АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Похожие материалы

Прочитайте:
  1. III. Справочные материалы.
  2. III. Справочные материалы.
  3. V. Учебные материалы
  4. КОНТРОЛЬНО-ОЦЕНОЧНЫЕ МАТЕРИАЛЫ
  5. Материалы для контроля за усвоением темы
  6. Материалы для подготовки к зачету по модулю
  7. МАТЕРИАЛЫ ДЛЯ САМООБСЛЕДОВАНИЯ (ТЕСТЫ)
  8. Материалы для самоподготовки к освоению данной темы
  9. Материалы доаудеторної самостоятельной подготовки (междисциплинарные интеграции).
  10. Материалы к аудиторной самостоятельной подготовке. (междисциплинарная интеграция).

· СӨЗДЕРДІҢ ТІРКЕСУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН БАЙЛАНЫСУ ФОРМАЛАРЫ

· Гормондардың негізгі қызметтері. Гипоталамус. Гипофизарлық жүйенің ерекшелігі

· Ауызша ілеспе және синхронды аудару

· Аудармашының тіларалық делдал, жеткіз

 

 

Гипоталамус[өңдеу]

Гипоталамус [1] (гр. ' hypo' — төмен, астында, қалыптан төмен; thalamos - камера, бөлім) - көру төмпегінің (таламустың) төменгі жағында, көру жүйкелерінің қиылысы мен үлкен ми аяқшаларының аралығында орналасқан аралық мидың бөлігі. Ол үшінші ми қарыншасының түбі мен қабырғасын құруға қатысады.

Гипоталамус - сұр төмпектен (tober cinereum), гипофизден - hypophysis — (эндокринді без) және емізікше денеден (corpus mamillare) тұрады. Гипоталамустың сыртқы беті ақзаттан (өткізгіш жолдар), ішкі беті — қыртысасты вегетативті ядроларды (тыныс алу, қан және лимфаайналым, дене қызуы, жыныстық қызметтер т.б.) түзетін сұрзаттан құралған.

Гипоталамустың вегетативтік орталықтары — организмдегі қан қысымын, дене қызуын, май-су алмасуын, эндокринді бездер жұмыстарын реттеуге қатысатын мультиполярлы нейроциттер ядроларынан тұрады.

Гипоталамус ядролары[өңдеу]

Гипоталамус ядролары(гипоталамические ядра) — мультиполярлы нейроциттерден құралған, гипоталамуста орналасқан сұрзаттық орталықтар, яғни ядролар.

Гипоталамустың сүрзаттық орталықтары алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Аталған ядролар нейроциттері биологиялық тұрғыдан тым белсенді және жүйке жүйесі медиаторларымен салыстырғанда, алыстан және ұзақ уақыт әсер етуге бейімделген нейрогормондар бөледі. Гипоталамустың алдыңғы бөлімі — нейросекрет бөлетін ірі мультиполярлы нейроциттер құрайтын жұп супраоптикалық және паравентрикулалық ядролардан тұрады.

Ядролар нейроциттерінің эндоплазмалық торында протеинді (нонапептидтер) нейрогормондар түзіледі. Оларға вазопрессин жәнеокситоцин гормондары жатады.

Окситоцин мен вазопрессин гормондарының қызметі парасимпатикалық жүйке жүйесінің қызметіне сәйкес келеді, яғни бұлар мүшелер құрамындағы бірыңғай салалы ет ұлпасы қабықтары мен қабаттарына әсер етеді. Сондықтан, гипоталамустың алдыңғы ядролары нейроциттерін — холинергиялық нейроциттерге жатқызады.

Вазопрессин мен окситоцин гормондары нейросекреторлы нейроциттер аксондары бойымен жылжи ағып, медиальды дөңес пенгипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы нейрогипофиз бөлігіне өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ денешіктер (Херринг денешігі) түрінде аяқталады. Гормондар кейіннен организмге керекті мөлшерде соңғы денешіктерден қанға өтеді.

Гипоталамустың ортаңғы және артқы бөлімдеріндегі ішкі- негіздік (медиобазальдық) және төмпектік (туберальды) ядролары, қызметісимпатикалық жүйке жүйесіне сәйкес келетін ұсақ мультиполярлы нейроциттерден құралған. Сондықтан, бұл ядроларды — адренергиялық нейроциттерге жатқызады. Аталған нейроциттер гипофиздің безді бөлігі — аденогипофиздің гормондар түзу процесін реттеп отыратын, қарапайым молекулалы олигопептидті аденогипофизотропты гормондар бөледі.

Бұлар өз кезегінде гипофиз аденогипофизінің гормондар бөлу қызметін күшейтетін — либериндерге (күшейткіш гормондар) және керісінше, аталған қызметті баяулататын — статиндерге (баяулатқыш гормондар) бөлінеді. Гипоталамустың гормондар бөлу қызметін мидың жоғары бөлімдері бөлетін нейроаминдер (дофамин, норадреналин, серотонин, ацетилхолин) мен гормондар (эндорфиндер, энкефалиндер) реттеп отырады.

 

Hypothalamus image.png

Гипоталамус-гипофиз жолы[өңдеу]

Гипоталамус-гипофиз жолы (гипоталамо-гипофизарный тракт); (грек, hypothalamus және hypophysis, лат. tractus — жол) - гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядроларынан басталып, медиальды дөңес пен гипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы бөлігі — нейрогипофизге өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ денешіктер түрінде аяқталатын эфферентті жүйке талшықтарының будалары.

Гипоталамус-гипофиз жолының аксондары арқылы гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядроларында түзілетін окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздің нейрогипофизіне өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ денешіктерде (Херринг денешігінде) жинақталады. Аталған гормондар кейіннен организмге керекті мөлшерде Херринг денешіктерінен қанға өтеді.[2]

Дереккөздер[өңдеу]

1. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6

2. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9

Гипоталамус көру төмпешегі астында орналасқан көп ядролы (32 жұп) құрылым. Бұл ядролар жатқан орнына қарай преоптикалық, алдыңғы, ортаңғы, бүйірдегі және артқы деп 5 топқа бөлінеді. Гипоталамус ми сыңарлары қыртысы, лимбиялық жүйе, торлы құрылыммен, сопақша мидың парасимпатикалық және симпатикалық ядроларымен, жұлынның бүйір ашасындағы вегетативтік ядроларымен қатар таламус, гипофизбен эфференттік байланыста. Мұнымен бірге оған түпкі ядролардан, мишықтан афференттік жүйкелер, ішкі ағзаларданкезеген жүйке арқылы хабарлар келіп тұрады. Гипоталамусқа ішкі ортадан да көптеген ақпараттар келеді. Оның әрбір нейроны 2-3 капиллярмен түйіскен (капилляр өте қалың). Капиллярлардың қабырғасы үлкен молекулалы заттарға өтімді. Сондықтан гормондар мен басқа да химиялық белсенді заттар қаннан гипоталамусқа қарай өтіп, оған тікелей әсер етеді. Гипоталамустың кейбір ядролары мидың үшінші қарыншасының қабырғасын құрады. Мұндағы сұйықтықтан да заттар гипоталамусқа өте алады. Гипоталамус орталық жүйке жүйесінің құрылымдарымен бірге шеттегі ағзалар, тіндермен екі жақты (афференттік және эфференттік) байланысының арқасында организмнің көптеген әрекеттерін реттей алады. Ішкі ағзалардың қызметіне гипоталамус вегетативтік жүйке жүйесі және эндокриндік бездер арқылы әсер етеді. Ол жүре-тамыр, ішкі сөлініс бездер, ас қорыту, бүйректер қызметін, зат алмасуын, несепті шығаруын реттейді. Мұнымен қатар ішкі орталық және дене қызу тұрақтылығын сақтайды. Гипоталамус дене қимылдарының вегетативтік өзгерістерін қамтамасыз етеді. Гипоталамус қыртыс және қыртысасты құрылымдарымен бірге организмнің сыртқы орта құбылыстарына бейімделуін және ұйқы мен сергектіктің кезектесуін реттеуге де қатысады. Оның осы аталған қызметтері жануарларға жасалған тәжірибелерде дәлелденді. Гипоталамус ядроларын тітіркендіру не оның ір жерін кесіп алып тастау арқылы бұл ағзаның жүрек-тамыр жүйесіне, ас қорыту ағзаларына, зат алмасуына, жылуды реттеуге, несеп бөлінуіне, ішкі сөлініс бездер қызметіне әсер ететіні анықталды. Гипоталамус осы шеткі ағзалар үрдісіне, вегетативтік ядролары – симпатикалық (артқы) және парасимпатикалық (алдыңғы) бөлімдері, торлы құрылым арқылы және гипофиздің гормон шығару қабілетін өзгерте отырып әсер етеді. Гипоталамус ядролары жүйкелік серпіністерге ғана емес, физико-химиялық әсерлерге де сезімтал келеді. Оның құрамында көптеген осмостық-қабылдағыш жасушалар және қысым қабылдағыштары, қан өызуын қабылдамайтын терморецепторлар бар. Бұлар ішкі ортадан қанның химиялық құрамындағы өзгерістерді қабылдайды. Демек, ішкі ағзалардың тіршілігі, мұндағы өзгерістер гипоталамусқа әсер ете алады. Осының арқасында ол ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Гипоталамустың артқы ядроларында симпатикалық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімі, ал алдыңғы ядроларында парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталығы, ал ортаңғы ядроларда зат алмасуын реттейтін орталығы орналасқан. Гипоталамуста көптеген мотивация (яғни мақсатты іс-әрекет – месел) тудыратын орталықтар бар. Мәселен, \ортаңғы бүйір ядроларда «тойыну» орталығы орналасқан. Оны тітіркендірсе жануар алдындағы азыққа қарамай, алдына қойған асты ішпей, жүдей бастайды. Осы орталықты алып тастаса, жануар тамақты қанша ішсе де тоймайтын болады. Тамақты көп жеу (гиперорагия) – салдарынан адам (жануар) денесін май басады. Бүйірдегі ядроларда «аштық» орталығы оранласқан. Оны тітіркендірсе жануар алдындағы азықты қанша болса да жей береді (тоймайды). Ал бұл орталықты алып тастаса, аш болса да ол азыққа қарамайды (гипофагия), жүдейді. Паравентрикулярлық ядрода, супраоптикалық ядролардан жоғарырақ жерде «шөлдеу» орталығы орналасқан. Осы орталықты тітіркендірсе адам (жануар) шөлдейді, қайта-қайта су іше береді (полидепсия) шөлі қанбайды. Осы аталған орталықтар маөсатты және бағытталған әрекеттерді (мотивацияны) меңгереді. Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық (қарынша маңы) ядроларында (алдыңғы) нейросекрециялық жасушалар бар. Бұлардың гормондары нейрондар ұштары құратын тамыр мен жүйке түйіспесі арқылы қанға өтіп, гипофиздің алдыңғы бөлігінің бағыттаушы (троптық) гормондарының бөлінуін күшейтеді (либериндер) не төмендетеді (статиндер). Гипофиздің артқы бөлігінің атқы гормондары гипоталамустың көбінесе супраоптикалық ядроларында түзіледі де, олардың аксондарының бойымен ағып гипофиздің артқы бөлігінде жиналып қанға өтеді. Гипоталамус гипофиз арқылы шеткі сөлініс бездерінің гормон шығаруын бірде күшейтіп, бірде азайтып организмнің көптеген әрекеттерін реттейді. Сөйтіп гипоталамус гипофизбен біріккен әрекеттік гипоталамустық-гипофиздік жүйе құрады. Гипоталамустың кейбір жерлерін тітіркендірсе, денеге жағымды езімдер туады. Егеуқұйрықтың осы ядроларына микроэлектрод бекітіп, оны токпен байланыстыратын тұтқа қойылған бөлмеге қоя бергенде байқаусызда оны басып қалып жаңағы ядроларды тітіркендірсе, ол сол жерден кетпестен тұтқаны баса береді. Бүйір ядроларды тітркендіргенде мысықта жалған ашулану белгілері пайда болады. Мұның бәрі гипоталамустың мотивация мен эмоцияны қалыптастыруға қатысатынын көрсетеді. Оның бұл қызметі бүкіл лимбиялық жжүйенің қатысуымен іске асырылады. Гипоталамус осы жүйенің құрамына кіреді. Қысқасы, ішкі ортаның тұрақтылығын, вегетативтік, эндокриндік денелік әрекеттерді біріктіретін күрделі құрылым.

Источник: http://5fan.info/jgeotrpolmerjgeujg.html


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 775 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)