анықтаңыз, жатқан бөлігін, жатқан бөлігінің жамбастың жазықтығына қатынасын табыңыз.

2. Қысқышты (қолмен бақылау арқылы) ортаңғы және сұқ саусақтарының арасынан қынапқа еңгізіңіз.

3. Толғақ шегіне жеткен кезде, қағанақ суының қысымы барынша көтерілгенде оны тесіңіз.

4. Қағанақ қапшығындағы саңылауға сұқ саусағыңызды, сосын ортаңғы саусағыңызды еңгізіп, саңылауды бірте-бірте кеңейтіңіз. Қолдың бақылауымен қағанақ суын баяу ағызу керек (кіндіктің және ұсақ бөлшектерінің түсуінің алдын алу).

5. Судың сапасына және мөлшеріне баға беріңіз.

Стандарт «Онкоцитологияға cervex – brush – ты қолданып жағынды алу»

Тексерудің мақсаты: онкологиялық аурулардың ерте диагностикасы.

Ресурстар: Гинекологиялық кресло, залалсызданған жөргек, бүйрек пішінді

дәкелік тығын, әйнек, 96% - ды этил спирті немесе наркозға

арналған эфир, бекіткіш.

Іс – қимыл алгоритмі:

1 Пациенттен тексеруге келісім алады.

2 Гинекологиялық креслоға жеке залалсызданған жөргек төсейді.

3 Пациентке гинекологиялык креслоға шалқасынан жатуға және аяқтарын аяқ

ұстағышқа орналастыруға көмектеседі.

4. Қолды әдістердің біреуімен өңдейді.

5. Бүйрекпішінді лотокқа бір жұп қолғап, Куско айнасын, пинцет, 4 – 6 дәкелік

тығын салады.

6. Әйнек дайындалады (жуып, спирт немесе эфирмен сүртіп кептіреді),

бекіткіш, қораптағы Cervex – Brush.

7. Залалсызданған қолғаптар киеді.

8. Оң қолға Куско айнасын алады.

9. Сол қолдың сұқ және бас бармағымен жыныс еріндерін ашады.

10. Айнаны қынаптың ортасына дейін жабық күйінде енгізеді.

11. Айнаны көлденеңінен орналастырып қынап күмбезіне дейін енгізеді.

12. Айнаны ашады.

13. Айнаны винт арқылы бекітеді.

14. Жатыр мойнын, қынаптың қабырғаларын қарайды.

15. Визуалды жатыр мойны қалыпты болса, оның бетіндегі шырыштың мөлшерін

бағалау керек.

16. Егер шырыштың мөлшері көп болса, оны жұмсақ мақта тампонымен

абайлап сүртеді.

17. Cervex – Brush қорабын ашады.

18.Cervex – Brush – ты қынапқа визуалды бақылаумен енгізеді және оның конусын

абайлап жатыр мойны түтігіне бағыттайды.

19. Cervex – Brush – тың конусын цервикалды түтікке енгізген соң, оның қылтандарын

жатыр мойнының бетіне жақындатып сағат тілі бойынша үш және сағат тіліне

қарсы екі рет толық айналым жасайды.

20. Қылтанды қынаптан шығарады.

21. Қылтанға алынған затты әйнекке ұзына бойына сызып жағады (қылтанның екі

жағын да қолданады).

22. Жағындыны бекіткішпен бекітеді.

23. Айнаның винтін шешеді.

24. Айнаны шығарады.

25. Айнаны дезинфекциялық ерітіндіге салады.

26. Пациентке тұру ұсынылады, гинекологиялық кресло дезинфекциялық ерітіндімен

өңделеді.

27. Қолғаптарды шешіп дезинфекциялық ерітіндіге салады.

28. Қолды сабынмен немесе антисептикпен жуып, кептіреді.

Стандарт «Қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу»

Мақсаты: микроскопиялық тексеруге материал алу.

Ресустар: гинекологиялық кресло, гинекологиялық айналар, фолькман қасықшасы немесе зонд, әйнек, лабораторияға жолдама,бір рет қолданатын қолғаптар, жеке жөргек.

Іс-қимыл алгоритмі:

1. Әйелге осы тексерудің қажеттілігін түсіндіріңіз.

2. Әйелді гинекологиялық креслоға жөргек төсеп жатқызыңыз.

3. Жатыр мойын қарауға жеткілікті жарықпен қамтамассыз етіңіз.

4. Бір рет қолданатын қолғап киіңіз.

5. Құралдарды дайындаңыз: гинекологиялық айна, фолькман қасықшасы,әйнек.

6. Гинекологиялық айнаны енгізіңіз. Фолькман қасықшасымен немесе зондпен қынаптың артқы күмбезінен бөлінді алып әйнекке жағыңыз.

7. Қынаптан гинекологиялық айнаны абайлап шығарыңыз да, 3% хлорамин ерітіндісіне салыңыз. Егер бір рет қолданатын айна қолдансаңыз, оны контейнерге салыңыз.

8. Әйелдің тұруын өтініңіз.

9. Бір рет қолданатын қолғапты шешіңіз, инфекцияның алдын алу ережесін сақтай отырып тастаңыз.

10. Қолыңызды сабынмен жуыңыз.

11. Жолдама жазыңыз:

- кабинет номері

- аты-жөні, тегі

- жасы

- жұмыс немесе оқу орны

- жағынды не үшін алынды (қыныптың тазалық дәрежесіне жағынды)

- күні

- акушерка немесе дәрігердің қолы.

12. Жағындыны лабораторияға жіберіңіз.

 


Дата добавления: 2015-09-03 | Просмотры: 6803 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)