АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Амбулаторлы педиатрия (каз)

Прочитайте:
  1. II. Обучающий симуляционный курс (ОСК.И.00) послевузовского профессионального образования врачей по специальности «Педиатрия»
  2. ВРАЧА-СПЕЦИАЛИСТА ПЕДИАТРА, УСПЕШНО ОСВОИВШЕГО ОСНОВНУЮ ОБРАЗОВАТЕЛЬНУЮ ПРОФЕССИОНАЛЬНУЮ ПРОГРАММУ ПОСЛЕВУЗОВСКОГО ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ ПО СПЕЦИАЛЬНОСТИ «ПЕДИАТРИЯ»
  3. Госпитальная педиатрия
  4. для специальности 060103 - Педиатрия (очная форма обучения)
  5. для специальности «лечебное дело», «педиатрия»
  6. для студентов I курса специальности Педиатрия
  7. ПЕДИАТРИЯ ВОП
  8. ПЕДИАТРИЯ С ДЕТСКИМИ ИНФЕКЦИЯМИ
  9. по дисциплине «Амбулаторно-поликлиническая педиатрия»

!Жетіп туған жас нәрестені нәрестелік кезеңде учаскелік педиатрдың бақылау жиілігін көрсетіңіз:

* айына 1 рет

* айына 2 рет

*+ айына 3 рет

* айына 4 рет

* айына 5 рет

!Шала туған нәрестелерде бірінші айда дәрігерлік бақылау жүргізу жиілігін көрсетіңіз:

* аптасына 1 реттен кем емес

*+ аптасына 2 рет

* айына 2 рет

*айына 1 рет

* айына 3 рет

!Шала туған бала мына денсаулық тобына жатқызылады:

* І

*+ ІІБ

* ІІА

*ІІІ

*ІV

!Педиатрдың 1 айдан 1 жасқа дейінгі дені сау балаларды диспансерлік бақылау жиілігі:

*10 күнде 1 рет

*айына 2 рет

*+айына 1 рет

*тоқсанына 1 рет

*жарты жылда 1 рет

!Өмірінің алғашқы жылының соңында баланың дене массасы неше есе артады:

*1,5 есе

* 2 есе

*+ 3 есе

* 4 есе

* 5 есе

!Баланы жиынтықты тереңдетіп қарау мына жаста жүргізледі:

* 2 жаста

* +3 жаста

* 4 жаста

* 9 жаста

* 10 жаста

!Дені сау баланың бірінші клиникалық қан талдауы мына жаста жүргізіледі:

* +1 айда

*3 айда

* 6 айда

* 1 жаста

* 36 айда

!Тәуліктік тамақ көлемін есептеуде ең дәлірек тәсіл болып табылады:

*Финкельштейн формуласы

* Зайцев формуласы

* көлемдік тәсіл

*+ калориялық тәсіл

* Шкарин бойынша есептеу

 

!Аралас тамақтану деп балаға 1 жасқа дейін ана сүтімен қатар мынандай қосымша тамақ түрін беруді

айтады:

* жеміс езбесі

* көкөніс езбесі

* донор сүті

* +жасанды сүт қоспалары

* жеміс және көкөніс шырындары

!Табиғи тамақтандыру кезінде мына жастан бастап шырын береді:

* 2 айлық

* 3 айлық

* 4 айлық

* 1 айлық

* +6 айлық

!Мешелдің постнатальді арнайы алдын алуды жүргізуге таңдалған дәрі болып табылады:

* видехол

* +аквадетрим (сулы ертінді вит Д3)

* Эргокальциферол 0,5% Д 3 спиртті ертінді

* Эргокальциферол 0,125 % Д2 майлы ертінді

* вигантол

!Мешел бар балаларды диспансерлік бақылау мерзімін көрсетіңіз:

* 6 ай

* 1 жыл

*+ 3 жыл

* 4 жыл

* 5 жыл

! Жетіп туған балалардың тамақтану рационында темірдің қажеттілігін көрсетіңіз:

* 0,5 мг/кг

*0,7 мг/кг

*1 мг/кг

*+ 1,5 мг/кг

*2 мг/кг

!Темір тапшылықты анемияның жедел кезеңіндегі баланы диспансерлік бақылау жиілігін көрсетіңіз:

*+ 10-14 күнде бір

* айына 1 рет

* 3 айда бір рет

* жарты жылда 1 рет

*жылына 1 рет

! Гипотрофиясы бар балаларды учаскелік дәрігерге қарау жиілігін көрсетіңіз:

*күнделікті

*апта сайын

*+ 2 аптада бір рет

*айына 1 рет

* 3 айда 1 рет

!Гипотрофиясы бар балаларды клиникалық белгілер жойылғаннан кейін диспансерлік бақылау

мерзімін көрсетіңіз:

* 6 ай

*+ 1 жыл

* 2 жыл

* 3 жыл

* жасөспірім бөлмесіне өткізгенге дейін

!Төмендегі зат алмасу бұзылысының бірі жүйке-артритикалық диатездің негізіне тән:

*билирубин алмасуы

* көмірсутегі алмасуы

* минерал алмасуы

*+ пурин алмасуы

* дәрумен алмасуы

! Төмендегі құжат үлгілерінің бірі алдын алу егу картасы деп аталады:

*112/у

* 026/у

*039/у

* 058/у

*+ 063/у

!Сәби 2 айлық. Жоспарлы егулерін көрсетіңіз:

* + V1 АКДС + V1 ОПВ + V2 ВГВ + V1 Нів

* қызылшаға қарсы + эпид.паротитке қарсы

* V1 АДС + V1 ОПВ

* V БЦЖ + ОПВ + ВГВ

* эпидемиялық паротитке қарсы

!Бала 6 жаста. Күнтізбелік жоспар бойынша ол алуға тиісті егулерін көрсетіңіз:

* V1 АКДС + V1 ОПВ

*R V1 АДС-М + R V1 БЦЖ

*+ R V1 БЦЖ + R V2 АДС + R V1 ККП

*V3 ВГВ +V3 АКДС + V3 ОПВ

* RV1 АДС-М

!Сәби 2 жаста. Егу күнтізбесі бойынша оған жасау керек егуді көрсетіңіз:

*қызылшаға қарсы

* эпидпаротитке қарсы

* вирусты гепатит А-ға қарсы

*+ вирусты гепатит В-ға қарсы

* қызамыққа қарсы

!Баланың қызамыққа қарсы егуді алу мерзімін көрсетіңіз:

* 6 айда

* 1,5 жаста

*+ 12-15 айда

* 3 жаста

* 2 жаста

!Бала 1 жаста. Перзентханада салынған БЦЖ егуінен кейін тыртық қалыптаспаған. Учаскелік

педиатрдің тактикасын таңдаңыз:

* Манту сынамасынсыз V БЦЖ салу

*+ Манту сынамасынан кейін теріс реакция болса V БЦЖ салу

* 6 айдан кейін Манту сынамасынсыз V БЦЖ салу

*Манту сынамасынан кейін күмәнді реакция болса V БЦЖ салу

* Манту сынамасынан кейін оң реакция болса V БЦЖ салу

!Компенсация кезеңіндегі созылмалы аурудың болуы баланы мына топқа жатқызады:

* І

* ІІ

*+ ІІІ

* IV

* V

 

!Жедел пневмониямен ауырған балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:

* 3 ай

* 6 ай

* 9 ай

* +1 жыл

* 3 жыл

!3 айға дейінгі жастағы жедел пневмониямен ауырған балаларды емханада «Д» бақылау жиілігін

көрсетіңіз:

* +алғашқы 6 айда айына 2 рет, содан кейін 1 жасқа дейін айына 1 рет

* алғашқы 3айда айына 2 рет, содан кейін 1 жасқа дейін айына 1 рет

* алғашқы 6 айда айына 2 рет, содан кейін 1 жасқа дейін 2 айда 1 рет

* алғашқы 3айда айына 2 рет, содан кейін 1 жасқа дейін 3 айда 1 рет

* 1 жасқа дейін ай сайын қарау қажет

!Бала 1 жаста. Ауырғанына 1 күн болды. Жөтелі құрғақ, үрген тәрізді. Тыныс алу жиілігі – минутына

57 рет. БАБЖ бағдарламасы бойынша осы жасқа сәйкес тыныс алу жиілігінің қандай көрсеткіштеріне

қарап жиілеген тыныс туралы айтуға болады:

*49

*30

*+ 61

*45

* 38

!БАБЖ бағдарламасы бойынша 5 жасқа дейінгі балаларда қандай мәселелер қаралады:

*+Диарея

* Мұрын бітелуі

* Миалгия

* Артралгия

* Түшкіру

!Бала 1 жаста. Қызба 7-күн, ата-анасы дене қызуын парацетамолмен түсіреді, бірақ температура қайта

көтеріледі. БАБЖ бағдарламасы бойынша бала диагнозы:

*Асқынбаған қызба

* Өте ауыр фебрильды ауру

*+ Ұзаққа созылған қызба

* Белгісіз этиологиялы қызба

* Менингит

!Созылмалы бронх-өкпе патологиясы бар бала стационардан шыққан соң бақылау ұзақтығын

көрсетіңіз:

* 1 жыл

* 3 жыл

* 5 жыл

* +ересектер емханасына өткізгенге дейін

* сауыққанға дейін

!Қайталамалы обструктивті бронхитте маман дәрігерлердің қарау жиілігін көрсетіңіз:

* ЛОР, стоматолог – жылына 1 рет
* Окулист, стоматолог – жылына 2 рет
* +ЛОР, стоматолог – жылына 2 рет
* ЛОР, окулист, стоматолог – тоқсан сайын
* ЛОР, стоматолог – тоқсан сайын

 

!Мектеп жасына дейінгі созылмалы бронхиты бар баланы педиатрдың қарау жиілігін көрсетіңіз:
* ай сайын

* +тоқсан сайын
* жылына 2 рет

* жылына 1 рет
* айына 2 рет

!Ревматикалық ақауы бар балаға жүргізіледі:

* біріншілік алдын алу

* ағымды алдын алу

* мезгілдік алдын алу

* +жыл бойына бициллинмен алдын алу

* ЖРВИ-ның алдын алу

!Ревматизммен ауырған балаларды диспансерлік бақылаудың 1-жылында бақылау жиілігін көрсетіңіз:

*+ ай сайын

* тоқсан сайын

*жылына 2 рет

*жылына 1 рет

* 2 жылда 1 рет

!Ревматизммен жүрек ақауынсыз ауырған балаларды диспансерлік бақылаудан шығару мерзімін

көрсетіңіз:

*атакадан кейін 1 жылдан соң

* атакадан кейін 2 жылдан соң

* атакадан кейін 3 жылдан соң

*+ атакадан кейін 5жылдан соң

*есептен шығарылмайды

!Дәнекер тіннің диффузды аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:

* аурудан кейін кейін 1 жыл бойына

*аурудан кейін 3 жыл

* аурудан кейін 4 жылдан соң

*аурудан кейін 5 жылдан соң

*+ жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін есептен шығарылмайды

!Ювенилді-ревматоидты артриттің буынды-вицеральді түрінде диспансерлік бақылау ұзақтығын

көрсетіңіз:

* 2 жыл

* 3жыл

*4 жыл

* 5 жыл

*+ есептен шығарылмайды

!Созылмалы гастритпен ауыратын балаларды диспансерлік бақылау мерзімін көрсетіңіз:

* өршуден кейін 1 жылдан кем емес

*өршуден кейін 2 жылдан кем емес

*+ өршуден кейін 3 жылдан кем емес

* өршуден кейін 5 жылдан кем емес

* жасөспірімдер кабинеті дәрігерінің бақылауына өткізіледі

!Асқазан және 12 елі ішек ойық жарасы бар балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:

* өршуден кейін 2 жылдан кем емес

* өршуден кейін 3 жылдан кем емес

* өршуден кейін 4жылдан кем емес

*өршуден кейін 5 жылдан кем емес

*+ жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін

 

!Созылмалы холециститпен және холецистохолангитпен науқас балаларды «Д» бақылау мерзімін

көрсетіңіз:

* асқынудан кейін 1 жыл

*+ асқынудан кейін 3 жыл

* асқынудан кейін 4 жыл

* асқынудан кейін 5 жыл

*жасөспірімдер бөлмесіне өткенге дейін есептен шығарылмайды

!Созылмалы пиелонефритпен ауыратын балаларды толық клиникалық-зертханалық ремиссия кезінде

диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:

* 2 жыл

*3 жыл

* 4 жыл

*+ 5 жыл

*жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін

!Зәр шығару жүйесінің созылмалы жұқпасы бар балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығы:

* 2 жыл

* 3 жыл

* 4 жыл

* 5 жыл

* +жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенше

!Созылмалы пиелонефритпен диспансерлік бақылауда тұрған науқастың диспансерлік бақылаудың

бірінші жылында жалпы зәр талдауын тапсыру жиілігі:

* +Алғашқы 3 айда айына 2 рет, келесі 3 айда айына 1 рет, 2-ші жарты жылда тоқсанына 1 рет және

кезкелген интеркуренттік жұқпа кезінде тоқсанына 2 рет

* Алғашқы 3 айға айына 2 рет, келесі 4-12 айларда тоқсанына 1 рет

* Алғашқы 3 айда айына 2-3 рет, келесі 4-12 айларда айына 1 рет

* Алғашқы 6 айда айына 1 рет, келесі 6 айда 2 айда 1 рет

* Айына 1 реттен жыл бойы

!Жедел гломерулонефритпен баланың сауығуын айтамыз:

* тұрақты клиникалық және зертханалық ремиссиядан кейін 1 жыл

* тұрақты клиникалық және зертханалық ремиссиядан кейін 2 жыл

* тұрақты клиникалық және зертханалық ремиссиядан кейін 3 жыл

* тұрақты клиникалық және зертханалық ремиссиядан кейін 4 жыл

* +тұрақты клиникалық және зертханалық ремиссиядан кейін 5 жыл

 

! «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» 2011 жылдың16-наурыздағы № 145 Бұйрығына сәйкес балаларға тереңдетілген жиынтықты тексеру қай жаста жүргізіледі:

* 2 жаста

* +3 жаста

* 4 жаста

* 9 жаста

*11 жаста

 

!17.10.2003ж. №760 Бұйрық бойынша ҚР-да амбулаторлық-емханалық көмек балаларға көрсетіледі:

* туғаннан 17 жас 11 ай 29 күнге дейін

* туғаннан 13 жас 11 ай 29 күнге дейін

* туғаннан 1жасқа дейін

*+ туғаннан 14 жас 11ай 29 күнге дейін

* туғаннан 28 күнге дейін

 

Нефрология

!Келтірілген қоздырғыштардың қайсысы геморрагиялық циститтің ең жиі себебіне жатады?

*протей

*клебсиелла

*+аденовирус

*ішек таяқшасы

*көк ірің таяқшасы

!Зәр жүйесі инфекциясының өршуін алдын-алу үшін нитрофурандар дозасы беріледі:

*күндіз

*таңертен

*+түнге қарай

*тәулік бойы

*уақытқа байланысты емес

!Бүйрек ауруы бар науқас балаларға аминогликозидтерді тағайындағанда төменде келтірілгеннің арасында есте сақтау қажет:

*кең спектрлі әсерге ие

*грамм-оң флораға әсер етеді

*+нефротоксикалық қасиетке ие

*амилоидоз емдеуде артықшылығы бар

*гломерулонефриттерді емдеуде артықшылығы бар

!Сәбилерде пиелонефриттің кеш диагностикасы мен сәйкессіз емі ненің дамуына алып келеді:

*Цистит

*Уретрит

*Остеопороз

*+бүйрек бүрісуі

*жедел бүйрек жетіспеушілігі

!11 айлық қыз балада алғаш рет зәр шығару жолдарының инфекциясы мен қуық-несепағар рефлюксінің ІІ дәрежесі анықталды. Негізгі антибиотикалық ем курсынан кейін төменде келтірілген терапевттік тактиканың қайсысын өткізу дұрыс деп санайсыз:

*қуық цистоскописын

*антирефлюксті операцияны

*қуық инстилляциясын

*негізгі емдеу курсын өткізу жеткілікті

*+ұзақ уақыт бойы аз мөлшерде антибиотикпен алдын алу

*1,5 жасар балада – қалтырау, интокискация белгілері анықталады. Зәр талдауында лейкоцитурия бар.!Төменде келтірілген іс-шаралардың ішінде бірінші кезекте өткізіледі:

*цистография

*цистоскопия

*уросептикалық ем бастау

*экскреторлы урография

*+эмпирикалық антибактериялық емді бастау

!12 жастағы қыз балада шамалы ісінуі бар, АҚҚ 150/95 мм.с.б.б. Қан талдауларында: ЭТЖ 65 мм/сағ, холестерин 4.0 ммоль/л, ШФЖ 47 мл/мин. ЖЗА: протеинурия 1.3 г/л, макрогематурия.Төменде келтірілген аурулардың ішінде ЕҢ болжама диагноз қандай?

*пиелонефрит

*нефротикалық синдром

*+нефритикалық синдром

*жекеленген зәрлік синдром

*тез үдемелі гломерулонефрит

!«Нефритикалық синдромға» төменде келтірілгеннің арасында тән емес:

*азотемия, олигурия

*ісінулер, макрогематурия

*ісінулер, гиперкреатининемия

*+жайылған ісінулер, протеинурия 8,0 г/тәу

*протеинурия 2,0 г/тәу дейін, макрогематурия

!Жекелеген зәр синдромы төменде келтірілгеннің арасында келесі гломерулярлы аурудың көрінісі болып табылады:

*+тұқым қуатын нефрит

*мембранозды нефропатия

*минимальды өзгерістер ауруы

*фокальды-сегментарлы гломерулосклероз

*мембрано-пролиферативті гломерулонефрит

!Балаларда бүйректің созылмалы жетіспеушілігі дамуының төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ жиі себеі:

*қант диабеті

*балалар инфекциялары

*артериялық гипертония

*жүйелі қызыл жегі

*+зәр шығару жүйесінің туа біткен даму ақаулары

!9 жасар ұл бала айқын ісінуіне, іш ұлғаюына, аз көлемде сирек несеп бөлуіне, әлсіздік пен тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суық тигеннен кейін жедел ауырғанАҚҚ 110/70 мм с.б.б., бүкіл денесіне жайылған ісінулер анықталады. зәрі ақшыл-сары,.ЖЗА: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроцит – 0, меншікті салмағы – 1025. ЖҚА: лейкоцит – 6х109/л, ҚТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. БхҚА: жалпы белок – 48 г/л. Төменде келтірілген аурулардың ішінде болжама диагноз: қандай?

*жедел цистит

*жедел пиелонефрит

*+нефротикалық синдром

*нефритикалық синдром

*зәр жолдарының инфекциясы

!Нeфротикалық синдромда протеинурия сипаты (г/тәул.):

*0,5

*1,0

*1,5

*2,0

*+3,5

!Гломерулонефриттің нақты диагностикасы үшін төменде келтірілгеннің арасында қандай зерттеу әдісі қажет?

*+биопсия

*урография

*цистоскопия

*цистография

*компьютерлік томография

!Бүйректің азот шығару қызметі жөнінде төменде келтірілгенгнің арасында қай параметрлердің көрсеткіштері бойынша бағалайды:

*зәрде белок

*қанда белок

*қанда калий және кальций

*зәрдегі несеп нәрі және креатинин

*+қандағы несеп нәрі және креатинин

!Балаларда peнальды жедел бүйрек жетіспеушілігінің төменде келтірілгеннің арасында себебі:

*шок

*+гломеpулопатиялар

*уретра стриктурасы

*обструктивті уропатиялар

*жедел ішек инфекциясыі

!Балаларда постpeнальды жедел бүйрек жетіспеушілігінің төменде келтірілгеннің арасында себебі:

*шок

*пиелонефрит

*гломерулонефрит

*интеpстициальды нефpит

*+обстpуктивті уpопатиялар

!Ерте жастағы балаларда бүйрек алмастырушы терапияның төменде келтірілгеннің арасында ең тиімді түрі:

*гемодиализ

*гемосорбция

*плазмаферез

*гемофильтрация

*+перитонеальды диализ

!Созылмалы бүйрек жетіспеушілігін төменде келтірілгеннің арасында радикальды емдеу әдісі:

*гемодиализ

*плазмаферез

*гемофильтрация

*+бүйрек трансплантациясы

*перитонеальды диализ

!Балаларда шумақтық фильтрация жылдамдығы төменде келтірілгеннің арасында қай формуламен есептеледі?

*+Шварц

*Реберг-Тареев

*Кокрофт-Голт

*Дене салмағының индексі

*Салмақ-жасының көрсеткіші

!15 жасар бозбала 12 жылдан бері нефротикалық синдром + гематурия түрінде созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Қан талдауында: қалдық азот 68,1 ммоль/л, креатинин 370 мкмоль/л, несеп нәрі 17,9 ммоль/л. Зәр талдауында. – белок 0,99 г/л, қанда – анемия. Науқаста төменде келтірілгеннің арасында ең болжама диагноз қандай?

*транзиторлы азотемия

*+созылмалы бүйрек ауруы

*жедел бүйрек жетіспеушілігі

*созылмалы пиелонефрит өршуі

*интерстициалді нефрит өршуі

!Тұқым қуалайтын нефриттің бастапқы сатысында төменде келтірілгеннің арасында зәр талдауына тән өзгерістер:

*ісінулер

*артериялық гипертензия

*+ негізінен гематурия

*негізінен протеинурия

*негізінен лейкоцитурия

!5 жасар баланы амбулаторлық зерттегенде СБЖ белгілері, естудің төмендеуі анықталды. Зәр талдауында протеинурия, гематурия, анамнезде атасының бүйрек ауруынан қайтыс болуы, 12 жасар әпкесінде микрогематурия анықталды. Төменде келтірілгеннің арасында ең болжамалы диагноз:

*Берже ауруы

*+Альпорт синдромы

*жанұялық гематурия

*Фанкони нефронофтизі

*жұқа базальды мембраналар ауруы

!Нефрондар санының азаюында бүйректің созылмалы ауруы дамуының механизмін атаңыз:

*+гиперфильтрация

*обструктивтік уропатия

*бүйрек қан тамырларының васкулиті

*шумақтардың иммунды зақымдалуы

*бүйректің микробты-қабынулық зақымдалуы

 

 

Неонатология

 

!Гестацияның қай мерзімінде қолайсыз факторлардың әсері туа біткен даму ақауларының, ағзалар аномалияларының, дизэмбриогенез стигмаларының дамуына алып келеді:

*гестацияның 4 аптасына дейін

*+гестацияның 12 аптасына дейін

*гестацияның 20 аптасына дейін

*гестацияның 28 аптасына дейін

гестацияның 38-40 аптасына дейін

!Апгар бағанасы бойынша нәрестені бағалау туылғаннан кейін нешінші минуттарда жүргізіледі:

*1 және 3

*+1 және 5

*1 және 10

*1 және 15

*1 және 20

!Төменде көрсетілген жағдайдың біреуі нәрестелік кезеңде физиологиялық болып табылады:

*+зәрқышқылды инфаркт

*нәрестелер көпіршігі

*везикулопустулез

*омфалит

*милық гипертензия

!Неонаталдық кезеңнің ұзақтығы құрайды:

*1 апта

*2 апта

*3 апта

*+4 апта

*6 апта

!Нәрестеде жауырынында, бөксесінде – монғол дақтары. Мына төменде көрсетілгендердің қайсысын балаға тағайындаған жөн?

*оперативті ем

*антибактериалды ем

*гормондық ем

*+емді қажет етпейді

*фототерапия

!Нәрестелік өлімшілдік – бұл:

*+1 жылға дейінгі өлген нәрестелер саны, 1000 тірі туылған нәрестеге шаққандағы

*өмірінің 6 айына дейін өлген нәрестелер саны 1000 тірі туылған нәрестелерге шаққандағы

*өмірінің 7 күніне дейін өлген нәрестелер саны 1000 тірі туылған нәрестеге шаққандағы

*өмірінің 28 күніне дейін өлген нәрестелер саны 1000 тірі туылған нәрестеге шаққандағы

*өлі туылғандар + өмірінің алғашқы аптасына дейін өлген нәрестелер саны 1000 тірі және өлі туылған нәрестеге шаққандағы

! Гестацияның қай мерзімінде қолайсыз факторлардың әсері туа біткен даму ақауларының, ағзалар аномалияларының, дизэмбриогенез стигмаларының дамуына алып келеді:

*гестацияның 4 аптасына дейін

*гестацияның 12 аптасына дейін

*+гестацияның 20 аптасына дейін

*гестацияның 28 аптасына дейін

*гестацияның 38-40 аптасына дейін

!Нәрестелерде лоқсудын басты себебі:

*+өңеш-асқазан өткелі бұлшықетінің жетіспеушілігі

*өңеш атрезиясы

*асқазанның пилорикалық бөлігі бұлшықетінің туа біткен гипотрофиясы

*асқазан-ішек жолдарының гипомоторлы белсенділігі

*пилорикалық сфинктердің жедел жиырылуы

!Қандай транзиторлы жағдай сыртқы жыныс мүшелерінің ісінуімен жүреді:

*+жыныстық криз

*транзитор термореттелу

*транзиторлы жүрек-қантамыр жағдайы

*транзиторлы бүйрек қызметінің ерекшеліктері

*транзиторлы метаболизм өзгерістері

!Нәрестенің туғаннан кейінгі нәжісі аталады:

*+меконеалды

*өтпелі

*қалыптасқан

*қанаралас

*шырышты

!Нәрестелерде жылу жоғалтудың жоғарылауы негізделген:

*+1 кг дене салмағына дене беткейінің үлкен болуы

*минуттық тыныс алу көлемінің жоғары көрсеткіштеріне

*минуттық қан көлемінің жоғары көрсеткіштеріне

*сұр майының болуына

*зат алмасу жоғары болуына

!Нәресте туылғаннан кейін гипогликемия профилактикасы:

*+емшек сүтімен тамақтандыруды туылған соң 1сағат ішінде бастау қажет

*туылғаннан 30 мин кейін глюкоза ерітіндісін парентерльды енгізу

*туылғаннан кейін алғашқы тәуліктерде 10 % глюкоза ерітіндісін беру

*туылғаннан кейін алғашқы тәуліктерде 20-30 мл ден жасанды сүт қоспаларымен тамақтандыру

*донор сүтімен тамақтандыру

!«Жылу тізбегі – бұл:

*+барлық нәрестелер жылуды жоғалтуының минимизациясы

*шала туылған нәрестелердің жылуды жоғалтуының минимизациясы

*өте аз салмақтағы нәрестелердің жылуды жоғалтуының минимизациясы

*тек науқас нәрестелер жылуды жоғалтуының минимизациясы

*ТЖА бар нәрестелерде ғана жылуды жоғалтуының минимизациясы

!Ұрықтың тірі туылу көрсеткіштерінің бірін таңдаңыз:

*тыныстың болуы

*туылған кезде меконидің болуы

*сагиталдық жіктің ажырауы

*шартсыз рефлекстердің барлығының болуы

*+айғайдың болуы

!Нәрестелердің жоғарғы тыныс жолдарының анатомдық-физиологиялық ерекшеліктері қандай патологиялық жағдайларға бейімдейді:

*фронтиттерге

*мұрыннан қан кетулерге

*гаймор қойнауының қабынуына

*баспаға

*+жалған круп дамуына

!Недоношенного новорожденного можно сразу прикладывать к груди, если его вес при рождении:

*1000 гр

*1500 гр

*500 гр

*1300 гр

*+2000 гр

!Шала туылған нәрестелер ретонипатиясы – бұл:

*+қантамырлық-пролиферативтік тор қабатының зақымдануы

*көздің қантамырлық қабатының қабыну ауруы

*конъюнктивит

*хрусталик ластануы

*увеит

!Шала туылуды анықтайтын негізгі критерилері:

*кіші еңбектің болуы

*рефлекстердің болуы

*гестация мерзімі

*+қанның клиникалық анализдері

*қанда белок құрамы

!Шала туылған нәрестелердің асқорыту ерекшеліктері:

*+тағам инградиенттерінің сіңірілуінің төмендігі

*ана сүті белоктарының, май және көмірсуларының резорбциясы жоғары болуы

*арнайы сүт қоспаларының жеткілікті резорбциясы

*ұйқы безі ферменттерінің белсенділігі төмен болуы

*бауырдан өт қышқылдарының синтезі төмендеген

!Шала туылған нәрестелер емдік –қорғаныстық режимінің бірін көрсетіңіз:

*+оптимальді температуралық режим жасау

*міндетті түрде фототерапия жүргізу

*анасына күтіп бағуды рұқсат етпеу

*міндетті түрде ифнузиялық терапия

*бөлменің жарық болуы

!Шала туылған нәрестерлер үшін инкубаторларды қолданудың жағымсыз жағы:

*+нәрестенің инфицирлену қаупі факторы

*қызу факторы

*салқындату факторы

*нәрестенің гипоксия факторы

*болашақ дамуында психикалық дамуы тежелуінің себебі

!Нәрестелерде РДС дамуына алып келетін негізгі фактор болып табылады:

*+шала туылу

*құрсақішілік инфекциялар

*перинаталдық гипоксия

*мерзімінен асып туылу

*НГА

!Қыз нәрестеде дене салмағы мен бой ұзындығының бірдей төмендеген.

Төмендегі келтірілгендердің ішінен мүмкіндігі мол диагнозды таңдаңыз:

*құрсақішілік даму тежелісі, гипотрофиялық түрі

*+құрсақішілік даму тежелісі, гипостатура

*құрсақішілік даму тежелісі, диспластикалық түрі

*аз салмақты жаңа туылған нәресте

*өте аз салмақты жаңа туылған нәресте

!Туа біткен листериозға аса тән белгі:

*гипогликемия

*катаракта

*саңыраулық

*лейкоцитурия

*+тері мен шырыштық түйінді бөртпелер

!Нәресте терісінің жұқпалы емес ауруларына жатпайды:

*телеангиоэктазиялар

*гемангиомалар

*туа пайда болған ихтиоз

*тері аплазиясы

*+Риттердің эксфолиативті дерматит

!Катаракта, микрофтальмия, іштен болатын жүрек ақауы және кереңдік туғызатын қоздырғыш:

*герпес вирусы

*цитомегаловирус

*+қызамық вирусы

*хламидиялар

*микоплазма

!Құрсақішілік цитомегаловирус инфекциясының клиникалық көрінісі:

*+сарғаю, анемия, тромбоцитопения, гепатоспленомегалия

*алақан мен табандағы көпіршіктер

*кереңдік, катаракта, туа біткен жүрек ақауы

*бас миындағы кальцинаттар, хориоретинит, көру нервінің атрофиясы

*мазасыз жөтелді пневмония, конъюктивит

!Типті ядроішілік құрылымдары бар гигант клеткаларының түзілуі («үкінің көзі») қандай құрсақ ішілік инфекцияға тән?

*хламидиоз

*+ЦМВ-инфекция

*микоплазмалық инфекция

*токсоплазмоз

*листериоз

!5 күндік нәрестеде ринит көріністері, алақан мен табанында ішінде серозды-қанды сұйықтығы бар көпіршіктер, эрозиялар. Айқын сарғаю, бауырдың аздап ұлғайған.

Мейілінше жуық диагноз:

*іштен біткен гепатит

*+іштен біткен мерез

*везикулопустулез

*іштен біткен герпес

*Риттердің эксфолиативті дерматиті

!ҚІИ клиникалық көрінісі байланысты:

*инфекция берілу жолдары

*анасының жасы

*жүктілік саны

*қоздырғыш вируленттілігі

*+инфицирлену уақыты (жүктіліктің қай мерзімінде)

!Д витаминіне тәуліктік физиологиялық қажеттілік:

*100 ХБ

*100-300 ХБ

*+400-600 ХБ

*800-900 ХБ

*900-1000 ХБ

!Д витаминінің белсенді түрі қай мүшеде түзіледі:

*теріде

*ішектерде

*көкбауырда

*бауырда

*+бүйректе

!Рахит кезінде сүйек өзгерістері төменде көрсетілгендердің қайсысымен байланысты?

*+гиперкальциемиямен

*А гиповитаминозымен

*Д гиповитаминозымен

*К гиповитаминозымен

*гиперфосфатемиямен

!Рахитпен ауыратын балалар төменде көрсетілген патологиялық жағдайларға бейім:

*қанкетулерге

*сарғыштану синдромының дамуына

*ісіну синдромының дамуына

*+инфекцияларға

*анемияларға

 

1. Балаланың толық құқықтарға ие болуы:
* +туа салысымен
* кәмелет жасына толғанда
* 14 жастан бастап

* 18 жастан бастап

* өмірінің 28 күнінен бастап

 

2. Конвенцияға сай, бала:

* 16 жасқа толмағанша ешқандай құқықтары жоқ
* ересектерге қарағанда құқықтары шектелген
* ересектерге қарағанда құқықтары көбірек

* +ересектер сияқты құқықтар мен адам еркіндігіне сай барлық спектрге ие болу керек

 


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 1555 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.085 сек.)