АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Аралас,біріктірілген БМЖ (сочетанная).

Аралас БМЖ деп-механикалық энергия бас сүйегінің және басішілік құрылымының зақымдалуы кезінде,сол уақытта бас сүйегінен тыс зақымдалуларды да шақыруы.

Аралас БМЖ жіктелуі 2 принцип бойынша жүреді:

1/бас миынан тыс зақымдалуының локализациясы(бет сүйегі,кеуде клеткасы және оның ағзалары,құрсақ қусы ағзалары мен құрсақ қуысынан тыс кеңістік,омыртқа мен жұлын,аяқ-қолдары мен жамбас,көптеген бас сүйегіне тыс зақымдалулар.

2/бас миының және бас миынан тыс зақымдалулар,оның ауырлық дәрежесіне байланысты.

Аралас БМЖ-да организм функциясын басқаратын,сонымен қатар орындайтын жүйелер зақымдалады.Эректильді фаза көбінесе уақыты бойынша ұзарады,сол себепті стационарда жоғарылатады.Аралас БМЖ-тық шок классикалық травмалық шоктан қарағанда естің бұзылуымен,брадикардия,сыртқы тыныс алудың бұзылуы, гипертермия, сонымен қатар ошақты неврологиялық симптомдармен менингиальды белгілер көрінеді.

Бас жарақаты кезіндегі шұғыл көмек.

Бастың соғылуында оқиға болған жерде қан тоқтатқыш таңып қойып, науқастың диагнозын дәлелдеу үшін және кейінгі емін анықтау үшін травматологиялық стационарға жеткізеді. Жабық, ашық және аралас бас-милық жарақатта оқиға болған жердегі көмек жарақаттың ауырлығына байланысты және симптоматикалық сипатқа ие.Ашық және енген жарақатта госпиталь алды этапында ми жарасын гемостатикалық губка канамицинмен жабады және бетіне асептикалық таңу қояды.Науқасты жедел түрде травматологиялық стационарға жеткіземіз(диагнозын нақтылау үшін).Жәбірленушінің есі анық кезде зеңбілге арқасынан жастықсыз жатқызып тасымалдайды.Есі жоқ болғанда тұрақты қалыпта құсу кезіндегі аспирацияның алдын алу үшін басын бір жағына қарай жатқызады.БМЖ-ғы реанимация шараларын госпиталь алды кезеңінде бастайды.Олар жарақат кезінде өмірге маңызды функциялардың бұзылуын қалпына келтіру,ауыр гемодинамикалық бұзылыстарда қан жоғалту,тыныс жолдарының обтурациясы нәтижесінде ми гипоксиясы мен ишемияның алдын алуға бағыттайды.Адекватты газ алмасуын қамтамасыз ету үшін тыныс жолдарын босатады,ауа жібергіш енгізеді,трахея интубациясын немесе трахеостомия жасайды,оттегі болған жағдайда ӨЖЖ жасайды.Психомоторлық және қозғалғыштықтың қозуында седативті заттар қолданылады.

Ескерту. Жәбірленуші ауыр БМЖ-да есінің ауыр бұзылысы жағдайында ошақтық және жалпы милық симптоматика өсуінде өмірге маңызды функциялардың бұзылуында интенсивті терапия және реанимация бөлімшесіне госпитализация жасайды.

7. Сабақтың мазмұны.

Студенттің өзіндік жұмысы:жедел жәрдемге шығу және шұғыл медициналық жәрдемде дәрігер ретінде-дублер:сұрақ,науқасты қарау(пальпация,перкуссия,аускультация) алдын ала диагнозды қою,жедел көмек көрсету,қажетті жағдайда науқасты госпитализациялау.

Мұғаліммен жұмыс:топ студенттерімен теорияны талқылау,студенттің көрсеткен жедел және шұғыл медициналық көмегін клиникалық талқылау.Өткен және қорытынды білім дәрежесін бақылау.Сабақ тақырыбы бойынша тесттер және ситуациялық есептер жүргізу арқылы анықталады.

Инсульт- бас ми функциясының тез дамитын фокальды және глобальды бұзылысымен жүретін, тамырлық генезді бұзылыстарға байланысты 24 сағатқа созылатын немесе өлімге әкелетін бұзылыс

Кома. -Есі жоқ

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

1. Анықтамасы?

2. Этиологиясы?

3. Патогенезі?

4. Жіктелуі?

5. Клиникасы?

6. Диагностикасы?

7. Емі?

8. Алдын алу шаралары?

Тарататын материал: тесттер, ситуациялық есептер.

Манипуляция алгоритмдері:

Сабақтың жабдықталуы: оқу-жұмыс бағдарламасы, дәріс, кестелер, тестер, сөзжұмбақтар.

ЧЕК-парағы:

Үй тапсырмасы:

Қолданатын әдибиет:

Әдебиеттің тізімі:

1. «Жүйке және психикалығы аурулар» Г.В.Морозов. Окулық-7 шығару

Қайта өндеген және толықтырылған-1987-ші м.

2. 10-ші тарау Лемон оқу әдебиеті.

 

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізіг:

  1. Верткин А.Л. Скорая медицинская помощь. Москва. 2006. – 365 с.
  2. Верткин А.Л. Тактика ведения и скорая медицинская помощь при неотложных состояниях. Астана. 2004. -391 с.
  3. Неотложная помощь в педиатрии. Под ред. Э.К.Цыбулькина. 1997. - 367 с.
  4. Рекомендации по оказанию скорой медицинской помощи в Российской Федерации. Под ред. Мирошниченко А.Г., Руксина В.В. С-Пб. 2006.- 223 с.
  5. Рекомендации по оказанию скорой медицинской помощи детям на догоспитальном этапе. Под ред. Мирошниченко А.Г., Шайтор В.М. С-Пб. 2005.- 127с.
  6. Руководство для врачей скорой медицинской помощи. Под ред. В.А.Михайловича. 2001.- 704 с.
  7. Скорая медицинская помощь. Под ред. Мирошниченко А.Г., Руксина В.В., Шайтор В.М. С-Пб. 2007.- 319 с.
  8. Цыбулькин Э.К. Неотложная помощь в педиатрии. 2001.
  9. Дюсембаев Б.К. Нарушения сознания в практике врача скорой и неотложной медицинской помощи / Учебно-методическое пособие. – Алматы, 2004. – 78 с.

Қосымша:

1.Багненко, Мирошниченко А.Г., Верткин А.Л. Руководство по скорой медицинской помощи. Москва. 2007. – 376 с.

2.Д.О. Виберс, В. Фейгин, Р.Д. Браун. Руководство по цереброваскулярным заболеваниям. Москва, 1999г.

  1. Интенсивная терапия в педиатрии. Под ред. Михельсона В.А. Москва. – 2003.- 550 с.
  2. Катэрино Дж.М., Кохан С. Медицина неотложных состояний. Москва. 2007.
  3. М.М. Одинак, А.А. Михайленко, Ю.С. Иванов, Г.Ф. Семин. Сосудистые заболевания головного мозга. Санкт-Петербург, 1998г.
  4. Михельсон В.А., Гребенников В.А. Детская анестезиология и реаниматология. Москва. 2001.- 480 с.
  5. Неотложные состояния у детей. Под ред. Петрушиной А.Д. Москва. – 2002.- 174 с.
  6. Р. Лехтенберг. Неврология в вопросах и ответах. Санкт-Петербург, 1997г.
  7. Селбст С., Кронэн К. Секреты неотложной педиатрии. Москва. 2006.- 479.
  8. Цибулькин Э.К. Угрожающие состояния у детей. Санкт- Петербург. - 2003.- 222 с.
  9. Цыбулькин Э. К. Неотложная педиатрия в алгоритмах. - СПб, 1998. - 224 с.
  10. Чернышов В. Н., Лебеденко А. А., Сависько А. А. и соавт. Тактика оказания экстренной помощи в педиатрии. Ростов-на-Дону, 2000. - 256 с.

 

9. Ұ СЫНЫС (НАГЛЯДНЫЕ ПОСОБИЯ): таблицалар, электрокардиограммалар, тақырып бойынша жедел жәрдем карталарының копиясы, практикалық жұмыс үшін муляждар және фантомдар, СӨЖ тақырыптары.

 

 

 

Пән: Неврологиядағы МІ Алматы медициналық колледжі
№7 дәріс.Тақырыбы: Ми қан айналымының жіті бұзылыстары. Ми қанайналымының өткінші бұзылыстары. Геморрагиялық, ишемиялық инсульттер, клиникасы. Ми қанайналымының бұзылуы кезінде шұғыл көмек көрсету жолдары. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері. 3,4 курс, 6,8 семестр
Оқытушы:    

Пәннің мақсаты: негізгі неврология туралы білім беру, білім алушыларда маңызды кәсіптік машыктарды және клиникалық ойлау негізін қалыптастыру, алған білімі мен машықтарын медбикелік диагноз қоюда және оны нақтылауда колдану.

Қысқаша мазмұны:

Ми қан тамырларының аурулары

Ми қан айналымының бұзылуы жиі кездесетін аурулар тобына жатады. Ол өлімнің және ауыр мүгедектіктің себептері болып табылады. Барлық дірігерлер үшін ми қан тамырлары ауруларын білудің, көмек көрсету шараларын жетік меңгерудің маңызы зор.

№ 5 сурет

Үлкен мидың артериялы айналымының схемасы

(виллизиев шеңбері)

1. Ішкі ұйқы

2. Ортаңғы ми

3. Алдыңғы ми

4. Алдыңғы байланыс

5. Артқы ми

6. Артқы байланыс\базиллярлы

7. Омыртқа

8. Алдыңғы жұлын ми

9. Жоғарғы мишық

10. Алдыңғы төменгі мишық

11. Артқы төменгі мишық

12. Артқы жұлын ми

13. Бұғана асты

14. Жалпы ұйқы

15. Аорта

16.

Этиологиясы. Ми қан айналымының бұзылуына себепші аурулар:

1. Атеросклероз

2. Гипертониялық ауру

3. Атеросклерозбан гипертониялық аурудың бірге кездесуі

4. Артериялық гипертензиялар (феохромоцитома, бүйрек аурулары)

5. Аневризмалар және ми қан тамырларының басқа аномалиялары

6. Жүрек аурулары (ревматизм, аритмия т.б.)

7. Мойын остеохондрозы

8. Қан аурулары (эритермия, лейкоздар т.б.)

9. Васкулиттер (инфекциялы – аллергиялы, мерезді, ревматикалық)

10. Жүйелі тамыр аурулары (тромбоангит, түйінді периартерит)

11. Интоксикациялар (экзогенді және эндогенді)

12. Магистральды тамырлардың мойында зақымдалуы

13. Ісіктер

I. Ми қан айналымының өткінші бұзылуы.

Бұл ми қан айналымының бұзылуының өте жиі түрі.

Ми қан айналымының өткінші бұзылуының клиникалық жалпы милық және ошақты симптомдар байқалады. Жалпы милық симптомдардан бас ауруы, көз алмасының ауруы, көзді қимылдатқанда ауры, бас айналуы, жүрегі айнып, құсу, құлақ шулау байқалады. Аурудың ес-түсі бұзылуы мүмкін. Қысқа уақытта есінен тануы, эпилептикалық абсанс тірңздң эквиваленттер болуы мүмкін. Кейде жалпы және фокальды эпилептикалық ұстамалар кездеседі. Жалпы милық симптомдар гипертониялық криздерде жиі байқалады. Өте ауыр гипертониялық криздерде жалпы милық симптомдарға қоса менингеальды симптомдар (менингизм) байқалуы мүмкін. Люмбальды пункция жасағанда жұлын ми – сұйықтығының қысымы жоғары, көз түбінде ісік, кішкене қан құйылуы мүмкін.

Гипотониялық церебральдық криздерде жалпы милық симптомдар азырақ байқалады, қан қысымы төмендеп, жүрек қағуы нашарлайды.

Ошақтық симптомдардың көбінесе үлкен жарты шарлар зақымдалғанда байқалатын симптомдар кездеседі, көбінесе сезімталдық сферасының зақымдалу белгілері – қол – аяқтың ұюы, беттің, тілдің бір жақ жартысының, еріннің ұюы байқалады.

Сезімталдықтың бұзылуыме бірге қозғалыс сферасында зақымдалу симптомдары байқалады. – параличтер мен парездер, көбінесе кішкене аймақтарда (қолдың басы, бір қол, бір аяқ монопарездер). Кейбір науқастарда беттің бір жартысының, тілдің жартысының парездері (VII және XII жұптар) байқалуы мүмкін.

Объетивті тексергенде сіңір жіне тері рефлекстері өзгереді, патологиялық рефлекстерден Бабинский рефлексі жиі кездеседі.

Өткінші сөйлеу қабілетінің бұзылуы, тілдің күрмелуі (жартылай моторлық афазия, сенсорлық афазия), апраксиялық бұзылулар, көру алқабының тарылуы, дене схемасының бұзылуы (аутопагнозия, анозогнозия) байқалуы мүмкін.

Ми сабағы зақымдалғанда (вертебро – базилярлық бассейн) бас айналуы, жүргенде теңселуі, координациясының бұзылуы байқалады, көз алдында заттардың қосарланып көрінуі (диплопия), нистагм, бетте сезімталдықтың бұзылуы, тілдің, саусақтардың ұюы, екі жақта бірдей патологиялық пирамидалық белгілер байқалады. Альтернациялық синдромдар сирек кездеседі, бірақ бірақ олар кездескен жағдайда, олар ми сабағының зақымдалуының патогномды синдромдары болып табылады. Ми сабағының зақымдалу симптомдарымен қатар әр түрлі фотопсиялар, өткінші скотомалар, оптико – вестибулярлық бұзылулар, қысқа уақыттық есте сақтау, ойлау қабілеттерінің бұзылуы, мишықтың зақымдалу симптомдары байқалуы мүмкін.

Осы криздерден кейін микросимптомдар біраз уақытқа дейін қалуы мүмкін, ал айқын симптомдар 24 сағат ішінде қалпына келеді.

Ми қан айналымының өткінші бұзылуының патогенетикалық механизмдері.

1. Ангиоспазм

2. Ми қан айналымының ауторегуляциясының бұзылуы

3. Ангиопарез

4. Микротромбоздар

5. Микрогеморрагиялар

6. Микроэмболиялар

7. Ми қан тамырларының жетіспеушілігі

Ми мен жұлын тамырларының зақымдалу бойынша жіктелуі

1. Ми қан айналымының бұзылуына әкелетін аурулар мен патологиялық өзгерістер.

1.1.Атеросклероз

1.2.Эссенциальды гипертензия

1.3.Атеросклерозбен артериальды гипертензия

1.4.Симптоматикалық гипертензия

1.5.Вазоматорлық дистония (ангиоспазм т.б.)

1.6.Артериальды гиподинамия (гипотензия)

1.7.Жүрек қан тамыр аурулары (ревматизм, инфаркт ағымының бұзылуы)

1.8.Инфекциялық және аллергиялық васкулиттер (мерез, ревматизм, коллагеноздар)

1.9.Ми тамырларының токсиндермен зақымдалуы (экзо және эндотоксиндер)

1.10.Ми тамырларының жарақаттануы

1.11.Тамырлардың қысылуы (омыртқа ауруларынан, ісіктермен)

1.12. Жүрек – қан тамыр жүйесінің аномалиялары.

1.13.Қан аурулары (эритермия, лейкоздар т.б.)

1.14.Эндокриндік аурулар

1.15.Басқа аурулар мен патологиялық өзгерістер

2. Ми қан айналымының бұзылу түрлері

2.1. Ми қан айналымының бұзылуының бастапқы белгілері

2.2. Ми қан айналымының жедел бұзылуы

2.2.1. Ми қан айналымының өткінші бұзылуы

А) транзиторлық ишемия;

Б) гипертониялық криздер;

2.2.2. Ми қабықтары астына қан құйылу

А) субарахноидальды;

Б) эпи- және субдуральды қан құйылулар;

2.2.3. Ми қан құйылу

А) паренхиматозды;

Б) паренхиматозды – суборахноидальды;

В) қарыншаларға қан құйылу;

2.2.4. Ми инфарктісі (эмболиясыз)

А) бастың негізгі артерияларының зақымдалуы;

Б) ми артерияларының зақымдалуы;

В) басқа себептер

2.2.5. Ми инфарктісі (эмболиясы)

А) кардиогенді;

Б) басқа себептер;

2.2.6. Жедел гипертониялық энцефалопатия

2.2.7. Жедел ажыратылмаған бұзылулар

2.3. ми қан айналымының баяу, үдемелі бұзылуы

2.3.1. Дисциркуляторлы энцефалопатия

2.3.2. Дисциркуляторлы миелопатия

2.4. Белгісіз бұзылулар

2.5. Инсульттан кейін қалғаг көріністер

3. Зақымдалу ошағының орналасуы

1.1. Ми жарты шарлары:

А) ми қыртысы;

Б) мидың ақ заты;

В) ішкі капсула;

Г) қыртыс асты ядролары;

Д) көру бұдыры;

1.2. Ми сабағы

А) орта ми;

Б) вароли көпірі;

В) сопақша ми;

Г) мишық;

1.3. Мидың қарыншалары

1.4. Бірнеше ошақтар

1.5. Жұлын:

А) мойын бөлігі;

Б) кеуде;

В) бел – сегізкөз бөліктері;

1.6. Орны анықталмаған

2. Тамырлардың өзгеру ерекшелігі

2.1. Бітеліп қалуы

2.2. Таралуы

2.3. Иілу, бүгілу

2.4. Аневризмалар:

А) туа пайда болған, қалта тәрізді;

Б) жарақаттан кейін;

В) артерия – веналық;

Г) каротидті – кавернозды жарылуы;

2.5. Тамырлардың немесе аневризмалардың жарылуы

2.6. Тамыр қабырғасының өткізгіштігінің бұзылуы(артум)

2.7. Басқа бұзылулар

3. Зақымдалған тамырлар

3.1. Кең таралған

3.2. Аорта

3.3. Ұйқы артериясы (жалпы, сыртқы, ішкі)

3.4. Бұғана асты артериясы

3.5. Омыртқа артериясы

3.6. Негізгі артерия

3.7. Мидың алдыңғы артериясы

3.8. Мидың ортаңғы артериясы

3.9. Мидың артқы артериясы

3.10. Негізгі артерияның тарамдары

3.11. Мишықтың артқы төменгі артериясы. Ұйқы артериясының ми қабықтарына баратын тарамдары.

3.12. Ми веналары мен синустары

3.13. Мойындырық венасы

3.14. Жұлын тамырлары

3.15. Басқа тамырлар

3.16. Белгісіз бұзылулар

4. Клиникалық синдромдар

4.1. Субъективті симптомдар

4.2. Органикалық симптоматика (жойылу симптомдарсыз)

4.3. Қозғалыс сферасының бұзылулары (парездер, параличтер, экстрапирамидалық бұзылулар, координацияның бұзылуы, гиперкинездер)

4.4. Сезімталдықтың бұзылуы (ауырсыну, гипестезия)

4.5. сезу мүшелерінің қызметінің бұзылуы

4.6. Жоғары ми қызметінің бұзылуы

4.7. Ұстамалар, қояншық тірңздң ұстама

4.8. Интеллектісінің, есте сақтау қабілетінің, эмоция сферасының өзерулері

4.9. Психопатологиялық симптоматика

5. Экспертизасы

5.1. Еңбекке жарамды

5.2. Уақытша жарамсыз

5.3. Еңбекке жарамдылығы төмендеген

5.4. Еңбекке жарамсыз

5.5. Басқа кісілердің көменгінсіз өзін өзі атқара алмайды

5.6. Үнемі сырттан бақылауды талап етеді

 

II.Ишемиялық инсульт

Ишемиялық инсульт ми қан айналымының төмендеуі салдарынан болады. Инсульттың бұл түрі көбінесе 50-60 жастағы науқастарда және кәрі жастағы кісілерде кездеседі, сирек жас адамдарда кездесуі мүмкін.

Ишемиялық инсульт кезінде пайда болатын мидың некрозды инфаркты ошақтар мидың әр жерінде кездесуі мүмкін, көбінесе мидың ортаңғы артериясының бассейні таралатын аймағында кездеседі. Инфаркттар ақ, қызыл және аралас болып бөлінеді.

Инфаркт (некроз) болған ми тіндері қан элементтерінің сіңуінен ақ инфарк қызыл инфарктқа айналуы мүмкін.

Мидың инфарктіне әкеліп соқтыратын патогенетикалық механизмдер.

6.Тромбоз – тамыр қабығының өзгеруі:

- гемодинамиканың бұзылуы;

- гиперкоагуляция, қан құрамындағы элементтердің агрегациясы

- қанның қоюлануы;

7. Эмболия – кардиогендік;

- артериялық;

- басқа генезді;

8. Тромбоссыз инфарк – ангиоспазм;

- ангиопарез;

- ми қан тамырларының ауторегуляциясның бұзылуы

- ми тамырларының жетіспеушілігі;

Ишемиялық инсультқа дейін бірнеше ми қан айналымында өткінші бұзылулар байқалуы мүмкін. Ишемиялық тәуліктің мезгілдеріне байқалады. Геморрагиялық инсультпен салыстырғанда жиірек түн ортасында немесе таңға жуық байқалады. Кейде науқастарда ишемиялық инсулттің эмоциялық немесе күш қолданып әрекет жасаудан кейін, қан ағып, қан жоғалтқаннан кейін дамығаны, жалпы немесе инфекциялық аурулармен байланысын анықтауға болады.

Ишемиялық инсультқ мидың әр жерінің зақымдалу белгілерінің біртіндеп дамуы тән – 1 – 2 сағаттан 2-3 тәулікке дейін. Бұл симптомдар күшейіп – азайып отыруы мүмкін. Кейде инсульт апоплектикалық түрде дамиды.

Ишемиялық инсультта ошақтық симптомдар жалпы милық симптомдардан басым келеді, кейде милық симптомдар мүлде болмауы мүмкін. Науқастар әдетте есінен таңбайды, барлық ес – түсінің кейбір бұзылу—ауытқулары орын алады. Олар ұйқышыл келеді, сылбыр сөйлеп, тез әлсіреп қалады. Сопор мен кома тек үлкен жарты шарлар зақымдалғанда, ми қатты ісініп, су сіңбегенде, ми сабағының зақымдалу, ісіну симптомдары қосылғанда байқалуы мүмкін.

Вегетативтік бұзылулар ишемиялық инсульттің бас кезінде бәсеңдеу келеді. Науқастың беттері боздау, цианоз, қан қысымы төмен немесе қалыпты, кейде реактивті қан қысымының көтерілуі болуы мүмкін. Жүрек қағысы жиі, аритмиялар, тершеңдік, дірілдер пайда болуы мүмкін.

Соматикалық фон – атеросклероз, коранорокардиосклероз, анамнезінде стенокордия, инфаркттер анықталады. ЭКГ – миокардттың өзгерістері, коронарлық жетіспеушіліктер анықалады, кардиосклероз, жүрек қағысының ырғағыны, бұзылуы болуы мүмкін – экстросистолия, аритмия, проксимальды тахикардия, ревматизм, ревматикалық ақаулар(пороктар).

Ошақтық симптомдар зақымдалу ошағына және артериялық бассейнге байланысты болады. Инфаркттар вертебро – базилярлық бассейнде каротидтік бассейнмен салыстырғанда сирегірек кездеседі, ал каротидтік бассейнде мидың ортаңғы артериясының бассейінінде жиі кездеседі.

Ошақтық симптомдардан парез бен параличтер, қарам – қарсы жақтағы аяқ – қолда, бет және тіл асты жүйкелерінің орталық парез, қарама – қарсы жақтағы сезімталдықтың гемигипестезия түрінде бұзылуы, гемианопсия жиі байқалады. Сонымен қатар сол жақ арты шары зақымдалған оңқай адамдарда сөз сөйлеу қабілеті бұзылады (афазиялардың әр түрі) және басқа да жоғарғы ми қызметтері бұзылады, оң жақ жарты шар зақымдалғанда аутопогнозия (дене схемасының бұзылуы), анозогнозия байқалуы мүмкін. Көзқарасы зақымдалған жарты шар жағына қарай ауған, қарама – қарсы жағына қарай алмайды, кей кезде блефороспазм байқалады. Ми сабағы тұсында болған инффаркт кезінде аяқ – қолдардың парезімен қоса бас ми жұйкелерінің түйірлері мен түбіршектерінің зақымдалу симптомдары байқалады. Жиі көз қимылдатқыш жүйкелерддің қызметінің бұзылуы, нистагм, бас айналу, координация мен статиканың бұзылулары, дизартрия, дисфагия, дисфония, назолалия және тағы басқа да симптомдар байқалады. Альтернациялық синдромдар мен бульбарлық синдром байқалғанда ми сабағының зақымдалғандығында күмән болмайды.

 

№ 6 сурет

 

Артериялар: 1. Алдыңғы ми артериясы 2. Алдыңғы дәнекер ми артериясы 3. Ортаңғы ми артериясының кіретін қабық асты тармақтары 4. Ішкі үйқы және ортаңғы ми артериясы 5. Артқы дәнекер артериясы 6. Артқы ми артериясы 7. Үстінгі мишық артериясы 8. Базиллярлы артерия 9. Базиллярлы артерияның кіретін сабақ тармақтары 10. Алдыңғы төмен мишық артериясы 11. Артқы төменгі мишық артериясы   Виллизев шеңбері Артерия Клиникалық маңызы Клиникалық маңызы: 1. Аяқтардың көбірек қатыстырылуы 2. Оң және сол каротидті бассейнді дәнекерлейді 3. Қабықтың зақымдалу симптомдарынсыз қабық асты лакуналары 4. Афазия немесе доминантсыз жарты шардың зақымдалу симптомдары 5. Үлкен болуы мүмкін және ішкі ұйқы артериясынан артқы ми артериясына қан тасымалдауын қамтиды 6. көру аймағының кемшіліктері (артқы бөліктерді қанмен қамтиды), гемиплегияның болуы 7. Изоляцияланған зақымдалу сирек кездеседі 8. Окклюзия тетраплегия және өлімге әкеледі(алдыңғы дамыған коллатералдардың жоқ болмауында) 9. Сабақты ұсақ инфарктері, және классикалық лакуналар 10. сопақша мидың латеральды синдромы – ережедегі омыртқа артериясы окклюзиясының нәтижесі ретінде артқы төменгі мишық артериясы емес

 

Ми тамырларының эмболиясы.

Бұл ишемиялық инсульттің бір түрі болып саналады. Бірақ эмболия салдарынан болған инсульттің кейбір ерекшеліктер бар. Көбіне кардиогендік эмболдар жүрек клапандарының ревматизм кезінде зақымдалуынан, аяқтың веналарынан пайда болуы мүмкін. Кейде ми тамырлаының эмболиясы өкпедегі іріңді процесстерден, жалпы инфекциялық аурулардан, ісіктерден пайда болады. Ауа эмболиясы кессондық жұмыстар кезінде, өкпеге операция жасау кезінде болуы мүмкін, май эмболиясы ірі сүйектер сынғанда пайда болады. Эмболмен қоса тамырлардың спазмы, кейіннен парезі аурудың патогенезінде үлкен роль атқарады. Эмболия көбінесе күндізгі уақытта, жас адамдарда жиі кездеседі.

Неврологиялық симптомдар кенеттен, аяқ астынан, күш пайдаланып әрекет жасағаннан кейін пайда болады. Көбінесе науқастар қысқа уақыт есінен танады. Ошақтық зақымдалу симтомдарымен қоса (моногемипарездер, параличтер, сөйлеу қабілетінің бұзылуы т.б.), жиі эпилепсия тәрізді ұстамалар, өткінші менингеальды симптомдар кездеседі. Кейде көздің тор қабықшысының эмболиясы болуы мүмкін, ол кезде көз көрмей қалады немесе скотомалар пайда болады, олар офтольмоскопия жасағанда аңғарылады.

Бас мидың қанмен қантамасыз етілуі. Ми екі жұп артериядан қан алады: омыртқа артериясы, ішкі ұйқы артериясы. Омыртқа артериясы бұғана асты артериясынан шығып, С7-Тһ2 омыртқалардың көлденең өсінділердің тесігі, шүйде тесігі арқылы бас сүйекке кіреді. Бас сүйектің ішінде әр омыртқа артериясынан жұлынның алдыңғы және артқы артериялары және мишықтың төменгі артқы артериясы тарайды. Варолий көпірінің артында қосылып екі омыртқа артериясынан негізгі артерия пайда болады. Негізгі артерия варолий көпірінде, одан екі жұп мишықтың алдыңғы төменгі артериялары және жоғарғы артериясы шығады.

Ішкі ұйқы артериясы жалпы ұйқы атериясының бір тармағы болып табылады. Бас сүйектің ішіне өз тесігі арқылы кіреді, кавернозды синус арқылы өтіп шыға берісте көз артериясын береді, ол көз ұясына барады. Сильвий шұқырында артерия ортаңғы және алдыңғы ми артерияларына бөлінеді.

Ішкі ұйқы артериясы артқы қосқыш артерия арқылы артқы ми артериясымен қосылады. Алдыңғы ми артериялары алдыңғы қосқыш артерия арқылы өзара қосылады. Осы анастамоздар арқылы ми астында артериялық варолий шеңбері (көпбұрышы) құрылады.

Мидың алдыңғы артериясы – ми жарты шарларының ішкі жағын, маңдай полюсынан парието –окципитальдық саңылауға дейін, парацентралдық бөліктерді, маңдай полюсының сыртқы жағының жартысын қанмен қамтамасыз етеді.

Мидың ортаңғы артериясы – мидың орталық түйіндерін, ішкі капсуланы, ми жарты шарларының сыртқы бетінің көп бөлігін, төменгі, ортаңғы маңдай қатпаларын, алдыңғы артқы орталық қатпаларды, төбе бөлігін, самай бөлігінің сыртын қанмен ұамтамасыз етеді.

Мидың артқы артериясы – самай бөлігінің төменгі жағын шүйде бөлігінің сыртқы, ішкі және төменгі жағын қанмен қоректенеді. Негізгі артерия – көру төмпешігін, эпифиз, орта миды, варолий көпірін қанмен қамтамасыз етеді.

Мишық өзінің үш артриясымен қамтамасыз етіледі. Ми сабағы омыртқа артериясынан шығатын қысқа және ұзын циркумференттік артерияларымен қамтамасыз етеді.

Мидың алдыңғы артериясының бассейніндегі инсульттар маңдай бөлігінің ми қыртысында, ми қыртысы астындағы ақ затта, сүйелді дене, көру төмпешігінде, құйрықты ядрода, ішкі қабықшаның алдыңғы жағында некроздар туғызадыы. Ми қыртысының ішкі жағы плацентарлық қатпар көп зардап шегеді. Қарама-қарсы жағында гемипарез болады (аяқ қатты әлсірейді), маңдай ми қыртысының зақымдалуы салдарынан психикалық өзгерістер, ұстап қалу (жармасу) рефлексі. Кейде дәретін ұстай алмай қалады. Сол жақ зақымдалғанда өткінші моторлық афазиялар байқалады. Сүйелді дене зақымдалғанда идеоматорлық апраксия болуы мүмкін.

Мидың артқы артериясының бассейніндегі инсульттар шүйде бөлігінде некроздар туғызда. Сондықтан қарам-қарсы жағында гемианопсия болады, сонымен қатар алексия, сенсорлық және амнезиялық афазия элементтері (сол жағынан болғанда) байқалады. Парездер болмайды, бірақ қарама – қарсы жағында терең рефлекстер жоғары, іш рефлекстері тһмен болуы мүмкін, кейбір патологиялық рефлекстер байқалады.

Мишықтың артқы төменгі артериясының бассейнінде қан айналу бұзылғанда сопақша мида IX, X, XI жүйкелердің түйірлері орналасқан жерлерде, вестибулярлық түйірлерде, V жұптың жұлындық түйірінде, Флексиг жолында, вегетативті симпатикалық талшықтар өтетін жерлерде некрозды ошақтар пайда болады. Бұл синдром Валленберг – Захарченко синдромы деп аталғанү зақымдалған жағында жұмсақ таңдай, дыбыс жолдарының жұтқыншақ еттерінің парезі пайда болады, соның салдарынан дисфония, дисфагия байалады, беттің бір жартысында гипестезия, Горнер –Клод-Бернар синдромы, қарама-қарсы жақтағы дененің жартысында сезімталдық бұзылады. Сонымен қатар вестибулярлық мишықтық бұзылулар, нистагм, теңселу, координацияның бұзылуы, атаксия, жүйелі бас айналу, т.б. анықталады.

Ішкі ұйқы артериясының негізгі сабағы зақымдалғанда альтернациялық оптикопирамидалық синдром байқалады. Зақымдалған жағында көзінің көрмей қалуы (көз артериясының бітелуінен), қарама – қарсы жағында пирамидалық симптомдар анықталады.

 

III.Геморрагиялық инсульттің түрлері.

Паренхиматозды – миға қан құйылу, субарахноидальды – тор қабық астына қан құйылу, паренхиматозды - субарахноидальды қан құйылу.

Геморрагиялық инсульт көбінесе гипертониялық ауру, атеросклероз, артериялық гипертензия, артерия веналық аневризмалар кезінде байқалады. Қан құйылу көбінесе үлкен жарты шарларда, сирек ми сабағы мен мишықта болады.

Қан құйылу гематома тәрізді жіне диапедезді болуы мүмкін.

Жарты шарларға қан құйылу тереңдігіне байланысты: латеральды (ішкі капсуланың сырт жағына), медиальды (ішкі капсуланың іш жағына, көру төмпешігіне) қан құйылу болып бөлінеді.

Кей жағдайда паренхиматозды қан құйылу ми қарыншаларына шабуы мүмкін, ол кезде паренхиматозды – вентрикулярлы қан құйылу деп аталады.

Патологиялық анатомиясы. Зақымдалған жағында ми қабықтары ісіңкіреп, ми қатпарлары тегістеу болып көрінеді. Қан құйылған жерде ми тіні былжыр болып, қанмен аралас ботқа тәрізді болып келеді, түрі қоңыр – сары болады. Гематома көбінесе қыртыс асты ядроларында орналасады. Науқас тірі қалған жағдайда қан құйылған жердегі элеметтер сіңіп, сорылып, орнында қуыс пайда болады, қуыста серозды сұйықтық болуы мүмкін немесе глиозды тыртық қаладаы. Микроскопиялық тексеру кезінде ісік, реактивті қабыну, нерв элементтерінде дегенеративті өзгерістер анықталады. Қан тамырларында атеросклероз, псевдоаневризмалар аневризмалар көрінуі мұмкін.

Клиникасы. Миға қан құйылу кенеттен, күш қолданып әрекет жасағаннан кейін немесе эмоциялқ қобалжулардан кейін дамиды. Клиникалық кезеңдерін бөледі.

1. Апоплексиялық инсульт кезінде жалпы милық симптомдар анықталады. Науқас кенеттен құлап, есінен танады, кейде есінен танбауы мүмкін. Бастапқы кезде психомоторлық қозу, салданбаған аяқ-қолдарында тәртіпсіз қимылдар байқалады. Көп жағдайларда лоқсу, құсу болуы мүмкін.

Менингеальды симптомдар- желке еттерінің құрысуы, Керниг симптомы т.б. вегетативті бұзылулар – гиперемия, тершеңдік, дене қызуының көтеріліуі, қан қысымының жоғарлауы, тыныс алысының нашарлауы, және т.б. симптомдар байқаллуы мүмкін.

2. Ошақтық симптомдар: қарама-қарсы жағында гемипарездер, гемигипезтезиялар, гипотония, қарашық парезі, есінен таңбаған науқастарда афазия, апраксия, агнозия элементтері, анозогнозия, гемианопсия анықталады.

Ауыр жағдайларда ми сабағының зақымдалу симптомдары байқалады. Оларға қимылдатқыш бас-ми жүйкелерінің зақымдалу симптомдары, көз қимылдатқыш (анизокория, страбизм), ет тонусының жаллпы бұзылуы (горметония, децеребрациялық ригиддтілік), екі жақты патологиялық рефлекстер, бульбарлық синдром жатады. Кейде альтернациялық синдромдар, тетрапарездер, мишықтың зақымдалу симпотмдары байқалады.

Ми арыншаларына қан құйылғанда науқастың жағдайы кенттен нашарлап, организмінің барлық қызметтері төмендеп, невролгоилық симптомдар түседі.

Геморрагиялық инсульттің бір түрі болып субарахноидальды қан құйылу саналады. Науқастың жағдайы кенеттен нашарлап, жалпы милық симптомдар, эпилепсия тәрізді ұстамалар, менингеальды симптомдар пайда болады. Люмбальды пункция кезінде ликвор қан аралас келеді.

Ми қан айналымының жедел бұзылуының диагностикасы.

Негізгі клиникалық белгілер:

1. Анамнезінде жүрек-қан тамыр аурулары

2. Аурудың жедел басталуы

3. Жалпы милық синдром

4. Жүрек пен тамырлар патологиясы

5. Менингеальдық симптомдар

6. Бас – ми жүйкелерінің зақымдалуы

7. Қозғалыс сферасының бұзылуы

8. Сезімталдықтың бұзылуы

9. Жоғарғы ми қызметінің бұзылуы (афазия, агнозия, апраксия, аграфия, алексия, акалькулия, астереогноз, аназогнозия, аутопогназия және т.б.);

10. Вегетативтік бұзылулар

 

V.Ишемиялық және геморрагиялық инсульттардың ажыратпалы диагностикасы.

1. Жас адамдар немесе орта жастағы адамдар, беттері қызарған, тамыр қағысы қатты, қан қысымының жоғарлығы миға қан құылуға тән. Кәрі жастағы адамдар, беттері боздау, тамырлары иірілген, қағысы нашар, қалыпты немесе төмендеген қан қысымы, жүрек қызметінің нашарлауы ишемиялық инсультке тән.

2. Апоплексия тәрізді пайда болу, құсу, менингеальды симптомдар, есінен тану, жарты шарлық ошақтық симптомдардан құйылғанда байқалады. Ошақтық симптомдардың біртіндеп дамуы, жалпы милық симптомдардың бәсең болып, біртіндеп дамуы немесе болмауы, моносимптомдардың болуы (афазия, гемианпсия, парез, паралич-бір аяқ, бір қолда) көбінесе ми инфарктіне тән.

3. ЭхоЭг – мидың диффузды өзгеруі, мидың орталық құрыымдарының бір жағына қарай жылжып – ауытқуы миға қан құйылғанда байқалады.

Ликвор қан аралас болғанда – геморрагиялық инсульт, ликвор ақ түсті, мөлдір болғанда-көбінесе ишемиялық инсульт.

 

№5 кесте

Геморрагиялық және ишемиялық инсульттың дифференциалдық диагнозы.

Белгілері Ишемиялық инсульт Геморрагиялық инсульт
     
Басталуы Біртіндеп Кенеттен
Жасы Қарттарда Жастарда және орта жастар
Ишемиялық атакалар Жиі Сирек
Гипертония Жиі Барлық уақытта кездеседі
Жалпы милық симптомдар Болмайды немесе айтарлықтай емес Ошақтықтан көп болады
Ошақтық симптомдар Жалпы милықтан көп болады Кездеседі
Жұлын – ми мұйықтығы Мөлдір, белок және ферментті элементтердің кішкене көбеюі болады Қан жолда болады
Шеткері қан Айтарлықтай өзгерістер жоқ, лейкоцитоз болуы мүмкін 1-күннен нейтрофильді лейкоцитоз
Электроэнцефалография Жартышарлық асимметрия және патологиылық фокус белсенділігі Биопотенциалдардың деректі, диффуздық өзгерістері
Көз түбірі Тор қабығы тамырларының склероздық өзгерісі М-эхо қарама-қарсы жағына ығысады
Эхоэнцефалография М-ЭхоЭГ – ныың ығысуы жоқ, инфаркт ошақтары және ми ісіктері бар. Интрацеребральды тамырлардың ығысуы, төмпешік зоналар бар, ми тамырларының аневриясы
Ангиография Экстра- және интракраниальды тамырларда және коллатеральды қан айналыс жолдарында окклюзиондық симмптом байқалады, тамырлардың туа біткен аномалиясы.  
Компьютерлік томография Сәйкес зоналарда ми паренхимасы тығыздығының төмендеуі Сәйкес зоналарда ми паренхимасы тығыздығының жоғарлауы.

 

Ауру жоғары температураның болуымен сипатталады, қан және ликвор жағынан қабыну өзгерістері байқалады. Кейде теріде герпес бөртпелері болады.

Бас миы ісіктері кезінде жалпы милық және ошақтық симптоматикасы үдемелі түрде дамиды. Диагностикасында ангиография мен мидың компьютерлік томографиясы негізгі орын алады. Ми инсульты диагнозын қою қиындығы – науқастың комада болуы. Коматозды жағдайдың ажырату диагнозын өткізуді Н.К.Боголепов жүргізеді.

Апоплексиялық кома кенеттен дамиды, бұл кезде жергілікті ошақты симптомдар пайда болады – праличтер, сөйлеу қабілетінің бұзылуы. Терең емес комада мына ошақты симптомдарға көңіл аударады: көздің толық жұмылмау, паралич жақтағы ұрттың өзгеріске ұшырауы, анизокория, екі қолын жоғары көтергенде параличке ұшыраған қолы жылдам, тез түсуі, табан ротациясының паралич жаққа қисаюы.

Жарақаттық комада анамнезінде тиянақтап жинау керек, бас тері жабындыларын қарау керек. Бас – ми жарақатына күмәнданғанда краниография жасау маңызды орын алады. Жарақат алғаннан кейін жалпы милық симптомдарының пайда болуына дейінгі аралықта эхоэнцефалография және ангиография қолданылады.

Уремиялық кома естің тануымен қатар жүрмеуі де мүмкін. Екі жақтық микроошақтық симтомдар болуы мүмкін. Несеп мөлшрі азаяды немесе анурия, қанда – қандық азоттыың мөлшері артады, гипохромды анемия көріністері құрғақ, кейде тері астылық қан құйылулар баййқалады. Көз түбінде альбуминуриялық ретиннит және тор қабықшасында ісіну көрінеді.

Милық инсульт көбінесе қант диабетімен, атеросклерозбен, артериялық гипертензиямен сырқаттанатыын науқатарда кездеседі. Бұл кезде мынадай тууы мүмкін: науқаста диаабетикалық кома немесе инсульттың дамуы мүмкін бе?

Диабеттік комаға мыналар сипатты: бұлшық ет атониясы, аузынан ацетон иісінің шығуы, Кусмауль типі бойынша демалуы, пульсы толық емес, дене қызуының төменеуі. Көз алмасы жұмсақ. Көз қарашығы қысыңқы, тері жабындылары құрғақ, ақшыл. Артериялық қысымы төмен. Ошақты симптомдр байқалмайды. Көз түбінде – диабетикалық ретинопатия көріністері, қанда қант мөлшері жоғарлайды. Команың дамуында продромалды құбылыстар әчер етеді: жапы әлсіздік, ұйқшыдық, сусыздық, лоқсу, терінің қышуы, ішті ауру сезімі. Алкогольдыік команың апоплектикалық комадан айырмашылығы – ауыздан алкоголь иісінің шығуы, психомоторлық қозу, гипересмия, бет терісінің гипергидрозы, психомоторлы қозудан кейін жалпы әлсіздік дамиды, бұлшық еттік гипотония және арефлексия.

Ажырату диагнозын жасағанда жұлын сұйықтығын зерттеу үлкен роль атқарады.

 


Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 1673 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.043 сек.)