Склероз стадиясы
Қайталамалы ревматикалық қызба – ревматикалық анамнезі бар науқастарда біріншілік ревматизмнің рецидиві емес ал жедел ревматикалық қызбаның жаңа эпизоды ретінде қарастырылады. Диагноз қою үшін 1 үлкен критерий және бірнеше кіші критерилері болуы керек және антистроептококктық антидене титры анықталады.
Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы - жедел ревматикалық қызбаны басынан өткізгеннен кейін дамитын жүрек клапандарының қабынудан кейінгі қақпақшалар жармаларының шеттік фиброзымен көрінетін ауру.
Жедел ревм қызбаның негізгі синдромдары. Бенс-Джонс критерилері.
ЖРҚ емінің негізгі принциптері. Біріншілік ж/е екіншілік профилактика.
Ем принциптері:
Этиотропты ем: А тобындағы β-гемолитикалық стрептокок эрадикациясы (бензилпенициллин 1,5-4млн ЕД /тәул)
Патогенетикалық ем:
ГК: преднизалон: басында 20-30мг/ тәул сосын біртіндеп азайтады
Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар: диклофенак 100-150мг/тәу 2 ай
Калий магний аспарагинат 3-6 таб/тәул 1ай
Инозин 02-0,4г /тәул 1 ай
Біріншілік профилактика: стрептококктық инфекциямен шақырылған жұтқыншақтың жедел және созылмалы инфекциясын(тонзиллит, фарингит) уақытында алдын алу. Препараттар: амоксициллин 1,5г/тәул 3рет 10күн; макролидтер(азитромицин, кларитромицин)
Екіншілік пофилактика жедел ревматикалық қызбаны басынан өткізген науқастарда қайталама шабуылдардың алдын алу үшін қолданылады: Препараттар: Бензатин пенициллин 2,4млн ЕД б/е 3аптада 1 рет.
Клапан зақымдалуының синдромдары
Жүрек ақаулары. Анықтамасы. Этиология. Классификация.
Жүрек ақаулары – жүрек жетіспеушілігіне әкелетін клапандық аппараттың дефектісімен көрінетін жүректің патологиялық жағдайы.
Классификация:
Туа пайда болған
Жүре пайда болған
Зақымдалу сипаты бойынша:
Стеноз
Жетіспеушілік
Зақымдалған клапандар саны бойынша:
Бірклапандық ақау
Көпклапандық ақау
Зақымдалудың орналасуы бойынша:
Митральды ақау
Аортальды ақау
Үшжармалы ақау
Өкпе артериясы клапанының ақауы
Этиология: ревматикалық және инфекциялық эндокардит, туа пайда болған ақаулар.
2 Митральды стеноз. Этиология. Гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі. Асқынулары.
Митральды стеноз – сол жақ жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы.
Этиологиясы: ревматикалық қызба
Патогенезі.
Қалыптыда митральды тесік 4-6 см2 ашылады,
Тесіктің тарылуы сол жақ жүрекшедегі қысымды жоғарылатады
Сол жақ жүрекше гипертрофиясы, дилатациясы
Сол жақ жүрекше систоласы ұзарады
Қысымның жоғарылауы, систоланың ұзаруы компенсаторлық механизм болып жүрекшелік гемодинамиканы қалыптыда ұстап тұрады
Тесіктің үдемелі кішіреюі сол жақ жүрекшедегі қысымды одан әрі жоғарылатады
Ол өкпе венасы мен капиллярларында қысымның ретроградты көтерілуіне алып келеді
Өкпе артериясындағы қысы жоғарылайды
Пассивті өкпелік гипертензия дамиды(60мм.с.б. аспайды) – өкпе артериямындағы қысымның жоғарылауы сол жүрекшедегі қысымның жоғарылауына пропорционалды.
Оң жақ қарынша гипертрофиясы
Китаев рефлексі дамиды – барорецепторлардың тітіркенуінен артериолалардың рефлекторлы тарылуы
Осы кезде өкпелік артериялық қысым 180-200мм.с.б. көтеріледі
Бұл активті гипертензия – сол жүрекше мен өкпе артериясындағы қысым гралдиенті артады
Осы кезде Китаев рефлексі өкпе капиллярларында қысымның шамадан тыс артуы ж/е қанның құрамындағы сұйықтықтың альвеола қуысына шығуын сақтайды
Бірақ ұзақ спазм диффузды склероздық өзгерістерге әкеледі
Функциональды сосын анатомиялық кіші шеңбердегі артериолалардың өзгеруі қанайналысы жолында 2-к тосқауыл жасайды
Оң жақ жүрекшеге күш түседі
Өкпе артериясындағы ж/е оң қарыншадағы қысымның жоғарылауы оң жүрекшенің қанайналуын қиындатады
Оң жақ жүрекше гипертрофияясы
Диастолалық қысымның жоғарылауы
Декомпенсация
Асқынулары: Жүрекшелік аритмиялар(жыпылықаритмиясы), үлкен қанайналымшеңберінде эмболиялар, тромбтоздар, тыныс алу жолдарының инфекциялары, ревматикалық қызба рецидивтері.
3 Митрального клапан жетіспеушілігі Этиология. Гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі. Асқынулары.
Митральды клапан жетіспеушілігі – клапандардың жармаларының зақымдалуына немесе хордалардың зақымдалуынан болатын жүрек ақауы
Этиология: ревматизм, атеросклероз, эндокардит, жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит, жүйелі склеродермия.
Гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі.
Митральды клапан жармаларының толық жабылмауы
Қанның кері қайтуы(регургитация)
Сол жүрекшеде қан көп жиналып сол жүрекше гипертрофиясына әкеледі
Сол жүрекше тонусы төмендейді, дилатацияланады
Сол жүрекшедегі қысым жоғарылайды
Сосын өкпе венасындағы қысым жоғарылайды
Пассивті гипертензия дамиды
Сосын активті гипертензия
Оң жақ қарынша гипертрофиясы
Декомпенсация
Асқынулары: Жүрекшелік аритмиялар(жыпылықаритмиясы), үлкен қанайналымшеңберінде эмболиялар, тромбтоздар, ревматикалық қызба рецидивтері. Жүрек жеткіліксіздігі
4 Аортальды стеноз. Этиология. Гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі. Асқынулары
Аортальды стеноз – аорта қақпақшасы деңгейінде аорта саңылауының тарылуы.
Этиология: Ревматизм, созылмалы септикалық эндокардит, атеросклероз, сифилис
Гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі:
Аорта саңылауының тарылуы
компенсаторлы механизм іске қосылады:
сол қарынша систоласы ұзарады
сол қарынша қуысындағы қысым жоғарылайды (қарыншадағы қысымның жоғарылауы аортадағы қысымның жоғарылауына пропорционалды)
Қарыншаішілік қысымның жоғарылауы аорта тесігі арқылы өтетін қан көлемінің артуын қамтамасыз етеді
Сол қарыншадағы қысымның одан әрі жоғарыласа, соғұрлым сол қарынша-аорта арасындағы қысым градиенті артады. Қалыптыда қысым градиенті болмайды, ал аорта стенозы кезінде ол 50-100 мм.с.б тең
Систоланың ұзаруы және қысымның артуы айқын сол қарынша гипертрофиясына әкеледі
Сол қарынша гипертрофиясы ұзақ уақыт гемодинамиканы қалыпты ұстап тұрады
Кейін сол қарынша жиырылғыштығы әлсірейді, қарынша қуысы кеңееді
Қанағуының минуттық көлемі азаяды
Сол қарыншада, сосын сол жүрекшеде диастолалық қысым жоғарылайды
Өкпе веналарындағы қысым жоғарылайды
Пассивті өкпелік гипертензия
Миокардтағы үдемелі дистрофия салдарынан үлкен қанайналым шеңберінде тоқырау көріністері пайда болады.
Декомпенсация
Асқынулары: Қарыншалық аритмиялар, Тәждік субэндокардиальды ишемия, жүрек жеткілікзіздігі, ми ишемиясы, басқа органдардың ишемиясы,
5 Аорта клапанының жеткіліксіздігі. Этиология. Гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі. Асқынулары
Аортальды жеткіліксіздігі – құрылымдық өзгерістердің салдарынан дамитын аорта клапанының толық жабылмауы.
Этиология: Жедел ревматикалық қызба, инфекциялық эндокардит, сифилистік аортиттер, ревматоидты артрит, ауыр АГ, атеросклероз
Гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі.
аорта клапанының толық жабылмауы
диастола кезінде қанның аортадан сол қарыншаға кері қайтуы
сол қарынша дилатациясы(кеею дәрежесі кері қайтқан қан көлеміне пропорциональды)
бұл компенсаторлы дилатация.
Сол қарыншаның жұмысының күшеюі
Сол қарынша гипертрофиясы (компенсаторлы механизм болып табылады, жүректің қалыпты қызметін қамтамасыз етеді.)
Митральды клапанның салыстырмалы жеткіліксіздігі, сол қарыншаның жиырылғыштық қабілетінің төмендеуі
Сол жүрекшедегі қысымның жоғарылауы
Сол жүрекше гипертрофиясы, дилатациясы
Кіші қанайналым шеңберінде тоқырау
Өкпелік гипертензия
Оң қарынша гипертрофиясы
Оң қарыншалық жетіспеушілік
6 Митральды стеноз диагностикалық критерилері:
Шағымдары:
Ентігу физ жүктемеде
Жүрек астмасы ұстамалары
Құрғақ жөтел
Әлсіздік
Жүрек қағуы
Facies mitralis: екі беті қызарған, еріннің цианозы, мұрын цианозы
Терісінде күл тәрізді цианоз
Айқын ақау кезінде жүрек өркеші
Эпигастрий пульсациясы
Жүрек ұшы түрткісі анықталмайды
Диастолалық діріл(мысық дірілі – қанның тарылған тесік арқылы өткен кездегі төмен жиілікті кідірісіне негізделген)
Перкуссия: Жоғары және оңға тұйықталған
Аускультация:
I тон күшейген(хлопающий)
Щелчок открытия(митральды клапанның ашылуы, митральды клапанның ашылуы) - диастола алдында ол II тоннан кейін пайда болады
Хлопающий I тон+II тон+митральды клапанның ашылуы = бөдене ырғағы
Өкпе артериясының қысымының жоғарылауы себебінен сол жақта екінші қабырғааралығында II тонның акценті естіледі
Диастолалық шуыл: протодиастолалық, мезодиастолалық, пресистолалық
Рентген:
Жүрек талиясының жазылуы
Сол жақ жүрекшенің ұлғаюы
Өкпелік гипертензия кезінде өкпе сабауы доғасының ұлғаюы
ЭКГ:
Сол жүрекше гипертрофиясы белгілері, екі өркешті Р әсіресе 1-2 әкетулерде, V1 де Р тісшесінің амплитудасы мен ұзақтығының ұлғаюы
Оң қарынша гипертрофиясы: V1,V2 -R↑ V5,V6 - S↓
7-Митральнықақпақша жетіспеушілігі Диагностикалық критерилері
Шағымдары:
ентігу, жүрек қағу физ жүктеме кезінде, тоқырау артқанда тыныштық күйде
жүрек өркеші
жөтел: құрғақ немесе қақырықпен, қанмен
Оң қарынша жетіспеушілігі кезінде бауырдың ұлғаюы салдарынан оң қабырға астында ауырсыну
Facies mitralis: екі беті қызарған, еріннің цианозы, мұрын цианозы
жүрек шекаралары жоғары және оңға ұлғаяды
Аускультация
I тон әлсіз немесе жоқ, себебі клапанның жабылу кезеңі жоқ
Өкпе артериясы үстінен II тон акценті тоқырау себебінен
II тонның ажырауы. Себебі: сол қарыншадан аортаға қанды айдау уақыты ұзарады да II тонның аортальдық компоненті кешігеді
Жүрек ұшынан III тон естіледі. Себебі сол жүрекшеден сол қарыншаға түсетін қан көлемінің артуы негізінде
Систолалық шуыл – регургитация себебінен
Рентген
Сол жақ контурда 4-ші доғаның домалануы, себебі сол қарынша гипертрофиясы
Сол жүрекше гипертрофиясы
Өкпе түбірінің кеңеюі
ЭКГ
Сол қарынша гипертрофиясы V1,V2 - S↓; V5,V6 - R↑
ЭӨС солға ауытқыған
ЭХОКГ
Сол жүрекше өлшемдерінің ұлғаюы
Сол қарынша дилатациясы
8 Аортальды стеноз. Диагностикалық критерилері
Шағымдары
Бас айналу
Талып қалу
Жүрек аймағында және төс артында қысып тұрған секілді ауырсыну сезімі
Үлкен қанайналым шеңберіндегі тоқырауға байланысты оң жақ қабырға астында ауырсыну сезімі
Айқын стеноз кезінде бозару
Акроцианоз және ісінулер
Жүрек толчогы
Боткин нүктесін пальпациялаған кезде систолалық діріл сезіледі
Аускультация
I тон әлсіз
Систолалық шелчок(I тонның ажырауы немесе екі еселенуі)
II тон әлсіз немесе анықьалмайды
Дөрекі, интенсивті систолалық шуыл
Жүрек жеткіліксіздігі дамығанда шу әлсірейді
ЭКГ
Жүрек жетіспеушілігі дамыса Сол жақ қарыншаның, сол жақ жүрекшенің кеңеюі
Ауыр стеноз кезінде аортаның өрлейтін бөлігінің кеңеюі,
Аорта қақпақшасы жармаларында кальцинаттар
ЭКГ
Сол қарынша гипертрофиясыбелгілері
А) V1,V2 - S↓; V5,V6 - R↑;
Б) I, aVL, V4, V6 –S-T интервалының төмен ығысуы
В) V4,V6 тег3стелген немесе ек3 фазалы Т тісшесінің пайда болуы
Гис шоғыпһрының блокадасы
Жүрекшелер жыпылықтауы
ЭХОКГ
Сол қарынша қабырғасының қалыңдауы
Жармаларда кальцинаттар
Доплерлік режимде аортальды тесік арқылы жылдамдаған систолалық ағым тіркеледі
9 Аортальды клапан жеткіліксіздігі. Диагностикалық критерий
Шағымдары
Компенсация сатысында симптомсыз өтеді
Күшейген тамыр пульсациялары(баста, аяқ-қолдарда, ұйқы артериясында) – артериалды жүйедегі қысымның ауытқуы және ұсақ артериолалардын қанның жылдам айдалуы салдарынан
Жүрек қағу
Стенокардиялық ауырсынулар – тәждік артерия жеткіліксіздігі себебінен
Бас айналу
Талмаларға бейімділік
Ентігу
Мюссе симптомы – бастың теңселуі
Капиллярлық пульс – тырнақта
Жүрек ұшы түрткісі 6 қабырғааралыққа түскен және ортаңғы ортаңғы қолтықасты сызығына қарай солға ығысқан
Пальпация кезінде мойындырық шұңқырында – аорта доғасы пульсациясы, эпигастриде – құрсақ аортасы пульсациясы сезіледі
Аускультация:
Диастолалық шуыл – аортадан қанның кері қайтуына негізделген, II тоннан кейін бірден пайда болады, горизонтальды жағдайда демшығарғанда жақсы естіледі. Шудың эпицентрі – боткин нүктесі
Ауыр аорталық жеткіліксіздікте аорта нүктесінен систолалық шуыл естіледі
II тонның аорталық компоненті әлсірейді
III тон естілуі мүмкін.
Жүрек ұшында дербес диастолалық шуыл – протодиастолалық шу(Флинт шуы) естіледі. себебі: диастола кезіндегің қанның аортадан қарыншаға кері ағысы қатты күшпен келіп митральды қақпақшаның аорталық жармасын ығыстырады, митральды тесіктің салыстырмалы стенозы пайда болады.
Систолалық қысым жоғарылайды диастолалық қысым төмендейді., пульстық қысым амплитудасы артады. Пульс жоғары және жылдам.
Рентген
Сол қарынша гипертрофиясы
Жүрек белі айқын
ЭКГ
Сол қарынша өзгерістерінің белгілері
V1,V2 - S↓; V5,V6 - R↑;
V4,V6 - биік, үшкірленген Т тісшелері
V5,V6 –терең Q
Эос солға ығысқан
ЭХОКГ
Сол қарынша қабырғасының күшейген систолалық қозғалысы
Регургитация себебінен митральды қақпақшаның алдыңғы жармасының дірілі
Жармалар деформациясы
10 Митральды ақаулардың емі. Хирургиялық емге көрсеткіш. Болжамы.
Емі
Кардиоревматологта бақылауда болады
Жүктемені шектеу
Жүрек гликозидтері
Диуретиктер
Су-тұз алмасуын реттейтін преппараттар
АПФ ингибиторлары
Ревматизмге қарсы дәрілер
Хирургиялық емге көрсеткіш
Жекеленген асқынбаған ентікпемен жүретін бірақ тұрақты жүрекше жыпылығынсыз, кіші қанайналым шеңберінің тұрақты гипертензиясынсыз, жедел ревматикалық қызбаның белгілерінсі митральды стеноз кезінде(вальвулапластика)
Сол қарыншаның әлсіреуінің бастапқы белгілерімен жүретін айқын митральды жетіспеушілік кезінде (вальвулапластика)
Болжамы:
Митральды стеноз жедел ревматикалық қызбаның салдарынан үдеуі мүмкін, тромбоэмболия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен асқынуы мүмкін. Хирургиялық ем болжамды жақсартады.
Митральды жеткіліксіздік ұзақ уақыт компенсацияланған болады. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен асқынуы мүмкін
11 Аортальды ақаулардың емі. Хирургиялық емге көрсеткіш. Болжамы.
Емі
Аортальды стеноз:
Кардиоревматолог бақылауында болу
Жүрек гликозидтерін тағайындауға болмайды себебі ол брадикардияны үдетеді
ингибиторлары
Диуретиктер
Нитроглицерин
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 2640 | Нарушение авторских прав
|