РЕПРОДУКЦИЯ.
Вирустардың жануарлардан, өсімдіктерден және микробтардан айырмашылығы олар тек қана тірі сезімтал клетканың ішінде дисьюниктивті жолымен көбейеді. Вирустар өздерінің белоктерын және нуклеин қышқылын синтездеу үшін, клетканың құрылысын және зат алмасу процесін пайдалынылады. Вирус жұққан клетка өзінің гентикалық және рибосомдық аппаратымен вирусспецификалық нуклеин қышқылдарының және белоктарының түзілуіне мүмкіндік туғызады. Осы нуклеин қышқылдарынан, белоктардан капсидтер, суперкапсидтер және рецепторлық құрылымдар түзіледі. Сондықтан, вирустар генетикалық паразиттер болып саналады. Және де, вирус компоненттерінің синтезі бөлек-бөлек жүргізіледі. Нуклеин қышқылдары цитоплазмада немесе ядрода, ал вирус белоктары клеткалық рибосомаларда жиналады және содан кейін барып олар қосылып бүтін вирион құрылу процесі басталады. Осындай көбею немесе репродукция әдісі, дисьюниктивті немесе бөлектенген әдіс деп саналады.
Репродукцияның негізгі кезеңдері: сезімтал клетканың бетіне вирус бөлшектерінің адсорбцилануы, вирус клетканың ішіне енуі, оның шешінуі; транскрипция, трансляция және репликация; вирус бөлшектерінің жиналуы және клеткадан шығуы.
1. Сезімтал клетка – нысана (мишень) бетіндегі рецепторларға вирустың адсорбциясы. Макроорганизмнің әртүрлі тіндер вирустық инфекцияның тропизмімен анықталады. Мысалы: тұмау вирусы – тек қана тыныс алу жолының шырышты қабығының клеткаларына бекінеді, құтыру вирусы – нерв клеткаларына, ЖИТС вирусы – лимфоциттерге бекінеді. Тұмау вирусы гемагглютинин рецепторлары арқылы тыныс алу жолдарының юоғарға бөліміндегі эпителиальді клеткалардың бетіндегі комплементарлы рецепторлар арқылы байланысады. Егер де вирус клетка ішіне өте алмаса, нейраминидаза – вирус бетіндегі бекітуші белок – вирусты бұл клеткадан бөліп алып басқа клеткаға өтуіне мүмкіндік жасайды. Бір клетканың бетінде спецификалық рецепторларлың саны 104-105 болады.
2. Вирустық бөлшектердің клеткаға енуі энергияға тәуелді процесс және екі әдіспен іске асырылады:
А) пиноцитоз арқылы клетка қабығынан өтуі. Цитоплазмалық мембрана вирус бөлшегін қамтып алып клетканың ішіне өтеді, вирус содан кейін мембранадан ажырайды (осындай әдіспен құтыру, полимиелит вирустары енеді).
Ә) вирус қабығымен клеткалық мембрананың бірімен-бірі қосылу әдісімен енуі (құрылысы күрделі вирустарға тән – тұмау, ұшық вирустары). Әдетте, клетканың ішіне репродукция процесіне қажетті вирустық нуклеин қышқылы және вирустық фермент – белктары енеді.
Б) Клетканың мембранасына сәйкес, вирустардың шешінуі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалі: бактериофагтар өз қабығынан микробтық клетканың бетіне босатыады, шешек вирусы суперкапсидті клетка мембранасында қалдырып, капсидпен клетканың ішіне босатылады, полимиелит вирусы клеткаға еніп ішінде өзінің жалғыз қабығы – капсидтен босатылады. Шешінудің мағынасы мынау: тек қана қабықтан босатылған вирус көбейе алады, инфекция процесі сонда ғана дамиды.
3. а) транскрипция – бұл гентикалық коді заңы бойынша вирустық РНҚ немесе ДНҚ көшіріп жазылуымен байланысты иРНҚ-ның пайда болуы.
б) трансляция – бұл иРНҚ-дағы гентикалық ақпаратты аминқышқылдарының спецификалық жүйелілігі түріне көшіру процесі және вирусспецификалық белоктардың синтезінің басталуы. Қазіргі кезде вирустық иРНҚ клетканың рибосомальді аппаратымен қалай әрекеттеседі және рибосомаларда вирусспецификалық белоктар қалай жұмыс істейтіндігі әлі белгісіз. Синтезделген вирустық белоктар өзінің қызметін, олардан протеаза ферменттері арқылы кейбір ерекше жерлерде пептидтер кесіліп тастағаннан кейін және глюкозилденген, ацетилденген,фосфорилденгеннен кейін ғана істей алады;
в) репликация – бұл вирус нуклеин қышқылы молекуласының (ДНҚ немесе РНҚ) синтезі. Вирусспецификалық белоктардың синтезі тек қана клетка рибосомаларда жүрсе, ал вирустың нуклеин қышқылының репликациясы ядрода (ұшық вирусы, аденовирустар) немесецитоплазмада (шешек, құтыру, полимиелит вирустары) жүреді.
4. Вирус бөлшектерінің жинақталуының екі түрі болады;
а) вириондардың жинақталуы (толық жетілуі) клетканың ішінде өтеді (аденовирустар, шешек, полимиелит вирустары);
б) вирионның жинақталуы клеткадан шығу мезгілінде аяқталады (тұмау вирусы, ретровирустар).
Вирустар бөлігінің жинақталу процесі клетка мембраналарында жүреді: ядро, цитоплазмалық, эндоплазмалық мембраналарында жүреді. Клетка ішінде вирустық бөлшектердің жинақталу орны – фабрикалар (вируспен зақымдалған клеткаларды зерттегенде анықталады және қосындылар деп аталады). Олар цитоплазмада (құтыру инфекциясы кезіндегі Бабеш-Негри денешіктері) немесе ядрода (ұшық инфекцияда) болуы мүмкін.
Вирус бөлшектерінің клеткадан шығу әдістері:
а) «жарылу» жолымен, кейде жиналған вирус бөлшектері бір мезгілде клеткадан шыққанда оның бұзылып жойылуына себеп болады. Бұл әдіс құрылыстары жай вирустарға тән (полимиелит вирусы, аденовирустар);
б) «бүршіктену» жолымен, кейде вирус бөлшектері аздаған мөлшерде клеткадан шығады. Бұл әдіс құрылысы күрделі вирустарға тән (ұшық, тұмау вирустары). Клетка ұзақ уақыт тіршілігін сақтайды.
Жоғарыда қарастырылған вирус репродукциясы негізінде жедел және созылмалы инфекциялар тудыратын вирустың клеткамен қарым-қатынасын көрсетеді. Бұл қарым-қатынас продуктивті тип болып саналады. Вирустың клеткамен қарым-қатынасының екіншісі интегративтік тип болады. Бұл типте репродукция жоқ, ал вирус гендері клетка ДНҚ құрылысына енеді. Бірақ клетканың вируспен қарым-қатынасы тіндік клетканың атиптік түріне айналу қаупін туғызуы мүмкін.
ВИРУСТЫ ӨСІРУ ТӘСІЛІ
1. Вирустардың өсуі мен бөлінуінің бірден-бір тәсілі лабораториялық жануарларды зақымдау болып саналады. Жаңа туған жануарлар жиі пайдаланылады, себебі олар сезімтал келеді. Тәжірибелік жануарларды сұрыптау кезінде вирустарға олардың сезімталдығы мен қабылдағыштығына көңіл аудару керек. Құтыру вирусымен тышқандар, үй қояндарызақымданады, ал, тұмау вирусымен тышқандар және күзендер зақымдалынады. Вирусы бар материалды жануарларға егу (тері асты, бұлшық етке, венаға, миға, мұрын қуысы арқылы) жолы жануарлардыңтүрі мен вирустардың тропизміне байланысты.
2. Сыртқы ортаның обьектілерінен және аурулардан алынған вирустарды өсіру үшін тауық эмбрионы кеңінен қолданылады және осы жолмен өсірілген вирустардан вакциналарды дайындау, диагноз қоюға диагностикумдарды дайындау, вирустардың түрін анықтау үшін қажет.
Адам және жануарларда зақым келтіретін, көптеген вирустар көп немесе аз мөлшерде тауық эмбрионында көбейе алатындығы анықталған. Эмбрионның тығыз сыртқы қабаты сыртқы ортадан түсетін микроорганизмдерден қорғайды, сондықтан вирустар стерильді жағдайда көбейеді. Вирустарды өсіру үшін 4-12 тәуліктік эмбриондар пайдаланылады. Мысалы: тұмау вирусын бөліп алу үшін 11 тәуліктік эмбрионды қолданылады.
Өмір сүру қабілеті бар эмбриондарды жұмысқа іріктеп алу үшін оларды овоскоппен зерттейді. Жарық өткен қабықтың ішінде эмбрион, хорионалантоистық қабықтың ауа қуысының шекарасы көрінеді. Өмір сүргіштік қабілеті бар эмбриондар жылжымалы, қабыршықтарының тамырлары қанмен толтырылған.
Вирусы бар материалды алантоистық қуысқа (тұмау, ұшық, шешек вирустары), амнион қуысына (тұмау вирусы), сары қапшыққа (құтыру, ұшық вирустары), хорион-алантоистық қабыршықтарға (тұмау, шешек вирустары) енгізіледі. Хорион-алантоистық қабықты вирустарды көбейту үшін қолдану кең тараған әдістердің бірі болып табылады. Оның негізгі себебі, көптеген вирустар осы қабықта көбеюі белгілі бір морфологиялық өзгерістерге түседі. Көбінесе төмпешік (бляшка) тәрізді ақшыл дақтар пайда болады.
3. Вирустарды торша өсіндісінде өсіру.
Вирустарды өсіру үшін клетка культурасы пайдаланылады. Көптеген вирустар өздері көбею үшін сезімталдығы жоғары кульдураларды таңдап алатын болғандықтан, клетка культурасы универсальды культура болып табылады. Адамның, тауықтың, қойдың, сиырдың теңіз шошқасының, ақ тышқандардың трипсинденген эмбриональдық клеткалары және ересек маймылдардың бүйрек клеткасы жиі қолданылады. Сондай-ақ қатерлі ісік клеткаларының культурасы пайдаланылады. Трипсиндеудің негізі, протеолитикалық ферменттердің (трипсин, хемотрипсин т.б.) әлсіз ерітінділері арқылы клетка аралық байланысты үзе отырып, клеткалардың өмір сүру қабілетін сақтап қалуы болады.
Клеткадағы вирустардың цитопатикалық әсерінің байқалуы зақымдалған клеткадағы вирустардың бар екендігін анықтау үшін өте қолайлы.
Клетка культурасы басқа тәсілдерге қарағанда, вирустардың өсуіне біркелкі жағдай туғызады, өйткені клеткалар бір тканьге жатады. Қасиеттері ұқсас және арасында антиденелер, ерекшелігі жоқ тежеушілер болмайды.
Клетка жүзгінің in viro тіршілігін сақтау үшін құрамы күрделі қоректік орта (Игла, 199 ортасы) және тұзды ерітінділер (Хенкса, Эрла ерітіндісі, Тироде сұйығы) қолданылады. Қоректік орта клетка культурасының өсуін және көбеюін қамтамассыз етеді, ал тұзды ерітінді клетканың тек қана тіршілігін сақтауға қажет. Бактериялармен ластанудан сақтау үшін (әсіресе микоплазмадан) өсу ортасына антибиотиктер қосылады.
Клеткалар культурасының төмендегідей жіктелуі қолданылады:
А) тіршілігін сақтайтын тіндердің культурасы
Б) өсуші тіндердің культурасы, олардың өзі:
1. айқындалған тіндер бөлігінің культурасы – тіннің ұсақталған бөлімі тауық плазмасымен араластырылады, пайда болған қою бөліктерді бекітеді.
2. суспензияланған клетка культурасы – клетка суспензиясы үнемі магниттелген араластырғышпен немесе барабанмен, болмаса арнайы реактормен араластырып тұрады.
3. Бір қабатты клетка культурасы. Клетка әсері алдында шынының бетіне бекітіледі (пробирканың, матрацтың қабырғаларына) содан кейін қалыңдығы бір клеткадай қабат құрал өседі, соның арқасында болып жатқан өзгерістерді байқауға болады. Бірыңғай қабат культурадан біркелкі өмір сүргіштігі жақсы көп дәрежелі клеткалар алуға болады.
Бір қабатты клетка культурасы төмендегідей топтарға бөлінеді:
А) дифференцияланған клеткалар, олар 5-10 рет егуге бейім – бірінші реттік клетка культурасы:
Б) бөліне беретін клетка культурасы, атиптік клеткалардан алынады. Бұл клеткалар ағзадан тыс көбейеді HeLa, Hep-2, KB. Бөлінгіш атиптік клеткалар культурасы вакцин дайындау үшін вирустар жиынтығына қолданылмайды.
В) жартылай бөлінгіш немесе диплоидты клетка культурасы 50 пассажға дейін ұстай алады. Адам эмбрионының әртүрлі тіндерінен алынады. Диплоидты клеткаларды вирустардың өсуі үшін және вакциналарды дайындау үшін жиі қолданылады.
ВИРУСТАРҒА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ
Макроорганизмдегі қорғаныштық иммундық жауап вирусспецификалық антигендерге дамиды. Антигендерге структуралы және структуралы емес вирус белоктары және олардың нуклеин қышқылдарымен көмірсутегімен және липидтер комплекстері жатады. Вирусты антигендер беткейлік немесе түрлі спецификалық және тереңдегі немесе топты спецификалық болып бөлінеді. Мысалы: тұмау вирусының гемагглютининдері мен нейраминидазалары түрлі спецификалық антигендерге жатады, ал нуклеокапсидтер – топты спецификалыққа, ЖИТС вирусының беткейлік антигендері др 120 және др 41 белоктарымен, сондай-ақ Т4 рецептордың структуралық компоненттерімен көрсетілген. Ал, тереңдік антигендер ішкі белоктық қабатындағы р12 және р24 белоктарымен көрсетілген.
Иммундық жауаптың күші мен ерекшелігі көбінесе түрлі-спецификалық антигендердің қасиетімен байланысты. Мысалы: тұмау вирусының гемагглютининдері бір жағынан нейтралдайтын антиденелердің синтезіне себеп болады, екінші жағынан олар цитотоксикалық Т-лимфоцит үшін зақымдалған клетканың бетіндегі нысана ретінде саналады.
Вирустарға қарсы иммунитет гуморальды және клеткалы иммундық жауаптан, сондай-ақ спецификалық емес қорғаныш факторлардан құралады. Вирусты инфекцияларда гуморальдық иммунитет вирус нейтралдаушы антиденелер пайда болуымен байқалады. Қандағы антиденелердің мөлшері көптеген вирустық инфекцияның резистенттілігінің көрсеткіші немесе иммундық қорғаныштық қаншалықты жоғары екендігінің көрсеткіші болып бағаланады (қызылша, полимиелит, эпидемиялық паротит инфекциялары). Ұтымдылығы төмендегі көрсетілген себептерге байланысты:
А) антиденелер вирустардың рецепторларымен байланысады және осы байланыс арқылы сезімтал клетка рецепторларына вирустардың адсорбциялануын тоқтатады:
Б) антиденелердің липопротеидті қабаты бар вирус бөлшектерімен комплементтердің қатысуына әрекеттесуі және вирустардың ыдырауына әкеп соқтырады:
В) вирустық бөлшектердің Ig C қатарына жататын антиденелермен қосылуы олардың мононуклеарлы клеткаларымен және полиморфты лейкоциттермен фагоцитозына әкеп соғады. Ig C, М кластарына жататын вируснейтралдаушы антиденелер қанның сарысуында ұтымды, ал Ig А класына жататын антиденелер – шырышты қабатта тиімді.
Г) антиденелер вирустық бөлшектердің нейтралдауынан басқа жойылуымен аггрегациясына мүмкіндік береді.
Иммундық қорғаныштың клеткалық формасы вирусты инфекцияларда басты орын алады. Зақымданған клетканың қабығына вирустар өздерінің белоктарын орналастырады, сонан соң зақымданған клеткалар иммундық қорғаныштық клеткалық механизмі туғызатын ыдырау процесіне сезімтал келеді.
Осылардың ішіндегі маңыздысы цитотоксикалық Т-лимфоциттердің индукциясы (Т-киллер). Олар вирустық антиегндерді клетка антигенінің комплексінің арасынан ажыратылады және зақымдалған клетканы, вирусты бөлшектеп бірге ыдыратады.
Спецификалық емес вирустардан қорғаушы факторға интерферондардың индукциясы жатады. Интерферондар – макроорганизм клеткаларында түзілетін белоктар. Интерферондардың 3 класы бар: лейкоцитарлы – альфа-интерферон, фибробластта түзілетін – бета-интерферон, және интерферондар лейкоциттерде түзілетін – гамма-интерферон. Интерферондардың синтезінің индукциясы әртүрлі факторлардың – интерферондардың - әсеріне байланысты. Олардың біріншісі болып вирусты инфекция, әсіресе РНҚ құрамды вирустар жатады. Интерферон клеткалық рибосомалардағы вирус спецификалық белоктардың трансляциясына әсер етеді, оларды тежейді. Интерферонның талғамдылығы вирустың иесіне байланысты. Интерферон клетка бетіндегі рецепторлармен талғамды әрекеттеседі. Мысалы: тышқанның интерфероны адам ағзасы үшін оншалықты пайдалы емес. Ал кейде интерферон басқаша әрекеттесуі мүмкін. Мысалы: адам интерфероны өгіздің клеткасын, өгіз интерферонына қарағанда жақсы қорғайды. Интерферон спецификалық емес, ол вирустардың көп түрінде тиімді қолданылады. Вирустарға қарсы спецификалық емес факторлардың арасында макрофагтардың және комплементтің рольдері маңызды. Макрофагтар вирус спецификалық антиегндерді Т-лимфоциттерге дайындайды, вируспен зақымдалған клетканы ыдыратуға қатысады. Альтернативтік және классикалық жолымен комплемент жүйесі антиденелермен байланысқан вируспен зақымдалған клеткалардың комплексін ыдыратады. Комплементтің спецификалық антиденелері жоқ болса да кейбір күрделі құрылысы вирустарды ыдырататындығы белгілі.
Вирустық инфекцияны бастан кешіргеннен кейін күшті және ұзаққа созылатын иммунитет пайда болады (қызылша, полимиелит, эпидемиялық паротит, шешек), бірақ ол тұрақсыз немесе қысқа мерзімді болып келеді (тұмау, синциальдық вирусты инфекция) жәневирустардың персистенциясы болуы мүмкін (адено-, ұшық вирустық инфекциялары). Иммунокомпетентті клеткаларда кейбір вирустар көбейеді және персистенцияланады. Мысалы: қызылша вирусы макрофагтарда, ЖИТС вирусы Т-хелперде.
№4-тақырып: Гепатит А, В, С, Д, Е. Герпесвирустар. Емдеу принциптері және алдын алу.
Гепатит А – фекальды-оральды жолмен берілетін, бауыр жасушалары зақымдалып, морфологиялық бұзылыстар туындап, жедел гепатит белгілері дамитын жұқпалы вирусты ауру.
Вирионы сфера пішінді, мөлшері 25-27 нм, өте ұсақ вирустар тобына жатады. Нуклеокапсиді 4 ақуыздан құралған. Суперкапсиді жоқ.
Гепатит А вирусының гепатотроптық қасиеті бар. Вирус асқазан-ішек жолдарына ас тағамдары немесе су арқылы түседі де, жіңішке ішектің шырышты қабаттарында және регионарлық лимфа түйіндерінде өсіп-өніп көбейеді. Гепатоциттердің зақымдануы дене сарғаюының дамуына және қан сарысуында трансаминаза деңгейінің артуына әкеледі.
Гепатит В – қан арқылы және қанмен жанасу арқылы берілетін, бауыр зақымданып, жедел және созылмалы гепатит дамуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Құрамында 4 антигені бар: HBs, HBc, HBe, HBx.
Гепатит В кезінде ену қақпасы қан болғандықтан, бірден қанға түсіп, гепатоциттерге орнығады. Бауыр жасушаларының зақымдану үрдісі жүреді. Жасырын кезеңі – 3-6 ай. Гепатит В көбіне дене сарғаюымен жүреді, дегенмен дене сарғаймайтын түрлері де кездеседі. Жедел гепатит 5-10% жағдайда созылмалы түрге айналып, бауыр циррозы мен өмірбақилық вирустасымалдаушылыққа ұласуы ықтимал.
Жұқтыру қаупі күшті негізгі топқа – медицина қызметкерлері, қан және қан препараттарын қабылдайтындар, гемофилиямен ауыратындар, гомосексуалистер, жезөкшелер және HBs-антиген тасымалдаушы анасынан туылған балалар жатады.
Гепатит С – флавивирустар тұқымдастығына жататын, РНҚ геномды вирустар. СГВ қоздыратын гепатит әдетте созылмалы түрде өтеді. Созылмалы түрі бауыр циррозы мен біріншілік бауыр карциномасын тудырады.
СГВ көбіне қан құю кезінде, трансплацентарлы жолмен, жыныстық қатынас арқылы жұғады. Инфекция көзі – инфицирленген адам. С гепатит эпидемиологиясының ерекшелігі – әйелден нәрестеге берілу және жыныстық қатынас кезінде берілуі В гепатитімен салыстырғанда төмен.
Алдын алу мақсатында жалпы медициналық сақтану шаралары жүргізіледі. Спецификалық профилактикасы жасалынбайды.
Гепатит Д – меншікті қабаты жоқ вирусты гепатит қоздырғышы. В гепатит вирусының сателиті.
ДГВ және ВГВ-мен бір мезгілде инфицирлену аурудың баяу түрінің дамуына әкеледі – коинфекция. В гепатитінің созылмалы түріне шалдыққан науқас ДГВ инфицирленсе, инфекция ауыр түрде өтеді, нәтижесінде бүйрек ауруы және бауыр циррозы дамиды.
Продромальды кезеңі өте қысқа, дене қызбасы көтеріледі, ірі буындары жиі ауырады. Сарғаю кезінде интоксикация арта бастайды, бауыр аймағында ауырсыну синдромы, қайталап құсу байқалады.
Гепатит Е – бауырды зақымдайтын, организмнің жалпы улануын, сирек жағдайда дене сарғаюын тудыратын жедел жұқпалы ауру қоздырғышы.
Вирионның сыртқы қабықшасы жоқ, сфера пішінді, капсиді икосаэдр типтес, диаметрі – 27-34 нм. Геномы сегменттелмеген біржіпшелі РНҚ-дан тұрады.
ЕГВ эндемиялық бұрқетпелер қоздырады. Инфекция көзі – ауру адам. Негізінен ластанғн су арқылы беріледі. Жасырын кезеңі 2-6 аптадан аспайды. Дәл диагноз қоюға мүмкіндік беретін клиникалық симптомдар байқалмайды: жалпы мазасыздану, сирек жағдайда дене сарғаюы болады. Болжамы – көбінесе қолайлы. Жүкті әйелдерде кесел асқынып, өлімге әкелуі мүмкін.
Емдеуі – симптоматикалық. Жүкті әйелдерге спецификалық иммуноглобулин енгізу ұсынылады.
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 2010 | Нарушение авторских прав
|