АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Б і р і н ш і л і к т у б е р к у л е з д і к к о м п л е к с

Микобактериялар өкпе тінінде шоғырланып туберкулездік ошақ пайда болады. Сонымен қатар лимфа түйіндері мен лимфа тамырлары қабынады. Аурудың дене температурасы 38-39°C басталады және туберкулез улануының симптомдары пайда болады. Ол 2-3 жұмаға дейін созылады.

Диагностикасы: 1. Бала шағымы

2. Клиникалық белгілер

3.Манту белгісінің сынамасы

4. Рентгендік өзгерістер

 

Туберкулез диагностикасы:

  1. Ауырған баладан анамнез жинау
  2. Туберкулезге тән белгілерді анықтау (әлсіздік, субфеврильді температура, лимфа түйінінің үлкеюі, тершеңдік)
  3. Обьективті тексеру
  4. Рентгендік зерттеу: Рентгенография

Флюрография

  1. Лабораториялық тексеру әдістері: қақырықты бактериологиялық анализге алу
  2. Манту сынамасы

Туберкулинмен бала 1 жасқа толғаннан бастап жыл сайын өткізіледі. Манту белгісі арнайы туберкулин шприцімен мамандандырылған медбике жүргізеді. Тері ішіне 0,1мл. Нәтижесі 3 күн немесе 72 сағаттан кейін оқылады.

Манту сынамаларының нәтижесі:

Теріс нәтиже – манту сынамасы жасалған жерде ешқандай өзгеріс жоқ. Тек бір нүкте тұрады. Бұл нәтиже бала организмінде туберкулез бактериясының жоқ екендігін көрсетеді.

Күмәнді нәтиже – егу өткізілген жерде төмпешік папула пайда болады. d ≈ 0,5мм – 5мм.

Айқын немесе оң нәтиже – сынама жүргізілген жердегі папуланың d-рі 5 мм-ден жоғары болады. Бұл уақытта бала организмінде туберкулез таяқшасының бар екенін көрсетеді. Балада туберкулез симптомы болмайды, бірақ манту нәтижесі өмірінде бір рет айқын немесе оң нәтиже берген уақытта туберкулез вирусының виражы деп аталады. Бұндай балалар есепке алынып емделгені жөн.

 

Туберкулез аурының емі: бірнеше этаптардан тұрады.

1.Арнайы ауруханада: туберкулез диспансерінде, туберкулез институтында.

2. Санаторлық курорттық ем

3. Диспансерлік бақылау

4. Режим: Еркін немесе бос – балалар көбірек таза ауада болуы керек. Әсіресе қылқан жапырақты орман ауаусы пайдалы. Баланың түнгі ұйқысын ұзартып, күндізгі ұйқысын қысқарту керек.

5. Тамақтану: тамағы құнарлы, витаминдерге бай болуы керек. Еттің майлы түрлері, сүт тағамдары, көкөніс жеміс-жидек, шырындар, қымыз, шұбат және т.б.

6. Дәрі-дәрмекпен емдеу: антибиотиктер және микобактерияларға қарсы препараттар: изониазид, стрептомицин, этанбутол, тубазид.

7. Витаминотерапия

8. Өте ауыр түрлерінде: гормондар және қан құю.

 

Туберкулездің алдын-алу: Арнайы алдын алу

Арнайы емес алдын-алу

Арнайы алдын-алу – бала туылғаннан кейін алғашқы 2-3 күнінде перзентханада БЦЖ вакцинасы өткізіледі. Сол жақ қарға 0,1 мл, екінші вакцинация 6-7 жаста немесе 1 сыныпқа барада жүргізіледі. Ревакцинацияның алдында манту белгісі жасалады.

Арнайы емес алдын-алу – дәрігерлер, медқызметкерлер жүргізеді.

  1. Баланы дұрыс тамақтандыру, күн тәртібін қадағалау
  2. жыл сайын манту сынамасын жүргізу
  3. санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу (лекция, семинар, санбюллетень)
  4. 12 жастан асқан балаларға флюорография
  5. Диспансерлік бақылау

Дифтерия немесе күл ауруы

Қоздырғыш организмнен сыртқы ортаға сілекейдің және тыныс мүшелері шырыштарының тамшылары арқылы шығып тарайтын инфекцияның формасы ауа тамшылы жол деп аталады. Ауырған адам дем шығарғанда, жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде сыртқы ортаға қоздырғыштар бөлінеді. Ал басқа балалар сол ауамен тыныстау арқылы тыныс жолдары бойымен ауруды өзіне жұқтырады. Бұндай инфекцияға жататын аурулар:

  • Дифтерия
  • Қызылша (қызамық)
  • Скарлатина
  • Желшешек
  • Көкжөтел т.б.

Дифтерия ауруы кілегей қабықтың зақымданып, оларда ақшыл-сұрғылт қабықшаларының пайда болуымен және организмнің жалпы улануымен сипатталатын жұқпалы ауру.

 

Этиологиясы: Қоздырғышы дифтерия таяқшасы. 1884 жылы Леффлер ашқан. Осыған байланысты Леффлер таяқшасы деп аталады. Бұл тяақша сыртқы ортада өте тұрақты. Ойыншықтарда, ыдыс-аяқтарда, көрпе төсектерде көпке дейін сақталады. Сонымен қатар бұл таяқшалар өте улы экзотоксин бөліп шығарады. Ойыншықтарда, ыдыс-аяқтарда, көрпе төсектерде көпке дейін сақталады. Сонымен қатар бұл таяқшалар өте улы экзотоксин бөліп шығарады. Ойыншықтарда, ыдыс-аяқтарда, көрпе төсектерде көпке дейін сақталады. Сонымен қатар бұл таяқшалар өте улы экзотоксин бөліп шығарады.

 

Эпидемиологиясы:

  1. Ауру көзі – ауру адам және қоздырғыш тасымалдаушы
  2. Таралуы – ауа тамшылы және басқа да заттар арқылы.
  3. Сезімталдылық – 3-7 жас аралығындағы балалар жиі ауырады.
  4. Маусымдылық – көбіне қыс кезінде, соңғы кезде жыл бойына арту болып отыр.
  5. Иммунитет – тұрақты.

 

Патогенезі: Қоздырғыш мұрын, көмей, жұтқыншақ кілегей қабаттары арқылы еніп, сол жерде өсіп-өніп улы экзотоксиндер бөліп шығарады. Осыған байланысты эпителий клеткалары өліп, фибринозды ақшыл-сұрғылт қабықшалар пайда болады. Бұл қабықшалар шпательмен қиып алынады. Орнында қансыраған жара қалады.

 

Клиникасы: Жасырын кезең – 2-10 күн. Инфекцияның ену орнына байланысты аурудың бірнеше клиникалық түрлері белгіленген. Жұтқыншақтың, көмейдің, көздің, жыныс мүшенің т.б дифтериясы.

Ж ұ т қ ы н ш а қ д и ф т е р и я с ы

Ең жиі кездесетін түрі 95-97%. 3 клиникалық формасы бар:

1. Жайылмаған

2. Жайылған

3. Токсикалық улағыш

1. Баланың жалпы жағдайы нашарлап, улану белгілері пайда болады. Таңдай бездері үлкейіп ісінеді. Жұтқыншақтың кілегей қабатын қан кернейді, қызарады (гиперемия). Бұл жайылмаған жұтқыншақ дифтериясының катаральды түрі. Аурумен жиі қарым-қатынаста болған балаларда жиі кездеседі. Кейбір жағдайларда бадамша безінің әр жерінде ақшыл-сұрғылт қабықшалар пайда болады. Бұл аральдық түрі. Ал қабықшалар таңдай безін толық жауып жатса, қабықшаланған түрі деп аталады. Баланың жұтынуы қиындайды, тамақ ішуі кезінде мазасыздық пайда болады.

 

 

2. Жайылған

жұтқыншақ дифтериясы. Қабықшалар жұтқыншақтан жұмсақ таңдайға таңдай тілшігінің имектеріне дейін жайылады. Улану белгілері айқын көрінеді. Улану негізінде басқа мүшелердің қызметі бұзылады. Жүрек соғуы әлсірейді, артериялдық қысымы төмендейді, жұмсақ таңдай парезі болады.

 

 

3. Уланғыш токсикалық жұтқыншақ дифтериясы. Қабықшалар одан әрі өсіп, тіпті қатты таңдайды жабады. Аурудың аузынан тәтті иіс шығады. Дене температурасы жоғарылайды, қатты басы ауырады, іші бүреді, құсуы мүмкін. Жұтықнгшақты қан кернейді, гиперемия болады және мойынның тері асты шел май қабаты ісінеді. Ауру дәрежесінде ісік бұғанадан төмен таралады.

4. Көмей дифтериясы. 3 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі және өте ауыр өтеді. Қабықшалар көмейде, кеңірдекте пайда болады. Тыныс жолдары тарылып, баланың дем алуы қиындайды. Дифтериялық круп катаральдық белгілерден баяу басталады. Баланың дене қызуы көтеріледі, құрғақ иттің үргені тәрізді жөтел пайда болады. 1-2 күннен кейін демді ішке тарту қиындап, дем алысы шуылдап шу естіледі, даусы жойылады (афония). Тыныс жолдарының тарылу белгілері ұлғайып баланың жағдайы қиындайды. Демалысы үстірт беткей, терісі боз, көкшіл, аяқ-қолы мұздай, жүрек соғуы күңгірт, тершең және көзінде үрей пайда болады. Шұғыл көмек көрсетілмесе бала өліп кетеді.

 

Асқынуы: Миокардид

Парез

Паралич

Нефроз

Өкпе қабынуы

 

Диагностикасы: 1. Эпидемиялық анамнез

2. Клиникалық белгілері

3. Бактериофаг

 

Емі:

  1. Ауруханаға жатқызу, төсектік режим, ұйқыны ұзарту.
  2. Сұйық жақсы жеңіл қорытылатын тағамдар беру. Ауыр жағдайда жұмсақ таңдай параличінде зонд арқылы тамақтандыру
  3. Негізгі ем дифтерияға қарсы: анатоксин сарысу (сыворотка) 1/10 т/і 0,1мл енгіземіз де 20 минут күтеміз. Егер де реакция болмаса тері астына 0,1мл енгіземіз. Содан кейін 30 минут күтеміз. Реакция болмаса қалғанын бұлшықетке егеміз. Бұл әдіс Безредко әдісі деп аталады.

Сарысудың дозасы аурудың дәрежесіне байланысты.

  1. Детоксикациялық ем: Физ.ерітінді

Полиглюкин

Реополиглюкин

  1. Симптоматикалық ем: Қызуын басу

Ауырсынуды басу

  1. Витаминотерапия
  2. Гормональды терапия: Преднизалон 1-2 мг/кг
  3. Антибиотикті терапия
  4. Дифтериялық круптың ауыр түрінде интубация немесе трахеостамия жасау

 

Күтімі:

  1. Палатада эпидемияға қарсы режимді мұқият сақтау керек
  2. Төсек орын, іш киім тазалығын бақылау
  3. Баланың төсек режимін сақтауын қадағалап, қан қысымын, жүрек соғу жиілігін тексеру
  4. Баланы тамақтандыра білу (зондпен, қасықпен)
  5. Дәрігердің ңұсқауымен егулерді жүргізу. Жұтқыншақтан бактериологиялық тексеруге жұғынды алу
  6. Трахеостомдық түтікке күтім жүргізу

 

Алдын-алу: Арнайы алдын-алу

Арнайы емес алдын-алу

Арнайы алдын алу – көкжөтел, дифтерия, сіріспе ауруларына қарсы бірге жүргізілді: АКДС

Бала 2-3-4 айға толған кезде жүргізіледі 0,5мл бұлшықетке немесе тері астына.

І-ревакцинациясы 18 айлығында.

ІІ-ревакцинациясы 6 жасында АДС-М.

Арнайы емес алдын-алу:

  1. Ауру баланы мейлінше ерте оқшаулау
  2. СЭС-ке № 0-58 формамен хабар беру
  3. Аурумен қарым-қатынаста болған балаларды оқшаулау. Оларды 2 рет бактериологиялық тексеруден өткізу. Аурудан жазылған балаларды 2 рет бактериологиялық анализі таза болғанда ғана ауруханадан шығарамыз
  4. Инфекциялық ошақта дезинфекция жасау
  5. Санитарлық ағарту жұмысын жүргізу
  6. Бактерия тасымалдаушыларға тетрациклин тобындағы антибиотиктермен ем жүргізу

 

К ө к ж ө т е л (к о к л ю ш)

 

Тыныс алу жолдарымен, ОЖЖ зақымдануымен және булығып жөтелумен сипатталатын жұқпалы ауру.

 

Этиологиясы: Қоздырғышы – Борде Жангу таяқшасы. 1906 жылы француз ғалымы ашқан. Микроорганизм қоршаған ортада төзімсіз, жоғарғы температурада, күн сәулесінде және дезинфекциялық ерітінділерде тез өледі.

 

Эпидемиологиясы: Ауру көзі – ауру адам. Таралу жолы ауа-тамшылы. Сезімталдылық 10 жасқа дейін. Маусымдылығы күз, қыс мезгілі. Гемолитикалық тұрақты.

 

Клиникасы:

1.Жасырын кезеңі 3 күннен 15 күнге дейін. Орта есеппен 5-8 күнге созылады.

2.Катаральды кезең 1-2 аптаға созылады. Ауру біртіндеп басталады, әуелі құрғақжөтел болады, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді, 1-2 жұмадан кейін булықпа жөтел басталады, бұл аурудың 3-ші кезеңі. Булықпа жөтел кенеттен басталады, бала терең дем алғаннан кейін бірнеше жөтел қимылдарын жасайды. Бұл қимылдар бірінен кейін бірі ішіне алған ауа біткенше өтеді. Бала көгеріп барып, ысқырып дем алады. Булықпа жөтелден кейін бұл ысқырып дем алудың репризі дейді. Булықпа жөтелдің кезінде баланың тілі аузының сыртына шығып кетеді де, тісіне тиіп жарақаттанады. Беті қызарып, мойнындағы тамырлары ісінеді, көзінен жас ағады, терісіне, көздің шырышты қабығына қан құйылуы мүмкін. Бұл кезеңде баланың дене қызуы қалыпта болады. Булықпа жөтел аралығында баланың жағдайы жаман емес. Булықпа жөтелдің жиіліген байланысты көкжөтелді дәрежеге бөледі: жеңіл түрінде жөтел 5-15 ретке дейін және қысқа болады; орташа түрінде 15-24 ретке дейін және ұзағырақ болады; ауыр түрінде 25-30 ретке дейін және ұзақ 10-15 минутқа созылады. Бала әлсіз, құсады, нашарлайды. 3 кезеңі 2-8 аптаға дейін созылады.

 

 

1 жасқа дейінгі балалардағы көкжөтелдің ерекшеліктері:

Жасырын және катаральды кезеңдері өте қысқа – 3-5 күн. Булықпа жөтел кезінде реприздердің болмауы мүмкін, бірақ баланың беті қызарып, көгеріп, кейде демі тоқтап қалуы мүмкін. Денесінің құрысып тырысуы болады.

4 кезең аурудың айығу кезеңі. 2-4 аптаға созылады. Аурудың белгілері біртіндеп жойыла бастайды.

 

Диагностикасы: 1. Эпиданамнез

2. Аурудың клиникалық белгілері

3. Лабораториялық тексерулер

ЖҚА: лейкоцитоз, лимфацитоз.

Бактериологиялық тексерулер: баланы Петри табақшасына жөтелдіріп, термостаттауға қойғанда қоздырғыш колониясы өсіп шығады.

 

Асқынуы: Өкпе қабынуы

Парез

Паралич

Энцефалит

 

Емі: Ауырған балалар ауру білінген күннен бастап 30 күнге оқшауланады.

  1. Таза ауада көп серуендеу.
  2. Баланың ішетін тамағы жасына сәйкес аз-аздап жиі тамақтандырған жөн.
  3. Антибактериальдық терапия: Эритромицин, Тетрациклин, Ампициллин, Левомицитин. Баланың жасына сәйкес 7-10 күндік курспен.
  4. Витаминотерапия
  5. Симптоматикалық терапия

 

Күтімі: Булығып жөтелу аралығында:

  1. Таза ауада ұзақ серуендету
  2. Баланың сергек кезінде көңілін ойнауға, кітап оқуға, сурет салуға алаңдату
  3. Баланың ауыз қуысына күтім жүргізу, аузын шайып тісін тазалату
  4. Бөлмеге ылғалды тазарту жұмыстарын жүргізу, ауасын тазарту

Булықпа жөтел кезінде:

  1. Баланы жұбату
  2. Таза ауаның жеткілікті келуін қадағалау
  3. Төсекте көтеріп жатқызу
  4. Қысатын киімдерді шешу

 

Инфекция ошағында жүретін шаралар:

  1. СЭС-ке № 0-58 формамен хабар беру
  2. Ауырған баланы булықпа жөтел басталғаннан күннен бастап 30 күнге оқшаулау
  3. Ауру баламен қарым-қатынаста болған, бұрын көкжөтелмен ауырмаған 7 жасқа дейінгі балаларға 14 күнге карантин белгілеу. Карантин кезінде балаларды бақылап, жаңадан балалар қабылдауға тыйым салу
  4. Көкжөтелмен ауырған адам болған бөлмеге ылғалды тазарту жұмысын жүргізу, ауаны барынша тазарту
  5. Санитарлық ағарту жұмысын жүргізу

 

Алдын-алу: Арнайы алдын-алуы бар. 2-3-4 айлығында тері астына 0,5 мл. Ревакцинация 18 айлығында.

Арнайы емес алдын-алу – ауру ошағында эпидемияға қарсы шараларды уақытылы дұрыс өткізу. Санитарлық ағарту жұмысын жүргізу.

Қ ы з ы л ш а (к о р ь)

Қызылша ауруы дегеніміз – жоғарғы тыныс жолдарының қабынуымен, көздің катаральды кілегей қабатының қабынуымен және дақты популезды бөрітпелердің теріде пайда болуымен сипатталатын жедел инфекциялық ауру.

 

Қоздырғышы: Вирус. Қоршаған ортаның физикалық факторларына өте сезімтал. Адам организмінен тыс вирус тез өледі. Балалар 1-5 жасқа дейін және мектеп жасындағы балалар жиі ауырады.

 

Эпидемиологиясы: Ауру көзі тек қана ауру адам. Жұқтырылған бірінші күннен бастап продромальды кезең басталады. Төртінші күні бөртпе пайда болады. Жұғу жолы ауа-тамшылы. Ауырған адамда иммунитет өмір бойы сақталады. Қайталануы өте сирек жағдайда кездеседі.

Клиникасы: Инкубациялық кезең – 9-10 күн, кейде 17 күнге дейін созылады. Қан және плазма құйылған балаларда 21 күнге дейін созылады. Продромальды кезең 3-4 күн. Дене қызуы жоғары, жалпы жағдайы нашарлайды, мұрнының кілегей қабатының өткізгіштігі жоғалады. Балада іріңді-серозды ринит пайда болады. Көмейдің зақымдануы болады. Ларингит жалған крупқа дейін барады. Көз зақымданады, коньюктивит, жарықтан қорқу, блефараспазм.

Қызылшаға тән симптомдар:

  1. Белского – Филатова – Коплика белгісі. Ұрттың кілегей қабатында ұсақ нүкте тәрізді ақ дақтар пайда болады. Жиегі қызылмен жүргізілгендей. Бұл аурудың ерте шығатын белгісі 2-3 күнде пайда болады. Теріде бөртпе пайда болғаннан кейін 2-3 күні жойылып кетеді.

 

  1. Энантема. Жұмсақ және қатты таңдайдың кілегей қабатында қызыл дақтар пайда болады.

 

  1. Бөртпе. Бөртпе дақты популезды жоғарыдан төмен қарай таралады. 1күні бетте, мойнында пайда болады. 2күні кеудеде. 3күні аяқ-қолға

таралады. Кеткенде 1-2-3 сатыдан өтеді. Өзінен

кейін із қалдырады. Тері жамылғысы ылғалды

болады. Себебі тері бездерінің секрециясы

жоғарылайды, температура қалыптасқанда

жалпы жағдайы жақсарады. Ерте жастағы

балаларда іш өтуі, ұйқының бұзылуы, тәбетінің

бұзылуы, қозғыш мазасыз болады. Ересек

балаларда бас ауруы, шаршағандық, құсу,

мұрнынан қан кету, іш ауруы болады. Бөртпенің

шығу кезінде 4-5 күнде дене қызуы 40°C-қа

дейін барады. Интоксикация айқындалып,

кілегей қабатының өткізгіштігі жоғарылайды.

 

Жіктелісі: Типтік – жеңіл, орташа, ауыр.

Атиптік – созылыңқы, жасырын түрі.

Жеңіл түрінде ЖҚА – лейкоцитоз, нейтрафилез.

Бөртпе шығу кезеңінде лейкопения, лимфацитоз, ЭТЖ жоғарылайды.

 

Асқынуы: Ларингит

Пневмония

Стоматит

Энцефалит

Паратит

 

Емдеу: Дұрыс күн тәртібін қою, бөлмені жиі тазалау. Тамақтану режимін сақтау, тағам тез қорытылатын витаминдер мен микроэлементтерге бай тағамдар беріледі. А, В, С витаминдері қажет. 1 жастағы балаларға табиғи жеміс-жидек шырындарын беру. Көз бен ауызға міндетті түрде күтім жасау керек. Көзге 1-2 тамшы стерильді балық майын немесе вазилин, күніне 4 рет қолданылады. Бор қышқылымен тазалау әрбір тамақ ішкеннен кейін ауызды шаю немесе су ішкізу. Мұрынға өсімдік майын немесе вазилин майын тамызу. Көп бөлініс болғанда 2% эфедрин ерітіндісін тамызу.

Витаминдер тағайындау: аскорбин қышқылы 0,1-0,2 г. Күніне 2-3 рет.

В1 витаминін 2 рет 0,005 г

А1 витаминін 2-3 тамшы.

Теріге күтім жасау – гигиеналық ванна. Асқынуы болағнда сәйкес ем жүргізіледі.

 

Алдын-алу: Арнаулы алдын-алу бар. Баланың 1 жасында активті иммунизация жүргізіледі. Тірі әлсіретілген вакцина ауырмаған балаларға жүргізіледі. Мөлшері 0,2-0,5 мл ерітілген вакцина тері ішіне немесе тері астына. Жалпы жүргізілетін шаралар инфекцияның таралуын тоқтатуға, алдын-алуға бағытталады. Балабақшаларда, мектептерде профилактикалық шаралар жүргізіледі. Оқшаулау 17-21 күнге дейін.

 

Қ ы з а м ы қ (к р а с н у х а)

 

Этиологиясы: Қоздырғышы – вирус, қоршаған ортада төзімді.

 

Эпидемиологиясы: Инфекция көзі – ауру адам. Ауру жұқтырылғаннан кейін 1-2 күнде ауру белгілері білінеді. Бөртпе шыққаннан кейін 5 күннен соң қауіпті емес, таралуы ауа-тамшылы. Жүкті әйелдердің ауруы ұрыққа өте қауіпті, ұрықтың қан айналымы мен жүрек ақауларына әкеледі.

 

Клиникасы: Инкубациялық кезең 11-23 күн. Продромальды кезең бірнеше сағаттан 1-2 күнге дейін болады. Катаральды көпіршіктер мұрынның бітуі, жөтел, көп қызаруы, дене температурасы субфеврильді. Ауру жағдайы орташа. Негізгі белгілері: Полиаденит. Шүйде және мойынның артқы лимфа түйіндері зақымдалады. Бөртпе бірінші бетте, мойында, кейін тез кеуде клеткасына таралады. Бөртпе ұсақ дақ немесе папула тәрізді, бір-біріне қосылған, аяқ-қолдың жазғыш бетінде және арқада, құйрықта көп болады. Бөртпе 2-3 күнде кетеді. Өзінен кейін із қалдырмайды.

ЖҚА – Инкубация кезеңінде: лейкоцитоз, нейтрафилез.

Бөртпе шығу кезеңінде: лейкопения, лимфацитоз және плазматикалық клеткалар болады.

 

Асқынуы: Менингит

Энцефалит

Пневмония

Отит

 

Емі: Жедел кезінде – төсектік режим. Жалпы қуаттандырушы терапия және симптоматикалық терапия. Тамақтануы толық құнарлы болуы керек. Бөртпе шыққан күннен бастап 5 күн оқшаулау.

Арнайы алдын-алу – 1 жасында, қызылшамен қатар КПК.

 

 


Дата добавления: 2015-02-06 | Просмотры: 2432 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.034 сек.)