АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Туберкулезді менингит

Туберкулез менингиті жалпы туберкулез ауруынан кейін дамиды. Туберкулез микобактериясы торасы кеңістігі және торлы(хориоидты) өрім арқылы гематогенді жолмен нерв жүйесіне кіреді.

Қабыну процесі – экссудативті – пролиферативті. Мидың қабықшалары ми аяқшаларының, вароли көпірінің аймағында, үлкен жарты шарлардың базальді бөліктерінде қарқынды түрде зақымдалады. Ми қарыншалары кеңейген, құрамында белогы бар сарғыш ликвормен толған. III қарыншаның айналасында перивентрикулит көрінісі анықталады. Созылмалы қабыну процесі – бөртпелермен аяқталады, ал бөртпелер ликвор айналымын бұзады. Қантамыр өрімінің зақымдалуы, қарыншалардың эпиндимінің қабынуы (хориодиттар, эпендиматиттер) ликвор айналымының бұзылуына, ликвордың гиперпродукциясына, сильвий түтігінің бөгелуіне әкеледі.

Клиникасы. Продромальды кезеінің ұзақтығы 2 апта. Науқаста жалпы әлсіздік, шаршағыштық, болбырлық пайда болады. Сонымен қатар басының ауруы, жүрек айнуы, тітіркеніш келуі, шуға жарыққа шыдамауы анықталады. Вегетативті дисфункция симптомдары айқындалады, яғни тұрақты дрмографизм, Труссо дақтары, гипергидроз, тахикардия, ішек – қарын дискенизиялары байқалады.

Менингеальды симптомдар кейіннен айқындала түседі. Процестің мидың аймағында орналасуы нәтижесінде бас-ми жүйкелерінің зақымдалуы, көз қимылдатқыш және мимикалық бұлшық еттердің (птоз, амимия) парезі дамиды. Кей кездерде көру қабілетінің сезімталдықтың бұзылулары, гемипарездер, гиперкинездер, қозғалыс координациясының бұзылуы, түбіршектік синдромдардың дамуы мүмкін. Көз түбінде көру жүйкесінің үрпішесінің іркілуі, атрофиясы анықталады.

Жұлын – ми сұйықтығы мөлдір, сары түсті, қысымы жоғары, аралас цитоз (лимфоцитарлы - нейтрофильді) 1 мкл-де 100-500 клетка. Белок жоғары (1-3г/л), хлоридтер мен қант мөлшері төмендейді. 24 сағаттан соң ликворда нәзік фибриндер пайда болады, кейде Кох таяқшалары анықталады.

Клиникалық синдромына байланысты бірнеше түрлері бар. Мидың-негізгі қабықтарының зақымдалуы – базальды деп, ортаңғы және аралық ми түзілістерінің зақымдалуы-мезидиэнцефальды, ми негізінің және ортаңғы ми артерияларының бассейндерінде ауыр түріндегі қантамыр бұзылуларының болуы – менинговаскулярлы деп аталады.

Ағымына байланысты туберкулез менингиті жедел, жеделдеу, созылмалы және рецидивті болып бөлінеді.

Емдеу. Арнайы туберкулезге қарсы препараттар қолданылады (стрептомицин, фтивазид, ПАСК). Фтивазид, метазидті 1 кг дене салмағына тәулігіне 50 мг, изониозидті 20-30мг/кг/тәулік, стрептомицин 30-50 мг/кг тәулік тағайындайды. Дозасы көп мөлшерде берілсе, есту жүйкелері зақымдалып, саңырау болып қалуы мүмкін. ПАСК 1 кг дене салмағына тәулігіне 0,2 г-нан беріледі. Ұзақ емделмей, берілген емнің нәтижесі болмаса, этионамид (0,01-0,02г/кг тәулік), циклосериал (0,02 г/кг/тәулік), каномицин (0,01г/кг) тағайындалады. Арнайы терапия, дегидратациялық, дезинтоксикациялық, антигистаминді, витаминді препараттармен, жүрек дәрілерімен бірге тағайындайды. Рецидивтердің алдын алу үшін жылына екі рет фтивазидпен ем жүргізіледі.

III. Арахноидиттер

Арахноидит мидың немес жұлынның торлы қабығының қабынуы. Арахноидит қабықтардың серозды қабынуымен және созылмалы ағымды асқынуға және ремиссияға бейім келеді. Арахноидиттер көбіне инфекциялық аурулардың асқынуынан, жарақаттардан кейін дамиды. Арахноидит кезінде торлы қабық астындағы кеңістікте берікпелер пайда болуы мүмкін. Бұл процестер ликвор айналымының бұзылып, бассүйек ішінде гипертензияның дамуына әкеліп соқтырады.

Морфологиялық түріне қарай арахноидит жабысқақ және ұралы арахноидит деп бөледі, ал орналасуына байланысты – церебралдық, жұлындық, церебро-спиналдық болып бөлінеді.

Клиникасы. Жедел басталған церебралды арахноидит менингитке ұқсас болып келеді. Жалпы инфекциялық және милық симптомдармен қатар менингеальдық симптомдар анықталады. Жұлын-ми сұйықтығы қысымы артып, лимфоцитарлы цитоз шамалы ауытқиды.

Ал жеделдеу және созылмалы арахноидиттің клиникасы бас – сүйек ісігінің симптомдарына ұқсас келеді, жиі –жиі бастың ауруы, рентгенде бас сүйек ішінің гипертензиясы, көз түбінде іркілу симптомдары анықталады. Арахноидиттің ошақтық симптомдары патологиялық процестің орналасу мен айқындылығына байланысты, соған байланысты олар бас сүйектің артқы шұқыршасының арахноидиті, оптикохиазмалық (конвекситальды) болып бөлінеді. Бас сүйегінің артқы шұқыршасының арахноидиті кезінде гипертензиялы көріністер болады, көз түбінде іркілу көріністері, жүйелі бас айналу ұстамасы, құсу, жүрек айну болады. Сонымен қатар мишық- көпір бұрышының зақымдалу симптомдары: координация бұзылысы, V, VI, VII, VIII жүйкелерінің зақымдалу белгілері болады.

Оптико-хиазмалық арахноидитте көру қабілеті төмендейді. Сонымен қатар вегетативті бұзылулар ұйқысының бұзылуы, су-тұз алмасуы, көмірсу алмасуы бұзылады. Аурудың өршуі көздің көрмей қалыуына әкеледі.

Кең тарлаған базальды арахноидит кезінде ошақтық симптомдар айқын болады. Бас –ми жүйкелері зақымдалады, яғни мимикалық бұлшық еттердің парезі, тілдің девиациясы, жұмсақ таңдайдың парезі, жұтынудың қиындауы, дизартрия дамиды.

Конвекситальды арахноидитте қышқылдап – тырысу синдромы дамиды. Неврологиялық статуста сіңір рефлекстерінің әрқилылығы анықталады (анизорефлексия).

Спинальды арахноидитте түбіректі ауырсыну, сезімталдықтың жойылуы, қозғалыс сферасының бұзылулары дамиды. Спинальдық арахноидит ұзақа созылса экстрамедулярлы ісікке ұқсас келеді, айырмашылығы – ісікке ремиссиясыз өршу процесі тән.

Диагностикасы. Инфекциялық гипертензиялық синдромға және жұлын – ми сұйығының қаынуға тән өзгерістеріне сүйенеді. Қосымша зерттеу әдісіне пневмоэнцефалография жатады.

Емдеуі. Антибиотиктер, сулфаниламидтер, десенсибилизациялық, дегидратациялық препараттар қолданылады. Сонымен қатар сорғыш (биостимуляторлар) дәрілер: алоэ, ФИБС, лидаза, церебролизин, биохинол, «В» тобының витаминдері, «С» витамині қолданылады. Бас – сүйек іші гипертензиясы немесе нерв жүйесінің ошақтық зақымдалуы болғанда нейрохирургиялық әдістер қолданылады.

IV.Энцефалиттер

Энцефалит бас миының қабынуы. Энцефалиттер қоздырғыштың тікелей әсерінен пайда болып, нейрондар мен жүйке талшықтарында қабыну өзгерістерімен сипатталады. Кейбір авторлар энцефалиттер тобына ми қантамырлар қабырғаларының инфекциялық, аллергиялық, токсиндік зақымдалуларын да қосады. Мұндай жағдайда, тіндерінде шынайы қабыну процесінің белгілері көбінесе болмайды, ал жүйке клеткаларында гемодинамикның бұзылу салдарларынан екінші реттік дисрофиялық өзгерістер болады.

Энцефалиттердің классификациясы (М.Б.Цукер бойынша)


Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 1152 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)