АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Темекі тарту ерекшеліктері

 

Темекі тарту түрлері Темекі тарту сипаттамасы
  Сигаралар Әртүрлі формалар мен өлшемдерде болады. Олар түтікке тығыз оралған кептірілген темекі жапырақтарынан дайындалады. Сигараларды тарту кезінде, құрамында шайыр, никотин және көміртек тотығының жоғары концентрациясы бар көп түтін түзіледі.  
Трубкалар тарту Темекі қолданудың ертедегі формаларының бір түрі. Трубкалар әртүрлі материалдардан дайындалады, әртүрлі формалары, өлшемдері және атаулары болады. Шығыстық Ортатеңіз және Азия елдерінде сулы трубка кең таралған (кальян, гоза және кальян тәрізді примитивті қолданыстар), тартушы онымен дем алғанға дейін түтін су арқылы өтеді. Дым при курении кальянді тарту кезінде түтін, темекіні тұтатып қыздырылған көмірмен жауып, оны жану жағдайында ұстап тұрғандықтан құрамында көміртек тотығының жоғары концентрациясы болады.  
  Биди тарту (бири) Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде кең тараған. Биди, банан, тенда немесе тембурни жапырақтарына оралған темекі ұнтағы немесе оның қауыздары, кейбір елдерде газет қолданылады.  
  Иіскеуге арналған темекі Екі тәсілмен қолданылады: мұрын арқылы және ауыз қуысының әртүрлі бөлімдеріне салып қояды. Иіскеуге арналған темекі Европа мен Солтүстік Америкада құрғақ иіскейтін темекі атауына ие болды. «Салу – бұл темекіні ұрт пен қызыл иек арасына орналастыру», сондықтан ол ылғалды деп аталады. Ол күніне бірнеше рет қолданылады, шайнайды, сорады, ал қалдықтарын түкіріп тастайды.
  Шайнауға арналған темекі (газар, макла, зарда жәнет.б.) Әртүрлі заттармен араластырады, оны жгут, нығыздалған табақшалар немесе бос оралған жапырақтар түрінде қолданады. Темекіні шайнау кең таралған елдерде, соның ішінде Солтүстік Африкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Шығыс Отатеңізінде, шайнауға арналған темекіге әртүрлі қоспалармен, жиірек әк көмегімен дәм мен иіс береді. В Үндістанда осы темекіні кептірілген құрмалармен, ментолмен, қалампырмен, даршинмен және басқа қоспалармен араластырады.  
  Нас (насыбай) Естен шатасу жағдайын тудыратын қоспа (снадобье). Бұл темекі, ағаш шайыры, әк және өсімдік майы, ментол, кардамоннан тұратын өзгермелі құрам қосындысы. Насты ауыз қуысына тіл астына немесе төменгі ерін мен қызыл иек арасына салады. Аталған темекі түрін қолдану Орталық Азияда, Қазақстанда, Иранда, Пакістанда және Ауғанстанда таралған.  
Бетелдік сағыз Бетель лианасы негізі болып табылады, темекімен араластырылуы немесе онсыз да болуы мүмкін, және кардамон, анис, арек пальмасының тазартылмаған тұқымдарымен және т.б. сияқты заттармен араластырады. Ол Оңтүстік-Шығыс Азияда және Океанияның әртүрлі аймақтарында таралған. Темекіні бетельге XVI ғасырдың өзінде қоса бастады.  
  Мишри (машери) Жанып кеткен темекінің күлі болып табылады, оны тістерді тазалауға қолданып, жиі ауыз қуысында қалдырады. «Керісінше тарту» деп –жанып жатқан шеті ауызда болғанын айтамыз. Темекіні қолданудың бұл түрі мен «керісінше» тарту әйелдер арасында, тартқандардан бұрын, темекіні шайнайтындарға сын көзқарассыз қарайтын елдерде кең тараған.  
Хайни Ұнтақ тәрізді темекі және әктен тұрады. Бұл қосындыны ұрт және қызыл иек арасына салады, ол ауыз қуысында ериді.
Зарда, киван Темекі, әк және дәмдеуіштерден тұратын қоспа. Темекі жапырақтарын майдалайды, суда дәмдеуіштер және әкпен бірге қайнатады. Кептіріп, өсімдік бояуларымен өңдегенннен кейін таблеткалар мен гранулалар дайындайды.  
  Гудакху Меласса және басқа заттардың қосындысымен темекіден жасалған тіс тазартуға қолданылатын паста. Ол Үндістанда кең таралған.  
  Шаммах Ауыз қуысына салынатын ұнтақ тәрізді темекінің, көмір қышқылды әктің және күлдің қосындысы. Темекінің бұл түрі Сауд Аравиясында қолданылады.  

Темекі түтінінің өнімі

Темекілік түтін фазалары  
1. Қатты фаза Фильтрмен ұсталып қалады және қатты бөлшектерден тұрады
2. Газ тәрізді фаза Фильтрден өтіп, тыныс арқылы шығарылады

 

Темекі құрамына келесі компоненттер кіреді (%)

Заттар Темекінің жоғарғы сорты Темекінің 3-ші сорты
1. Никотин 0,8 – 1,3 1,6 – 1,8
2. Көміртегі 8,5 – 13,5 2,6 – 4
3. Белоктар 8,4 – 9 10 12
4. Шайыр 5,9 – 6 5,45 – 7

Активті және пассивті тарту кезіндегі темекі түтінінің әртүрлі ингредиенттерінің деммен алынған дозасы

(Rose G., 1982)

Құрам бөліктері Активті тартушы (1 шылым) Пассивті тартушы (1 сағат)
Иісті газ 18,4 9,2
Азот тотығы 0,3 0,2
Альдегидтер 0,8 0,2
Цианид 0,2 0,005
Акролеин 0,1 0,01
Қатты және сұйық заттар 25,3 2,3
Никотин 2,1 0,04

 

Темекіге тәуелділік бұл феноменология тарапынан ойлау сферасында «МЕН»-ді, еске алулар мен көз алдына келтірулердің пайда болуын бақылауды жоғалтумен, темекі тартуға патологиялық әуестік синдромы, тоқтату синдромы, ремиссиялар мен рецидивтердің бір кезеңде дамуымен темекіні қайталап тартуға ниеттенумен сипатталатын патобиологиялық үрдістің клиникалық формасы.

Темекіге тәуелділік класы бойынша V ХАЖ-10 бөліміне енгізілген (F 10- F 19) «Психоактивті заттарды қолдануға байланысты психикалық бұзылыстар және жүріс-тұрыс бұзылыстары» (F 1х.2) айдарында «Тәуелділік синдромы», (F 17.3х) айдарында «Темекіні тастау синдромы» (F 17.0х) «Темекіні қолдануға байланысты туындаған жедел интоксикация (жедел никотиндік интоксикация)».

Темекі «ҚР-да бақылауға жататын наркотикалық заттар, психотропты заттар және олардың прекурсорлары тізіміне (тізімдер I, II, III)» жатпайды (ҚР үкіметінің жарлығы от….за №…), ал темекіге тәуелділік клиникасында психоорганикалық дефицитарлы симптоматиканың және темекі тартуға байланысты туындаған тұлға өзгерісінің болмауы, темекіге тәуелділіктің әуестік бұзылыстары қатарында ерекше орын алатынын көрсетеді.

Темекі тартуға әдеттену психосоматикалық диссоциацияның, темекі тартуға патологиялық әуестіктің болмауымен және тоқтату синдромының дамуымен сипатталады. Темекіге әдеттенген адамдар темекі тартуды өздігімен тастай алады.

Темекіге тәуелділік темекі тартуға патологиялық әуестіктің, тоқтату синдромының, ремиссия және рецидивтің дамуымен сипатталады.

 

 

Бастапқыда темекі тартушыда темекі түтінімен демалуға жауап ретінде теріс реакциямен көрінетін– жүрек айнумен, бас айналумен, ауыздағы жағымсыз сезіммен, тері жабындысының бозаруымен (реагирования соматикалық формасы) психосоматикалық диссоциация симптомдары дамиды. Осы уақытта оң, темекі тартудан ләззат алу жағдайы сияқты (психикалық формасы реагирования) реакция да пайда болады. Эпизодты тартудан жүйеліге ауысу кезінде темекіге патологиялық әуестік синдромы дами бастайды.

Темекігепатологиялық әуестік синдромы бірнеше сатыда түзіледі және ағзаның темекі түтініне конституциональді реакциясына және әлеуметтік ортаның әсеріне тәуелді (Смирнов В.К.,).

 

 

Патологиялық әуестік түзілуінің сатылары Клинические проявления
  Бастапқы саты Ұзақтығы 30 күнді құрайды және психосоматикалық диссоциация симптомдарының дамуымен сипатталады.
  Құрылу сатысы Темекі тартуға патологиялық әуестік синдромы түзілуін сипаттайтын 2-3- жылға дейінгі ұзақтықпен. Осы сатыда темекі тартушының темекі іздеу және тарту мүмкіндігіне бағытталған жүріс-тұрысы өзгереді (жоқ болған кезде – қызметтестерінен, көршілерінен, өтіп бара жатқандардан сұрайды; толық тартылмаған шылымдарын қалдырып қояды, «қандай да бір жағдайға»). Темекі тартуға патологиялық әуестік түзілуінің негізгі белгісі жүйелі, күнделікті тарту болып табылады.  

 

 

Темекіге патологиялық әуестік компоненттерінің варианттары

(Смирнов В.К.)

 

Темекіге патологиялық әуестік компоненттерінің варианттары Клиникалық көріністері
  Идеаторлы Темекі тартушының темекі тарту жөніндегі еске алулармен көрінетін ойлау сферасының конституциональды ерекшеліктерін көрсетеді. Бастапқыда бұл естеліктер спонтанды түрде, артынан темекі тартуға патологиялық әуестік түзілу дәрежесіне қарай біртіндеп пайда болады. Темекі тарту жөнінде бейнелі-оймен еске алулар кезінде қосымша темекі түтінінің иісі мен дәмі келгендей сезім болады. Осыған ұқсас жағдай темекі тартушыда соңғы тартудан кейін 30-120 минуттан соң пайда болады. Аталған белгілердің барлығы шылым тарту кезінде тез уақыт арасында жоғалады.  
Вегето-қантамырлық Ауыздағы құрғақтық, жөтел, АҚ лабильділігі, бас ауыруы, бас айналуы, шөлдеу, қол треморының және т.б. пайда болуымен сипатталады.  
Невротикалық Астениялық және аффективті бұзылыстар белгілерінен тұрады. Астениялық бұзылыстар шаршағыштық, тітіркенгіштік, бір орында отыра алмау, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі түрінде көрінеді. Аффективті көріністер үрей, ашу, қозғалыс мазасыздығымен бірге жүреді.

 

Темекіге патологиялық әуестік ағымының типтері

(Смирнов В.К.)

Темекіге патологиялық әуестік ағымының типтері Клиникалық көріністері
  Кезеңдік   Күніне 10 нан 20 шылымға дейін тарту, «аш қарынға» тартқысы келмеу, науқас тарту жөнінде ұмытумен жарқын аралықтардың болуы сияқты белгілермен сипатталады.  
Үнемі Күніне 20 шылымнан артық тартылады, темекі тарту жөніндегі үнемі ойлар болады, шылымды автоматты түрде, бірінің артынан бірін тартады.  

 

Тоқтату синдромы темекіге түзілген тәуелділікпен темекі тартушыда бағдарланған. Кезеңмен ол адамда шылымды тастауға ниет пайда болады немесе қандай-да бір жағдайларда ұзақ уақыт аралығында темекі тарта алмайды. Тоқтату синдромы 36-48 сағат бойында темекі тартудан ұстану кезінде түзіледі және невроз тәрізді бұзылыстармен (сенситивтіліктің өткірленуі, ментизмнің және үрейлі жағдайлардың пайда болуы), аффективті көріністермен көрінеді (тітіркенгіштік, қызбалылық, үрей, мазасыздық және т.б.). осындай жағдайды темекі тартушы өздігімен жеңуге шамасы келмейді, шылым тартуға қайта айналып келеді, және шылым тарту невроз тәрізді бұзылыстар симптоматикасының көріністерін азайтады. Әдетте, темекі тартуға өзіне тыйым салу рецидивке алып келеді.

 

Никотиндік синдром дамуының клиникалық көріністері мен даму сатылары

(Бабаян Э.А., Гонопольский М.Х., 1987)

 

Сатысы Клиникалық көріністері
  I саты   Темекі тарту жүйелі сипатта болады. Увеличивается никотинге толеранттылық жоғарылайды, осы кезде шылымның ең көп мөлшері қолданылады. Темекі тарту еңбекке қабілеттілікті жоғарылататындай сезім пайда болады, өзін жақсы сезінеді. Физикалық әуестік болмайды. Никотинге толеранттылық өседі. Соматикалық, неврологиялық немесе психикалық бұзылыстардың көріністері болмайды. Бұл сатының ұзақтығы 3-5 жыл.
  II (күрделенген созылмалы) саты Никотинді қолданудың күндізгі нормасының белгіленуімен, апогей деңгейіне жетіп, жоғары көреткіште тұрақталатын жоғары толеранттылық («плато толеранттылық»), шамамен күніне 1-2 қорапша. Темекі тарту жабысқақ ниеттенумен сипатталады. Физикалық әуестік элементтері таңертеңгі жөтел, жайсыздық сезімі, үнемі темекіні жалғастыру жөніндегі ойлар түрінде көрінуі мүмкін. Соматикалық сәтсіздіктің алғашқы симптомдары бронхит, асқазан ауруларының бастапқы симптомдары, жүрек аймағындағы жағымсыз сезімдер, пульс өзгерісі, АҚ тербелісі түрінде көрінеді. Тартуды тоқтату кезінде пайда болатын невроз тәрізді симптоматиканың айқындылығы шамалы, және бастағы жағымсыз ауырлық сезімі, ұйқы бұзылысы, тітіркенгіштіктің жоғарылауы, еңбекке қабілеттіліктің аздап төмендеуімен көрінеді. Берілген саты ұзақтығы индивидуальды, орта есеппен 5 жылдан 15-20 жылдарға дейін.
    III (кеш немесе соңғы) cаты Никотинге толеранттылық, сонымен қатар психикалық әуестік те құлдырайды. Никотиннің жоғары дозалары жайсыздық көріністерін тудырады. Темекі тарту автоматты сипатқа ауысады. Абстиненция ауыр емес, әртүрлі көріністермен болуы мүмкін. Ол бастағы ауырлық сезімі, қатты бас ауыруы, тәбеттің төмендеуі немесе жоғалуы, көп мөлшерде сұйықтық қолдану, бұлшық еттік және вегетативті жайсыздық (тершеңдік, дене температурасының тербелісі, пульс бұзылысы) болуы мүмкін. Жоғары тітіркенгіштік, есте сақтау қабілетінің және еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін. Темекіні таңертеңгі уақыттарда жайсыз сезімдерді, әсіресе темекі тартушының таңертеңгі жөтелін басу үшін шылымды аш қарынға тартқысы келеді. Ұйқы бұзылады, кезеңмен темекі тартушы түнде папироса немесе шылым тарту үшін оянады. Бұл сатыда жүрек-қантамыр жүйесі қызметі өзгерісінің белгілері, қатерлі жаңа түзілістер және олардың алдында болатын жағдайлар, және де айқын неврастения байқалады.

Темекіге тәуелділіктің клиникалық формалары

(Смирнов В.К.)

Темекіге тәуелділік формалары Клиникалық көріністері
  Идеаторлы Темекіге тәуелділіктің25 % жағдайында диагностикаланады. Алғаш дәмін татудың ерте жастан басталуы (11,5 жас), темекі тарту қарқынының баяу өсуі, эпизодты тартудың болмауы және темекі тартуға патологиялық әуестіктің кезеңдік типінің дамуы тән. Клиникасы ойда, ойлы-бейнелік түрде темекі тарту жөніндегі естеліктермен, өзінің темекі тартуға әуестігін түсінумен, идеаторлы және вегето-қантамырлық компоненттер белгілерінің болуымен сипатталады. Темекіге тәуелділіктің бұл түрінде өздігімен 1-2 айдан 12 айға дейін ремиссиямен темекі тартуды тоқтатуы мүмкін.  
Диссоциирленген Темекі тартатындардың65 %-да диагностикаланады. Тартуды бастау ерте жастан (5-9 жас). Темекіге эпизодты тартудың қысқа сатысымен патологиялық әуестіктің кезеңдік тип ағымы, аш қарынға тарту, максимальды толеранттылықтың тез түзілуі және темекіге әуестікті кеш түсіну тән. Темекіге патологиялық әуестік синдромы интрацептивті сезімдер түрінде көрініс береді (мүшелік деңгейде – өкпе, трахея, тіл, ауыз қуысы, іш және т.б.). көп жағдайда невротикалық компонент белгілері бақыланады.  
Психосоматикалық Салыстырмалы түрде сирегірек кездеседі, 10 % жағдайда. Тарту кешірек басталады. Бұл түріне эпизодты тартудың қысқа сатысы, толеранттылықтың тез өсуі, көп мөлшерде шылым тарту, аш қарынға тарту, темекіге әуестіктің үнемі типі, темекіге тәуелділікті кеш түсіну тән. Психосоматикалық формасының клиникасында идеаторлы, вегето-қантамырлық және невротикалық компоненттердің белгілері болады. Темекіні өз күшімен тастау мүмкін емес.  

 

ҰШҚЫШ ЕРІТКІШТЕРДІ ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҮРІС-ТҰРЫСТЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР (ИНГАЛЯНТТАРДЫ –F 18)

Ұшқыш еріткіштерді қолдануға байланысты туындаған токсикомания (ҰЕ), басымырақ балалар мен жасөспірімдер арасында кең таралған, әсіресе 12-15 жас аралығында. Токсикомания ҰЕ-ң дәмін татқан адамдардың аз бөлігінде дамиды. Бұл заттарды үнемі қабылдау ҰЕ-тер рахат сезімін шақырған жағдайда басталады. Жүйелі қабылдауға ауысу ҰЕ-мен 4-5 рет қайталамалы дем алғаннан кейін бақыланады. Тәуелділік синдромы наркотизацияға айқын әуестікпен көрінеді.

Ұшқыш еріткіштермен (ҰЕ) улану кезіндегі клиникалық көріністер мен фазалылық

(И.Н.Пятницкая, 1994)

 

Фаза Клинические проявления
Бірінші фаза Алкогольды мастануға ұқсас мастану сезімі пайда болады: бас ішіндегі жанға жайлы шуыл, алда болатын әсерлерге дәмеленумен көңіл-күйдің көтерілуі, денедегі жағымды жылу сезімі, аяқ-қолдардың босаңсуы. Бұл фазада наркоманды ояту қиынға соқпайды. Сана тарылған, бар ой-санасы күйзелістеріне жинақталған.
Екінші фаза Қайталап дем алу кезінде дамиды. Кеңпейілділік, көңілділік, бейғамдылық сезімімен бірге жүреді. Көпшілігі күле бастайды, ән салады. Сана ашықтығы жоғалады, шынайы қоршаған орта иллюзорлы қабылданады. Заттар өздерінің қалыбын, кеңістіктегі арақашықтығын өзгертеді, түстер ашық, қаныққан болып көрінеді. Дыбыстар бұрмаланып, ерекшеленеді. Проприорецепция бұзылады – дене жеңіл тәрізденіп, оның бөлшектері ұлғайғандай немесе қысқарғандай болады. Қозғалысқа қажеттілік сақталады, бірақ координация бұзылған, мастанғандар құлайды, тепе-теңдікті жоғалтады, бірін-бірі кекетеді, олар үшін барлығы өте қызықты болып көрінеді. Алаңғасарлық пайда болады. Агрессия жағдайлары сирек. Қимылдары әлсіз координирленген, сөздері түсініксіз.
Үшінші фаза Бірнеше рет қолданған адамдарда ҰЕ дозасын көтерген кезде пайда болады. Галлюцинаторлы көру бейнелерінің ағыны пайда болады. Галлюцинациялар ашық, қозғалмалы, жиі майда өлшемді, сырттан, экрандағы тәрізді көрінеді. Оларды ең басында күшейтуге немесе тоқтатуға болады. Ары қарай олар «мультиктер көрсеткен» тәрізді өздігімен қозғалады. Алдамшы естулер жиі акоазмдар түрінде пайда болады: шуыл, қоңыраулар үні, гуілдеу. Дыбыстардың табиғи қабылдануының өзгерісі, олардың түсініксіз сипаты бақыланады. өзін және өз денесін қабылдау бұзылады. Мастану жағдайындағылар «ішкі көзқарасымен» ішкі жақтан өз денелерін көреді. Психосенсорлы бұзылыстар әрқилы. Қабырғалар қозғалғандай, бөлменің төбесі құлап бара жатқандай, еден түсіп кеткендей сезім пайда болады, кейде тек ұшу емес, құлап бара жатқандай сезім де басынан өтеді. Сананың онейроидты бұзылуы кезіндегідей ғарышта, фантастикалық әлемдерде орын алмастырғандай сезім пайда болуы мүмкін.

 

Абстинентті синдром ҰЕ-ді жүйелі қолданудың 3-6 айларында түзіледі.

 

Ұшқыш еріткіштерді (ҰЕ) шектен тыс қолдану кезіндегі абстинентті синдромның клиникалық көріністері мен фазалылығы

(И.Н.Пятницкая, 1994)

 

Фаза Клиникалық көріністері
Бірінші фаза Ажыраудың бірінші тәулігінің соңына қарай ызалы тітіркену, жабырқаулы көңіл-күй фонында, қатты бас ауыруы, қарашықтардың кеңеюі, нистагм, гипергидроз, қол саусақтарының, қабақтың, тілдің треморы, сіңірлік рефлекстердің жоғарылауы, жеке бұлшық еттердің тырысулы жыбырлаулары пайда болады. Психомоторлы қозу үдейді.
Екінші фаза Екінші тәулікте үрейлілік, тұйықтық, күдікшілдік, дисфория дамиды. Үнемі тахикардия және артериялық гипертензия, ірі бұлшық еттердегі ауру сезімі мен дененің әр жеріндегі жағымсыз сезімдер. Психомоторлы қозу мұңды аффектпен және қозғалыстық белсенділіктің құлдырауымен ауысады.
Үшінші фаза ҰЕ-ң жоғары улылығы деменцияға дейін жететін интеллектуальды-мнестикалық сфераның айқын бұзылытары және диэнцефальды және пирамидалық симптоматикамен ОЖЖ-ң диффузды зақымдануы белгілерімен көрінетін токсикалық энцефалопатияның жедел дамуына алып келеді. Жиі токсикалық гепатит және нефрит, иммунитеттің айқын төмендеуі байқалады.

Интоксикациялық токсикомания түзілуі (ИТ)

(Садуақасова Қ.З., 2005)

Сатылары Клиникалық көріністері
  Токсикоманиялық реакциялар Тәуелділік түзілуінсіз токсикоманиялық заттарды қабылдаудың жеке эпизодтары түрінде көрініс береді.
Бірінші саты Токсикоманиялық затқа толеранттылықтың жоғарылауы түрінде көрінеді, оның дозаларын жоғарылатумен, бір затты екіншісімен ауыстырумен, мастанудың соматоневрологиялық симптомдарының азаюымен, қайталап ингаляция жасау жөніндегі қалмайтын жабысқақ ойлар мен ниеттің пайда болуымен (сыртқы факторлармен басылуы мүмкін) сипатталады, атап айтқанда бірнеше күн, апта, ал кейбір жағдайларда алғашқы ингаляциядан кейін пайда болатын психикалық тәуелділік түзіледі. Балалардың өз жазғандарында бұл санасыз түрде ингаляциялық токсикоманиялық затты іздеу, ингаляция болған жерлерге тартып тұрады деп суреттеледі (ИТЗ),.
Екінші саты Физикалық тәуелділік белгілерінің пайда болуымен және ИТЗ қабылдауды тоқтатқан кезде тек жабысқақ ойлар және тілектермен ғана емес, соматовегетативті бұзылыстардың айқын кешенімен күшті әуестікпен де көрінеді: тремор, жүрек қағуы, бас ауыруы, ИТЗ қабылдауға деген күшті әуестікпен ұйқысыздық және өзін-өзі сақтандыруға инстинкттің төмендеуі (соңғысы кез-келген заттарды қолданғанда пайда болды, олардың денсаулыққа улылығы мен қауіптілігіне тәуелсіз). Итз-ға әуестік аштық және шөлмен салыстырылады.

Бұл дерт жоғары үдемелі. Үлкен наркоманиялық синдром әдетте ҰЕ-ді шектен тыс қолданудың бірінші жартыжылдығының соңына қарай түзіледі. Токсикоманияның қатерлі түрлері 1,5-2 жылда науқастарды мүгедектікке алып келетін айқын психоорганикалық синдромның дамуымен сипатталады. Басым көпшілік жағдайларда токсикомания ағымы ремиссиясыз. ҰЕ-ді 2-3 жыл бойы қолданбаған жағдайда токсикалық энцефалопатия көріністері әлсірейді, бірақ толық жоғалмайды. Толуолды және тұтатқыштарға арналған этилденген бензинді шектен тыс қолдану кезіндегі токсикомания ағымы қатерлірек, ол тетраэтилқорғасынмен улану клиникасының көрінісіне сәйкес (Шабанов П.Д., 2002).

 

 

ӘДЕТТЕР МЕН ӘУЕСТІК БҰЗЫЛЫСТАРЫ НӘТИЖЕСІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҮРІС-ТҰРЫСТЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР

– F 60.0

Құмар ойындарына патологиялық әуестік (лудомания) – күрделі, созылмалы ағымды психикалық бұзылыс. Оған құмар ойындарына қайталанатын әуестік эпизодтары тән, әлеуметтік, еңбектік, құндылықтар мен міндеттер теріске шығарылатындай дәрежеде тұлға өмірін жаулап алады.

Құмар ойындарына патологиялық әуестік жөніндегі алғашқылардың бірі болған ғылыми жұмыс 1914 жылы психоаналитик Von Hattingberg-пен жарияланды.

Құмарлық – бұл көпжүйелі және тек белгілі бір осыған бейім адамдар үшін ғана патологиялық әсер көрсететін фактор.

Патологиялық ойыншылардың саны ересектер арасында 0,4% дан 3,4% дейін, ал кейбір аймақтарда 7%-ға жетуі мүмкін. Патологиялық ойыншылардың жасөспірімдер арасындағы саны 2,8% - 8%-ды құрайды.

Құмар ойындарына патологиялық әуестік (F 63.0)

(Скокаускас Н., Саткявичюте Р., Бурба Б., 2004)

 

I тип («қызметтегі» ойыншылар) II тип («ақиқаттан қашушы» ойыншылар)
1. Жоғары интеллект, биік әлеуметтік дәреже, нарциссизм, басмы болуға талпыныс, шеберлікті қажет ететін құмар ойындарын артық көреді (покер, блэк, джек және т.б.). Жиі ойыншылар ойыншы мансабын жасөспірім жасынан бастаған ерлер болып табылады. Олар өздерін коммуникабельды, қажырлы, сенімді тұлғалар ретінде көрсетеді, бірақ психологиялық тесттерде олардың өздеріне төмен баға берулері анықталады. Ойын олар үшін өздерінің басқалардан, ойындағы бәсекелестері алдындағы үстемдігін, «өз салмағын», ерекшелігін, ал кейде бүкіл ойын жүйесі алдында дәлелдеу тәсілі болып табылады. Бұрын болған ұтыстары олардың өздерін өзгелерден артық, бақыттырақ деп санауларына мүмкіндік береді. Ақша олардың көзқарастарымен барлық проблемалардың себебі және барлық проблемаларды шешудің жолы болып табылады. Ойыншылар бірте-бірте уақыттарын көбірек ойынханада өткізіп, қомақтырақ сома тіге бастайды. Уақыт өте олар ұтыла бастайды. Ұтылыстарын олар сәтсіздіктің міндетті түрде аяқталатын қысқа кезеңі деп түсіндіреді, және барлық жоғалтқан ақшаларын қайта ұтып алатындарын айтады. Әсіресе патологиялық ойыншылардың аталған типіне тән ұтылған ақшаларының «соңына түсу» симптомы, ұтылғаннан кейін келесі күні ұтылған ақшаларын ұтып алуға келу пайда болады. Ереже бойынша келесі күні барлық ақшасын ұтылады. Ойынға құмарын қанағаттандыру үшін, олар қарыз алып, заттарын сатып, өз жақындары мен достарын алдай бастайды. Ойламаған жерден пайда болған жағдайларға («үйімді тонап кетті», «балам ауыр халде» және т.б.) байланысты ақша шұғыл қажет екенін айтып айналадағыларға өтірік айтады. Қолына түскен ақшаның барлығы ойынханадан шығады. Ақыр соңында, адам өзінің әуестігін толықтай басқара алмайтын жағдайға жеткенде, тәуліктік басым бөлігін ойластырулар, жоспарлау, ойынға дайындық және, әрине, ойынның өзі жөніндегі ойлар алады. Пациенттер өздерінің ұтылатындарын біледі, бірақ ол маңыздылығын жоғалтады. Ойын үрдісі өмірдің осьі болып табылады. өздерінің сәтсіздіктеріне айналадағыларды кінәлай бастайды – жанұя мүшелерін, достарын және басқаларды. Осы сатыда жанұядағы қақтығыстар жиі ажырасумен аяқталады, осындай сәтсіздік кезеңінде өзін төмен бағалау және өзіне сенімсіздік күшейеді, нашар көңіл-күй, болашаққа мұңлы және пессимисттік көзқарас үдей түседі, ұйқы бұзылады, суицидальды ойлар болуы мүмкін. Ойыншылар қиындықтардан, сәтсіздіктерден, жанға бататын жоғалтулардан, шын өмірдегі жеңілістерден қашып патологиялық сипат алады. Сондықтан оларды «ақиқаттан қашушы» ойыншылар деп атайды. Олар аса шеберлікті, дағдыны қажет етпейтін құмар ойындарын таңдайды, және сонымен қатар ұтысқа жету үшін көп күш жұмсау қажет емес (мысалы, тек ойын автоматының тұтқасын түртіп, немесе тетікті басу керек). Дегенмен ұтыс кезінде аз сыйлық болғаннымен жетондар қатты дыбыспен төгіледі, автоматтардың шамдары жарқылдайды, айналадағылардың құттықтаулары, лебіздері естіледі, және осы сәт мол қуаныш алып келеді, өзін «жолы болғыш» сезінуіне, күнделікті проблемаларды ұмытуға мүмкіндік береді. Ойнап отырып осындай адамдар, эмоциональды да, физикалық та күйзеліс сезінбейді. Олар, ұтылған ақшаларының бөлігін немесе барлық ақшасын қайтарып алғанның өзінде ешқашан тоқтамайды. Оларды қанағаттандырған, «тойындырған» ұтыс болған емес, өйткені негізгі мәселе «қашан және қанша ұтамын» деген емес «мен қаншалықты ұзақ ойнай аламын» деген мәселе болып табылады, нақты айтқанда бірде-бір купюра қалмайды. Жанұялық және маман ретіндегі міндеттеріне немқұрайдылық өсе түседі, құмар ойындарына ақша табу жолында қылмыс жасаулары мүмкін.    

 

Ойынқұмарлық кезіндегі нейротрансмиттерлер синтезінің бұзылысы

Жүйе Негізгі өзгерістер
1. Эндогенді опиаттар Физикалық және эмоциональды күйзелістерін басқару бұрмаланған
2. Эндорфиндер Сәттілік сезімінің балансы бұзылған
3. Энкефалиндер Стресске реакция бұзылған
4. Норадреналин және норэпинефрин Қажырлылық, іс-әрекетке талпыныс, нейрогормональды бақылау, дайындық, жинақылық реакциясының деңгейі ойыннан тыс өте төмен, ал ойын уақытында өте жоғары
5. Серотонин Эмоциональды тұрақтылық, ұстамдылық, ұйқы тәртібі деңгейі төмен
6. Ацетилхолин Бұлшық еттер мен мүшелер жүйесін басқару, жады, ойлау, зейінін жинақтау деңгейі ойыннан тыс өте төмен, ал ойын уақытында өте жоғары
7.ГАМҚ (гамааминомай қышқылы) Ұстамдылық тек ойын уақытында максимумға жетеді, минимумнан максимумға жылдам ауысулар

ПСИХОАКТИВТІ ЗАТТАРҒА ТӘУЕЛДІЛІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ АУРУЛАРДЫҢ ПАТОГЕНЕЗІ (ПАЗ)

Психоактивті заттарға тәуелділікке байланысты аурулардың патогенезі (ПАЗ), зерттеудің осы бағытында айтарлықтай күш жұмсалып жатқанына қарамастан соңына дейін зерттелмеген жағдайда қалады. Осы уақытқа дейін алкоголизмнің, наркоманияның және токсикоманияның патогенезінің біріккен концепциясы жоқ.

ПАЗ-ға тәуелділік түзілуі кезінде орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) құрылымдарының реті және функционалды түзілістері қатысатыны анықталды. Осы кезде жаңа патологиялық жүріс-тұрыстық гомеостаз түзілуіне алып келетін жоғары ми қызметін қамтамасыз ететін нейрохимиялық та, және нейрофизиологиялық механизмдерде де айтарлықтай және тұрақты өзгерістер болады (Бехтерева Н.П., 1980; 1988). И.П. Анохинаның және т.б. көзқарастары бойынша (1990; 1999), наркотиктерге тәуелділікті ұрпақты жалғастыруға жауапты когнитивті функцияларды, субъекттің эмоциональды және әлеуметтік жүріс-тұрысын басқаратын және қалыптастыратын механизмдердің бұзылуына алып келетін бас миының ауруы ретінде қарастыруға болады. ПАЗ-ға тәуелділік дамуының нейрофизиологиялық механизмдері мидың оң бекініс жүйесі орналасқан аумақтардың бағаналы және лимбикалық құрылымына негізделеді. Бұл жүйе эмоциональды жағдайдың, көңіл-күйдің, мотивациялық сфераның, психофизикалық тонустың, адамның толығымен жүріс-тұрысының және оның қоршаған ортада адаптациясының реттелуіне қатысады. Әртүрлі ПАЗ әсері механизмдерін зерттеу, олардың жалпы звеносы болып өзіне тән дофаминергиялық, ГАМҚ-ергиялық, опиатты, жасушалық аденилатциклазды және мидың басқа да жүйелерінің қатарына фармакологиялық әсері болып табылатынын көрсетті. Бірақ барлық ПАЗ-ға жалпы әсер ету заңдылықтарынан басқа өздерінің ерекше, әр препараттың жеке фармакологиялық әсерлері болады. Олардың жиынтығы наркоманияның әр формасына тән клиникалық көріністің арнайылығын көрсетеді.

 

Психоактивті заттардың мидың әртүрлі нейрохимиялық жүйелеріне әсерінің жалпы заңдылықтары

(Морозов Г.В., 1981; Анохина И.П., 2001; Шабанов П.Д., 2002)

 

Жүйе Негізгі өзгерістер
  Дофаминергиялық жүйе Катехоламиндердің және бірінші кезекте дофаминнің жылдамдаған айналысының түзілуі. Психоактивті заттарды қабылдау кезіндегі дофаминнің босап шығуының және «оң бекініс» жүйесінің жылдамдауы оның кейіннен шамадан тыс бұзылуымен және тез синтезделуімен бірге жүреді. Абстиненция кезінде дофаминнің тіндік деподан босап шығуының жылдамдауы болмайды, бірақ оның жылдамдаған синтезі сақталады. Бұның нәтижесі биологиялық сұйықтықтар мен тіндердегі дофаминнің (ең бастысы бас миында) жиналуы болып табылады. Дофаминнің қандағы деңгейі абстинентті синдромның клиникалық көріністерінің ауырлығымен айқын корреляцияланады. Оның (дофаминнің) бастапқы деңгейге қарсы екі ретке жоғарылауы ауыр абстинентті синдром көрінісімен бірге жүреді, 3 ретке жоғарылағанда, ереже бойынша, абстинентті психоздар дамиды. Ремиссия кезеңінде дофамин деңгейінің төмендеуі бақыланады, оның клиникасы психикалық дискомфорт сезімімен, депрессия және психоактивті заттарға патологиялық әуестікпен бірге жүреді. Осы кезеңде дофаминдік рецепторлардың (бромокриптиннің) агонисттерін тағайындау наркотиктерге әуестікті азайтуға және ремиссияны тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
  Серотонинергиялық жүйе Психоактивті заттарды шектен тыс қолдану кезіндегі ОЖЖ-гі серотонин белсенділігінің төмендеуі. Серотонинергиялық антидепрессанттардың және дофаминергиялық жүйенің белсенділігіне әсерін қалыптастыратындар әсерімен ПАЗ-ға патологиялық әуестіктің азаюы. Дофаминнің шығуы серотониндік (5-НТЗ) рецепторлардың активациясы кезінде күшейеді, ал этанолды енгізген кездегі осы рецепторлардың блокадасы дофаминнің бөлінуінің алдын алады.
  Холинергиялық жүйе Созылмалы алкогольды интоксикация кезінде холинергиялық белсенділік төмендеуі байқалады. Этанол созылмалы енгізу кезінде холинацетилаза белсенділігін төмендетеді және М-холинорецепторлардың тығыздығын жоғарылатады. Алкогольді және апиындық абстиненция кезінде холинергиялық құрылымдар белсенділігінің ұлғаюы және ми синапстарында ацетилхолиннің шамадан тыс босап шығуы бақыланады. Полинергиялық жүйе дофаминергиялық жүйенің өзгерісіне жауап ретінде екіншілік ретте патологиялық үрдіске қатысады деп пайымдалады.
  ГАМҚ-ергиялық жүйе Этанол және седативті заттардың көпшілігі, ГАМК-ергиялық тасымалды жеңілдетеді. ГАМК-ергиялық рецепторлардың стимуляциясы седативті және миорелаксирлеуші эффекттерге алып келеді. Алкогольді созылмалы қолдану кезінде ГАМҚ-ң бензодиазепиндік рецепторлармен байланысу қабілеті бұзылады. Этанол «қара» субстанцияның ГАМК-ергиялық нейрондарының спонтанды белсенділігін азайтады. Алкогольды абстиненция және барбитураттар мен бензодиазепиндерді тоқтату кезінде мидың ГАМК-ергиялық жүйесінің тежеу белсенділігінің азаюы эпилептикалық ұстамалардың дамуына алып келуі мүмкін. Созылмалы алкогольды интоксикация ГАМК-ергиялық рецепторлы кешен арқылы этанол және бензодаизепиндерге қиылысты толеранттылық шақыруы мүмкін.
  Опиатты энкцефалинергияық жүйе Эндогенді опиоидтар (энкефалиндер және эндорфиндер) психоактивті заттардың әсерін іске асыруда маңызды рөл атқарады. Олар ауру сезімі, эмоциональды механизмдердің және мотивациялық үрдістердің іске асырылуына қатысады. Оң бекініс жүйесінің қызметіндегі басты орынның бірін шығу тегі пептидті және пептидті емес опиоидты белсенділікпен заттар алады. Эндогенді опиоидтар және олардың агонисттері наркотиктердің әсеріне ұқсасоң бекітетін әсер көрсетеді. Алкоголизм және апиындық наркомания кезінде базальды ганглияларда, гипоталамуста, «жолақты денеде» және гипофизде энкефалиндер деңгейінің айтарлықтай төмендеуі байқалады. Созылмалы алкогольды және апиындық интоксикация адам миындағы в-эндорфиннің айқын жеткіліксіздігіне алып келеді. Этанол ацетальдегид көмегімен опиоидты белсенділігінен айырылған кешендер түзіп энкефалиндермен әрекеттеседі. Y-эндорфин дофаминергиялық жүйе белсенділігін азайтады және «марапаттау награды» механизмдерін тежейді. Дофаминергиялық жүйе белсенділігі төмендеген кезде гипоталамуста энкефалиндер деңгейі жоғарылайды, ал серотонинергиялықтар төмендейді. Салынып ішетін маскүнемдерде перифериялық эндорфиннің босап шығуы тұрмыстық маскүнемдермен салыстырғанда төменірек.
  Нейропептидтер және нейрогормондар Нейропептидтер және нейрогормондар, нейромедиаторлар сияқты, жүйкелік импульстың синапстық тасымалдануына әсер етеді және адамның жүріс-тұрысы мен эмоциональды сферасын реттейді. Көптеген зерттеулерде олар жеке медиаторлардың белсенділігін реттей отырып классикалық нейромедиаторлар мен нейромодуляторлар тәрізді әсер ету мүмкіндігі бар екені көрсетілді. Аталған заттар ПАЗ-ы шектен тыс қолдану кезінде пайда болатын катехоламиндік нейромедиацияның патологиялық дисбалансын қалыпқа келтіре алады. Осындай нейропептидтердің бірі холецистокинин (ланкреозимин) болып табылады. Оны қолдану қысқа уақыт аралығында апиындық абстиненцияның басты клиникалық көріністерін тиімді басуға мүмкіндік береді. Такус препараты ұқсас (аналогты) әсер көрсетеді (церулетид) – дельта-ұйқы шақыратын пептид.
  Жасушалық аденилатциклазды жүйе Психоактивті заттарды созылмалы қолдану кезінде, ми нейрондарында аденилатциклазалық жүйенің активизациясы және олардың метаболизмінің және функциональды белсенділігінің бұзылыстарына алып келетін циклды аденозин-3,5-монофосфат (ЦАМФ) деңгейінің жоғарылауы болады. Наркотикті бір реттік қолдану аденилатциклазалық белсенділікті тежейді, уақытша бар дисбалансты тоқтатады және нейрондардың функциональды күйін қалпына келтіреді. Осылайша, психоаткивті заттарды үнемі енгізуге қажеттілікті қамтамасыз ететін жабық шеңбер түзіледі.

Психоактивті заттардың нейрорецепторлық әсерлері

1. Опиаттар Дофаминнің кері қармалуының блокадасы және оның бөлінуінің жоғарылауы
2. Кокаин Норадреналин және серотониннің кері қармалуының блокадасы
3. Амфетаминдер Норадреналинді, серотонинді, дофаминді пресинапстық нерв талшықтары ұштарынан босатады
4. Кофеин, теобромин, теофиллин Аденозиндік рецепторлар блокадасы, жасуша ішілік кальцийдің орын ауыстыру индукциясы, фосфодиэстераза ингибирленуі
5. Седативті заттар (бензодиазепиндер, барбитураттар) ГАМҚ-А-рецепторлары әсерінің күшеюі
6. Каннабиноидтар G-құрамында протеині бар нейрондардың рецепторларымен байланысу

АЛКОГОЛИЗМНІҢ, НАРКОМАНИЯЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ТОКСИКОМАНИЯЛАРДЫҢ ЕМІ

 

Наркологиялық ауруларды емдеудің негізгі принциптері:

 

Негізгі принциптері
1. Еріктілік
2. Максимальды индивидуальдылық
3. Кешенділік
4. Психоактивті заттарды қолданудан бас тарту

 

Наркологиялық ауруларды ұсынылған диагностикалау әдістері мен емдеу схемаларында аурудың нозологиялық түрлері және ауырлық дәрежелері ескеріледі, бұл кезде препараттар топтар бойынша жүйелендірілген және олар тағайындалу реті бойынша орналастырылған. Сіз берілген тізім ішінен нақты клиникалық ситуацияда адекватты, тиімдірек бір немесе бірнеше препарат таңдау керектігін ескеруіңіз қажет.

 

Инфузионды терапия жүргізгенде келесі принципті ұстанған дұрыс: электролиттердің сулы ерітінділерінің, қанттың, плазма алмастырушы ерітінділер арақатынасы 2:2:1 пропорциясында болуы керек (Иванец Н.Н. және т.б., 2000ж.). Инфузия мөлшерін анықтауда дегидратация айқындылығы дәрежесін, диурез кезіндегі жоғалтқан сұйықтық, тыныс алудағы тері арқылы шыққан және ішілген сұйықтық мөлшерін ескеру керек. Сұйықтық дефицитін есептеуді мына формула бойынша іске асыруға болады (Рябов Г.А., 1976):

D = (1 - 40 \ H) x 0,2 P,

 

D – литрмен өлшенетін сұйықтық дефициті, Н –гематокрит көрсеткіші, Р – науқас денсінің массасы. Инфузияның орташа тәуліктік мөлшері әртүрлі жағдайларда тәулігіне 0,8 литрден 6 литрге дейін болуы мүмкін. Дене температурасы көтерілгенде, әр 37 *С –ден жоғары градусқа байланысты сұйықтыққа қажеттілік тәулігіне 400мл-ге өседі (Цыбуляк Г.И., 1975).

Витаминотерапия өткізгенде келесі принциптерді ұстану керек (Сосин Н.К., 1986):

1) әртүрлі витаминдерді қолданудың кешенділігі, өйткені бір витаминдердің жоғары дозасын енгізу басқаларының дисбалансына соқтыруы мүмкін;

2) витаминдердің жоғары дозаларын қолданудың қажеттілігі;

3) «В» тобы витаминдерінің үйлесімсіздігін естен шығармау керек, атап айтқанда В1, В6, В12 бір шприцте.

Наркологияда сәйкес медикаментозды терапияны таңдау күрделі мәселе болып табылады. Атипті антипсихотикалық заттардың енгізілуі ПАЗ-ға тәуелділік емінің шеңберін айтарлықтай кеңейтті. Осындай жаңа қазіргі уақыттағы препараттардың бірі жедел алкогольды психоздар кезінде тәулігіне 400-800мг дозасында тағайындалатын солиан (амисульприд) болып табылады. Егер үреймен, мазасыздықпен, қозумен сандырақтық симптоматика қосылса, дозаны біртіндеп тәулігіне 200 мг-нан қоса отырып тәулігіне 1200 мг-ға дейін көбейтуге болады.

Солиан (амисульприд) тәулігіне 200-600мг дозада алкогольді және апиындық абстинентті синдромды басуда тиімді. Берілген препарат психоактивті заттарға патологиялық әуестікті емдеуге көрсетілген.

ПАЗ-ға тәуелділікпен науқастарды емдеу тиімділігі көптеген факторларға және, бірінші кезекте, науқастың өзінің мақсатына байланысты. Тәуелділікті ол өзі, тек дәрігердің көмегімен, оған көп ерік-күшін жұмсап жеңуге тырысуы керек. Сондықтан ПАЗ-ға тәуелділікпен науқастарды емдеуде психотерапияға басты рөл берілуі қажет (Энтин Г.М. және т.б., 2002).

 

 

I. АЛКОГОЛЬДІ ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ ЕМІ


Дата добавления: 2015-02-05 | Просмотры: 2268 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.021 сек.)