АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Наркоманиялар мен токсикоманияр кезіндегі ремиссиялар типтері
(Шабанов П.Д., 2002)
Ремиссия типі
| Негізгі көріністері
| Депрессия белгілерімен ремиссияның дисфориялық типі
| Әлсіздіктің басымдылығымен, жалпы белсенділіктің әлсіреуімен, астениялық немесе апатиялық депрессиямен, психопат тәрізді бұзылыстармен сипатталады.
| Ремиссияның органикалық типі
| Психоорганикалық және неврологиялық бұзылыстардың басымдылығымен, және де тұлға дәрежесінің төмендеуі және адаптация бұзылысымен интеллектуальді-мнестикалық бұзылыстармен сипатталады.
| Апиындық наркомания кезіндегі ремиссия варианттары
(Субханбердина А.С., 2004)
Ремиссия варианттары
| Негізгі көріністері
|
Ремиссияның аффективті варианты
| 1.Апатиялық вариант астениялық, психастениялық, шизоидты сипаттағы адамдарға тән. Жеңіл шаршағыштық, ұзақ уақыт зейіннің шашырандылығы, бас ауыруы, әлсіздік, кейде шаршағыштық, барлығына немқұрайдылықпен көңіл-күй фонының төмендігімен, кешірек ПАЗ қолданумен сипатталады.
2. Үрейлі вариант дистимиялық сипаттағы адамдарда ішкі мазасыздықпен, жағымсыз жағдайларды күтумен, кез-келген ситуацияның сәтсіз аяқталатыны жөніндегі ойлардан құтылу мүмкінсіздігімен сипатталады. Науқас өз денсаулығы жайына уайымдауға айқын фиксациямен, үнемі денсаулығының нашарлауына мазасыздану, өзінде бар соматовегетативті көріністерді нақтылап айту мен ауырлатуға тырысумен жиі парестезиялар байқалады.
3. Дисфориялық вариант истероидты қозғыш сипаттағы мінез-құлықпен бмж болған адамдарда бақыланады. Тітіркенгіштік, ашушаңдық, ызалылық, наризалылық, тискіш, төмен көңіл-күй фонында айналадағылармен және туыстарымен қақтығыстар жеңіл пайда болуының басымдылығымен сипатталады.
|
Ремиссияның психопаттәрізді типі
| Мінездің эксплозивті сипатымен адамдарға тән. Наркотиктерді қолдануды ерте бастау. Науқастардың кейбіреулерінің анамнезінде бмж бар. Патологиялық әуестік (компульсивті, импульсивті) аутохтонды пайда болады. Абстинентті синдром опиоидтарды шектен тыс қолдану басталғаннан бастап қысқа уақыттың ішінде түзіледі. Жоғары толеранттылықпен опиоидтарды ұзақ уақыт қолдану. Тұлға өзгерісі жылдам үдейді, әлеуметтік дезадаптация басталады. Ауруына критика болмайды. Ағымы ремиссиясыз. Спонтанды ремиссиялар болмайды немесе опиоидтарды шектен тыс қолдануды тоқтату өте қысқа уақытқа созылады (2-3 күннен жоғары емес). Терапиялық ремиссиялар 1-3 айдан аспайды, көп реттік ем кезінде ремиссия ұзақтығы қысқаруға бейім.
| ӨЛІМ СЕБЕПТЕРІ:
- шамадан тыс қабылдау - 67%
- Сепсис – 10%
- Наркотизацияға байланысты аурулар (ЖИТС, гепатит және т.б.) – 13%
- Суицидтер – 2%
- Зорлық – 8%
Қайтыс болды:
- Үйінде - 48%
- Подъездінде – 21%
- Стационарда – 14%
- Подвалда немесе басқа жерлерде – 17%
ОПИОИДТАРДЫ ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІНДЕГІ ПСИХИКЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҮРІС-ТҰРЫСТЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР (F 11)
Наркотикті бір реттік қабылдау тәуелділік түзілуін шақырмайды. Наркотикті үемі қайталамалы қабылдау (героиннің 3 тен -5 инъекциясына дейін, морфиннің 10 нан -15 инъекциясына, кодеиннің 30 қабылдауына дейін) наркотикке патологиялық әуестік түзілуіне жағдай тудырады. Ауру ағымы үдемелі.
Опиаттармен мастанудың белгілері
(героинмен, апиынмен, кодеинмен)
(В.Д.Менделевич)
Мастану фазасы
| Клиникалық көріністері
| 1. Сомато-
вегетативті
| Тері жабындыларының бозаруы, қарашықтардың айқын тарылуы (миоз), қарашықтардың жарыққа реакциясының төмендеуі, көздердің қызаруы және айқын жылытырауы, «көз астындағы көгерулер», беткей баяулаған тыныс, тері қышуы (әсіресе мұрында), гипотония, брадикардия, тері мен еріннің кілегей қабатының, тілдің құрғақтығы, зәр бөлінуінің азаюы, жиі іш қатулар, шамалы гипотермия.
| 2. Психикалық
және жүріс-тұрыстық
| Мастану фазасына тәуелді. Психикалық жағдайдың кенеттен өзгеруіне бейімділік байқалады, ұйқышылдық, сөулеудің баяулауы және түсініксіздігі, пассивтілік, әлсіздік, шаршағыштық, қоршаған ортаға және болып жатқан оқиғаларға немқұрайдылық, тітікенгіштік.
Осы көріністер эйфориямен және қамсыз көңілділікпен, қауіп-қатерге бейімділікке ауысуы мүмкін, ойлау жылдамдауының көріністері, сөзшеңдік және кеңпейілділік байқалуы мүмкін.
| Наркоманияның клиникалық көріністері және интоксикацияның фазалылығы
(И.Н.Пятницкая, 1994)
Фаза
| Клиникалық көріністері
| Бірінші фаза
| Наркотикті көктамырға енгізгеннен 10-30 секунд өткен соң бел немесе іш аймағындағы жоғары көтерілетін, терідегі жеңіл сипау тәрізді жылу сезімімен көрінеді. Беті қызарады. Қарашықтар тарылады. Ауыз құрғайды. Басы жеңілденіп, кеудесінде қуаныштан жарылардай сезім барлығына көзі ашылғандай (айқындылық) сезім пайда болады. Сана тарылған, пациент зейіні денесіндегі сезімдерге ғана ауған. Осы «келіп жету» («приход») жағдайы 5 минутқа дейін созылады, тек жаңадан бастағандар сезінеді.
| Екінші фаза
| Называется наркомандар «кайф», «нирвана» деп атайды, кеңпейілді әлсіреумен, еріншектік ләззатпен, тыныштықпен сипатталады. Мастану жағдайында науқас әлсіз, аз қозғалады, аяқ-қолдарында ауырлық және жылу сезімі. Қиял тәрізді фантазиялар, елестердің визуализациясы пайда болады. Қиялдар бірін-бірі ауыстырады. Сыртықы тітікенгіштер бұрмаланып қабылданады..
| Үшінші фаза
| 2-3 сағат бойындағы беткей ұйқымен көрінеді.
| Төртінші фаза
| өзін нашар сезінумен, бас ауыруымен, себепсіз мазасыздықпен, кейде үрейлілікпен, қайғымен сипатталады. Жүрек айну, бас айналу, қолдың, тілдің, қабақтың майда треморы.
|
Апиындық наркоманияның даму сатылары
(И.Н.Пятницкая, 1994)
Саты
| Клиникалық көріністері
| 1 саты
| Наркотикке үнемі қабылдауға ауысумен біртіндеп дағдылану пайда болады. Наркотиктің физиологиялық әсері өзгермеген. Өзіне қажет әсерді алу үшін дозасы өсе бастайды, қорғаныс реакциялары жоғалады. Наркотик болмаған жағдайда 1-2 тәуліктен кейін наркотик енгізуге талпынумен бірге жүретін жабырқаулықпен психикалық дискомфорт пайда болады. Психикалық тәуелділік синдромы обсессивті әуестікпен, интоксикация жағдайында психикалық жайлылыққа талпынумен көрінеді. Апиындық наркомания кезіндегі 1 сатының ұзақтығы шамамен – 2-3 ай, кодеинді қолданғанда – 6 айға дейін, опиофагия кезінде – бірнеше жылға дейін. Осы сатыда науқастар әдетте өздерінің наркотизациясын жасырады.
| 2 саты
| Наркотикке толеранттылық өседі, терапиялық дозалармен салыстырғанда 100-300 ретке жоғарылайды, кейіннен плато толеранттылық түзіледі, бұл кезде наркотик дозасы бір деңгейде тұрады. Наркотикті қабылдау кезіндегі үзілістерде толеранттылық төмендейді. Үнемі наркотизация, наркотикті енгізудің индивидуальді ритмі түзіледі. Мастану сипаты өзгереді, наркотиктің физиологиялық әсері жоғалады (үлкен дәреті, диурез қалыптасады, жөтелеге қарсы әсері жоғалады, ұйқысы қалыптасады). Наркоманның жүріс-тұрысы өзгереді. Егер наркоман аурудың 1 сатысында инъекцияға дейін сергек және қозғалмалы, одан кейін әлсіз және тежелген болса, ал аурудың 2 сатысынан бастап инъекцияға дейін әлсіз және қуатсыз, ал одан кейін сергектенеді, физикалық тәуелділік синдромы наркотикалық интоксикация жағдайында физикалық жайлылыққа қол жеткізу қабілетімен және наркотикті қабылдауды тоқтатқаннан кейін абстинентті синдроммен көрінетін компульсивті әуестікпен бірге жүреді. Абстинентті синдром түзілуі уақыттың қысқа кезеңін алады (наркотикті 1-2 ай үнемі қолдану). Физикалық тәуелділік синдромының пайда болу кезінен бастап апиындық наркомания 2 сатының ұзақтығы 5-10 жыл.
| 3 саты
| Бұл сатыда тек негізгі наркоманиялық синдромдар орын алмайды, сонымен қатар созылмалы интоксикация салдары айқын көрінеді. Наркотикті қолдану формасының жүйелілігі сақталады, толеранттылық төмендейді (бұрынғы дозадан шамамен 1/3-ге) және бірден интоксикация формасы өзгереді. Эйфория тудыратын әсері жоғалады, наркотик тек ынталандырушы әсер көрсетеді (тонизирлеуші). Интоксикациядан тыс қозғалуға қабілетсіздікке дейін әлсіздік байқалады. Жеткілікті дозаны қабылдап, науқас белсенді жағдайда болады. Наркотикті қабылдау тәртібі тәулігіне 3-4-5 ретті құрайды. Абстиненция ауыр өтеді, наркотикті соңғы қабылдағаннан 4-5 сағаттан кейін дамиды. Абстиненция кезінде өмірге қауіпті жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылыстары, АҚ төмендеуі, брадикардия дамуы мүмкін.
| Апиындық наркомания кезіндегі клиникалық көріністер мен абстинентті синдром фазалылығы
(И.Н.Пятницкая, 1994)
Фаза
| Клиникалық көріністері
| Бірінші фаза
| Наркотикке әуестік түрінде психикалық тәуелділіктің көріністері, көңіл толымсыздығы, мазасыздық жағдайы. Соматовегетативті бұзылыстар – қарашықтардың кеңеюі, есінеу, жас ағуы, тұмаурату, жиі түшкіру, дене түршігуі («гусиная кожа»). Тәбет жоғалады. Ұйқыға кетудің бұзылысы байқалады. Наркотикті соңғы қабылдағаннан 8-12 сағат өткеннен кейін дамиды.
| Екінші фаза
| 1 фазаның сақталған симптомдарының фонында ыстық сезімімен ауысатын қалтырау сезімі, тершеңдік және әлсіздік ұстамасы, («гусиная кожа») дене түршігуі пайда болады. Арқаның, одан кейін аяқтардың, мойын мен қолдардың бұлшық еттерінде жайсыздық сезімі пайда болады. Дене бұлшық еттері кернелген. Жақаралық буындарда және шайнау бұлшық еттерінде ауыру сезімі пайда болады. Қарашықтар кеңейген. Жиі түшкіру. Интенсивті есінеу. Жас ағуы. Бұл фаза наркотикті соңғы қабылдағаннан 30-36 сағат өткеннен кейін айқындалады.
| Үшінші фаза
| Арқаның, одан кейін аяқтардың, мойын және сирек қолдардың бұлшық еттерінде ауру сезімі пайда болады. Бұлшық еттері тартылып, бұралады. Кейбір науқастарда перифериялық бұлшық еттерінің тырысуы байқалады (балтыр, аяқ басының және т.б.). қозғалудың бас кезінде бұлшық еттегі ауыру сезімі әлсірейді, артынан күшейеді. Науқастар өздеріне қоярға жер таппай, жатады, тұрады, төсектерінде дөңбекшиді. Кейде буындарда ауыру сезімі пайда болады. Науқастар кернелген, жабырқаулы, тітіркенгіш. Наркотикке әуестік компульсивті. Алғашқы екі фаза симптомдары күшейеді. Осы жағдай наркотиктен ажыраудың 2-ші тәулігінің соңына қарай дамиды.
| Төртнші фаза
| 3 фазасимптомдары фонында іште ауру сезімі, артынан тәулігіне 10—15 ретке дейін құсу және тенезмдермен бірге жүретін сұйық үлкен дәрет пайда болады. Бұл фаза наркотикті соңғы қабылдағаннан кейін үшінші тәулікте пайда болады және 5-10 күнге дейін созылады.
| НАРКОМАНИЯНЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЖӘНЕ ЖАСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әйелдерде наркомания клиникасы мен ағымының түзілу ерекшеліктері
(Рохлина М.Л., Мохначев С.О., Козлов А.А., 2000)
№
| Клиникалық көріністері
| 1.
| Әйелдердегі героиндік наркомания алкоголизммен, наркоманиялармен және басқа психикалық бұзылыстармен жоғары тұқымқуалаушылық ауырлығымен сипатталады. Анасының алкоголизмі 8,1% жағдайда, әкесінің алкоголизмі 43,2% кездеседі, сибс туыстарының алкоголизмі мен наркоманиясы – 4,7% және 16,3% осыған сәйкес, басқа туыстарының арасындағы алкоголизм 47,1% жағдайда кездеседі. Перинатальді патология 41,2% науқастарда анықталған. Анасындағы жүктілік патологиясы басым болған (жүктіліктің I сатысындағы – барлық пациент әйелдердің 1/5-де), кеш постнатальді кезеңде жиі ұрық гипотрофиясы байқалған, жоғары қозғыштық, жылауықтық, физикалық дамуында артта қалу және гидроцефалия.
| 2.
| Тәрбиелеу жағдайының анализі толық емес жанұяларда зерттелген әйелдердің шамамен 1/3 тәрбиеленгендігін көрсетті. 15% жағдайда қарама қайшы, әрқилы бағыттағы тәрбие бақыланды (конкурирлеуші, ата-анасы тарапынан үйлесімсіз тәрбие беру және т.б.). Пациенттердің басым бөлігінде жанұясында жиі конфликттер болған, ал барлық науқастардың 3,8% ата-анасы тарапынан физикалық, туыстары тарапынан сексуальді жәбірлеу көрген.
| 3.
| Әйелдердегі тұлғаның преморбидті ерекшеліктері арасында истериодты сипаттағы мінез-құлық басым болған (эгоисттік, басқалардың зейін аударуын, қадірлеуін, аяушылықтарын аса қажет ету, өтірік айту, көзбояушылыққа бейімділік). Айқын психикалық инфантилизм өзіне көңіл аудартқызды (сенгіштік, қамсыздық, тік жандылық, қыңырлық. Тұрақсыздық (еріксіздік, сыртқы жағдайлар мен қоршаған ортаның әсеріне оңай еріп кету) 45% жағдайда анықталды. Науқастардың 1/3 мінез-құлқының негізгі сипатының акцентуациясы байқалды (стигматизация). Преморбидті кезеңде психопатияны салыстырмалы түрде сирек – 10% жағдайда диагностикалау мүмкін болды. Жасөспірімдік кезеңде жүріс-тұрыстың ата-анасының, мұғалімдердің қорғауынан құтылуға тырысумен, еркіндікті, тәуелсіздікті талап етумен, тиым салуларды жоққа шығарумен көрінетін қарсылық реакциясы түріндегі бұзылысы бақыланды. 1/3 жағдайда демонстративті үйден қашулар бақыланды. Жасөспірім жастағы антисоциальді әрекеттерді тек 13,8% әйелдер жасаған. Наркотизацияға дейінгі сотталу жағдайы (пәтерлік ұрлықтар, тонаулар) бар-жоғы 5,6% әйелерде болды. Жағдайлардың жартысында дерлік әйелдерде преморбидінде аутохтонды және реактивті түрде туындаған бірдей жиілікте көңіл-күй тербелістері бақыланды. Наркотизация басталуына дейінгі суицидальді әрекеттер әйелдердің 1/3 анықталды, соның ішінде 10% әйелдерде медикаменттермен улану және 3,8%-да аяқталған суицидальді әрекеттер болған. Аддиктивті жүріс-тұрыспен әйелдердің 1/3 –де жасөспірімдік кезеңнің өзінде басқа ПАЗ-ға тәуелділік белгілері анықталған (темекіге, алкогольге, каннабиноидтарға, первитинге, кокаинге). 12 -ден 19 жас аралығындағы жыныстық өмірдің ерте жастан басталғаны өзіне көңіл аудартады. Әйелдердің 20% наркотиктерді қабылдауды бастағанға дейін ретсіз жыныстық қатынастарда болған.
| 4.
| Наркотиктерді алғаш қабылдау 13 - 29 жас аралығында, 50% жағдайда 15-17 жас аралығында басталған. Жағдайдың жартысынан басымында әйелдерде ерлердегідей алғашқы наркотик марихуана болып табылды. Әйелдерде наркотикке үйірлену және героиндік наркоманияның дамуы көп жағдайда жыныстық қатынастағы наркоман - партнердің ықпалына тәуелді. Осымен қатар әйелдер наркоманиялық ортаның ықпалын (58,8%), қызығушылықты, жаңа сезімдерді басынан өткізуге тырысуды атаған (56,3%), на психогения фонында әйелдердің 15%-да; барлық науқастардың 1/10 сәнге ойланбастан еріп героин қабылдай бастаған, (ерекше субмәдениет, соңғы жылдарда пайда болған – клубтардағы, би кештерінде уақыт өткізетін топтар). Наркотикті алғаш қабылдағаннан героинді жүйелі қабылдауды бастау арасындағы кезең ерлермен салыстырғанда қысқарақ.
Алғашында әйелдерде ерлердегідей героинді интраназальді қолдану басым болды, бірақ 1/3 жағдайда әйелдер героинді көктамыр ішіне енгізе бастады. Әйелдерде героинді эпизодты қолдану ұзақтығы шамамен 4,1 айды құрады. Ал 31% жағдайда әйелдер эпизодты қабылдау сатысынан өтпей героинді бірден жүйелі қолдануды бастаған (ерлерден 2 ретке жиі).
Әйелдердегі барлық клиникалық синдромдар мен наркоманиялардың асқынулары ерлермен салыстырғанда қысқа уақыттың ішінде түзілген. Әйелдерде героинге психикалық тәуелділік 2 апта өткеннен кейін түзілген (героинді 2-3 рет қабылдағаннан кейін), бұл әйелдің наркоман- партнері арқылы наркоманның ішкі дүниесімен, сезімдерімен таныстығымен және осындай сезімдерді алуға «дайындығымен» түсіндіріледі. Сонымен қатар барлық әйелдердің 2/3 –де наркотикті алғаш қабылдау кезінде жағымсыз сезімдер бақыланған – әсіресе жүрек айну, қайталамалы құсу, ерлермен салыстырғанда 2 жыл бойында жүйелі қабылдағаннан кейін де сақталып тұрған.
Әйелдерде 2 ретке жылдамырақ толеранттылық өсе бастаған. Бірақ, героинді енгізудің тәуліктік жиілігі және героиннің максимальді тәуліктік дозасы ерлермен салыстырғанда төмен болған. Жиі психопатологиялық бұзылыстармен манифесттенетін тоқтату синдромы 2 ретке жылдамырақ түзіледі (үрей, мазасыздық, тітіркенгіштік, көңіл-күйдің тербелістері, ұйқы бұзылысы, алгиялық синдром). Абстиненция кезеңінде әйелдер жиі жалпы жайсыздыққа шағымданған, өздерінің жағымсыз сезімдерін нақты айта алмаған. Стационарда науқас әйелдердің көпшілігінің жүріс-тұрысы демонстративтілікпен, өзіне аса көңіл аударуды талап етумен, айтқан шағымдарының тұрақсыздығымен, өз денсаулығының жайына фиксацияланумен ерекшеленген. Абстинентті синдромның басылу дәрежесіне сәйкес жиі наркотиктерге патологиялық әуестікті жасыратын айқын тәуліктік аффективті лабильділікпен және сенестоипохондриялық, субдепрессивті бұзылыстармен, шағымдарды соматизациялауға бейімділікпен көрініс бергенәйелдерде жиі аффективті бұзылыстар байқалған.
| 5.
| Барлық әйелдердің 1/3 наркотизацияға критиканың болмауымен, қалғандарында наркотизацияға формальді вербальді критика оған жеңілтек көзқараспен, сауығуға бағыттылықтың тұрақсыздығымен, болашаққа нақты жоспарларының болмауымен бірге жүрген тұлға бұзылыстары түзілді. Көп жағдайда емделуге ниеттену туыстары тарапынан болды. Әйелдерде наркотизация үрдісінде психопат тәрізді бұзылыстар түзілді, оның құрылымында истероидты, истеро-қозғыш сипаттағы жүріс-тұрыс, жоғары конформдылық басым болды. Оларға әртүрлі дәрежеде өтірікшілдік, эгоисттілік, эмоцияларды басқару әлсіздігі, тұрақсыздық және ниеттерінің тұрақсыздығы тән болды. Әйелдердің жүріс-тұрысы демонстративтілікпен, өзіне аса көңіл аударуды талап етумен субдепрессивті, және де гипоманиакальді жағдайларға бейімділікпен көрініс берген аффективті лабильділікпен, айтқан шағымдарының тұрақсыздығымен, басқаларға тәуелділікпен, көнбістікпен ерекшеленді. Сексуальді тежеусіздікпен қатар наркотизация басталуынан кейін 63% жағдайда сексуальді белсенділіктің төмендеуі, сексуальді контакт кезінде суықтық, жиіркеніш сезімінің пайда болғаны анықталды. Мастану және абстиненция жағдайында да жиі суицидальді ойлар байқалған.
| 6.
| Әйелдерде героиндік наркоманияның негізгі асқынуларының бірі деп менструальді цикл бұзылысын санауға болады. Наркоманиямен зардап шегетін әйелдер, балаларының тәрбиесіне қатыспай, балаларын өздерінің жеке мақсаттарын, паразиттік тенденцияларын қанағаттандыру құралы ретінде қолданған.
| 7.
| Ремиссия кезінде әйелдерде жиі ипохондриялық, апато-абулиялық, дисморфофобиялық бұзылыстар байқалды, осы бұзылыстарды басу үшін олар психотропты заттарды қабылдаған.
| 8.
| Абстинентті синдром және наркотикке патологиялық әуестікті басу үшін әйелдерде литий препараттарын, антидепрессанттар, жаңа атипті нейролептиктер (солиан), тырысуға қарсы препараттар (депакин хроно), психотерапиялық әсер етумен бірге ноотроптарды қолдану ұсынылады. Әйелдердегі наркоманияның сүйемелдеуші (рецидивке қарсы) терапиясы үшін медикаменттерді таңдау наркотикке патологиялық әуестік варианттарының психопатологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
|
Жасөспірімдердегі апиындық наркоманияның клиникалық көріністері мен интоксикацияның фазалығы
(И.Н.Пятницкая, Н.Г.Найденова, 2002)
Сатысы
| Клиникалық көріністері
|
1 фаза
эйфориялық
| Демалу немесе көктамырға енгізгенде героиннің бір реттік дозасы жаңадан бастаған жасөспірімдерде 1 ден 2 мг-ға дейінгі дозаны құрайды. «Қара базарда» сатылып алынған бастапқыдағы қолға түскен ұнтақтағы белсенді зат. Наркотиктің әсері барлық денедегі, әсіресе аяқ-қолдардағы жайлы және босаңсумен, алаңдаусыздықпен бірге жүретін жылу сезімінен басталады. Осындай жадай наркомандардың бет әлпетінен байқалатын «келу» болып табылады
|
2 фаза
седативті
| Наркотик әсерінің бұл фазасы 2-3 минуттан соң қалқымалы түрде басталады және наркомандардың жаргондарында «кайф», «тартылыс», «жүйе» деп аталады. «Еріншектікпен», пассивтілікпен, әрекетсіздікпен, тежелумен, тыныштықпен, өзінің іштей мейірімділігін, кеңпейілділігін және айналадағыларға махаббатты сезінумен бірге жүретін субъективті жанға жайлы ұйқышылдық пайда болады. Осы жағдайда седация, босаңсудың қалқымалы дамуы фонында әртүрлі қабылдау бұзылыстары пайда болады – иллюзиялар – көру, есту, тактильді, психосенсорлы. Көздердің жартылай жабылуы кезінде әрқилы ғажап бір-бірімен шатасқан шынайы, бірақ бұрмаланған, заттар, суреттер, көлеңкелердің бейнелері пайда болады. Бейнелер калейдоскоптағы тәрізді өзгереді, оларды ойлар ағымына сәйкес өз еркімен құрастыруға болады. Музыка, дыбыстар, әңгімелер жаңа сезімдер тәрізденеді, естіген сөз үзінділері жайлы ассоциациялар туыдырады. Денеде түсініксіз, ерекше сезімдер пайда болады: арқа, кеуде терісінің шаншуы, бастың, беттің, құлақтардың артының жеңіл қышуы.
Мастанудың осы фазасында да жасөспірімдер уақыт ағымын байқамайды, оларда қоршаған ортаның барлығы қатып қалғандай, тынып, тоқтап қалғандай және бүкіл әлем зейіні субъектке аударылғандай сезім пайда болады; ол – дүние жаратылыс орталығы, қалғандарының барлығы шынайылығын, мәнін жоғалтады. Ойлау үрдісі бұзылады, біртіндеп үзіліп бара жатқандай, алмасатындай, ішкі сезімдерін бейнелегендей, байланыссыз ассоциациялар, басқаларға орын босатып бірден «ұшып кететін» ойлар. Мастану жағдайында қандай да бір ынта, ниет болмайды. Осы жағдай қысқа ұйқымен аяқталып, артынан қалыпты жағдайға түседі. Интоксикацияның толық көрінісі 10-12 сағатқа дейін созылады.
Олардың сыртқы көріністері нашар болады: көздері мен аузы жартылай ашылған, қозғалыссыз, қатып қалғандай, жоғарғы бөлігі гиперемирленген, аздап ісінген, мәнсіз ақымақтау әлпет; склералар аздап гиперемияланған, нұрлы қабат мөлдір, қрашықтар сіріңке басындай; қалып қозғалыссыз, «қасыну» үшін еріншектікпен көтерілетін қолдардың баяу қозғалыстарымен, сөздері созылыңқы.
Героинді алғашқы қабылдау жасөспірімдермен үнемі оң бағаланады. «Прострация», «еріну», «қанағаттану», ерекше айқын күйзелістер күйі ұнайды, олар жөнінде артынан рахаттанып еске алады.
|
Жасөспірімдердегі апиындық наркоманияның даму сатылары
(И.Н.Пятницкая, Н.Г.Найденова, 2002)
Сатылар
| Клиникалық көріністері
|
1 сатысы
| Психикалық тәуелділік дамуының уақыты героинді қабылдау жиілігімен тығыз байланысты және 1 апта немесе 1 ай, сирек жағдайда 2 ай деңгейінде түзіледі. Наркотиктің алғашқы инъекциялары немесе ингаляцияларынан кейін эпизодты қабылдаудың қысқа кезеңінде қалдық реакция қалады – наркотикалық мастану жағдайындағы сезімдік күйзелістерін эмоциональді еске алу. Наркотик жөніндегі жаулап алатын, жабысқақ естеліктерге ұқсас ойлар оқуға, жұмыс жасауға кедергі жасайды, жасөспірімді мастану жағдайын басынан өткізу үшін тағы да наркотик қабылдай алатын топқа баруға мәжбүрлейді. Осы қарым-қатынас ортасын өзгертетін, қызуғышылықтар сферасын қайта құратын обсесивті әуестікті жасөспірімдер түсінбейді, және наркотикті қабылдаудың жиіленуіне өз инициативасы пайда болады. Наркотизация үнемі бола бастайды.
Наркотикті үнемі қабылдау (аптасына 1 рет болса да) психикалық тәуелділік түзілгенін дәлелдейді.
Апиындық наркоманияның берілген сатысы, психикалық тәуелділік синдромымен және ағзаның өзгерген реактивтілігі синдромымен сипатталады, бұлар жасөспірімдерде наркотик әсерінен жаңа наркотикалық гомеостаз түзілуін көрсетеді (Пятницкая И.Н., 1994). Соңғы аталғанның қалыпты гомеостаздан айырмашылығы, бұлкезде толеранттылық, атап айтқанда героинге төзімділік өзгереді. Жасөспірімдерде героинге толеранттылық алғашқымен салыстырмалы түрде 2-3 ретке жоғарылайды. Осы кезде героиннің бір реттік дозасы жоғарыламайды, эпизодты қабылдау кезеңінде де бастапқы қалпында қалады. Бірақ наркотик әсер етуінің 1-ші фазасы 1 минутқа, 2-ші фазасы – 6-8 сағатқа дейін қысқарады, жасөспірімдер героинді қабылдауды тәулігіне 2-3 ретке дейін жиілетеді. Осыған байланысты толеранттылық өседі. Жасөспірімдер героинді үнемі аптасына 1-2 ден 4-5 ретке дейін қабылдайды. Мастану көрінісінде жүрек айну, құсу жоғалады. Мастану қысқа ұйқымен немесе ұйқышылдықпен аяқталады.
Оларда наркотиктің тәбеттің төмендеуімен көрінетін физиологиялық әсері сақталады, жасөспірімдер жүдейді (дене массасының дефициті 5-10 кг құрайды), кіші дәреттің мөлшері азаяды үлкен дәреттің тежелуі пайда болады, тері трофикасының бұзылысы – уақытынан бұрын қартаюмен жұқаруы, героин инъекциясынан көктамырлардағы көптеген жазылмайтын іздер, вегетоқантамырлық дистония, гепатоз.
Обсессивті әуестіктің дамуының өзінің клиникалық динамикасы болады, толқын тәрізді өтеді, санасында жабысқақтық түрінде тұрады, ойын жинақтауға және басқа нәрсеге көңілін аударуға кедергі болады, ерік пен күшінен айырады, героинді қабылдауға қарсы тұра алмайды. Олардың қолдарынан ешнәрсе келмей, көңіл-күйі нашарлап, тітіркенгіштік, ұстамсыздық өсе түседі, бір орында отыра алмай және «қандай да бір ішкі энергия» оларды героинге қол жеткізуге мүмкіндік бар жаққа қарай итермелеп тұрады. героинге обсессивті әуестік апогейі аффективті-тарылған сана бұзылысы фонында өтеді және жасөспірімді осы толқынды тоқтату үшін, тітіркенгіштікті, эмоциональді ұстамдылықты басу, наркотикті «соңғы рет енгізу» үшін наркотик қабылдауға мәжбүрлей. Жасөспірім наркотикті енгізеді, және әуестігі басылады, аффект сөнеді. Мастанудың аяғына қарай жасөспірімдер өздерін 1-4 күн, сирек 7 күнге сабырлы және жайлы сезінеді.
1-ші сатының ұзақтығы 2-3 аптадан 1-2 айға созылады.
|
2 стадия
| Физикалық тәуелділік жылдам пайда болады.
Физикалық тәуелділік түзілуінің бірінші белгісі героинді ингаляция немесе көктамырға енгізу жолымен күнделікті қабылдау болып табылады.
Физикалық тәуелділіктің екінші белгісі бір реттік доза толеранттылығының ½ чектен (1 чек=10мг.) 2 чекке дейін және тәуліктік дозаның – 0,25; 0,5; 1-2 граммға дейін жоғарылауы болып табылады. Мастану формасы өзгереді. Героинді көктамырлық қабылдау кезінде 1-ші фаза – атап айтқанда эйфориялық, «келу» - субъективті жылу сезімі мен жайлы психосоматикалық сезімдердің сақталуымен 0,5-1 минутқа дейін қысқарады. 2-ші фазада седация жағдайы қысқарады, әлсіреп, 30-60 минуттан кейін көңіл-күйдің жоғарылауымен, сергектікпен, белсенділікпен, ассоциациялар ағымының жылдамдауын субъективті сезінумен, көбінесе басқа наркомандармен қарым-қатынасқа түсуге талпыныспен ынталандырушы әсермен ауысатын босаңсумен шектеледі, айналадағыларға махаббат, мейірім сезінеді «айналадағылардың барлығы ұнайды», «барлығын жақсы көргің келеді», бірақ сөзшеңдік пен қарқынды сүйсіну, бір орында отыра алмау болмайды. Осы жағдай әлсіздік, шаршағыштық, жабырқаңқылықпен, өзінің қорғансыздығы сезімімен, героинге күшейіп келе жатқан әуестікке қарсы тұруға дәрменсіздікпен, өзіне аянышпен қараумен 4-6 сағатқа созылады. Нароктикке психикалық, обссесивті әуестік қарқындала түсіп, және наркотиксіз қалыпты психикалық қызмет мүмкін емес болып қалады.
Физикалық тәуелділік синдромы интоксикация жағдайында физикалық жайлылықпен, ағза тек наркотик болғанда ғана қанағаттанарлық қызмет жасауымен көрініс береді. Наркотиксіз, нароктикке патологиялық, компульсивті әуестік және абстинентті синдром дамиды. Физикалық тәуелділіктің бастапқы белгілері - абстинентті синдром («ломка») наркотикті соңғы қабылдағаннан кейін 8-12 сағаттан соң дамиды. Оның құрамына жабырқаулылық күйі, үрей, жасаурағыштық, жақындап келе жатқан апат, қандай да бір бұлтартпас сұмдық сезімі, айқын компульсивті әуестік проявляется әлі басталмаған абстиненция алдындағы өткір, жануарларға тән қорқынышпен, үмітсіздікпен, дүрбелеңмен, өлімнен қорқынышпен көрінеді. Бірақ айқын психомоторлы қозу жоқ. Артынан абстиненцияның вегетативті компаненттері қосылады – есінеу, сирек, бірақ ұзаққа созылады, шайнау бұлшық еттеріндегі ауру сезімі, гиперсаливация, сілекей тұтқыр, дәмі жағымсыз, кезеңмен ауызды толтырғандай болады, жас ағуы – көздері үнемі ылғалды, аяқ-қолдардағы жағымсыз күйдіру сезімі, қалтырау және «мұздай суық», ыстық ұстамалары және профузды тер.
Бір уақытта қолдарда тремор, денедегі кезеңдік- ішкі діріл пайда болады.
Бірінші тәуліктерде белде, арқада, аяқ-қол бұлшық еттерінде, кейде иық, шынтақ, тізе буындарында ауру сезімі пайда болады. Үмітсіздік сезімімен депрессия тереңдей түседі, мұрыннан және ауыздан мол бөліністермен жас, еңіреп жылау, позаның икемсіздігі және «ширатылуы» пайда болады. Науқастарда олар ешкімге керек емеспіз, ешкім көмекке келмейді деген ойлармен өздеріне аяныш сезімі пайда болады. Толықтай ұйқы және тәбет бұзылады.
8-10 тәуліктердің соңына қарай жағдай жақсарады.
Героиндік наркоманияның абстинентті синдромына толқын тәрізді ағым тән.
| Жасөспірімдердегі апиындық наркоманияның даму сатылары
(А.Е.Личко, В.С.Битенский, 1991)
Сатылар
| Клиникалық көріністері
|
1 саты
| Индивидуальді психикалық тәуелділік дамиды, үнемі наркотик енгізуге көңілі ауып тұрумен көрінеді. Наркотизация өміріндегі басты қызығушылыққа айналады. Наркотизирлеуші топтан ажырамауға тырысады. Одан айырылып қалған кезде ұқсас топтарды іздейді немесе өздігімен наркотик табуға тырысады. Өздеріне көктамырға енгізуді үйренеді. Бұталық тәсілмен апиындық препараттарды дайындауды үйренеді. Егер «қара базардан» наркотикті қолға түсіру мүмкіндігі болса үйлерінен ақша және бағалы заттарды ұрлай бастайды. Соматикалық бұзылыстар әлі де айқын емес, және олардың көбі жасырын болады. Тәбет төмендеген, бірақ 2-3 сағаттан кейін енгізгеннен соң тәтті мен майлыға тәбеті тартады. Іш қатулар пайда болады. Бет терісінің алғашқы инъекциялардан кейін қатты қышынуы, біртіндеп әлсіреп, жоғалады. Қарашықтары нүкте тәрізді тарылған. Осыны білгендіктен жасөспірімдер қара көзілдірік киюге тырысады. Толеранттылық баяу өседі. К концу 1-ші сатының соңына қарай бастапқы доза 2-3 ретке жоғарылайды, және жасөспірімдер наркотикті күнделікті енгізе бастайды.
Наркотикті үнемі қабылдау кезіндегі мәжбүрлі үзіліс жасырын абстиненцияның психикалық көріністерін шақырады, көңіл-күйдің депрессивті-дисфориялық өзгерісімен көрінеді және наркотикке әуестіктің кенет күшеюіне алып келеді. Әуестігін басқа есеңгірететін заттармен басуға тырысады – алкогольмен, транквилизаторлардың жоғары дозаларымен, гашиш тартумен, ұйқы шақыратындармен, күшті кофе немесе чифирдің көп мөлшерімен.
Шектен тыс қолдану кезінде психикалық тәуелділіктің даму жылдамдығы қолданылған препаратқа байланысты. Героиннің 2-3 көктамырішілік инъекциясынан кейін тәуелділік тудыратын қабілеті бар, апиынның басқа препараттары, соның ішінде бұталық дайындалғандары – он шақты енгізуден кейін. Наркомания түзілуін опиаттарды гашиш немесе кокаинмен бірге қолдану жылдамдатады, ал алкоголь және чифирмен кезектестіру баяулатады.
|
2 стадия
| Наркотикке физикалық тәуелділік дамуымен (үнемі енгізу кезіндегі үзілістегі айқын абстинентті синдроммен көрінеді), наркотикке толеранттылықтың өсуімен, апиындық мастану көрінісінің өзгеруімен және үнемі өзіне тән соматикалық өзгерістермен сипатталады. Қарқынды әуестік соңғы енгізгеннен кейін 6-8 сағаттан соң күшейеді. Тез арада, қарашықтардың кеңеюі, тахикардия, жас ағуы, көп мөлшерде сілекей ағуымен көрінетін айқын вегетативті бұзылыстар басталады. Кілегей қабаттар ісінеді («мыңғырлаған дауыс»), мұрнынан көп мөлшерде бөліністер, тоқтамай түшкіру, жиі жүрек аймағындағы ауру сезіміне шағымдану. Бұлшық еттердегі әлсіз ауру сезімі. өте күшті аффективті реакциялар – бірде айналадағыларға ызалылық және агрессивтілікпен дисфориялық, ал бірде демонстративті аутоагрессиямен истериялық.
На 2-ші тәулікте дене тітіркенуімен қалтырау тершеңдікпен кезектеседі, аяқ-қолдар мен мойын бұлшық еттерінің ауыруы, балтыр бұлшық еттерінің тырысулық тартылулары, аяқ-қолдары ұйып қалғандай сезім (көп отырып қалғандаймын, қолдарымды басып жатып қалғандаймын). Осыларға іштегі толғақ тәрізді ауру сезімі қосылады (ішекетердегі спазмдар), кейде құсу, тенезмдермен іш өту.
2-4-ші тәуліктер өте ауыр болып табылады артынан 1-1,5 апта бойында абстиненция көріністері емсіз де жеңілдейді. Барлық көріністерден ұзақ субфебрилитет, АҚ жоғарылауы, жүдеу сақталады. Шамамен 2 апта темекіден жүрек айну сақталады (В.А.Горов-Шалтан симптомы). Бірақ 1,5-2 аптадан кейін мешкейлік пайда болып, ал оның артынан темекі тартуға ықыласы ауады. Төмен көңіл-күй және наркотикке ерекше басым әуестік бірнеше ай бойында сақталуы мүмкін.
| Жасөспірімдердегі метадондық наркоманияның даму сатылары
(И.Н.Пятницкая, Н.Г.Найденова, 2002)
Өткен жүзжылдықтың 90-шы жылдарында наркотиктердің «қара базарында» басқа наркотикалық заттармен бірге бұталық өндірістің синтетикалық наркотигі пайда бола бастады – метадон – ұнтақ, ампулаларда және ерітінді түрінде. Бұл препарат бірден апиындық наркотиктердің орнын алмастырушы ретінде танымал болды.
Метадон Германияда екінші дүниежүзілік соғыс кезінде синтезделген, және синтетикалық апиын препараты – нароктикалық анальгетик болып табылғандықтан, алғашында морфийді алмастыратын зат ретінде қарастырылды. Дегенмен метадон морфийден әлсіз болып шықты. Метадон, морфий тәрізді кез-келген этиологиядағы ауру симптомын баса алады, және де эйфория шақыратын қасиеті бар (Gourlay Y.K., 1986).
Шетелдік клиникаларда метадонды қолдану негізінен екі бағытта жүріп жатыр – героиндік абстиненцияны басу үшін және метадондық деп аталатын арнайы бағдарлама шеңберінде ремиссияны сүйемелдейтін орынбасулық терапия үшін.
Метадонның апиындық препараттардан айырмашылығы қабылдаған дозаға байланысты 24-48 сағат бойы әсер етеді. Емдік мақсатта метадонды тәулігіне 1 рет қабылдайды. Наркоманиямен науқастарда 50 мг. метадонды шамамен 200 мг героиннің әсері алмастыра алады (Dole V.P., Nyswander, 1965). Абстинентті синдромды басу үшін метадонның бастапқы дозасы тәулігіне 30-40 мг құрайды және тәулігіне 50-80 мг-ға жоғарылауы мүмкін. Әдетте бұл дозалар абстиненцияның жедел симптомдарын 5-8 күнде қайтарады. Артынан метадон дозасын біртіндеп төмендетеді, және 14-20-ші күндері препаратты толығымен тоқтатады. 30 жыл бұрын Dole V.P., Nyswander (1965) пациентке метадонды 20 күннен артық тағайындауға болмайды деген пікірлерін айтқан, өйткені екінші тәуелділік түрі дамиды.
Кейбір шет елдерде егер пациент метадонмен сүйемелдеуші емге келісімін берсе, оны ұзақтығы әртүрлі – 6 айдан 2 жылға дейінгі метадондық бағдарламаға ауыстырады. Метадон дозасы тәулігіне 40-60 мг-ға дейін. Одан жоғары дозалар галлюцинациялар және метадонға патологиялық әуестік шақырады. Метадонмен сүйемелдеуші терапияның бастапқы кезеңінде пациенттер 3 ай бойы күнделікті препарат алуға келеді. Кейіннен аптасына 3 ретке қысқарады, және әдістің кейбір варианттарында пациентке метадонды келесі 2-3 күнге береді.
Барлық пациенттерге аптасына 1 рет опиаттардың, стимуляторлардың, ұйқы шақыратын және седативті заттардың бар-жоғын анықтау үшін зәрдің хроматографиялық анализін өткізеді. Егер осы аталған препараттардың біреуі анықталса, пациент метадондық бағдарламадан шығарылады, өйткені бұл метадонның басқа наркотикалық заттармен әсерін күшейтетінін көрсетеді.
Метадондық бағдарламаның басты мақсаты деп, метадонды героиндік наркомандар реабилитациясында 1971-1973 жж. алғаш қолданған жұбайлар Dole V.P., Nyswander, нароктиктен бас тарту ғана емес, жеке және әлеуметтік реабилитация деп санайды. Бірақ M.Gossop (1978) және басқа зерттеушілер метадондық бағдарламаның әсерінен пациенттердің әлеуметтік статусының жақсарғанын байқамаған, және наркомандар арасындағы қылмыстың азаймағанын көрсетті.
Қазіргі уақытта препарат Ресейге жеткізілмейді, және оны қолдану жөнінде заңды база жоқ.
1,5-3 жылдан аса уақыт героиндік наркоманиямен зардап шегетін кейбір жастар өздері героиннен «қара базарда» «жарнамалайтын» наркоманиядан емделуге немесе героиннен «секіріп түсуге» көмектесетін зат ретінде метадон көмегімен құтылуға тырысады.
Осылайша, жас наркомандарда метадонды қабылаудың мотивациясы, олардың көзқарастары бойынша, наркотиктерден бас тартудың, ең жеңіл жолы болып табылуы.
Сатылары
| Клиникалық көріністері
|
1 саты
| Психикалық тәуелділік күнделікті қабылдау кезінде 2-3 аптада түзіледі. Басынан метадонды ішке қабылдаған пациенттерде, қысқа уақыт кезеңінде оның әсер етуінің 1-ші фазасы маңызды орын алады – атап айтқанда эйфориялық, 15-25 минуттан кейінгі іштегі жылу және кенет қуаныш сезімімен. Пациенттер үшін осы жайлы күйзелістер шамамен 15-20 секундқа созылады және әрбір келесі дозадан кейін қысқара түседі. 2-3 аптадан кейін мастанудың 1-ші фазасы толықтай жоғалады.
Метадон әсер етуінің 2-ші – жайлы седативті эйфория фазасы жанға жайлы тыныштық жағдайымен бірге жүреді, апиындық интоксикация кезіндегідей, бірақ ұйқышылдықтың болмауымен, қозғалыссыздықпен, ерінумен, қиялсыз, героиндік интоксикация кезіндегідей махаббат және сүйсіну сезімінсіз. Пациенттер өздерін бақытты, өздеріне сенімді сезінеді, оларда өздеріне баға беру, басқа адамдардың жақсы қасиеттерін көре білу, оларды өздерінің игіліктеріне қолдану мүмкіндігі жоғарылайды. Оқуға, еңбек етуге талпыныс пайда болады, еңбекке қабілеттілік жоғарылайды, шаршамайды, ойлау үрдісі, есте сақтау жақсарады. Героиндік наркомания кезіндегідей тәбет нашарламайды, пациенттер жүдемейді. Ұйқы ритмі бұзылмайды, бірақ ұйқы шамамен 6 сағатқа созылады, ұйқы қанбауы болмайды. Осындай жағдай бір тәуліктей созылып, қалыпты жағдайға ауысады. Кейбір пациенттерде келесі күні тез қайтатын жүрек айнуы пайда болуы мүмкін.
Жастар метадонды жеткілікті жиілікте аптасына 2-4 рет қабылдай бастайды. Осындай ретпен қабылдау кезінде При такой регулярности метадонға психикалық тәуелділік 1-1,5 айдан кейін дамиды. Метадонды аптасына 1 рет қабылдайтын жасөспірімдерде психикалық тәуелділік 2-2,5 айдан кейін түзіледі. Метадонды айына 1 рет қабылдау кезінде психикалық тәуелділік 8-12 айдан кейін түзіледі.
Психикалық тәуелділік түзілу кезеңінде метадонға толеранттылық 1,5-2 ретке жоғарылайды. Метадонға түзілген психикалық тәуелділік кезінде 2-3 ретке жоғарылайды. Метадонға психикалық тәуелділіктің басты симптомы оның шақыратын жайлы күйі мен әсері жөніндегі үнемі ойлар және еске түсірулермен наркотикке айқын жабысқақ әуестік болып табылады.
1-ші саты ұзақтығы 2-3 айды құрайды және наркотикті қабылдау жиілігіне байланысты.
Жасөспірімдер берілген сатыда әлеуметтік бейімделген болып табылады, оларда еңбекке қабілеттілік және жақындарымен қарым-қатынасы сақталады.
|
2 саты
| 2-3 айдан кейін физикалық тәуелділік пайда болады. Пациенттер бұрынғы дозалар жайлы эмоциональді жағдай тудырмайтынын айтады, сондықтан оны жоғарылата бастайды. Осыған байланысты метадон негізінен ұнтақ түрінде қолға түсіріледі (ерітінді қымбат тұрады), жасөспірімдер қабылдаған наркотик мөлшерін «көзбен» өлшейді. Метадонға толеранттылық 5-10 ретке жоғарылайды. Оларда біртіндеп интоксикация кезіндегі психикалық жағдай өзгереді. Сабырлы қанағаттану сезімі жоғалады, продуктивсіз белсенділік пайда болады. Пациенттер үнемі асығып, кешігіп жүретіндерін айтады, өйткені шұғыл түрде дәл солай аяқталмай қалатын басқа жұмыс пайда болады. Олардың оқулары нашарлап, сабақтарын жібере бастайды, уақытында сынақтарын тапсыра алмайды, бірақ осы кезде оларда ой қызметіне қабілетінің нашарлауы анықталмайды, оларда қандай-да бір қызығушылық пайда болады, осы қызығушылық барлық уақыттарын алады, мысалы, компьютерлік ойындар, посещение рок-концерттерге бару және т.б. Абстинентті синдром медикаментозды әсер етуге нашар берілетін метадонға интенсивті және ұзақ уақыттық компульсивті әуестік фонында өтеді. Компульсивті әуестік алғашқы 2-4 күн аффективті-тұрақсыз психопат тәрізді симптоматикамен бірге жүреді, артынан ипохондриялық шағымдармен үрейлі депрессиямен ауысады. Алгиялық симптом 10-14 күнге дейінгі созылмалы сипатта өтеді. Вегетативті патология да айқын емес. Абстиненция ұзақтығы шамамен бір ай.
Метадонды жүйелі түрде 5-6 ай қабылдаған соң әлеуметтік деңгейдің төмендеуіне алып келеді, қылмыстық белсенділік жоғарылайды.
| Опиоидтарға патологиялық әуестік типологиясы
(Т.В.Клименко, А.С.Субханбердина, 2002)
Дата добавления: 2015-02-05 | Просмотры: 2267 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
|