АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Курс: 3

Прочитайте:
  1. Курс: 3
  2. Курс: 5

Тақырыптар: № 12-13,18

 

Құрастырушы: ассистент, м.ғ.к.

 

_________ Кудайбергенова Н.К.

 

 

Семей – 2013 ж.

 

Кафедра отырысында бекітілген

№ хаттама

«____» _________ 2012ж

 

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д. Жетписбаева Х.С. _________________

 

1. Тақырып №12: HLA жүйесінің құрылысы, локустардың қызметтері. Трансплантациялық иммунитеттің негіздері.

2. Мақсат: Студенттерге HLA жүйесінің құрылысымен локустардың қызметтерін және трансплантациялық иммунитеттің ғылыми тұрғыда білімдерін қалыптастырып, бекіту.

3. Оқыту мақсаты: Студенттерге адамның негізгі гистосәйкестігінің құрлысы және локустарының қызметі жайында түсінік беру. Транспланттаттың ажырауының патогенезінде жатқан иммунологиялық механизмді анықтауды үйрету. HLA жүйесінің антигендерін типтеу және донормен реципиентті таңдау тәсілдеріне үйрету.

· Студент білу керек

  1. Адамның негізгі гистосәйкестік комплексінің құрлысы мен локустарының қызметтерін
  2. Олардың локустарының қызметі, HLA антигендерінің тұқымқуалаушылық ауруларға бейім келетін генетикалық маркер ретіндегі ролі
  3. Трансплантологиядағы иммунологиялық механизм
  4. Трансплантаттың ажырауының алдын-алу
  5. Трансплантологиядағы иммунологиялық талдау тәсілдері

· Студент істей білуі керек

1. Транспланттаттың ажырауының патогенезінде жатқан иммунологиялық механизмді

анықтаудағы алған білімдерін қолдана білу.

2. HLA жүйесінің көрсеткіштері бойынша трансплантациялық банк арқылы донормен

реципиентті таңдау

3. Ғылыми және медициналық оқулықтармен және интернет-ресурстармен өздігінен

жұмыс істей алу қажет

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Адамның негізгі гистосәйкестік комплексінің құрлысы мен локустарының

қызметтерін

2. HLA-ның I және II класс антигендері және олардың жасуша аралық қатынастағы

маңызы.

3. Гистосәйкестік комплексінің тұқым қуалауы.

4. HLA генотипін, гаплотипін, фенотипін анықтау.

5. HLA-жүйесінің антигендерін типтеу әдістері (серологиялық, жасуша тәуелді),

HLA-антигендерін анықтаудың практикалық аспектілері.

6. HLA антигендерінің популяцияларда таралуы.

7. HLA антигендері және адам ауралары.

8. Иммунды жауап гендері, негізгі гистосәйкестік комплексінің гендерімен

байланысы

9. Трансплантациялық иммунология.

10. Трансплантаттың тұрақтамауындағы клеткалық және гуморалдық механизмдер.

11. Донор мен реципиентті гистосәйкестік антигендері бойынша таңдау.

12. «Трансплантаттың иесіне қарсы» реакциясы, алдын алу шаралары.

13. Клиникада сәтті трансплантацияны анықтайтын жағдайлар.

14. Иммунологиялық мониторингтің трансплантат кері қайтуын алдын алудағы

маңызы.

5. Оқыту және сабақ беру әдістері: кіші топтарда жұмыс жасау: Студенттер 5-6 адамнан құралатын топ құрып, адамның негізгі гистосәйкестік комплексінің құрлысының схемасын сызады, олардың локустарының қызметтерін айтып береді. Содан кейін осы студенттердің құрамы бойынша HLA антигендерімен әртүрлі аурулардың байланыстарын талқылайды. Ситуациялық есептерді шешеді, «HLA-комплекс» тақырыбына арналған анимациялық видеофильм көреді.

 

6.Әдебиеттер

Негізгі:

1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. «Общая иммунология», Алматы, 2008

2. Хаитов Р.М. «Иммунология», Москва, 2006

Қосымша:

1 Новиков Д.К. «Общая иммунология», Минск, 2005

2. Руководство по клинической иммунологии. Учайкин В.Ф Шамшев О.В. М., 2006

3. Дж. Плейфер, Б.М. Чейн «Наглядная иммунология», 2008

4. Никулин Б.А. Оценка и коррекция иммунного статуса: уч пособие для мед. вузов. М.: ГЭОТАР- Медиа, 2008

 

7. Бақылау:

Сабақтың бастапқы деңгейін бағалайтын бақылау сұрақтары:

1. Адамның негізгі гистосәйкестік комплексі қайсы жұп хромосомада орналасқан?

2. Қандай мүшелер мен тіндердің жасушаларында трансплантациялық антигендер

болады?

3. HLA қысқаруы деген нені білдіреді?

4. ГКГС қандай локустармен, сублокустардан тұрады: I класс, II класс, III класс?

5. HLA антигендерді қандай тәсілмен анықтайды?

6. Анкилозды спондилитпен ауыратын науқаста қандай гистосәйкестік антигені

көбінесе кездеседі?

7. Трансплантация термині нені білдіреді?

8. Қай жылы бірінші рет адамға трансплантация жасалды?

9. Трансплантанттың қандай түрлерін білесіздер?

10. Донорды таңдағанда гистосәйкестік қандай локуспен анықталады?

11. Салынған тінді ажырату серпілісіне Т жасушалардың қандай субпопуляциялары

қатысады?

12. Трансплантаттың ажырау себебін, типін, уақытын атаңыз.

13. Иммуносупрессивті терапияға қолданылатын препараттарды атаңыз?

14. Қазақстан Республикасында трансплантология бойынша қандай операциялар

жүргізілді?

 

Сабақтың бастапқы деңгейін бағалайтын бақылау есептері:

 

Есеп.

Науқас М., 45 жаста, гриппен ауырғаннан кейін ауыр түрде миокардит дамыған, жүрекке трансплантация жасау қажет. Науқаста типтеу қортындысы бойынша HLA – А 3,36; В 8,16; DW1,5; DR1,4.

 

.

1) Донор және реципиентті типтеу қалай жүргізіледі?

 

2) Донор мен реципиентті таңдау қалай жүргізіледі?

 

3) Донор мен реципиенттің арасындағы гистосәйкестіктің дәрежесін бағалау қажет.

Банк көрсеткіштер

1. HLA – А 3,36; В 8,17; DW2, 7; DR1,5

2. HLA – А 3,36; В 12,16; DW7; DR2, 3

3. HLA – А 1,36; В 8,12; DW2,5; DR1,5

4. HLA – А 3; В 8,16; DW1, 5; DR1,4

5. HLA – А 3,36; В 8,16; DW1, 5; DR2,4

 

4) Анти-HLA-антиденені қалай анықтайды?

 

5) Трансплантаттың ажырауының алдын алу шараларын ойластырыңыз.

 

6) Қазіргі кезде қолданылатын иммуносупрессивті терапияны таңдаңыз.

 

2 есеп. Науқаста лейкемия. Типтеу нәтижесі бойынша келесі антигендер жиынтығы анықталған. Науқаста гистосәйкестік: HLA-A 3,28; В 8,18; СW6,8

 

1) Қандай емдік шаралар ұсынылады?

 

2) Егерде болса трансплантация жасаудың ең оптимальды вариантын таңдаңыз:

Донорлар банкі: 1. HLA – А 19,28; В 5,15; СW 6,7;

2. HLA – А 3,19; В 7,18; СW 1,8;

3. HLA – А 19,28; В 8,18; СW 6,8;

4. HLA – А2, 11; В 12,18; СW 6,8;

5. HLA – А 23,28; В 8,21; СW 6,8;

3) Донор мен реципиенттің жасушалық сәйкестігін анықтаңыз.

 

4) Трансплантаттың ажырауының алдын алу шараларын ойластырыңыз. Олар иммунды жүйенің қайсы тізбегіне әсер етеді?

 

3 есеп. Әртүрлірасаларға тән,HLA арнайылығын анықтаңыз

1. HLA- А23 HLA- А28

2. HLA- А30 HLA -Cw HLA- Bw 42 HLA- А 34HLA -Cw HLA- Bw 58

3. HLA- А 1 HLA -Cw 5

4. HLA- А 9

5. HLA- А 11 Bw 61 HLA –DR4

6. HLA- А 24 HLA -Cw HLA- Bw 52 HLA –DR 9 HLA- Aw31

4 есеп. HLA антигенімен аурулардың байланысы бойынша кестені толтырыңыз

 

Ауру түрі HLA антигені
Вирусты гепатит  
Бруцеллез  
Инсулинтәуелді қант диабет  
Атопия (аллергия)  
Ауыр дифтерия  

5 есеп. Науқаста жалғыз бүйрегінде созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, үнемі жүргізілетін гемодиализге ауыстырылған. Бүйрек трансплантациясын қажет етеді. Типтеу нәтижесі бойынша науқаста келесі топ антигендердің гистосәйкестігі анықталған:

HLA- A2,27; B 9,18; CW 7,8

Бар болған жағдайда, бүйректі ауыстырудың оптимальды тәсілін таңдаңыз.

1. Егерде болса, трансплантацияға оптимальды вариантты

Донорлар банкі:

1. HLA- 19,28; B 5,15; CW6, 7

2. HLA – A2,19; B7,18; CW7,8

3. HLA- A19,28; B8,18; CW2,6

4. HLA –A3,11; B 12,18; CW 6,8

5. HLA – A 23, 28; B 8,21;CW 6,8

2. Донормен реципиенттің жасушалық сәйкестігін анықтаңыз

3. Операцияның 14 күні трансплантацияның ажырау белгілері анықталған.

Трансплантаттың ажырау механизмі қандай? Трансплантаттың ажырауындағы

цитокиндердің ролі?

4. Трансплантаттың ажырауының алдын алу шараларын ойластырыңыз. Иммунды

жүйенің қайсы тізбегіне әсер етеді.

 

1. Тақырып 13: Ісікке қарсы иммунитеттегі клеткалық және гуморалды механизмдердің ролі. Канцерогенездің иммуногенетикалық аспектілері. Онкологиялық науқастардың иммунды статустың ерекшеліктері. Қатерлі ісіктердің иммунодиагностикасы, иммунопрофилактикасы және иммунотерапиясы.

2. Мақсат: Студенттерге канцерогенездегі иммунды жүйесінің ролін және ісіктердің иммунодиагностикасымен иммунотерапиясының ғылыми тұрғыда бекітіп қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты: Студенттерге қазіргі тұрғыдағы ісік аурулары кезіндегі иммунды жүйенің қызметін оқыту. Ісіктердің иммунодиагностикасымен имммунотерапиясына үйрету.

 


Дата добавления: 2015-07-23 | Просмотры: 1247 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.011 сек.)