АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

И.М.Сеченов пен И.П.Павлов ми рефлекстері туралы. 2 страница

Прочитайте:
  1. DRAGON AGE: THE CALLING 1 страница
  2. DRAGON AGE: THE CALLING 10 страница
  3. DRAGON AGE: THE CALLING 11 страница
  4. DRAGON AGE: THE CALLING 12 страница
  5. DRAGON AGE: THE CALLING 13 страница
  6. DRAGON AGE: THE CALLING 14 страница
  7. DRAGON AGE: THE CALLING 15 страница
  8. DRAGON AGE: THE CALLING 16 страница
  9. DRAGON AGE: THE CALLING 17 страница
  10. DRAGON AGE: THE CALLING 18 страница

Ми қыртысының қозу элементтерін анализдеуден соң оларды комплекске біріктіру қабілеті синтездеу деп аталады. Мұнда шартты тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен бекіту арқасында тиісті қозу ошақтары арасындағы байланыс нығаяда, ал осының нәтижесінде шартты (көбінесе бекітілетін тітіркендіргішке теңбе-тең) рефлекс түзіледі.

Анализдеу мен синтездеу – ми қыртысының өзара байланысты функциясы. Олар ассимиляция мен диссимиляция секілді бірін-бірі толықтырады және бір процестің тоқталуы екінші процестің тоқталуына себепші болады. Демек, шартты рефлекстің, яғни бейімделу әсерінің қалыптасуы бұзылады.

Ми қыртысының аналититикалық-синтездік қызметінің неғұрлым күрделі формасы динамикалық стереотипті қалыптастыру және оның сигналдық әрекеті болып табылады.

Динамикалық стереотип. Организмге сыртқы ортадан бір мезгілде және бірінен соң бірі әсер ететін жағымды және жағымсыз тітіркендіргіштер жүйесінің дәл қайталанып отыруы стереотиптілік деп аталады. Мұндағы жүйелілік әрқайсысы белгілі шамадағы шартты рефлексті туғызатын тітіркендіргіштерге беркелкі, берік орныққан, байсалды әсерлер мен жағдайлар жүйесі арқылы жауап қайтарады.

Сыртқы орта құбылыстарының мұндай жүйелілігі (тәртібі) ми қыртысының қызметінде динамикалық стереотип, яғни біртұтас функция атқаратын комплекс түрінде сақталады, мұнда бір тітіркендіргіштің әсер етуі әр түрлі дәрежеде қайталанып отыратын жағдай мен басқа да стимулдардың бірізділігіне байланысты.

Егер әдетке айналған тітіркендіргіштер жүйесінің орнына бір ғана тітіркендіргішпен әсер етсе, одан стереотипте алмастырылған тітіркендіргішке тән нәтиже алынады. Демек, ми қыртысы қабылданған барлық импульстерді анализдеп және жауап әсерлерін синтездей отырып, организмнің аса күрделі біртұтас динамикалық жүйесі ретінде жұмыс істейді.

Стереотип қалыптастыру – ми қыртысының мейлінше күрделі синтездеуші қызметіне мысал. Бұл бүкіл нерв системасының неғұрлым қиын жұмысы. Орныққан стереотипті сақтау – ми қызметінің едәуір жеңіл формасы. Ми қыртысының динамикалық стереотипімен байланысқан шартты рефлекстердің жақсы пысықталған жүйесі болып табылатын әдеттер мен дағдылар, жұмысты ойланбастан және түсінбей істеу баршаға мәлім. Динамикалық стереотипті қалыптастырудың жас ерекшеліктері аңықталған. Мәселен, балалар мен жасөспірімдерде стереотипті түрде өтетін дағдырлар тезірек қалыптасады, ал қалыптасқандарының орнықтылығы шамалы болады және оңай өзгертіледі, жас ұлғайтын кезде керісінше болады.

Жоғары дәрежелі нерв қызметінің әлсіз типінде және нерв процестерінің қимылдылығы шамалы жағдайда адамның динамикалық стереотипін қайта өзгерту невроздың шығуына себепші болуы мүмкін.

Балаларды және жалпы алғанда адамдарды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі бүкіл жұмыс ми қыртысының қызметін байытатын және жетілдіретін жаңа динамикалық стереотипті, жаңа әдеттерді қалыптастыруға бағытталады.Пайдаланылатын тәсілдер мен методика неғұрлым аз қолданылатын болса, ескі стереотипті жойып, жаңа стереотипті қалыптастыру соғұрлым жеңіл өтеді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларымен жұмыс жүргізуде баланың активтілігі мен саналылығын ескеру қажет. Егер оқушы ұқыпты, тәртіпті, дені сау болуға тырысса, жаңа стереотипті қалыптастыру ойдағыдай өтеді.

Бірінші және екінші сигналдық системалар. Олардың сыртқы дүниені танып білудегі маңызы.

Сигналдық системалар. И.П.Павлов адамның жоғары дәрежелі нерв қызметін жануар мен адам үшін ортақ қасиет болып табылатын болмыстың бірінші сигналдық системасын құрайтын сыртқы дүниенің тікелей сигналдарына анализ және синтез жасауды мінез-құлық ретінде қарастырды. Бұл жайында ол былай деп жазды: «Жануарлар үшін болмыс түгел дерлік тітіркендіргіштер арқылы және тікелей организмнің көру, есту және басқа рецепторларының арнаулы клеткаларына келетін олардың үлкен ми сыңарларындағы іздері арқылы сигнал береді. Бұл сөзді, еститін және көретін нәрселерді есептемегенде жалпы табиғи, сондай-ақ біздің әлеуметтік қоршаған сыртқы ортадан алатын әсер, түйсік және түсініктеріміз деуге болады. Бұл – болмыстың бірінші сигналдық системасы, ол біз бен жануарларда бірдей».Еңбек әрекетінің, қоғамдық және семьялық қатынастардың нәтижесінде адамда сөз сигналдарын қабылдау, айтылатын (өзі айтатын, айналадағылар айтатын), көрінетін (жазылған, басылған) сөздердің маңызын түсіну ым-ишараны түсіну сияқты мидың жаңа қызметі – екінші сигналдық система дамыды. Ол үлкен ми сыңарларының жұмысына жаңа принцип (ми қыртысының қыртыс астындағы түзінділерімен өзара байланысы) енгізгендіктен, адамның жоғары дәрежелі нерв қызметін төтенше кеңейтіп, сана жағынан өзгертті. Бұл жайында И.П.Павлов былай деп жазды: «Егер біздің қоршаған дүниеге жататын түйсіктеріміз бен түсініктеріміз біз үшін болмыстың бірінші сигналдары, нақты сигналдар болса, сөз, ең алдымен сөйлеу мүшелерінен ми қыртысына келетін кинестезиялық тітіркендіру – екінші сигналдар, сигналдардың сигналы болып табылады. Олар болмыстан назарды аудару болып табылады және қорытынды жасауға мүмкіндік береді, мұның өзі… адамның қоршаған дүниеде әрі өзін-өзі жоғары дәрежеде бағдарлау қаруы – ғылымды құрайды». Сонымен, адам рецепторлар арқылы қабылдайтын сезімнің бәрін сөзбен бейнелейді. Сөз «сигналдардың сигналы» ретінде болмыстың нақты заттары мен құбылыстарынан назарды аударуға мүмкіндік береді.

Екінші сигналдық система адамның қоршаған әлеуметтік ортамен күрделі өзара қарым-қатынасын білдіре отырып, адамдардың қоғамдық өмірімен тығыз байланысты. Мұнда сөз сигналы, сөйлеу, тіл адамдардың коллективтік өндіріс процесіндегі қатынас құралы болып табылады және олар еңбек әрекеті процесінде ғана дамиды. Демек, екінші сигналдық система әлеуметтік тұрғыдан алғанда себепті болып табылады, яғни қоғамдық еңбек әрекетінің заңды табиғи процесі ретінде пайда болып, дамиды.

Адамдармен қатынас жасамайынша екінші сигналдық системаның дамымайтыны әдеби деректерден мәлім. Мәселен, жабайы жануарлар алып кетіп, аңдардың апанында тіршілік еткен балалар адам сөзін түсінбеген, сөйлей алмаған және сөйлеуді үйрену қабілетінен айрылған. Сол сияқты, саңырау болып туған балалар әдеттегі балалар секілді дыбыс шығарады, бірақ шығаратын сигналдарын есту анализаторлары арқылы бекітпегендіктен және айналадағылардың дауысына еліктеу мүмкіндігі болмағандықтан, олар мақау болып қалған. Сондай-ақ адамдармен қатынаста болмайтындай, ондаған жылдарға оқшауланған жас адамдар сөйлеу тілін ұмытады. Бұл фактілердің бәрі екінші сигналдық системаның дамуы әлеуметтік ортаға тәуелді екенін, оның бірінші сигналдық системамен өзара байланысын көрсетеді.

Сигналдық системалар мен қыртыс асты түзінділердің өзара байланысы.

Адам міңез-құлқының кез келген актісінен нейронаралық байланыстың үш тобын ашып көрсетуге болады: 1) шартсыз рефлекторлық байланыс; 2) бірінші сигналдық системаның уақытша байланыстары; 3) екінші сигналдық системаның уақытша байланыстары.

Адам мінез-құлқының физиологиялық механизмі екі сигналдық системаның үлкен ми сыңарларының қыртыс асты түзінділерімен өзара әсер етуінің нәтижесі болып табылатынын анализ көрсетті. И.П.Павлов «екінші сигналдық системаны бірінші сигналдық системадан басым болатын «адам міңез-құлқының ең жоғары реттеушісі» деп есептейді, алайда бірінші сигналдық система да белгілі дәрежеде екінші сигналдық системаның қызметін тексерін отырады.

Бірінші және екінші сигналдық системаның фуекциялық қызметі парктикада тексерілді. Мәселен, егер шартты рефлекторлық әсерлер сыртқы жағдайларға сай келмесе, бұл оның қайта құрылуына себепші болады: уақытша байланыстар өзгереді, белгілі бір шартты рефлекстер тежеледі. Мұнда әсіресе екінші сигналдық системаның қызметін «практикада тексеру» қажет болады, өйтпейінше «сөзді іспен нығайту» формуласы негізсіз болып шығады.

Екі сигналдық системаның өзара әсері, үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі тұтастай алғанда қыртыс асты орталықтарының қызметімен күрделі қатынаста болады. Бұл адамның өз бойындағы шартсыз рефлекстерді еркіне бағындыруына, организмнің инстинкттік көріністерінің едәуір бөлігі мен эмоцияны тежей білуіне мүмкіндік береді. Ол қорғаныш (тіпті ауыртатын тітіркендіргіштерге жауап ретіндегі рефлекстерді), тамақ және жыныс рефлекстерін саналы түрде тежей алады. Сонымен қоса, қыртыс асты түзінділері мен ми діңінің ядролары, әсіресе ретикулярлық формация ми қыртысының тонусын қалыпты жағдайда сақтап тұратын импульстердің көзі (генераторы) болып табылады.

Ми қыртысы мен қыртыс асты түзінділердің арақатынасы жөніндегі жаңсақ түсініктер кейбір ғалымдарды негізінен қате қорытынды жасауға мәжбүр етті. Мәселен, олардың кейбіреулері типті қыртыс асты түзінділерімен салыстырғанда ми қыртысы адамның психикалық әрекетінде екінші дәрежелі роль атқарады деп тұжырымдайды.

Ғалымдардың көпшілігі сана мен ойлауды үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі деп есептейді, бұл қызмет қыртыс асты түзінділерімен және рецепторлық аппараттардың бүкіл жиынтығымен қалыпты өзара қарым-қатынас орнағанда ғана жүзеге асады. Мұнда организмнің сыртқы дүниемен адекватты өзара әсері қамтамасыз етіледі.

Адам мен қоршаған ортаның әсерін бағалауда материалистік және идеалистік көзқарас арасында шиеленіскен күрес жүрді. Ақиқатты анықтауда физиология маңызды роль атқарды.

Дәйекті материалистер адамның түйсігін объективтік дүниенің субъективтік бейнесі ретінде түсінеді. Шындық санадан тәуелсіз, объективті тіршілік етеді және тітіркенген тиісті рецепторлық аппараттан ми қыртысына жеткізілген информацияның арқасында ғана біздің санамызда бейнеленеді.

Нерв системасы типтерінің функциясына сиппатама

Нерв системасы типтерінің белгілері. Нерв системасының жеке қасиеттері организмнің шартты рефлекторлық қызметіне әсер етеді. Сондықтан жоғары дәрежелі нерв қызметінің сипаты едәуір дәрежеде индивидуумға тән қасиеттердің жиынтығымен анықталады.

Шартты рефлекстердің түзілу жылдамдығы, олардың беріктігі, ішкі және сыртқы тежелудің қарқыны, нерв процесінің жайылуы мен шоғырлануының тездігі, индукцияға қабілеттілігі және ауру туғызатын агенттерге төзімділік дәрежесі көбіне нерв системасының типіне байланысты болады.

Жануарлар мен адамның жоғары дәрежелі нерв қызметінің жеке ерекшеліктерінің комплексін зерттей келе, И.П.Павлов пен оның ізбасарлары жоғары дәрежелі нерв қызметінің негізгі үш белгісін анықтады:

1) қозу мен тежелу процестерінің күші – ми қыртысындағы нерв клеткаларының күшті және төтенше күшті тітіркендіргіштерге адекватты жауап қайтару қабілеті және оларға жауап ретінде қозуды немесе тежелуді күшейту;

2) қозу және тежелу процестерінің біркелкілігі, яғни олардың күші жөнінен тепе-теңдігі. Кейде бір организмдерде тежелуден қозу басым болса, басқа организмдерде – керісінше болады. Мұндай жағдайда бір организмдерде жағымды шартты рефлекстер айтарлықтай тез түзіледі, бірақ тітіркендіргіштерді (әсіресе нәзік) айыру қиын болады, ал екінші организмдерде осы тітіркендіргіштерге ми қыртысының жалпы тежелетіні байқалады;

3) қозу және тежелу процестерінің ширақтығы, яғни бір процесті (жағдайдың өзгеруіне байланысты) екінші процестің ауыстыру жылдамдығы.

Көрсетілген белгілердің негізінде И.П.Павлов жоғары дәрежелі нерв қызметінің адам мен жануарларда кездесетін жалпы типтерін және адамдарға ғана тән жеке типтерін бөлді.

Нерв қызметінің жалпы типтері. И.П.Павлов нерв қызметінің жалпы төрт типін бөліп көрсетті: 1) қиын тәрбиеленетін (үйретілетін) күшті, ұшқалақ тип (тежелуден қозу басым); 2) нерв процестері аса ширақ, күшті, байсалды тип. Жоғары дәрежелі нерв қызметінің мұндай типінде организмнің жағдайға тез көндігетіні, жаңа тітіркендіргіштерге активті әсер ететіні байқалады; 3) нерв процестерінің ширақтығы шамалы, жаңа тітіркендіргіштерге болар – болмас әсер жасайтын (барлық қызметінде сылбырлық бар) күшті, байсалды тип; 4) қозу мен тежелу нашар дамыған, әлсіз тип. Мұнда организм тез әлсірейді, қорқақтық пайда болады, әдеттен тыс тітіркендіргіштер әсер еткенде жұмыс қабілетінен айырылады, тез арада тежелу күйіне өтеді.

Нерв системасының әр түрлі типтеріне жататын жануарлар сыртқы ортаны өзінше қабылдап, оған бейімделеді. Оларды үйрету де түрліше болады, олардың ауру тудырғыштарға төзімділігі де әр түрлі. Мысалы, екінші типте гнерв системасының бұзылуы сирек байқалады, ал бірінші және төртінші типте қалыптасқан шартты рефректорлық қызмет тезірек бұзылады. Сонымен қатар, жоғары дәрежелі нерв қызметінің төртінші типіне жататын жануарлар невроздық күйден қиындықпен арылады, яғни едәуір ұзақ ауырады.

И. П. Павловтың пікірінше, тәжірибеде таза күйінде анықталатын, жоғары дәрежелі нерв қызметінің келтіретін төрт типі адам темпераментінің кезінде Гипокрақа белгілі болған төрт түріне сай келеді. Мәселен, бірінші тип холериктік темпераментке, екінші тип – сангвиникалық темпераментке, үшінші тип – флегматикалық темпераментке, ал төртінші тип – меланхоликтік темпераментке сай келеді. Алайда, нерв системасының типі мен темпераменті арасында ұқсастық жоқ, өйткені «темперамент» ұғымына нерв системасының атқаратын қызмет ерекшеліктерінен басқа, адамның орны мен тіршілік жағдайларын бағалау, тарихи дәуірді және практикалық қоғамдық-еңбек әрекетін сипаттау да жатады.

Жоғары дәрежелі нерв қызметінің типі организмнің сыртқы ортамен өзара қарым – қатынасынан ғана емес, сондай-ақ ішкі мүшелер қызметінің сипатынан да білінеді.

Жоғары дәрежелі нерв қызметінің жеке типтері. И. П. Павлов адамның туа біткен қабілеттіліктерін ескере отырып, нерв системасының функциясына анализ жасау арқылы нерв системасының үш типін бөліп көрсетті: көркем, ойшыл және тыныш тип. Бірақ бұл салада барлық нәрсе толық айқын емес: кейбір мәселелер ақырына дейін ашылмаған бұл типтерді анықтау үшін адекватты эксперименттік әдістер мен тестер жоқ, көп нәрсе тек сипаттаумен шектелген.

Нерв системасының көркем типінде бірінші сигналдық системаның жұмысы ширақ болады.

Мектеп оқушыларының организмінде өтпелі кезеңнің бірінші фазасында (11-13, 14 жаста) терең өзгерістер болады. Ішкі секреция бездерінің, атап айтқанда, жыныс бездерінің қызметі күшейіп, қосымша жыныстық белгілер пайда болады. Бұл кезеңде ми қыртысының функциялық активтілігінің айтарлықтай әлсірейтіні байқалады: оқушының сөзі мен сұрақтарға қайтаратын жауабы баяулап, сөздер қоры азаяды. Сөз сигналдарына (есте сақтау) шартты байланыстар түзілу процесі қиындағанда, көру, есту және басқа тітіркендіргіштерге шартты рефлекстер түзілу жылдамдығы артатыны аңықталған. Жасөспірімге оның физиологиялық ерекшеліктеріне қайшы келетін-талаптар қойылады. Одан тартымды, айқын сөйлеу, тез, логикалық ойлану, көлемді оқу материалын есте сақтау, яғни осы жастағы балалар үшін ерекше қиын болатын нәрселер талап етіледі.

Жыныстық жетілу кезеңінде ішкі мүшелер қауырт, әр келкі өседі. Вегетативтік нерв системасының күйіне эндокриндік бездер ерекше күшті әсер етеді, ол қозудың артуынан, ашуланшақ, өкпелегіш болудан байқалады: бас ауруы пайда болады, бас айналады, ұйқы қашады және т.с.с. Мұның бәрі нашар тамақтануға және мидың оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілмеуіне байланысты болады. Бұл кезең әсіресе қыз балаларда ауыр өтеді. Соңдықтан бұл кезеңдегі ақыл-ой және дене еңбегі үстінде жасөспірімдер оңай әрі тез қажиды.

Өтпелі кезеңнің екінші фазасы (13-14-17 жас) бұдан да қауырт өтеді. Жасөспірімдердің бойы тез өседі, дене салмағы артады, организмнің төзімділігі кемін, ауруға шалдыққыш болады. Жасөспірімдердің деңесі дөрекіленіп, икемсіз келеді, қимылы ебдейсіз болады. Жоғары дәрежелі нерв қызметінде тежелуден жалпы қозу басым болады, тітіркендіргіштерді жіктеу қабілеттілігі кемиді. Мидың қызметі барған сайын төмендеп, қанмен жабдықтаудың одан әрі нашарлауы есебінен нерв системасы тез қажиды.

Алайда өтпелі кезеңнің соңына қарай ғана ми қыртысының функциялық қызметі айтарлықтай артып, қыртыс пен қыртыс асты бөлімдері арасында өзара қарым-қатынас орнайды. Ми қыртысы қызметінің бұзылуы жасөспірімдердің бәрінде бірдей байқала бермейтіндіктен, М.М. Кольцова олардың дамуында семья мен мектепте нервтік-психикалық жарақат алу үлкен роль атқарады деп есептейді. Мұндай жастар жасөспірімдер арасында, ересектердің мектеп оқушыларының осы дамуы кезеңіне тән ерекшеліктерін білмеуі және оларды жете бағаламауы нәтижесінде педагогтар мен ата-аналар арасында жанжалдар жиі болып тұрады.

Педагогтар мен ата-аналар жасөспірімдердің бұл кезеңін жақсы білуі, оларға ұстамдылық, шыдамдылық және ілтипат көрсетуі тиіс. Оқу процесінің режимін дұрыс ойластыру, тыныштық жағдай туғызу, айналадағылардың тілектес қарым-қатынас жасауы өтпелі кезеңде жасөспірімдер нерв системасы қызметінің бұзылуына және тіпті ауруға шалдығуына жол бермейді.

Дене шынықтыру сабақтары организмнің функциясын қалыпқа түсірудің ең тиімді құралы болып табылатыны дәлелденген. Алайда дене еңбегінің шамасына үнемі дәрігерлік тексеру жүргізілін отыруы тиіс өйткені қажу жасөспірімге зияң келтіруі мүмкін. Мәселен, шет елдерде мектептерде дәстүрлі гимнастиканың орнына күн сайын жүргізілетін арнайы ырғақты гимнастика еңгізілген, ол қимыл системасының нервтік-психикалық күйі мен дамуына жағымды әсер етеді.

Жоғары дәрежелі нерв қызметінің икемділігі. Жоғары дәрежелі нерв қызметінің типі және әрбір адамның жалпы мінез-құлқы тұқым қуалай берілген (генотип) іштен болған (фенотип) белгілердің «қорытпасы» болып табылады. Жоғары дәрежелі нерв қызметінің типі өмір бойы өзгерумен болады. Жоғары дәрежелі нерв қызметі типтерінің өзгеруіне бейімділік нерв системасының икемділігі деп аталған. Икемділік – динамикалық процесс.

Мектеп оқушысының мінез-құлқы нерв системасының тума физиологиялық қасиеттеріне ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік жағдайларға да байланысты. Кез келген жастағы оқушының жоғары дәрежелі нерв қызметінің типі мен мінезін анықтауға әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды ескеру керек, себебі семья мен қоғамдық ортадағы қарым-қатынастар оған өз таңбасын түсіріп, типті бүркемелейді.

Жоғары дәрежелі нерв қызметі типтерінің икемділігін И.П.Павлов адам мінезін тәрбиелеудің, жаттықтырудың және өзгертудің «аса маңызды педагогикалық фактісі» деп есептеді. Организм неғұрлым жас болса, айналадағы құбылыстардың оған соғұрлым күштірек әсер ететінін ескерсек, жоғары дәрежелі нерв қызметін қалыптастыру бала туған күннен басталып, мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы және мектептен кейінгі кезеңде жалғастырылуы тиіс.

Бала мен ересек адамның жоғары дәрежелі нерв қызметінің типі оның ауырып тұруы, психикалық күйзелісі және басқа факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Мұндай жағдайларда жеке және қоғамдық ықпал ету, яғни «мінезді шынықтыра» түсу шаралары арқылы типті «түзетуге» және қайта тәрбиелеуге болады.

Үлкен ми сыңарлары қыртысы және қимыл

дағдыларының пайда болуы

Үлкен ми сыңарлары қыртысының әр түрлі орталықтары арасында уақытша байланыстың түзілуі және нығаюы балалардың қимыл дағдыларының негізі болатынын физиологтар анықтаған. Дене тәрбиесінің мұғалімдері мен спорт секцияларының жаттықтырушылары мұны қимылды автоматты түрге дейін жетілдіру деп аталады.

Адам қимыл және басқа дағдыларға туған кезден бастап ие болып, оларды қартайғанша жетілдіреді. Мұнда тиісті анализаторлардың афферентті және эфферентті нейрондары арасында нейрон аралық уақытша байланыстар қалыптасады.

3-4 айлық сәбидің ойыншыққа қалай ұмтылатының еске түсірейік. Ол мүлт кететін қаншама төселмеген қимылдар жасайды десеңізші. Оның барлық сәтсіздіктерінің себебі – көрініп тұрған нәрсеге мақсатты бағытталған әрекетінің болмауы, өйткені ми қыртысының қимыл және көру аймағындағы орталықтар арасында әлі байланыс орнамаған. Міне, енді ол ойыншықты 2 – 3 рет қарап, қолына ұстап көрді, оның қандай дыбыс шығаратынын естіді, келесі жолы оны тез-ақ батыл ұстайды. Демек, оның ми қыртысында әлдебір байланыстар бірте-бірте нығайып, тұрақты байланыстарға айналады, белгілі әрекет автоматизмі – керекті және тиімді қимыл стереотипі пайда болады, ал тиімсіз қимылдардың бәрі бекітілмейтіндіктен, жойылып кетеді.

Алайда әрбір еркін қимыл басталмас бұрын әрқашан «қажетті қимылды жасауда ми қыртысы клеткаларының эфферентті импульстер келетін комплексі шартты рефлекторлы жолмен қозады». Мұндай клеткалар комплексін П.К.Анохин әрекет акцепторы (қабылдағышы) деп атады.

Әрекет акцепторы клеткаларының шартты рефлекторлы жолмен қозуын қимылдың болашақ нәтижесін физиологиялық (адамда бұған қоса моральдық) тұрғыдан алдын ала сезу ретінде қарастыру керек. Қимыл жасау қол жеткен нәтиже үшін қуанышты эмоция, алынған «жақсы» немесе «өте жақсы» баға үшін қанағаттанғандық сезімін туғызып, қимыл дағдыларын одан әрі жетілдірудің негізін құрайды.


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 3072 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.008 сек.)