Ж е л ш е ш е к ( в е т р я н к а )
Желшешек ауруы дегеніміз – вируспен қоздырылатын дақты визикулярлы бөртпемен өтетін жедел инфекциялық ауру.
Этиологиясы: Қоздырғышы – вирус. Ол желшешек көпіршіктерінде болады. Вирус тек адам организмінде көбейеді. Қоршаған ортада тез өледі. Баланың сілекейінен жұққан вирус 10-15 минутта өледі. Тікелей күн сәулесіне және қыздырғанда тез өледі.
Эпидемиологиясы: Ауру көзі – ауру адам. Науқас бала бөртпе шыққан күннен бастап 5-күні соңғы элементтер шыққанға дейін қауіпті, яғни жұқпалы. Одан кейін ауру қауіпті емес. Жұғу жолы ауа-тамшылы. 5-10 жастағы балалар жиі ауырады. Аурудан кейін тұрақты өмірлік иммунитеттілік пайда болады. Маусымдылығы – күз, қыс, көктем.
ЖҚА – лейкопения, нейтропения, салыстырмалы лимфацитоз және плазматикалық клеткалар.
Клиникасы: Инкубациялық кезең 11-23 күн. Орташа 14-17 күнге дейін созылады. Ауру жедел басталады, кілегей қабыққа көпіршіктер ұртында, тілінде, көмейде және теріде болады. Алғашында көпіршіктер басқа, бетке шығады, кейін кеудеге қол-аяққа шығады. Көпіршіктер алақанда және табанда болмайды. Бастапқы кеудеде қызыл кішкене дақтар болады. Бірнеше сағаттан соң ішіне сұйықтық пайда болады. Екінші күні көпіршіктің беті семеді, тыртықтанады. Ортасына қарай ойылып тұрады. Келесі күні қабыршақтанады, бірте-бірте кебеді. Бөртпелер 1 мезгілде шықпайды, біртіндеп шығады. Дақтан қабыршаққа дейін барады. Кейде терісі қызарған,ұсақ бөртпелер көп, ашық түсті скарлатина бөртпесіне ұқсас болады. 1-2 күнде жойылады. Ауру 1-2 аптаға созылады.
Жіктелісі: ауырлығына байланысты: жеңіл, орташа, ауыр. Жеңіл дәрежесінде дене қызуы субфеврильді, құсу, бас ауруы және айқын интоксикация болады.
Асқынуы: Пневмония
Энцефалит
Серозды менингит
Абсцесс
Флегмона лимфоаденит
Емі: арнаулы емі жоқ. Бөртпе шығу кезеңінде балаға төсектік режим. Көпіршіктің жарылу кезінде жақсы күтім жасау керек, гигиеналық күтім. Желшешек көпіршіктерін спиртті ерітінділер, 1-2% метилин көгі және бриллиант жасылы ерітіндісімен өңдейміз. Көпіршіктер тез кеіп қышуы азаяды. Екіншілік инфекциялық алдын аламыз. Ауыр жағдайда антибиотиктер, витаминдер тағайындаймыз. Балаға көп мөлшерде сұйықтық беру, интоксикацияны азайту үшін.
Алдын-алу: Арнайы алдын-алуы жоқ. Арнайы емес алдын-алу – ошақта эпидемиялық шаралар жүргізу. Науқас баланы ерте оқшаулау 11-21 күнге.
Инфекциялық паратит және мысқыл
Ш о ш қ а м о й ы н
Жедел инфекциялық вирусты ауру. Жалпы интоксикация мен сілекей бездердің нерв жүйесінің зақымдалуымен сипатталады.
Этиологиясы: Қоздырғышы – вирус. Қоршаған ортаға төзімсіз. Кептіргенде, жоғары температурада өледі. Ультракүлгін сәулелеріне және дезинфекциялық ерітінділерге тез өледі. Антибиотиктер вирусқа әсер етпейді.
Эпидемиологиясы: Ауру көзі – ауру адам. Ауру инкубациялық кезеңнің соңғы 1-2 күнінен алғашқы клиникалық белгілері пайда болғанша жұқпалы, яғни қауіпті кезең болады. Жасырын және симптомсыз өтетін формасы қауіпті. Таралуы ауа-тамшылы. Сілекеймен бөлінген вирус ауада таралу арқылы жұғады. 5-15 жастағы балалар жиі ауырады. Қайталануы сирек кездеседі.
Клиникасы: Ең жиі зақымдалатын құлақ маңы безі, ұйқы және жыныс бездері. Сирек жағдайда қалқанша безі, қалқанша маңы безі, жас бездері зақымдалады. Құлақ маңы безі қабынады. Инкубациялық кезең 11-23 күн. Продромальдық кезеңнің басында мазасызды, бас ауруы, әлсіздік, ұйқы бұзылысы болады. Ауру жедел басталады, температура жоғары, құлақ маңы безінің ісіндісі біржақты, кейін екіжақты болады. Ісік емізікше өсіндісінен жоғары жаққа таралады. Құлақ сырғалығы жоғары көтеріліп тұрады, басып қарағанда тығыз және ауырсынады. Балада тамақты шайнағанда және жұтынғанда ауырсыну күшейеді. Сілекей бездерінің төмендеуіне байланысты кілегей қабаттары құрғайды. Науқастар сол жерде қызуды сезінеді. Ісік 5-7 күн бойы сақталады, 7-10 күндері жойылады. Сілекей безінің функциясы 3-4 аптада қалыптасады.
Жақ асты безінің қабынуы: екіжақты болады. Ісік сопақша және дөңгелек, төменгі жақтан ішке қарай анықталады. Осы жердің клетчаткасының ісіктері мойынға, кеуде клетчаткасына таралады.
Тіл асты сілекей безінің қабынуы: сирек кездеседі. Ісік тіл асты аймағынан мойынның жоғарғы бөлігіне таралады.
Аталық жыныс безінің қабынуы – орхит. Аталық жыныс безі 2-3 есе өседі. Ісінеді, тығыз, басқанда ауырсынады, ұмасы керіліп қызарады. Ауырсыну сезімі шап аймағында, кеуде шәуетбауы бойына таралады. Бұл 2-3 күннен кейін біртіндеп азая бастайды, 7-10 күнде кетеді.
Қыз балаларда орарит, мастит болады.
Ұйқы безінің қабынуы – панкреатит – жасырын формасының жеіл түрінде болады. Ол тек биохимиялық тексерумен ғана анықталады. Эпигастрий аймағында қатты ауырсыну болады.
Жіктелуі: Типтік: 1.Безді
2.Нерв – шектелген, ОНЖ зақымдалуы
3.Аралас (ОНЖ-безді мүшелер)
Атиптік: 1.Жасырын
2.Симптомсыз
Ауырлығына қарай: Жеңіл, орташа, ауыр дәрежелі
Асқынулары: Менингит
Менингоэнцефалит
Орхит
Панкреатит
Сезім мүшелерінің зақымдалуы
Лабораториялық диагностика: 1.Вирусологиялық
2.Серологиялық
3.Аллергиялық әдістер қолданылады.
Емделуі: Жеңіл дәрежесін үйде емдеуге болады. Орташа және ауыр дәрежесінде ауруханаға жатқызылады. Арнаулы емі жоқ, симптоматикалық ем қолданылады.
- Жедел кезінде температурасықалыптасқанша қатаң төсектік режим
- Ісінген без маңына құрғақ, жылы басу
- Ауызға күтім жасау, жиі сұйықтық ішу, аузын калий перманганатымен этокридин тактатымен, бор қышқылымен шаю.
- Бас ауруында анальгин, ацетилсалицил қышқылы, амидопирин. Орхит кезінде белгілері жеткенше төсектік режим. Панкреатит кезінде сүтті диета, май, белокты шектеу. Эпигастрий аймағына салқын басу, ферментті препараттар тағайындау.
Асқынуы: менингитке күдік болғанда жұлын сұйықтығын тексеру арқылы ғана дәлелденеді. Егер асқынуы болса сәйкес емі тағайындалады.
Алдын-алу: арнамалы алдын-алу жүргізіледі. Тірі активтендірілген вакцина баланың 12 айлығында немесе 1 жасында 0,5 мл тері ішіне немесе тері астына жіберіледі. Ауырмаған балаларға және қарсы көрсеткіштері жоқ балаларға жасалады. Науқас бала 9 күн бойы оқшауланады. Күнделікті дезинфекция жүргізіледі. Қарым-қатынаста болған балаларға оқшаулау 11 күн бойы жүргізіледі. Оқшаулау ауырмаған және привывка алмаған балаларға жасалады. Медициналық бақылаулар да жүргізіліп отырады.
Дата добавления: 2015-02-06 | Просмотры: 1690 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
|