АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

ЕСЕПТЕР

 

1. 1.Науқас А, 37 жас, қабылдау бөлімшеге ессіз жағдайда түсті. Ертіп келгендердің айтуына қарағанда саңырауқұлақ соусын жегеннен кейін 3 сағаттан соң жедел ауырған. Жағдайы ауыр. Дене қызуы бір қалыпты. Акроцианоз, коллапс. Ауру іштің қатты ауруымен және қайталамалы құсықпен басталған, кейін іштің өтуі болған. Нәжіс сұйық, сулы. Науқас 3 күн бұрын Үндістаннан келген.

Алғашқы диагноз?

А – дизентерия, IV дәр.дегидратация

В – тырысқақ

С – саңырауқұлақпен улану

Д – сальмонеллез, ИТШ III дәр.

+ – тағам токсикоинфекциясы, ИТШ III дәр

2. Науқас В, 30 жаста, түскен кезде іштің ауырсынуына, жүрек айну, көп реттік құсу, сулы сұйық нәжіс, 37,6 ºС дейін дене қызуының көтерілуіне шағымданған. Түскі тамақ ішкеннен 1 сағаттан соң жедел ауырған, торт жеген.

Алғашқы диагноз?

А – дизентерия

В – тырысқақ

С – амебиаз

Д – сальмонеллез

+ – тағам токсикоинфекциясы

3. Науқас М, 40 жаста, аурудың 1 күні іштің ауырсынуы, жүрек айну, құсуға шағымданып түсті. Қарағанда: дене қызуы 38ºС, тері қабаты боз, тілі ақ жамылғымен жабылған, пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болады.

Эпиданамнезінде: буфеттен сатып алынған пирожныйын жеген. Алғашқы диагноз?

А – дизентерия

В – тырысқақ

С – амебиаз

Д – сальмонеллез

Е – тағам токсикоинфекциясы

 

4. Ауруханаға 18 жастағы науқас келесі шағымдарымен келіп түсті: қайталамалы құсу, іш аймағындағы ұстамалы ауырсыну. Үйінде 2 рет іші өткен, нәжіс кілегей аралас болған. Қарағанда дене қызуы 38,40С, тілі құрғақ, тахикардия, оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну, Щеткин – Блюмберг симптомы оң. Сыныпта дизентериямен ауырған балалар бар. Алғашқы диагноз?

А – дизентерия

В – тырысқақ

С – аппендицит

Д – сальмонеллез

Е – тағам токсикоинфекциясы

 

5. Науқас Б., 22 жаста, қалтырау, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, іштің өтуіне шағымданады. Қарағанда: дене температурасы 390С, көп реттік құсу, сулы көп мөлшерде сасық иісті, «батпақты балшық» тәріздес нәжіс. 4 сағат бұрын ет қосылған салат жеген. Алғашқы диагноз?

А – дизентерия

В – тырысқақ

С – амебиаз

+ – сальмонеллез

Е – тағам токсикоинфекциясы

 

6. Науқас М., 25 жаста, 5 күн бойы ЖРА (жедел респираторлық ауру) бойынша дәрігерге қаралып емделген, соңғы 2 күнде температура қалыпты, дегенмен жағдайы нашарлаған: тәбеті жойылған, жүрек айну пайда болған, әлсіздік күшейген, несептің қоңырлануын байқаған. Алғашқы диагноз?

А – созылмалы холециститтің өршуі

+ – вирусты гепатит

С –аденовирусты инфекция

Д – тұмау

Е – созылмалы гастриттің өршуі

 

7. Науқас К., 30 жаста, жедел ауырған, қалтырау, бас ауыруы, жүрек айнуы пайда болған. 6 сағаттан соң 3 реттік құсу, дене температурасының 38,60С дейін жоғарылауы қосылған. Келесі күні іштің ауырсынуы сол жақ мықын аймағында байқалған, нәжісі сұйық, аз мөлшерлі, кілегейлі. Алғашқы диагноз?

+ – дизентерия

В – сальмонеллез

С – тағам токсикоинфекциясы

Д – тырысқақ

Е – амебиаз

8. Ауру жедел басталған. Көп мөлшердегі нәжіспен дефекацияға шақыру, құсу пайда болған. Кейін құсу, нәжіс «күріш суы» сипат алды, аяқ-қолдардың құрысуы пайда болған. Температура бастапқыда субфебрилді, диарея дамуына қарай 350С дейін төмендеді. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

А – дизентерия

В – сальмонеллез

+ – тырысқақ

Д – балантидиаз

Е – тағам токсикоинфекциясы

 

9. 30 жастағы науқас инфекциялық ауруханаға дене температурасы 39ºС жоғарылағанына, тершеңдік, әлсіздік, тәбетінің жоғалуына шағымданып түсті. Науқас 7 ай бойы ауырған, дене салмағының төмендеуін байқаған. Тұмау, жедел бронхит бойынша амбулаторлы ем алған, нәтижесі болмаған, 6 ай бұрын беттің тілмелі қабынуымен ауырған.

Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт. Ауыздың кілегей қабығында ақшыл ұсақ жаралар пайда болған, ақ жабындымен жабылған, гингивит көріністері бар. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, қанағаттанарлық. Тілі қою, ақ жамылғымен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры 1 см. дейін ұлғайған, ауырсынбайды. Нәжісі сұйық, патологиялық қоспасыз, тәулігіне 3 ретке дейін. Несеп шығаруы еркін.

Эпиданамнезінде: 10 ай бұрын жамбас жарақатымен операция жасалған, бірнеше рет қан құйылған.

Алғашқы диагноз?

А – стоматит

В – дизентерия

С – гепатит

+ – ЖИТС

Е – анемия

10. 23 жастағы науқас инфекциялық ауруханаға 10 қараша күні кілегейлі тұрақсыз нәжіске, іштің төменгі бөлігінің ауыруы, тәбеті төмендеуіне шағымдануымен келіп түсті.

Бір жарым ай бұрын науқаста дене температурасы 39ºС дейін көтерілген, іштің толғақ

тәрізді ауруы болған сұйық, кілегейлі, қан аралас күніне 10 ретке дейін нәжіс болған. Дәрігерге қаралмаған, фталазол және левомицетин қолданған және температура үш күнде субфебрильді деңгейде төмендеген. Іштің ауруы мен сұйық нәжіс жойылмаған, сондықтан науқас тетрациклин 3 тб. х 3 р тәулігіне үш апта бойы ішкен.нәжісте қан жойылған, бірақ дәреті кілегейлі, сұйық күйінде болған. 10 кг. жүдеген.

Ауырған аурулары: жедел пиелонефрит.

Эпиданамнезінде: 1 жыл бұрынСан-Францискада командировкада болып, қонақ үйде түрған.

Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық.. Бозғылт, өкпеде везикулярлы тыныс, жүрек тондары түйықтау, пульс 76 рет/мин, ырғақты, қанағаттанарлық. Ауыз қуысының кілегейінде бірең-сараң ақшыл ұсақ жаралар пайда болған, өлшемдері 3-4 мм. Іші кепкен, тоқ ішектің бойы ауырсынады. Бауыр мен талағы ұлғаймаған.

Алғашқы диагноз?

А – созылмалы дизентерия

В – стоматит

С – дисбактериоз

Д – ЖИТС

Е – анемия

11.40 жастағы науқас аурудың 1-ші күні келіп түсті, шағымдары: жүрек айну, құсу, іштің ауырсынуы, сулы нәжіс.

Қарағанда: температурасы 380С, бет әлпеті бозғылт, тілі ақ жабындымен жабылған, эпигастрий және кіндік аймағындағы ауырсыну сезімі бар. Ауруды базардан сатып алған бәліш жеуімен байланыстырады.

Алғашқы диагноз?

А – амебиаз

В – дизентерия

+ – тағам токсикоинфекциясы

Д – тырысқақ

Е – балантидиаз

12. 22 жастағы науқас аурудың 1-ші күні келіп түсті, шағымдары: қалтырау, маңдай аймағындағы қатты бастың ауруы, жоғары қызба, арқа бұлшық еттеріндегі ауырсыну, тамақтың жыбырлауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі, жарықтан қорқу.

Қандай ауру туралы ойлауға болады?

А – аденовирусты инфекция

+ – тұмау

С – риновирусты инфекция

Д – парагрипп

Е – реовирусты инфекция

13. 24 жастағы науқас аурудың 3-ші күні келіп түсті, шағымдары: аурудың біртіндеп басталуы, бастың жәй ауруы, жеңіл қалтырау, субфебрилді температура, тамақтың жыбырлауы, құрғақ жөтел дөрекі «үрмеліге» ауысады, мұрынның бітелуі, дауыстың қырылдауы.

Алғашқы диагноз.

А – аденовирусты инфекция

В – тұмау

С – риновирусты инфекция

+ – парагрипп

Е – реовирусты инфекция

14. Науқас 2-ші күні инфекиялық бөлімшеге іштің сол жақ мықын аймағының толғақ тәрізді ауырсынуымен, әлсіздік, тенезмдер, дене қызуының көтерілуі, нәжісінің 15 рет дейін болуы, нәжісі аз мөлшемде шағымдарымен түсті.

Объективті: температура 38,30С. АҚҚ 120/70 мм. с.б Пульс 88 соққы 1 мин ырғақты,. Сигма тәрізді ішегі түйілген. Нәжісі аз молшенген, кілегейлі, қан сызығы аралас.

Диагноз?

+ – Дизентерия

В – Сальмонеллез

С – Тырысқақ

Д – Тағам токсикоинфекциясы

Е - Амебиаз

 

15. Науқас 22 сағатта ауруханаға түсті, сол күні ертеңгісін ауырған: көз алдындағы «тұман», әлсіздік. Күндіз заттар қосарлап көрінген, 18 сағатқа таман дауысы мыңғырлап шығуы байқалған, жұту қиындаған. Ауырар алдында үйде дайындаған консерві ретінде саңырауқұлақ жеген.

Объективті: дауысы мыңғырлап шығады, дизартрия. Екі жағындағы птоз, медриаз. Көз алмаларының қозғалысы шектелген. Тахипноэ 32/мин, пульс 120/мин АҚҚ 110/70мм. с.б.

Диагноз?

А – Сіріспе

В – Құтыру

+ – Ботулизм

Д – Саңырауқұлақпен улану

Е – Дифтерия

16. 56 жасар науқас кант диабетімен ауырады. Соңғы 23 күні бойы әлсіздік, ұйқының бұзылуы, тамаққа тәбетінің төмендеуі, бастың ауруы, буындардың ауруы байқалған. 6 күн бұрын несебі қоңырланған, бір неше күннен кейін нәжісі түссізденген. Осыдан 1-2 күннен бұрын қасындағы адамдар сарғайғанын көрген.

Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері қабаты айқын сарғайған, бауыры қабырға доғасынан 3 см шығып тұр.

Диагноз?

А – Вирусты гепатит А

+ - Вирусты гепатит В

С – Вирусты гепатит Е

Д – Вирусты гепатит Д

Е – Механикалық желтуха

17.Науқас 17 жаста, аурудың 2-ші күні инфекциялық бөлімшесіне іштің толғақ

тәрізді ауырсынуымен, 20-25 рет/тәу. жиі сулы нәжіс шағымдарымен келіп түсті.

Объективті: дене қызуы 39,6 оС дейін. тері жамылғысы ылғалды, қалыпты түсті, тері серпімділігі төмендемеген. АҚҚ 110/70 мм.с.б. Пульс 96 рет/ мин. Тілі сұр жамылғымен жабылған. Сол мықын аймағы ауырсынады, сигма тәрізді ішек түйілген, нәжісі қан талшықтары мен кілегей аралас.

Сіздің диагнозыңыз.

А – Жедел дизентерия

В – Сощылмалы дизентерия

С – Амебиаз

Д – Балантидиаз

Е - Сальмонеллез

18. Науқас осыдан 1 ай бұрын Дели қаласынан сапардан келді. 2 аптадан кейін іш өту болған, күніне 4-5 рет, температурасы субфебрилді, нәжісі қою кілегейлі, қан аралас. Объективті: Сигма тәрізді ішегі түйілген, ауырсынады, гепатомегалия, температура 37,50С, нәжісі «таңқұрай» тәрізді. Диагноз?

А – Амебиаз

В – Дизентерия

С – Тырысқақ

Д – Балантидиаз

Е - ЖИТС

19. Науқас аурудың 2 күні іштің ауырсынуы, жүрек айну, құсу, жиі сұйық нәжіс болуымен түсті. Ауру қонақта болғаннан кейін жедел, 3 сағаттан кейін басталған.

Қарағанда: дене қызуы 38ºС, тері қабаты боз, көзі үңірейіп кеткен, тілі ақ жамылғымен жабылған, құрғақ. пальпация кезінде эпигастральды аймағында ауырсыну пайда болады. Іші кебуі жоқ. Несебі кедергіссіз шығады. Нәжісі көп мөлшемде, сулы, қорытылмаған тағам аралас.

Диагноз?

А – Сальмонеллез

В – Тағам токсикоинфекциясы

С – Жедел дизентерия

Д – Тырысқақ

Е - Амебиаз

 

20. Науқас ауырғаннан 2-ші күні бастың ауруы, қалтырау, мұрын бітелу, құрғақ жөтел шағымдарымен түсті. Жедел ауырған, температуасы 39,9ºС, жөтелу кезінде кеудеде ауырсыну сезім байқалады.

Объективті: температуасы 39,9ºС, беті қызарған, склерит, конъюнктивит, ауыз жұтқыншақтың кілегей қабаты қызарған, цианоз, бірнеше нүктелі қан құюлулар көрінеді.

Диагноз?

А – Аденовирусты инфекция

В – Вирусты гепатиттің сарғаюалды кезеңі

С – Парагрипп

Д – Риновирусты инфекция

Е - Тұмау

 

21. Науқас тұрып қалған дірілдек (холодец) тағамын жеп 6 сағаттан кейін ауырған. Қалтырау пайда болған, температурасы 39,2ºС, көп мөлшердегі құсық, жиі сұйық нәжіс, іштің ауырсынуы.

Объективті: температусы бір қалыпты, нәжіс «ет жуындысы» тәрізді, АҚҚ 80/50 мм с.б. пульс 100/мин.

Диагноз?

А – Сальмонеллез, ИТШ II дәр

В – Тағам токсикоинфекциясы, ИТШ II дәр.

С – Жедел дизентерия

Д – Тырысқақ, дегидратация II дәр.

Е – Сальмонеллез,ИТШ III дәр.

22. 30 жастағы науқас келесі шағымдарымен инфекциялық ауруханаға келіп түсті: дене қызуы жоғары, әлсіздік, тамаққа тәбеті жоқ, жүрек айну, склерасының сарғаюы, несебінің қоңырлауы. Эпиданамнезде: жиі балық аулаумен айнылысады, шала тұздалған және кептірілген балық жеген.

Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, склералары сарғайған, тері қабаты қалыпты. Бауыры 1 см қабырға доғасынан шығып тұр. Ауырсынады. Жалпы қан анализінде: Л -12000, п-5%, э-40%, с-40%, Л-4%, м-11% СОЭ -24 мм/сағ.

Жалпы билирубин-25 мк/моль, тікелей -10 мк/моль.

Диагноз?

А – Вирусты гепатит А

В – Вирусты гепатит В

+- Описторхоз

Д – гемолитикалық сарғаю

Е – механикалық сарғаю

23. 25 жастағы науқас желтоқсан айында ауруханаға келесі шағымдарымен келіп түсті. Іштің өтуі, тамаққа тәбетінің төмендеуі. Жазда шілде айында ауылшаруашылық жұмысында болған, арықтан су ішкен. Сұйық нәжіс 10 ретке дейін, оң жақ мықын аймағында ауырсыну, бисептол деген дәрімен емделгенен кейін іш өту қойған. Бірақ майлы, ащы тамақтан кейін іші өтеді. Температурасы 37,2ºС, тері қабаты боз, дене салмағы түскен. Іші оң жақ мықын аймағында ауырсынады, нәжісі ботқа тәрізді, «әйнек» тәрізді кілегейлі, қан аралас.

Диагноз?

+ – Амебиаз

В – Жедел дизентерия

С – Сальмонеллез

Д – Тырысқақ

Е - Вирусты гепатит Е, сарғаюалды кезеңі

24. Науқас ауырғаннан кейін 2-ші күні келіп түсті, жуылмаған алма жеген. Жағдайы орташа ауырлықта. температурасы 38,7ºС. Сол жақ мықын аймағында толғақ тәрізді ауырсыну, сигма тәрізді ішек түйілген. Пальпация кезінде ауырсыну. Нәжісі тәулігіне 6-7 рет.

Диагноз?

А – Сальмонеллез

В – Тағам токсикоинфекциясы

С – Тырысқақ

Д – Жедел дизентерия

Е - Созылмалы дизентерия

25. Науқас консервіленген саңырауқұлақпен тағамданғаннан 14 сағаттан кейін ауырған. Эпигастрий аймағында ауырсыну сезімі пайда болған, жұтынудың ауырлауы, бұлшық еттерінің әлсіздігі. 2-ші күні түс қайта көздің алдында заттардың көбеюі, афония, афагия пайда болған, температурасы 36,6ºС, екі жақты птоз, мидриаз, анизокория, жұмсақ таңдайының парезі. Қарағаннан 30 минуттан кейін мазасыздану, еріндердің және мұрын ұшының цианозы пайда болған. АҚҚ 40/10 мм с.б. Пульс 112/мин. ырғақты. Жүрек тондары тұнықталған, тынысы әлсіз, беткей, т.а.ж. - 38/мин.

Науқастың жағдайын нашарлатуға алып келген өмірге қауыпты синдромды атаңыз.

Диагноз?

А – Ботулизм

В – Құтыру

С – Сіріспе

Д – Саңырауқұлақпен улану

Е - Тағам токсикоинфекциясы

26. Науқас Пакистанда (Карачи) бір апта болып келген. Келгеннен кейін 2 күні жедел қайталамалы құсық және жиі сұйық дәрет мазалаған. Дене қызуы барлық күндері қалыпты. Даусы қарлыққан, аяқ бұлшық еттерінің құрысуы орын алған. Бет пішіні үшкірленген. Тері жамылғысы құрғақ, тері серпінділігі төмен, еркін қатпарланып жиналады. АД – 100/60 сын. бағ.

Сіздің диагнозының?

А – Тырысқақ

В – Жедел дизентерия

С – Сальмонеллез

Д – Тағам токсикоинфекциясы

Е - Амебиаз

 

27. Наусқас ауру басталғаннан бастап 2 күні ауруханаға мұрнының бітіп, сәл басының, тамағының ауырғандығына, құрғақ жөтелге және көзінің қыжылдауына шағымданып келді. Дене қызуы 380 С, аран кілегей қабаты қызарған, артқы қабырғасында үлкейген фолликулар, бадамша бездері ұлғайған, лакуналарда ірің. Конъюнктива және склера қан тамырларының инъекциясы байқалады, қабағы ісіңкі.

Сіздің диагнозының?

А – Тұмау

В – Парагрипп

С – Аденовирусты инфекция


Дата добавления: 2014-12-12 | Просмотры: 3297 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.028 сек.)