94. Жүрек ақауы бар науқаста, физикалық жүктемеден кейінгі есінен танып қалу ұстамасы, барлық жүрек аймағында интенсивті систолалық шу естіледі. Пульс ретті, ЖЖЖ – 66 рет минутына, АҚҚ – 110/85 мм с.б.б., ЭКГ-де – сол жақ қарынша гипертрофиясы, қалғаны өзгеріссіз. Сіз қандай ақауды анықтайсыз:
A. митральды стеноз
B. митральды жетіспеушілік
+. аортальды стеноз
D. аортальды жетіспеушілік
E. үш жармалы қақпақша жетіспеушілігі
95. Ревматизмде зақымданбайтын қақпақшаны атаңыз:
A. митральды
B. қолқалық
C. үш жармалы қақпақша
+. өкпе артериясының қақпақшасы
E. екі қақпақшаның қатар зақымдалуы
96. Екі күн бұрын, түнде 56 жастағы ер адамда (жақында қонақта болған) оң жақ табанның I фалангалық буынында кенеттен ауырғандық пайда болған. Буыны қызарған, ұстағанда ыстық, ісікті; ісік және гиперемия табан сыртына таралған. Дене қызуы 37,8ºС. АҚҚ – 160/90 мм с.б.б. (анамнезінде бүйрек шаншуы). Жалпы қан анализінде: Нb – 156 г/л, лейкоциттер - 9,8 х 1012г/л, ЭТЖ-25 мм/сағ. Дене салмағы жоғарылаған. Аталған мәліметтер негізінде қандай алғашқы диагноз қоюға болады: