АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Фармакокинетика

Прочитайте:
  1. А. Фармакокинетика
  2. Научные интересы: фармакокинетика химиотерапевтических средств.
  3. Структура и фармакокинетика сердечных гликозидов
  4. Тема 1. Общая фармакология: фармакокинетика, фармакодинамика.
  5. Фармакокинетика
  6. Фармакокинетика
  7. Фармакокинетика
  8. Фармакокинетика
  9. Фармакокинетика
  10. ФАРМАКОКИНЕТИКА

1. "Фармакокинетика" ұғымына не жатпайды?

1.сіңірілу

2.таралу

3.арнайы рецепторлармен әрекеттесу

4.жинақталу

5.организмнен шығарылу

2. "Фармакокинетика" ұғымына не жатады?

1.дәрілердің биотрансформациясы

2.дәрілердің жанама әсерлері

3.дәрілер әсерлерінің орны

4.дәрілердің әсер ету механизмі

5.дәрілер әсерлерінің түрлері

3. "Фармакокинетика" ұғымына не жатпайды?

1.дәрілердің сіңірілуі

2.дәрілердің таралуы

3.дәрілердің жинақталуы

4.фармакологиялық әсерлер

5.дәрілердің организмнен шығарылуы

4. Дәрілердің энтеральді енгізу жолын көрсетіңіз

1.ішке

2.тері астына

3.артерия ішіне

4.бұлшық етке

5.көк тамырға

5. Дәрілердің парентеральді енгізу жолын көрсетіңіз

1.ректальді

2.он екі елі ішекке

3.артерия ішіне

4.тіл астына

5.ішке

6. Дәрілердің энтеральді енгізу жолына қай енгізу жол жатпайды?

1.ішке

2.тіл астына

3.ингаляция арқылы

4.он екі елі ішекке

5.тік ішекке

7. Дәрілердің парентеральді енгізу жолына қай енгізу жол жатпайды?

1.тері астына

2.бұлшық етке

3.тері бетіне (трансдермальды)

4.көк тамырға

5.ішке

8. Дәрілерді ішке енгізу жолына сипаттамалы емес

1. дәрілердің қанға сіңірілуінің ортаның рН тәуелділігі

2. дәрілердің қанға сіңірілуінің АІЖ-ғы химустың сипаттамасынан тәуелдігі

3. дәрілердің қанға сіңірілуінің АІЖ моторикасының жылдамдылығына тәуелділігі

4. дәрілердің қанға түсуі бауырдан тыс жүруі

5. дәрілердің қанға сіңірілуінің олардың липидтерде ерігіштігіне тәуелділігі

9. Бұлшық етке енгізуге болмайды

1.изотоникалық ерітінділерді

2.гипертоникалық ерітінділерді

3.майлы ерітініділерді

4.суспезияларды

5.нейтральды рН ерітінділерді

10. Суспензияларды енгізуге болады

1.көк тамырға

2.бұлшық етке

3.артерия ішіне

4.ми қабаттарының астына

5.эпидуральды

11. Энтеральды енгізу жолдарының қайсысы дәрілік заттардың жалпы қан айналымына бауырдан тыс түсуін қамтамасыз етеді?

1.ішке қабылдау

2.сублингвальды енгізу

3.он екі елі ішекке енгізу

4.асқазанға енгізу

5.жіңішке ішекке енгізу

12. Қандай дәрілік формаларды көк тамырға енгізуге болады?

1.ерітінділерді

2.суспензияларды

3.эмульсияларды

4.микстураларды

5.майлы ерітінділерді

13. Дәрілік формалардың қай енгізу жолында олардың стерильдігі қажетті емес?

1.ішке қабылдағанда

2.тері астына енгізгенде

3.бұлшық етке енгізгенде

4.көк тамырға енгізгенде

5.артерияға енгізгенде

14. Бауырда микросомальды ферменттердің әсеріне ұшырағанда дәрілердің өзгерістері қандай бағытта жүреді?

1. олардың липофильдігі жоғарлайды

2. олардың гидрофильдігі жоғарлайды

3. олардың фармакологиялық белсенділігі артады

4.олардың гидрофобтігі жоғарлайды

5.олардың полярлігі төмендейді

15. Метаболикалық трансформация процесстеріне байланысты жүретін дәрілердің өзгерістері қандай типтік бағытта өтеді?

1. олардың липофильдігі жоғарлайды

2. олардың фармакологиялық белсенділігі артады

3. олардың гидрофильдігі жоғарлайды

4. олардың полярлігі төмендейді

5. олардың гидрофобтігі жоғарлайды

16. Коньюгация процесстеріне байланысты жүретін дәрілердің өзгерістері қандай типтік бағытта өтеді?

1. олардың гидрофильдігі жоғарлайды

2. олардың фармакологиялық белсенділігі төмендейді

3. олардың фармакологиялық белсенділігі артады

4. олардың липофильдігі жоғарлайды

5. олардың полярлігі төмендейді

17. Дәрілік заттардың метаболиттері мен коньюгаттарына алғашқы заттармен салыстырғанда келесі сипаттамалардың қайсысы тән емес?

1. метаболиттер мен конъюгаттардың гидрофильдігі жоғары болады

2. метаболиттер мен конъюгаттардың белсенділігі төмен болады

3. метаболиттер мен конъюгаттардың липофильдігі жоғары болады

4. метаболиттер мен конъюгаттар организмнен жеңілдеу шығарылады

5. метаболиттер мен конъюгаттар организмнің субстраттарымен байланысады

18. Дәрілік заттар биотрансформацияға ұшырағанда түзілетін метаболиттер мен коньюгаттарға не тән?

1.олардың полярлығы алғашқы затқа қарағанда жоғары болады

2.олардың бүйрек каналшаларында реабсорбцияға ұшырау қабілеті жоғары болады

3.олардың липофильдігі алғашқы затқа қарағанда жоғары болады

4.олардың белсенділігі жоғары

5.олардың организм субстраттарымен байланысуы жоғары болады

19. Бауырдың микросомальды ферменттерінің белсенділігі жоғарлағанда

1.дәрілердің әсер ету ұзақтығы қысқарады

2.дәрілердің қанда концентрациясы жоғарлайды

3.дәрілердің тиімділігі жоғарлайды

4.дәрілердің фармакологиялық белсенділігі артады

5.дәрілердің липофильдігі жоғарлайды

20. Қандай заттардың бүйректе фильтрациясы шектелген?

1.липофильды заттардың

2.гидрофильды заттардың

3.әлсіз қышқылдардың

4.әлсіз сілтілердің

5.қан плазмасы ақ уыздарымен байланысқан заттардың

21. Бүйрек каналшаларында қандай заттардың реабсорциясы нашар жүреді?

1.гидрофобты қосылыстардың

2.полярлы емес қосылыстардың

3.ұсақ дисперсті ақ уыздардың

4.липофильды қосылыстардың

5.липидтердің

22. Бүйрек арқылы жақсы шығарылады

1.полярлы емес қосылыстар

2.гидрофильды қосылыстар

3.липофильды қосылыстар

4.ұсақ дисперсті ақ уыздар

5.липидтер

23. Қай жолмен енгізгенде гидрофильды полярлы қосылыстар жақсы сіңіріледі?

1.бұлшық етке

2.ішке қабылдағанда

3.тік ішекке енгізгенде

4.ингаляция арқылы енгізгенде

5.сүйек ішіне енгізгенде

24. Дәрілік заттардың гематоэнцефальды тосқауыл арқылы өтуінің негізгі механизмі

1.белсенді тасымал

2.пассивті диффузия

3.фильтрация

4.пиноцитоз

5.жеңілдетілген диффузия

25. Қан плазмасында жинақталған дәрілік заттар:

1.гистогематикалық тосқауылдар арқылы жеңілдеу өтеді

2.ұзағырақ әсер етеді

3.тезірек метаболизмге ұшырайды

4.организмнен жылдамырақ шығарылады

5.қысқа мерзімде әсер етеді

26. Қандай жағдайда көптеген дәрілік заттардың биотрансформациясы жылдамдылығы артады?

1.бауырда микросомальды ферменттердің белсенділігі артқанда (ндукция)

2.бауырда микросомальды ферменттердің белсенділігі төмендегенде (ингибирование)

3.дәрілер қан плазмасы ақ уыздарымен байланысқанда

4.бауыр ауруларында

5.дәрілер тіндердің ақ уыздарымен байланысқанда

27. Қай көрсеткіш дәрілердің биотрансформация жолымен жүретін элиминациясының жылдамдылығын анықтайды?

1.метаболикалық клиренс

2.ионизация константасы

3.экскреторлы клиренс

4.жартылай элиминация кезеңі

5.жартылай шығарылу кезеңі

28. Элиминация жылдамдылығы константасы:

1.қан плазмасында дәрінің концентрациясы екі есе азаятын уақыт

2.уақыт бірлігінде элиминацияға ұшыраған заттың бөлігі

3.уақыт бірлігінде заттан босатылатын таралу көлемінің бөлігі

4.заттың енгізген мөлшеріне тәуелді болады

5. заттың сіңірілу жылдамдылығына тәуелді болады

29. Әлсіз сілтілер

1.көбінесе асқазанда сіңіріледі

2.көбінесе ішекте сіңіріледі

3.зәрдің рН жоғарлағанда олардың шығарылуы жеңілдейді

4.зәрдің рН төмендегеде олардың шығарылуы ауырлайды

5.бауырдан біріншілік өту әсерге ие емес

30. Липофильды заттармен салыстырғанда гидрофильды заттар

1.энтеральды енгізгенде жақсы сіңіріледі

2.организм тіндерінде біркелкі таралады

3.көбінесе өзгермеген түрде шығарылады

4.бүйректе реабсорбцияға оңай ұшырайды

5.жақсы реабсорбцияланады

Фармакодинамика. Фармакокинетика мен фармакодинамикаға әсер ететін факторлар.

31. "Фармакодинамика" ұғымына не кіреді?

1.дәрілердің әсер ету механизмі

2.дәрілердің организмдегі өзгерістері

3.дәрілердің сіңірілуі

4.дәрілердің организмде таралуы

5.дәрілердің ағзаларда таралуы

32. "Фармакодинамика" ұғымына не кіреді?

1.дәрілер әсерінің орны

2.дәрілердің организмде таралуы

3.дәрілердің организмде жинақталуы

4.дәрілердің сіңірілуі

5.дәрілердің организмдегі өзгерістері

33. "Фармакодинамика" ұғымына не жатпайды?

1. дәрілер әсерінің орны

2. дәрілердің әсер ету механизмі

3. фармакологиялық әсерлер

4. биотрансформация

5. дәрілердің жанама әсерлері

34. Заттардың арнайы рецепторлармен байланысу қабілеті қалай аталады?

1.конъюгация

2.аффинитет

3.ішкі белсенділік

4.тиімділік

5.әсер ету күші

35. Заттардың арнайы рецепторларды ынталандыру қабілеті қандай терминмен аталады?

1.аффинитет

2.ішкі белсенділік

3.трансформация

4.коньюгация

5.тиімділік

36. Аффинитет пен ішкі белсенділікке ие заттарды қалай атайды?

1.агонисттер деп

2.антагонисттер деп

3.агонист-антагонисттер деп

4.антагонист-агонисттер деп

5.тиімсіз деп

37. Аффинитеткеие, бірақ ішкі белсенділігі жоқ және агонисттердің әсеріне кедергі жасайтын заттарды қалай атайды?

1.антагонисттер деп

2.жартылай агонисттер деп

3.агонист-антагонисттер деп

4.агонисттер деп

5.тиімсіз деп

38. А деген зат 0,025 г мөлшерінде, ал Б деген зат 0,25 г мөлшерінде артериальды қан қысымын 40 мм рт.ст. төмендетеді. Не дұрыс?

1.А деген заттың белсенділігі Б деген заттан 10 есе артық

2.А деген заттың тиімділігі Б деген заттан 10 есе артық

3.екі зат бірдей белсенділікке ие

4.екі зат бірдеі тиімділікке ие

5.Б деген заттың белсенділігі А деген заттың белсенділігінен жоғары

39. Емдік мөлшерде А деген зат тәуелділік диурезді 2л-ге, ал Б деген зат 4-ге арттырады. Не дұрыс?

1.А деген заттың тиімділігі Б деген заттың тиімділігінен 2 есе төмен

2.А деген заттың белсенділігі Б деген заттың белсенділігінен 2 есе төмен

3.екі заттың белсенділігінде айырмашылық жоқ

4. екі заттың тиімділігінде айырмашылық жоқ

5.Б деген заттың белсенділігі А деген заттың белсенділігінен жоғары

40. Дәрілерді қайталап енгізгенде қандай көрініс туындау мүмкін?

1.аддитизм

2.потенцирлеу

3.дәрілік тәуелділік

4.идиосинкразия

5.дұрыс жауабы жоқ

41. Дәрілерді қайталап енгізгенде олардың организмде жиналуы қандай терминмен белгіленеді?

1.функциональды кумуляция

2.материальды кумуляция

3.аддитивті әсер

4.биотрансформация

5.агонизм

42. Дәріліердің тератогенді әсері әсіресе даму мүмкін

1.жүктіліктің алғашқы 2-3 айларында

2.жүктіліктің 4 және 6 айлар аралығында

3.жүктіліктің соңғы кезеңдерінде

4.босану кезінде

5.босанғаннан кейін

43. Фетотоксикалық әсер

1.дәрілердің ұрыққа жағымсыз әсері

2.тумыстан кемтарлыққа әкелетін дәрілердің эмбрионға әсері

3.тератогенді әсердің түрі

4.мутагенді әсердің түрі

5.идиосинкразияның түрі

44. Заттың рецепторларға аффинитетінің мөлшері немен сипатталады?

1.тахифилаксиямен

2.диссоциация константасымен

3.ішкі белсенділікпен

4.биотиімділікпен

5.ионизация константасымен

45. Дәрілік заттың "функциональды кумуляциясы" дегеніміз:

1.қайталап енгізгінде дәрілердің тіндердегі мөлшерінің артуы

2.қайталап енгізгінде дәрілердің "әсерлерінің жиналуы"

3.дәрілік затқа тез бейімделу

4.дәрілік затқа баяу бейімделу

5.қайталап енгізгінде дәрілердің тіндерде мөлшерінің азаюы

46. Дәрілік затты қайталап қабылдауға жеңілмейтін ұмтылуды қай терминимен белгілейді?

1.кумуляция

2.тахифилаксия

3.дәріге тәуелділік

4.бейімделу

5.толеранттік

47. Дәрілік затты қайталап қабылдағанда оның әсерінің жоғарлауы байқалады:

1.бейімделуде

2.идиосинкразияда

3.тахифилаксияда

4.кумуляцияда

5.толеранттікте

48. Дәрілік заттардың өзара әрекеттескенде байқалатын синергизмнің түрін көрсетіңіз.

1.агонизм

2.толеранттік

3.потенцирлеу

4.кумуляция

5.антагонизм

49. Потенцирлеу:

1.өзара әрекеттескенде дәрілік заттар әсерлерінің қосындысы

2.өзара әрекеттескенде дәрілік заттардың әсерлері олардың әсерлер қосындысынан артық болады

3.өзара әрекеттескенде дәрілік заттар әсерлерінің әлсізденуі

4.өзара әрекеттескенде дәрілік заттар әсерлерінің өзгермеуі

5.өзара әрекеттескенде дәрілік заттардың тіндерде жиналуы

50. Дәрілік заттың емдік (терапиялық) кеңділігі анықталады:

1.табалдырықты және максимальды улы мөлшерлердің қатынасымен

2.минимальды тиімді (эффективті) және орта емдік (терапиялық) мөлшерлердің қатынасымен

3.минимальды тиімді және максимальды қауыпсіз мөлшерлердің қатынасымен

4.орта емдік және максимальды қауіпсіз мөлшерлердің қатынасымен

5.минимальды әсер ететін және максимальды улы мөлшерлердің қатынасымен

51. Дәрілік затты терапиялық мөлшерден арттырып қабылдағанда дамитын жағымсыз әсерлердің аталуы:

1.жанама әсерлер

2.улы әсерлер

3.идиосинкразия

4.тератогенді әсер

5.мутагенді әсер

52. Туа біткен кемістіктерге әкелетін дәрілердің ұрыққа жағымсыз әсері белгіленетін термин

1.мутагенді әсер

2.тератогенді әсер

3.эмбриотоксикалық әсер

4.фетотоксикалық әсер

5.идиосинкразия

53. Туа біткен кемістіктерге әкелмейтін дәрілердің эмбрионға жағымсыз әсері белгіленетін термин

1.мутагенді әсер

2.тератогенді әсер

3.эмбриотоксикалық әсер

4.фетотоксикалық әсер

5.идиосинкразия

54. Жүктіліктің 2-3 триместрінде дәрілік заттың ұрыққа жағымсыз әсері белгіленетін термин

1.мутагенді әсер

2.тератогенді әсер

3.эмбриотоксикалық әсер

4.фетотоксикалық әсер

5.идиосинкразия

55. Дәрілік заттың мутагенді әсері дегеніміз - ол

1.туа біткен кемістіктерге әкелетін дәрілердің эмбрионға жағымсыз әсері

2.әулет генотипінің өзгерістеріне әкелетін генетикалық аппараттың зақымдалуы

3.туа біткен кемістіктерге әкелмейтін дәрілердің эмбрионға жағымсыз әсері

4.тератогендік әсердің түрі

5.фетотоксикалық әсердің түрі

56. ТМ50 (тиімді мөлшер 50 немесе эффективті мөлшер 50) дегеніміз:

1.максимальды әсердің тең жартысын шақыратын дәрінің мөлшері

2.дәрінің жоғары емдік мөлшерінің тең жартысына тең мөлшер

3.зат белсенділігінің өлшемі болып табылмайды

4.зат тиімділігінің өлшемі болып табылады

5.улылықтың өлшемі болып табылады

57. Дәрілік заттың тиімділігін бағалауға болады

1.оның минимальды тиімді мөлшеріне қарап

2.оның максимальды әсерінің үлкендігіне қарап

3.оның максимальды әсер тудыратын мөлшеріне қарап

4.оның ТМ50 (тиімді мөлшер 50 немесе эффективті мөлшер 50) қарап

5.оның минимальды улы мөлшеріне қарап

58. Дәрілік заттың белсенділігін бағалауға болады

1. оның минимальды тиімді мөлшеріне қарап

2. оның максимальды әсерінің үлкендігіне қарап

3. оның максимальды әсер тудыратын мөлшеріне қарап

4. оның минимальды улы мөлшеріне қарап

5. оның максимальды улы мөлшеріне қарап

59. Дәрілік заттардың жанама әсерлерінің түрін анықтаңыз: дәрінің мөлшеріне аз тәуелді, міндетті түрде дәрілерді қайталап енгізгенде дамиды.

1.аллергиялық емес жанама әсерлер

2.аллергиялық жанама әсерлер

3.улы әсерлер

4.идиосинкразия

5.тахифилакcия

60. Дәрілік заттың жағымсыз әсерінің түрін анықтаңыз: дәрінің мөлшерін көбейткенде күшееді, дәріні емдік мөлшерде нгізгенде дамиды.

1. аллергиялық емес жанама әсерлер

2. аллергиялық жанама әсерлер

3. улы әсерлер

4. идиосинкразия

5. тахифилакация

Афферентті иннервацияға әсер ететін заттар

61. Афферентті иннервацияны тежейтін заттарға жатпайды

1.жергілікті жансыздандыратын заттар

2.тітіркендіретін заттар

3.бырыстыратын заттар

4.қаптайтын заттар

5.соратын заттар

62. Афферентті иннервацияны тежейтін заттарға жатады

1.психотропты заттар

2.аштылар (горечи)

3.жергілікті жансыздандыратын заттар

4.тітіркендіретін заттар

5.аталған тобтардың біреуіде емес

63. Бырыстыратын зат:

1.тальк

2.танин

3.новокаин

4.лидокаин

5.ментол

64. Бырыстыратын зат

1.қыша қағазы

2.күміс нитраты

3.новокаин

4.тальк

5.белсендірілген көмір

65. Қаптайтын зат:

1.емен қабығының қайнатпасы

2.зығыр ұрықтарының кілегейі

3.белсендірілген көмір

4.танин

5.ментол

66. Қаптайтын зат:

1.белсендірілген көмір

2.тальк

3.танин

4.емен қабығының қайнатпасы

5.крахмал кілегейі

67. Соратын зат:

1.белсендірілген көмір

2.слизь из крахмала

3.танин

4.емен қабығының қайнатпасы

5.зығыр ұрықтарының кілегейі

68. Соратын зат:

1.танин

2.совкаин

3.висмуттің субнитраты

4.тальк

5.ментол

69. Жергілікті жансыздандыратын зат:

1.күміс нитраты

2.дикаин

3.танин

4.емен қабығының қайнатпасы

5.ментол

70. Жергілікті жансыздандыратын зат:

1.тальк

2.танин

3.ментол

4.анестезин

5.аталғандардың біреуіде емес

71. Шырышты қабықтың бетін қорғаныс қабатпен жауып сезімтал жүйкелер ұштарының тітіркенуіне кедергі жасайды

1.бырыстыратын заттар

2.қаптайтын заттар

3.соратын заттар

4.жергілікті жансыздандыратын заттар средства

5.тітіркендіретін заттар

72. Асқазан жараларында қолданылады

1.ментол

2.висмуттің субнитраты

3.күмістің нитраты

4.мыс сульфаты

5.сынап тотығы

73. Шырышты қабықпен терінің қабынуында сыртқа қолданылады

1.күміс нитраты

2.тримекаин

3.белсендірілген көмір

4.ментол

5.аммиак ерітіндісі

74. Тек қана беткей анестезия үшін қолданылады

1.аммиак ерітіндісі

2.анестезин

3.новокаин

4.тримекаин

5.лидокаин

75. Көбінесе инфильтрационды анестезия үшін қолданылады

1.тримекаин

2.дикаин

3.анестезин

4.новокаин

5.пиромекаин

76. Көбінесе өткізгіштік анестезия үшін қолданылады

1.ультракаин

2.дикаин

3.анестезин

4.пиромекаин

5.тримекаин

77. Жұлындық анестезия үшін қолданылады

1.новокаин

2.пиромекаин

3.анестезин

4.дикаин

5.совкаин

78. Анестезиянің барлық түрлерінде жоғары тиімді зат:

1.анестезин

2.дикаин

3.лидокаин

4.новокаин

5.совкаин

79. Асқазанның, тік ішектің шырышты қабықтарын және зақымдалған тері бетін жансыздандыру үшін қолданылады:

1.совкаин

2.тримекаин

3.анестезин

4.дикаин

5.лидокаин

80. Аритмияға қарсы зат ретінде қолданылады:

1.ультракаин

2.дикаин

3.лидокаин

4.анестезин

5.пиромекаин

81. Анестезияның қай түрінде анестезин қолданылады?

1.инфильтрационды

2.өткізгіштік

3.жұлындық

4.беткей

5.субдуральды

82. Дикаин анестезияның қай түрінде қолданылады?

1.беткей

2.өткізгіштік

3.инфильтрационды

4.жұлындық

5.субарахноидальды

83. Кокаин шақыру мүмкін:

1.бейімделуді

2.гипотензияны

3.физикалық дәрілік тәуелділікті

4.психикалық дәрілік тәуелділікті

5.ОЖЖ тежелуін

84. Новокаиннің резорбтивті әсеріне сипаттамалы:

1.галлюцинациялар

2.эйфория

3.гипотензия

4.гипертензия

5.қозғалыс қозу

85. Танальбин:

1. таниннің сыртқа қолдануға арналған препараты

2. таниннің ішке қолдануға арналған препараты

3. күйіктер кезінде сыртқа қолданылады

4. соратын зат

5.блефаритте қолданылады

86. Мырыш сульфаты:

1.соратын зат

2.бырыстыратын зат

3.ауыр металлдардың тұздарымен уланғанда ішке қолданылады

4.ринитте қолданылады

5.беткей анестезия үшін қолданылады

87. Анестезин.

1.суда жақсы ериді

2.суда нашар ериді

3.өткізгіштік анестезия үшін қолданылады

4.жұлындық анестезия үшін қолданылады

5.инфильтрационды анестезия үшін қолданылады

88. Кокаин:

1.улылығы новокаиннен төмен

2.шырышты қабықтардың бетінен нашар сіңіріледі

3.шырышты қабықтардың бетінен жақсы сіңіріледі

4.өткізгіштік анестезия үшін қолданылады

5.жұлындық анестезия үшін қолданылады

89. Жергілікті жансыздандыратын заттар адреналинмен бірге қолданылады, себебі:

1.улы әсерлері кұщееді

2.анестетиктің қанға сіңірілуі жылдам жүреді

3.жергілікті анестетиктің әсері күшееді

4.жергілікті анестетиктің әсері әлсіздейді

5.жансыздандыратын әсер қысқарады

90. Рефлекторлы әсер ету мүмкін:

1.жергілікті жансыздандыратын заттар

2.қаптайтын заттар

3.бырыстыратын заттар

4.соратын заттар

5.тітіркендіретін заттар


Дата добавления: 2015-07-23 | Просмотры: 3627 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.074 сек.)