Грипп вирусы
Ортомиксовирустар.
Ортомиксовирустар тұқымдастығы – бұл РНҚ – құрамды вирустар, нуклеокапсид симметриясы спираль тәрізді. Суперкапсиді бар, оның құрамына липидтер кіреді, сондықтан эфирге сезімтал.
Грипп вирусы
А, В және С вирустарға бөлінеді.
Құрылысы. Грипп вирусы РНҚ-құрамды вириондар, сфера формалы, диаметрі 80-120 нм. Вирионның ішінде бір жіпшелі нуклеин қышқылдың сегіз (8) фрагменті бар. Вирионның қабықшасы екі қабатты. Ішкі қабаты мембраналық төменгі молекулалы белоктан тұрады, ол форма түзуші роль атқарады, сыртқы екі қабаты – липидтерден тұрады. РНҚ-сы «минус - жіпше» көрсетілген РНҚ-мен байланысты РНҚ-полимераза ферментінің көмегімен ақпараттық РНҚ функциясын атқарады. «плюс - жіпшелі» РНҚ-ның ретикативтік формасы құрастырылады. Вирустың нуклеопротеидімен байланысшы 2 геномдық фермент бар – эндонуклеаза және репликаза. Вирустың сыртында екі гликопротеидтік суббірліктерден тұратын:
1. гемагглютининнен, эритроциттерді агглютинациялайтын және эритроциттердің мукопротеидтік қабықшаларда орналасатын қышқылды бөлшектейтін нейрамининамин. Грипп вирионында 1% РНҚ, 70-75% белок, 20-24% липидтер және 5-8% көмірсулар кіреді.
Антигендік құрылысы: Терең орналасатын капсидтік қабықша антигені рибонуклеопротеид және М-белоктарымен байланысады. Осы антиген құрылысы бойынша грипп вирусының А,В және С типтерін ажыратады. Суперкапсидтің қабықшадағы беткейлі антигендер гемагглютинин және нейраминидаза- вариант спецификалық антигендер бар.
Дақылдандыру: Грипп вирусы ұлпа дақылдарында және тауық эмбрионында жақсы өседі. Репродукциялануы адам эмбрионының бүйрек клеткалар дақылында өтеді.
Қоршаған ортада вирус 560С, ултракүлгін сәулелер, детергенттер және дезинфектанттардың әсерінен жойылады, бірақ 700С сақталады.
Клиникасы, патогенезі және эпидемиологиясы:
Грипп – эпидемиялық таралуы жоғары, тыныс алу жолдарының жедел инфекциясы. Инфекция көзі – науқас адам, таралу жолы – ауа-тамшылы. А грипп вирусы адамға және жануарларға патогенді; В және С грипп вирусы адамға ғана патогенді. Аурудың өршуі қыс мезгілінде және әрбір он жыл сайын пандемиясы өтеді.
«Испанка» деп аталған А типті грипптің ең ауыр пандемиясы 1918 жылы болды 20 млн адам өлімге ұшырады. 1957 жылы А грипптің пандемиясы азиаттық вирусымен шақырылған, 2 млрд адам зақымдалды.
Клиникасы. Адам ағзасында вирустың негізгі таралуы (локализациясы) – трахея, бронхлардың тыныс алу эпителийі, ауру жалпы симптомдарымен басталады; қызба, дене қалтырау, бас және бұлшықеттерінің ауруы, көз симптомдары (көзден жас ағу, көздің ашуы т.б.). Кейін респираторлық белгілері қосылады; жөтел, мұрыннан су ағу, фарингит, ларингит, 3-4 күннен соң жазылу байқалады.
Патогенезі. Төменгі тыныс алу жолдарының эпителиальдық клеткаларының микопротеиндік рецепторларын да грипп вирусы гемагглютининнің көмегімен адсорбциялайды. Нейраминидазаның қатысуымен эндоцитоз арқылы клеткаға енеді. Зақымдалған клетканың ядросында вирустық РНҚ-ның репликациясы, вирустық белоктардың синтезі, жаңа вириондардың жиналуы өтеді. Клеткадан вирус бүршіктенумен шығады. Тыныс алу жолдарының шырышты қабатындағы эпителиоциттердің мембранасының бұзылуынан эрозиялар пайда болады. Эрозияланған беткейлерден вирус қанға өткен соң вирусемия дамиды. Ол жоғарғы температурамен, бұлшық еттер мен сүйектердің ауруымен, цитоксикациямен білінеді.
Иммунитет. Гриппке қарсы иммунитеттің деңгейін секреторлық IgAS белгілейді.
Лабораторлық диагностика:
1. вирусологиялық әдіс – грипп вирусы аурудың алғашқы бес күнінде науқастардың мұрын-жұтқыншақ шайындысынан бөлінеді. 10-11 күндік тауық эмбриондарының амнион және аллантоистық қуыстарына жұқтырады. ГАР және ГАТР қояды. Адамның, маймылдардың бүйректің біріншілік дақылдарына жұқтырады.
2. серологиялық әдіс – жұпты сарысуларды зерттейді, ГАТР.
3. генетикалық анализ әдістері.
4. экспресс-диагностикалық әдіс –
1. ритоцетоскопея – Романовскии-Гимзе әдісімен жұғынды таңба дайындап бояйды
2. РИФ
Арнайы – алдын алу шаралары: Гриппоздық вакциналар гуморальдық иммунитеттің және әлсіз (клеткалық) иммунитетті индуцирлейді.
1. Тазартылған тірі гриппоздық вакцина
2. Инактивирленген вакцина
3. Полимерлі тривалентті суббірліктік сұйық вакцина
4. Векстрит
5. Инфновак
Ремантидин, оксолин, интерферондар (неовир), реальдерон, гамма-глобулин.
Грипптен кейін дамитын бактериальдық асқынулардан сақтандыру үшін антибиотиктер және сульфаниламидтерді қолданады.
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 935 | Нарушение авторских прав
|