Патогенезі
Вирустың кіру қақпасы – жоғарғ тыныс алу жолдары. Вирустың алғашқы репродукциялануы мұрынның, жұтқыншақтың эпителиалық жасушаларында және шықшыт безінде жүреді. Содан кейін вирустар қанға түсіп барлық ағзаларға (аталық және аналық бездер, ұйқы безі, қалқанша без, ми) тарайды және сол жерде қабыну үрдісін тудырады. Ер балаларда орхит дамып, бедеулікке әкелуі мүмкін.
Клиникалық көріністері
Жасырын кезеңі 14-21 күн. Кесел температураның көтерілуімен, басы ауырумен, дімкәстікпен басталады. Шықшыт безінің біреуі немесе екеуінде, кейде сілекей бездерінде де қабыну дамиды. Ең жиі кезесетін асқынулар – менингит, менингоэнцефалит, панкреатит т.б. Көбінесе ауру симптомсыз өтеді.
Иммунитеті
Эпидемиялық паротитпен ауырып тұрғаннан кейін тұрақты, өмір бақилық иммунитет қалыптастырады.
Емдеуі
Спецификалық иммунды глобулин қолдану
Спецификадық алдын-алуы
Смородинцев ұсынған паротиттік дақылдық құрғақ тірі вакцина (Ресей)
Паротиттік- қызылшалық дақылдық құрғақ тірі вакцина (Ресей)
Паротитке, қызамыққа қарсы липофилденген құрғақ тірі вакцина (Индия)
MMR-қызылшаға, паротитке, қызымыққа қарсы вакцина (АҚШ)
№7-тақырып:
Ауруханаішілік инфекция қоздырғыштары. Микробиологиялық бақылау. Алдын алу.
Ауруханаiшiлiк инфекция – науқастың ауруханаға түсуi немесе онда емдiк көмекке жүгiнуi нәтижесiнде оны зақымдайтын кез келген инфекциялық ауру немесе медициналық ұйымда болған кезiнде немесе одан шыққаннан кейiн инкубациялық кезеңде аурудың пайда болу мерзiмiне қарамастан, медициналық ұйым қызметкерiнiң осы мекемедегi жұмысы салдарынан болатын инфекциялық ауру.
Ауруханаішілік инфекция жоғарғы сақталу деңгейiнiң негiзгi себептерi жастары ұлғайған адамдардың үлес салмағының азайуына, қауыпты топтарға жататын тұлға санының көбеюiне байланысты және табиғилық берiлу механизмiнiң белсендiлiгi.
Эндогендi инфекция организмнiң өз қоздырғыштарының белсендiлiгi нәтижесiнде дамитын инфекция. Эндогендi инфекцияның негiзгi даму себептерi – пациентердiң негiзгi ауруының ауыртпалығы, отаның жасалуы, иммунодепрессантар және стероид гормондарының т.б. салдарынан қорғану күштерiнiң әлсiреуi.
Экзогендi инфекция патогендiк және шартты -патогендiк микрорганизмдердi пациентердiң жұқтырудың нәтижесiнде берiлу факторларының қатысуымен дамиды.
Нозокомиалдық инфекцияның көзi – микроорганизмдердiң жиналатын ортасы, сол ортадан қабылдағыш адамға олардың тiкелей берiлуi.
Ауруханаiшiлiк инфекцияның көзi – иеленушi мен аурулар, өшiп қалған тiр иеленушiлер, ұзақ уақыт бойы ауруханада жатқан науқастар, сонымен қатар манифестi және өшiп қалған тiр инфекциялары.
Анадан ұрыққа қоздырғыш бала жолдасы арқылы берiледi. Медициналық ұйымға инфекцияның әкелiнуi – стационарға түскенге дейiн болған және стационарда пайда болған немесе анықталған инфекциялық аурулар. Ауруханаiшiлiк инфекция аурухадағы науқастарды қосымша ауруға, өлiмге әкеледi және ауруханада емделу созылады.
Ауруханаішілік инфекция жағдайын эпидемиологиялық диагностика деректерiнiң негiздемесi бойынша, ауруларда болатын қауыпты факторлардың ықпалы (эндогендiк факторлар) және медициналық әрекет жүргiзгенге (экзогендiк факторлар) байланысты, ауруханаiшiлiк инфекцияның критериясын ескере отырып комиссия анықтайды.
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 688 | Нарушение авторских прав
|