АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

VI. Лейкоэнцефалиттер.

Лейкоэнцефалит кезінде нерв клеткаларында дистрофиялық өзгерістер болғанымен негізінен бас миының ақ заты зақымдалады. Процестің көбінесе орналасатын жері – үлкен жарты шардың субкортикальды бөлімі. Сондықтан клиникалық көрінісінде лейкоэнцефалитке тән психиканың бұзылуы басым болуы мүмкін.

Клиникасы. Ауру көбінесе инфекциялық аурумен ауырғаннан кейін басталады. Жоғарғы жүйке қызметінің өзгерістері ерте белгілері болып табылады: науқастар сылбыр, эйфория болады. Ақыл – ойы, есі төмендейді, кей – кезде апраксия, агнозия, жазу және санауы бұзылады. Ақыл – есі біртіндеп төмендеп, интелектуальдық кемістіктер байқалады. Ал кей жағдайда штзофрения симптоматикасы – негативизім, тұйықтық, әлеуметтік қатынастардың жойылуы көрініс береді. Эпилепсиялық ұстама да өзіне тән симптомдардың бірі болып табылады. Эпилепсиядан лейкоэнцефалит кезіндегі ұстаманың айырмашылығы ұстама сирек болса да – адамның жеке басы тез бұзылады.

Лейкоэнцефалит кезіндегі қозғалыстың бұзылуы әр түрлі болады. Науқастарда спастикалық салдану және парез, гиперкинездер, псевдобульбарлық және бульбарлы бұзылыстар болады.

Лейкоэнцефалиттердің жеке клиникалық түрлері болады. Ван – Богар лейкоэнцефалиті - үдемелі кем ақылдылық болады, эпилепсия тәрізді ұстамамен, экстрапирамидтік синдромдармен, псевдобульбарлық бұзылулармен сипатталады. Шильдердің периаксальды лейкоэнцефалитінде көбінесе салдану мен парез, ал экстрапирамидтік бұзылыстар сирек, көру нервінің димиелинизациясының нәтижесінде көруі бұзылады (ретро – бульбарлы неврит).

Лейкоэнцефалиттерді лейкодистрофиямен, бас миының ісіктерімен салыстырмалы диагноз жүргізіледі.

Лейкодистрофияда отбасымен ауырады және ауыру мектеп жасына дейін басталады. Биохимиялық тексеруде нейролипид алмасуы өзгерістері байқалады. Бірақта салыстырмалы диагностикасы өте қиын.

Бас миының ісіктеріне бас сүйегі ішінің гипертензиялық симптомдары тән: бас ауруы, бас айналу, құсу, краниограммада бас ішінің гипертензиясы, ісіктерде ошақты белгілер, ал лейкоэнцефалитте таралған болады.

Лейкоэнцефалиттерді емдеу үшін қабынуға қарсы, десенсибилизациялық заттар, тамыр тарылтқыш препараттар, витаминдер, аминоқышқылдар қолданылады. Инфекциялық аурудың алдын алудың маңызы зор, өйткені ол аурудың ағымын өршітеді.

Жедел таралған (шашыранды) энцефаломиелит- жүйке жүйесінің инфекциялық-аллергиялық ауруы, негізінен бас миымен жұлынның ақ затының ауруы. Жүйке жүйесінің демиелиндік ауруына жатады. Аурудың патогенезінде аллергиялық механизмнің рөлі бар.

Патоморфологиясы. Бас жүйкелерінің зақымдалуы жиі болады, кейде негізгі симптомы болып табылады. Негізінен бас ми жүйкелерінің бульбарлы тобы (9, 10, 12) бет жүйкесі зақымдалады. Балаларда көбінесе көру жүйкесі зақымдалады.

Қозғалысының бұзылуы пара және тетраплегия түрінде көрінеді. Парезбен салдану көбінесе аяқта дамиды. Сезімталдық бұзылуы парестезия жиі кездеседі. Жедел кезенінде жүйке бағаналарын сипағанда ауырады, Ласег, Вассерманның, Мацкеевичтің тартылу симптомы, айқын клиникалық кезендерінде менингеальды симптомдар байқалады (Кернинг, Брудзинский).

Көбінесе зәр мен нәжісі жүрмей қалады. Кей кезде трофикалық бұзылулар болып жауыр пайда болады. Жұлын сұйықтығында 1 мкл-дан 20 дан 100 клеткаға дейін лимфоциттік сипаттағы цитоз байқалады. Цитозбен бір мезгілде аздап белоктың жоғарлауы пайда болады. Жедел фазасында ЭТЖ(СОЭ) 30-40мм/сағ дейін жоғарлайды, лейкоцитоз, эозинофилия байқалады.

Жүйке жүйесінің әр түрлі бөліктерінің зақымдалуына байланысты (бас миы, шеткі жүйкелер) әр түрлі симптокомплекстер дамиды. Балаларда көбінесе эннцефалополирадикулоневрит синдромы және тарлаған миелит синдромы байқалады. Эннцефалополирадикулоневрит кезінде бас миы жайылмалы зақымдалады. Оптикоэнцефаломиелитке көру жүйесінің бас миының және жұлынның зақымдалуы тән. Көру жүйкесінің зақымдалуы, аурудың жедел кезінде кейбір науқастарда соқырлыққа алып келеді.

Полиэнцефаломиелит кезінде патологиялық процесс бас ми жүйкелерінің ядроларында қамтиды. Бульбарлық салдану дамиды. Таралған миелит кезінде төменгі спастикалық – парапарезбен тетрапарез байқалады.

Ағымы. Жедел тарлаған энцефаломиелиттің ағымы жағымды. 15-20 пайыз жағдайда парез. Көруінің нашарлауы сақталады. Жедел тарлаған энцефаломиелитті қызылша, жел шешек, тұмау кезіндегі энцефалитпен, таралған склерозбен салыстырмалы диагноз жүргізу керек.

Емдеуі. Дегидратациялық, десенсибилизациялық препараттар, гамма – глобулин, аз мөлшерде қан мен плазма құю, глюкоза гексамитилин – тетрамин тағайындауға болады. Қалпына келу кезеңінде В тобының витаминдерін антихолинэстеразды препараттарды қолданады.

VII.Таралған склероз

Таралған склероз - жүйке жүйесінің демиелиниздеуші аурулар тобына жатады және өзіне тән лейкоэнцефалиттің түрі болып табылады. 1835 жылы Крювелье таралған склерозды жеке ауру ретінде жазды. Шарко соған тән симптом триадасын ұсынды: нистагм, интенционды қалтырау, үзіп – үзіп қатты сөйлеу. Этиологиясы әлі белгісіз. Таралған склеро – жедел таралған энцефаломиелиттің вирусына ұқсас вируспен швқырылады. Аурудың пайда болуы мен дамуы жөніндегі кең таралған теория инфекция-аллергиялық. Инфекция бұл аурудың бастау механизмі болып ми ұлпаларын зақымдайды. Ми ұлпыларының дегенерациялық өнімдеріне организмнің аутосенсибилизациясын миелиннің үдемелі ыдырауымен сипатталады.

Патоморфологисы. Жүйке жүйесінің патологиялық өзгерістері жүйке талшықтарының ошақты демиелинизденуімен сипатталады. Остік цилиндір сақталады. Аурудың бастапқы кезеңдерінде процесс қайтымды болып, ремиелинизация болуы мүмкін. Кейіннен гли реакциялары айқындала түседі. Склерозды ошақ пайда болып, дәнекер ұлпада тыртық түзіледі. Тыртықтар ми мен жұлынның ақ затында орналасады және олар ескі, жаңа болуы мүмкін. Жаңа тыртықтардың айналасында қабыну белгілері бар(лимфоидты және клеткалық инфильтрация).

Ауру көбінесе 20-40 жас аралығында кездеседі, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер де ауырады.

Клиникалық көрінісі: ауру бірте-бірте басталып, баяу ағыммен өтеді. Аурудың бастапқы кезені невроз тәрізді көріністер мен жалпы әлсіздік, бас ауруы, жұмыс қабілетінің төмендеуі, эмоционалды лабильділікпен көрінеді.

Науқастарды объективті тексергенде органикалық симптомдар көрінеді: сіңір рефлекстерінің жоғарлауы, патологиялық рефлекстер, іш рефлекстерінің жоқ болуы, жеңіл кординациялық бұзылыстар, нистагм. Инфекциялық, физикалық факторлардың әсерінен жаңа симптомдар пайда болады: өткінші параплегия, сезімталдықтың өткінші парестезия түрінде бұзылуы, жамбас қуысы органдарының қызметінің бұзылуы. Осы кезеңінде бас айналу, диплопия және уақытша соқырлық белгілерін қателесіп, истериялық аневроз диагнозын қоюы мүмкін, сол үшін ерекше көңіл бөлу керек. Бұл көріністердің барлығы тұрақты болмай жойылуы мүмкін. Бірте-бірте тән симптоматика көрінеді: спастикалық парез және салдану, құсақ рефлекстерінің жоқ болуы, интенциондық қалтырау, нистагм, үзіп-үзіп қатты сөйлеу. Көзің түбімен көру аймағында тұрақты өзгерістер байқалады. Көру жүйесінің үрпесінің самай бөлігі бозарып, көру аймағы тарылады. Ликворда плеоцитоз, белоктың көбеюі анықталады. Параличтік коллоидты реакция тән.

Ауру ағымы үдемелі ремиссия және өршуімен алмасып отырады. Ауру үдей отырып науқасты мүгедекке соқтырады. Тарлаған склероз симптомдар диссоциясы тән. Мысалы пирамидалық парез бұлшық ет гипотониясы мен бірге көрінеді, пирамидылық жодың зақымдалу симптомы бұлшық ет әлсіздігінің жоқ болуымен бірге жүреді.

Демиелиндік ошақтың орналасқан орнына байланысты церабральды, спинальды, цереброспинальды болып бөлінеді. Цереброспинальды түрі көп кездеседі.

Ажыратпалы диагностика. Таралған склероздың бастапқы кезеңінде неврозбен және истериялық реакциялармен ажыратпалы диагностика жүргізіледі. Ми мен жұлын ісіктерін жеке қарау керек. Ісік кезінде зақымдалу бір ошақта орналасып, ремиссиясыз үдейді және бас сүйегі ішінің қысымы көтеріледі. Ликворда белоктың диссоциациясы болады. Жұлын ісігінде Квеккентштед және Стуккей сынамасы оң болады. Емдеуі горманальды препараттармен жүргізіледі. 3-4 аптаның ішінде ауру басылғанға дейін күніне 1-1,5 мг/кг преднизолон қолданылады. АҚСТ 400-600 ед, күніне 20-25 ед, кортизон -25 мг күніне 2 рет, курсы 650-700 мг. Десенсибилизациялық препараттар қолдануға болады. Витаминдер, зат алмасу стимуляторлары, антихолинэстеразды препараттар қолданылады. Ремиссия кезеңінде бір жылға дейін преднизолон (күніне 5-15 мг) иодық препараттар, липоцеребрин, фитин, антигистаминді заттар қолданылады.

Болжамы: жедел ағымында ауыр. Науқас қозғала алмай қалады. Жамбас қуысы органдарының қызметінің бұзылуы уросепсистің дамуына әкеліп соғады.

VIII.Тұмау кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдалуы.

Тұмау кезінде мида бірқатар өзгерістер байқалады: периваскулярлық және перицеллюлярлық ісінуі, капиллярлық стаз, көптеген ұсақ ошақты диапедездік қан құйылулар. Осымен қатар емшектегі балалар миында және ми қабығында геморрагиялық менигоэнцефалиттің морфологиялық көрінісін беретін қабыну көріністері анықталады.

Клиникасы. Ауру жедел басталады. Жалпы әлсіздік, гипертермия, есі кірелі-шығалы болады. Жас балаларда эпилепсия тәрізді көріністер токсикалық ағымында эпилепсиялық статусқа өтеді.

Одан әрі қарай құсу, менингеальды симптомдар анизокория, беттің жеңіл ассиметриясы, тұрақты емес анизотония қосылады. Менингоэнцефалиттің ауыр ағымында мидың бағаналық құрылымдарының қысылу симптомдары байқалады. Люмбальды пункция жасағанда жұлын сұйықтығына қан араласып шығады. Сұйықтық құрамындағы белок жоғарылайды және аздаған лимфоцитарлы цитоз анықталады.

Диагнозды клиникасына және вирусологиялық зерттеулерге сүйене отырып қояды.

Емдеуі. Антипиретиктер, дегидратациялық, десенсибилизациялық препараттар және көп дозада аскорбин қышқылын, арнайы гамма – глобулин, интерферон қолданылады.

IX.Туа пайда болған мерез кезінде нерв жүйесінің зақымдалуы.

Туа пайда болаған мерез қоздырушының плацента арқылы берілуінінен пайда болады. Аурудың клиникалық көрінісінің ағымы ішкі органдардың спирохетпен зақымдалуына байланысты. Балалар уақытылы туылса да салмағы аз болады.

Клиникасы. Жаңа туған балаларда психомоторлы қозу, ұйқысының бұзылуы, монотонды себепсіз айқай, қол саусақтары мен иектің треморы байқалады. Ликвординамикасы бұзылып, еңбектері ісінеді де, бас сүйегінің пішіні өзгереді.

Жаңа туған балаларда мерездің әсерінен болған менингит жеделдеу және созылмалы ағымда болады. Анамнезінде туған кезінде паталогиялық асфиксияның болғаны анықталады. Менингеальды симптомдары өсе береді. Жаңа туған кезіндегі менигоэнцефалитте полиморфты құрысу синдромы басым болады. Ол баланың психикалық дамуын тежейді.

Ми зақымдалуының патогенезінде тамырлар патологиясына маңызды роль беріледі. Қозғалыстың бұзылуы спастикалық салдану және сүйек түзілу патологиясымен көрініс береді, соның әсерінен кейде ұзын түтік тәрізді сүйектердің сынуы байқалады. Сүйек патологиясы ауырсыну синдромымен жүреді. Бұл кезде балалар тынышсызданады, ал қатты ауырса бала мүлде қимылдамай, шеткері жалған салдану туғызады.

Туа пайда болған мерез кезіндегі нерв жүйесінің зақымдалуы тері бетінің өзгерістерімен (ауыз айналасының диффузды папулезді инфильтрациясы, кеуде аяқ – қолдағы бөртпелер), тырнақтардың дистрофиялық зықымдалуымен сипатталады. Көптеген балалардың жаңа туған кезінде мұрынның кілегей қабатының ауырсынуы байқалады. Ол тыныс алудың бұзылуына және екінші реттік пневмонияға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Сонымен туа пайда болған мерездің клиникалық көрінісі терілік, соматикалық, неврологиялық бұзылыстардан жинақталады. Туа біткен мерездің тек жаңа туған кезде ғана болмайтындығын ескеру қажет. Туа біткен кеш мерез балаларда 4 жастан кейін дамиды. Оған құрысу синдромы, бас ми жүйкелерінің бұзылуы, Аргайл – Робертсон синдромы тән болады. Көз түбінде көру үрпешесінің атрофиясы анықталады.

Балаларда жұлынның зақымдалу клиникасы – көбінесе спастикалық салдану және парезбен бірге жүретін артқы бағаналық атаксиямен көрініс береді. Жүйке жүйесінің туа біткен мерезі көп жағдайда кем ақылдылыққа әкеп соғады.

Клиникалық көрінісінің полиморфтығына байланысты туа біткен мерезге диагноз қою бірқатар қиындықтар келтіреді. Салыстырмалы диагнозды алмасу гипотрофиясымен, хромосомдық аномалиялармен, токсоплазмозбен, менигитпен, әр түрлі себепті менингоэнцефалитпен жүргізуге болады.

Туа біткен мерездің диагнозы – мұқият неврологиялық тексеруге, Вассерман реакциясының оң болуына, серологиялық сынамалардың және мерездің стигмнің (еріннің айналасындағы ақ тыртық, «Балконды маңдай», «Гетчинсон тістері», балтырдың семсер тәрізді қисаюы) бар болуына негізделіп қойылады. Диагноз қойғанда баланың жалпы жағдайы, соматикалық статусы (гепатомегалия, спленомегалия), анасының акушерлік анамнезі (уақытынан бұрын туу) бағаланады.

Емдеуі. Аурудың сипатына және кезеңіне байланысты жүргізіледі. Арнайы терапия (пенициллин және оның аналогтары, висмут препараттары), алоэ, ФИПС, витаминотерапия, күшейтетін препараттар, дегидратациялық заттар қолданылады.

X. Токсоплазмоз кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдалуы.

Токсоплазмоз – протозойлы этиологиялы аурулар қатарына жатады. Жануарлар токсоплазсозы алғашқы рет 1908 жылы сипатталады. 1914 жылы Кастеллани 14 жасар баладан токсоплазмозды анықтады.

Токсоплазмоздың қоздырғышы – Toxoplasmae gondii қарапайымдар тобының паразиті. Токсоплазма – ішкі мүшелер мен жүйке жүйесі клеткаларында көбейе алатын клетка ішілік паразит. Токсоплазмалар зақымдалған мүше клеткаларында көбейе отырып – псевдоцистердің жинақталуын туғызады.

Көптеген сүтқоректілерде (ит, түлкі, кеміргіштер) және кйбір құстарда токсоплазмозбен ауру байқалған. Аурудың таралуы мен адамдарға жұғуында иттер маңызды роль атқарады. Токсоплазмолалар ауру иттің зәрінде, нәжісінде, сілекейінде болады. Адамдарға ауыз арқылы жұғады. Жануарлардың бөлінулерімен зақымдалған кір қол, тамақ өнімдері - тасымлдау факторы болып табылады. Ауа тамшылы зақымдалу жолы сирек кездеседі. Жұғудан соң барлық кезде ауру дами бермейді, ол көп жағдайда латентті өтеді. Дені сау адамдарда токсоплазмоздың жұғуы 8-10% құрайды, ал кей жерлерде 40-60%.

Балалар үлкендерге қарағанда жиі ауырады. Баланың организміне токсоплазма тек ауыз немесе ауа – тамшылы жолымен ғана емес, құрсақ ішінде плацента арқылы да енуі мүмкін. Осыған байланысты аурудың туа біткен түрі пайда болады. Қоздырғыш дамып келе жатқан ұрыққа әсер етіп, эмбриогенез процесін бұзып, балалар кемтар болып туады. Жүктіліктің алғашқы жартысында ұзақ зақымдалса, ұрықтың құрсақ ішінде өлуі немесе түсік тастауы мүмкін.

Патоморфологиясы. Организмге енген токсоплазма қанмен тарай отырып бір айдан кейін әр түрлі органдардан табылады. Орталық жүйке жүйесінде токсоплазмалық энцефалит дамиды. Некрозды перивентрикулит, субкортикальды ақ затта лимфоциттермен инфильтрацияланған некроз ошақтары пайда болады. Осы бөліктерден токсоплазма мен псевдоцистер табылады.ми және оның қабығымен бір мезгілде көз (ретинит, хориоидит, иридоциклит), әшкә органдар (өкпе, жүрек, бауыр, талақ, лимфо түйіндер) зақымдалады.

Жүре пайда болған токсоплазмаға қарағанда туа біткен токсаплазма жиі өлімге әкеліп соқтырады. Сондықтан оның патоморфологиясы жақсы зерттелген. Мида көптеген ізбестену ошағы, ми затының жұмсарған бөлімі, ішіне сұйық толған қуыс, гидроцефалия байқалады. Ауыр гидроцефалия, ми затының біртіндеп жұқаруына әкеледі. Туа пайда болған токсоплазмозда анэнцефалия, бас сүйектерінің болмауы, «қасқыртандай», микрофтальмия және баса да даму ақаулары байқалады. Туа пайда болған токсоплазмоздан балалардың өлуі, өмірлік маңызды орталықтардың қабынуына байланысты болады.

Клиникасы. Жүре пайда болған токсоплазмоз кезіндегі әр түрлі органдар мен жүйкелердің зақымдалуына байланысты клиникасы әр түрлі болады.

Ауру жедел басталғанда басы ауырып, басы айналып құсқысы келеді. Кейде құрысып, естен танады. Қай орган басым зақымдалса жүре пайда болған токсоплазмоздың клиникалық варианттары соған байланысты анықталады (лимфоаденопатия, экзантемда, цереброспинальды, көздік, пневмониялық, миокардтық, іштік түрлері).

Лимфоаденопатия – ең жиі кездесетін түрі. Бұл кезде мойын, шүйде бұғана үсті, қолтық асты және шап лимфа түйіндері зақымдалады. Экзантемді түрінде ауру қарқынды басталып, қызуы көтеріліп ұсақ папулезді бөртпелер пайда болады. Бөртпелер тек кеудеде ғана орналасады. Ішектік – жедел немесе жеделдеу энтероколит тәрізді өтеді.

Цереброспинальды түрі көбінесе жедел басталып, қызуы көтеріліп, басы ауырып ұйқысы бұзылады. Кейде бөртпелер пайда болады. Жалпы ми белгілерінен басқа ошақты симптомдары байқалады. Туа пайда болған токсаплазмозға тән мидағы ізбестену, бұл түрінде болмайды. Жүре болған токсоплазмоз жедел, жеделдеу немесе созылмалы ағымда өтуі мүмкін. Өлім жағдайы сирек кездеседі.

Туа біткен токсоплазмоздың жедел кезеңі көбінесе құрсақ ішінде өтеді. Ауру жүктіліктің алғашқы 3 айында жұқса жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуы болады. Бұл жағдай ұрықтың өлік, түсік бастауына әкеліп соғады. Егер де бала тірі туылса микроцефлия, гидроцефалия болады. Ал соңғы 3 айында зақымдалса сырттай дені сау бала туылуы мүмкін, бірақ токсоплазмоз симптомын туғаннан кейінгі кезеңде анықтауға болады

Туа біткен токсоплазмоз жедел, жеделдеу, соылмалы ағымда өтеді. Гироцефалия болып, бастың көлемі тез ұлғаяды. Менингеальды симптомдар байқаладыү олигофрения – туа біткен токсоплазмозға тән.

Жұлын сұйықтығында лимфоцитті цитоз (1 мкл – 500клетка) кейде ксантохромия анықталады. Рентгенограммада мидың тері бөлігіндегі тамыр шоғырлары маңайында кальцинаттар байқалады.

Көздің зақымдалуы ір түрлі болуы мүмкін (анофтальмия, микрофтальмия, хориоретинит, ирит, иридоциклит, колобома, катаракта).

Туа біткен токсоплазмоз кезінде ішкі органдарда зақымдалады. Пневмония, миокардит, гепатоспленомегалия байқалады. Болжамы: ұрықтың зақымдалу уақытына байланысты.

Токсоплазмоздың диагностикасы клиникалық белгілері мен лабораториялық зерттеулерге негізделіп қйылады. Казіргі кезде серологиялық реакциялар мен тері ішілік аллергиялық сынамалар ең сенімді әдістер деп саналады. Науқас баланы тексерумен қатар оны әке-шешесін, бірге тұратындарын де тексеру қажет. Токсоплазмоздың диагностикасын анықтауда отбасылық анамнезі мен анасының акушерлік анамнезі (түсік тастау, өлі туу, жүутілік кезіндегі ауруы) клиникалық зерттеулердің нәтижесінің маңызы бар. 2 жасқа дейінгі ауру балаларда қорытынды емнің нәтижесінде комплемент байланыс реакциясы мен тері ішілік сынама теріс болуы мүкін. Осы жағдайды естен шығармау керек.

Емдеуі. Хлоридин мен сульфадимезинмен комплексті ем қолданылады. Хлоридиннің тәуліктік мөлшері (1кг салмаққа 0,5-1,0мг) 2-3 қабылдауға бөлінеді.

1 – 3 жастағы балаларға тәулігіне – 0,01г.

4 – 7 жастағы балаларға – 0,02г.

8 – 11 жастағы балаларға - 0,03г.

12 – 15 жастағы балаларға – 0,04г.

Үлкендерге тәулігіне 0,05 г. емдеу курсы 5 – 7 күн. 2 – 4 курс жүргізуге болады, аралығы 1,5 – 2 апта. Осы препараттармен бірге антигистаминді, дегидратациялық препараттар, глютамин қышқылы, липоцеребрин тағайындайды. Туа пайда болған токсоплазмоздың алдын алуға үлкен маңыз береді.

XI.Миелиттер.

Миелит жұлынның қабынуы. Бұл кезде жұлынның ақ және сұр заты, кейде түбіршек пен қабығы зақымдалады. Бірінші реттік және екінші реттік түрлері болады. Процестің таралу дәрежесіне байланысты диффузды, көп ошақы, шектелген болып бөлінеді. Шектелген түрі көп болып кездеседі. Онда 2-4 сегменті зақымдалады. Миелиттің симптомокомплексі жүйке жүйесін зақымдайтын әр түрлі нейроинфекцияның клиникалық көрінісінің құрам бөлігі болып табылады. Бірақ кейде жеке түрінде кездеседі.

Клиникалық көрінісі. Миелиттің клиникалық көрінісі инфекциялық симптомдар мен жұлынның зақымдалу белгілерімен жинақталады. 2 – 3 күн қызуы көтеріліп, қалтырап ауырғаннан кейін ошақты неврологиялық симптомдар комплексі дамиды.

Жедел көлденең миелитте орналасқан орнынан төмен орталық салдану болады және барлық сезімталдық жойылады. Кейде алғашқы кезеңінде түбіршектік ауырсыну байқалады. Үлкен дәреті мен зәрі жүрмей қалуы мүмкін және де трофикалық бұзылыстар болып жауыр пайда болады. Егер зақымдалу ошағы үлкен болса, сол орналасқан деңгейде шеткері салдану болып, сезімталдықтың сегменті байқалады. Бұл кезде жоғары айтылған белгілерге қоса тыныс алуы бұзылады.

Жұлын көлдеңінен жартылай зақымдалған кезде Броун – Секар синдромы байқалады, зақымдалған жағының спастикалық салдануы мен сезімталдықтың жойылуы болады, ал қарама-ұарсы жағында беткейлік сезімталдық бұзылады.

Миелит кезінде жұлын сұйықтығында белок көбейіп 0,6-1г/л, қысымы жоғарылайды. Неврологиялық симптомдардың өсу кезеңі 2 – 4 аптадан кейін қалпына келу кезеңінде ауысады. Қалпына келу кезеңі 1 – 2 жылға созылуы мүмкін.

Ажыратпалы диагностикасы. Миелитті полиомиелитпен, жұлын ісігімен таралған склерозбен ажыратады. Полиомиелит кезінде жұлынның ақ заты зақымдалмайды. Сондықтан онда сезімталдықтың өткізгіштік бұзылуы болмайды. Жұлын ісігінде симптомдары бірте – бірте дамиды, ауырсыну синдромы жиі дамиды. Жұлын сұйықтығында белок – клеткалық диссоцияциясы байқалады. Таралған склерозда бас миының зақымдалу симптомдары болады және симптомдары бірте – бірте өсе береді. Кейіннен саябырсиды.

Емдеуі. Миелиттің жедел кезеңінде антибиотиктер, сульфаниламидтер, қабынуға қарсы, десенсибилизациялық, дегидратациялық заттар қолданылады. Жамбас қуысы органдарының қызметін бақылаудың маңызы зор: уақытылы катетеризация қуықты антисептиктермен шайып отыру керек. Науқастарда жауыр болмау үшін аударып жатқызып, теріні өңдеп отыру керек.

 

Пән: Неврологиядағы МІ Алматы медициналық колледжі
№5 дәріс.Тақырыбы: Вегетативті жүйке жүйесінің аурулары. Бас сақинасы, вегетативті –қантамыр дистониясы. Рейно ауруы. Вегетативті криз. Науқастарды тексерудің, емдеудің және күтудің негізгі принциптері. 3,4 курс, 6,8 семестр
Оқытушы:  

Пәннің мақсаты: негізгі неврология туралы білім беру, білім алушыларда маңызды кәсіптік машыктарды және клиникалық ойлау негізін қалыптастыру, алған білімі мен машықтарын медбикелік диагноз қоюда және оны нақтылауда колдану.

Қысқаша мазмұны:

Вегетативтік немесе автономдық жүйке жүйесі (вегетативная, или автономная нервная система); (systema nervosum autonomicum; грек, systema — жүйе, бөліктерден құралған бүтін; лат. nervus — жүйке; грек, autos — өзім, өздігінен; nomos — заң) — барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі.`

Вегетативтық жүйке жүиесі де, жүйке жүйесінің басқа бөлімдері сияқты нейроциттерден және жүйкелік глиядан (нейроглиядан) құралған.

Вегетативтік жүйке жүйесі - организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді.

Олар өз кезегінде жүйке орталықтарынан және шеткі бөлімдерден құралады. Вегетативтік жүйке жүйесінің жүйке орталықтары жұлын мен мида орналасқан: қыртыстық, қыртысасты және өзіндік жүйке орталықтарына бөлінеді.

Вегетативтік жүйке жүйесінің шеткі бөлімін: преганглионды (ганглионалды) миелинді (үлпекті) жүйке талшықтары, экстрамуральды (қабырғадан тыс) және интрамуральды (қабырғалық) жүйке ганглиондары (түйіндері), постганглионды (ганглионсоңы) миелинсіз (үлпексіз) жүйке талшықтары қүрайды.

Вегетативтік жүйке жүйесінің, жүйке жүйесінің сомалық бөлімінен морфологиялық ерекшелігі - оның шеткі бөлімі орталық жүйке жүйесімен екі нейроцит (өзіндік орталық нейроциттері және шеткі жүйке ганглиондарының нейроциттері) арқылы байланысады. Жүйке ганглиондары нейроциттерінің аксондарының эффекторлы ұштары орындаушы мүшелерде аяқталып, оларды жүйкелендіреді (парасимпатикалық жүйке жүйесінің ұштары ішкі мүшелер қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды және бездерді, ал симпатикалық жүйке жүйесінің ұштары — қан және лимфа тамырлары қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды жүйкелендіреді).[1]

Өсімді (вегетативті) жүйке жүйесінің жұмысы адамның еркіне бағынбайды. Сондықтан оны ерте кезде автономды (грекше - өз алдына заң) жүйке жүйесі деп те атаған. «Вегетативті» деген сөз латынша - өсу, қаулап өсу дегенді білдіреді. Ол ағзаның өсуіне қоректенуіне қатысты, жүйке жүйесінің белсенді қозуына қатысты және жыныссыз көбеюді сипаттайды.Сондықтан қазақша «өсімді» деген термин қалыптасқан. Өсімді жүйке жүйесі ішкі мүшелердің қызметінің бірімен-бірінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Ағзадағы зат алмасуды, ішкі ортаның тұрақтылығын реттеп отырады. Ағзадағы түрлі бездердің, қантамырларының және лимфа тамырларының қызметтері де өсімді жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Сонымен бірге өсімді жүйке жүйесі қаңқа бұлшықеттерінің қызметін реттеуге де қатысады. Өсімді жүйке жүйесінде рефлекстік доға үш нейрондық (сезгіш, байланыстырғыш, қозғалтқыш) байланыстан тұрады. Өсімді жүйке жүйесінде қозу баяу жүреді, өйткені оның жүйке талшықтарында майлы қабығы болмайды. Өсімді жүйке жүйесінің қызметін ми қыртысының маңдай бөлігі реттеп отырады. Өсімді жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық деп 2 бөлікке бөлінеді. Симпатикалық (грекше - сезгіш, қабылдағыш), парасимпатикалық (грекше - жанында, қасында).

Өсімді жүйке жүйесі де орталық және шеткі бөлімдерге бөлінеді. Орталық бөлімдері ми мен жұлында болады. Шеткі бөлімдері ми мен жұлыннан тыс жерлердегі жүйке бағанасында, жүйке түйіндерінде, өрімдерінде орналасады.

Өсімді жүйке жүйесі: а) парасимпатикалық бөлігі; ә) симпатикалық бөлігі.

Симпатикалық түйіндер тізбегі[өңдеу]

Симпатикалық бөліктің орталығы жұлынның арқа сегменттерінде жүйке жасушалары шоғырланып орналасады. Шеткі бөліктеріне омыртқа жотасының екі бүйірінде орналасқан бір жұп симпатикалық бағана жатады. Симпатикалық бағанада 20-25 жүйке түйіндері бар. Жүйке түйіндері жүйке жасушаларының шоғырынан тұрады. Олардан құрсақ және жамбас қуысында орналасқан мүшелерге, ірі симпатикалық өрімдерге жүйкелер тарайды. Құрсақ қуысындағы ең ірі өрімнің жүйке түйіндерінен құрсақ қуысындағы барлық мүшелерге жүйкелер таралады.

Парасимпатикалық бөліктің орталығы ортаңғы мида, сопақша мида және жұлынның сегізкөз сегменттерінде орналасқан. Шеткі бөлімі ішкі мүшелердің маңында не тікелей өзінде жүйке өрімдері түрінде кездеседі. [2]

Вегетативтік жүйке жүйесі

Вегетативтік немесе автономдық жүйке жүйесі (вегетативная, или автономная нервная система); (systemanervosum autonomicum; грек, systema — жүйе, бөліктерден құралған бүтін; лат. nervus — жүйке; грек, autos — өзім,өздігінен; nomos — заң) — барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің(асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері),тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі.

Вегетативтық жүйке жүиесі де, жүйке жүйесінің басқа бөлімдері сияқты нейроциттерден және жүйкелік глиядан (нейроглиядан) құралған.

Вегетативтік жүйке жүйесі - организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді.

Олар өз кезегінде жүйке орталықтарынан және шеткі бөлімдерден құралады. Вегетативтік жүйке жүйесінің жүйке орталықтары жұлын мен мида орналасқан: қыртыстық, қыртысасты және өзіндік жүйке орталықтарына бөлінеді.

Вегетативтік жүйке жүйесінің шеткі бөлімін: преганглионды(ганглионалды) миелинді (үлпекті) жүйке талшықтары, экстрамуральды (қабырғадан тыс) және интрамуральды (қабырғалық) жүйке ганглиондары (түйіндері), постганглионды (ганглионсоңы) миелинсіз (үлпексіз) жүйке талшықтары қүрайды.

Вегетативтік жүйке жүйесінің,жүйке жүйесінің сомалық бөлімінен морфологиялық ерекшелігі - оның шеткі бөлімі орталық жүйке жүйесімен екі нейроцит (өзіндік орталық нейроциттері және шеткі жүйке ганглиондарының нейроциттері) арқылы байланысады. Жүйке ганглиондары нейроциттерінің аксондарының эффекторлы ұштары орындаушы мүшелерде аяқталып, оларды жүйкелендіреді (парасимпатикалық жүйке жүйесінің ұштары ішкі мүшелер қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды және бездерді, ал симпатикалық жүйке жүйесінің ұштары — қан және лимфа тамырлары қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды жүйкелендіреді).[1]

Өсімді (вегетативті) жүйке жүйесінің жұмысы адамның еркіне бағынбайды. Сондықтан оны ерте кезде автономды(грекше - өз алдына заң) жүйке жүйесі деп те атаған. «Вегетативті» деген сөз латынша - өсу, қаулап өсу дегенді білдіреді. Ол ағзаның өсуіне қоректенуіне қатысты, жүйке жүйесінің белсенді қозуына қатысты және жыныссыз көбеюді сипаттайды.Сондықтан қазақша «өсімді» деген термин қалыптасқан. Өсімді жүйке жүйесі ішкі мүшелердің қызметінің бірімен-бірінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Ағзадағы зат алмасуды, ішкі ортаның тұрақтылығын реттеп отырады.Ағзадағы түрлі бездердің, қантамырларының және лимфа тамырларының қызметтері де өсімді жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Сонымен бірге өсімді жүйке жүйесі қаңқа бұлшықеттерінің қызметін реттеуге де қатысады. Өсімді жүйке жүйесінде рефлекстік доға үш нейрондық (сезгіш, байланыстырғыш, қозғалтқыш) байланыстан тұрады. Өсімді жүйке жүйесінде қозу баяу жүреді, өйткені оның жүйке талшықтарында майлы қабығы болмайды. Өсімді жүйке жүйесінің қызметін ми қыртысының маңдай бөлігі реттеп отырады. Өсімді жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық деп 2 бөлікке бөлінеді. Симпатикалық (грекше - сезгіш,қабылдағыш), парасимпатикалық (грекше - жанында, қасында).

Өсімді жүйке жүйесі де орталық және шеткі бөлімдерге бөлінеді. Орталық бөлімдері ми мен жұлында болады. Шеткі бөлімдері ми мен жұлыннан тыс жерлердегі жүйке бағанасында, жүйке түйіндерінде,өрімдерінде орналасады.

Өсімді жүйке жүйесі: а)парасимпатикалық бөлігі; ә) симпатикалық бөлігі.

Симпатикалық түйіндер тізбегі

Симпатикалық бөліктің орталығы жұлынның арқа сегменттерінде жүйке жасушалары шоғырланып орналасады.Шеткі бөліктеріне омыртқа жотасының екі бүйірінде орналасқан бір жұп симпатикалық бағана жатады. Симпатикалық бағанада 20-25 жүйке түйіндері бар.Жүйке түйіндері жүйке жасушаларының шоғырынан тұрады. Олардан құрсақ және жамбас қуысында орналасқан мүшелерге, ірі симпатикалық өрімдерге жүйкелер тарайды. Құрсақ қуысындағы ең ірі өрімнің жүйке түйіндерінен құрсақ қуысындағы барлық мүшелерге жүйкелер таралады.

Парасимпатикалық бөліктің орталығы ортаңғы мида, сопақша мида және жұлынның сегізкөз сегменттерінде орналасқан. Шеткі бөлімі ішкі мүшелердің маңында не тікелей өзінде жүйке өрімдері түрінде кездеседі.

Симпатикалық жүйке жүйесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Симпатикалық жүйке жүйесі (грекше sympathes — сезімтал, әсерді қабылдағыш) — адам мен омыртқалы жануарлардың вегетативтік жүйке жүйесінің бір бөлігі; омыртқаны бойлай орналасқан оң және сол шекаралық симпатикалық бағандардан, ганглийлерден (жүйке түйіндері), ганглийлерді өзара және жұлын эффекторларымен байланыстыратын жүйке талшықтарынан құралған. Әр ганглий жұлын жүйкелерінің бірімен байланысқан. Симпатикалық жүйке жүйесінің орталық жұлынның кеуде, бел сегменттерінде орналасқан, ал талшықтары денедегі барлық органдарға, тіндерге таралған. Симпатикалық жүйке жүйесі физиологиясында және ол басқаратын процестердің үйлесімділігін реттеуде мишықтың маңызы зор Симпатикалық жүйке жүйесіне пре- және постганглионарлық бағаналардың тармақталуына негізделген және ішкі құрылымдардың қарқынды әрекетін қамтамасыз ететін мультипликац. түрткілер тән (генерализацияланған әсер). Симпатикалық жүйке жүйесінің одан арғы эволюциясы құстар мен сүтқоректілердің гомойотермдік қасиеттерін қамтамасыз етуге бағытталған фрагменттік реакцияларға қабілеттіліктің дамуымен тығыз байланысты. Симпатикалық жүйке жүйесі интероцепциямен тығыз байланысты, себебі оның құрамына аса сезімтал талшықтар кіреді, олар барлық қан тамырлары мен ішкі органдарды жүйкелендіре отырып, бұлардың өзара рефлекторлы қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің медиаторы — ацетилхолин (преганглийлік талшықтар) мен норадреналин (постганглийлік талшықтар). Симпатикалық жүйке жүйесі талшықтарының регенерациялық қабілеттері жоғары болады. Оның қозуы нәтижесінде организм стресс жағдайынан шығады, жүрек жұмысының ырғағы жиілеп, артериялық қысым жоғарылайды. Бұлшық еттің қанмен жабдықталуы жақсарып, қандағы глюкоза деңгейі көтеріледі, ал асқазан жүйесінің қызметі баяулайды. Осы әсерлер организмнің күшін жинақтап, оның стрестен шығуына мүмкіндік туғызады.

 

 

Пән: Неврологиядағы МІ Алматы медициналық колледжі
№6 дәріс.Тақырыбы: Орталық нерв жүйесінің жарақаттары. Мидың ашық және жабық жарақаттары: ми шайқалуы, мидың соғылуы, мидың қысылуы. Клиникасы. Диагностикасы. Науқастарды тексеру, емдеу және күтудің негізгі принциптері.   3,4 курс, 6,8 семестр
Оқытушы:    

Пәннің мақсаты: негізгі неврология туралы білім беру, білім алушыларда маңызды кәсіптік машыктарды және клиникалық ойлау негізін қалыптастыру, алған білімі мен машықтарын медбикелік диагноз қоюда және оны нақтылауда колдану.

Қысқаша мазмұны:

1. Анықтамасы

2. Этиологиясы

3. Патогенезі

4. Клиникасы

5. Диагностикасы

6. Емі

7. алдын алу

Нерв жүйесі зақымдануындағы шұғыл жағдайлар.

Жедел пайда болған неврологиялық патологиялардың ерекшелігі-нерв жүйесі функциясының тез бұзылысы ғана емес, сонымен қатар басқа да ағзалар мен жүйелердің (соның ішінде тыныс алу және қанайналым) және де гуморальды гомеостаз бен бас-ми иннервациясының дөрекі бұзылысы, сонымен қатар моториканың да, координацияның да, сезімталдықтың да айқын бұзылысымен көрінеді. Жұлынның жедел бұзылысы кезінде төменгі жақпен кейде жоғарғы жақтың бұзылысы айқын болады, ал сезімталдық бұзылысында жамбас ағзаларында өзгеріс пайда болады.

Осылай неврологиялық профильдің жедел жағдайлары организмнің функцияларының жедел және жиі тез бұзылыстарымен ерекшеленеді. Жедел көмектің көлемінің болжамы-негізгі өмірге маңызды тыныс алу және қанайналым функцияларын қалпына келтіру.

ОЖЖ-нің біріншілік зақымдануы және әртүрлі интоксикациялардың, ішкі ағзалардың ауруларының әсерінен пайда болған неврологиялық асқынулардың диагностикасын және терапиясы көп мамандандырылған дәрігерлердің тәжірибесінде кездеседі. Диагностиканың және емнің қиындығы мен жауапкершілігін алғашқы көмектің дәрігері сезінеді.Жедел неврологиялық жағдайлардың клиникалық көрінісінің өз ерекшелігі бар және оның госпитальға дейінгі этаптағы диагностикасы айқын қиындықтармен бірге көрінеді.Оның негізгі себебін анықтау-өте қиын тапсырма болып табылады.

Шұғыл неврологиялық жағдайдың клиникалық формалары:

1.Ми қанайналымының жедел бұзылысы-ишемиялық инсульттар, геморрагиялық инсульттар, субарахноидальды қанқұйылулар.

2.Жедел нейроинфекциялар (менингиттер, менингоэнцефалиттер, энцефалиттер, ми синустарының септикалық тромбофлебиті)

3.Нерв жүйесінің жедел инфекциялық-аллергиялық аурулары.

4.Эпилептикалық статус (немесе жиі қайталанатын тырысулардың ұстамаларының сериясы)

5.Жабық ми жарақатының асқынулары, ақыл-есінің жоғалуымен жүрмейтін немесе "ашық аралықтан" кейін пайда болған және бас-ми бұзылысының белгілері.

6.Бас миының жедел пайда болған ісіктері және абсцестері.

7.Жедел гипокинетикалық жағдайлар (миоплегия және миоплегиялық синдромдар, миастения және миастениялық синдромдар)

8.Нейроинтоксикациялық синдромдар, уланулар мен дисметаболикалық үрдістердің нәтижесінде дамиды.

9.Естің тез басылуы және өзгерісінен пайда болған синдромдар.

10.Жұлынның жедел зақымдалуы.

Жедел нейрохирургиялық көмекті қажет ететін жоғары негізгі патологиялық үрдістерді ерекшелеу қажет, олар жабық бас-ми жарақатының асқынуы (басішілік гематома) цереброваскулярлық патологияның кейбір түрлері (хирургиялық көмекке көнетін жыртылған аневризмалар, латеральды"спонтанды" гематома) бастың жедел пайда болған ісігі және абсцессі, кейбір жедел пайда болған спинальды патологиялық үрдістер.

Жедел нейрохирургиялық патологияның алғашқы көмегін жедел жәрдем дәрігері көрсетеді. Бұндай ауруларды диагноз анықталған соң нейрохирургиялық бөлімшеге госпитализациялайды.

Госпитальдық этапқа дейінгі алғашқы сызықтық (линейных) жедел көмек бригадасының дәрігері көрсетеді, ал ірі қалаларда мамандандырылған жедел көмек бригадасы (неврологиялық, токсикологиялық, кардиологиялық, реанимациялық және т.б.) көрсетеді. Ал екінші этап- көп профильді ауруханаларда медико-санитарлық мекемелерде, әртүрлі профильді мамандандырылған (неврологиялық, нейрохирургиялық, нейротравматологиялық, токсикологиялық және т.б.) реанимациялық бөлімшелерде, ал ауылдық жерлерде орталықтандырылған аудандық ірі ауруханаларда көрсетіледі. Осы емдік мекемелердің базасында кешенді көмек диагностикалық және емдік мақсатта көрсетіледі.

Госпитальды этапқа дейінгі бірінші кезектегі шаралар:

1.Тыныс алу және қанайналым бұзылысын анықтау,жедел коррекциялық жағдайларды қабылдау,эпилептикалық статуста немесе жиі қайталамалы ұстамаларда ұстамаға қарсы заттарды енгізу;

2.Диагнозға негізделген синдромдарды анықтау,науқас жедел нейрохирургиялық көмекті қажет етеді ме?

3.Калада әртүрлі емдік мекемелердегі арнайы бөлімшелерге диагноз және синдромы бойынша госпитализация жасау.

Госпитальға дейінгі этапта дәрігер алғашқы көмекті көрсететін жерде қысқа уақыт ішінде тез ойлап,аурудың себебін анықтауы қажет:науқастан анамнез жинау,туыстарынан сұрау(егер ол мүмкін болса),жақындарынан немесе куәгерлерден қажетті зерттеулерді сұрау.

Кейбір жағдайларда экспресс-диагностиканы және емдік шараларды минимумды шектеу өте маңызды,науқасты стационарға тасымалдауға дейін.

Көшеде немесе қоғамдық орындарда шұғыл жағдайға ұшыраған барлық пациенттерге жедел госпитализация көрсетіледі.

Интенсивті терапияның практикадағы қазіргі жетістіктері-науқасты стационардағы тасымалдаудың қарсы көрсеткіштері болып табылады,кейбір шұғыл жағдайлар үйде дамиды.Жедел жәрдем бригадаларының негізгі реанимациялық әдістерін білуі және бригаданың портативті тыныс аппараты, керекті медикаменттердің болуы бірінші көмек көрсететін жерде және науқастарды стационарға тасымалдау кезінде қанайналым және тыныс бұзылыстарын қалпына келтіреді.

Кома жағдайындағы науқасқа реанимациялық көмек көрсету үшін стационарға тасымалдау қажет.Улану жағдайында пайда болған коматозды жағдай тез қалпына келеді,ал тез және аялаушы тасымалдау науқас жағдайын асқындырмайды.Тынысты және қанайналымды қалпына келтіру шаралары алғашқы көмек орнында да көрсетіледі және стационарда толық көлемде жалғасады.Ми функциясы бұзылысын және басқа ағзаларды қалпына келтіру емдік мекемеде жүзеге асырылады.

Науқасты зерттеудің негізгі принциптері.

Дәрігердің науқастарды зертеудегі шұғыл жағдайындағы әсері айқын шектелген болуы тиіс.Дәрігер анамнезін жинағанда оған керекті мәліметтерді белсенді түрде анықтау керек.Бірінші кезекте осы ауруға байланысты фактілерді алу керек.Және де оның жағдайын,ауырлық дәрежесін толықтай зерттеу де-дәрігердің жұмысы.

Деонтологиялық жағынан қарағанда шұғыл жағдайларда ерекше жіберілмейтін диагностика "бірінші әсері".Бірінші әсерден кейін кейінгі зерттеулерді шектеуге болмайды.Диагностикалық қателер жиі алкогольді уланулар кезінде білінеді.Осы жағдайлар естің бұзылуы мен қалтырау синдромының негізгі себебі болып табылады.Патологиялық үрдістермен бірге жүретін күшті алкогольдік уланулар кезінде шұғыл көмектер қажет(нейрохирургиялық операциялар,белсенді дезинтоксикация және т.б.).Барлық шұғыл жағдайларда әртүрлі ауруларды,жарақат пен улануларды анықтағанда жоспарланған және аяқталған кешенді зерттеулер жүргізілуі тиіс.

Динамикалық бақылаудың маңызы науқастың жағдайы тексеруден кейін күмәнсіз болуы.Ол шұғыл жағдайлар кезінде клиникалық көрінісінің тез өзгеруімен көрінеді.Жүргізілген емнің нәтижесінің оң болғанын не жағдайының нашарлағанын байқауымыз керек.

Шұғыл жағдайлар кезінде жедел көмек көрсету науқас туралы ақпарат жетіспеушілігінен (науқастың ауырлық жағдайына және жедел емдік жағдайларды қажет ететін) негізгі синдромдар анықталмайды.Негізгі синдром сипаты "синдромологиялық диагноз"деп аталады.

Шұғыл жағдай туралы ақпарат.

Шұғыл жағдайлар кезінде патологиялық үрдістердің дамуын анықтау үлкен рөл атқарады.Шұғыл жағдайлардың кей формаларында толық анамнез жинауға мүмкіндік болса,ал кейбіреуінде қосымша,дәл емес,аз мәліметтер ғана жиналады.Науқасқа алғашқы көмек көрсеткен орындағы жиналған ақпарат сол жағдайдың және де жедел интенсивті терафия жүргізуі үшін дәрігерге өте қажет.

Сол жағдайға байланысты жиналған ақпарат аурудың себебіне байланысты мына сұрақтарға жауап береді:кім?қайда?қашан?не болды?не үшін?бұрын не болды?Осы сұрақтар арқылы аз уақытта ауруға байланысты максимальды анамнез жиналады.

Аурумен тығыз байланыста болғанда инструментальды және лабораториялық әдістік зертеулермен анықталмайтын мәлімет алуға болады.

Анамнестикалық мәліметтер көптеген науқастарда жедел дамитын гипокинетикалық,қабықтық синдром және жұлынның жедел дамитын синдромын анықтайды. Сұрау кезінде аурулар мән бермейтін немесе жедел ұмытып кететін фактылерге үлкен мән беру керек(әсіресе егде жастағылар, жүйелі түрде алкогольді қолданатындар). Мұндайларға бас пен омырқаның айқын емес көріністері мен ауыр емес жарақаттар, қатерсіз ісіктер кейбір дәрілерді үнемі қолдану жатады. Осы мәліметтер шұғыл жағдайда дәрігерге эпидуральды, субдуральды гемотомы, инсульттің дамуын, жедел дамитын мидың метастатикалық ісіну, емдік препараттың артық мөлшерін ескереді не дәлелдейді.

Шұғыл неврологиялық жағдайларда ауруларды зерттеудің ерекшелігіне толық аранез жинаудың мүмкін еместігі жатады. Мұндай жағдай естің бұзылуымен(кома, сопор, айқын кереңдік, естің эпилептикалық автомаизмі), сөздің бұзылыстары(әртүрлі типті афазия, дизартрикалық шатастыру), естің бұзылуы(эпилептикалық ұстамадан кейін, корсаков синдромы кезінде, деменция нәтижесінде).

Психика бұзылыстары бар науқастардан анамнез толық жиналмайды.Себебі истериямен және психопатикалық түрдегі науқастар ойынан шығарып,кейде айтылып қойылған анамнестикалық мәліметтер(жиі уланулар,қолданылған токсикалық заттар сипаты мен мөлшерін) беруі мүмкін.Психикалық аурудың ауыр формасымен ауыратын адамдарда өзінің ауруы туралы сандырақтау ойын(оны өлтірейін деп жатқан туралы,уландыру туралы) айтады.Анамнез жиналмағанда не толық жинау мүмкін болмағанда, оның қасындағы туыстары мен туысқандарынан,онымен бірге болған басқа адамдардан және науқас болған жердегі орынды не ғимаратты,болмаса медициналық документтерді зерттеп сұрау керек.Егер науқас пәтерде ес-түссіз жағдайда жалғыз өзі табылса, аурудың қайдан дамығаны туралы мәлімет болмаса,дәрігер басқа иіске мән беру керек.Әсіресе газдың иісін,тұрмыстық газдың кранының ашық қалуын бақылау керек.Тұрмыстық газдың улылығы аз.Жиі өзіне-өзі қол жұмсағысы келген адамдар ұйықтататын және транквилизатордың үлкен мөлшерін қолданып,сосын газдық аппараттың кранын ашады.

Ерекше иіс тұрмыстық химия заттарының улануымен(жуғыш заттар,дақ кетіргіш,еріткіштер),инсектицидтер(үйдегі паразитке қарсы зат),гербицидтер(зиянды өсімдіктерге қарсы заттар).Науқастың аузынан химиялық заттарға сәйкес келетін иісті анықтауға болады.

Егер науқас еденде жатса,естің бұзылуы тез болған,ал төсекте жатса,біртіндеп не ұйқы кезінде есі бұзылған.Науқастың қасынан табылған дәрі не бос қаптамалар (ұйықтатқыш,психотропты,жүректік,диабеттік) кеннеттен пайда болған патологиялық үрдістің (улану,жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі, диабеттік кома) себебі болады.

Алкогольді сусындардың қалдықтарын табу,алкогольдің суррогаттары және аузынан алкогольдің иісі шығуы патологиялық үрдістің дамуының негізгі себебі деп қарауға болады.Жиі көп мөлшерде алкогольді қолдану гипогликемиялық кома мен инсульттің дамуына,сондай-ақ бастың жабық ауыр жарақатына алып келеді.

Комбинирленген интоксикация-алкогольмен және седативті,ұйықтатқыш және психотропты препараттармен қосылуы нәтижесінде болады. Медициналық документтер,дәрілер,ауру төсегінің жанынан табылған заттар, столдағы киім,шаруашылық сумка және т.б.дамыған аурудың себебін анықтауға мүмкіндік береді.

Науқасты тексеру.


Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 2200 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.039 сек.)