АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

И.М.Сеченов пен И.П.Павлов ми рефлекстері туралы. 6 страница

Прочитайте:
  1. DRAGON AGE: THE CALLING 1 страница
  2. DRAGON AGE: THE CALLING 10 страница
  3. DRAGON AGE: THE CALLING 11 страница
  4. DRAGON AGE: THE CALLING 12 страница
  5. DRAGON AGE: THE CALLING 13 страница
  6. DRAGON AGE: THE CALLING 14 страница
  7. DRAGON AGE: THE CALLING 15 страница
  8. DRAGON AGE: THE CALLING 16 страница
  9. DRAGON AGE: THE CALLING 17 страница
  10. DRAGON AGE: THE CALLING 18 страница

1.Оқу жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар.

2.Оқу партасы мен орындықтарын дұрыс таңдау және оны дұрыс орналастыру.

3.Оқулықтар, қалам, қарандаш, көрнекі қралдар гигиенасы.

Мектеп жабдығына жиһаз (столдар, парталар т.б.), дене шынықтыру құралдары, вестактар және оқу мастерскойларының станоктары, ауыл шаруашылық инвентары, оқулықтар, көрнекі құралдар, мектеп-жазу жабдықтары жатады. Мектептің оқу үйлері мен басқа да үйлерін жабдықтау педагогикалық, гигиеналық және өндірісті техникалық талаптарға сай болуы тиіс. Мектеп жабдықтары оқушыларының бойы мен жасерекшеліктеріне сай болуы, оқушылардың денесінің дұрыс дамуын, олардың қалыпты жұмыс қабілетін сақтауды және оқушылардың партада дұрыс отыруын қамтамасыз ететіндей болуы керек. Жабдықтар балар жарақаттанып қалмайтындай қауіпсіз болуы, шеттері үшкір және өткір болмауы керек, ықшамды, тез тазартылатын болуы қажет. Жабдықтың әрбір түрі сырт көрінісі, құрылысы мен бояуы жағынан мүмкіндігінше көркем жасалған болуы тиіс. Мұндай эстетикалық талаптың балалардың жүйке жүйесі үшін белгілі маңызы бар және көңілдің сергек болуына көмектеседі.

Оқу партасы - сыныптағы жабдықтың негізгі түрі. Оған қойылатын негізгі талап – оқушының бойына және денесінің пропорциясына сәйкес келуі. Ол оқушы орын алғанда немесе тұрып кеткенде көршілеріне кедергі жасамйтындай, жауап бергенде ол үшін парталар аралық жолға шықпай-ақ, орнына емін-еркін тұра алатындай қолайлы және артық күш жұмсатпайтындай болуы тиіс. Мектеп оқушыларының дұрыс отыруы, олардың сымбатының бұзылмауы, омыртқа жотасының қисаймауы, сондай-ақ оқушылардың қалыпты көруі бұзылмауы парта құрылысының дұрыс жасалуына және оның элементтерінің оқушылардың дене пропорцияларына, бойына сәйкес келуіне байланысты. Парта өзінің құрылысы жағынан берікте орнықты болуы және сыныпты жинастырғанда оңай жылжитын болуы қажет. Парталар мен орындықтарының сыртқы беті жақсы өңделген, жылу өткізгіштігі төмен, аса берік материалдардан жасалуы керек. Парталар қылқан жапырақты ағаштардан, қандыағаш, қайың, буктан, арнаулы синтетикалық материалдардан, парта бір орынды немесе екі орынды етіп жасалады жасалынады. Оны тазалау үшін қолданылатын құралдарға төзімді болу керек. Оқу жиһазына қойылатын гигиеналық талаптар конструкциясын алғаш рет Э. Э. Эрисман жасаған.

Мектеп оқушыларының партада, оқушылар столына дұрыс отыруға үйретудің ерекше маңызы бар. Мектеп оқушысы басын алға қарай болар-болмас қана еңкейтіп, тік отырса, көзінен кітапқа немесе дәптерге дейінгі аралық 35 см-дей болса, дұрыс отырған болып саналады. Бұл жағдайда оқушының белі міндетті түрде қосымша сүйенішке тиіп тұруы керек. Оқушының көкірегі мен парта шетінің арасында алақанның еніндей қашықтық қалуы керек. Иықтарды стол қақпағының шетіне параллель етіп ұстаған жөн: шынтақтың екеуі де партаның қақпағында жатуы тиіс. Оқушының аяқтары тік бұрыш жасай немесе біраз доғалдау бұрыш (110-1000) жасай бүгіліп, табандары еденге немесе партаның баспалдығына түгел тиіп отыруы тиіс. Бұлайша отыру ең ыңғайлы, ең аз шаршататын отырыс болып саналады; ол оқушының оқу материалын көзбен дұрыс қабылдауын қамтамасыз етеді, сондай-ақ омыртқаның қисаю мүмкіндігін болдырмау. Парталар (оқушылар столы, орындықтар) дұрыс жасалғанда және мектеп оқушыларының бойына сәйкес таңдап алынғанда ғана мектеп оқушысы дұрыс отыра алады. Мектеп оқушыларының дұрыс отыруының бұзылуы ұзаққа созылған, оның үстіне бір сарынды оқу жұмыстарын орындаудың нәтижесінде шаршаған кезде болады. Талығуды жою үшін немесе жұмыс қабілеттілігін ішінара қалпына келтіру үшін жұмыстың түрін өзгерту немесе дене шынықтыру үзілісін өткізу жеткілікті.

Мектеп мұғалімінің міндеті – сабақ уақытында мектеп оқушыларының дұрыс отыруын қатаң қадағалау.

Сынып тақтасы – оқу бөлмелері жабдықтарының ажырамас бір бөлігі. Сынып тақтасына қойылатын гигиеанлық талаптар ең алдымен көздің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сынып тақтасының беті тегіс, жарық шағылыспайтындай күңгурт түсті (қара, қоңыр) болу тиіс. Тақтаға жазылған жазулар оқушылар оңай көрінетіндей болуы крек. Оған жазуға ыңғайлы және класс ауасы бор тозаңымен ластанбайтындай немесе бор тозаңы өте аз шығатындай болу қажет. Сынып тақтасы қабырғаға қағылатын және жылжымалы болады. Ол сыныптың алдыңғы қабырғасының ортасына орналастыру қажет. Сынып тақтасының астыңғы жиегіне науасы бар кішкентай жиек жасалынады және бор мен губканы салып қоюға арналады. Сынып тақтасының төменгі жиегінің еденнен есептегендегі деңгейі мектеп оқушыларының бойына сәйкес болуы және тақтадағы жазуды бүкіл сыныптың көруін қамтамасыз етуі тиіс; 1-4 сыныптарда тақта еденнен 85 см биітікке, ал 5 және одан жоғарғы сыныптарда 95 см биіктікте орнатылады. Мектеп дене шынықтыру, лабораториялар, шеберхана жабдықтары мектеп жасындағы балалар организмінің анатомиялық-физиологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес келуге және ол жабдықты пайдаланған кезде мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Мектеп оқулықтарына қойылатын гигиеналық талаптар олардағы текс пен суреттерді көзбен көріп қабылдау процесін жеңілдетеді, сол арқылы кітапты немесе оқулықты оқыған кездегі көру анализаторының қызметін жеңілдетуді мақсат етеді. Нашар қағазға, атап айтқанда, жұқа жылтыр қағазға, ұсақ шрифтермен немесе анық емес етіп басылған оқулықтардан балалар мен жасөспірімдер тез шаршайды, ол көз ішілік қысымның артуына, көрудің нашарлауына және бас ауруына себепкер болады. Ұқыпсыз қапталған кітаптар оңай тозады және пайдалану басында тез кірлейді. Мектеп дәптері ақ, тығыз, тегіс, жарық өткізбейтін және ұқыпты түрде желімденген, сия жайылып кетпейтін жылтыр емес қағаздан жасалуға тиіс. Қалам және қарандаш ұзындығы, диаметрі және салмағы мектеп оқушылардың сүйек-ет системасның жас ерекшеліктеріне сай болуы керек. Мектеп дәрігерлері мен санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың дәрігерлері мектептегі жазу-сызуға керекті құралдарын және оқулықтарының санитарлық-гигиеналық күйін қадағалау қажет.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

Дәріс 14.

Дәріс тақырыбы: Күн тәртібінің гигиенасы. Жеке бас гигиенасы.

Дәріс мақсаты: Күн тәртібі, оны дұрыс ұйымдастыру, құруды, жеке бас гигиенасын қалыптастыруды қарастыру.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:

1.Күн тәртібі.

2.Дене күтімі.

3.Киім мен аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар.

Балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс жұмыстарының түрлі жақтарын: сабақ әзірлеуді, әдеттегі оқу күндері, демалыс күні және күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы каникулдар кезіндегі демалысты қамтиды. Балалар мен жасөспірімдердің бүкіл тұрмысы олардың денсаулығының қорғалуы және нығайтылуы, әрі қалыпты дамуы толық қамтамасыз етілетіндей болып ұйымдастырылуы тиіс. Оқкшылардың тұрмысы мен демалысын ұйымдастырған кезде гигиеналық талаптарды орындамау олардың денсаулығы мен сабақ үлгеріміне қолайсыз әсер етеді. Балалар мен жасөспірімдердің жанұядағы күн режимі мектеп режимімен табиғи байланыста болуы тиіс. Жанұяда тиімді гигиеналық режимінің болмауы мектпе режиміне де теріс әсерін тигізеді. Осыған байланысты мұғалімдер оқушылардың жанұядағы режимін жақсы біліп, оны дұрыс құруға көмегін тигізіп отырылулары тиіс. Ата-аналар мекте режимін білукерек. Балалар жанұядағы режимі ең алдымен мектептегі сабақтан кейін дем алуды белгілеуі тиіс, ал бұл демалыс олардың тек күш-қуатын қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ғана емес, сондай-ақ берілген сабақтарды ойдағыдай әзірлеуге мүмкіндік беру үшін де қажет. Бұл режим баланың белгілі бір сабақтан тыс іспен (көркем әдебиет, ғыылми әдебиет оқу, сурет салу) айналысу арқылы өзін-өзі дамытуына, сондай-ақ үй шаруашылығы мен өзіне-өзі қызмет көсету жөніндегі кейбір жұмыстарды орындауына көмектесу керек. Күн режимі таңертеңгі жуынып-киіну, таңертеңгілік гигиеналық гимнастика, таңертең үйден тамақ ішу, мектепке дер кезінде жету үшін жеткілікті уақыт болу керек. Мектептен үйге келісімен міндетті түрде жуынуы және тамақтануы тиіс. Түскі тамақтан кейін дем алуы керек, өйткені бұл кезде асқорыту процесі жүреді.Әсіресе бастауыш сынып оқушылары түскі тамақтан кейін ұйықтап алған немесе жарты сағат не бір сағат жатып тұрғаны жөн, ал дене жағынан әлсіреген, қаны аз немесе жуық арада қатты ауырып тұрған балалар үшін ол міндетті болып саналады. Түскі тамақтан кейінгі демалыс баланың өз қалауы бойынша бір нәрсемен айналыскы болуы мүмкін. Ең жақсысы таза ауада серуендеу. Түскі тамақтан кейінгі демалыс аяқталысымен үйге берілген сабақтарды әзірлеу уақыты басталады. Сабақ әзірлеп болған соң, оқушы түстен кейінгі тамақ: күлше нан мен шай немесе басқа бір жеңіл тамақ ішеді. Сабақтарды әзірлеп болып, түстен кейінгі тамақты ішкен соң, тағы да дем алу – оқушы өз қалауынша пайдаланатын бос уақыт қажет. Тұрғын үй гигиенасына қамқорлық жасау – балалар мен жасөспірімдердің жанұядағы режимін ұйымдастырудың міндетті шарттарының бірі. Бала тұратын бөлме күніне бірнеше рет желдетілуі тиіс. Үйді шаңдатпай ұстау керек, онда шаң оңай жиналатын басы артық заттар мен басы артық әшекейлер болмауға тиіс. Бөлмені дымқыл нәрсемен тазартқан жөн. Ата-аналар мектеппен бірлесе отырып, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға қамқорлық жасауы, олардың таза ауада қимыл жасайтын ойындармен және спорт ойындарымен айналысуын қамтамасыз етуі тиіс. Тұрғын үйдің немесе топ үйлердің қасында тек балалар алаңы ғана болып қоймай, қысқы уақытта мұз айдыны, қар төбешіктері және т.б. жасалғаны жөн.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. 1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

2. 2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.

3. 3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4. 3.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. 4. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. 5. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7. 6.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. 7. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,

9. Дәріс 15.

Дәріс тақырыбы: Кәсіптік оқыту мен еңбек гигиенасы.

Дәріс мақсаты: Кәсіптік оқыту және мектепте еңбек сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптарды қарастыру.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:

1.Еңбек сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптар.

2.Еңбек сабағы жүргізілетін бөлменің жарықталуы, желдету, жылытуы, құрал жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар.

3.Оқушылардың еңбек әрекетін ұйымдастыру.

4.Мектеп жанындағы оқу-тәжірибелі үлескесінде жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.

Кәсіптік оқу оқуды өмірімен жақындастырады, мектеп оқушыларының оқу материалын меңгеруін жеңілдетеді. Кәсіптік оқу мектеп оқушыларының дене еңбегіне қатысуымен тығыз байланысты. Дене еңбегінің орасан зор гигиеналық маңызы бар, егер ол дұрыс ұйымдасса және қарқындылығы мен ұзақтығы жағынан балалар мен жасөспірімдердің күшіне және мүмкіндіктеріне сәйкес келсе, онда мектеп оқушыларының денсаулығын нығайтып, оларды еңбекті құрметтейтін және сүйенетін саналы да тәртіпті азамат етіп тәрбиелейді, оларға өзіне өзі қызмет көрсету дағдысын сіңіреді. Мектептің төменгі сыныптарынң өзінде-ақ қол еңбегі сабақтары өткізіледі. Орта мектептің орталау және жоғарғы сыныптарда кәсіптік оқуда дене еңбегінің ролі айтарлықтай артады. Еңбек оқушылары жүйке жүйесінің күйіне игі әсерін тигізеді, бұрыннан бар шартты рефлекторлық байланыстардың жетілуіне және жаңа байланыстардың орнауына әсер етеді, қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін дамытады, тыныс алу, қан айналысы мүшелерінің қызметін арттырады, зат алмасуды айтарлықтай күшейтеді және мектеп оқушыларының жұмысқа қабілеттілігін жақсы сақтауға көмектеседі.

Мектептегі еңбек сабақтарын енгізу мынандай гигиеналық мәселелерді шешуді талап етеді: еңбек сабақтары өткізілетін орынының гигиеналық сипаттамасы, материалдарға, саймандарға қойылатын талаптар; еңбек сабақтарының гигиенасы, еңбек сабақтарындағы оқушылардың жеке басының гигиенасы және олардың еңбегін қорғау. Бастауыш сыныптатарда қол еңбегі сабақтары кәсіптік оқудағы алғашқы қадам болып саналады. Қол еңбегі сабақтары оқу жоспарындағы барлық пәндермен тығыз байланысты бола тұра, арифметика, өлшеу жайлы білімдерін практика жүзінде игеруге көмектеседі. Бұл теориялық және практикалық білімдердің белгілі бір бірлігін жасайды. Қол еңбегі сабақтарының барысында оқушылар заттардың шама, форма, көлем, салмақ және т.б. қасиеттері туралы бірқатар нақты түсініктер алады. Бұл оқу материалдарын игеруді жеңілдетеді, мұның гигиеналық тұрғыдан алғанда маңызы зор. Қол еңбегі сабақтары көлбеу қақпағы бар партада, сынып бөлмелерінде өткізіледі. Еңбек сабақтарын өткізу жағдайларына қойылатын гигиеналық талаптар сынып бөлмесіне қойылатын талаптармен ауданы, ауа температурасы, ылғалдылығы, жарықтың түсуі, вентиляция сәйкес келуі керек. Еңбек сабақтарында оқушылардың отыруын, станоктарда жұмыс жасауларын, құралдарды дұрыс қолданып отыр ма, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтап отыр ма екендерін мұғалім қадағалау қажет. V-VII сынып және жоғарғы сынып оқушыларының слесарлық және столярлық шеберханаларда өтілетін апта сайынғы екі сағаттық еңбек сабағы еңбек дағдыларын, тәртіптілікті қалыптастыруды, еңбекке деген ынтаны дамытуды көздейді, сөйтіп олар осы арқылы мектептегі оқуды өмір талаптарына жақындастырады. Еңбек сабақтарының гигиеналық жағынан нәтижелілігі бір қатар жағдайларға: оларды өткізу жағдайларына, оқушылардың жұмыс режиміне, сабақтарының құрылымына, оқушылардың ынтасына байланысты. Еңбек сабағының алғашқысында оқушыларды еңбек құралдарының жұмыс істеу ережелері, оларды дұрыс қолдану, жұмыс орындарын таза ұстаумен, қауіпсіздік техникалық ережелерімен таныстыру қажет.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

 

Практикалық сабақ №1.

Тақырыбы: Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні.

Мақсаты: Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің мақсат-міндеттерін, маңызын, балалар ағзасының жас кезеңдеріне байланысты өсу және даму заңдылықтарын қарастыру.

Сұрақтары:

1.Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні және басқа ғылымдармен байланысы.

2.Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары туралы түсінік. Акселерация.

Әдістемелік нұсқау: Оқулықтар мен ғылыми әдебиететрмен жұмыс жасау. Балалар органимзінің өсу және даму заңдылықтарын, антромометрлік өлшеу әдісі мен қолданылатын құрал жабдықтарды қарастыру. Берілген сұрақтарға жауап беру.

Қолданылатын әдебиеттер:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

Практикалық сабақ №2.

Тақырыбы: Жүйке жүйесінің физиологиясы.

Мақсаты: Жүйке жүйесінің құрылыс, қызметі, жүйе жүйесінің бөлімдері, физиологиясы туралы теориялық білімдерін кеңейту, тереңдету.

Сұрақтары:

1. Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі.

2.Жүйке жүйесінің қозу өткізу заңдары.

3.Рефлекс, оның түрлері.

4.Орталық жүйке жүйесінің бөлімдерінің функционалдық маңызы.

5.Вегетативті жүйке жүйесі.

Әдістемелік нұсқау: Оқулықтар мен ғылми әдебиетер және жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі берілген кестелермен, препараттармен жұмыс жасау. Жүйке жүйесінің құрылысын салу, сұрақтар бойынша жауап беру.

Қолданылатын әдебиеттер:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

9.Курепина Н.Н. Анатомия человека атлас. М., 1980

10.Коробкова, Чеснакова. Атлас по нормальной физиологии

Практикалық сабақ №3

Тақырыбы: Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесі.

Мақсаты: Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің қызметі, И. М. Сеченов және И. П. Павлов шартты және шартсыз рефлекстер туралы ілімі, үлкен ми сыңарларының аналитикалық-синтетикалық қызметі, бірінші және екінші сигналдық жүйелер, олардың сыртқы дүниені танып білудегі маңызын, жүйке жүйесінің типтерінің функциясын қарастыру.

Сұрақтар:

1.Жоғарғы дәрежелі жүйке қызметі іліміндегі И. И. Сеченов пен И.. Павлов еңбектерінің маңызы.

2.Шарты және шартсыз рефлекстер.

3.Шартты рефлекстегі тежелу түрлері.

4.Баланың жоғарғы ждәрежелі жүйке қызметі және типтік ерекшеліктері.

Әдістемелік нұсқау: Оқулықтар мен ғылыми әдебиетермен жұмыс жасау, кестені қарастыру. Балалар жоғарғы дәрежелі жүйке қызметінің ерекшеліктерін оны анықтау әдістерімен танысу. Нәтижелеін көрсету.

Қолданылатын әдебиеттер:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

9.Курепина Н.Н. Анатомия человека атлас. М., 1980

10.Коробкова, Чеснакова. Атлас по нормальной физиологии

Практикалық сабақ №4

Тақырыбы: Анализаторлар, олардың жасқа байланысты ерекшеліктері.

Мақсаты: Анализаторлар, олардың құрылысы мен қызметі, көру және есту анализаторлары, олардың гигиенасы, мектептің жэарық режиміне қойылатын гигиеналық талаптарды қарастыру.

Сұрақтар:

1.Анализаторлар туралы түсінік И. П. Павлов ілімі.

2.Анлизаторлардың құрылысы мен қызметі.

3.Балалар мен жасөспірімдердің көру қабілетінің бұзылмауын және естімеушілікті болдырмау.

Әдістемелік нұсқау: Оқулықтар мен ғылыми әдебиеттермен, көру және есту анализаторы құрылысы берілген кестелермен жұмыс жасау. Көру және есту анализаторының жұмысын анықтайтын әдістерді қарастыру. Нәтижелерін дәптерге жазу.

Қолданылатын әдебиеттер:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

9.Курепина Н.Н. Анатомия человека атлас. М., 1980

10.Коробкова, Чеснакова. Атлас по нормальной физиологии

Практикалық сабақ №5

Тақырыбы: Мектептегі оқу және тәрбие процесінің гигиенасы.

Мақсаты: Мектептегі оқу және тәрбие процесін ұйымдастыру, мектеп оқушыларының шаршауын және зорығуын болдырмау шараларын, мектеп режиміне, оқытуға қойылатын гигиеналық талаптарды, оқу-жазу, сурет, ән-күй сабағының гигиенасы, сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын гигиеналқ талаптардың негізін қарастыру.

Сұрақтар:

1.Сабақ пен үзілісті ұйымдастырудың гигиенасы.


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1507 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.021 сек.)