Коксаки вирусы
1948 жылы Г. Дольдорф және Г. Сиклс полимиелит тәрізді ауырған баладан алғаш рет анықтады. Бұл вирус табиғатта өте кең таралған. Вирустың ерекшелігі адамға кардиотропты әсер етеді- миокардит.
2-тобы бар:
1. Коксаки А 23 серовары бар
2. Коксаки В 6 серовары бар
Коксаки А типінің Коксаки В типінен айырмашылығы – адамның дақылында көбеймейді. 2 типі де адамда полимиелит тәрізді ауру тудырады. Адамда сал, асептикалық менингит, эпидемиялық миалгия (Борнхолм ауруы), гастроэетерит, жедел респираторлы аурулар, миокардит.
Коксаки В типі қызамық және паротит вирусымен бірігіп адамда- панкреатит ауруын тудырады. Коксаки вирусы анадан балаға берілуі мүмкін
Морфологиясы: Коксаки – өте майда вирустар. Вирионның симметриялық типі бар куб тәріздес. Липидтері жок. Гемагглютинин бар.
Дақылдандыру: Жасуша дақылдарында өседі. Жаңа туған ақ тышкандардың ағзасында жақсы өседі.
Антигендік құрлымы: Антигендік құрамына сәйкес А тобы-26 тип, В тобы-6 серологиялық типтерге жатады. Спецификалық антигендері бар. А және В тобындағы вирустардың ортақ комплементбайланыстырушы антигені бар.
Эпидемиологиясы: Инфекция резервуары – инфицирленген адам. Негізгі берілу механизмі- фекальды-оральды және жанасу арқылы.
Иммунитеті: Спецификалық иммунитет дамиды.
Емдеуі: Симптоматикалық ем шаралары қолданады.
Алдын-алуы: Жалпы медициналық алдыналу шаралары жүргізіледі. Спецификалық профилактикасы, яғни вакцина егу қолданылмайды.
ЕСНО вирустары
Қызылша вирусы
Қызылша (лат. Morbilli) — бұл өте жұқпалы ауру, әсіресе, тамаққа жарымайтын немесе туберкулез ауруына шалдыққан балаларға қауіпті. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру сәт сайын үдей түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін екі немесе үш күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Кейде тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашы-раңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалады. Бұл дерттің өте күшті екендігін білдіреді. мұндайда дәрігерлік көмек кереқ
Емдеу жолдары
1. Бала төсекте жатуы керек, сұйықты көп ішіп, құнарлы тамақ жегені жөн. Егер ол қою тамақты жей алмаса, сұйық сорпа беріңіз. Егер балаға емшек ему қиынға соқса, онда емшекті сауып, сүтті қасықпен ішкізіңіз.
2. Көздің бүлінуін болдырмау үшін мүмкіндігінше А дәруменін беріңіз.
3. Қызу көтерілгенде және бала тынышсызданғанда парацетомол (аспирин) беру қажет.
4. Егер құлағы ауырса, антибиотиктер ішкізген жөн.
5. Өкпесінің қабынғандығын, менингитті немесе құлақ пен асқазанның қатты ауырғандығын білдіретін белгілер байқалса, дәрігер шақырыңыз.
6. Егер баланың іші өтсе, регидрационды су беріңіз.
Алдын алу
Қызылшамен ауырған баланы басқа балалардан бөлек ұстаған жөн. Әсіресе, тамаққа жарымаудан болатын аурумен ауыратын, туберкулезбен немесе бойға сіңіп кеткен басқадай аурумен ауыратын балаларды сақтандыру керек. Қызылшамен ауырып жатқан баласы бар ұйге басқа үйдің балаларының келуіне болмайды. Қызылша ауруы бар үйдің балалары, егер олар бұл аурумен ауырмаған жағдайда мектепке, дүкенге немесе басқа да қоғамдық орындарға 10 күнге дейін баруына болмайды. Жас балалар организмінің қызылша ауруына қарсы тұрып, шетінемеуі үшін олардың жетіліп, ет алуы қажет. 8 айдан 14 айға дейінгі бала қызылшаға қарсы егілу керек.
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 879 | Нарушение авторских прав
|