Ауырсынуды басатын заттар
394. Қай препарат опиоидты (наркотикалық, есірткілік) анальгетиктерге жатпайды:
1.морфин
2.промедол
3.омнопон
4.парацетамол
5.фентанил
395. Опиоидты (наркотикалық, есірткілік) анальгетиктердің ауырсынуды басатын әсері негізінен байланысты:
1.олардың ноцицепторларға әсер етуімен
2.афферентті жүйкелер арқылы импульстардың берілуіне әсер етуімен
3.бас миында және жұлында нейрон аралық беріліске әсер етуімен
4.олардың простагландиндердің түзілуіне әсер етуімен
5.дұрыс жауабы жоқ
396. Салицил қышқылы және пиразолон туындыларына жататын наркотикалық емес анальгетиктердің ауырсынуды басатын әсері негізінен байланысты:
1.олардың ноцицепторларға әсер етуімен
2.олардың опиоидті рецепторларға әсер етуімен
3.олардың простагландиндердің түзілуіне әсер етуімен
4.бас миында және жұлында нейрон аралық беріліске әсер етуімен
5 дұрыс жауабы жоқ
397. Анилин туындыларына жататын наркотикалық емес анальгетиктердің ауырсынуды басатын әсері байланысты:
1.ноцицепторлардың блокадасымен
2.қабынуға қарсы әсрімен
3.ноцицепторлардың ынталандырылуымен
4.ОЖЖ әсерімен
5.афферентті жүйкелер арқылы қозу берілуінің тежелуімен
398. Наркотикалық анальгетиктердің әсерлері негізінен олардың келесі рецепторлармен әрекеттесуімен байланысты:
1.гистамин рецепторларымен
2.адренорецепторлармен
3.холинорецепторлармен
4.апиатты рецепторлармен
5.аталған рецепторлар түрлерінің біреуімен де емес
399. Наркотикалық емес анальгетиктердің әсерлері негізінен олардың келесі рецепторлармен әрекеттесуімен байланысты:
1.гистамин рецепторларымен
2.адренорецепторлармен
3.холинорецепторлармен
4.апиатты рецепторлармен
5.аталған рецепторлар түрлерінің біреуімен де емес
400. Апиатты (наркотикалық) анальгетиктер:
1.простогландиндер түзілуін тежейді
2.адренорецепторлармен әрекеттеседі
3.апиатты рецепторлармен әрекеттеседі
4.циклооксигеназаны тежейді
5.дұрыс жауабы жоқ
401. Салицилаттар мен пиразолон туындылары:
1. апиатты рецепторлармен әрекеттеседі
2. фосфолипазаны ингибирлейді
3. циклооксигеназаны ингибирлейді
4. моноаминооксидазаны ингибирлейді
5. дұрыс жауабы жоқ
402. Салицил қышқылы және пиразолон туындыларына жататын наркотикалық емес анальгетиктер:
1.мидің антиноцицептивті жүйесін белсендіреді
2.бос нейрон үштарында ауырсыну импульстарының генерациясын тежейді
3.жүйке талшықтары арқылы импульстердің берілуін бұзады
4.бас миында және жұлында нейрон аралық берілісті бұзады
5.дұрыс жауабы жоқ
403. Қай препараттардың анальгетикалық әсерінің механизмінде қабынуға қарсы әсер маңызды болып табылады?
1.салицилаттардың
2.фенантрен туындыларының
3.анилин туындыларының
4.бензаморфан туындыларының
5.дұрыс жауабы жоқ
404. Эндогенді апиатты пептидтерге жатпайды:
1.простагландиндер
2.энкефалиндер
3.эндорфиндер
4.динорфиндер
5.дұрыс жауабы жоқ
405. Эндорфиндер және энкефалиндер әрекеттеседі:
1.гистамин рецепторларымен
2.холинорецепторлармен
3.адренорецепторлармен
4.апиатты рецепторлармен
5.дұрыс жауабы жоқ
406. Апиатты рецепторларды ынталандырмайды:
1.морфин
2.промедол
3.налоксон
4.фентанил
5.омнопон
407. Апиатты рецепторларды блоктайды:
1.фентанил
2.промедол
3.анальгин
4.налоксон
5.омнопон
408. Пиразолон мен салицил қышқылы туындылары тежейді:
1.фосфолипидтердің түзілуін
2.арахидон қышқылының түзілуін
3.простагландиндердің түзілуін
4.эндорфиндердің түзілуін
5.дұрыс жауабы жоқ
409. Пиразолон мен салицил қышқылы туындыларының ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы және дене қызуын төмендететін әсерлері қай заттың түзілуінің тежелуіне байланысты?
1.эндорфиндердің
2.энкефалиндердің
3.простагландиндердің
4.динорфиндердің
5.дұрыс жауабы жоқ
410. Налоксон мен налорфин қай рецепторларға әсер еткенде антагонисттер болып табылады?
1.серотонин рецепторларына әсер еткенде
2.холинорецепторларға әсер еткенде
3.адренорецепторларға әсер еткенде
4.апиатты рецепторларға әсер еткенде
5.дофамин рецепторларына әсер еткенде
411. Морфиннің апиатты рецепторлармен байланысуы ұқсас келеді:
1.катехоламиндерге
2.эндорфиндер мен энкефалиндерге
3.простагландиндерге
4.ацетилхолинге
5.дұрыс жауабы жоқ
412. Салицилаттар мен пиразолон туындылары ингибирлейді:
1.фосфолипаза А-ні
2.циклооксигеназаны
3.липоксигеназаны
4.моноаминооксидазаны
5.дұрыс жауабы жоқ
413. Морфинге барлығы сипаттамалы, біреуінен басқа:
1.апиатты рецепторларды ынталандырады
2.миоз шақырады
3.тыныс алу орталығының көмір қышқылына сезімталдығын төмендетеді
4.іш өткізетін әсер шақырады
5.апиынның фенантрен қатарындағы алколоидтеріне жатады
414. Наркотикалық анальгетиктер-апиатты рецепторларының агонисттері келесі әсерлердің барлығын туындайды, біреуінен басқа:
1.эйфория мен дәрілік тәуелділікті
2.тыныстың тежелуін
3.анальгезияны
4.миозды
5.іш өтуді
415. Пиразолон мен салицил қышқылы туындыларына жататын наркотикалық емес анальгетиктер келесі әсерлердің барлығын туындайды, біреуінен басқа:
1.дене қызуын төмендетеді
2.қабынуға қарсы әсер көрсетеді
3.эйфорияны шақырады
4.ауырсынуды басады
5.дұрыс жауабы жоқ
416. Наркотикалық анальгетиктер-апиатты рецепторларының агонисттері келесі әсерлердің барлығын туындайды, біреуінен басқа:
1.анальгезияны
2.эйфория мен дәрілік тәуелділікті
3.тыныстың тежелуін
4.іш қатуды
5.мидриазды
417. Емдік мөлшерде ауырсынуды басатын заттар:
1.тек қана тактильді сезімталдықты тежейді
2.тек қана температуралық сезімталдықты тежейді
3.тек қана ауырсыну сезімталдықты тежейді
4.ауырсынудың барлық түрлерін тежейді
5.дұрыс жауабы жоқ
418. Морфин барлығын туындайды, біреуінен басқа:
1.эйфорияны
2.қарашықтың ұлғаюын
3.тыныстың тежелуін
4.ішкі ағзалар тегіс бұлшық еттер тонусының жоғарлауын
5.дұрыс жауабы жоқ
419. Морфиннің әсерінен организмде келесі өзгерістер жүреді, біреуінен басқа:
1.ішектер арқылы химустың жөнелуі тежеледі
2.қарашықтар тарылады
3.дәрілік тәуелділік дамиды
4.тыныс ынталандырылады
5.дұрыс жауабы жоқ
420. Морфиннің АІЖ—на тигізетін әсеріне не тән?
1.қыспа бұлшық еттер тонусы артады және асқорыту бездер секрециясы азаяды
2.асқорыту бездер секрециясы күшееді
3.ішектер арқылы химустың жөнелуі жылдамдатылады
4.морфин АІЖ—на әсер етпейді
5.дұрыс жауабы жоқ
421. Морфин келесі әсерлердің барлығын туындайды, біреуінен басқа:
1.ауырсынуды басады
2.тынысты тежейді
3.дене қызуын жоғарлатады
4.жөтелге қарсы әсер көрсетеді
5.эйфорияны шақырады
422. Парацетамол қандай әсерлерді шақырады?
1.ауырсынуды басатын және дене қызуын төмендете
2.ұйықтатын және седативті
3.гипотензивті
4.қабынуға қарсы
5.дұрыс жауабы жоқ
423. Қай препаратпен шақырылған тыныс алудың тежелуін налорфин жояды?
1.морфинмен
2.пентазоцинмен
3.промедолмен
4.фентанилмен
5.омнопонмен
424. Қандай заттармен шақырылған тыныстың тежелуінде налоксон аса тиімді болады?
1.наркоз үшін заттармен
2.ұйықтататын заттармен
3.апиатты (наркотикалық) анальгетиктермен
4.этил спиртімен
5.дұрыс жауабы жоқ
425. Ацетилсалицил қышқылы келесі әсерлерді туындайды, біреуінен басқа:
1. ауырсынуды басатын
2. дене қызуын төмендететін
3. қабынуға қарсы
4. агрегацияға қарсы
5. гастропротекторлы әсерді
426. Анальгин шақырады:
1.эйфория мен дәрілік тәуелділікті
2.жөтелге қарсы әсерді
3.дене қызуын төмендететін, қабынуға қарсы және ауырсынуды басатын әсерлерді
4.дәрілік тәуелділікті
5.дұрыс жауабы жоқ
427. Ацетилсалицил қышқылының ЦОГ-1 тежелуіне байланысты ең жиі кездесетін жанама әсері:
1.бронхтардың тарылуы
2.асқазан шырышты қабығының зақымдалуы
3.бүйрек қызметінің бұзылыстары
4.қан кетулердің жиілеуі
5.дұрыс жауабы жоқ
428. Парацетамол әсерлері:
1.ауырсынуды басатын және дене қызуын төмендететін
2.ұйықтататын және седативті
3.жөтелге қарсы
4.қабынуға қарсы және бронхолитикалық
5.гипотензивті
429. Пентазоцин келесі әсерлердің барлығын шақырады, біреуінен басқа:
1.тыныстың тежелуін
2.тахикардияны
3.анальгезияны
4.миозды
5.дене қызуын төмендететін әсерді
430. Клофелиннің анальгетикалық әсері байланысты:
1.апиатты рецепторлардың ынталандырылуымен
2.ГАМҚ –рецепторларының ынталандырылуымен
3.М1- Н1 –холинорецепторлардың тежелуімен
4.альфа-2- адренорецепторлардың ынталандырылуымен
5.дұрыс жауабы жоқ
431. Клофелинге барлығы тән, біреуіненбасқа:
1.анальгетикалық әсерге ие
2.антигипертензивті белсенділікке ие
3.бас миында және жұлында альфа-2- адренорецепторларды блоктайды
4.ұйықтататын және седативті әсерлерге ие
5.дене қызуын төмендететін әсерге ие
432. Имизин және амитриптиллиннің ауырсынуды басатын әсерлері байланысты:
1.ОЖЖ-де адренергиялық және серотонинергиялық берілістің белсендірілуімен
2.апиатты рецепторлардың ынталандырылуымен
3.ГАМК-ергиялық процесстердің ынталандырылуымен
4.ноцицепторлардың блокадасымен
5.дұрыс жауабы жоқ
433. Фентанил:
1.орта әсер ететін анальгетик действия
2.апиатты рецепторларды ынталандырады
3.ОЖЖ-де ГАМК-ергиялық процесстерді күшейтеді
4.үштармақты жүйкенің (тройничный нерв) невралгиясында тиімді
5.дұрыс жауабы жоқ
434. Парацетамол туындаған бауырдың зақымдалуын емдеу үшін қолданылады:
1.ацетилцистеин және метионин
2.циметидин
3.апиатты рецепторларының антагонисттері
4.бауырдағы микросомальды ферменттердің индукторлары
5.дұрыс жауабы жоқ
435. Морфин, фентанил немесе промедол шақырған ауырсынуды басатын әсерді әлсіздетеді:
1.дроперидол
2.налоксон
3.кетамин
4.клофелин
5.имизин
436. Апиатты (наркотикалық) анальгетиктер шақырған тыныс алуды әлсіздетеді:
1.промедол
2.омнопон
3.цититон
4.лобелин
5.аналептиктер
437. Наркотикалық емес анальгетиктермен салыстырғанада апиатты (наркотикалық) анальгетиктер келесі әсерлердің барлығын шақырады, біреуінен басқа:
1.тыныстың тежелуін
2.бейімделуді
3.дәрілік тәуелділікті
4.эйфорияны
5.қабынуға қарсыәсерді
438. Парацетамолмен жедел уланудатуындайды:
1.асқазан шырышты қабығының зақымдалуы
2.асқазаннан қан кету (қан ағу)
3.есту бұзылыстары
4.бауыр некрозы
5.дұрыс жауабы жоқ
439. Омнопон морфинге қарағанда:
1.тынысты тежемейді
2.эйфорияны шақырмайды
3.тегіс бұлшық еттер тонусына азырақ әсер етеді
4.дәріге тәуелділікті шақырмайды
5.дұрыс жауабы жоқ
440. Анальгетикалық белсенділігі бойынша фентанил:
1.омнопонға сәйкес келеді
2.морфиннен белсенді
3.промедолдан белсенділігі төмен
4.пентазоциннен белсенділігі төмен
5.дұрыс жауабы жоқ
441. Тыныс алуды тежеу қабілеті бойынша фентанил:
1.омнопонға тән
2.промедолдан белсенділігі төмен
3.морфиннен белсенді
4.пентазоциннен белсенділігі төмен
5.дұрыс жауабы жоқ
442. Ең жоғары анальгетикалық белсенділікке ие:
1.морфин
2.промедол
3.фентанил
4.пентазоцин
5.омнопон
443. Морфинге қарағанда фентанил:
1.тек қана энтеральды қолданылады
2.ауырсынуды басатын белсенділігі төмен
3.тыныс алуды күштірек тежейді
4.ұзақ әсер етеді
5.дұрыс жауабы жоқ
444. Морфинмен салыстырғанда пентазоцин:
1.төмен ауырсынуды басатын белсенділікке ие
2.тыныс алуды көбірек тежейді
3.дәріге тәуелділікті жиі шақырады
4.дисфория мен галлюцинацияларды туындамайды
5.дұрыс жауабы жоқ
445. Ең төмен дәріге тәуелділікті шақыратын қабілетке ие:
1.морфин
2.пентазоцин
3.промедол
4.фентанил
5.омнопон
446. Пентазоцинге барлығы тән, біреуінен басқа:
1.анальгетикалық белсенділігі морфиннен төмен
2.морфиннен күштірек тынысты тежейді
3.морфиннен сирек дәріге тәуелділікті шақырады
4.пентазоцин әсерлері налоксонмен жойылады
5.дисфория мен галлюцинацияларды туындау мүмкін
447. Анальгиннің жанама әсерлері барлығы, біреуінен басқа:
1.диспепсиялық бұзылыстар
2.тыныстың тежелуі
3.қан түзілуінің бұзылыстары
4.аллергическиялық реакциялар
5.ульцерогенді әсер
448. Морфинмен жедел улануға барлығы тән, біреуінен басқа:
1.коматозды жағдай
2.тыныстың тежелуі
3.миоз
4.дене температурасының көтерілуі
5.артериальды қан қысымының төмендеуі
449. Морфин шақырған тыныстың тежелуінде қолданылады:
1.лобелин
2.налоксон
3.цититон
4.бемегрид
5.кордиамин
450. Налорфин келесі апиатты анальгетиктермен жедел уланғанда тиімді, біреуінен басқа:
1.морфин
2.пентазоцин
3.промедол
4.фентанил
5.опнопон
451. Пентазоцинмен жедел уланғанда қолданылады:
1.налорфин
2.налоксон
3.лобелин
4.цититон
5.кордиамин
452. Морфинисттерде абстинентті синдром туындайды, егер:
1.морфиннің мөлшерін жоғарлатса
2.морфинді диазепаммен бірге қабылдаса
3.апиатты анальгетиктердің арнайы антагонисттерін енгізсе
4.димедролмен бірге қабылдаса
5.кетаминмен бірге қабылдаса
453. Апиатты рецепторлардың агонист-антагонисттері және жартылай агонисттері тобынан анальгетиктер морфинмен салыстырғанда:
1.жоғары наркогенді потенциалға ие
2.төмен наркогенді потенциалға ие
3.күштірек тынысты тежейді
4.дәріге тәуелділікті жиі шақырады
5.ауырсынуды басатын әсерге ие емес
Ұйықтататын, паркинсонизмге қарсы, эпилепсияға қарсы заттар, этил спирті
454. Этил спиртін қабылдаған кезде тетурам ацетальдегидтің жиналуына жағдай жасайды, себебі ол:
1.циклооксигеназаны тежейді
2.бауырдың микросомальды ферменттерін тежейді
3.альдегиддегидрогеназаны тежейді
4.моноаминооксидазаны тежейді
5.фосфолипазаны тежейді
455. Этил спиртінің резорбтивті әсеріне барлығы тән, біреуінен басқа:
1.эйфория туындайды
2.психомоторлы қозу шақырады
3.жылы берілуін азайтады
4.шокқа қарсы әсер көрсетеді
5.дұрыс жауабы жоқ
456. Этил спиртін ұзақ қабылдағанда даму мүмкін:
1.экстрапирамидті бұзылыстар
2.тахифилаксия
3.психикалық және физикалық тәуелділік
4.жылы берілуі азаяды
5.дұрыс жауабы жоқ
457. Этил спирті наркоз үшін зат ретінде қолданылмайды, себебі ол:
1.гистамин рецепторларын блоктайды
2.эйфория туындайды
3.жылу өнімін азайтады
4.жылу өніміне қарағанда жылу берілуін жоғары дәрежеде арттырады
5. дұрыс жауабы жоқ
458. Этил спирті наркоз үшін зат ретінде қолданылмайды, себебі ол:
1.аз наркоздық әсердің кеңділігіне ие
2.ұйқышылдықты шақырады
3.лоқсуды шақырады
4.қорқу сезімін туындайды
5.айқын қозу кезеңін шақырмайды
459. Этил спиртімен жедел уланғанда:
1.қосымша 200 мл спирт енгізу керек
2.асқазанды шаю керек
3.турамды енгізу керек
4.диазепамды енгізу керек
5.морфинді енгізу керек
460. Бензодиазепиндер тобынан ұйықтататын зат:
1.хлоралгидрат
2.феназепам
3.фенобарбитал
4.этаминал-натрий
5.барбамил
461. Дұрыс:
1.бемегрид – нитразепам антагонисті
2.диазепам – бензодиазепин туындысы
3.этаминал-натрий – алифаттық қосылыс
4.хлоралгидрат - барбитурат
5.дұрыс жауабы жоқ
462. Дұрыс:
1.нитразепам - барбитурат
2.этаминал-натрий – бензодиазепин туындысы
3.хлоралгидрат - алифатическое қосылыс
4.золпидем - бензодиазепин рецепторларының антагонисті
5.дұрыс жауабы жоқ
463. Эпилепсияға қарсы зат:
1.леводопа
2.мидантан
3.циклодол
4.натрий вальпроаты
5.атропин
464. Эпилепсияға қарсы заттарға жатпайды:
1.дифенин
2.клоназепам
3.гексамидин
4.леводопа
5.триметин
465. Фенобарбитал
1.ганглиоблокатор
2.наркоз үшін зат
3.паркинсонизмге қарсы зат
4.эпилепсияға қарсы зат
5.адреномиметик
466. Қай препарат эпилепсияға қарсы, орта миорелаксантты, ұйықтататын және анксиолитикалық әсерлерге ие?
1.дифенин
2.триметин
3.натрий вальпроаты
4.диазепам
5.этосуксимид
467. Ұықтататын және эпилепсияға қарсы әсерлерге ие:
1.гигроний
2.фенобарбитал
3.дифенин
4.этосуксимид
5.карбамазепин
468. Эпилепсияға қарсы зат ретінде қолданылады, бас миында ГАМК-ергиялық процесстерде ынталандырады, бауырдың микросомальды ферменттерінің индукциясын туындайды:
1.дифенин
2.натрий вальпроаты
3.этосуксимид
4.магний сульфаты
5.фенобарбитал
469. Паркинсонизмге қарсы зат:
1.циклодол
2.фенобарбитал
3.дифенин
4.диазепам
5.триметин
470. Мидантан
1.ОЖЖ холинергиялық рецепторларды белсендіреді
2.МАО-В ферментін ингибирлейді
3.бас миында холинорецепторларды блоктайды
4.бас миындағы глутаматергиялық процесстердің антагонисті болып табылады
5.дұрыс жауабы жоқ
471. Бас миында холинергиялық механизмдерді тежейді:
1.циклодол
2.цититон
3.бромокриптин
4.мидантан
5.леводопа
472. Циклодол
1.МАО-В ферментінің ингибиторы
2.дофаминомиметик
3.адренергиялық рецепторларының блокаторы
4.холиноблокатор
5.дофамин негізін салушы зат (предшественник)
473. Мидантан
1.адреналин негізін салушы зат (предшественник)
2.дофамин рецепторларын ынталандырады
3.дофамин негізін салушы зат (предшественник)
4. МАО-В ферментінің ингибиторы
5.вирусқа қарсы белсенділікке ие
474. Циклодол
1.МАО-В ферментінің ингибиторы
2.дофамин негізін салушы зат (предшественник)
3.шеткі ДОФА-декарбоксилаза ингибиторы
4.орта М-, Н-холиноблокатор
5.М,Н-холиномиметик
475. Карбидопа
1.МАО-В ферментінің ингибиторы
2.катехол-О-метилтрансфераза ингибиторы
3.дофаминнің нейрональды қармауын бұзады
4.дофамин рецепторларын тікелей ынталандырады
5.шеткі ДОФА-декарбоксилаза ингибиторы
476. Диазепамнің әсерлері байланысты
1. дәрінің холинорецепторлармен әрекеттесуімен
2. дәрінің дофамин рецепторларымен әрекеттесуімен
3. дәрінің адренорецепторлармен әрекеттесуімен
4. дәрінің бензодиазепин рецепторларымен әрекеттесуімен
5. дәрінің серотонин рецепторларымен әрекеттесуімен
477. Бензодиазепин тобындағы ұйықтататын заттар бас миында ГАМК-ергиялық процесстерді күшейтеді:
1. циклооксигеназаны ынталандыру арқылы
2. ГАМҚ-нің түзілуін ынталандыру арқылы
3. ГАМҚ-ын инактивациялайтын ферментті тежеу арқылы
4. ГАМҚ-рецепторларын тікелей ынталандыру арқылы
5. ГАМҚ-рецепторларының медиаторға сезімталдығын арттыру арқылы
478. Қандай әсерді диазепам шақырмайды?
1.анксиолитикалық
2.құрысуға қарсы
3.ұйықтаттатын
4.антидепрессивті
5.қаңқа бұлшық еттер тонусын төмендету арқылы
479. Қандай әсерді феназепам шақырмайды?
1.анксиолитикалық
2.құрысуға қарсы
3.ұйықтаттатын
4.антидепрессивті
5.миорелаксантты
480. Флумазенил:
1.адреноблокатор
2.анксиолитик
3.аналептик
4.ноотропты зат
5.бензодиазепинді анксиолитиктердің антагонисты
481. Диазепам:
1.мида ГАМК-ергиялық механизмдерді күшейтеді
2.мида ГАМК-ергиялық процесстерге әсер етпейді
3.ГАМҚ-ның түзілуін ынталандырады
4.ГАМҚ-рецепторларымен әрекеттеседі
5.ГАМҚ-ның инактивациясын тежейді
Пуринергиялық заттар
482. Кофеин
1.ноотропты зат
2.психостимулеудеуші зат
3.седативті зат
4.анксиолитик
5.антипсихотикалық зат
483. Кофеин шақырмайды
1. ақыл-ой қабілеттік пен физикалық жұмысқа қабілеттіктің жоғарлауын
2. ұйқыға қажеттіліктің төмендеуін
3. қаңқа бұлшық еттер тонусының төмендеуін
4.тыныс алу мен вазомоторлы орталықтар белсенділігінің күшеюін
5. асқазан бездер секрециясының артуын
484. Кофеин
1.ақыл-ой мен физикалық жұмысқа қабілеттікті төмендетеді
2. тыныс алу мен вазомоторлы орталықтарды ынталандырады
3.жүрек жиырылу күші мен жиілігін төмендетеді
4. экстрапирамидті бұзылыстарды шақырады
5.жүректің оттегіне қажеттілігін төмендетеді
485. Кофеиннің жанама әсері
1.экстрапирамидті бұзылыстар
2.брадикардия
3.ұйқысыздық
4.лейкопения
5.дәрілік паркинсонизм
486. Кофеин:
1.асқазан бездер секрециясын күшейтеді
2.бронх бұлшық еттерінтарылтады
3.диурезді азайтады
4.қаңқа бұлшық ет тонусын төмендетеді
5.тромбоциттер агрегациясын арттырады
487. Кофеин
1.негізгі алмасуды жоғарлатады
2.гликогенолизді тежейді
3.гипогликемияны шақырады
4.асқазанның секреторлы қызметін тежейді
5.липолизді тежейді
488. Кофеин
1.аденозин рецепторларын блоктайды
2.аденозин рецепторларының агонисті
3.ГАМҚ-рецепторларын блоктайды
4.адреномиметик
5.холиноблоктор
489. Кофеин көп мөлшерде қабылданғанда:
1.тахикардияны шақырады
2.брадикардияны шақырады
3.тромбоциттер агрегациясын жоғарлатады
4.артериальды қан қысымын төмендетеді
5.ұйықтататын заттардың әсерін күшейтеді
490. Кофеинге барлығы тән біреуінен басқа:
1. асқазан бездер секрециясын күшейтеді
2. қан тамырлар қозғалыс орталығын ынталандырады
3. тікелей қан тамырларын тарылтатын әсер көрсетеді
4. липолизді арттырады
5. диурезді күшейтеді
491. Кофеин:
1. қан тамырларын тарылтады
2. қан тамырлар қозғалыс орталығын тежейді
3. липолизді арттырады
4. диурезді тежейді
5. асқазан бездер секрециясын тежейді
492. Кофеин қолданылады:
1.бас сақинасында
2.жоғары қозғыштықта
3.ұйқысыздықта
4.гипертониялық ауруда
5.глаукомада
493. Кофеиннің жанама әсері
1.тромбоциттер агрегациясының жоғарлауы
2.ұйқышылдық
3.артериальды гипотензия
4.брадикардия
5.жүрек аритмиялары
494. Кофеиннің жанама әсері
1.тромбоциттер агрегациясының жоғарлауы
2.ұйқышылдық
3.артериальды гипотензия
4.брадикардия
5.дәріге тәуелділік шақыру мүмкін
495. Кофеинді көп мөлшерде енгізгеде даму мүмкін:
1.бронхтардың тарылуы
2.ұйқышылдық
3.тахикардия
4.гипогликемия
5.брадикардия
496. Кофеин
1.тікелей ұйықтататын әсер көрсетеді
2.бас сақинасында (мигрень) қолданылады
3.брадикардия шақыру мүмкін
4.көп мөлшерде енгізгенде гипогликемияны шақыру мүмкін
5.оң шартты рефлекстерді әлсіздетеді
497. Кофеин қолданылады:
1.жөтелге қарсы зат ретінде
2.қақырық түсіретін зат ретінде
3.бронхолитик ретінде
4.тынысты ынталандыратын зат ретінде
5.өкпе ісінуінде
Дофаминергиялық заттар
498. Апоморфин:
1.анорексигенді зат
2. лоқсытатын зат
3. лоқсуға қарсы зат
4. өт айдайтын зат
5. іш өткізетін зат
499. Фепранон:
1. лоқсытатын зат
2. анорексигенді зат
3. іш өткізетін зат
4. өт айдайтын зат
5. лоқсуға қарсы зат
500. Лоқсуға қарсы зат:
1.апоморфин
2.метоклопрамид
3.фенфлурамин
4.фенолфтанин
5.мыс сульфаты
501. Дезопимон:
1. лоқсуға қарсы зат
2. лоқсытатын зат
3. өт айдайтын зат
4. іш өткізетін зат
5. анорексигенді зат
502. Мазиндол:
1. лоқсуға қарсы зат
2.гепатопротектор
3.гастропротектор
4.анорексигенді зат
5. өт айдайтын зат
503. Фенфлурамин:
1. лоқсуға қарсы зат
2.іш өткізетін зат
3.протеолитикалық ферменттердің ингибиторы
4.анорексигенді зат
5. өт айдайтын зат
504. Жүктілердің локсуында тиімді:
1.димедрол
2. «Аэрон» таблеткалары
3.этаперазин
4.метоклопрамид
5.скополамин
505. Дезопимонның жанама әсері:
1.артериальды гипотензия
2.сілекей ағу
3.ұйқышылдық
4.брадикардия
5.дәріге тәуелділік
506. Метоклопрамид қолданылады:
1. өт айдайтын зат ретінде
2. лоқсытатын зат ретінде
3. іш өткізетін зат ретінде
4. асқазандағы тағамның эвакуациясын жылдамдату үшін
5. анорексиногенді зат ретінде
507. Дезопимон мен фепранонның жанама әсері:
1.артериальды гипотензия
2.сілекей ағу
3.ұйқышылдық
4.брадикардия
5.дәріге тәуелділік
508. Ұйқышылдықты шақырмайды:
1.фенамин
2.мазиндол
3.фенфлурамин
4.дезопимон
5.фепранон
509. Препаратты анықтаңыз: асқазан моторикасын ынталандырады, құсу орталық триггер аймағының дофамин рецепторларын блоктайды, лоқсуға қарсы зат ретінде қолданылады.
1.атропин
2.скополамин
3.метоклопрамид
4.димедрол
5.апоморфин
510. Апоморфин:
1.серотонин рецепторларын блоктайды
2.дофамин рецепторларын ынталандырады
3.вводится внутрь
4.анорексигенді зат ретінде қолданылады
5.лоқсуға қарсы зат ретінде қолданылады
511. Тәбетті төмендету үшін қолданылады:
1.оксафенамид
2.инсулин
3.мазиндол
4.фенолфталеин
5.мизопростол
Қабынуға қарсы заттар. Иммунитетке әсер ететін заттар
512. Стероидты қабынуға қарсы заттарға жатады
1. анилин туындылары
2.салицил қышқылының туындылары
3.пиразолон туындылары
4.глюкокортикоидтер
5.минералокортикоидтер
513. Стероидты емес қабынуға қарсы заттарға жатады
1. минералокортикоидтер
2. глюкокортикоидтер
3. салицилқышқылының туындылары
4. андрогендер
5. эстрогендер
514. Глюкокортикоидтерге жатады:
1.бутадион
2.преднизолон
3.аналгин
4.ибупрофен
5.кетотифен
515. Шырышты қабықтармен және тері арқылы нашар сінірілетін глюкокортикоид:
1.беклометазон дипропионаты
2.преднизолон
3.триамцинолон
4.дексаметазон
5.гидрокортизон
516. Стероидты емес қабынуға қарсы заттарға жатады:
1. бутадион
2.преднизолон
3. гидрокартизон
4.дексаметазон
5.триамцинолон
517. Стероидты емес қабынуға қарсы зат:
1. дексаметазон
2.бутадион
3. преднизолон
4.триамцинолон
5.беклометазон дипропионаты
518. Не дұрыс?
1.гидрокортизон – пиразолон туындысы
2.преднизолон – стероидты қабынуға қарсы зат
3.ибупрофен - глюкокортикоид
4.ацетилсалицил қышқылы – стероидты қабынуға қарсы зат
5.дексаметазон-өкпе құртына қарсы зат
519. Аллегияға қарсы заттар ретінде қолданылады:
1. гистаминге қарсы заттар
2. иммунитетті ынталандыратын заттар
3. холиномиметиктер
4.симпатолитиктер
5. адреноблокаторлар
520. Тез типті аллергиялық реакцияларда қолданылады:
1. цитостатиктер
2. глюкокортикоидтер
3. симпатолитиктер
4. холиномиметиктер
5. адреноблокаторлар
521. Гистаминның гистамин рецепторларымен байланысуына кедергі жасайды:
1. кромолин-натрий
2. иммунодепрессанттар
3. иммуностимуляторлар
4. гистаминге қарсы заттар
5. адреномиметиктер
522. Анафилактикалық шоктың жалпы көрсеткіштерін қайтаратын заттарға жатады:
1. адреналин
2. димедрол
3. кромолин-натрий
4. кетотифен
5. диазолин
523. Баяу типті аллергиялық реакцияларда қолданылады:
1. гистаминге қарсы заттар
2. адреномиметиктер
3. цитостатиктер
4. кромолин-натрий
5. симпатолитиктер
524. Иммунодепрессантарға жатады:
1. глюкокортикоидтер
2. гистаминге қарсы заттар
3. стероидты емес қабынуға қарсы заттар
4. адреноблокаторлар
5. адреномиметиктер
525. Баяу типті аллергиялық реакцияларда тіндердің зақымдалуын төмендетеді:
1. адреномиметиктер
2. гистаминге қарсы заттар
3. стероидті қабынуға қарсы заттар
4. адреноблокаторлар
5. иммуностимуляторлар
526. Препаратты анықтаңыз. Фосфолипаза А2 тежеу арқылы простагландиндер мен лейкотриендердің түзілуін бұзады. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивті қасиеттерге ие.
1.ибупрофен
2.индометацин
3.бутадион
4.преднизолон
5.напроксен
527. Препаратты анықтаңыз: циклооксигеназаны тежеу арқылы простогландиндердің түзілуін бұзады, қабынуға қарсы заттар анальгетикалық және ыстық түсіретін әсерлерге ие, жанама әсерлері асқазанның шырышты қабатының жараларымен, аллергиялық реакциялармен, естудің бұзылуымен байқалады
1. преднизалон
2. гирокартизон
3. дексаметазон
4. ацетил салицил қышқылы
5. триамциналон
528. Препаратты анықтаңыз. Пиразолон туындыларына жатады. Циклооксигеназаны ингибирлеу арқылы простагландиндердің түзілуін тежейді. Қабынуға қарсы, анальгетикалық және ыстықты түсіретін қасиеттерге ие. Қабынуға қарсы әсері ацетилсалицил қышқылынан жоғары. Жанама әсерлері – диспепсиялық бұзылыстар, ісінулер және қан түзілуінің бұзылыстары.
1.ибупрофен
2.индометацин
3.напроксен
4.диклофенак натрий
5.бутадион
529. Препаратты анықтаңыз. Индолсірке қышқылының туындыларына жатады. Қабынуға қарсы, анальгетикалық және ыстықты түсіретін қасиеттерге ие. Қабынуға қарсы белсенділігі көптеген стероидты емес қабынуға қарсы заттардан жоғары. Жанама әсерлері – диспепсиялық бұзылыстар, асқазан шырышты қабатына жаралардың пайда болуы, бас айлану, бас ауру және т.б.
1.мефенам қышқылы
2.ибупрофен
3.индометацин
4.бутадион
5.диклофенак натрий
530. Препараттар тобын анықтаңыз: лимфациттердің пролиферациясын тежейді, семіз клеткалардан аллергия медиаторларының шығуына кедергі жасайды, сенсибилизирленген Т- лимфациттердің цититотоксикалық әсерін төмендетеді, қабынуға қарсы мен иммунодепрессивті әсерлерге ие, баяу және тез типті аллергиялық реакцияларда қолданылады, ақуыз, көмірсу және май алмасу бұзылыстарын шақырады
1. гистаминге қарсы заттар
2. цитостатиктер
3. иммуностимуляторлар
4. глюкокортикоидтер
5. адреномиметиктер
531. Препаратты анықтаңыз: семіз клеткалардан аллергия медиаторларының шығуына кедергі жасайды, анафилактикалық шок сияқты аллергиялық реакциялардың жалпы көрсеткіштерін қайтару, қан қысымын жоғарлатады, бронхтарды кеңейтеді, қанда глюкоза мөлшерін арттырады, анафилактикалық шокпен бронх астмасы ұстамаларын қайтару үшін қолданылады
1. димедрол
2. диазолин
3. адреналин
4. кромолин – натрий
5. эуфиллин
532. Препаратты анықтаңыз: семіз клеткалардан аллергия медиаторларының шығуына кедергі жасайды, миотропты спазмолитикалық әсерге ие, бронхоспазмның алдын алуы мен емінде қолданылады, жанама әсерлері – гипотензия, тахикардия, бас айналу.
1. кромолин – натрий
2. димедрол
3. преднизалон
4. эуфиллин
5. адреналин
533. Препаратты анықтаңыз: лимфациттердің пролиферациясын тежейді және цититотоксикалық әсерін төмендетеді, семіз клеткалардан аллергия медиаторларының шығуына кедергі жасайды, простангландиндермен лейкоциттердің түзілуін бұзады, қабынуға қарсы мен иммунодепрессивті әсерлерге ие, баяу және тез типті аллергиялық реакцияларда қолданылады, ақуыз, көмірсу және май алмасулармен су – электролиті баланстың бұзылыстарын шақырады
1. эуфиллин
2. адреналин
3. димедрол
4. кромолин – натрий
5. преднизалон
534. Препаратты анықтаңыз: ақуызды құрылымды, пре- және Т-лимфциттердің жетілуін ынталандырады, иммуностимулдеуші әсер көрсетеді, иммунодефицитті жағдайларда қолданылады.
1. преднизолон
2. азатиоприм
3. кромолин – натрий
4. тактивил
5. левамизол
535. Дене қызуын түсіретін зат ретінде қолданылады
1. гидрокортизон
2.ацетилсалицил қышқылы
3.преднизолон
4.триамцинолон
5. дексаметазон
536. Қызба кезінде тиімсіз препарат
1. бутадион
2. гидрокортизон
3. ацетилсалицилқышқылы
4. ибупрофен
5. аналгин
537. Баяу типті аллергиялық реакцияларда қолданылады:
1. эуфиллин
2. гистаминге қарсы заттар
3. глюкокортикоидтер
4. кромолин-натрий
5. адреналин
538. Тез типті аллергиялық реакцияларда қолданылмайды
1. гистаминге қарсы заттар
2. эуфиллин
3. глюкокортикоидтер
4. адреналин
5. қабынуға қарсы заттар
539. Иммунодефицитті жағдайларда қолданылады:
1. преднизолон
2. левамизол
3. кромолин-натрий
4. димедрол
5. дексаметазон
540. Анафилактикалық шокта қолданылады:
1. кромолин-натрий
2. левамизол
3. адреналин
4. аналгин
5. тактивин
541. Тез типті аллергиялық реакциялардың жеңіл формаларын емдеу үшін (қышу, есек жем) қолданылмайды
1.димедрол
2.дипразин
3.диазолин
4.супрастин
5.преднизолон
542. Бронх демікпесі ұстамаларын қайтару үшін қолданылады
1.эуфиллин
2.аналгин
3.кромолин-натрий
4.левамизол
5.тактивин
543. Бронх демікпесі ұстамаларының алдын алу үшін қолданылады
1.адреналин
2.тактивин
3.левамизол
4.кромолин-натрий
5.аналгин
544. Т-активинге барлығы тән біреуінен басқа:
1. интерлейкиндердің продкуциясын ынталандырады
2. интерлейкин – 2 рецепторлардың экспрессиясын ынталандырады
3. лимфациттердің «киллерлік» белсенділігін арттырады
4. макрофагтардың белсенділігін тежейді
5. иммунодефицитті жағдайларда қолданылады
545. Циклоспоринге барлығы тән біреуінен басқа
1.интерлейкин-2 түзілуін төмендетеді
2.т-хелперлардаың пролиферациясын тежейді
3.интерлейкин-2-ге рецепторлардың экспрессиясын өзгертпейді
4.гамма-интерфероннің түзілуін тежейді
5.нефротоксикалық және гепатотоксикалық әсері бар
546. Азатиоприн
1. организмде 6-меркаптопуринге айналады
2. пуриндердің түзілуін белсендіреді
3. интерлейкин-1 түзілуін төмендетеді
4. интерлейкин-2 түзілуін төмендетеді
5. Т-лимфоциттердің ерте пролиферациясын жоғарлатады
547. ЦОГ-2 тандамалы ингибиторы:
1. ацетилсалицил қышқылы
2. мелоксикам
3. диклофенак-натрий
4. мефенам қышқылы
5. индометацин
548. Лоратидинге барлығы тән біреуінен басқа
1.аритмогенді әсері жоқ
2.пиперидин туындысы
3.әсер ету ұзақтығы 24 сағат
4.седативті әсері айқын
5.тиімділігі дипразиннен төмен
549. Преднизолонның қолданылу көрсеткіші
1.бронх демікпесі
2. жара ауруы
3.кахексия
4.қантты диабет
5.остеопороз кезінде
550. Гидрокортизонның қолданылу көрсеткіші
1.бүйрек үсті безінің жедел және созылмалы жетіспеушілігі
2.дисменорея
3.кахексия
4.сары дене функциясының жетіспеушілігі
5.қантты диабет
551. Бронх демікпе мен аллергиялық ринит кезінде тек қана ингаляциялық жолмен қолданылатын глюкортикоид
1.преднизолон
2.гидрокортизон
3.дексаметазон
4.беклометазон
5.флуметазон
552. Преднизолонмен емдегенде қандай жанама әсер кездеседі?
1.инфекциялық аурулардың қоздырылуы
2.сүйек тіндерінде кальцийдің көп мөлшерде жинақталуы
3.қан қысымының төмендеуі
4.гипогликемия
5.диурездің жоғарлауы
553. Глюкокортикоидтердің қолданылмайды
1. бронх демікпесінде
2. ревматизм мен коллагеноздарда
3.бүйрек үстү безінің созылмалы жетіспеушілігінде
4.асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруында
5.экземада
554. Глюкокортикоидтердің жанама әсері
1.асқазан ішек трактісінің шырышты қабаттарында жаралардың пайда болуы
2.қан қысымының тӨмендеуі
3.диурездің жоғарлауы
4.кахексия
5.гипогликемия
555. Гормональды препаратты анықтаңыз: стероидты зат, айқын аллергияға қарсы және қабынуға қарсы әсерлерге ие, жүйелі әсерлерді көрсетпейді, аллергиялық ринитте және бронх демікпесінде ингаляция жолымен қолданылады
1.дезоксикортикостерон
2.флуметазон
3.гидрокортизон
4.беклометазон
5. триамцинолон
556. Гормональды препаратты анықтаңыз: стероидты зат. Аллергияға қарсы және қабынуға қарсы әсерлер көрсетеді. Тері арқылы сіңірілмейді. Терінің қабыну ауруларында қолданылады
1.преднизолон
2.метандростенолон
3.дексаметазон
4.беклометазон
5.флуметазон
Дата добавления: 2015-07-23 | Просмотры: 2000 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
|