АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Адренотежегіштер 7 страница

Прочитайте:
  1. B)новокаинмен жансыздандыру 1 страница
  2. B)новокаинмен жансыздандыру 2 страница
  3. B)новокаинмен жансыздандыру 3 страница
  4. B)новокаинмен жансыздандыру 4 страница
  5. B)новокаинмен жансыздандыру 5 страница
  6. B)новокаинмен жансыздандыру 6 страница
  7. B)новокаинмен жансыздандыру 7 страница
  8. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 1 страница
  9. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 10 страница
  10. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 2 страница

12. Ингаляциялық наркоз үшін қолданылатын зат:

а/ энфлуран;

б/ тетурам;

в/ пропофол;

г/ тиопентал натрия;

д/ пропанидид.

***

13. Тәжірибелік медицинада қолданылатын этил спиртінің әсері:

а/ антацидті;

б/ антисептикалық;

в/ ауырсынуды басады;

г/ гипотензивті;

д/ тітіркендіруші.

***

14. Сұйық ұшқыш наркозды затты көрсетіңіз:

а/ кетамин;

б/ гексенал;

в/ галотан;

г/ натрия оксибат;

д/ тиопентал-натрий.

***

15. Ингаляциялық наркоз үшін қолданылатын заттарға жатады:

а/ динитрогена оксид, галотан;

б/ галотан, пропанидид;

в/ пропофол, ксенон;

г/ натрия оксибат, динитрогена оксид;

д/ динитрогена оксид, тиопентал-натрий.

***

16. Ингаляциялық наркоз үшін қолданылатын заттарды тағайындау көрсеткіштері:

а/ тіс жұлуда, кіріспе наркоз;

б/ премедикация, кіріспе наркоз;

в/ кіші оташалау шаралары;

г/ қуыстық оталау, негізгі наркоз;

д/ премедикация, ауырсыну синдромын жою үшін.

***

17. Ингаляциялық емес наркоз үшін қолданылатын заттарды көрсетіңіз:

а/ динитроген оксид, натрия оксибат;

б/ кетамин, галотан;

в/ натрия оксибат, тиопентал-натрий;

г/ пропофол, ксенон;

д/ галотан, динитрогена оксид.

***

18. Тиопентала-натрийдің қысқа уақытты наркоздық әсері, байланысты:

а/ май тінінде заттардың деполануы;

б/ заттардың бауыр ферменттерімен инактивациялануы;

в/ Заттардың ағзадан бүйрек арқылы шығуы;

г/ қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы;

д/ дәнекер тіндерде жиналуы.

***

19. Этил спиртін тағайыдалады:

а/ антисептик, антидиуретик;

б/ көпіршікті басатын, антифибринолитик;

в/ анаболик, тәбетті жоғарылатады;

г/ наркозға арналған зат;

д/ көпіршікті басатын, антисептик.

***

20. Айқын анальгетикалық әсері 2 сағатқа созылады:

а/ кетамин;

б/ галотан;

в/ пропанидид;

г/ пропофол;

д/ ксенон.

***

8 Тарау. ГАМҚ (гамма аминомайлы қышқылы) рецепторына әсер ететін дәрілер

1950 жылдары көптеген авторлар сүтқоректілердің бас миында бейтарапты амин қышқылын теңдестірілген, ол құрамы бойынша γ-аминомай қышқылын көрсетеді (ГАМҚ).

Қазіргі уақытта ГАМҚ-ның жүрек-қантамыр жүйесінің реттелуіне, гормондардың түзілуіне, ұйқы үрдісіне, арнайы сенсорлы қызметтерге, қояншық, хорея, Паркинсон ауруының дамуына қатысатыны анықталды. Көптеген авторлар опиаттардың, этанолдың, барбитураттардың және бензодиазепиндердің фармакологиялық әсерлерімен ГАМҚ-ның түзілуі мен зат алмасуының арасындағы параллельдерді анықтаған. Орналасуы бойынша пре- және постсинаптикалық ГАМҚ-рецепторлар болып бөлінеді, сонымен қатар орталықты және шеткері болады.

ГАМҚ құрамында ГАМҚ- рецепторы бар жасуша мембранасының гиперполяризация және деполяризациясын шақыруына қарамастан тежегіш нейромедиатор болып табылады. Осылардың бәрі нейромедиаторлардың босап шығуын тежейді және нейроналды берілудің тежелуіне әкеледі; параллелді жүйке ұштарынан СI¯ шығуын жоғарылатады. ГАМҚ-рецепторларының бөліктері рецепторлы кешеннің құрылымды суббірліктері болып табылады, олардың құрамына бензодиазепиндермен, этанолмен, барбитураттармен, оипаттармен, нейролептиктермен және басқа заттармен жоғары туыстықпен байланысатын компоненттері болады.

ГАМҚ-рецепторлары – тежегіш нейромедиаторлар болып табылады, олар ГАМҚ рецепторларынан тұратын жасушалар мембранасының гиперполяризациясын, сол сияқты деполяризациясын туғызуы мүмкін. Осының барлығы нейромедиаторлардың босап шығуын баяулауына және нейрональды өткізгіштің тежелуіне әкеледі; параллельді жүйке ұштарынан CIˉ шығуының жоғарлауы жүреді. ГАМҚ-рецепторының бөлігі рецептор жиынтығының субъбірлігі болып табылады, оның құрамына сол сияқты компоненттер кіреді, олардың әр қайсысы бензодиазепиндерге, этанолға, барбитураттарға, опиаттарға нейролептиктерге ж.т.б. жоғары ұқсастықпен байланысады.

ГАМҚ-ның рецепторлары ОЖЖ-ның барлық аймақтарында кездеседі және кейбір эффекторлық мүшелерде де. ГАМҚ-рецепторларының әртүрлі фармакологиялық қызметтік сипаттары бар жеке типтері анықталынған. ГАМҚ-рецепторларының биохимилық әдістермен екі түрлі ГАМҚ-байланыстырушы бөлігі ашылған, олар комплементарлы құрылымдағы агонист және антагонистті екі әртүрлі конформацияда болуы мүмкін.

ГАМҚ-ның байланысушы бөліктеріне туыстығы эндогенді модуляторлар арқылы және дәрілік заттар арқылы (бензодиазепиндер, барбитураттармен және т.б.) реттеліп отырады, сонымен қатар оларға да ГАМҚ-рецепорлы кешенмен байланысатын арнайы бөлімдері болады.

Сүтқоректілердің бас миында бензодиазепиндермен жоғары туыстығы бар арнайы бөлімдерді анықтаған соң, бензодиазепиндердің және айқын анксиолитикалық әсері бар ұйықтатқыш заттардың жоғарыда аталған бөлімдермен байланысатын көлемдерінің корреляциясы анықталды. Осыған байланысты арнайы бензодиазепиндерді байланыстыратын бас миының құрылымы олардың туындайтын фармакологиялық әсерлерін көрсетеді. Бұл биохимиялық құрылымдарды бензодиазепинді рецепторлар деп атайды.

Бензодиазепиндер ГАМҚ-ның әсеріне жауап ретінде «ашық» ионды түтікшелердің өмір сүру мүмкіндігін ұзартады, олар түтікшелер санына және СI¯ қозғалысына әсер етпейді. Әртүрлі ақуызды компоненттер, сонымен қатар бензодиазепинді рецепторлар ГАМҚ-рецепторларымен және хлор түтікшелерімен аллостериялық әрекеттесуі мүмкін.

Бензодиазепиндермен әрекеттесетін ГАМҚ-рецепторларының тип тармақтарын зерттеген кезде, ол ГАМКА-рецепторлары екені анықталды. Бензодиазепинді рецепторларды анықтағаннан кейін, зерттеушілер эндогенді лигандаларды зерттеуге көшті. Олардың қатарынан тромбоксан А2 және никотинамидті қарастыруға болады.

Бензодиазепинді рецепторлардың әсер ету қызметі ГАМҚ-рецепторлы кешенімен байланысты және ГАМҚ-ергиялық синаптикалық берілумен байланысты болып келеді.

Осылайша, бензодиазепиндердің нейрохимиялық әсер ету механизмінде ГАМҚ-мен және бензодиазепинді рецепторлармен әрекеттесуі ең маңызды рөлді атқарады.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келіп, мынандай тұжырымға келуге болады: ұйқысыздық, қояншық талмалары (тырысулар) және паркинсониз сияқты патологиялық үрдістерге қатысатын, әртүрлі психотропты топтағы көптеген препараттардың әсер ету механизмі ГАМҚ-рецепторларының қатысуымен жүзеге асды. Осы мәліметтерді жинақтап, оқу бағдарламасы бойынша қарастырылатын келесі тақырыптарды талқылауға көшуге болады.

1. Ұйықтатқыш дәрілер;

2. Қояншыққа қарсы дәрілер;

3. Паркинсонизмге қарсы дәрілер.

 

8.1.Ұйықтататын дәрілер

Ұйықтататын дәрілер – ішке қабылдағанда қалыпты ұйқының туындауына әкелетін, әртүрлі топтардағы дәрілер.

Қазіргі уақытта осы мақсатпен әртүрлі фармацевтикалық топтарға жататын (транквилизаторлар, тыныштандыратын дәрілер, гистаминге қарсы, оксибутират натрия ж.т.б.) дәрілік препараттар қолданылады. Көптеген дәрілік препараттар (люминал, нитразепам ж.т.б.) әртүрлі дәрежеде қанағаттанарлық ұйқыны қамтамасыз ететін жүйке жүйесінің қозуын төмендетеді.

Замануй бензодиазепин қатарындағы (нитразепам ж.т.б.) ұйықтатқыш дәрілер барбитураттармен салыстырғанда бір қатар артықшылықтары бар. Бірақ, ұйқыны туғызу сипаты бойынша және жанама әсерлері бойынша олар физиологиялық талаптарға толық жауап бермейді. Ұйықтатқыш белсенділігі бар препараттар өздерінің әсер ету принципі мен химиялық құрылымы бойынша жіктеледі:

1. ГАМҚА рецепторларының агонисттері (бензодиазепинді);

а/ бензодиазепиндер: Нитразепам, Диазепам, Флунитрозепам, Триазолам;

б/ бензодиазепинді емес (химиялық құрылымы әртүрлі препараттар): Золпидем, Зопиклон.

2. Наркотикалық типті әсер ететін ұйықтатқыш дәрілер:

а/ гетероциклді қосылыстар, барбитураттар: Фенобарбитал;

б/ алифатикалық қосылыстар: Хлоралгидрат;

3. Әртүрлі топтағы ұйықтатқыш дәрілер:

а/ H1 гистаминді рецепторлардың тежегіштері: Доксиламин.

б/ наркозға арналған заттар: натрия оксибат;

в/ Эпифиз гормонының мелатонин препараттары. – мелатонинді рецепторлардың агонистері: Рамелтеон.

 

 

Сурет. 8.1.1. Ұйықтатқыш дәрілердің әсер ету механизмі

 

Ұйықтатқыш дәрілердің бірінші ұрпағына барбитураттар, гистаминге қарсы препараттар мен бромнан (бромизовал) тұратын препараттар жатады. Барбитураттар хлор иондары үшін хемотәуелді ионды түтікшелерде орналасқан барбитурат рецепторларымен әрекеттеседі (Сурет 8.1). Барбитураттар көрсетілген рецепторлармен әрекеттеседі, ол хемотәуелді түтікшелердің ГАМҚ сезімталдығын жоғарылатады және хлор иондары үшін ионды түтікшелердің ашылу кезеңінің жоғарылауына әкеледі – жүйке жасушалары поляризацияланады және белсенділігін жоғалтады. Бірақ, барбитураттардың әсері талдамсыз және олар тек тыныштандыратын-ұйықтатқыш ықпал туғызып қана қоймай, миорелаксациялық, тырысуға қарсы әсері мен барлық мөлшер қашықтығында анксиолитикалық әсер көрсетеді. Әсер ету ұзақтығы бойынша барбитураттар кеңінен құбылады. Барбитураттар туғызатын қалыпты ұйқыдан ерекшелінеді. Барбитураттардың бір қатар кемшіліктері бар. Олар туғызатын ұйқының қалыпты ұйқыдан айырмашылығы: олар ұйқының басталуын жеңілдетеді (маужырау), бірақ оның құрылымын өзгертеді – тез (парадоксальды, десинхронизирленген) және баяу (ортодоксальды, синхронизирленген) фазаның қатынасының өзгеруі. Жиі ұйқы үзілмелі, түстің көп, қорқынышты болуы. Одан кейін ұзаққа созылатын ұйқы, қалжырау, қозғалыс координациясының бұзылуы, нистагм және басқа да қалаусыз көріністер болады. Көп қолданған кезде тұрақтылық (үйренгіштік) дамиды және ұйқыны туғызу ықпалына қол жеткізу үшін мөлшерін жоғарылату керек. Үлкен мөлшері тынысты тежеуі, артериалды қысымды төмендетуі (тіпті тамырлардың коллапсына дейін), дене қызуын төмендетеді, диурезді азайтады ж.т.б байқалады. Кейбір науқастарда барбитураттар «парадоксальды» әсер көрсетуі мүмкін – тынышталу және ұйқының орынына қозуды туғызуы мүмкін. Алып тастау ықпалы дамуы мүмкін – препаратты қабылдауды доғару толық ұйқысыздықты туғызуы мүмкін. Барбитураттардың ең негізгі теріс әсеріне – оларды қайта қолданғанда физикалық және психикалық тәуелділік жатады.

Ұйықтатқыш дәрілердің екінші ұрпағына көптеген бензодиазепин туындылары жатады. Бензодиазепин тобының ұйықтатқыш дәрілері (нитразепам ж.т.б.) барбитураттарға қарағанда белгілі артықшылықтары бар – жақсы көтере алады. Бірақ, ұйқыны туғызатын сипаты бойынша емес, жанама әсерлері бойынша емес, олар сонымен қатар «физиологиялық» талаптарына да жауап бермейді. Барлық бензодиазепинді транквилизаторлар тобы әртүрлі тыныштандыратын әсер береді және ұйқының дамуына ықпал етеді. Қарқындылығы бойынша бұл топтың әртүрлі препараттары, жеке жақтарынан (тыныштандыратын, анксиолитикалық, миорелаксанттық ж.т.б.) бір-бірінен айырмашылығы бар. Ұйықтатқыш әсері айқын болып келетін дәрілерге нитразепам, триазолам, флунитрозепам, медазолам, флуразепам, темазепам ж.т.б. Бензодиазепинді ұйықтатқыштардың әсер ету механизмі бойынша осы қатардағы транквилизаторларға ұқсас. Олардың барлығы бас миында өзіндік бензодиазепинді рецепторлармен байланысады. Соңғы кездері бұл рецепторларды (БД1 және БД2) топтарына бөлінеді. Ұйықтататын ықпалы БД1 –рецепторларына троптылығымен түсіндіріледі. Бензодиазепинді рецепторлармен әрекеттесуі ГАМҚ-рецепторларын белсендірумен жүреді, ол орталық жүйке жүйесі жасушаларының белсендік қызметін баяулатуына әкеледі. Ұйықтататын ықпалының негізгі маңызы ми діңгегінің белсендірілуші ретикулярлы жасушаларының белсенділігін тежеуі болады.

Сонымен қатар, ұйықтатқыш дәрілердің жаңа химиялық топтары да пайда болды (зопиклон, золпидем). Ертеден келе жатқан әйгілі ұйықтатқыш дәрілерден бромизовал (бромурал) қолданылады.

Гистаминге қарсы дәрілер Н3 гистаминді рецепторларды тежейді. Гистамин – бұл ұйықтамайтын нейромедиатордың көзі болып келеді және осыған сәйкес гистаминді рецепторларды тежеуі тыныштандыратын ықпал туғызады. Гистаминге қарсы дәрілер барбитураттар сияқты ұйқының құрылымын бұзады. Егер барбитураттар хемотәуелді түтікшелердің ашылу кезеңін ұзартса, бензодиазепиндер ашылу жиілігін жоғарылатады.

8.1.1. ГАМҚ (бензодиазепиндерге ұқсас болып келеді) рецепторларының агонисттері

 

Нитразепам (Nitrazepam), радедорм, эуноктин. Нитразепам бензодиазепин туындысы болып табылады және фармакологиялық қасиеті бойынша транквилизаторларға ұқсас болады, бірақ оның ерекшелігі айқын ұйықтатқыш әсерінің болуында. Психо-эмоциялық өзгерістерді тыныштандырады, қимыл-жүрістер, ой-пікірлер төмендейді. Бірақ, көп пайданалуға болмайды, өйткені денеге тез жиналып улануға әкелуі мүмкін. Ұйқының ұзақтығы 5-6 сағатқа созылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Әртүрлі ұйқы бұзылыстарында, невроздар және үрейі басым психопатияда. Тыныштандырғыш зат ретінде қояншықты емдеу кезінде тырысуға қарсы заттармен қосып қолданады. Ересек адамдарға және қарт адамдарға ұйықтатқыш заттар ретінде 5-10 мг-нан, ал балаларға мөлшерін салмағына сай есептеу қажет.

Кері көрсеткіштері. Жүктіліктің алғашқа үш айында, миастенияда, бауыр және бүйрек қызметтерінің бұзылыстары, көлік жүргізушілерге және басқа да тез психикалық және физикалық реакцияларды қажет ететін адамдарға қолдануға болмайды.

Жанама әсерлері. Күндізгі ұйқышылдық, әлсіздік, атаксия, қимыл координациясының бұзылуы, бас ауыруы, кереңдік, жоғары мөлшерде бас айналу.

Шығарылу түрі. 5 және 10 мг таблеткалар N.10, 20. 100

Рецепт үлгісі. Rp.: Nitrazepami 0,005

D.t.d. N. 7 in tab.

S. 1 таблеткадан ұйқының алдында 20-30 минут алдын.

#

Диазепам (Diazepam), реланиум, седуксен, сибазон. Диазепам бензодиазепинді транквилизатор, тыныштандыратын, үрейге қарсы, ұйықтатқыш, орталықты миореласациялаушы және тырысуға қарсы әсер көрсетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Невроз тәрізді және психопаттық тәрізді бұзылыстар, үрей, қорқыныш, тырысу синдромы, психомоторлы қозғыштық, премидикация, маскүнемдік абстиненция, ұйқының бұзылуы. Ересектерге ішке 2,5-10 мг-нан күніне 1-2 рет (ұйқысыздық кезінде ұйықтар алдында), 1-5 жастағы балаларға тәулігіне 2 рет, көктамырға және бұлшық етке (жедел қозу кезінде және тырысу реакцияларында) 5-10 мг-нан 1-2 мл 0,5% ерітінді тәулігіне 2-3 рет.

Кері көрсеткіштері. Жедел бауыр және бүйрек аурулары, миастения, наркотикалық немесе маскүнемдік тәуелділігі, глаукоманың жедел ұстамасы, жабық бұрышты глаукома, жүктілік, емшекпен емізу.

Жанама әсерлері. Ұйқышылдық, бұлшықеттің әлсіздігі, атаксия, диплопия, нистагм, дірілдеу, зейіннің тез реакциясы және зейін қоюдың төмендеуі, брадикардия, нейтропатия, іш қатуы, либидоның төмендеуі, аллергиялық реакциялар, ұзақ уақыт қолданған кезде – тәуелділік дамиды, есте сақтаудың бұзылуы.

Шығарылу түрі. 2,5; 5, 10 және 20 мг-ды драже (таблетка) N.10, 20, 30, 50; 10 мг тік ішек балауыздары; 0,2 және 0,5% 2,5 мл-гі тік ішекке енгізуге арналған түтіктегі ерітінді; 0,5% 1 және 2 мл-гі ерітінді N.5, 10 егуге арналған ампулада.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Diazepami 0,5% - 2,5 ml

D.t.d. N. 5

S. Түтіктің құрамын 20 – 30 мл сумен араластырып, клизма ретінде тағайындау қажет.

#

Флунитрозепам (Flunitrazepamum), рогипнол. Ұзақ әсер ететін бензодиазепин туындысы болып табылады, бұл препаратты қолданған кезде ұйқының тереңділігі жоғарылап, ұйқы 6-8 сағатқа дейін созылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ұйқысыздық, невроздар, маскүнемдік кезіндегі абстинентті синдром, премедикация және наркоздың индукциясы мен бір қалыпта ұстап тұруы. Ұйықтар алдында 30 минут алдын ішке 0,5-2 мг қолданады; көктамырға және бұлшықетке премедикация үшін 0,015-0,03 мг/кг; наркозды индукциялау үшін көктамырға 1-2 мг-нан.

Кері көрсеткіштері. Ауыр тыныс, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі, миастения, жүктілік, емшекпен емізу кезінде қолданбайды.

Жанама әсерлері. Бас айналу, бас ауыру, парестезиялар, оянғаннан соң бағыттан адасу, күндізгі уақыттағы ұйқышылдық, депресияның өршуі, атаксия, диплопия, эпилептиформты ұстамалар, бұлшықеттік әлсіздік, диспепсиялық бұзылыстар.

Шығарылу түрі. 1 және 2 мг таблетка N.10, 20; 0,2% 1 мл ампуладағы ерітінді.

Триазолам (Triazolam), х альцион. Триазол айқын ұйықтатқыш әсерге ие болып келеді. Триазол нитразепамға қарағанда ұзақтылығы төмен болып келеді. Ұйқының бұзылуы кезінде ұйықтау уақыты қысқарады және түнде ояну азаяды, жалпы ұйқының ұзақтылығы ұзарады. Триазол жаңа препарат болып табылады, сондықтан оны бақылаусыз тағайындауға болмайды.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Қысқа уақытты және өтпелі ұйқының бұзылыстарында; ұйқының ұзақ бұзылыстарында (қосарланған терапияның құрамына кіреді). Ересектерге бастапқы мөлшерді 250 мкг-нан ұйықтар алдында тәулігіне 1 рет тағайындайды, кейде 125 мкг жеткілікті болып келеді. Емдеу курсы 4 күннен 3 айға дейін созылады.

Қолдануға кері көрсеткіштер. Бензодиазепиндерге жоғары сезімталдылық болған кезде.

Жанама әсерлері. ОЖЖ және сезім мүшелері жағынан: ұйқышылдық, бас айналу, керендік, координациялық бұзылулар, атаксия. Кейде – зейін қоюдың қиындауы, естің, сананың, көрудің, дәм сезінудің бұзылуы; депрессия. Сонымен қатар агрессияның дамуы, жоғары қозғыштық, координациялық бұзылулар мен атаксия, елестер, сомнамбулизм, тероградты амнезия болуы мүмкін.

Шығарылу түрі. 0,25 мг таблеткалар N.10, 20. 30

Фенобарбитал (Phenobarbitalum), люминал. Фенобарбитал - барбитурат қышқылының туындысы, өте күшті ұйықтататын дәрілер, тырысуға қарсы және тыныштандыратын әсері бар. Мидағы нейрондардың қозуын тежейді.

Фенобарбиталдың бір қасиетіне – бауыр ферменттерінің «индукциясын» туғызатын қабілеті бар және ферменттік жүйесінің монооксигеназа белсенділігін күшейтеді, яғни бір мезгілде басқа дәрілермен бірге қолданғанда, олардың әсері әлсіреуі мүмкін.

Ұйқы әсері 8-12 сағатқа созылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жедел ұйқы қашқанда, негізгі қояншыққа қарсы, нәрестелердің гемолитикалық аурулары, жүйке жүйесі қозғанда және хореяда қолданылады. Ұйықтататын зат ретінде ересектерге ұйықтар алдында 100 – 200 мг-нан, балаларға тәулігіне 3 – 5 мг/кг-нан тағайындау қажет.

Кері көрсеткіштері. Бауыр және бүйрек қызметтерінің бұзылуымен жүретін ауыр зақымдалулар, маскүнемдік кезінде, наркотикалық тәуелділік, миастения, жүктіліктің алғашқы 3 айында және емшекпен емізу кезінде.

Жанама әсерлері. Кейде денеде жиналады, улану және тәуелділік пайда болуы мүмкін. ОЖЖ-нің қызметінің тежелуі, артериялық қан қысымының төмендеуі, қан формуласының солға ығысуы, тері бөртпесі ретіндегі аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. Балаларға арналған 5 мг таблеткада N. 6, 10, ересектерге арналған 50 және 100 мг N.6; Балаларға арналған ішке қолданатын 0,2% 100 мл сауыттағы ерітінді. Келесі препараттардың құрамына кіреді «Андипал», «Белласпон», «Валокордин», «Корвалол», «Пенталгин» және т.б.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Phenobarbitali 0,2% - 100 ml

D. S. 30 мин ұйқыға жатар алдында 1–2 чай қасықпен ішуге.

#

Андипал (Andipalum) құрамына метамизол (анальгин) + дибазол + папверин + фенобарбитал кіреді. Ауыру сезімін басатын және спазмолтикалық әсері бар таблеткалар болып табылады.

Белласпон (Bellasthesinum) құрамында белладоннаның тамырының алкалоидтық қосындысы бар + эрготамин + фенобарбитал. Вегетативті невроздарда тыныштандыратын зат ретінде қолданады. Тәулігіне 1 таблеткадан 2-3 рет.

Шығарылу түрі. Таблеткалар N.15, 30.

 

Валокордин (Valocordinum), валоферин, лавокордин. Валокордин (бромизовалериан қышқылының этил эфирі + фенобарбитал + жалбыз майы және құлмақ жаңғағы) тыныштандыратын зат ретінде: невроздар, жоғары тітіркендіргіштік, айқын көрінбейтін стенокардия көріністері, тахикардия, ұйқысыздық. Ішке күніне 15-30 тамшыдан 2-3 рет тағайындайды.

Шығарылу түрі. 20 және 50 мл сауыттағы ерітінді.

 

Корвалол (Corvalolum) құрамында бромизовалериан қышқылының этилді а-эфир + фенобарбитал + күйдіргіш натрий + жалбыз майы + этил спирті. Тыныштандыратын, спазмолитикалық және тамырды кеңейткіш әсері бар. Негізгі көрсеткіші: невроздар, ұйқысыздық, күре тамырдың тарылуы, тахикардия. Ішке күніне 15 – 30 тамшыдан 2 – 3 рет тағайындау қажет.

Шығарылу түрі. Ішке қолдануға арналған 15, 20, 25, 30 және 50 мл сауыттағы -тамшы ерітіндісі (тамшы).

Пенталгин-ICN (Pentalginum-ICN), квинталгин, пентамиалгин. Пенталгиннің құрамына кіреді: парацетамол + анальгин + кодеин + кофеин + фенофарбитал. Ауыруды басатын, қызуды түсіретін және қабынуға қарсы зат ретінде қолданады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бас және тіс ауыруы, миалгия, невралгия, дисменорея, радикулит, қызба, тұмау аурулары. Ішке тәулігіне 1 табелеткадан 1-3 рет тағайындайды.


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 790 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.014 сек.)