АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

IV.Инсульттерді емдеу принциптері.

1. Тыныштық

2. Ажыратылмаған ем шаралары:

2.1.Тыныс алу ағзаларының қызметін жақсарту, өкпенің төменгі жағының қабынуынынң алдын алу;

2.2.Жүрек – қан тамырлар жүйесінің қызметін қалыпқа келтіру (қан қысымы, жүрек қағысының ырғағы, жүрек қағысының күшінің төмендеуі);

2.3.Мидың ісініп. Сусызданудың алдын алуы (дегидратация);

2.4.Метаболизмнің бұзылуларына жол бермеу (ацидоз т.б.);

3. Ажыратылған ем шаралар:

3.1.Геморрагиялық инсульт:

3.1.1. Фибринолиздің ингибиторлары, протеолиздік ферментттер;

3.1.2. Қан тоқтаттқыш дәрілер (викасол, кальций, витами «С», аминокапрон қышқылы);

3.1.3. Гипотензивті препараттар

3.1.4. Дегидратация

3.1.5. Хирургиялық ем

3.2.Ишемиялық инсульт:

3.2.1. Вазоактивті препараттар (кавиннтон, эуфилин, актовегин т.б.)

3.2.2. Антиагреганттар (курнтил, асппирин, трентал т.б.)

3.2.3. Антикоагулянттар

3.2.4. Тромболиздік препарттар

3.2.5. Антигипоксанттар

3.2.6. Гемодилюция(реополиглюкон, глюкоза, реоглюман)

3.2.7. Кардиотониктер

3.2.8. Метаболиктер (пирацетам, ноотропин, церебролизин)

3.2.9. ГБО

3.2.10. Хирургиялық емдеу.

Инсульттың сипатын анықтаған соң, арнайы емес емге, арнайы ем қабылдау қосылады. Арнайы емнің негізгі емдерін қарастырайық:

1. Жедел жүрек – қан тамыр бұзылыстарын емдеу. Жүрек қызметі кенеттен тоқтаса, жүрекке тікелей емес массаж жасап, жүрек бұлшық етіне адреалин (1 мл – 0,1%) енгізу керек. Егер жүрек қызметінің әлсіреуі байқалса, кардиотоникалық заттар (0,5% строфантин ерітіндісі, 0,06% коргликон, кордиамин – 1 -2 мл бұлшық етке егу) тағайындалады. Артериялық қысым жоғарылаған кезде қан – тамыр кеңейтетін және спазмолитикалық препараттар (клофелин – 0,5 – 1мл – 0,01% ерітіндісін бұлшық етке егу, дибазол – 2 – 5 мл 1%, папаверин гидрохлорид 1- 3мл 2%, ерітіндісін бұлшық етке егу) қолданылады. Артериялық қысым бірден төмендесе процесорлы аминдер (мезатон, адреналин, хлорадреналин)%, кофейн, кортикостероидтар тағайындалады.

2. Тыныс алу бұзылыстарын емдеу. Өкпе ісінуі кезінде Бобров аппараты арқылы этил спиртінің бумен оттегі беру немесе оттегілі ингалятор жоғарғы тыныс жолдарының шырышты – кілегейлі электросорғыштың көмегімен тазалайды. Тынысы тоқтаған кезде Ө.Ж.В. тағайындап, ауқастты реанимация бөліміне ауыстырады.

3. Бас миының ісінуімен күрес. Осмодиуретиктер және салуретиктерді бірге тағайындайды.

4. Комотозды жағдайдағы науқаста қалыпты су-электролит балансын және қышқыл-сілтілі тепе-теңдік жағдайын қадағалап ұстап тұру. Осы мақсатпен науқасқа 2000-2500 мл сұйықтық парентеральды түрде егізіледі (Рингер – Локка, фииологиялық ертінді 5% глюкоза, 4% натрий гидрокорбанаты ерітіндісі) 2-3 ай қабылдайды.

5. Гипертермиямен күресу. Дене қызуы жоғарылағанда амидопирин (5-10 мл 4% ерітіндісі) және аналгин 2-3 мл 50%.

6. Асқынулардан сақтау. Гипостатикалық пневмония болмас үшін науқасқа оңқа және қыша қағаздарын қояды. Егер пневмония пайда болса, антибиотиктер қолданылады. Зәр тұрып қалған жағдайда, қуыққа катетеризация жсайды. тұрақт түрде, тазалау кизмасы жасалады.

7. Жауыр жараны болырмау. Күнделікті арқаны камфора спиртімен ысқылап тұру, сегізкөз аймағына –үрмелі резеңке шеңберлі баллон, өкшеге мақтадан жасалған төсеніш қойылады.

8. Психикалық қозғыштықты аластату үшін 2 мл -5% седуксен ерітіндісн енгізедң.

9. Бұлшық етт контрактураларының алдын-алу. Аяқ қолды төсекте жатқанда дұрыс орналасату.

Ишемиялық инсульт. Инсульттың бұл түрінде қолданатын дәрілік заттар негізгі фармакологиялық әсері бойынша келесі топтарға бөлінеді:

1. Қанның реологиялық қасиетін реттейтін және церебральды гемодинамиканы реттейтін, микроциркуляцияны жақсартатын препараттар: полиглюкин және реополиглюкин (400-500мл. Көк тамырға егіледі), кавинтон (20мг-нан 500мл физиологиялық ерітіндімен көктамырған егу), трентал (0,1%-5 мл 250-500 мл физиологиялық ертіндімен көктамыр арқылы тамшылап құю). Сонымен қатар, өте тиімді препарат – эуфиллин (2,4%-10мл-ден, 10мл-40% глюкозамен бірге көктамырға егу), итальян препараты – сермион (4-8мг-100 мл физиологиялық ерітіндімен көктамырға егіледі, сонымен бірге драже түрінде де 10 ммл, күніне 3 рет қолдануға болады, сермионның аналогы – алапурин, драже түрінде шығарылады 100 мл, күніне 3 рет қолданылады).

2. Антикоагулянттар, жедел кезеңінде тікелей әсер ететін антикоагулянт – гепарин қолданады. Оны тәулігіне 4-6 рет, 5000-10000 ЕД мөлшерінде, көктамырға және бұлшық етке егіледі, 3-5 күн. Көтамырға еккенде 25-60 минуттан кейін байқалады. Бірінші рет көктамырға 10000 ЕД гепарин егеді, сосын әр 4-6 сағат сайын 5000 ЕД бұлшық етке егеді. Гепаринді егуді тоқтатудан 3 күн бұрын, тікелей емес әсер ететін антикоагулянт тағайындалады – фенилин (немесе синкумар) 0,03 н-нан тәулігіне 2-3 рет, ішке қолданады және гепариннің тәуліктік мөлшерін – 5000 ЕД төмендетеді. Тікелей емес әсері бар антикоагулянттарды қолданғанда, протромбинді индексті бақылап отыру керек, 40 -тен төмендемеуі қажет.

3. Тромболитикалық препараттар – фибринолизин (стрептолидаза, стрептокиназа, стрептаза, авелизин). Фибринолизинді 20000 – 30000 ЕД мөлшерде 250-300 мл физиологиылқ ерітінді мен 10000 ЕД гепаринді қосып, инсульттан соң, алғашқы сағаттарда көктамырға егеді. Фибринолизин 2-3 күннен қолданылады. Стрептокиназаның тромболитикалық әсерін ескере отырып, 300000 ФЕ мөлшерінде (индивидулаьды сиымдылықты бағалау үшін, сынама мөлшер) көкттамырға құяды, сосын 1 сағ. кейін 2700000 ФЕ, минутына 300000-600000 ФЕ есеппен көктамырға құяды, яғни 5-9 мин ішінде жалпы мөлшері 3000000 ФЕ құрайды. Осылай енгізу нәтижесінде, қанның фиибринолитикалық белсенділігі ұзақ уақыт (5-7 мин) сақталады және тромболитикалық эфффекті тиімдірек болады.

4. Гипоксияның протекторлары – пирацетам (ноотропил), церебролизин, аминолон, пикамилон, гаммалон және т.б.

Геморрагиялық инсульт. Қан ұйығыштығын жоғарлату үшін кальций глюконатын немесе кальций хлоридін қолданады (10-20 мл 10% ерітіндісін көктамырға), вкасол (0,5-1,0 мл 1% ерітіндісі бұлшық етке егу), желатин (20-50 мл 10% ерітіндісі көктамырға немесе бұлшық етке егу).

Қанның фибринолитикалық белсенділігін төмендету үшін аминокапрон қышқылын (100 мл - 5% ерітіндісі, көктамырға тамшылатып егу) қолданылады. Айқыын көрінген атеросклерозда бұл препаратты қолдануды доғара тұру керек, себебі тромбозды асқынулар болуы мүмкін. Геморрагиялық инсульттің бірқатар жағдайларында хирургиялық ем жасаудың көрсетткіші – латеральды орналасқан ми жарты шарының гематомасы немесе мишыққа қан құйылғанда науқастың жағдайының нашарлауы.

Церебральды инсульттан кейінгі еңбекке қабілеттілік экспертизасы деңгейінің төмендеу дәрежесін анықтаудың критериі жалпы қызмет (қимыл, сөйлеу, көру, координациялық және т.б.) бұзылыстарының айқын көрінуі. Егер аяқ-қол параличінен кейін немес сөйлеудің бұзылуынан соң науқас күтімді қажет етсе, бұл кезде науқасқа I топтағы мүгедектік қойылады. Егер науқас терең парез немесе терең сөйлеу бұзылуынан соң ешқандай жұмыс жасай алмаса, онда оған II топтағы мүгедектік беріледі. Айқын байқалмайтын гемипарез немесе монопрез, бұлшық ет күшінің сәл төмендеуімен біріккен түрде болып және салданған аяқ – қолдың аздаған қимылы шектелгенде, еңбекке қабілеттілік мамандығына қызметін жалғастыруға қарама-қайшылықтар болмаса, онда раационалды еңбекке тұрғызу шартымен, науқас жұмысқа қабілетті болып табылады. Бұл науқастарға нервті – психикалық және физикалық күш түсіру аз – жұмыстар беріледі, сонымен қатар жоғарғы температура, ылғалды жерде болмау және қантамырлық, нейротроптық улардан алшақ болу талап етіледі).

 

 

Пән: Неврологиядағы МІ Алматы медициналық колледжі
№8 дәріс.Тақырыбы: Нерв жүйесінің және нерв бұлшық ет аппаратының тұқым қуалаушылық –дегенеративтік аурулары. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері. Нерв ауруларының клиникасында кездесетін шұғыл жағдайлар. Дәрігерге дейінгі көмек көрсету. 3,4 курс, 6,8 семестр
Оқытушы:    

Пәннің мақсаты: білім алушылардың кәсіптік біліктілігін дамыту, жан-жақты дайындықпен қамтамасыз ету. Мамандандырылған фельдшер дайындау, науқасқа ауыр жағдайда көмек көрсету, науқасқа күтім жүргізуді үйрету.

Қысқаша мазмұны:

 

Пән: Неврологиядағы МІ Алматы медициналық колледжі
№9 дәріс.Тақырыбы: Жаңадан туған нәрестелердің жүйке жүйесі аурулары. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері.Эпилепсия тектес синдромдар. Паркинсон ауруы. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері.   3,4 курс, 6,8 семестр
Оқытушы:  

Пәннің мақсаты: негізгі неврология туралы білім беру, білім алушыларда маңызды кәсіптік машыктарды және клиникалық ойлау негізін қалыптастыру, алған білімі мен машықтарын медбикелік диагноз қоюда және оны нақтылауда колдану.

Қысқаша мазмұны:

Эпилепсия – созылмалы, полиэтиологиялық, ОЖЖ ауруларымен шектеледі, ол қайталамалы тырыспамен және есінің әр түрлі бұзылыстары мен одан кейінгі амнезиямен болатын тырыспасыз параксизмдармен, сонымен қатар ЭЭГ арнайы суретінмен сипатталады. Эпилептикалық ұстама қыртысты нейрондардың тым гиперсинхронды разрядтармен байланысады.

Популяция жиілігі – 0,8-1,2%

Тұрғындардың 5% өмірінде кем деген де 1 ұстама болады,

Науқастардың 20-30% ауру өмірлік болып қалады,

Барлық жағдайлардың 1/3 науқастың өлім себебі ұстамамен байланысты,

Ұстамалар айналасындағыларға потенциальді қауіпті.Психоэмоциональді және интеллектуальді дамудың өзгерісі болуы мүмкін.Жиі антиконвульсанттар жанама әсері,

Барлық жағдайлардың 25% ем тиімсіз

Тырыспалы ұстамалар ересек адамдарға қарағанда балалық шақта 5-10 есе жиі кездеседі

Балалар арасында ұстама жиілігі 1000-ға 15-20, ал нервті-психикалық ауру арасында 10-15%

Этиологиясы:

Эндогенді: генетикалық негізі – көптеген нейронды разрядтардың пайда болуы үшін тырыспалық дайындық немесе параксизмальді реактивтілік, эпилептикалық ұстамалардың қайталануына әкеледі

Экзогенді: бас миының органикалық зақымдануымен байланысты эпилептикалық белсенділіктің тұрақты ошағы:

  1. перинатальді факторлар,
  2. бас-ми жарақаттары,
  3. нейроинфекция,
  4. интоксикация,
  5. тамырлар аурулары,
  6. жүйке жүйесінің аурулары

 


Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 1362 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)