Полиомиелит
Полиомиелит – жұлын параличі – жұлынның сұр затының зақымдануымен, парез-параличтермен сипатталатын балалардың жұқпалы ауруы. Өткен ғасырдың 5-ші жылдарына дейін полиомиелит ауруы көптеген балалардың өмірін үзіп, тірі қалғандарын мүгедектікке әкелген ауру болып келеді.
1950 жылдары Сейбин осы ауруға қарсы егілетін вакцина жасап шығарғаннан кейін, бала организмі ауруға қарсы күресуге мүмкіндік алды, ауру саны күрт төмендеді, өлім азайды. Кейінгі жылдары бүкіл дүние жүзі бойынша осы ауруды жою мақсатымен, балаларға полиомиелитке қарсы жаппай иммунизация жүргізілді.
Аурудың қоздырғышы – энтеровирустар, күн сәулесі және жоғарғы температураға төзімсіз, ал суықта ұзақ уақыт тіршілігін сақтайды. Дезинфекциялаушы ерітінділерден тек хлор мен формальдигид қана әсер етеді.
Эпидемиология. Аурудың көзі – ауру бала және вирус тасымалдаушылар (3-5 айға дейін) жұқпалы болып саналады. Таралу жолдары –ауыз арқылы (ластанған тамақ, кір қолдар, су арқылы). Аурудың алғашқы 1-2 аптасында тыныс жолдары арқылы да жұғады. Ауру жаз, күз айларында жиірек кездеседі.
Патогенез. Вирус организмге тыныс жолдары және ас қорту ағзаларының шырышты қабаттары арқылы еніп, сол жерде өсіп-өніп, көбейеді. Одан әрі қанға өтеді де, қан арқылы жұлынның сұр затына шоғырланып, оны зақымдайды. Соның салдарынан жұлыннан тарайтын нерв талшықтарының қызметі бұзылып, бұлшық еттерінің парез, параличтері басталады. Патологиялық өзгеріске сонымен бірге сопақша ми, орта және аралық ми да ұшырайды.
Клиника. Жасырын кезең 2-35 күн аралығы (көбінесе 10-12 күн) болып есептеледі. Аурудың клиникалық дамуы 4 кезеңде өтеді.
І. Препаралитикалық кезең – 1-6 күнге созылады. Клиникалық белгілері жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы белгілерінен жедел басталады – дене қызуы көтеріледі, мазасыздық, ұйқысы нашарлайды. Кейде гастроэнтерит белгілершен жедел басталуы мүмкін. Содан кейін барып, нерв жүйесі тарапынан өзгерістер қосылады: Керниг – Брудзинский симптомы, мойын етенің таралуы, гиперестезия (тері арқылы сезінудің күшеюі), үш аяқты ошақ симптомы (симптом Треножника). Жұлын-ми сұйықтығын тексергенде: плеоцитоз (нейтрофилдер саны 100-ге дейін бір мкл-де көбеюі), белок нормада, түсі мөлдір, қысымы жоғары екені анықталады.
ІІ. Паралитикалық кезең – бірнеше күнмен бір – екі апта созылады. Дене қызуы төмендейді, бірақ аты айтып турғандай бұлшық еттердің парез, параличтері басталады. Бұл өзгеріске барлық бұлшық еттер ұшырау мүмкін, дегенмен көбінесе аяқ бұлшық еттерінің парез, параличтері байқалады. Сезімталдық жоғарлайды, ұстап көргенде, қимылдатқан кезінде ауырсынады. Бұлшық еттерде қимыл болмағандықтан, олар біртіндеп атрофияға ұшырайды, рефлекстері де төмендеп, жоғалады. Дем алысына қатысатын бұлшық еттер зақымданған жағдайда, тынс тапшылығының белгіліре пайда болады, баланың дауысы өзгереді, жүрек жұмысы нашарлайды. Осы кезенде бала өткір тыныс тапшылығы мен жүрек жұмысының жедел жетіспеушілігімен өліп кетуі мүмкін. Жұлын сұйықтылығында: белок жлоғарлайды 1,5-2%, нейтрофилдер азайады 5-10 1 мкл-де.
ІІІ. Орнына келу кезеңі – жұмысы бұзылған бұлшық еттерде қимыл пайда бола бастайды, ауырғаны басылады, рефлекстері орнына келеді, дем алысы жақсарады, дауысы шығады, жұтыну т.б. қимылдар орнына келеді. Орнына келу кезені бірінші 3-6 айға дейін жақсы қарқында өтеді де, одан кейінгі мерзімде баяу жүреді, барлығы 2-3 жылға созылады. Ал жұлындағы өзгерістер үлкен болса, көп жерді зақымдаса, балада өмір бойына мүгедек қалып қояды.
ІV. Қалдық өзгерістер кезеңі – парез параличтер қайтпаса, бұлшық еттер атрофияға ұшырап, контрактуралар мен дефармациялар баланы мүгедекке әкеледі.
Емдеу. Аурудың емі міндетті түрде стационарда жүргізіледі.
Профилактика. Жалпы шаралар:
1. ауру баланы тез арарда оңашалау;
2. СЭС-ке жедел хабар беру;
3. ошақта дезинфекция жүргізу;
4. қарым-қатынастағы балаларға (балалар мекемелеріндегі) 20 күнге карантин тағайындап, бақылау ұйымдастыру;
5. санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.
Арнайы шаралар: 1956 жылдан бері полиомиелитке қарсы арнайы ОПВ вакцинасы қолданылады. ОПВ (живая вакцина Сейбина) қызғыш түсті ерітінді түрінде шығарылады. Бір балаға 2 тамшыдан ауыз арқылы енгізіледі. Жаңа егу күнтізбегіне сәйкес вакцинация мерзімдері – арнайы егулер 2, 3, 4,12 айлығында беріледі.
ВИРУСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ, ҚҰРЫЛЫСЫ, РЕПРОДУКЦИЯСЫ, ӨСІРУ ӘДІСТЕРІ. ВИРУСҚА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ.
Вирустар – тұқым қуалаушылық қасиеті бар, өзгеруге, көбеюге бейім өте ұсақ, тірі микроорганизмдер. Вирустардың бактериялардан айырмашылығы – клеткалық құрылысы болмайды, тек қана бір нуклеин қышқылы – ДНҚ немесе РНҚ болады. Клетка ішінде генетикалық дәрежедегі паразиттер болып саналады. Белок синтездейтін рибосомалары болмайды, сондықтанда оларда зат алмасу жүрмейді.
Вирустардың пайда болуы жөніндегі әртүрлі гипотезалардың арасында көп таралған пікір мынау: клеткалық ДНҚ-сынан ДНҚ вирустар, клеткалық РНҚ-дан РНҚ-вирустар пайда болады. Бұл гипотезаның негізгі дәлелі – клеткалық және вирустық нуклеин қышқылдарының ұқсастығы болып табылады.
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1272 | Нарушение авторских прав
|