| Таксономиясы.Тұқымдастығы: Rhabdoviridae Туыстастығы: Vesiculovirus – везикулярлы Индиана стоматит вирусы; Lyssavirus – құтыру вируысы; Ephemerovirus – сиырдың біркүндік қызба вирусы; Nucleorhabdovirus – картопта сарғыш ергежейлік қоздыратын вирус; Novirhabdovirus – гематопоэздың жұқпалы некрозын қоздырады.   Қызамық – қысқа мерзімді дене қызбасымен, майда-дақты экзантемамен (бөртпе шығумен), генерализацияланған лимфоаденопатиямен және жүкті әйелдерде ұрықтың зақымдануымен сипатталатын вирустық жұқпалы ауру. Инфекция көз і (резервуары) – клиникалық белгілері айқын немесе симптомсыз жұқтырған адамдар. Вирус ауалы-тамшылы, трансплацентарлы жолмен және инфицирленген заттармен жұғады. Қызамықпен негізінде 1-ден 7 жасқа дейінгі балалар ауырады. Ауру дене қызбасының дамуымен, бөртпе шығуымен, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануымен, буындарының және бұлшықеттерінің зақымдалуымен сипатталады. Емдеуі – симптоматикалық, алдын алуы – спецификалық мақсатында әртүрлі вакциналар.   Аденовирустар – куб тәріздес симметрия принципі бойынша құрылған, суперкапсиді жоқ, вирионның орташа диаметрі 60-90 нм-ге тең вирустар. Геномы сызықшалы екі жіпшелі, массасы 20-25 мд ДНҚ-ң молекуласынан тұрады. Гексондардың құрамында топтық-спецификалық антиген болады. Капсидтік құрамы типтік-спецификалық антиген әр түрлі серотипіне бірдей комплемент байланыстырушы болып табылады. Инфекция көзі – аденовирусты инфекциялардың жедел немесе латентті түріне шалдыққан науқастар. Инфекиця ауалы-тамшылы жолмен беріледі, кейбір жағдайда жанасу жолымен берілуі де мүмкін. «Ішекті» аденовирустар нәжіспен бөлініп, фекальды-оральды жолмен таратылады. Науқастынушылық күзгі-қысқы маусымда жиірек кездеседі.   Поксвирустар – адамда көбінесе шешек қоздыратын, ДНҚ-геномды, мөлшері өте ірі вирустар. Поксвирустар тұқымдастығына 2 тұқымдастықша кіреді – омыртқалылар шешегінің вирустары және жәндіктер шешегінің вирустары. Адамдарда патологиялық процестер қоздыруда рөл атқаратындарға нағыз шешек, жұқпалы моллюска, вакциналық немесе сиыр шешегінің және маймыл шешегінің вирустары жатады. 
 Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 910 | Нарушение авторских прав 
 
 
 
 
 |