АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Кесте 3

Прочитайте:
  1. Кесте 1
  2. Кесте 1.
  3. Кесте 4
  4. Кесте 5

Диабеттік нефропатияның ΙΙΙ кезеңінің

клинико-морфологиялық сипаттамасы

 

Клинико-зертханалық зерттеу   Арнайы зерттеу әдісі Бүйрек тінінің қрылымы
  • АҚ 10-15% ↑↑   • Ретинопатия 20-50 % науқаста   • Шеткері полиней-   ропатия 30-50% науқаста   • Жалпы зәр анализі қалыпты   • ↑↑ ШФЖ   • ↑↑ Бүйрек қан ағымы   • Бүйректің гипертрофиясы   • Микроальбуминурия • шумақтың және арнаның   гипертрофиясы   • ШБМ қалыңдауы   • мезангиалды матрикстің   көлемінің 20% жоғарлауыка

Бұл кезеңнің айрықша белгісі микроальбуминурияның (МАУ) пайда болуы. Микроальбуминурия жағдайы, зәрмен альбумин (30 - 300 мг/тәул немесе 20-200 мкг/ мин) экскрециясының жоғарлауымен сипатталады. 1 типті ҚД микроальбуминурия аурудың басталуынан кейін 3-5 жылдан соң пайда болады, 2 типті ҚД науқастың алғашқы қаралғанда байқалады екен. Микроальбуминуриясы бар науқастар тобын ұзақ бақылаған кезде анықталғаны, зәрмен альбуминнің жоғары экскрециясы, айқын клиникалық диабеттік нефропатияның дамуының алғашқы белгілері болып табылады. Сау адамдарда зәрмен альбуминнің экскрециясы 1,5-20 мкг/ мин (немесе 30 мг/тәул дейін), орташа бөлінуі 6,5 мкг/ мин. Альбумин экскрециясы көрсеткіштерінің күнделікті тербелісі сау адамдар да, және де диабеті бар науқастарда 40% құрайды. Сондықтан осыған байланысты шынайы МАУ анықтау үшін бірнеше апта бойы осы көрсеткішті бірнеше рет өлшеу керек (ереже бойынша үш рет өлшеу). МАУ басталғаннан бастап АҚ деңгейі біртіндеп жоғарлай бастайды. Бұл жағдай зерттеу жұмыстарында АҚ тәуіліктік монитерлеуді қолдануда анықталған. Мұндай зерттеулер МАУ бар науқастардағы АҚ орташа деңгейін, нормоальбуминуриясы бар науқастармен салыстырғанда 10-15% жоғарланатының анықтаған. МАУ көрінісі пайда болғаннан бастап, АҚ жылына 3% жоғарлайды екен. МАУ кезеңінде бүйректің фильтрационды қызметі бұзылмағандықтан, тіпті жоғарлайды, сондықтан осыған байланысты артериалды гипертензияны бүйрек бұзылулары деп айту қиын. Осы бақылау арқылы, жоғарлаған артериалды қысымды бүйректің зақымдалуының бір факторы деп қарауға болады, немесе керсінше жоғарлаған артериалды қысым және зәрмен альбуминнің бөлінуінің жоғарлауы, диабеттік нефропатия дамуында бір үрдістің қосарланған көрінісі болуы мүмкін екендігіне ой келеді. Қазіргі кезде микроальбуминурия тек, ДН клиникалық кезеңінің дамуының белгісі ғана емес, науқастарда жүрек – қан тамыр асқынуларының дамуымен үлкен қауіп қатер туғызуынада байланысты. МАУ болуымен байланысқан жағдайлар төмендегідей:

• Қандағы глюкозаны дұрыс бақыламау

• Жоғарлаған артериалды қысым

• Атерогенді липидті сала

• Тіңдердің инсулинорезистенттілігі

• Анықталған

- ретинопатиялар

- нейропатиялар

- шеткері тамырлардың зақымдалуы

- сол жақ қарыншалық гипертрофия

- жүректің ишемиялық ауруының клиникасының анықталмауы

Қант диабет кезіндегі бүйректің зақымдалуын зерттейтін зерттеушілердің дискуссиясы – микроальбуминурия кезеңінде бүйректің функционалды және құрылымдық бұзылулары қайтымды ма?- деген негізігі сұрақтың төнірегінде жүреді. Осы кезеңде терминалды бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін өзгерістердің алдын алуға бола ма? Көптеген зерттеушілер бұған – «ИӘ» деген оптимистік жауап береді. Көмірсу бұзылуларын тұрақты компенсациясы, сонымен қоса бүйрек гемодинамикасын және бүйректің шумақтық базалды мембранасының биохимиялық құрамын қалпына келтіретін препараттарды қолданғанда, микроальбуминурия кезеңінде бүйректің патологиялық үрдістерін тоқтатуға болады. Сондықтан уақытылды диабеттік нефропатияның клиникаға дейінгі кезеңін анықтап, оның әрі қарай өршуін алын- алу үшін, барлық шараларды қолдану керек.

Диабеттік нефропатияның айқын кезеңі

Зәрдің жалпы анализінде тұрақты протеинурияның болуы, ДН жайылмалы кезеңінің басталғанның білдіреді. Зәрмен альбуминнің экскрециясы 200 мкг/мин немесе 300 мг/тәул. асады, ал зәрдің рутинді зерттеулерінде белоктың экскрециясы 0.5 г/тәул асады. ДН IV кезеңінің суммарлы сипаттамасы 4 кестеде көрсетілген.


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 567 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)