И.М.Сеченов пен И.П.Павлов ми рефлекстері туралы. 5 страница
3. Қоректік заттарды сіңіру қызметі. Адамға қажетті қоректік заттар қарапайым қосындыларға ыдырап, биологиялық мембраналардан өтіп, қанға немесе лимфаға сіңеді. Жалпы алғанда қоректік заттар ащы ішекте сіңеді.
4. Экскреторлық қызмет- тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметі.
5. Эндокриндік қызмет. Ішек-қарын кілегейлі қабығында, қарын пилорусы мен он екі елі ішекте (ұлтабарда) көптеген гормондар түзіледі. Олар қанға енеді де, алдымен асқорыту процесін, зат алмасу, өсіп-өну, есею процестерін реттеп, басқарып отырады. Мұндай гормондар – гатроинтестиналдық гормондар деп атайды. (гастрин, секретин, панкиреозимин – холецистокинин, энтерокинин, гастрон).
Сонымен ішек-қарын гастроинтестиналдық гормондары:
1. Асқорыту бездерінің сөл шығару қабілетін күшейтіп, қоректік заттардың қорытылуын үдетеді.
2. Арэнтерин деп аталатын гормон жасөспірім денесінде ассимиляция (түзіліс) процесін күшейтеді, сөйтіп, өсу, есею қарқынын үдетеді, адамның тәбетін жақсартады, диэнтерин гормоны зат алмасу қарқынын реттейді.
3. Түрлі ағзаларда қан айналысын қалпына келтіреді, биологиялық мембрананың өткізгіштік дәрежесін реттеп отырады, сөйтіп пофилактикалық әсер етеді.
Асқорыту түтігінің қабырғасы күрделі 3 қабаттан тұрады: ішкі- шырышты, ортаңғы-етті, сыртқы –дәнекер ұлпасы, ір қабаты.
Тамақтану- адамның қалыпты тіршілік қызметтері мен дамуы үшін қажет бірден-бір әлеументтік және биологиялық фактор болып табылады. Рационалды тамақтану – ол ғылыми негізінде құрылған, ағзаның өсуі мен қалыптасуын, денсаулықты сақтау мен жұмыс қабілетін арттыруын қамтамасыз етеді. Тамаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
1. Адам организмінің барлық энергиялық шығынын толық қалпына келтіретіндей болуы керек.
2. Тамағамның құрамында ағза үшін қажетті ақуыз, май, липид, көмірсу, минералды заттар, дәрумендер, су жеткілікті мөлшерде және оптималдық арақатынаста болу қажет.
3. Тағам алуан түрлі болып келуге тиіс. Оның құрамына өсімдіктен және жануарлардан алынатын сүт, ет, балық т.б. тағамдар енуі керек.
4. Ас жақсы сіңірілетін, тәбетін ашатын, дәмді, жақсы иісі, көлемі және калориясы жағынан да жеткілікті болуға тиіс.
5. Тамақ сапалы болуға тиіс және құрамында зиянды қоспасы, ауру тудыратын микробтары, улы заттар болмау керек.
6. Тамақты бір күнге дұрыстап бөлу керек. Тамақты үнемі белгілі бір сағаттарда ғана ішу қажет.
Тамақтану – зат алмасуы мен энергия алмасуының физиологиялық негізі. Сапасыз немесе жеткіліксіз тамақтану организмнің тіршілік қызметін бұзу мүмкін: өсудің кешеуілдеуі, жұмысқа қабілеттілігінің нашарлауы, түрлі ауруларға деген қарсылығының кемуі, қоршаған ортаның зиянды әсерлері алдындағы организмнің төзімділігінің төмендеуі.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990
2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.
3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.
5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.
Дәріс 10.
Дәріс тақырыбы: Зәр шығару жүйелері, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.
Дәріс мақсаты: Зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері, гигиенасын қарастыру.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:
1. Зәр шығару мүшелерінің құрылысы мен қызметі.
2. Зәр шығару жүйесін аурудан сақатандырудағы жеке бастың гигиенасының ролі.
Адам организімінде зат алмасу үздіксіз жүреді. Оның барысында түзілген өнімдердің кейбірін организм пайдаланбайды, сондықтанда олар сыртқа шығарылуы керек. Сыртқа шығару мүшелері: бүйрек, тер бездері, өкпе, асқорыту түтігі. Экскрециялық мүшелердің негізгі қызметі – денедегі зат алмасудың соңғы өнімдерін өзге текті басқа заттарды, мысалы, дәрі – дәрмектерді сыртқа шығарып отыру. Гомеостаздық – қан құрамы мен қасиеттерін лимфаның интерстициялық сұйық пен ликвар құрамының тұрақтылығын сақтайды.
Сыртқа шығару ағзаларының қан құрамындағы және денедегі басқа сұйықтар құрамындағы иондар концетрациясының тұрақтылығын (изоиония) және қан мен басқа биологиялық сұйықтықтардың осмостық қысымының тұрақтылығын (изоосмия). Денедегі қышқылдар мен негіздер тепе-теңдігінің тұрақтылығын (изогидрия) қамтамасыз етеді. Экскрециялық ағзалар денедегі басы артық қышқылдар мен сілтілерді сыртқа шығарып отырады. Мұнымен қатар жасуша ішіндегі және сыртқы сұйықтармен әрдайым алмасып тұратын қанның тамырдағы көлемдік тұрақтылығын (изоволемия) сақтайды. Денедегі белгілі бір жағдайда су мен тұздар тепе-теңдігін (балансын) қамтамасыз етіп олардың артығын организмнен шығарады. Тері бездері дене температурасын тұрақтылығын сақтауға (изотермия) қатысады.
Бүйрек. Бүйректің негізгі қызметі – несеп түзу. Несеп түзілуі, оны сыртқа шығару үрдісі диурез (несеп шығарушы) деп аталады. Қалыпты жағдайда тәуліктік диурез мөлшері сыртқы қоршаған ортаның температурасына, желінген тамақтың құрамына, мөлшеріне және ішкен су мөлшеріне байланысты. Ересек адамда тәулігінде 1000-1800 мл несеп түзіледі. Ауруға шалдыққан кезде кейде тіпті сау адамда да диурез өзгеріп отырады. Физиологиялық жағдайда оның 3 түрін байқауға болады: алигурия – тәуліктік диурездің азаюы; полиурия – тәуліктік диурездің көбеюі; анурия – несеп түзілуінің тоқтайы. Ауруға шалдыққан кезде туатын өзгерістер – энурез (түнде несеп ұстамау), никтурия (түнде несептің шектен тыс көп болып түзілуі).
Бүйрек жұп мүше, салмағы 120 – 200 г. Бүйректің негізгі морфофункционалдық құрылымы – нефрон, ол мальпигий шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады. Әрбір бүйректе 1 млн – ға жуық нефрон бар. Олар қан, лимфа тамырларымен жиі торланған және араларында интерстицияльдық сұйықтық болады. Нефрон құрылысы - өте күрделі. Ол Шумлянский – Боумен капсуласымен, артериялық капилляр шумағынан, яғни Мальпигий шумағынан және түтікшелерден тұрады. Нефронның шумақтық бөлігі гиомерулалық бөлім деп аталады. Шумлянский – Боумен капсуласы бүйрек түтікшелеріне айналады (нефронның түтікше бөлігі деп аталады). Бұл құрамында (проксималь) және (дисталь) ирек түтікшелері бар, бүйректің құрылысты бөлімінде, ал гекле ілмешегі және несеп жиналатын түтікшелер ми бөлімінде болады. Бүйрекке ағып келетін қанның 85% -ке жуығы, бүйректің қыртыс қабатындағы қан тамырларында. Қанды алып келуші артериялы тамыры қабырғасында, оның шумаққа кіретін жерінде микроэпителиялық жасушадан пайда болатын тығыз түйін. Оны юкстагломеруларлық (шумақ қасы) аппарат деп аталады. Егер де бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі нашарласа, бұл аппарат ренин бөледі. Ренин артерия қан қысымын реттеп, қандағы электролиттың мөлшерін қалыпты жағдайға келтіреді.
Бүйректің қан әкелуші тамыры бүйрек артериясынан басталады. Бүйрек артериясы іш қалқасының бір бұтағы. Мальпигий шумағы капиллярында қан қысымы жоғары (с.б.б. 78-80 мм). Бүйректің қан әкелуші тамырына қарағанда қан әкетуші тамырының дм екі есе тар. Нефрон түтікшелерінің ұзындығы 35 – 50 см, ал бүйректің жалпы барлық түтікшелерінің ұзындығы 70 – 100 см. Нефрон түтікшелерінің құрылымдық ерекшелігі, оның жоғарғы бөлімі цилиндр тәрізді эпителийден тұрады, олардың ішкі бетінде микробүрлер, яғни кері сіңіру қабілеті күшті протоплазмалық өсінділер бар. Кейін эпителилердің пішіні өзгеріп куб тәрізді болады. Микробүрлер бүйрек аппаратын түтікшелерінің ішкі ауданының көлемін бірнеше рет ұлғайтады. Ферменттік жүйелер түтікше эпителиінің әр бөлімінде әркелкі орналасады: гексокиназа жоғары иірім түтікшелерінде көбірек болады, сукцинатдегидроза негізінен гекле ілмешегінің жоғарғы бөлімі эпителиінде көбірек, ал төменгі бөлігінде өте аз шоғырланған. Гиалуронидаза ферменті көбіне көп мөлшерде жинайтын түтіктің эпителиінде орналасады. Бұл айтылған ерекшеліктер несеп түзілу нефронның қай бөлімінде болса да өте күрделі үрдіс екенін көрсетеді.
Алғашқы (провизорлық) несеп пен соңғы (дефинитив) несеп айырмашылықтары:
1) Алғашқы несептің көлемі – 150-180 л, соңғы несеп көлемі 1,5 – 2 л, орта есеппен 1 – 1,5 л.
2) Соңғы несеп құрамында қант, амин қышқылы, альбуминдер болмайды, мочевинаның, несеп қышқылының және т.б. белок аломасу барысында пайда болатын заттың мөлшері бірнеше есе көп, кейбір тұздар (хлорид, сульфат, фосфат) концентрацияда көп болады.
3) Соңғы несеп құрамында қанда жоқ заттар – гиппур қышқылы, аммоний тұзы, пенциллин, диодраст, ПАГ (пара – амингиппур қышқылы). Түтікшелерде несеп түзілу барысында алғашқы несептену, кейбір заттар қайта сіңеді. 150- 180 л алғашқы несептегі судың орнына, 1,5 л таяуы (1%) сыртқа шығады, ал 99% қайта сіңеді.
Зәр - өзіне тән иісі бар, сарғыш түсті сұйық. Оның меншікті салмағы 1,010- 1,025, реакциясы әлсіз қышқылды. Оның құрамында 98 – 99 % су және 150 түрлі химиялық заттар болады. Зәрдің құрамында белок алмасуының өнімдері (мочевина, несеп қышқылы, креатин), минеар тұздар (ас тұзы), пигменттер (урохром,уробилин) болады. Тәуліктік зәрдің мөлшері 1,5 л.
Зәрдің түзілуі. Бүйректе зәрдің түзілуі 2 фазада өтеді. Алғаш 1-ші фазада алғашқы зәр, 2-де соңғы зәр түзіледі. Алғашқы зәр нефронда пайда болады. Капсуладағы тамырлар шоғырында қан қысымы жоғары, сондықтан қанның сұйық бөлімі капсула ішіне сүзіледі. Капсула қуысына сүзілген сұйықтықты алғашқы зәр деп атайды. Ересек адамда тәулік ішінде нефрондық тамырлар шумағы арқылы 2000 л қан өтеді де, 150 – 180 л жуық алғашқы зәр түзіледі. Екінші фазада каналдарындағы алғашқы зәрдің құрамындағы организмге қажетті су, глюкоза, амин қышқылы, минералдық тұздар қанға сіңеді. Организмге қажетсіз мочевина, несеп қышқылы, сульфат т.б. кері сіңбейді. Кері сіңу каналдар қабырғасындағы эпителий клетканың қызметіне байланысты, нәтижесінде соңғы зәр түзіледі.
Зәрдің сыртқа шығарылуы. Соңғы зәр жинағыш каналдарға, одан ағыс жолдарына өтіп емізікшелерге, одан тостағаншаға, одан бүйрек түбегіне, бұдан несепағар арқылы қуыққа жиналады. Несепағар ұзындығы 30 см жуық түтік. Зәр жолы арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығады. Зәр жолы түтігінің ұзындығы әйелдерде 3-4 см, ал ер адамдарда 18 см шамасында. Қуықтың зәр жолы басталар жерінде оны сақина тәрізді қоршап тұратын 2 сфинктер бар. Қалыпты жағдайда олар зәр жолын жауып тұрады. Бұл сфинктер ашылған кезде қуықтағы сұйық зәр шығару жолына ағады. Нефрон мен оның каналының қан тамыры нерв талшықтарын мол жабдықталған, Симпатикалық нерв зәрдің түзілуін күшейтеді. Зәрдің түзілуіне гумаральдық әсерлер бар: нейрогипофиздік антидуретикалық гормон, бүйрек үсті бездің қыртыс қабат гормоны - минералокортиноид зәр түзілуін азайтады, ал бүйрек үсті безінің ми қабаты гормоны – адреналин оны көбейтеді.
Жаңа туған баларда бүйректің массасы 11-12г, 1 жаста 36-37г, 3 жаста 55-56г. Бүйрек өсуінің алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілуі кезеңінде және 20-30 жас аралығында байқалады. Жаңа туған балаларды бүйректің сыртқы беті бөлікті болып келеді. 2 жаста балаларда бөліктер едәуір тегістеледі, 5 жасар балаларда мүлде байқалмайды. Бүйректің қыртыс қабатының қалыңдығы жаңа туған балаларда 2 мм-ге тең, ал ми қабатының қалыңдығы 8 мм. Жаңа туған балалардың бүйрегінде нефрондар көп, бірақ майда, каналдардың иірімделуі аз. Иірім каналдарының өсуі 1-ші жылы қарқынды жүреді, 3-4 жаста саңылаулар кеңдігі, канал қабырғасының клеткалары құрылысы мен қызметі ересектерге ұқсас.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990
2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.
3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.
5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.
Дәріс 11.
Дәріс тақырыбы: Ішкі секреция бездерінің физиологиясы.
Дәріс мақсаты: Ішкі секреция бездері, олардың қызметі, бөлетін гормондарының ағза тигізетін әсерін, жыныстық жетілу және жыныстық тәрбие беруді қарастыру.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:
1. Ішкі секреция бездері туралы түсінік.
2. Гормондар гумарльдық реттелудің факторы.
3. Жыныстық жетілу кезеңінің ерекшеліктері және бұл кезеңнің гигиенасы.
Ішкі секрециялы бездердің сыртқы секрециялы бездерден айырмашылығы, олардың бөлген сұйықтығын шығаратын түтікшелері болмайды. Сол себептен сұйықтығын тікелей ішкі ортаға қанға, лимфаға бөледі.Олар өте қан тамырлы келеді. Ішкі секрециялық бездердің қанға бөліп отыратын сұйықтығын гормон деп атайды. Гормондар организмдегі түрлі тіршілік процестеріне (зат алмасу, даму, өсу, жыныстық жетілуне т.б.) қатты әсер етеді.Оларды не үдетіп, не тежеп отырады. Осы гормондар арқылы организмге тигізетін химиялық әсерін гуморальдық реттеу деп аталады.
Эндокриндік бездердің (гр.endon – ішкі, crineo - бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.
Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқанша серік бездері, айырша без, бүйрекүсті безі, ұйқы және жыныс бездері жатады. Ұйқы және жыныс бездері – аралас бездерге жатады. Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық ұлпалар мен мүшелерге және бүкіл организмге әсер ете алады:
1) метаболизмдік – зат алмасу процестердің түрлі жағдайлары мен жиілігіне әсері;
2) морфогенетикалық – конформациялық құрылымдық процестерде ажырату (дифференциялық, ұлпалардың өсуіне, өзгеріске, метаморфозға);
3) кинетикалық – қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторалға әсері;
4) түзетілуші (коррекциялық) – ұлпалар мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылауы, төмендету, жылдамдату, тездету, бәсеңдету қозғалыстары).
Адам мен жоғары сатыдағы жануаралардың гормондарын химиялық құрылым ұқсастығын, физико – химиялық, биологиялық қасиеттердің ортақтығын негізге ала отырып 3 класқа бөледі.
1) Белоктың – пептидті қосылымдар (инсулин, глюкоген, сомататропин т.б.);
2) Стероидтар (бүйрек – үсті безі қабығының және жыныс безі гормондары);
3) Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер – адреналин, норадреналин).
Гормондардың түзілуі арнайы эндокриндік құрылымдардың генетикалық аппаратында жоспарланған, сондықтан әр ішкі секреция бездері тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бас қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктарымен қосылған күйде болады. Мысалы, транскортизон, альбумин және α – глобулинмен бірігеді, бұдан белсенділігі төмен байланысқан гормон бөлінеді.
Эндокринология ішкі секреция бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында қалыптасқан. Бұл бағытта ғылыми зерттеулердің негізін А. Бертольд салды.
Гормондар өте активті заттар. Олардың қанға бөлініп отыруы вегетативті жүйке жүйесімен, жоғарғы ми қызметіне байланысты болып кетеді. Бұл бездердің көлемі өте шағын, жалпы салмағы 100 г-нан аспайды. Эндокринді бездер жұмысы өзара өте күрделі байланыста болады. Сол себепті бір бездің бұзылуы басқа да бездердің жұмысына әсер етеді.
Аденогипофизде бірнеше гормондар түзіліп қанға құйылады:
- сомататропин және өсу гормоны (СТГ);
- тиреатропин (ТТГ)
- адренакатикатропин (АКГТ) (бүйрек үсті безі);
- гонотдотропин (ГТГ) – лютеинді (ЛТГ), лютеотроп (ЛТГ), фалликуластимулдаушы (ФСГ).
Эндрокринді бездерді орналасқан жағдайы мен шығу тегіне байланысты 5 топқа бөлінеді:
1) нейрогенді бездер – гипофиз және эпифиз;
2) бронхиогенді бездер – қалқанша безі, қалқанша маңы безі, айырша безі;
3) хромофинді бездер – бүйрек үсті безі, параганглиялар;
4) қарын асты безі (ұйқы безі);
5) жыныс бездері (эндокринді бөлігі жатады).
Без қызметінің кенеттен тыс күшейіп, қанға гормондық көп бөлінуін гиперфункция деп атайды, ал без қызметінің нашарлап, гормонның аз шығуын – гипофункция деп атайды.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990
2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.
3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.
5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.
Дәріс 12.
Дәріс тақырыбы: Мектеп ғимараты мен ондағы санитарлық-техникалық тетіктеріне қойылатын гигиеналық талаптар.
Дәріс мақсаты: Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау және оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру ммақсатында болашақ мұғалімдердің мектеп үйіне, онддағы санитарлық-техникалық тетіктеріне қойылатын талаптар білу қажеттілігін меңгерту.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:
1.Мектеп ғимаратты салатын орынды таңдау.
2.Жылыту және жылу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар.
3.Мектептегі жарық режимі, желдетуге қойылатын гигиеналық талаптар.
Мектеп үйін жоспарлау, оның жабдықталуы, микроклиматтық жағдайлары және жарық режимі оқу-педагогикалық процесс пен балалардың денсаулығына белгілі ықпалын тигізеді. Осыған байланысты мұғалімдер мектеп үйіне және жабдықталуына қойылатын негізгі гигиеналық талаптарды білуі тиіс. Мектеп үйлерін зиянды газдар мен түтін шығатын фабрика және зауытқа жақын жерлерге орналастыруға болмайды. Егер салу жағдайында жел бағытын екеру қажет. Сонымен қатар, көлік көп жүретін магистралдардың бойына, адамдар көп жүретін базар, бекеттердің бойына салмаған жөн. Мектептерді орналастыру ең қолайлы жерлер – кварталдардың іші, бұрылыстардағы тыныш көшелер мен тұйық көшелер. Мектептің маңындағы жер участогы жаратылыстану, география пәндері бойынша оқу сабақтары өткізу үшін, дене шынықтыру мен еңбек пәндері бойынша оқу және оқудан тыс сабақтар жүргізу үшін қажет. Мектеп участогында мыналар болуға тиіс: құрылыс салуға арналған алаң, оқу-тәжірибе зонасы, демалыс зонасы, шаруашылық зонасы.
Мектептің үйі мен бөлмелері белгілі бір гигиеналық талаптарға сай болуға тиіс. Мектеп үйіне қойылатын негізгі гигиеналық талап – онда сапасы жақсы ауа ортасын, жылу және жарық режимін қамтамасыз ету. Мектеп үйінің гигиеналық құрылысының қолайлық мәселесі, яғни оның этаждылығы, жоспарлау принциптері, жеке бөлмелердің орналасуы, басқыштардың құрылысының да және т.б. маңызы кем емес. Мектеп үй-жайлары өздерінің атқаратын қызметтеріне қарай оқу үйлері, көмекші үйлер, тұрғын үйлерге бөлінеді. Мектеп үйіне қойылатын аса маңызды бір гигиеналық талап – онда сапалы ауаның болуы. өзінің сапасы жағынан ластанбаған атмосфераға жақындайтын немесе оған толық дерлік сәйкес келетін ауа сапалы, гигиеанлық жағынан жарамды ауаға саналады. Мектеп үйі гигиенасының негізгі мәселелерінің бірі – сынып бөлмелерінің жақсы жарықталуы. Сынып бөлмелеріндегі дұрыс жарық режимінің бәрінен бұрын көру зейінін қорғауда мәні бар. Мектеп оқушыларының оқу жұмысы көздің едәуір зорланып жұмыс істеуімен байланысты. Жарық жеткіліксіз болған жағдайда көру органына түсетін күш артады да, алыстан көре алмаушылықтың пайда болуына жағдай жасалады. Сонымен қатар сынып бөлмелерінің жарық болуы мектеп оқушысының жүйке жүйесіне де жақсы әсер етеді.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990
2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.
3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.
5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.
Дәріс 13.
Дәріс тақырыбы: Мектеп оқу жыбдықтары мен оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар.
Дәріс мақсаты: Мектеп оқу жабдықтары, оқу құралдары, олардың дұрыс таңдау, қойылатын гигеналық талаптарын білу.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1476 | Нарушение авторских прав
|