Адренотежегіштер 17 страница
Шығарылу түрі. Мөлшерленген аэрозоль ерітінді түрінде және суспензия ретінде 50, 100, 200 және 250 мкг/мөлшер (80 және 200 мөлшер) ингаляцияға арналған баллонда; 100, 200 және 400 мкг/мөлшер (200 мөлшер) ингаляцияға арналған капсуладағы ұнтақ.
Рецепт үлгісі. Rp.: Aerosoli Beclometasoni 0,00005
D.S. Тәулігіне 1 – 4 мөлшерден 2 – 3 рет
#
Будесонид (Budesonidum), апулеин, пульмикор. Будесонид – қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және бронхты кеңейтуші дәрілер.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық ринит, бронхоспастикалық жағдай, атопиялық дерматит, экзема, псориаз, Крон ауруы. Ингаляциялық жолмен ересектерге 1-4 мөлшерде будесонид митенің немесе 1-2 мөлшерде будесонид фортені, ал балаларға 1-2 мөлшерде будесонид митені 2 рет тәулігіне (0,2-0,8 мг тәулігіне), интраназальды 60-120 мкг (2-3 тамшыны әр мұрын саңылауына) 2 рет тәулігіне, сыртқа май немесе крем түрінде теріге 1-2 рет тәулігіне, ішке 3 мг капсула түрінде Крон ауруында тәулігіне 3 реттен қолданады.
Кері көрсеткіштері. Өкпе туберкулезінің белсенді сатысында, тыныс жолының саңырауқұлақтық инфекциясында, бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстарында, балалық шақта.
Жанама әсерлері. Беклометазан сияқты ингаляциялық және интраназальды қолдану үшін. Ішке қабылдау кезінде диспептикалық бұзылыстар, тромбтың түзілу тәуекелі, артерияды қысымның жоғарылауы, ульцерогендік әсері, бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының қызметі төмендеуі және т.б.
Шығарылу түрі. 0,025% жағынды және крем 15г тубада; мөлшерленген аэрозоль 50мкг/мөлшер – 200 мөлшер; 0,0125, 0,025 және 0,05% суспензия 2 мл N.4, 20 ингаляцияға арналған контейнерлер; мөлшерленген ұнтақ 100 және 200 мкг/мөлшер -100 және 200 мөлшер ингаляцияға арналған және капсулада 200 және 200 мкг/мөлшер – 100 және 200 мөлшер; 0,05% 5 мл интраназалды қолдануға арналған флакондағы ерітінді; 3 мг капсула N.10 ішке қолдануға арналған.
Рецепт үлгісі. Rp.: Budesonidi 0.003
D.t.d N.30 in caps.
S. Тәулігіне 1 капсуладан 3 рет.
#
Флунизолид (Flunisolidum) ингакорт. Флунизолид – фтордан тұратын, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрі.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронх демікпесі, созылмалы обструктивті бронхит, аллергиялық риниттер. Ересектерге ингаляция ретінде 8 ретке дейін тәулігіне (мг), балаларға 2 рет (500мг) қолданылады.
Кері көрсеткіштері. Ауыз қуысының және бронхтың вирустық, бактериалдық және саңырауқұлақтық инфекциялары, туберкулездің белсенді сатысында, жүктілік (1 үш айында), 5 жасқа дейін.
Жанама әсерлері. Ауыз-жұтқыншақтың кандидозы, дисфония, жөтел.
Шығарылу түрі. Мөлшерленген аэрозоль баллонда 250 мкг/мөлшер – 120 мөлшер.
Рецепт үлгісі. Rp.: Aerosoli Flunisolidi 0,000025
D.S Ингаляция ретінде 1–3 рет (тәулігіне 2- 8 мөлшер)
#
Флутиказон (Fluticasonum), кутивейт, фликсоназа, фликсотид. Флутиказон – фтордан тұратын қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және қышымаға қарсы дәрі.
Қолданылу көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронх демікпесі, аллергиялық ринит, экзема, псориаз, нейродерматоздар. Ересектерге ингаляциялық 100-1000 мкг, ал балаларға 50-100мкг 2 реттен тәулігіне, ересектерге 100 мкг, ал балалаға 50 мкг интраназальды қолданады.
Кері көрсеткіштері. Вирустық, бактериалдық және саңырауқұлақтық зақымдануда, жүктілік, емшекпен емізу кезінде.
Жанама әсерлері. Жұтқыншақтың және мұрын қуысының кебуі мен тітіркенуі, бастың ауыруы, мұрыннан қан кету.
Шығарылу түрі. Мөлшерленген спрей (сулы суспензия) 50 мкг/мөлшер – 60, 120 және 150 мөлшер интраназалды енгізуге арналған флакондағы ерітінді; мөлшерленген аэрозоль 25, 50, 125 және 250 мкг/мөлшер – 60 және 120 мөлшер; ротадискідегі ингаляцияға арналған ұнтақ 50, 100, 250 және 500 мкг/мөлшер – 4 мөлшер; 0,05% крем және 0,005% жағынды 15 г тубада.
Рецепт үлгісі. Rp.: Ung.Fluticosonі 0,005% - 15,0
D.S. Терінің зақымдалған жеріне жағу қажет.
#
10.1.5. Жергілікті қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар
Клобетазол (Clobetasolum), дермовейт. Клобетазол – фтордан тұратын қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрі.
Қолданылу көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Псориаз, созылмалы экзема, жалпақ теміретке. Жергілікті зақымдалған тері аймағына 0,5% майды 1-2 реттен тәулігіне.
Кері көрсеткіштері. Безеулер, вирустық, бактериалдық және саңырауқұлақтық зақымдануда, жүктілік, емшекпен емізу кезінде.
Жанама әсері. Ұзақ қолдануда терінің атрофиясы.
Шығарылу түрі. 0,05% крем және жағынды 25 г тубада; 0,05% лосьон 30 және 100 мл флаконда.
Рецепт үлгісі. Rp.: Crem Clobetasoli 0,05% - 25,0
D.S. Терінің зақымдалған жеріне жағу.
#
Мометазон (Mometasonum), элоком. Муметозон - қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрі.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық ринит, псориаз, атопиялық дерматит, бастың шашты бөлігінің терісінің зақымдалуы. Интраназальды 100-400мкг (1-4 ингаляция) күніне бір рет, жергілікті крем және май түрінде.
Кері көрсеткіштері. Жүктілік, емшекпен емізу кезінде, 12 жасқа дейін.
Жанама әсері. Мұрынның шырышты қабатын күйдіру мен тітіркендіру сезімі, фарингит, мұрыннан қан кетулер, тері атрофиясы, екіншілік инфекция және т.б.
Шығарылу түрі. Интраназальды енгізуге арналған баллондағы спрей 18 г 50 мкг/мөлшер -120 мөлшер; егуге арналған мөлшерленген ұнтақ 400мкг/мөлшер – 30, 60 мөлшер; 0,1% крем тубада 5 және 15 г және 5 г; 0,1 тубадағы жағынды; лосьон 20 мл флаконда.
Рецепт үлгісі. Rp.: Ung. Mometasonі 0,1% - 5,0
D.S, Терінің зақымдалған жеріне жағу.
#
Флуоцинолон ацетонид (Fluocinoloni acetonidum), синафлан, флуцинар. Флуоцинолон ацетонид – фтордан тұратын қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрі. Қабыну медиаторларының босап шығуын тежейді. Теріге әсер ете бастаған кезде нейтрофилдердің шеткері аймақтарда шоғырлануын ескертеді, ол цитокин өнімдерін және қабыну экссудатының азаюына әкеледі; макрофагтардың көшуін тежейді, грануляция және инфильтрация үрдісін азайтады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық дерматиттер, терінің қабыну аурулары. Жергілікті 0,025% мазь терінің зақымдалған бөлігіне тәулігіне 2-4 реттен.
Кері көрсеткіштері. Жүктілік, емшекпен емізу кезінде.
Жанама әсері. Ұйқысыздық, артериялды гипертензия, аритмия, остеопороз, сероидты қант диабеті, ішек атониясы, ісінулер, бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі, аллергиялық реакциялар.
Шығарылу түрі. 0,025% 10, 15 және 30 тюбиктегі жағынды; 0,025% 15 г тубиктегі гель (линимент); 0,1% 15мл флакондағы лосьон.
Рецепт үлгісі. Rp.: Gel Fiucinolonі acetonidі 0,025% - 15,0
D.S. Терінің зақымдалған жеріне тәулігіне 2 реттен жағу.
#
Флуокортолон (Fluocortolonum) ультралан. Флуокортолон жергілікті қабынуға қарсы, десенсибилизирлеуші және аллергияға қарсы айқын көрсетеді, микротамырлардың өткізгіштік бұзылысын азайтады, терінің ісінуін, қышуын, ауыруын, тіндердің лейкоцитарлық жасуша аралық инфильтрациясын, қабыну медиаторының және аллергиялық реакциялардың түзілуін азайтады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жанаспалы дерматит, экзема, нейродерматит, псориаз, дискойдты қызыл жегі. Жергілікті май түрінде 0,25% зақымданған аймаққа тәулігіне 2-3 реттен.
Кері көрсеткіштері. Туберкулезді және мерезді терінің зақымдануы, вирусты инфекция.
Жанама әсері. Терінің атрофиясы (ұзақ қолданғанда), периоральды дерматит, терінің аллергиялық реакциясы.
Шығарылу түрі. 0,25% май 10, 15 г тубта.
Рецепт үлгісі. Rp.: Ung. Fluocortolone 0,25 % - 10,0
D.S.Терінің зақымдалған жерлеріне жағу үшін.
#
Флуметазон (Flumetasonum), локакортен, лоринден. Флуметазон – фтордан тұратын қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрі. Ферменттердің синтезіне және белсенділігіне әсер етеді (ПГ және басқа да эндогенді биобелсенді қосылыстар), жасушалық мембрана мен тіннің құрылымына және өткізгіштігіне, тасымалдау үрдісіне әсер етеді. Резорбтивті әсер көрсетпейді, өйткені зақымдалмаған тері мен шырыштардан мүлдем өтпейді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Экзема, нейродермит, қышыма. Жергілікті крем және май түрінде 0,02% тері мен шырышты қабықтарына тәулігіне 2-3 реттен.
Кері көрсеткіштері. Туберкулезді, мерезді тері зақымдануы.
Жанама әсері. Аллергиялық реакция.
Шығарылу түрі. 0,02% 15 г тубтағы крем және жағынды; 0,02% 15мл флакондағы лосьон.
Рецепт үлгісі. Rp.: Crem Clobetasoli 0,02% - 15,0
D.S. Терінің зақымдалған жерлеріне жағу үшін. #
10.2.1. Стероидты емес қабынуға қарсы қышқылдар тобының дәрілері
10.2.1.1 Салицил қышқылының туындысы
Ацетилсалицил қышқылы (Acidum acetysalicylicum), аспирин. Ацетилсалицил қышқылы қабыну ошағындағы жүріп жатқан үрдістерге әсер етеді: капиллярлар өткізгіштігін төмендетеді, гиалуронидаза белсенділігін төмендетеді, АТФ түзілуін тежеу жолымен қабыну ошағының үрдісін энергетикалық қамтамасыз етуін шектейді. Қабынуға қарсы әсер ету механизмінің негізіне простогландин биосинтезін баяулату жатады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ауыру сезімін басатын және қызуды басатын дәрі ретінде (қызбамен жүретін ауруларда, бас ауыру, бас сақинасы, невралгияда және т.б.) күніне 0,25-0,5-1 г 3-4 рет; балаларға жасына сай 0,1 -ден 0,3 г дейін бір реттік мөлшерде тағайындайды. Ревматизм, инфекционно-аллергиялық миокардитте, ревматоидты полиартритте ересектерге ұзақ уақыт тәулігіне 2-3 г (кейде 4 г), ал балаларға туған жыл санына тәулігіне 0,2 г тағайындайды. 1 жастағы балаларға бір реттік мөлшері 0,05 г, 2 жасқа — 0,1 г, 3 жасқа — 0,15 г, 4 жасқа — 0,2 г. 5 жастан бастап 0,25 г таблеткадан тағайындауға болады.
Кері көрсеткіштері. Асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, қан кетулер, портальді гипертензия, қан айналымның бұзылуы, бронх демікпесі, бауыр және бүйректің ауыр қызметінің бұзылыстары.
Жанама әсері. Ульцерогенді әсері. Асқазан ішектік қан кетулер, бронхоспазм, естудің төмендеуі, нефротикалық синдром, аллергиялық реакция, ұзақ уақыт қолданғанда қаназдыққа, лейкопенияға, тромбоцитопенияға әкеледі.
Шығарылу түрі. 50, 75, 100, 250, 300, 325 және 500 мг таблеткалар N.10, 20, 100 және 100 мг балалар үшін N.10; 50, 100, 300 және 325 мг ішекте еритін таблеткалар N.10, 20; 25, 330, 350 және 500 мг шайнауға арналған таблеткалар N.10, 16, 20, 100 және балаларға арналған 81 мг таблеткалар N.36; 100г ішке қолдануға арналған қораптағы ұнтақтар.
Рецепт үлгісі. Rp.: Acidi acetysalicylici 0,1
D.t.d. N.10
S. Қораптың құрамындағы ұнтақты 100мл суға ерітіп, күніне 2 – 3 рет
#
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 691 | Нарушение авторских прав
|