АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Жел шешек кезіндегі энцефалит.
Жел шешек кезіндегі энцефалит – ауыр инфекциялық-аллергиялық ауру. Мидың морфологиялық көрінісі қызылша энцефалитінде мидағы өзгерістерге ұқсас. Ми қабығы зақымдалуы мүмкін, ал кейде іріңді менингит дамиды. Жел шешек энцефалиті басқа энцефалиттер сияқты демиелиндік лейкоэнцефалиттерге жатады.
Клиникалық көрінісі. Ауру бөртпе пайда болғаннан кейін 3-7 күннен кейін жедел дамиды. Гипертермия, комотозды жағдай, құрысу, менингеальды симптомдар, пирамидалық, экстрапирамидтік бүзылыстар байқалады. Ми ісінуінің белгілері ерте көрінеді. Жұлын сұйықтығында белок көбейіп, цитоз анықталады.
Болжамы қолайлы, кейде өліммен аяқталуы мүмкін. Жазылғаннан кейін ұзаққа дейін парез, гиперкинез сақталуы мүмкін.
V.Полиомиелит.
Полиомиелиттің қоздырушысы болып энтеровирус тобындағы сүзгіш вирус табылады. Сонымен қатар Коксаки, ЕСНО, РЭО-энтеровирус тобындағы вирустар жатады. Полиомиелт вирцсының айқын нейротропты қасиеті бар, ауру оральды-фекальды және ауа тамшы арқылы таралады. Жас балаларға вирус қолдарын жумай тамақ ішкенде, таза емес ойыншықтардан түседі. Инфекцияның таралуына шыбындардың маңызы да зор.
Патоморфологиясы. Жұлынның алдыңғы мүйізінде қабыну процесінің орналасуына байланысты ауруға полиомиелит кезінде жұлынның сұр затының зақымдануымен қатар бағана ядролары, ми қыртысы, қыртыс асты ядролары, мишық, мидың жұмсақ қабығы да зардап шегеді. Экссудативті – пролиферативті қабыну процесі дамиды. Нейрондардың өзгерісі қайтымды, зақымдалу екі жақты ассиметриялы және құбылмалы түрде дамиды. Параличтің дамуын мотонейрондардың 1/3 бөлігінің зақымдалуымен байланыстырады. Патологиялық процесте бірінші орынды бел жуандығының алдыңғы мүйіздері, содан кейін мойын жуандығы алады, өте сирек кеуде бөлігінің алдыңғы мүйіздері, вароли көпрінің қимылдатқыш ядролары және сопақша ми зақымдалады. Ауру өліммен аяқталған жағдайда гистологиялық зерттеу кезінде мотонейрондардың зақымдалуымен қатар ішкі ағзалар: жүрек (миокардит, эндокардит), өкпе (пневмония) зардап шегеді.
№4 кесте
Полиомиелиттің жіктелуі
I. Нерв жүйесі зақымданбаған түрлері
1.Инаппаранты (вирусиеленушілік)
2.Абортивті түрлері (кіші ауру)
|
Алиментарлы фаза вирустың вирусемиясыз және нерв жүйесіне кірмей дамуы
Алиметарлық және гематогендік фазалары
| II.нерв жүйесі зақымданған түрлері.
1.Параличсіз немесе менингеальды түрі
2.Параличтік түрі
-Спинальды
-бульбарлы
-көпірлік
-бульбоспинальды
-кең тараған түрі
| Біртіндеп барлық фазаларының дамып, вирустың нерв жүйесіне кіруі, бірақ мотонейрондар субклиникалық деңгейде зақымдалған.
Біртіндеп барлық фазалардың дамып, мотонейрондардың әр деңгейде зақымдалуы.
|
Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезең 3 күннен 3-4 аптаға дейін созылады. Клиникалық көрінісінде продромалды, параличтік және қалпына келу кезеңдерін бөледі. Айығу сатысында полиомиелиттің абортивті, менингеальды және параличті түрлерін ажыратады.
Абортивті түрі: гипертермияның жедел басталуы, тамақта катаральды белгілердің болуы, ринит, жөтелу байқалады. Ішінің ауруы, құсу, ішінің өтуі болады. Абортивті түрінің ағымы жағымды жазылуы тез (5-7 күн).
Менингеальды түрі: жедел дамиды. Кернигтің, Брудзинскийдің менингеальды симптомдары, желке бұлшықеттерінің сіресуі, құсу, басының ауруы, жалпы гиперестезия пайда болады. Менингорадикулярлы түрінде Ласегтің, Вассерманның, Мацкевичтің, Неридің симптомдары қосылады. Белдік пункция кезінде жұлын – ми сұйықтығының қысымының жоғарлағаны анықталады. Ликвор мөлдір, түссіз. Цитоз біркелкі жоғарлайды (1 мкл-де 100-300 клетка), белоктың мөлшері 0,6 6-0, 99-1,65г/л. Сонымен қатар қанттың жоғарлауы анықталады(0,85-0,9г/л). Біртіндеп нейтрофильдер саны азайып, содан кейін лимфоциттер азаяды. Менингеальды түрінің ағымы қатерсіз, жазылуы мен ликвордың толық қалпына келуі 2-4 аптаның аяғында болады.
Параличтік түрі: полиомиелиттің ауыр түрі. Параличтің дамуына абортивті және менингеальды кезеңдер әсерін тигізеді. Дене қызуы қалпына келген соң параличтер дамиды. Зақымдалу ошағының орналасуына байланысты (жұлынның алдыңғы мүйіздерінде, ми сабығының қимылдатқыш ядроларында, ми қыртысында, мишықта) спинальды, бульбарлы, көпірлік және энцефалиттік түрлерге бөледі. Спинальды түрі жиі кездеседі. Ол атрофиялық былжыр параличтермен сипатталады. Аяқ-қолдардың, тыныс алу бұлшық еттерінің шеткері параличі байқалады. Параличтер асимметриялы болады. Жұлынның кеуде жіне жоғарғы мойын сегменттерінің зақымдалуы қатерлі, себебі тыныс алу қызметі бұзылады. Параличтер 2-4 күндерң басталып, 10-14 күндерінде атрофияның алғашқы белгілерін анықтауға болады. Тексергенде бұлшық еттер гипотониясы, сіңір рефлекстерінің төмендеуі анықталады, сезімталдық бұзылмайды. Электромиографиялық зерттеуде алдыңғы мүйіздерінің зақымдалғаны анықталады. Рентген суреттемеде жайылмалы остеопароз болады.
Жұлын-ми сұйықтығының өзгерісі менингеальды түріндегідей, қан пен белок жоғарылайды, клетка-белокты диссоцияция белокты – клеткалы диссоцияцияға ауысады. Тұрақтану кезеңінің ұзақтығы ір қилы, яғни жедел сатыдағы зақымдалу ошағының ауырлығы мен көлеміне байланысты болады.
Көпірлік түрі: кенеттен дамиды, көбінесе бір жақты мимикалық бұлшықеттердің шеткері салдануы болады. Дене қызуы болмайды, жұлын – ми сұйықтығының өзгерісі елеусіз. Осы кездерде полиомиелитті анықтау қиынға түседі. Дигноз қою үшін серологиялық және вирусологиялық зерттеулердің қорытындысыа сүйенеді. Қызметін қалпына келтіру бет жүйкесінің ядроларының зақымдалуының тереідігіне байланысты.
Бульбарлы түрі: ауыр дамиды, яғни ми сабағының каудальды бөлімінің ядроларының зақымдалуына байланысты. Ошақты симптомдардың дамуы бас ауруымен, дене қызуының көтерілуімен, құсумен қатар жүреді. Менингеальды симптомдар айқын емес немесе болмайды. Көбінесе 9,10 жүйкелердің ядроларының зақымдалу симптомдары дамиды: дисфагия, дисфония, назолалия, қақалу-шашалу, көмекейдің параличі және т.б. жұтынудың бұзылуы гиперсаливация мен жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабығының секреторлы қызметінің күшеюімен қатар дамиды. Кілегейлі секрет жиналып, тыныс алудың бұзылуын тереңдетеді. Полиомиелит кезіндегі тыныс алудың бұзылуы тыныс алу жолында секреттің жиналуына байланысты болады. Тыныс алудың «дымқыл» түрі деп орталық немесе шеткері тыныс алудың бұзылуынан тыныс алу жолының қақырықпен толуын айтады. Ал «құрғақ» түрі деп тыныс алудың жұлындық бұзылуын айтады (бұл кезде тыныс алу жолында қақырық болмайды). Бульбарлы түрінде II және ағымы өте ауыр ақыры қауіпті болуы мүмкін.
Полиомиелиттің болбыр параличі кезінде пирамидалық симптомдар болуы мүмкін, бул кортиконуклеарлы және кортикоспинальды жолда экссудативті-геморрагиялық өзгерістермен байланысты.
Кейінгі жылдары бұрынғы жылдармен салыстырғанда аз кездеседі, параличтер, атрофиялы, бульбарлы бұзылулар абортивті, атипиялық клиникалық ағымда болады.
Полиомиелит тәрізді аурулардың параличтік түрінің дамуында Коксаки А, ЕСНО2, ЕСНО6, ЕСНО11 вирустарының маңызы зор. Полиомиелит тәрізді аурудың ағымы қауіпсіз, тек ауыр параличті түрі өлімге әкеледі.
Полиомиелиттің менингеальды, спинальды, бағанал, полирадикулоневритті түрлері бар. Балаларда қозғалу қызметі бұзылып, парез дамып, жүрісі өзгеріп, ақсандау пайда болады. Зақымдалған бұлшық еттердің гипотрофиясы және гипотониясы байқалып, сіңір рефлекстері төмендейді.
Бағаналы түрінің басты белгісі болып мимикалық бұлшық еттердің шеткері парезі, кейде бульбарлы бұзылулар болады. Жұлын-ми сұйықтығында аралас нейтрофильді-лимфоцитарлы цитоз (50-200 клетка 1 мкл-де) және белок шамалы түрде жоғарылайды(0,49-0,66г/л), қант жоғарылайды (0,8-0,9г/л). Диагностикада вирусологиялық және эпидемиялық зерттеулердің маңызы зор.
Емдеуі. Науқасқа тыныштық сақтау керек. Тітіркендіргіш әсерлерді жою. Гамма-глобулин, С витаминінің үлкен дозасын, десенсибилизациялық терапия (димедрол, дипразин, пипольфен, супрастин, кальций препараттары), дегидротациялық препараттар, антипиретиктер, транквилизаторлар тағайындалады. Паралич кезінде науқасты дұрыс жтқызу керек, яғни контрактураның дамуының алдын алу үшін. Тыныс алудың бұзылуының «құрғақ» түрінде жасанды тыныс алу интратрахеальды респираторы аппараттар қолданылады. Ал «дымқыл» түрінде күнделікті секретті сорып «дренаж» қолданылады. Ал ауыр жағдайда трахеостома жасап, жасанды тыныс аппаратын қолданған жөн. Қозғалу қызметін қалпына келтіру деңгейі, емдеудің тиімділігіне байланысты. Белсенді массаж және емдік дене шынықтыру ауырсыну синдромын жойғанымен контрактураның дамуына себепші болады. Қалпына келтіру шараларынауқастың жалпы жағдайы жақсарып, қозғалу бұзылулары толық байқалғанда жеңіл массаж түрінде тағайындалуы керек. Кейіннен массаж бен емдік дене шынықтыру жаттығуларының қарқындылығымен уақытын ұзартады және дибазол, прозерин, басқа да антихолинестеразды препараттар тағайындалады. Аяқтың қысқаруы болған жағдайда арнайы аяқ – киім беріледі және кемістік коррекциясының ортопедиялық емі жүргізіледі.
Санаторлы - курортты ем 6-8 айдан соң басталады. Сазбен емдеу (Одесса, Бердянск, Евпаторий), құммен емдеу (Евпаторий), радонды ванналар, күкіртсутекті ванналар тағайындалады.
Профилактикасы. Науқасты бөлек шығарып, дезинфекция жүргізіленеді. 20 күнге карантин тағайындалады. Ал қарым-қатынаста болған балаларға гамма – глобцлин егіледі. Полиомиелитке қарсы белсенді иммунизация 3 айлық балаларға (3 ай ішінде) әр типті вирустың әлсіреген тірі вакциналарымен жасалады. Ал реиммунизация 1 жылдан соң қайта жасалады. Вакциналар тамшы түрінде немесе драже түрінде беріледі.
Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 677 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
|