АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Г л о м е р у л о н е ф р и т

Гломерулонефрит дегеніміз – бүйрек шумақтарының иммундық қабынуы, яғни бүйректің сүзілу процесі бұзылады. Көбіне инфекциялық аурудан кейін 1-3 апта өткен соң басталады.

 

Себептері: Әртүрлі болып келеді. Ең негізгі β-гемолитикалық стрептококк. А тобына жатады. Бала баспамен, скарлатинамен және вирустардың әсерінен де пайда болуы мүмкін және салқын тию әсерінен де болады.

 

Жіктелуі:

Жедел ағынды гломерулонефрит:

Ø Нефротикалық

Ø Нефретикалық

Ø Жеке зәр синдромы

 

Созылмалы гломерулонефрит:

Ø Нефротикалық

Ø Гематуриялық

Ø Аралас

Бүйректің қабілетіне байланысты:

Ø Бүйрек қабілеті сақталған

Ø Бүйрек қабілеті төмендеген

Ø Жедел бүйрек жетіспеушілігі

Бүйректің функциялық белсенділігіне байланысты:

Ø Алғашқы белгілеу кезеңі

Ø Айығу кезеңі

Ø Созылмалы кезеңге өту

 

Клиникасы: Негізгі белгілері: ісіну, қан қысымының көтерілуі және зәрдегі өзгерістер. Бұл кезде баланың басы ауырып, көңіл-күйі бұзылып, тамаққа тәбеті болмайды, шаршап әлсізденуі мүмкін, зәрі азайып қызғылт тартады. Гипертензия мен ісінудің белгілерін анықтау үшін қан қысымы мен баланың салмағын күн сайын өлшеу керек. Бұл белгілер қысқа уақытқа созылуы да, созылмауы да мүмкін. Олар неғұрлым ұзақ сақталса, ауру соғұрлым қауіпті болады.

 

Гломерулонефритке тән ренальдық белгілер:

v Олигоурия

v Протеинурия

v Гематоурия

v Цилиндрурия

Олигоурия – шумақ сүзгішінің өзгеруінен фильтрация төмендейді, жедел ағымды. Гломерулонефрит олигоуриясы 1-2 күнге созылады, кейде болмайды. Олигоурияның жедел бүйрек жетіспеушілігінен айырмашылығы зәр аз болғанымен салыстырмалы тығыздығы жоғары болады.

Протеинурия – шумақ зақымдануының негізгі белгісі. Ол базальдық мембрананың өткізгіштігінің жоғарылауына байланысты. Протеин мөлшері тәулігіне 3 г-нан аспайды. Егер де жоғары болса нефротикалық синдром қалыптасады.

Гематоурия – зәрде қанның болуы, жалғыз белгі болып кездесе береді. Гематурия екіге бөлінеді: макро және микро гематоурия.

Цилиндрурия – бүйрек зақымдануының негізгі дәлелі. Ісіну алғашқыда таңертең тұрғанда оның бетінде, қабағында байқалады. Сосын бүкіл денесіне таралады.

 

Клиникалық синдромдар:

1. Жедел ағымды нефрит синдромы.

Егер жаңа басталған нефриттің белгілері болса және экстраренальдық белгі болса жедел ағымды нефрит синдромя деп аталады. Бұл түрімен мектеп жасындағы балалар жиі ауырады. Себебі стрептококқа байланысты.

2. Нефротикалық синдром.

Бұл түрі шумақтың базальдық мембранасының зақымдануынан болады. Көбінесе балабақша жасындағы балалар ауырады (3-5 жаста).

Клиникалық ерекшеліктері: денесінің барлық бөлігінде ісік, өте жоғары протеинурия 3%-дан жоғары. Соның әсерінен қанда диспротеинемия, гипопротеинемия, гипертония, гематоурия.


Дата добавления: 2015-02-06 | Просмотры: 939 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)