АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Студент істей білуі керек

Прочитайте:
  1. II Задания для обучения студентов по теме в соответствии с указанным уровнем усвоения
  2. II. Контроль исходного уровня знаний студентов
  3. II. Самостоятельная работа студентов
  4. II. Самостоятельная работа студентов
  5. III.2. Конкретные цели самоподготовки студента к практическому занятию по теме.
  6. III.2. Конкретные цели самоподготовки студента к практическому занятию.
  7. IV. Методические указания студентам по подготовке к занятию
  8. IV. Методические указания студентам по подготовке к занятию
  9. IV. Методические указания студентам по подготовке к занятию
  10. IV. Методические указания студентам по подготовке к занятию
  • Білім денгейін толықтыру үшін ғылыми, медициналық оқулықтармен және интернет-ресурстармен өзіндік жұмыс жүргізуді.
  • Лейкограмма мен иммунограмма көрсеткіштерін түсіндіруді
  • Алған білім арқылы шеткері қандағы лимфоциттердің және олардың субпопуляцияларының салыстырмалы және абсолютті санын анықтау
  • Алған білім арқылы фагоциттердің жұту қабілетін, спонтанды және индуцирленген НКТ тестінде олардың тотығу-тотықсыздану потенциалын анықтауды.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Лейкоцитарлы формуланы анықтау принципі

2.Лимфоциттердің абсолютті және салыстырмалы санын анықтау

3. В-жүйеге баға беру:

  • В-лимфоциттердін абсолютті және салыстырмалы санын анықтау
  • Иммуноглобулиндердің концентрациясын анықтау әдістері
  • Иммунитеттің В-жүйесін клиникада бағалау:
  • В-лимфоциттердің санының патологиялық жағдайда өзгеруі
  • Секреторлы және сарысулық иммуноглобулиндердің концентрациясының өзгеруі

4. Т- жүйеге баға беру:

  • Т- лимфоциттердін және субпопуляцияларын абсолютті және салыстырмалы саныниммунофлюоресценция тәсілінің көмегімен, моноклональды антиденелердің (CD2, CD3, CD4 және CD8, хелпер-супрессорлы индекс; РБТЛ және ЛМТР) қолдану арқылы анықтау
  • Иммунитеттің Т-жүйесін клиникада бағалау
  • Патологиялық жағдайда Т- лимфоцитердің санының өзгеруі (СД2, СД3, СД4, СД8).

5. Комплемент жүйесін бағалау әдістері

6.Фагоцитарлы жүйеге баға беру:

  • Фагоцитарлы санды, фагоцитарлы индексты, тура және жүктемелі НКТ-тестті анықтау және көрсеткіштерін клиникалық белгілерімен салыстыра отырып интерпретациялау.

7. Нәтижесінде, лейкограмма және иммунограмма көрсеткіштерін талдау.

5 Сабақ беру және оқыту тәсілдері:

Шағын топтарда жұмыс істеу: 2 топқа бөлініп сабақ сұрақтарың, иммун жүйесаін анаықтау әдістерін, лейкограмманы талқылау, синквейн мен и кластерді жасау, перифериялық қаннан лимфоциттер суспензиясын алу әдісі бойәынша видеофильм көрсету.

(ОУНЛ) жұмыс жүргізу: Лаборант дәрігер студенттерге иммунологиялық зерттеулердің 2 деңгейде жасалатынын көрсетеді. 1-ші деңгейдегі сынамада қанның формуласы бойынша лейкоциттердің, лимфоциттердің, нейтрофильдердің, моноциттердің санын анықтауды көрсетеді. Қанда Т-лимфоциттердің (СД3+), Т-хелперлердің (СД4+), Т киллер/супрессорлардың (СД8+), В-лимфоциттердің (СД20+) салыстырмалы санын анықтау принциптерімен таныстырады, ал тәжирибеде розетка-түзу әдіспен анықтауды, негізгі сарысулық иммуноглобулиндердің (IgМ, IgG, IgА) мөлшерін анықтауды көрсетеді; фагоцитарлық жүйені бағалауды: фагоцитарлық санды, нейтрофильдердің фагоцитарлық белсенділігін анықтауды, спонтанды НКТ тест тәсілін үйренеді.

Ситуациялық есептерді шешу.

 

6. Әдебиет

Негізгі: 1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. «Жалпы иммунология», Алматы, 2008

2. Хаитов Р.М. «Иммунология», Москва, 2006

Қосымша: 1. Новиков Д.К. «Иммунология», Минск, 2005

2. Мухамбетова С.Г.,. Каракушикова А.С, Кожанова С.В., Садвакасова Г.С.,

Балпанова Г.Т. «Иммунды статусқа баға берудің қазіргі әдістері», Алматы,2005

7. Бақылау..

Сабақтың басында қойылатын бақылау сұрақтары:

  1. В-лимфоциттердің бетінде орналасқан маркерлер?
  2. Иммун жүйесінің жасушалық құрамының: Т-лимфоциттердің және оның субпопуляцияларының маркерлері?
  3. Цитотоксикалық әсер көрсететін NК-жасушаларының құрамы бойынша ерекшеліктері (бетіндегі маркерлер?)

Сабақтың соңында қойылатын бақылау сұрақтары:

  1. Лимфоциттердің функциональдық белсенділігін анықтауда қолданылатын сынамалар?
  2. Гуморалдық иммунитет жағдайын бағалауда қолданылатын тәсілдер?
  3. Моноклоналды антиденелерді лабораторияда қандай мақсатта қолданамыз?
  4. Фагоциттердің белсенділік пайызын анықтау тәсілі?
  5. НКТ тест тәсілінің принципі қандай?

Ситуациялық есеп №1

Әйел адам 35 жаста, ЛОР бөлімінде ем алуда. Соңғы 4 жылда: жылына 2-3 рет созылмалы гайморит диагнозымен аурухананың ЛОР бөліміне жататынын және соңғы 1 жылда денесінің әрбір жеріне фурункулдың жиі шығуына шағымданады.

 

ЖҚА- ЭТЖ-35, лейкоциттер-11, нейтрофилез.

 

Иммунограммада:

Лимфоциттердің абсолютті саны -1,0*109

СД3 Т-лимфоцит -39 %

СД4 Т-лимфоцит -21 %

СД8 Т-лимфоцит -11 %

 

ИгА 0,95 г/л

Иг G 10,5 г/л

Иг М 1,2 г/л

Фагоцитоз: 33%

Иммунограмма анализі бойынша клеткалық, гуморальды және фагоцитарлы жүйедегі патологиялық өзгерісті сипаттаңыз? Осы анализ көрсеткіштері қандай тәсілдермен жасалады?

 

Ситуациялық есеп №2

Бала 3 жасынан ЛОР-мүшелеріндегі жиі қайталанатын іріңді аурулармен ауырады.

Соңғы жылдары пневмония, терісінің іріңді зақымданулары қосылған. Антибактериалды емнің эффективтілігі аз.

Қандай лабораторлы зерттеулер қажет?

 

Жауап

ЖҚА- нейтрофилез

Белокты фракциялар альбуминдер- 78%

глобулиндер-22%

А-1 глобулиндер-5 %

А-2 глобулиндер-10 %

Бета- глобулиндер-6 %

Гамма- глобулиндер-0,5 %

 

Осы көрсеткіштерге баға беріңіз

 

1. Тақырып №9: Иммунжетіспеушілік туралы түсінік. Біріншілік иммунжетіспеушіліктер. Екіншілік иммунжетіспеушіліктер, жіктелуі, этиологиясы, лабораторлы диагностикасы. 1-ші аралық бақылау.

2. Мақсат: Иммунжетіспеушілік туралы білім беру және бекіту. Иммунжетіспеушіліктердің жіктелуін, этиологиясын, лабораторлы диагностикасын игеру.

3. Оқыту мақсаты: Иммунжетіспеушіліктердің жіктелуімен, этиологиясымен, лабораторлы диагностикасымен таныстыру.

Студент білу керек:

  • Иммунитет тапшылығы жағдайлары (ИТЖ) туралы түсінік пен олардың жіктелуін
  • Туа және жүре пайда болған ИТЖ клиникалық белгілері мен лабораторлық диагностика принцптерін.

Студент істей білуі керек:

  • Ғылыми, медициналық оқулықтармен және интернет-ресурстармен өзіндік жұмыс

жүргізуді.

  • Лабораторлы көрсеткіштерге сүйене отырып ИЖЖ кезіндегі иммунды жүйенің

бұзылыс деңгейін анықтау

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Иммунжетіспеушілік туралы түсінік, ДДҰ бойынша жіктелуі.

2. Біріншілік (туа біткен) иммунжетіспеушіліктер.

3. Иммунитеттің Т- және В-жүйесінің біріншілік иммунжетіспеушіліктің патогенезі

4. Біріншілік иммунжетіспеушіліктің клиникалық көріністері, лабораторлық

диагностикасы және емдеу принциптері.

5. Фагоцитарлы жүйемен комплемент жүйесінің біріншілік иммунжетіспеушіліктері.

6. Екіншілік немесе жүре пайда болған иммунжетіспеушіліктер, түсінігі, жіктелуі.

7. Қоршаған орта факторларының әсерінен екіншілік иммунжетіспеушілік

дамуының маңызы.

8. Біріншілік және екіншілік иммунжетіспеушіліктердің лабораторлы

диагностикасының принциптері.

5.Оқыту әдістері:

  • Инновациялық бағытта CBL- бойынша оқыту. Студенттер шағын топтарға бөлінеді. CBL – «Луи-Бар синдромы» презентация түрінде экранда көрсетіліп, студенттер өзара көзғарастарын, жауаптарын айтады. Соңында оқытушы дұрыс жауаптарға назар аударып, студенттердің жіберген қателері болса түзетеді.

a. тақырып бойынша ситуациялық есепті шешу

b. Студенттердің қортынды білімдерін бағалау мақсатында 1-ші аралық бақылау тестерін тарату.

6. Әдебиет

Негізгі: 1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. «Жалпы иммунология», Алматы, 2008

2. Хаитов Р.М. «Иммунология», Москва, 2006

Қосымша: 1. Новиков Д.К. «Иммунология», Минск, 2005

2.Мухамбетова С.Г., Каракушикова А.С, Кожанова С.В., Садвакасова Г.С., Балпанова Г.Т.

«Иммунды статусқа баға берудің қазіргі әдістері», Алматы, 2005

3.Жетписбаева Х.С., Ягофаров Ф.Ф. Студенттерге арналған иммунология пәнінен әдістемелік нұсқаулар жинағы. Семей, 2008.

7. Бақылау.

Сабақтың басында қойылатын бақылау сұрақтары:

1. Біріншілік (туа біткен) және екіншілік (жүре пайда болған)

иммунжетіспеушіліктердің түсінігі, жіктелуі, клиникалық көріністері.

2. Иммунды жетіспеушілікті анықтау үшін иммунды жүйенің қай тізбектерін

зерттейміз.

3. Иммунжетіспеушілік кезіндегі гуморальды және клеткалық жүйелердегі

лабораторлық өзгерістер.

4. 1-к және 2-к иммунжетіспеушілік кезіндегі фагоцитарлы жүйемен комплемент

жүйесінің өзгерістері.

«Луи-Бар синдромы» тақырыбы бойынша CBL (презентация)

Ситиуациялық есеп №1:

Науқас М. 3 жаста, 3 айынан бастап ауыр рецидивті инфекциялармен ауырады. Қарағанда: «балық тәрізді ауыз, құлақтары төмен орналасқан, көзі кері монголоидті кесілген.

Анамнезінде- құрысып-тырысу синдромы.

Физикалды тексеруде: жұрек- тамыр жүйесінің ақауы, Тетрада-Фалло дағыдай аортаның он жаққа бұрылуы. Тимустын дамымауы.

Лабораторлы көрсеткіштер:

Лейкоциттер, 9,3 х 109 /л, лимфоциттер: абсолютті саны -1,0 х 109 /л, СD3+-0,4 х 109 /л, СD4+-0,4 х 109 /л, СD4+-0,2 х 109

1. Сіздің диагнозыңыз?

2. Бұл клиникалық көріністер нені негіздейді?

3. Бұл лабораторлық нені көрсетеді?

 

Сабақтың соңында білімді қортындылау мақсатында, 1-ші аралық бақылау сұрақтары беріледі

1. Тақырып № 10: ЖИТС-тің иммунопатогенезімен иммунодиагностикасы.

2. Мақсат: ЖИТС-тің иммунопатогенезі туралы білім беру және бекіту. ЖИТС-тің иммунодиагностика принциптеріне үйрету.

3. Оқыту мақсаты: ЖИТС-тің жіктелуімен этиологиясының және лабораторлы диагностикасымен таныстыру. ЖИТС-тің иммунопатогенезін оқып игеру.


Дата добавления: 2015-07-23 | Просмотры: 1573 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.009 сек.)