Герпес zoster(5). 151. 65- жастағы әйел емхана дәрігеріне 2 күн бойы кеуденің оң жақ бүйір және арқа
151. 65- жастағы әйел емхана дәрігеріне 2 күн бойы кеуденің оң жақ бүйір және арқа бөліктерінде күйдіретін ауру сезімі және бөртпелердің пайда болу шағымдарымен келді. Ауырмасынан бір апта бұрын ЖРВИ-дың ауыр түрімен ауырған. Қарап тексергенде: дене қызуы - 37,60С. Арқасы мен бүйір аймақтарында оң жақ қабырға аралық жолмен топталып орналасқан майда ішінде серозды сұйықтығы бар көпіршіктер шыққан.
Төменде көрсетілген диагноздың қайсысы болуы мүмкін?
a) Герпес zoster +
b) Желшешек
c) I тип Герпес simplex
d) II тип Герпес simplex
e) Цитомегаловирусты инфекция
152. 52-жастағы әйел, 2-күн бойы жалпы әлсіздікке, бастың ауыруына, жоғарғы және төменгі ернінде бөртпелердің пайда болуы, бөртпе шыққан жерде күйдіріп ауырсыну шағымдарымен емхана дәрігеріне қаралуға келді. Ауырмасынан бір күн бұрын қатты суықтанғанын айтты. Объективті: дене қызуы 37,60С, ернінде топталып орналасқан везикуллезді бөртпелер шыққан, айналасындағы тері жамылғысы қызарып, ісінген.
Қай этиотропты препаратты тағайындау қажет?
a) Ремантадин
b) Ацикловир+
c) Интерферон
d) Циклоферон
e) Рибавирин
153. 32- жастағы әйел, радикальды мастэктомия соңында нұр терапиясын алғаннан бір жыл кейін, 8 қабырғааралық жол үстімен айқын ауруы синдромымен көптеген полиморфты: везикула, папула, эррозия бөртелері шыққан. Ауруыны алғашқы 3 күнінде әлсіздік, бас ауру, дене қызуы - 38ºС-38,5ºС дейін көтерілуі байқалған.
Төменде көрсетілген диагноздың қайсысы болуы мүмкін?
а) экзема
b) тілме
с) жайылған герпесті инфекция
d) желшешек
e) белдемелі лишай+
154. 75-жастағы әйел, 2 күн бойы кеуденің оң жақ бүйір және арқа бөліктерінде күйдіретін ауру сезімі және бөртпелердің пайда болу шағымдарымен емхана дәрігеріне қаралуға келді. Ауырмасынан бір апта бұрын ЖРВИ-дың ауыр түрімен ауырған. Қарап тексергенде: дене қызуы - 37,60С. Арқасы мен бүйір аймақтарында сол жақ қабырға аралық жолмен топталып орналасқан майда ішінде серозды сұйықтығы бар көпіршіктер шыққан. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай лабораторлық анализ тағайындау қажет?
А) Видаль реакциясы
b) Хеддльсон реакциясы
c) Микроагглютинация реакциясы
d) Провачека риккетсиясымен КБР
e) +герпесті инфекцияға ИФА
155. 46 жастағы ер адам, 2 күн бойы жалпы әлсіздік, бас ауыруы, маңдай, сол жақ самай аймақтарында, оң көз айналасында топталып орналасқан бөртпелердің щығуымен және бөртпелердің айналасында ауыру сезімі шағымдарымен емханаға терапевт- дәрігеріне қаралуға. Ауырмасынан бір күн бұрын қатты суықтанған. Объективті: дене қызуы 37,80С, маңдай және оң жақ самай аймағында топталып орналасқан везикулезді бөртпе шыққан, оң көзі саңлауы ісініп жабылған.
Салыстырмалы диагноз қай аурулармен жүргізу қажет?
a) Тілме+
b) листериоз
c) иерсиниоз
d) желшешек
e) цитомегаловирусты инфекция
Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 661 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
|