АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Адренотежегіштер 9 страница. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Қояншық (petit mal басқасы), желікпелі жағдайларда, желікпелі-депрессивті бұзылыстардың алдын алу шараларында, маскүнемдік абстиненцияда, үштік және тіл-жұтқыншақ жүйкесінің невралгиясында, диабеттік нейропатияда. Ішке ересектерге - 100–1600 мг-нан тағайындайды (көрсеткішіне және аурудың айқындылығы бойынша), балаларға - 10-20 мг/кг-нан тәулігіне бірнеше рет тағайындайды.
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық (сонымен қатар үшциклді антидепрессанттарға), Атривентрикулярлы өткізгіштік бұзылғанда, миелосупрессия немесе анамнезенде жедел порфирия.
Жанама әсерлері. Бастың айналуы, қозу, елестер, депрессия, басқыншылық көріністер, психоздың белсенуі, бастың ауыруы, диплопия, аккомодацияның бұзылуы, көз бұршағның бұлғырлануы, нистагм, конъюнктивит, құлақтың шулауы, дәмнің өзгеруі, сөйлеудің бұзылуы, тәуелсіз қозғалыстар, шеткі невриттер, парестезия, бұлшықет әлсіздігі және парез симптомдар, AV тежелу, тоқыраулы жүрек жеткіліксіздігі, гипер немесе гипотензия, тромбоэмболия, бүйрек дисфункциясы, интерстициальды нефрит, лоқсу, құсу, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, сарыауру, гепатит, остеомаляция, жыныстық қатынас бұзылыстары, шамалы лейкопения, тромбоцитопения, қан түзілуінің бұзылыстары, гипонатремия, эксфолиативті дерматит, анафилактикалық реакциялар.
Шығарылу түрі. 100 және 200 мг таблеткада N. 50, 100; 200 және 400 мг ретард таблеткалар N.30, 50; 2% шырын 100 мл сауытта.
Рецепт үлгісі. Rp.: Carbamazepini 0,1 (0.2)
D.t.d. N. 50 in tab.
S. 1-2 таблеткадан 2-3 реттен күніне.
#
Вальпроат натрия (Valproatі natrium), ацедипрол, апилепсин, депакин, конвулекс. Вальпроат натрий - ГАМК-трансфераза баяулатқыштарына жатады, ОЖЖ-де ГАМҚ мөлшерін жоғарылатады, осыған байланысты қозудың табалдырығы төмендейді және бас миының моторлы аймағының тырысуға дайындық деңгейі төмендейді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жалпыласқан қояншық талмалары; кіші қояншық талмалары; жергілікті талмалар қарапайым сол сияқты күрделі симптоматикамен; бас миының органикалық аурулары кезіндегі тырысу синдромы; қояншықпен байланысты тәртібінің өзгерістері; балалардағы фебрильді тырысулар; балалардағы тартылулар. Психомоторлы парциальды талмалар кезінде препарат тиімділігі аз. Ересектер мен жасөспірімдерге бастапқы мөлшер (тамақпен немесе тамақтан соң) ішке 20-30мг/кг тәулігіне (0,3-0,5 г), кейін мөлшерін әрбір 3-4 күн сайын тәулігіне біртіндеп 200 мг-ға дейін жоғарылатады, терапиялық ықпалға қолжеткізгенше. Нәрестелер мен кішкентай балаларға шырын түрінде тағайындайды тәулігіне мөлшері 30 мг/кг, 10 жасқа дейінгі балаларға 30-40 мг/кг тағайындайды.
Кері көрсеткіштері. Бауырдың және/немесе ұйқы безінің қызметі бұзылғанда, геморрагиялық диатез; препараттқа жоғары сезімталдық. Жүктілік. Лактация. Емделу кезеңінде көлік жүргізу және басқа да көлік түрлерін жүргізуде, тез психомоторлы реакцияларды қажет ететін жағдайларда сақ болу керек.
Жанама әсерлері. Лоқсу, құсу, іш өту, асқазанның ауыруы басқа да диспептикалық бұзылыстар, тәбеттің жоғарылауы немесе төмендеуі, бауыр мен ұйқы безі қызметінің бұзылысы, панкреатит. Естің бұзылысы, қалшыю, депрессия, шаршау сезімі, әлсіздік, елестер, тромбоцитопения, гематомамия, қан кетулер ж.т.б., гипофибриногенемия, лейкопения, эозинофилия, қаназдық, аллергиялық реакциялар, эритематозды көріністер, алапес, энурез.
Шығарылу түрі. 300 мг таблеткада; 150, 300 және 600 мг ішекте ерігіш таблеткалар N. 100; 200, 300 және 500 мг ретард таблеткада N. 10, 50, 100; 150, 300 және 500 мг капсулада N. 10; 5% шырын 100 және 250 мг, 5,7% - 150 мл, 6% - 250 мл сауыттағы ерітінді балаларға арналған; 30% 60 және 100 мл сауыттағы ішке қолдануға арналған ерітінді; 400 мг лиофилизирленген ұнтақ сауыттағы егуге арналған ерітінді; 10% 5 мл егуге арналған ампуладғы ерітінді.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Valproate sodii 6% - 250 ml
D. S. Күніне 1 ас қасықтан 2 – 3 рет.
#
Ламотриджин (Lamotriginum), ламиктал. Ламотриджин нейроналды мембрананың пресинаптикалық потенциалға тәуелді Na + - түткішелеріне әсер етіп, тұрақтандырушы әсер көрсетеді, глутамин қышқылының патологиялық босап шығуын тежейді (қояншық ұстамасы кезінде маңызды рөлді атқаратын аминқышқылы), сонымен қатар глутаматпен шақырылған деполяризацияны тежейді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Парциальды және жалпыланған талмалар, тонико-клоникалық тырысулар; сонымен қатар ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға – 25-200 мг/тәу 2 реттен қабылдауға (700 мг/тәу); 2-12 жастағы балаларға 2-15 мг/кг/тәу 2 рет қабылдауға (ең жоғары – 400 мг/тәу).
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, жүктілік, емшекпен емізу, жас балалар (2 жасқа дейін).
Жанама әсерлері. Бастың ауыруы, қалжыраудың жоғарылауыы, бастың айналуы, ұйқышылдық немесе ұйқысздық, тітіркенушілік, басқыншылық, дірілдеу, мазасыздану, естің шатасуы, диплопия, көру қабілетінің анық болмауы, конъюнктивит, тепе-теңдік бұзылыстары, лейкопения, тромбоцитопения, лоқсу, құсу, тері бөртпелері, гематологиялық бұзылыстар, қаназдық, бауыр қызметінің бұзылыстары.
Шығарылу түрі. 25, 50 және 100 мг таблеткалар N. 10, 30, және 5, 25 және 100 мг N.30.
Рецепт үлгісі. Rp.: Lamotrigini 0,025
D.t.d. N. 10, 100 in tab.
S. 1 таблеткадан күніне 2-3 реттен тамақтану кезінде.
#
Топирамат (Topiramatum), топамакс. Топирамат натрий түтікшелерін тежейді және нейрон мембранасының ұзақ уақыт деполяризациялануы бейнесінде қайталанатын потенциалдар пайда болуын тежеп, тоқтатады. ГАМК-рецепторларының белсену жиілігін жоғарылатады, нейрон ішіне ГАМК-индуцирленген хлор иондары легінің бөлінуін жоғарылатады, ГАМКергиялық беріліс жиілігін күшейтеді. Глутаматтық рецепторлардың белсенуіне кедергі келтіріп, қоздырушы глутаматергиялық нейротрансмиссияны күйзеліске ұшыратады. Карбоангидразаның кейбір изоферменттерінің белсенділігін азайтады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Парциалдық немесе жалпыланған тонико-клоникалық ұстамаларда монотерапия ретінде және өзге дірілдеп-қалшылдау белгілеріне қарсы дәрілік заттармен біріктіріледі; Леннокс-Гаст (ересектер мен балаларда) синдромдарымен байланысты дірілдеп-қалшылдау ұстамаларын емдеу кезінде қосымша терапия әдісі ретінде; алғаш диагностикаланған қояншықта (ересектер мен 2 жастан асқан балаларда) емі ретінде қолданылады. Монотерапия кезінде ересектерге арналған мөлшерлемесі: бастапқы мөлшері – тәулігіне 1 рет 1 апта бойы 25 мг (ұйықтар алдында), 2 жастан асқан балаларға: емнің алғашқы аптасында – ұйықтар алдында 0,5–1 мг/кг, сосын мөлшерлемені 0,5–1 мг/кг/тәулігіне дейін ұлғайтады (2 қабылданымға бөледі) емдеу аралығы 1–2 апта.
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық. Қолдануға қойылатын шектеу көрсеткіші: жүктілік, емізу, балалық жас (2 жасқа дейінгі балаларға қолдану қауіпсіздігі мен қолдану тиімділігі анықталмаған).
Жанама әсерлері. Жылдамшаршап-шалдығу, атаксия, ойлау қабілеті мен назар аудару бұзылыстары, ден қою қабілетінің бұзылуы, эмоционалдық тұрақсыздық, есінен адасу, бас айналуы, парестезия, гиперстезия, ұйқышылдық. Дене салмағының азаюы, іштің ауырсынуы, қалшылдап тоңу, лейкопения, диспноэ, домбығу, мұрыннан қан кету, нефролитиаз, гематурия, пиурия, тиннит, дисменорея, либидо әлсіреуі, бедеулік.
Шығарылу түрі. 25, 50, 100, 200, 300 және 400 мг таблеткалар мен 15, 25 және 50 мг капсулалар N. 7, 10, 14, 28.
Вигабатрин (Vigabatrinum), сабрил. Вигабатрин қайтарымсыз ГАМК трансаминазаны баяулатады, оның мидағы мөлшерін жоғарылатады. Ықпал ұзақтығы ГАМК-трансаминаза ресинтезінің қарқындылығымен айқындалады. Парциалды қояншық ұстамаларының жиілігін 50% және одан көп шамаға азайтады, бұған әдеттегі қояншыққа қарсы терапия рефрактерлігін қосу керек, сонымен қатар, шеттелмейтін дамыуы баяулаған тарылулар ықшамдайды.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Қояншыққа: 2-ші қатар препараты ретінде субдоминантты жарты шарда орналасқан парциалдық ұстамаларда, жалпыланған фотосенситивтік ұстамаларда, Вест синдромында, асқынған фебрильдік дірілдеп-қалшылдауларда (вальпрой қышқылы тиімсіз болғанда) қолданады. Ересектерге – бастапқы мөлшері тәулігіне 1 г, ауыр ұстамаларда тәулігіне 2 г. Клиникалық жауабына байланысты және мөлшерді өткеруіне тәуелді күн сайын 0,5 г ұлғайтылуы немесе төмендетілуі мүмкін. Тиімді тәуліктік мөлшерлемесі - 2–4 г. Балаларға тәулігіне 40 мг/кг, кейіннен 80–100 мг/кг дейін ұлғайтады, апта аралығында мөлшерлемесін 0,5 г өзгертеді.
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, психоздық реакциялар, соның ішінде анамнездік, миоклоникалық дірілдеп-қалшылдаулар, бүйрек қызметінің бұзылуы, жүктілік, емізу, егде жастағыларға.
Жанама әсерлері. Бас ауыруы, айналуы, нервоздық, депрессия, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, диплопия және көру қабілетінің бұзылыстары, агрессия, атаксия, дезориентация, ұйқысыздық, назар мен ден қою шоғырымының төмендеуі, ажитация, мазасыздық, эмоционалдық тұрақсыздық, тітіркендіргіштік, дірілдеу, нистагм, жүріп тұруының, сөйлеуінің бұзылуы, қояншық ұстамалардың жиілеуі, психоз, іштің ауырсынулары, іш қатуы, лоқсу, құсу, гиперсаливация, гемоглобин деңгейінің төмендеуі (ұзақ уақыт ем қабылдағанда), дене салмағының ұлғаюы.
Шығарылу түрі. 500 мг таблеткалар N. 10, 100.
Примидон (Primidonum), гексамидин. Примидон - дірілдеп-қалшылдауға қарсы және ұйықтатын дәрілік зат. Эпилептогендік ошақта нейрондар қозуын төмендетеді. Қанда 12 мкг/мл терапиялық құнарлығын ұстану керек, осы арқылы ұзақ дірілдеп-қалшылдау ұстамалары сирейді. Қояншықтың өзге ұстамалық түрлері байқалғанда (дірілдеп-қалшылдаусыз түрі, полиморфтық ұстамалар т.б.) әрдайым тиімді әсері біліне бермейді, кешендік ем қажет етіледі.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Түрлі генездегі қояншықтар, ұзақ дірілдеп-қалшылдау ұстамалары. Ошақтық, миоклоникалық, акинетикалық ұстамалар (тиімділігі азырақ). Емді бір реттік мөлшері 125 мг-нан бастайды, сосын әр 3 күн сайын оны ересектер үшін 250 мг, балалар үшін (9 жасқа дейінгі) - 125 мг тиісті әсер алғанша ұлғайтады. Ең жоғары тәуліктік мөлшерлемесі ересектерге - 1,5 г, балаларға — 1 г (2 қабылданымға).
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық (соның ішінде барбитураттарға), бауыр-бүйрек жеткіліксіздігі, қаныаздық, лейкопения, жүктілік, емізу кезеңі.
Жанама әсерлері. Ұйқышылдық, бас айналуы, бас ауыруы, апатия, мазасыздық, лоқсу, құсу, қаназдық, лейкопения, лимфоцитоз, аллергиялық реакциялар. Сирек кезде - нистагм, атаксия, «қызыл желі» синдромы, артралгиялар, психоздық реакциялар; өте сирек кезде - мегалобластық қаназдық. Ұзақ уақыт қабылдағанда – дәріге тәуелділік.
Шығарылу түрі. 125 және 250 мг таблеткалар N. 50.
Бензобарбитал (Benzobarbitalum), бензонал. Бензобарбитал - дірілдеп-қалшылдауға қарсы, ұйықтататын және тыныштандыратын әсері бар дәрілік зат. ОЖЖ-не ГАМКергиялық тежегіш әсерлерді күшейтеді, әсіресе таламустағы, бекітілген нейрондар деңгейінде ми діңгегінің ретикулярлы формациясының өрлеуші белсендіргіштеріне. Жүйке талшықтары мембраналарының натрий иондарына өткізгіштігін төмендете отырып, эпиошақтан импульстер таралуын азайтады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Қояншықтың әр түрлерінде, гипербилирубинемия, нәрсетелердің гемолитикалық ауруы, ұйқысыздық. Ересектерге арналған мөлшерлемесі тәулігіне тамақтан соң – 3 рет 0,1–0,2 г. Жоғарғы бір реттік мөлшерлемесі - 0,3 г, жоғарғы тәуліктік мөлшерлемесі - 1 г. Балаларға арналған мөлшері: 3–6 жастағыларға бір қабылданымға - 25–50 мг (100–150 мг/тәулігіне), 7–10 жастағыларға бір қабылданымға - 50–100 мг (150–300 мг/тәулігіне), 11–14 жастағыларға 1 қабылданымға - 100 мг (300–400 мг/тәулігіне). Жоғарғы бір реттік мөлшері - 150 мг, жоғарғы тәуліктік мөлшері - 450 мг.
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, порфирия, қаназдық, бронх демікпесі, тыныс алу жеткіліксіздігі, бауыр мен бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі, қант диабеті, гипертиреоз, бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі, гиперкинездер, депрессиялық күйлер (өзін өзі өлтіру талпыныстар).
Жанама әсерлері. Дәрігеүйренушілік, тәуелділік, бас ауыру синдромы, бауыр, бүйрек қызметтерінің бұзылуы, тыныс алудың күйзеліске ұшырауы, бронхоспазм, гипотония, тромбоцитопения, қаназдық, тромбофлебит, бас айналуы, әлсіздік, жабырқау көңіл күйі, жарықтан қорқу, гипорефлексия, аллергиялық реакциялар.
Шығарылу түрі. Балаларға 50 мг, ересектерге 100 мг таблеткалар N. 50.
8.2.2. Кіші тырысу ұстамаларында қолданылатын дәрілер
Этосуксимид (Ethosuximidum), суксилеп. Этосуксимидтің тырысуға қарсы, миорелаксациялық және үштік жүйке невралгиясында анальгетикалық белсенділігі басым препарат. Бас миының қыртысты қабатындағы моторлы зонаның синаптикалық берілуін тежейді, тырысу табалдырығын жоғарылатады. Кіші қояншық талмаларының жиілігін, эпилептиформалық атқылауды, пароксизмальды электроэнцефалографиялық белсенділікті, естің бұзылу абсансы үшін тән ассоцирленуді төмендетеді. Сонымен қатар, миоклонусты ұстамада тиімді. Үштің жүйке невралгиясы кезінде ауырсынуды басатын әсер көрсетеді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Кіші қояншық талмалары: пикнолептикалық абсанстар, күрделі немесе атипиялық тырысу талмалары, миоклонико-астатикалық кіші талмалар (petit mal), жастардағы миоклоникалық талмалар (импульсивті кіші талмалар). Мөлшерді клиникалық суретіне қарай, науқастың дәріге деген реакциясына қарай және көтере алуына байланысты жеке тағайындайды. Бастапқы тәуліктік мөлшері ересектер мен балалар үшін 5-10 мг/кг біртіндеп әр бір 4-7 күн сайын 5 мг/кг-ға көтереді; қабылдау жиілігі тәулігіне 1-3 рет. Ең жоғары мөлшері тәулігіне ересектер үшін 30 мг/кг, балалар үшін 40 мг/кг, ұстап тұрушы мөлешер 15 мг/кг және 20 мг/кг сәйкес.
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, Бауыр және/немесе бүйрек жетіспеушілігі, қан аурулары, порфирия.
Жанама әсерлері. Атаксия болуы мүмкін, дискинезия, бастың айналуы, ұйқышылдық, бас ауыру, тітіркендіргіштік, қалжыраудың жоғарылауы, көңіл шоғырымының төмендеуі, басқыншылық, депрессия, тонико-клоникалық тырысулар, елесті –параноидты бұзылыстар, паркинсонизм, ықылық тию, лоқсу, құсу, тәбеттің жоғалуы, іштің өтуі/іштің қатуы, лейко-, тромбоцито-, панцитопения, агранулоцитоз, апластикалық қаназдық, эзинофилия. Стивенса-Джонсон синдромы, қызыл жегі тәрізді синдром, фотофобия, альбуминурия, дене салмағының төмендеуі.
Шығарылу түрі. Капсулалар 250 мг N. 120.
Рецепт үлгісі. Rp.: Ethosuximidi 0,25
D.t.d. N. 120 in caps
S. 1 таб күніне 2 рет.
#
Клоназепам (Clonazepamum), антелепсин. Клоназепам – тырысуға қарсы, анксиолитикалық, тыныштандырғыш, бұлшық етті босаңсыту дәріге жатады. Мидың лимбикалық жүйесіндегі, гипоталамустағы, ми діңгегінің өрлеуші белсендіруші ретукулярлы формациясындағы және жұлын миының бүйір мүйізіндегі бекітілген нейрондардың постсинаптикалық ГАМКА-рецепторларында орналасқан өзіндік бензодиазепинді рецепторлармен әрекеттеседі. Медиаторлардың ГАМҚ-рецепторларға сезімталдығын жоғарылатады, ол хлор иондарының кіретін ағымы үшін цитоплазматикалық мембраналарында нейрон түтікшелерінің ашылу жиілігін жоғарылатады. Нәтижесінде ГАМҚ тежегіш әсері күшейеді және ОЖЖ сәйкес бөлімдерінде нейрон аралық өткізгіштіктің тежелуі жүреді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Атипиялық, атониялық және миоклоникалық, сонымен катар қояншықтың психомоторлық түрлерінде, бұлшықет тонусының жоғарылауында, ұйқының бұзылуында, үрейлік бұзылыстарда; қояншық статусында. Мөлшерлеу тәртібі қолдану көрсеткіші бойынша, аурудың барсы бойынша, көтере алуына байланысты жеке белгіленеді. Бастапқы мөлшері ересектерге – 1мг/тәулігіне (егде жастағы науқастарға - 0,5 мг/тәу), әдетте түнге 4 күн бойы, кейін мөлшерін біртіндеп 2-4 апта бойы ұстап тұрушы мөлшерге дейін жоғарылатады қатаң жеке дара (2-6 мг/тәу шегінде), қабылдау жиілігі – 3 рет тәулігіне, ең жоғары мөлшері 20мг/тәу. Қояншық статусын шеттету үшін: көк тамырға баяу балаларға 0,5 мг, ересектерге 1 мг; қажет кезде қайталайды; ең жоғары тәуліктік мөлшері к/т енгізуі 13 мг құрайды.
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, сонымен қатар бензодиазепиндерге, жабық бұрышты глаукома, миастения, тыныс алу орталығының тежелуі, айқын тыныс алу жеткіліксіздігі, айқын бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі, емізетін және жүкті әйелдерге, 18 жасқа дейінгі балаларға (үрейлену бұзылыстары кезінде) қолданбайды.
Жанама әсерлері. ОЖЖ тежелуі – ұйқышылдық және атаксия, кейбір жағдайларда уақыт өте азайады, тәртібінің бұзылуы, әсіресе анамнезенде психикалық бұзылыстары бар науқастарда; көрудің бұзылуы (анық көрудің, нистагм, диплопия), көз алмасының патологиялық қозғалыстары, афония, хорееформды тарылулар, дизартрия, дисдиадо тұрыстыхокинез, бас ауыруы, гемипарез, бұлшық ет әлсіздігі, дірілдеу, бастың айналуы, әлсіздік, қалжыраудың жоғарылауы, дезориентация, тез реакция мен көңіл қою шоғырымының төмендеуі; естің шатасуы, депрессия, амнезия, елестер, долылық, инсомния, психоз, өзін өзі өлтіруге ұмтылу, жүрек соғуы, қаназдық, лейкопения, тромбоцитопения, эозинофилия, тыныстың тежелуі, ң, ой-пікірінің бұзылуы, бұлшық еттің босаңсуы, қан түзілуінің төмендеуі және аллергиялық өзгерістер болады.
Шығарылу түрі. 0,25, 0,5, 1 и 2 мг таблетка N.30, 50; 0,05% инъекцияға арналған ерітінді ампуладан 1-2 мл N.5 және 0,1% қосымша еріткіші бар ампулада 1мл ерітінді.
Рецепт үлгісі. Rp.: Clonazepami 0,00025
D.t.d. N. 10 in tab.
S. 1 таблеткадан күніне 2 реттен.
#
8.2.3. Психомоторлы эквивалент кезінде қолданылатын дәрілер
Габапентин (Gabapenrinum), нейронтин. Габапентин химиялық құрлымы бойынша ОЖЖ тежеуші медиатор қызметін атқаратын ГАМҚ-на ұқсас. Габапентин әсер ету механизмі бойынша ГАМҚ синапсы арқылы әсер ететін басқа тырысуға қарсы дәрілерден (вальпроат, барбитураттар, бензодиазепиндер, ГАМҚ-трансаминаза баяулатқыштары, ГАМҚ ұстап қалушылардың баяулатқыштары, ГАМҚ агонисттері, ГАМҚ продәрілері) айырмашылығы бар. Габапентиннің соңғы әсер ету механизмі әлі анықталынбаған.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. 18 жастан асқан ересек адамдардағы нейропатиялық ауырусыну сезімін емдеу үшін; ересектер мен 12 жастана асқан балалардағы екіншілікті жалпыланған және жалпыланбаған тырысуларының монотерапиясында, сонымен қатар ересектер мен 3 жас және 3 жастана асқан балалардағы екіншілікті жалпыланған және жалпыланбаған парциялды тырысуларды емдеудегі қосымша зат ретінде қолданылады. Мөлшерлеу тәртібі жекешеленген емді тағайындау көрсеткіші және емдеу кестесіне тәуелді. Қояншықты емдеуде (қосымша зат ретінде): 12 ден асқан науқастарға - 900–1800 мг/тәулігіне (3 рет қабылдауға). Бастапқы мөлшері - 300 мг тәулігіне 3 рет қабылдауға. 3-12 жастан асқан балаларға — бастапқы мөлшері 10–15 мг/кг/тәулігіне (3 рет қабылдауға). 5 жас және 5 жастана асқан балалар үшін тиімділік мөлшері — 25–35 мг/кг/тәулігіне, 3-4 жастағы балалар үшін — 40 мг/кг/тәулігіне (3 рет қабылдауға).
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, 3 жасқа дейінгі балалардағы парциалды қояншық ұстамалары кезінде (қосымша зат ретінде емдеудің сапасы анықталмаған) және 12 жасқа дейінгі ұшықтан кейінгі невралгияларда (тиімділігі және қауіпсіздігі жайында зерттеулер жүргізілмеген).
Жанама әсерлері. Амнезия, атаксия, естің шатасуы, қозғалыс координациясының бұзылыстары, депрессия, бастың айналуы, дизартрия, жоғарылаған жүйкелік қозу, нистагм, ұйқышылдық, ойлау қабілетінің бұзылыстары, дірілдеу, тырысулар, амблиопия, диплопия, гиперкинезия, рефлекстердің күшейуі, әлсіреуі, болмауы, парестезия, үрей, жүрістің бұзылысы; тіс түсінің өзгеруі, іштің өтуі, тәбеттің жоғарылауы, ауыздың құрғауы, лоқсу, құсу, метеоризм, анорексия, гингивит, іштің ауырсынуы, панкреатит, бауырдың қызметтік сынамасының өзгеруі; лейкопения, терінің мацерациясы, акне, қышыну, бөртпе.
Шығарылу түрі. 100, 300 және 400 мг капсуладан және 600 және 800 мг таблеткада N. 10, 20, 50, 100.
8.2.4. Миаклонуста қолданылатын дәрілер
Вольпрое қышқылы мен ламотриджин. (8.2.1. Үлкен тырысулы ұстамаларда қолданылатын заттар. қара)
Клоназепам (8.2.2. Кіші тырысулы ұстамаларда қолданылатын заттар. қара)
8.2.5. Қояншық статусын шеттетуде қолданылатын дәрілер
Диазепам (8.1.1. ГАМК агонисттері (бензодиазепинді рецепторлар) қара).
Лоразепам (Lorazepamum), лорам, лорафен. Лоразепам анксиолитикалық, тыныштандыратын, ұйықтататын, миорелаксациялаушы, тырысуға қарсы зат. ГАМҚ бензодиазепинді рецепторлық кешенмен, өзіндік бензодиазепинді ГАМҚ рецепторларымен байланыса отырып, ГАМҚ рецепторлардың ГАМҚ-на сезімталдығын жоғарылатады. Нәтижесінде хлор иондары үшін, трансмембраналық өзекшелердің ашылу жиілігі жоғарылайды, постсинаптикалық мембрана нейрондарын гиперполяризациялайды, нейроналды белсенділік тежеледі және ОЖЖ нейрон аралық берілуі тежеледі.
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 557 | Нарушение авторских прав
|