АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Фолликулиттер

Фолликулит (лат.folliculus-қапшық, -itis-қабыну) – деп әдетте стафилококктардың, кейде майда саңырауқұлақтардың және гонокок-ктардың, әсерінен дамитын шаш түбірі қапшығының қабынуын айтады. Дерттің дамуына үйкелу, қасыну, қырыну т.с.с. кездерінде пайда болатын терінің майда жарақаттары қолайлы жағдай туындатады. Фолликулит беткейлік және терең болып ажыратылады. Беткейлік фолликулит кезінде эпидермистің мүйізгек қабатының астында және шаш қапшығының сағасында нейтрофилдерге (іріңге) толған ұсақ қуыстар пайда болады. Шаш қапшығының айналасында қан тамырлары кеңейеді, нейтрофилдер мен лимфоциттерден тұратын сіңбелер қалыптасады. Терең фолликулит кезінде бұл сіңбелер шаш түбірі қапшығының қабырғаларын жарып өтеді. Осыдан шаш қапшығы іріңдеп тіршілігін жоғалтады.

Беткейлік фолликулит, диаметрі 1-2 мм, айналасынан қызыл жиектермен қоршалған, ортасынан шаш шығып тұратын көптеген ұсақ, іріңдіктермен көрінеді. 3-4 күннен кейін бұл іріңдіктер кеуіп сарғыш қабыршақтарға айналады. Артынан қабыршық түсіп қалғаннан кейін теріде ешқандай із қалмайды.

Терең фолликулит кезінде теріде қызыл түсті диаметрі 5 мм-ден астам түйіндер пайда болады. Бірнеше күннен кейін бұл түйіндер сорылып кетеді немесе іріңдейді. Бұл іріңдік жарылып ірің шыққаннан соң түйіннің орнында майда тыртық қалады.

Кейде кәсіби және дәрілік фолликулиттер дамиды. Кәсіби фолликулит білектің және санның сырт жақтарындағы теріде орналасады. Олардың дамуы бұл аймақтарда машина майы, шаң, мүйізгек қабыршақтар жиналуынан шаш түбірі қапшығының сағасында қара нүктелердің пайда болуымен басталады. Артынан қабынулық қызыл түйіндер қалыптасады. Бұл түйіндер түсін өзгерткен майда тыртық қалтырып бітеді немесе стафилококктармен ушығып іріңдік немесе шиқан дамуына әкеледі.

Дәрілік фолликулиттер теріге сынабы, қара майы, нафталан т.с.с. бар жақпамай дәрілер ысқылап жағудан дамиды.

 


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 799 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.002 сек.)