Асистолия. ЭКГ-ның үш жалғамасында дəлелденген, жүректің соғуы мен электрлік белсенділік белгілерінің болмауы
ЭКГ-ның үш жалғамасында дəлелденген, жүректің соғуы мен электрлік белсенділік белгілерінің болмауы. Барлық тиімді қанайналым тоқтауының 20-25% құрайды. Кенеттен (болжамы бойынша қауіпті) жəне мезгілсіз (алдыңғы ырғақ бұзылыстарынан кейін дамитын) болып бөлінеді. 
   Электромеханикалық диссоциация (ЭМД) 
 Жүрек лықсытымы мен АҚҚ төмендеуінен миокард жиырылуларының ауыр тежелуі, бірақ ЭКГ-да жүрек комплекстерінің сақталуы. Барлық тиімді қанайналым тоқтауының 10% құрайды. Біріншілік ЭМД – электр импульстері көздерінің сақталуына қарамай, миокард тиімді контракция мүмкіндігін жоғалтады.   Жүрек тез идиовентрикулярлы ырғаққа өтіп, сонан соң асистолияға ауысады.
  
 Біріншілік ЭМД-ға мыналар кіреді: 
 - миокардтың жіті инфаркті (əсіресе төменгі қабырғасы); 
 - ЖӨР кейін қалпына келтірілген, миокардтың шаршауына алып келген, бірнеше рет қайталанған фибрилляция эпизодтары; 
 - жүрек ауруларының соңғы ауыр сатысы; 
 - миокардтың эндотоксиндермен жəне дəрілерді мөлшерден тыс қабылдауына байланысты тежелуі (бета-блокаторлар, кальций антагонистері, үш циклды антидепрессанттар, жүрек гликозидтері); 
 - жүрекше тромбозы, жүрек ісігі.
  
 Екіншілік ЭМД – миокардтың қозу жəне тартылу процесстерінің бұзылуына тікелей байланысты болмайтын, жүрек лықсытуының күрт төмендеуі. 
 Екіншілік ЭМД себептері: 
 - перикард тампонадасы; 
 - өкпе артериясының тромбоэмболиясы; 
 - кернелген пневмоторакс; 
 - айқын гиповолемия; 
 - протез қойылған жүрек қақпақшасының тромбымен окклюзиясы.
  
 ЭМД себебі болуы мүмкін: 
 - синусты брадикардия; 
 - атриовентрикулярлы блокада; 
 - баяу идиовентрикулярлы ырғақ.
  
 ЭМД аралас түрі: 
 Токсико-метаболизмдік процесстердің үдеуінен байқалады: 
 - ауыр эндотоксемияларда; 
 - гипогликемияларда; 
 - гипо- и гиперкальциемияларда; 
 - айқын метаболизмдік ацидозда.
  
 Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 525 | Нарушение авторских прав 
   1 | 2 |
 
  
 |