АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Адренотежегіштер 10 страница. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Үрей, толқыныспен жүретін невроздарда

Прочитайте:
  1. B)новокаинмен жансыздандыру 1 страница
  2. B)новокаинмен жансыздандыру 2 страница
  3. B)новокаинмен жансыздандыру 3 страница
  4. B)новокаинмен жансыздандыру 4 страница
  5. B)новокаинмен жансыздандыру 5 страница
  6. B)новокаинмен жансыздандыру 6 страница
  7. B)новокаинмен жансыздандыру 7 страница
  8. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 1 страница
  9. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 10 страница
  10. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 2 страница

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Үрей, толқыныспен жүретін невроздарда, сондай–ақ жалпыланған үрейлі бұзылыстарда, жарақаттан кейінгі күйзелісті жағдайларда, фобиялар, обсессивті-компульсивті бұзылыстарда, психо-реактивті жағдайларда, эмоционалды-психо-реактивті жағдайларда, генезі әртүрлі депрессивті жағдайларда болатын үрейленуде, ұйқысыздық, психо-соматикалық бұзылыстар, хирургиялық және диагностика алды шараларда, бастың күшті ауыруында, лоқсу, құсу, химиотерапия салдарынан болатын қояншықта, маскүнемдік делирий, созылмалы маскүнемділікте болатын абстинентті синдромда (біріктірілген емнің құрамына кіреді). Мөлшерлеу тәртібі және емдеу курсының ұзақтылығы, қатаң тәртіппен жеке дара тағайындалады. Неврологиялық тәжірибеде — 1 мг-нан тәулігіне 2–3 реттен тағайындалады; психиатриялық тәжірибеде — 4–6 мг/тәулігіне; ұйқысыздықта — 1–2 мг ұйықтар алдында 30 минут бұрын тағайындалады.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, сондай ақ, басқа бензодиазепиндерге жоғары сезімталдылық, миастения, жабық бұрышты глаукома, ОЖЖ қызметін тежейтін заттармен жедел улануда, тыныс, бауыр жетіспеушілігі, жүктілік (әсіресе I үш айында), емшекпен емізу, 18 жасқа дейін.

Жанама әсерлері. Жүйке жүйесі және сезім мүшелері жағынан: әлсіздік, енжарлық, ұйқышылдық, дезориентация, бастың ауруы, бастың айналуы, депрессия, атаксия, ұйқының бұзылысы, ажитация, көрудің бұзылылысы, амнезияның эпизодтары. АІЖ жағынан: ауыздың құрғауы, лоқсу, құсу, іштің өтуі, тәбеттің өзгеруі. Тері-қабаты жағыныан: эритема, есекжем. Үйренгіштік, дәріге тәуелділік дамуы мүмкін, айыру синдромы rebound-синдром дамуы мүмкін.

Шығарылу түрі. 0,5, 1, 2 және 2,5 мг таблеткада N.10, 20, 100; 1 және 2,5 мг N.25.

8. 3. Паркинсонизмге қарсы дәрілер

Паркинсон ауруы және паркинсон көріністері – орталық жүйке жүйесінде өзіндік өндірілетін – дофаминнің, мидың ерекше аймағының зақымдалуында болатын бұзылыстар. Нәтижесінде біртіндеп дофаминнің жеткіліксіздігінің симптомдары дамиды: қозғалыстың баяулауы, тыныш күйде қолдың дірілдеуі, автоматикалық қозғалыстардың бұзылыстары, мысалы, жүрген кездегі қолдың тербелісі, аяқты сүйрету мен кішкентай қадамдар, беттің қалшиып қалуы, бетте және баста кебектенетін экзема, сонымен қатар шамалы психикалық бұзылыстар.

Паркинсон ауруы созылмалы болып келетін ауру, ол кезде экстрапирамидтік жүйенің ядролары бұзылады. Бүл ауру кезінде базальды ядрода (құйрықты және қабықшадан тұратын жолақ денеде), сонымен қатар қара субстанция деп аталатын боз шарда дофаминнің мөлшері төмендейді, ол өзіне құйрықты ядро мен қабықшадан тұратын құрылымға тежегіш әсер көрсетеді. Аталған құрылым жұлын миының қызметін реттейді. Бас миының оральды бөліміндегі дофаминнің жеткіліксіздігі паркинсонизм кезінде біріншілік биохимиялық ақау болып саналады.

Сонымен қатар, паркинсонизм патогенезінің жеке көріністерінде серотонинергиялық, норадренергиялық, ГАМҚергиялық және пептидергиялық жүйелер қатысуы мүмкін.

Дофамин, басқа катехоламиндер сияқты ағзада амин қышқылдары фенилаланиннен түзеледі: фенилаланин тирозинге ауысады, ол ДОФА-ға, ол өзінің кезегінде дофаминге өтеді, одан норадреналин түзеледі және кейін адреналин. Әр бір осы кезеңдер өзіндік ферменттерді қажет етеді. Мысалы, ДОФА дофаминге айналуына ДОФА-декарбоксилазамен жүреді (сурет 8.3.1.).

 

 

Сурет. 8.3.1. Дофаминнің метаболизмі мен ықпалы

ДОФА – диоксифенилаланин; ДДК – ДОФА – декарбоксилаза; ДА – дофамин; ГЭБ – бас миының тамыр аралық тосқауылы; ОЖЖ – орталық жүйке жүйесі.

 

Паркинсон ауруның патогенезі мен оның синдромдық түрлері түсініксіз. Бірақ анықталған, бұл жағдайлар нигростриарлы дофаминергиялық нейрондардың дегенерациясымен және/немесе стриопаллидарлы жүйеде дофамин мөлшерінің азаюымен жүреді. Дофаминнің жеткіліксіздігі холинергиялық интернейрондардың белсенділігінің жоғарылауына алып келеді және оның салдарынан нейрон аралық жүйенің тепе-теңдігі дамиды. Дофаминергиялық және холинергиялық неротрансмиссия арасындағы тепе-теңдік бұзылыстары гипокинезиямен (қозғалудың шектелуі), тарылумен (қаңқа бұлшықеттерінің айқын гипертонусы) және тыныш күйдегі дірілдеулермен (үнемі еріксіз саусақтардың, қолдың, бастың ж.т.б дірілдеуі) жүреді. Сонымен қатар науқастарда постуралды бұзылыстар, сілекей бөлінуінің жоғарлауы, тершеңдік және май бездерінің бөлінуінің жоғарлауы, тітіркендіргіштік және жылауық байқалады.

Паркинсон ауруының негізгі фармакотерапиясына – дофаминергиялық және холинергиялық нейротрансмиссия арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру жатады, атап айтқанда: дофаминергиялық қызметті кұшейту немесе холинергиялық жоғары белсенділікті басу.

Жанама ықпалдарды төмендету әдістері:

1. Шеткі дофадекарбоксилазаны (ДДК) тежеу: карбидопа, бенсеразид (ГЭК арқылы өтпейді – орталық ДДК тежемейді, ОЖЖ дофаминнің шоғырымы жоғарылайды). Қазіргі кезде леводопаны карбидопамен біріктіреді (паркинсонизмнің негізгі еміне жатады).

2. КОМТ тежейтін дәрілерді қолдану: энтакапон (левадопаның метаболизмін төмендетеді)

3. Шеткі дофаминді рецепторлардың тежегіштерін қолдану: домперидон (ОЖЖ өтпейді, тек шеткі тежейді, құсудың алдын алады)

4. Антипсихотикалық дәрілер: клозапин (психотикалық ықпалды талдамды шеттетеді, ОЖЖ дофаминді рецепторлардың тежегіштері). D4- және D2-рецепторларға әсер етеді, тікелей D4. Бадамды дененің фронтальды қыртысындағы рецепторларға әсер етуімен жүреді.

ОЖЖ дофаминергиялық өткізгіштігін күшейтетін дәрілік заттарға жататындар: дофаминді рецепторлардың агонисттері леводопа, В типті МАО баяулатқыштары мен катехол-О-метилтрансферазасы (КОМТ) ж.т.б.

Дофамин және холинергиялық нейромедиатор жүйесі арасындағы тепе-теңдік бұзылуының туындауын дәрілермен реттейді. Дофаминергиялық препараттардан басқа, сонымен қатар орталықты холинотежегіштер деп аталатын дәрілерді қолданады.

Сонымен паркинсонизм кезінде қолданылатын барлық қолдағы бар және қолданылатын дәрілерді негізгі екі топқа бөледі:

І. Холинергиялық дәрілер: циклодол, тремблекс (орталыққа әсер ететін әсері қзартылған холинолитик).

ІІ. Дофаминергиялық дәрілер:

1) Дофаминнің везикуладан бөлінуін ынталандыратын дәрілер - амантадин; селегилин.

2) Дофаминді рецепторларды қоздыратын дәрілер - бромкриптин; лизурид; пиребедил ж.т.б.

3) Дофаминнің синтезін ынталандыратын дәрілер: (дофаминнен тұратын әсері ұзартылған препараттар): леводопа; наком (Леводопа + Карбидопа); мадопар (Леводопа+Бенсеразид).

 

8.3.1. Холинергиялық дәрілер

Тригексифенидил ( Trihexyphenidylum), циклодол. Препарат орталыққа әсер ететін паркинсонизмге қарсы дәрі. Ол паркинсонизммен ауыратын науқастардағы бұлшықеттің тарылуын, қозғалыстың шектеулерін, сілекейдің ағуын, тершеңдікті азайтады, дірілдеуге әлсіз әсер етеді. Циклодол әлсіз спазмолитикалық әсер көрсетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Мұны жиі Паркинсон ауруында, кез келген жағдайдан туындаған, сонымен қатар дәрілік паркинсонизмде қолданады. Сол сияқты Литтля ауруын емдеу үшін, бас миының ауруларымен байланысты спастикалық салдануларда тағайындайды. Қабылдауды 0,0005 г күніне тамақпен бірге немесе тамақтан соң күніне 1-2 реттен тағайындайды. Циклодолдың әсері 1 сағаттан кейін басталады және 6-12 сағатқа созылады.

Кері көрсеткіштері. Зәрдің ұсталуы, аталық безінің аденомасы, глаукома, жүрекшенің фибрилляциясы, АІЖ обструтивті аурулары, жүктілік.

Жанама әсерлері. Ауыздың құрғауы, зәрдің ұсталуы, жүрек соғуының жиілуі. Көз қарашығының ұлғаюы, көзбен қабылдаудың анық болмауы, көз ішілік қысымның жоғарлауы, көздің ауырсынуы мүмкін. 60 жастан үлкен адамдарда, сонымен қатар атеросклероз кезінде препаратқа жоғары сезімталдық болуы мүмкін. Препаратты мөлшерден жоғары қабылдаған кезде лоқсу, құсу, мазасыздану, психикалық және қозғалыс қозулары, елестер, сандырақтар болады.

Шығарылу түрі. Таблетка 1, 2 және 5 мг N. 50.

Рецепт үлгісі. Rp.: Trihexyphenidyli 0,001

D.t.d. N. 50 in tab.

S. 1 таблеткадан күніне 2-3 реттен.

#

Тремблекс (Tremblіx), дексатимид. Трембликс орталық холинотежегішке әсері бар, қыртыс асты қозғалтқыш орталықтарын тежейді және паркинсонизммен ауыратын науқастарға қолайлы әсер етеді. Препарат сонымен қатар, спазмолитикалық және ауыру сезімін басатын қасиетке ие. Әсер етуі ұзартылған преперат. Әсер ету ұзақтығы бір рет бұлшықетке енгізгеннен кейін 2-4 күннен кейін ғана дамиды.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Паркинсонизмде және әсіресе нейролептикалық препараттарды қолданудан туындаған, экстрапирамидалық бұзылыстарды емдеуде, сондай ақ алдын алуы үшін қолданылады. Ересектерге нейролептиктермен бірге препаратты 0,125-0,375мг (1-3мл) мөлшерде бұлшықетке енгізеді.

Кері көрсеткіштері. Басқа холинолитикалық препараттардың кері көрсеткіштеріне ұқсас. Глаукомамен, аталық безінің аденомасы бар науқастарға сақтықпен тағайындайды, жүктілік кезеңінде, Паркинсон ауруында.

Жанама әсерлері. Ауыздың құрғауы, сусау, аккомадацияның бұзылыстары, тахикардия, несеп шығуының қиындауы, ішек атониясы, бас айналу, бас ауыру, фотофобия.

Шығарылу түрі. Көктамыр ішілік егуге арналған ампуладағы 0,125% ерітінді 2 мл (0,125 мг/мл).

Биперидин (Biperidenum), акинетон. Биперидин - орталықты әсер ететін холинотежегіштер, әсер ету қасиеті бойынша тригексифенидилге ұқсас.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Паркинсон ауруында, нейролептикалық заттармен емдеу кезіндегі экстрапирамидалық бұзылыстарда қолданылады. Ішке 1-2 мг–нан тәулігіне 2 реттен 16 мг-нан тағайындайды; бұлшықет ішілік және көктамыр ішілік 2,5-5 мг-нан енгізіледі.

Кері көрсеткіштері. Глаукома, аталық безінің қатерсіз гиперплазиясында, жүктілік, емшекпен емізу.

Жанама әсерлері. Ауыздың құрғауы, аккомадация бұзылыстары, диспепсиялық бұзылыстар, тахикардия, ұйқышылдық, елестер, есте сақтау қабілетінің бұзылыстары.

Шығарылу түрі. Таблеткада 2 мг N.20, таблетка ретард 4 мг N. 10, 20, 30, 60; ампуладағы 0,5%-1 мл ерітінді N.5.

8.3.2. Дофаминергиялық дәрілер

Амантадин, Селегилин, Бромокриптин (6.1. Дофаминді рецепторларға әсер ететін заттарды қара).

 

Лизурид (Lysuridum) серотониндік белсенділікке қарсы әсерге ие. Сонымен қатар дофаминді рецепторларға агонист болып келеді және сол жағынан бромкриптинге жақын болып табылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бас сақинасын емдеуде (бастысы ұстамалардың алдын алу үшін). Ұстамалардың күшін және жиілігін азайтады. Дофаминергиялық белсенділікке байланысты белгілі дәрежеде паркинсонизм кезінде тиімді және бромокриптинге ұқсасастығына байланысты акромегалияны емдеуде орыны ерекше (қол саусақтарының, мұрынның, төменгі жақтың ұлғаюымен көрінетін эндокринді аурудың түрінде және т.б.) және гиперпролактинемиялық гипогонадизмде (гипофиздің гормоны пролактиннің қанға көп бөлінуі нәтижесіндегі жыныс мүшелерінің дұрыс жетілмеуі). Ішке 0,025 мг таблеткадан тағайындайды. Бас сақинасы және аллергиялық ауруларда 1 таблеткадан тәулігіне 2-3 рет қабылданады.

Кері көрсеткіштері. Препарат окситоцикалық (жатырдың жиырылуын ынталандыратын) әсерге ие емес, сондай-ақ жүктілерге тағайындамайды. Сонымен қатар, қан қысымы төмен науқастарға тағайындауға болмайды, шеткі қан айналым бұзылыстарында, жүректің ишемиялық ауруында, айқын бауыр және бүйрек бұзылыстарында тағайындауға болмайды.

Жанама әсерлері. Лизуридті қолданғанда диспепсиялық бұзылыстар болуы мүмкін (асқорытудың бұзылыстары), ұйқышылдық, тахикардия (жүрек соғысының жиілеуі), артерия қысымының жоғарылауы.

Шығарылу түрі. Таблеткада 25 мг N. 4, 6, 10.

Пиребедил (Pirеbedilum), проноран. Пиребедил - дофаминомиметикалық, паркинсонға қарсы зат. Дофаминді рецепторлардың агонистті болып табылады. Әсіресе экстрапирамидалық жүйенің ядроларындағы ОЖЖ-гі дофаминді рецепторларды ынталандырады. Ми тіндерін қанмен қамтамас етуін жақсартады, олардың оттегіні алуын қамтамасыз етеді, ми метаболизмін жақсартады. Қыртысты нейрондарының электрлік белсендігін жоғарылатып, жүйке импульстарының берілуін ынталандырады (сергектік кезеңімен қатар, ұйқылы кезеңде). Тамырдың тегіс салалы бұлшықеттерінің шеткі дофаминді рецепторын қоздырады және вазодилатациялық әсер береді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Қартаю үрдісіндекогнитивті қызметтің созылмалы бұзылыстарында және нейросенсорлы жетіспеушілік кезінде қосымша симптоматикалық ем ретінде (сонымен қатар зейін және есте сақтау қабілеті бұзылғанда); Паркинсон ауруында, аяқ артерияларының бітелуінде болатын ауыспалы ақсаңдықта көмекші симптоматикалық ем ретінде тағайындайды, ишемиялық генезді офтальмологиялық аурудың симптомдарында ем ретінде (сондай-ақ, көру өткірлігінің төмендеуі, көру алаңының тарылуы, түс ажыратылуының төмендеуі). Ішке тамақтан соң тәулігіне бір реттен 50 мг, қажет жағдайда тәулігіне 2 реттен 50 мг таблеткадан қабылдананды. Паркинсон ауруы: монотерапиясында — 150–250 мг/тәулігіне 3-5 реттен; леводопамен қоса — 100 –150 мг тәулігіне 2-3 реттен қабылданады.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, артериалды гипотензия, коллапс, миокард инфарктісі (жедел фазасы), айқын антипсихотикалық қасиеті бар (клозапиннен басқасы) нейролептиктермен бірге қолданылмайды, жүктілік, емшекпен емізу.

Жанама әсерлері. Мазасыздану, қозу, ұйқышылдық, психикалық бұзылыстар; ортостатикалық гипотензия; лоқсу, құсу, метеоризм.

Шығарылу түрі. Таблеткада 50 мг N.10, 20, 30.

Леводопа (Levodopа) дофаминнің із ашары болып табылады. Гипокинезияны, тарылуды, дірілдеуді, дисфагияны, сілекей ағуды шеттетеді. Леводопаның паркинсонизмге қарсы әсері оның ОЖЖ-де тікелей дофаминге айналуымен байланысты, ол ОЖЖ дофамин жеткіліксіздігін толықтырады. Көп бөлігі шеткі тіндерде дофаминге айналады; онда түзелген дофамин леводопаның паркинсонизмге қарсы ықпалына қатыспайды (ОЖЖ өтпейді) және оның көптеген жанама әсерлеріне жауап береді. Осыған байланысты леводопаны шеткі дофа-декарбоксилаза баяулатқыштарымен біріктіріп қолданады (кабидопа, бенсеразид), ол леводопа мөлшерін және жанама ықпалдарын айтарлықтай төмендетеді. Терапиялық ықпалы 6-8 күннен кейін байқалады, ал ең жоғары әсері 25-30 тәуліктен кейін дамиды.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Паркинсон ауруы, паркинсонизм синдромы (тек антипсихотикалық дәрілер туғызғаннан басқа жағдайлар). Емді аз мөлшерден бастайды, біртіндеп оны тиімді мөлшерге дейін жоғарылатада әр бір науқас үшін. Бастапқы мөлшері 0,25-1 г. тәулігіне 2-3 реттен қабылдауға. Мөлшерін біртіндеп жоғарылатады 0125-0,75г. әр бір 2-3 күнде, көтере алуына байланысты және тиімді терапиялық ықпалға қолжеткізуге дейін.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, бір мезгілде МАО баяулатқыштарымен бірге, жүктілік, лактация кезеңінде, балаларға (12 жасқа дейін). Бүйректік, бауырдың, өкпенің, эндокрин жүйесінің, жүрек-қан тамырларының ауруларында сақтықпен қолдану керек, психозда, жабық бұрышты глаукомада (бейімділік жағдайында) және ашық бұрышты глаукомада (созылмалы барыста), бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі, меланома (сонымен қатар анамнезінде), ОЖЖ тежелуі, тырысу талмаларында, бронх демікпесі, өкпе эмфиземасы, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара аурулары, миокардтың инфаркты, (сонымен қатар анамнезенде, жүрекше, түйінді немесе қарынша аритмиялары), жүрек ырғағының бұзылуы (анамнезенде).

Жанама әсерлері. Тәбеттің төмендеуі, лоқсу, құсу, іштің қатуы, дисфагия, АІЖ шырышты қабаттарының жаралануы, гастралгия, асқазан ішектен қан кетулер, ұйқышылдық немесе ұйқының болмауы, үрейлену, бастың айналуы, параноидты жағдайлар, гипомания, эйфория, депрессия, деменция, атаксия, тырысулар, спастикалық мойынның қисықтығы, дискинезия, хореиформды, дистониялық және бақыланбайтын қозғалыстар, ортостатикалық гипотензия, аритмия, тахикардия, лейкопения, тромбоцитопения.

Шығарылу түрі. 250 және 500 мг таблеткада және капсулада.

Наком (Nakomum), леводопа + карбидопа, синдопа, синемет. Наком біріктірілген дәрі - карбидопа (ароматты аминқышқылдарының декарбоксилазасының баяулатқыштары) мен леводопаның біріктірілуі (дофаминнің ізашары). Гипокинезияны, тарылуды, дірілдеуді, дисфагияны, сілекейдің шұбыруын жояды. Левадопаның паркинсонизмге қарсы әсері оның ОЖЖ-де тікелей дофаминге айналуына байланысты, ол ОЖЖ-де дофаминнің жетіспеушілігінің орнын толтырады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Паркинсон ауруы, паркинсонизм синдромы (антипсихотикалық дәрілік заттардан тыс) - постэнцефалитикалық цереброваскулярлы аурудың тұсындағы, улы заттармен уланғанда (соның ішінде көмірқышқылды газ және Mn). Ішке қолданылады 1/4 таблеткадан (250 мг/25 мг) тәулігіне 2-3 рет, содан соң мөлшерін 1/4 таблеткадан жоғарылатып, әр 2-3 күн сайын тиімді ықпалға жеткенше қолданылады. Әдетте тиімді ықпалы 1-2 таблетка мөлшерінде пайда болады, тәулігіне (250 мг/25 мг). Ең жоғары тәуліктік мөлшері – левадопаның 1,5 г және 150 мг карбидопаны (6 таблеткадан 250мг/25 мг) қабылдағанда дамиды.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, жабық бұрышты глаукома, ауыр психоз немесе психоневроз, меланома және оған күдіктенгенде, этиологиясы белгісіз терілік аурулар, жүктілік, лактация кезеңі, 12 жасқа дейінгі жас балаларға. Абайлап тағайындау керек: ырғақ бұзылысымен жүретін миокард инфакртісі (анамнезінде), бронх демікпесі, өкпе аурулары, қояншық талмалары (анамнезінде), АІЖ эрозивті-жаралы зақымдалуларында, қант диабеті және басқа да декомпенсацияланған эндокринді ауруларда, ауыр бүйрек және бауыр жетіспеушілігінде.

Жанама әсерлері. Лоқсу, құсу, тәбеттің төмендеуі, эпигастридегі ауырсыну сезімі, дисфагия, ульцерогенді әсерлер, бөлек жағдайларда – ырғақтың бұзылыстары, ортостатикалық гипотензия, гемолитикалық қаназдық, лейкопения, тромбоцитопения, психикалық бұзылыстар, ұйқысыздық, жоғары қозғыштық, депрессия.

Шығарылу түрі. Таблеткада (250 леводопа и 25 карбидопа) N. 10, 100.

Рецепт үлгісі. Rp.: Tab. Nakom N. 100

D.S. ½ - 4 таблеткадан тәулігіне 1 – 2 рет.

#

Мадопар (Madoparum), леводопа + бенсеразид. Мадопар – шеткі баяулатқыш. Левадопаның паркинсонға қарсы әсері, оның тікелей ОЖЖ дофаминге айналуымен және ОЖЖ-де дофаминнің жетіспеушілігінің орынын толтырумен жүреді. Көп бөлігі шеткі тіндерде дофаминге айналады; осында түзілген дофамин паркинсонизмге қарсы ықпалды жүзеге асырмайды (ОЖЖ-не өтпейді) және оның көптеген жанама әсерлеріне жауапты. Бенсеразид - дофа-декарбоксилазаның шеткі баяулатқышы болып табылады, шеткі тіндерде түзіліуін азайта отырып, ОЖЖ-не түсетін леводопаның санын көбейтеді. Леводопа мен бенсеразидтің тиімді қосарлануы 4:1 қатынасындай. Айқын терапиялық әсері, 6-8 күннен кейін ғана, ал ең жоғары әсері - тек 25-30 тәуліктен кейін байқалады. ГСС капсулалары - жаңа дәрілік түр, қан сары суында тиімді терапиялық шоғырымын тез жасауға мүмкіндік береді (бірнеше сағат ішінде) және мүлтіксіз қамтамасыз етуге қабілетті.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Паркинсон ауруы, паркинсонизм синдромы (антипсихотикалық заттардан тыс пайда болғаннан). "Мазасыз аяқ" синдромы, сонымен қатар, идиопатиялық және диализдегі созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарда. Мөлшері клиникалық сипаттамасына, жағдайына және аурудың ауырлық дәрежесіне ескере отырып, жеке дара тағайындалады. Аурудың басты сатыларында: 50мг леводопаны және 12,5 мг бенсеразид 3-4 реттен тәулігіне береді, жақсы көтере алған кездерде біртіндеп мөлшерін жоғарылатады. Тиімді ықпалы левадопаны тәулігіне 300-800мг және бенсеразидті 75-200 мг қабылдағанда дамиды. Ұстап тұрушы емі: 0,125 г (левадопа 100 мг және бенсеразидті 25 мг) тәулігіне 3-6 реттен тағайындалады.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, ауыр жүрек-тамыр, эндокринді жүйе, бауыр, бүйрек қызметтерінің бұзылыстары (диализдегі «Мазасыз аяқ» синдромындағы науқастардан тыс), психикалық аурулар психотикалық құрамамен, жабық бұрышты глаукома, бір мезгілді талдамсыз әсер ететін МАО немесе МАО-A мен МАО-B баяулатқыштарымен біріктіруде, жүктілік, лактация кезеңі, 25 жасқа дейін, сенімді ұрықтануға қарсы әдістерді қолданбайтын бала туатын жастағы әйелдерге.

Жанама әсерлері. Анорексия, лоқсу, құсу, іштің өтуі, дәм сезінудің жоғалуы немесе өзгеруі, ауыз қуысының шырышты қабатының құрғауы, аритмия, ортостатикалық гипотензия, гемолитикалық қаназдық, транзиторлы лейкопения, тромбоцитопения, бастың ауыруы, бастың айналуы, үрейлену, ұйқысыздық, елестер, сандырақтар, уақытша болатын дезориентация, депрессия.

Шығарылу түрі. Капсулалар (100 мг леводопа және 25 мг бенсеразида) және таблеткада (200 және 50 мг сәйкес) N. 10, 100.

Рецепт үлгісі. Rp.: Tab. Madopar N. 100

D.S. ½ - 2 таблеткадан тәулігіне 3-4 рет

#

«ГАМҚ-рецепторларына әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар

1. Үлкен тырысу ұстамаларында қолданылатын таңдаулы препарат:

а/ леводопа, клоназепам;

б/ амантадин, этосуксимид;

в/ фенитоин, леводопа;

г/ фенобарбитал, фенитоин;

д/ ламотриджин; тригексифенидил.

***

2. “Әмбебап” тырысуға қарсы заттарды атаңыз:

а/ топирамат, клоназепам;

б/ клофелин, фенитоин;

в/ бензобарбитал, примидон;

г/ клоназепам, натрия вальпроат;

д/ лоразепам, натрия вальпроат.

***

3. Тырысуға қарсы заттардың негізгі қолданысы:


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 743 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.013 сек.)